Несие капиталы


I. Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «кгеdо» -сенемін деген мағына беретін латынша «кгеditium» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дэреже ретінде әр түрлі экономикалык қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қогамдарда көрінеді. Несие катынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық кайтадан акша түріне ауысып тұрады, яғни А-Т-Ө-Т'-А' капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар, шикізат жабдыктары жэне т. б. ) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде - дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіп-орында жэне жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде онын үнемі кайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.
Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып жэне басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде акша деген қажеттіліктің калыптасуымен коса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.
Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы жэне ақшалы, ал айналым саласы үшін - тауарлы және ақшадай болуын талап етеді.
Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал-жабдықтарды ауыстыру (айыр-бастау) және жөндеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай каражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бүл жағдайда ақшаға қажеттілік туады. Яғни, акшалай қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айналым қорларын пайдалануда үнемі болып тұрады.
Мысалы, дайын өнімді өткізуден түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала коймайды және бұл жағдайда акшалай каражаттың уақытша босатылуы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар-жағармай) өндіріс пен тауар айналымының уақыты сәйкес келмеуінен және т. б. туындауы мүмкін.
Капитал айналымында жэне ауыспалы айналым процесінде ақшалай қаражаттың босатылуын және оған деген қосымша қажеттілікті шамамен былайша көрсетуге болады.
Осылайша негізгі жэне айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы (қажетгілік кезде) мен қайтуы (босатылу кезеңінде) болады. Сондықтан бір кэсіпорын басқа кэсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін.
Ақшалай каражаттың уақытша босатылуы жэне оларға деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік жэне қоғамдық ұйым-дарда, сондай-ақ халықта да болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың акша қоры және т. б. бәрі бірдей сәйкес келе бермейді.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты кызметі үшін кажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие катынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары - несие беруші мен қарызға алушы - экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдык жағынан кепілдік беретін дербес занды субъектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бүл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның катысушалары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек. Ф. Энгельс: «Әрбір қоғамның экономикасы, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды.
Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан - оны алуда несиелік қарым-катынастар туындайды.
Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымынан туындайтын несиеге қажеттілік несиенің объективті жүзеге асуын төлем қаражатгарын құру жэне жаңа бекітілген құнды кайта бөлу процесінде оның рөліне жете назар аудармай, оны толық дэрежеде анықтамайды. Ақша эммиссиясының про-цесі формаға тэуелді емес (колма-қол ақша және қолма-қол ақша-сыз) кітаптың алдыңғы бөлімінде аныктағанымыздай, несие капи-талының бір көзі болып табылатын несие операцияларының нэтижесі бар.
Түрліше несие қарым-қатынастарындағы несиенің мән-маңызы сол немесе басқа қоғамдық формацияда оның өмір сүруінің объективті себептерімен аныкталады.
Құндық қатынастың ерекше формасы сияқты несиенің пайда болуы шаруашылық жүргізуші бір субъектіден босаған құн шаруашылық мәміледе колданыска түсетін, бірақ бір уақыттарда жаңа кайта өндіру цикліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн косымша каражатқа уақытша кажеттілігі туып отырған басқа субъектіге өтеді және қайта өндіру процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірақ, несиелік катынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік иелері сияқты бір-біріне қарсы тұралатын тауар иеленушілер арасындағы айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан-колға өткізу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелік қатынастардан туындаған экономикалык жеміс.
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалык негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі боп құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Сонымен, несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талап-тары төмендегідей тізбектеледі:
- жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналымдық) қорлар айналымы менжеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі;
- несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі;
- несиелік катынасқа несие беруші мен қарызға алуышының мүдделік танытуы.
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын камтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым-катынасты білдіреді.
Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен бос (еркін) ақшалай каражаттары жинақталып, уакытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.
I. 1. Несиенің мэнін анықтаған кезде бірқатар эдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
- несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;
- несиенін мэнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара эрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге карастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос каражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие
түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға
алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіп-
орынға, халыкка) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға
міндетті. Бүл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші
жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай карызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен колданады. Бүл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, карызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызга алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші -қарызгер (кәсіпорындар мен халык бос қаражаттарын есеп жэне депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен карызға алушы өзара іс әрекеттерінде карама-кайшылыктың
бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар, оның карама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғүрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен карызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс-берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген кұны - несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып табылады.
Несенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол элементтердің бірлігін болжайды.
Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге кайтару процесі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алган ақшалай қаражатты кайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табииғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен карыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халык шаруашылығы деңгейінде несиенің кайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.
Несиенің элеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.
Банкке, несие берушіге қарыз алушының несиені қайтаруы соңғысына кез келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос каражаттарын депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға) талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылу сиякты.
Несиенің құрылымын, қозғалыс кезендерін және негізін талдау нәтижесінде оның мәнін толық емес жағдайда былайша айтуға болады: несие беруші мен қарыз алушының несиелік құнның төлем мен жеделдікке негізделіп кайтарылым козғалысына байланысты экономикалык катынастар екендігі.
Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие -бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы - бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал - бұл өз-өзінен өсетін құн. Оның баска ақшалардан сапалы ерекшелігі сол. Ал, капитал - өзінен-өзі өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы -несие капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі өсім бере алмайды.
Несиеге толық аныктама беруге тырысып көрейік. Несие -кеңейтілген кайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халыктың, экономиканың бос ақшалай каражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма-кол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.
Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап калыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.
Несиенің кайтарылу принципі - қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол банктің несие корын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының қозғалысына қажетті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толык қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі - қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдаланылуына карыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажетгігін көрсетеді.
Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экономикалык санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мэселе болып табылады.
Несиенің максатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Несие келісімшартындағы сэйкес бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктін бақылау процесінде бұл талапты карыз алушынын сактауы белгіленеді.
Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі бұзылса, онда несие катынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады. Принциптермен қоса несиенің мәні олардың орындалатын қызметтерінде көрініс табады.
Несие капиталы экономикалық теорияд а кайтару талабымен пайыз түрінде белгіленген төлем мөлшерінде несиеге берілетін ақша капиталының жиынтығы ретінде дәстүрлі түрде қарастырылады, яғни нарық шаруашылығында туындаған және нарықтық қатынастарды көрсететін капиталдьщ айрықша формасы.
Несие капиталының нарығы қызмет көрсетудің қөзқарасы тұрғысынан бұл қайта өндірудің қажеттілігін несиемен қамтамасыз ету мақсатымен ақша капиталын жинақтауға және кайта бөлуге мүмкіндік беретін экономикалық қатынастар жүйесі.
Институционалды көзқарас тұрғысынан - бұл несие капиталының козғалысы олар аркылы жүзеге асатын несие-қаржы мекемелерінің және қор биржаларының жиынтығы.
Несие капиталының экономикалық рөлі экономиканы дамыту мүддесімен ұсақ, шашыраңкы, ақшалай каражаттарды біріктіру қабілетімен үйлеседі. Несие капиталының мәнін анықтау үшін ең алдымең оның өнеркәсіп және тауар капиталынан ерекшеленетін айрықша сипаттарын анықтап алу керек.
Несие капиталының өзіндік ерекшелігі қарыз алушыдан қарыз алушыға несиені беру және оны қайтару процестерінде көрініс табады':
- несие капиталы - бүл несие берушінің қарыз алушыға уакытша пайдалануы үшін сататын жеке меншігі;
- несие капиталы - бүл өзіндік өзгешелігі бар тауар. Оның тұтыну құны карыз алушының қабілетімен, яғни оны тиімді пайдаланумен және белгілі бір табыс, пайда алумен өлшенеді;
- несие капиталы - шеттетілудің өзіндік ерекшелігіне ие. Қарама-карсы бағытта бір мезгілде тауар мен ақшаның сату-сатып алу процесінде бірдей орын алатыны, ал несие мәмілесінде несие капиталы бір бағытпен берілетіні белгілі, яғни несиеберушінің қарыз алушыға - несиені беруі, ал оны өтеуде - қарыз алушының несие берушіге пайызбен төлеуі. Несие капиталының қозғалысы уақыт бойынша алшақтап отырады;
- несие капиталының қозғалысы қолданыстағы капитал қозғалысынан ерекшеленеді. Өнеркәсіп капиталының мынадай үш:ақшалай (А), өндірістік (Ө) жэне тауар (Т) формалары бар. Ал, сауда капиталы Т жэне А формаларын бөлінсе, ал несие капиталы үнемі ақшалай формада ғана (А-Аі) кездеседі.
- несие капиталы өнеркэсіп капиталының ерекшеленген бөлігі болып табылатындыктан, несие капиталыңың мәнін толық түсіну үшін оның қалыптасу ерекшеліктерімен шығу көздерін қарастырған жөн.
Несие капиталы қалыптасуының маңызды шығу көзі - ауыспалы айналымнан босаған ақшалай қаражаттар болып табылады:
- құнын шығарылатын тауарларға амортизация түрінде бірнеше бөліктерге бөліп ауыстыру барысында жинақталып негізгі қорды қалпына келтіруге арналған қаражаттар;
- тауарларды сату және шикізаттарды, жанар-жағармайды және материалдарды сатып алу уақытының сәйкес келмеуінен оларды өндіру мен еңбекақы төлеуге қажетті айналым капиталының ақшалай түрдегі бөлігі;
- жаңа жобаларды іске асыруға бағытгалған белгіленген шамаға дейін қорланатын (жиналатын) пайданың бөлігі;
- накты бөлінуі мен пайдаланылуына дейін кайта бөлінген пайда бөлігі.
Жоғарыда аталған қаражаттың барлығы шаруашылық жүргізуші субъектілерге қызмет көрсететін банктердің есепшоттарда жиналады. Сондықтан, жоғарыда қарастырылған қаражаттар жекелеген жағдайларда есеп айырысу түрінін қолма-қол ақшасыз шамасы бойынша несие мекемелерінде жинакталып, несие капиталының қоры, немесе олардың несиелік қоры болып саналады. Несие капиталының аталмыш көзінің ерекше тартымдылығы сол - ол банк үшін есепшоттағы бар қаражатты пайдалануға есеп айырысу шоты иесінің келісімін алу қажеттілігінін болмауымен, сондай-ақ бүл каражаттардың арзандығымен, ягни осы ресурстардың банк үшін нақты тегін болуымен анықталады.
Несие капиталының басқа аса маңызды, бірақ қымбат (зәру) көзі халықтың жинақ ақшалары мен табыстары болады. Олардың бірсыпыра бөлігін банк табыс тауып, пайызды өсіріп алу үшін еркін түрде уақытша пайдалануға береді. Бүл қаражаттар депозит пен жинақ ақша шоттардың есебіне алынады. Қазіргі уақытта мұндай қаражаттар Қазақстанда жылдан жылға млрд теңге есебімен өсіп отыр.
Несие капиталының үшінші көзі - мемлекетгің акшалай корланымы. Оның шамасы үкіметтің барлық қызмет түрінен, мәселен, мемлекеттік меншікті жалға беруден, акция пакеттерін сатудан, мемлекеттік меншікті жекешелендіруден және т. б. алатын мемлекеттік меншіктің аукымы бойынша келіп түсетін табысымен өлшенеді.
Несие мекемелерінде шоғырландырылған бұл қаражаттардың жиынтығы банктің несие ресурстары ретінде ұсынылатын мемлекеттің несие қорын құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz