Ертегi естiмеген баланың ертеңi қандай болады?



Негiзiнен баланың не нәрсеге аса зейiндi кезi үш жас пен бес жастың аралығы екен. Осы ерекшелiктi әлiмсақтан аңғарған ата-бабамыз ақындық, жыршылық, шешендiк өнерiмiздi балаға неғұрлым кiшкентай кезiнде таныстыруды дұрыс көрген. Өтпелi кезеңдерде бiздiң рухани дүниемiз сан алуан кедергiлердi, қиындықтарды бастан кешiргенi белгiлi. Бiрақ, соған қарамастан жас ұрпақ тәрбиесiн терең ойлаған әрбiр қазақ елi, жерi, суы, ата-тегi, төрт түлiк мал, жан-жануарлар мен табиғаттың сан алуан құбылыстары жөнiнде баланың түсiнiгiне лайық, қысқа да нұсқа, жүйелi мағлұматтарды әр түрлi әдiспен жеткiзiп отырған. Мәселен, ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесiне қатысты жайттарды топтастырғанда да ғылым үшiн аса маңызды жүйелiлiк дәстүрге мән берiптi. Ұрпақ тәрбиесiндегi халықтық тәрбиенiң басты мiндетi – баланы ұлтжандылыққа, отансүйгiштiкке баулу. Былдырлай тiлi шыға бастаған бүлдiршiндер ең әуелi өз ана тiлiнде сөйлеуге, ата-анасы, тәрбиешiсi, туған-туысымен қазақша сөйлеуi керек. Балаға жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел жаттатқызып, ұлттық салт-дәстүрге бейiмдейтiн ата-ана да азайып бара жатқаны рас.
Қазiр ортамыздан бесiк жырын айтатын келiндi, ертегi айтып, баланы тәттi ұйқыға жатқызатын әженi көрсек қуанатын болдық қой. Осыдан кейiн ертең қандай ұрпақ тәрбиеленедi деген сұрақ тууы мүмкiн. Неге қазақ туған баласын көбiнесе орысша тәрбиелегiсi келiп тұрады? Бұл сауалға жауап сан түрлi. Айнұр атты құрбым мектеп жасына дейiнгi баласына үнемi орыстiлдi кiтаптар алады. Бiр байқағаным, үйiндегi кiтап сөресiнде самсап тұрған балаларға арналған кiтаптың бәрi орыс тiлiнде. «Құдайға шүкiр, қазiр қазақ тiлiнде де баспалардан тәп-тәуiр кiтаптар шығып жатыр ғой, балаңа алып бермейсiң бе?» дегенiмде, оның бар айтқан дәлелсымағы мынау болды: «Қазақ тiлiнде баланың дүние-танымын тереңдететiн, өмiрдiң жан-жақты табиғи құбылысына қызығушылығын арттыратын осындай кiтаптар болса, әрине сатып алар едiм. Дегенмен, кiтап дүкенiнде орыс немесе басқа тiлде әдебиеттер өте көп. Ал, балаларға арналған қазақша кiтаптар аз тиражбен шыға ма, ол жағын бiлмеймiн. Сондықтан бала осындай әсерлi, көркем суреттерге қызығып, таңдана қарайтын болғандықтан, сондай кiтаптарды алып, аударып беремiн. Рас, ол кiтаптан бiздiң қазақтың батырлар туралы ертегiсiн емес, орыстың бағзы заманнан келе жатқан ертегiлерiн оқуға мәжбүрмiн».

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЕРТЕГI ЕСТIМЕГЕН БАЛАНЫҢ ЕРТЕҢI ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Негiзiнен баланың не нәрсеге аса зейiндi кезi үш жас пен бес жастың
аралығы екен. Осы ерекшелiктi әлiмсақтан аңғарған ата-бабамыз ақындық,
жыршылық, шешендiк өнерiмiздi балаға неғұрлым кiшкентай кезiнде таныстыруды
дұрыс көрген. Өтпелi кезеңдерде бiздiң рухани дүниемiз сан алуан
кедергiлердi, қиындықтарды бастан кешiргенi белгiлi. Бiрақ, соған
қарамастан жас ұрпақ тәрбиесiн терең ойлаған әрбiр қазақ елi, жерi, суы,
ата-тегi, төрт түлiк мал, жан-жануарлар мен табиғаттың сан алуан
құбылыстары жөнiнде баланың түсiнiгiне лайық, қысқа да нұсқа, жүйелi
мағлұматтарды әр түрлi әдiспен жеткiзiп отырған. Мәселен, ата-бабамыз ұрпақ
тәрбиесiне қатысты жайттарды топтастырғанда да ғылым үшiн аса маңызды
жүйелiлiк дәстүрге мән берiптi. Ұрпақ тәрбиесiндегi халықтық тәрбиенiң
басты мiндетi – баланы ұлтжандылыққа, отансүйгiштiкке баулу. Былдырлай тiлi
шыға бастаған бүлдiршiндер ең әуелi өз ана тiлiнде сөйлеуге, ата-анасы,
тәрбиешiсi, туған-туысымен қазақша сөйлеуi керек. Балаға жаңылтпаш, жұмбақ,
мақал-мәтел жаттатқызып, ұлттық салт-дәстүрге бейiмдейтiн ата-ана да азайып
бара жатқаны рас.

Қазiр ортамыздан бесiк жырын айтатын келiндi, ертегi айтып, баланы
тәттi ұйқыға жатқызатын әженi көрсек қуанатын болдық қой. Осыдан кейiн
ертең қандай ұрпақ тәрбиеленедi деген сұрақ тууы мүмкiн. Неге қазақ туған
баласын көбiнесе орысша тәрбиелегiсi келiп тұрады? Бұл сауалға жауап сан
түрлi. Айнұр атты құрбым мектеп жасына дейiнгi баласына үнемi орыстiлдi
кiтаптар алады. Бiр байқағаным, үйiндегi кiтап сөресiнде самсап тұрған
балаларға арналған кiтаптың бәрi орыс тiлiнде. Құдайға шүкiр, қазiр қазақ
тiлiнде де баспалардан тәп-тәуiр кiтаптар шығып жатыр ғой, балаңа алып
бермейсiң бе? дегенiмде, оның бар айтқан дәлелсымағы мынау болды: Қазақ
тiлiнде баланың дүние-танымын тереңдететiн, өмiрдiң жан-жақты табиғи
құбылысына қызығушылығын арттыратын осындай кiтаптар болса, әрине сатып
алар едiм. Дегенмен, кiтап дүкенiнде орыс немесе басқа тiлде әдебиеттер өте
көп. Ал, балаларға арналған қазақша кiтаптар аз тиражбен шыға ма, ол жағын
бiлмеймiн. Сондықтан бала осындай әсерлi, көркем суреттерге қызығып,
таңдана қарайтын болғандықтан, сондай кiтаптарды алып, аударып беремiн.
Рас, ол кiтаптан бiздiң қазақтың батырлар туралы ертегiсiн емес, орыстың
бағзы заманнан келе жатқан ертегiлерiн оқуға мәжбүрмiн.

Ата-ананың көпшiлiгi осы әңгiменi айтып бередi. Сонда шынымен бiздiң
төл әдебиеттегi небiр қызық аңыз-ертегiлер, жұмбақ пен жаңылтпаш, ұлттық
ойындарды бала санасына сiңiретiн кiтаптар қазақ тiлiнде аз шыға ма?

Бүгiнде балаларға арналған кiтаптар Аруна, Балалар әдебиетi,
Балауса, Атамұра, Кiтап сынды баспалардан шығып жүр. Дегенмен,
Қазақстанда нақты балаларға арнап кiтап шығаратын бiрде-бiр мемлекеттiк
баспа жоқ екен. Құдайға шүкiр, қазiр қаладағы кiтап дүкенiнен барлық
талаптарға сай там-тұм қазақша кiтаптарды кездестiретiн жағдайға жеттiк.
Бәрiбiр басқа тiлдегi, әсiресе, орыс тiлiндегi кiтаптарға қарағанда тым аз.
Бағасын да анау-мынау адамның қалтасы көтере бермейдi. Мәселен, балаларға
арналған кiтаптардың ең арзаны 100-120 теңге болса, қымбаты 1000 теңгеге
дейiн барады. Көбiнiң бет парақтары ары кетсе 10-12 бетке әрең
жетедi.Қысқасы, пышақтың қырындай. Ал қымбат кiтаптың өзi екi тiлде немесе
кейде үш тiлде жарық көредi екен.

Есесiне, Алматы қаласының қайсыбiр кiтап дүкенiне бас сұқсаңыз да,
орыстiлдi кiтаптар көздiң жауын алады. Кiтап дүкенiн аралай жүре бiр таң
қалғаным, балаларға арналған әдебиетке бiздiң жазушыларға қарағанда
ресейлiк авторлар көп қалам тербейдi екен. Мәселен, кез-келген Ресейдiң
белдi баспаларынан шығып жатқан балаларға арналған кiтаптардың мұқабасына
көз жүгiрткенде, арнайы машықтанған авторлары бар екенiн байқайсыз.
Айталық, Центрполиграф баспасынан Традиций народного творчества атымен
әр түрлi танымдық тақырыптағы әңгiмелер мен баланың дүниетанымын кеңейтетiн
әңгiмелер үнемi жарық көредi. Ал, Астрель баспасынан Я познаю мир деген
топтамамен балаларға арналған энциклопедия жиi шығарылады әрi арзан. Сонда
елiмiзде балалар әдебиетiне жаны ашып, жанын салып, тер төгiп жүрген ақын-
жазушылар шынымен жоқ па? Әлде оларға қаламақы тиiстi мөлшерде
қарастырылмаған ба? Дүкендерде көзiмiзге iлiккенi Алматы баспасынан
шыққан Қадыр Мырза Әлiнiң Құлақ не үшiн керек? атты 3 тiлде жазылған
кiтабы болды. Сондай-ақ, Өнер баспасынан жақында Көкбөрi сериясымен
Алма Қыраубайқызының Сақ әңгiмелерi атты халық аңыздарының негiзiнде
құрастырылған тамаша әңгiмелерi де бiрнеше кiтап боп мектепалды балалар мен
бастауыш сынып оқушыларына тарту етiлiптi. Бiр қуантарлығы, суреттерiнiң
безендiрiлуi, сөздерiнiң балаға тез ұғынықтылығы көңiл көншiтедi.

Нелiктен ақын-жазушыларымыз балалар әдебиетiне онша көп қалам
тербемейдi? деген сауалымызды балалар әдебиетiнiң өкiлi, ақын Сейфолла
Оспанға қойған едiк:

– Бiздiң ақын-жазушылардың балалар әдебиетiне көп бара бермейтiндiгi,
баланың тiлiне түсу өте қиын. Осы салада еңбегi сiңген Өтебай Тұрманжанов,
Жахан Смақов, Әнуарбек Дүйсенбиев, Мұзафар Әлiмбаев сынды қаламгерлер
баланың тiлiнде ғана сөйлеп, әу баста балалар әдебиетiнiң негiзiн салуға
көп тер төктi. Өйткенi, олар тек жазған дүниесiн бала тiлiне сай етiп,
бүлдiршiндерге ғана арнады. Ал басқа көптеген ақын-жазушылар тиiп-қашып,
анда-санда ара-тұра да жазып жүр ғой. Қазiр Ермек Өтетiлеуов, Оразақын
Асқар, Шәкен Күмiсбаев, Ескен Елубаев, Өтепберген Ақыпбеков, Байбота
Серiкбаев, тағы бiраз талантты жандарды айтуға болады.

— Балалар әдебиетiмен арнайы айналысатын мамандар жоқтың қасы
демекшiсiз ғой...

— Мiне, мәселе сонда. ЖОО-да арнайы кафедралар ашылатын болса, баяғыда
бұл тақырып жанданып, санамызға сiңiсiп кетер едi. Мәселен, Қадыр Мырза
Әлiнiң балаларға арнап өлең, әңгiме жазып жүргенiне келсек, алғашқыда ол да
шығармашылығын балалар әдебиетiнен, Балдырған журналынан бастады.
Негiзiнде балдырғанның сұранысын қанағаттандыру үшiн үнемi осы тақырыптан
басқаға көңiл бөлмеу тиiс. Өзiм алғашқыда фольклордiң iзiмен Не жаман?
деген өлеңiмдi балаларға ұсындым. Осы өлеңнiң өзi бiрталай бүлдiршiнге азық
болды десем артық емес. Кiтап болып шығып, кiтапханаға, кiтап дүкендерiне
таратылды. Осы жерде балалар әдебиетiн жазуға байланысты мына сырды
айтайын. Өздерiңiзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің түрлері
Мифологиялық ертегілер
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ - қазақтың бас ақыны жайлы ақпарат
Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері
Дәстүрлы окыту
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту
БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ТУРАЛЫ
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Ұлттық тәрбие педагогикалық құндылық ретінде
Заманауи инновациялық әдістерді қолдану арқылы баланы жан - жақты дамыту жолдары
Пәндер