Қолөнер


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қолөнер

Ғылым мен білім әлі өркен жая қоймаған қазақ жерінде сонау XVIII - XIX ғасырларда-ақ қол өнері ұлттық дәстүр ала бастаған халқымыздың өнер тарихынан аян. Ашық түсті айшықты текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды - жасыл түскиіздер, алқызыл гүлдері құлпырған түкті кілемдер, қошқармүйіз, самаурынша, құстаңдай, жапырақша өрнекті терме алашалар мен тоқылған сандыққап, асадал, аяққап кесеқап немесе шекпен, шапан сияқты киім -кешектер о баста, сөз жоқ, тұрмыстық қажеттіліктен туған. Айталық, жүннен иірілген жіп - жылу ұстағыштығымен, күннің көзін өткізбейтіндігімен, бояу алғыштығымен жоғары бағаланған. Жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды әрі жеңіл келеді. Сондай - ақ киіз үйдің жабдықтары, ішкі әшекейлері түгелдей дерлік жүннен жасалған ғой.

Киіз үйдің ішкі қабырғаларына жылу ұстау үшін іргелі алаша немесе кілем тұтқан. Алкерегенің бастары мен шаңыраққа ою - өрнектер салып, безендіріліп тоқылған түкті басқұр, желбаулар өзіндік сән берген. Жерге киіз, алаша төселген. Күнделікті тұтыну бұйымдары - аяққап, қоржын, дорба, кесеқап, тұтқыш, т. б. Толып жатқан дүниелер қолдан тоқылған.

Ел ішінде әр істің қас шебері болған. Аты шыққан қолөнер шеберлері - кілемшелер және киіз басушылар, текеметке түрлі ою ойыстыратындар өз өнерлерін ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырған. Сөйтіп өнердің осынау бір мәңгі өшпейтін түрі тұрмысымызда күні бүгінге дейін өз орнын алып келеді. Жасыратыны не, жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған қазіргідей кезеңнің өзінде қол өнерінің туындыларына деген сұраныс аспаса азайған жоқ . Фабрикалық кілем, алаша, синтетикалық төсеніш түрлерін кеңінен қолдана отырып, жұрт киіз, текемет, сырмақ, алашаны да аластаған емес. Жиектелген, көздің жауын алатын әсем де жеңіл сыриақ, оюлы текемет, түскиіз, түкті де тақыр кілемдер, сан өрнекті термелер мен қақпа алашалар әлі күнге тұрмыс сәні.

Қолөнер - халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар ел тұрмысына сән беріп адамдарға рухани ләззәт әкелген. Көз салып, байыптаған адамға қолөнер бұйымдарына салынған түрлі түсті ою - өрнектерден адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым - қатынасын, бөлінбес бірлігін көруге болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау ете білген. Осы туындылардың бет - бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шертетіндей. Қолөнер дүние жүзінің әр халқына тән, бұл - халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Соған орай әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшклігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнер өзіндік ерекшклігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.

Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ оның өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшклікпен қалыптасуына үлкен әсерін тигізген жайт - көп ғасырларға созылған көшпелі өмір. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп - қонуға ыңғайлы, пайдаланар орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой - өрісіне тән ою - өрнекпен нақышталып беріліп отырған. Алдымен бұйымның мықтылығы. өнімділігі қарастырылады десек те, олардың бояуы, әсемдегі жағынан табиғи үндестік байқалады.

Адамзат дамуының қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері де өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Қазақстан территориясында археологиялық қазба жұмыстары кезіндегі табылған әр кезеңде жасалған қолөнер бұйымдары соны дәлелдейді. Осы бұйымдардан ғасырлар бойы жинақталған тәжірибе, халықтың даналығы мен таланты байқалады.

Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең бастысы - жүн болды. Материалды терең зерттеп, оның бар сырын, бар мүмкіндіктерін аша білу - қолөнері үшін маңызды жәйт. Халық шеберлері материалдың табиғи қасиетіне зер салып, оны өңдеуде техникалық тәсілінің барынша тиімді және күнделікті тұрмысқа ең қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әсемдік, әдемілік дүниесіне де көңіл бөле білді. Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерінің бірі - киіз басу.

Киіз басу өнері адамзат өмірінде сонау көне заманнан бері белгілі. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтай жеріндегі Пазырық қорғанына табылған киізден жасалған бұйымдаросының айқын дәлелі.

Тарихи деректерге қарағанда, адамдар қола дәуірінде тас үйлерін тастап, жаңадан қоныс теуіп, көшпелі өмір жағдайына көшкен тұста киіздің алғашқы нұсқалары дүниеге келді десек қателеспеген болар едік. Себебі қола дәуіріндегі тас үйлердің нұсқасы қазіргі киіз үйлердің сыртқы формасы секілді дөңгелек, күмбезді, жарық төбесінен түсетіндей етіп жасалған. Киіз үйдің сыртқы формасы сол қола дәуіріндегі тас үйлерден алынып, жылдан дылға практикалық жағынан күрделіленіп байытыла келе біздің уақытқа дейін жеткен.

Әрине, дүние жүзіндегі әр халыққа ата - баба мұрасын, халық қолөнерін сақтап қалу парыз. Атадан балаға мирас болған қол өнерін жалғастырушы шеберлердің қатары бірте - бірте азая түсуде. Халық шеберлерінің теңдесі жоқ ғажайып өнер туындылары болашақ ұрпақты қуантып, өнердің жаңаша түр алып, өміршеңдігі арта түсеріне сөз жоқ.

Оюлап киіз басу өнерімен басқа халықтардың да айналысқаны белгілі. Бірақ туысқан халықтарда жекелеп кездесетін киізді оюлар әдісінің тәсілдері Қазақстан территориясының барлық аудандарында кездеседі. Сондықтан да оюлап киіз басу өнері деп атауға әбден хақымыз бар.

Халық өмірімен бірге жасасып, біте қайнаған қазақтың киіз басу өнері әлі өз маңызын жойған жоқ. Әдемі ойыланған өрнекті текемет пен сырмақтар ауыл және қала үйлерінің интерьеріне ерекше сән беріп, жандандырып, үй тұрмысында төзімділігімен және көркемдігімен жоғары бағалануда.

Киіз пайдалану мақсатына байланысты қалың не жұқа, тығызда мықты немесе босаң етіп басылады. Киіз үйдің сыртына жабылатын туырлық пен үзік, түндік суықта жылу ұстайтындай, шілденің аптабында ыстық өтпейтіндей қалың, жаңбырлы күндері су өтпейтіндей тығыз да шымыр етіліп ерекше ұқыптылықпен басылады. Киіздің қазаққ қолөнерінде тек құрылыс материалы ретінде практикалық жағы, сапасының мықты болуы ғана емес сонымен бірге әдемілігіне де ерекше көңіл бөлінген. Мысалы: дөдегі арнап жеке киіз басылған. Сонымен қатар киізден тұрмысқа қажетті текемет басып, сырмақ ойыстырып, түскиіз тігіп, әр түрлі аяққаптар, теңдер, дорбалар, шалкиіздер жасалынған. Жұқа басылған ақ киізден әр түрлі бас киімдер мен сырт киімдер тігілген.

Әлгі аталған заттардың тұтыну ерекшеліктеріне байланысты киіз басу тәсілінің процестері өзгеріп отырады. Киіз басу әдісін өзгертіп отыратын негізінен киізге өрнек салу тәсілі. Ал енді қарапайым киіз басу тәсілінің өзі Қазақстанның әр бұрышында әр түрлі. Ал оған өрнек салу, оюлау деген тіпті де сан алуан.

Киіз сапасының мықты болып, көңілден шығуында киіз басуға алынған қой жүні мен қойдың тұқымы ерекше орын алған. Киіз басуға алынатын қой жүнінің талшықтары және оның сапасына қойылар талап өз алдына бөлек әңгіме.

Киіз басу өнерінде халық арасында кең таралғаны - текемет басу, сырмақ ою түрлері. Текемет - тұрмыста жылу ұстағыш, екінші жағынан киіз үйдің ішкі интерьеріне сән беріп, керегеге ілінген әсем кілем, түскиіз, бау - басқұрлармен үндесіп, толықтырып тұрған. Текемет басу тәсілінің негізгі ұзынырғасы бір болғанымен. Оның бетін әр түске боялған жүнмен оюлау әдісі әр елдің өзіне тән белгілі бір жүйемен жасалынады.

Киіз басу, текемет ойыстыру ісі алдымен жүн сұрыптаудан басталады. Негізінен, киіз басуға көбіне қойдың күзем жүні мен қозы жүні қолданылады. Осы орайда жүн түрлеріне қысқаша анықтама берейік.

Жабағы жүн қойдан күн жылып, мамыражай болғанда, яғни жазғұтұрым қырқылады. Жабағы жүннің қырқылуы оның теріден тұтас көтеріле бастаған кезіне сай келуі тиіс. Өйткені, қой терісінде жаңа түктердің өскіндей бастауы жабағы жүнді көтеріп, біріншіден, қырқым жұмысын оңайлатады, екіншіден, мал терісін зақымдаудан сақтайды, үшіншіден, ысырапқа жол берілмейді.

Күзем жүн қойдан күз мезгілінде қырқылып алынады. Тағы да жергілікті жердің ауа райын ескере отырып, қара суыққа ұрындырмай, қойды бірнеше рет тоғытып, жүні кепкеннен кейін қырқады.

Қозы жүні - қозы туған жылғы бірінші қырқылған жүн. Сапасы жағынан талшықтары нәзік, ұйыспаған, күзем жүнге ұқсас келеді.

Текемет, киіз басу жұмысына осы жүндерден араластырып пайдалануға да болады.

Сырмақ. Сырмақ сөзінің төркіні (этимологиясы) белгісіз. Десе де киізді қабаттап сыру, тігу немесе төсеніш ретінде жерге сыра салу, сырғыта салу, сырып салу, сүйрете салу сияқты мазмұннан туындады ма деген жорамалымыз да жоқ емес.

Көшпелі, жорықты өмір талабына сай жабдықталатын сырмақ атты төсеніштер көбінесе бірыңғай таза киізден жасалады. Соған орай олардың үлгісі, көлемі, түрі - түсі, тіпті қай еденге, оның қай жеріне салынатын, тасталатын, жататын орнына дейін нақтап, ат қойып, айдар тағылған. Мәселен, үлкен сырмақ, кішкене сырмақ, откиіз, от сырмақ, жамбас сырмақ, төрткүл сырмақ, тері сырмақ, тері бөстек. Ал түрі - түсіне қарай - ақ сырмақ, қара сырмақ, қара ала сырмақ, қызыл ала сырмақ, сары ала, көк ала тағы - тағылар болып атала береді.

Кейде сән үшін аң мен мал терілерін сырмақ ортасына тұтастай жапсырған немесе тері мен киізді біріне - бірін ойыстырған сырмақтарда болады. Мұндай төсеніштерге жүні мықты, тез қырқыла қоймайтын аң мен мал терілері пайдалынылып, сырмақ асты жеңіл матамен астарланады.

Киіз үй - Орталық және Орта Азияны қоныстанған мал өсіруші тайпаларының негізгі баспанасы болған. Ол тез жығып, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп - қонуға лайықталып жасалады. Киіз үйдің пайда болуы қола дәуіріне саяды. Киіз үйдің сыртқы пішіні байырғы дың, домбауылдарға ұқсас, шеңбер қабырғалы, төбесі күмбезденіп келеді.

Киіз үйі сыртқы киіз жабысына қарай - «үзікті», «көтерме туырлықты», сүйегінің уақ - ірілігіне орай - «алтын орда», «ақ орда», «ақ отау», «қараша үй», «қараша лашық», «абылайша», «ұранқар», «жолымүй» т. б. деп аталатын бірнеше түрге бөлінеді. Оның сүйегі негізінен «қазақ» және «қалмақ деп аталатын екі түрлі үлгімен жасалады. Киіз үйлерді бір - біріне жалғастыра тігу арқылы бірнеше бөлмелі етіп жасауға болады. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ) сүйегі деп атайды. КИіз үйді тіккенде үй сүйегі бір - бірімен: бау - басқұрлар (басқұр, құр, таңғыш, шалма, белдеу - баулар) арқылы біріктіріліп таңылады. Оның сыртынан ши «шым ши немесе ақ ши» тұтылып, киіз әбзелдер (туырлық, үзік, түндік, киіз есік) жабылады.

Киіз үйге лайықталған ішкі жиһаз (әбдіре, жүкаяқ, түс киіз, кілем т. б. ), төсеніш (алаша, сырмақ, текемет, бір салар, т. б. ), сондай - ақ тұтыну заттары (аяққап я кесеқап, тұлып, қоржын т. б. ) болады.

Тоқу өнері - қазақ халқының ежелден қолданып келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап - тілектер тұрғысынан жалғастырылып, туысқан халықтар творчествосымен толықтырылып, байытылып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, онан сайын әсерленіп, адамдарды жылылыққа, сұлулыққа, әсемдікке бөлей бермекші.

Адамдардың тұрмыс халдерінің үнемі өрлеуіне сай, олардың мәдени тұрмыстық тілектері де өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, одан өзінің талғампаздығын, қайталанбас әсемдік ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай, бізге көмекке келген өнердің бірі - тоқу. Тоқумен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін ғана тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі - түсті бояулар әлемінің үйлесімділігі, алуан түрлі сән мен фасондар, түрлі тоқу әдістері оның талғамын, шеберлігін, ой - өрісін, жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орй тоқу өнері де басқа істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді.

Тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, сондай - ақ

синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай - ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Жіңішке, биязы жіптерден көбінесе балалар киімдерін, өрнекті кофта, орамал т. б. Жеңіл бұйымдар тоқылады.

Ою - өрнек . Біз өрнек өнерін ата - бабаларымыздың көркем шығармашылық өнері ретінде қабылдаймыз . Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы - сәндеу, әсемдеу.

Ою белгілі бір затты ою, тігу, қию арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, тігілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіре жымдастырып, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын: сырмақ, текемет, көрпеше, сандық, кебеже, сондай - ақ киім - кешектерді, қабырғаларды безендіруге қолданылады.

Осындай бағытта бір бұйым жасамас бұрын ою - өрнек түрлерін, оюдың тарихын, оюдың мән - мағынасын тереңірек түсіну өте қажет. Өйткені, киім тіккенде қандай оюды қай жерде қолдану керектігін білу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суретшілер қолөнершілер шығармашылығын зерттеу
Қазақ халқы қолөнерінде шәкірт тәрбиелеу жүйесі – дуальді оқыту бастауларының негізі
ҚАЗАҚ - МОҢҒОЛ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ СӘНДІК- ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫҢДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Бастауыш сыныпта халық қолөнерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістемесі
Қазақ халқының тоқыма өнерінің мәдени мұрасы
Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
Бастауыш сыныбында еңбекке баулуды оқыту
Қайың қабығы, қабығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz