Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық–экономикалық механизмін қалыптастыру жолдары



3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ.ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы кондитерлік өнім өндіретін кәсіпорындардың кластер ретіндегі даму бағыттары
3.2 Маркетинг . кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін көтеру жүйесі ретінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі мемлекет тарапынан қабылданатын іс-шараларды қажет етеді және ол жеке кәсіпорындарда үнемі қолдау тауып отыруы қажет. Мемлекет бәсекеге қабілеттіліктің жетілуіне бәсекелестік ортаны құру, нормативтік құқықтық тетік арқылы өнім өндіру мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру, сондай-ақ отандық өндірушілерді экономикалық қолдау арқылы әсер етуі мүмкін.
Әсіресе, ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 2 мамырында қабылдаған 2001-2005 жылдарға арналған сапа бағдарламасындағы іс-шаралардың өткізілуінің маңызын ерекше атап өткен жөн. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – тауарлар мен қызметтер сапасын көтеріп, сапа жүйесін кәсіпорынған енгізу болып табылады. Бағдарламаның негізгі міндеттері:
 ішкі және сыртқы нарықтарда стандарттарға және тұтынушылар талабына сай, сапалы, бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер өндірісіне қажетті жағлдайлар жасау;
 тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсер ететін нормативтік, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік жағдайларды жетілдіру.
Тауардың бәсекеге қабілетілігін арттырудың маңызды факторлардың бірі – сапа. Сапа – бұл тауарлардың тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы [30].
Кәсіпорын деңгейінде сапаны жоспарлау процесі үздіксіз жүргізілу тиіс, себебі, өнімнің тұрақты түрде жаңартылып, жетілдіріліп отырылуы - өнім өндірушінің нарықта жетістікке жетуін қамтасыз ететін міндетті шарт.
Сапа және бәсекеге қабілеттілік түсініктерінің тауар және нарық саясатындағы маңыздылығы олардың маркетинг стратегиясы мен маркетингтік қызметте жоғары орынды иеленетіндігін көрсетеді. Маркетинг принциптеріне сәйкес барлық іс- әрекеттер тұтынушыларға бағытталатын болғандықтан, маркетинг әдістерін қолданатын барлық кәсіпорынның қызметі өндірісті тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкес бағыттау болып табылады [31].
Бәсекеге қабілеттілік – тауардың және өндірушілердің табыстылығын қамтамасыз етудің басты құралы, ал оған қол жеткізу кез - келген өнім өндіруші кәсіпорын қызметіндегі аса күрделі мәселе. Ол кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жүйелі түрде бірлескен қызметін, оның ішінде маркетингтік іс - әрекеттерінің белсенді түрде ұйымдастырылуын талап етеді.
Бүгінгі таңда отандық өнімдердің баға, сапа, сервис, орау және жылжыту
сияқты факторлар бойынша анықталатын бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғары емес. Оған көптеген факторлар әсер етіп отыр.
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Ол үшін елімізде өндірілетін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі жоғары болуы қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Осы орайда тауарлардың сапасы талаптарға сай болу мақсатында еліміздің кәсіпорындары инновациялық технологияларға көшулері шарт. Мұндай іс тек алдыңғы қатарлы маркетингтік зерттеу жұмыстарына сүйенгенде ғана алға басады. Қазіргі сатыдағы еліміздің бар технологиясымен бәсекелестікке түсе алатын тауарлар өндіру қиын. Осы айтылғандардың бәрі экономика ғылымының макро және микро деңгейлерде ұтымды, ғылыми негізделген маркетингтік зерттеу жұмыстарына байланысты келеді. Сондықтан да тауарлар мен қызметтерді стандарттау шартында кез-келген ұйымның іс-әрекетінде негізгі мақсаты – тұтынушылардың қажеттіліктерін айқындап, қанағаттандыру болып табылатын маркетингке қажетті деңгейде көңіл аударылуы қажет [32].
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030 Елбасының Қазақстан халқына жолдауы.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 2007
3. П. Самуэльсон, Экономика, М.Д964, бет. 499
4. М.Портер Международная конкуренция. –1993 , с. 52-53
5. М.Портер Конкуренция. – М.: Вильямс, 2000.–495 с.
6. Кәмпбелл Р Макконелл, Стенли Р Брю Экономикс, М.: ИНФРА-М, 1992 1 т. 36-37 б.
7. Минько Э.В. Качество и конкурентоспособность. – СПб: Питер, 2004. 14-17 с.
8. ҚР-ның “Бәсеке және монополияны шектеу туралы“ Заңы. Егемен Қазақстан 25 желтоқсан 2001.
9. ҚР-ның “Теріс пиғылды бәсеке туралы“ Заңы. Егемен Қазақстан 23 желтоқсан 2000.
10. Байзақов С. Райхан Н. «Қазақстан экономикасын кластерлер көтереді». Ақиқат 2005 ж. №1. – 21 бет.
11. Қуатова Д.Я. «Кәсіпорын экономикасы»: Оқу құралы, Экономика. 2006 ж. – 105 бет.
12. Сәбден О. «Бәсекелестік экономика»: Оқу құралы, Экономика институты, 2007 ж. – 656 бет.
13. Яновский А.М. “Искусство активной продажи продукции“. Пищевая промышленность, 1999г.
14. Журнал “Пищевая и перерабатывающая промышленность“, Алматы, 4, 2000
15. Ковалев А.И. “Анализ финансового состояния предприятия (Центр экономики и маркетинга) 1996г.
16. Балабанов И.Т. “Анализ и планирование финансово-хозяйствующего субъекта“, 1996 г.
17. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия.
18. Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. государственное регулирование экономики в условиях Казахстана / Алматы, 1999г.
19. Окаев К.О., Смагулова Н.Т. и др. Предпринимательство в РК / Алматы, 1999г.
20. Азоев Г.А.6 Челенков А.П. Конкурентные преимущества фирмы. – М.: Экономика, 2000. – c. 50-51, с. 70-85
21. С.Үмбетов Егемен Қазақстан 2005 29 маусым
22. Есқараев Ө.Қ.//Егемен Қазақстан 2005 19 мамыр
23. Бест Майкл Новая конкуренция. Институт промышленного развития . М.: ТЕИС, 2002. – 248 б.
24. Мишин Ю.В. Экономические основы организации конкурентоспособного производства. – М.: ИД «Новый век», 2002.–212 с.
25. Қошанов А. Конкурентоспособное импортозамещение и внутрений рынок. – Алматы, 2003 – 226 с.
26. Лифиц И.М. Теория и практика конкурентоспособности товаров и услуг. – М.: Юрайт-М. 2001- 23-24 с.
27. Фатхутдинов Р.П. Конкурентоспособность: экономика, стратегия, управление: Учебное пособие для вузов. – М.: ИНФРА-М, 2000. 312 с.
28. Юданов А.Ю. Конкуренция: теория и практика. М.: Центр экономики и маркетинга, 1998.–384 с.
29. Уотермен Р. Фактор обновления: Как сохраняют конкурентоспособность лучшие компании, М.: Финансы, 1988–362 с.
30. Джумагельдиева Т.А. Конкуренция: теория и механизмы развития: монография. – Алматы, 2003
31. Дуданов И.И. Подходы конкурентспособности товарной прадукции на региональных продовольственныхрынках // Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. – 1999.-№12. – с. 23-27
32. Мусина Л. Государственная политика стимулирования конкурентоспособности агропродовольственного комплекса Казахстана// АгроИнформ № 2, 2003 2-4 б.
33. Жуламанов Р.К. Конкурентоспособность национальной экономики (теория и практика). – Алматы: Институт Развития Казахстана, 1995. –95-99.
34. Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система. – Алматы: Гылым, 2000
35. Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. в двух томах/ под ред. М.Б. Кенжегузина. – Алматы, 2001.
36. «Рахат» АҚ 2009-2010 жылдардағы қаржы-есеп құжаттары
37. Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігі. 2009.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ–ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖОЛДАРЫ

1. Қазақстан Республикасындағы кондитерлік өнім өндіретін кәсіпорындардың
кластер ретіндегі даму бағыттары

Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі мемлекет тарапынан қабылданатын іс-
шараларды қажет етеді және ол жеке кәсіпорындарда үнемі қолдау тауып отыруы
қажет. Мемлекет бәсекеге қабілеттіліктің жетілуіне бәсекелестік ортаны
құру, нормативтік құқықтық тетік арқылы өнім өндіру мен өнімді өткізуді
қамтамасыз ету, мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру, сондай-
ақ отандық өндірушілерді экономикалық қолдау арқылы әсер етуі мүмкін.
Әсіресе, ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 2 мамырында қабылдаған 2001-2005
жылдарға арналған сапа бағдарламасындағы іс-шаралардың өткізілуінің маңызын
ерекше атап өткен жөн. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – тауарлар мен
қызметтер сапасын көтеріп, сапа жүйесін кәсіпорынған енгізу болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
– ішкі және сыртқы нарықтарда стандарттарға және тұтынушылар
талабына сай, сапалы, бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер
өндірісіне қажетті жағлдайлар жасау;
– тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға әсер ететін нормативтік, құқықтық, экономикалық,
ұйымдастырушылық және әлеуметтік жағдайларды жетілдіру.
Тауардың бәсекеге қабілетілігін арттырудың маңызды факторлардың
бірі – сапа. Сапа – бұл тауарлардың тұтынушылар қажеттіліктерін
қанағаттандыратын қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы [30].
Кәсіпорын деңгейінде сапаны жоспарлау процесі үздіксіз жүргізілу
тиіс, себебі, өнімнің тұрақты түрде жаңартылып, жетілдіріліп отырылуы -
өнім өндірушінің нарықта жетістікке жетуін қамтасыз ететін міндетті
шарт.
Сапа және бәсекеге қабілеттілік түсініктерінің тауар және нарық
саясатындағы маңыздылығы олардың маркетинг стратегиясы мен
маркетингтік қызметте жоғары орынды иеленетіндігін көрсетеді.
Маркетинг принциптеріне сәйкес барлық іс- әрекеттер тұтынушыларға
бағытталатын болғандықтан, маркетинг әдістерін қолданатын барлық
кәсіпорынның қызметі өндірісті тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкес
бағыттау болып табылады [31].
Бәсекеге қабілеттілік – тауардың және өндірушілердің табыстылығын
қамтамасыз етудің басты құралы, ал оған қол жеткізу кез - келген
өнім өндіруші кәсіпорын қызметіндегі аса күрделі мәселе. Ол
кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жүйелі түрде бірлескен қызметін,
оның ішінде маркетингтік іс - әрекеттерінің белсенді түрде
ұйымдастырылуын талап етеді.
Бүгінгі таңда отандық өнімдердің баға, сапа, сервис, орау және жылжыту
сияқты факторлар бойынша анықталатын бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғары
емес. Оған көптеген факторлар әсер етіп отыр.
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай
отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс.
Ол үшін елімізде өндірілетін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі жоғары болуы
қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Осы орайда тауарлардың сапасы талаптарға
сай болу мақсатында еліміздің кәсіпорындары инновациялық технологияларға
көшулері шарт. Мұндай іс тек алдыңғы қатарлы маркетингтік зерттеу
жұмыстарына сүйенгенде ғана алға басады. Қазіргі сатыдағы еліміздің бар
технологиясымен бәсекелестікке түсе алатын тауарлар өндіру қиын. Осы
айтылғандардың бәрі экономика ғылымының макро және микро деңгейлерде
ұтымды, ғылыми негізделген маркетингтік зерттеу жұмыстарына байланысты
келеді. Сондықтан да тауарлар мен қызметтерді стандарттау шартында кез-
келген ұйымның іс-әрекетінде негізгі мақсаты – тұтынушылардың
қажеттіліктерін айқындап, қанағаттандыру болып табылатын маркетингке
қажетті деңгейде көңіл аударылуы қажет [32].
Қазақстан бүгінде дүние жүзіндегі ең жақсы дамыған елдердің қатарына
қосылуға батыл бағыт ұстап отырғандығы белгілі. Әрине, ол үшін ел
экономикасы әлемдік деңгейдегі бәсекеге сай болуы керек. Осындай
жағдайлардан барып бүгінде қоғамымызда кластер деген ұғым пайда болып,
өмірімізге еніп отыр.
Қазір өндіріс салаларында кластер жасау мәселесі қолға алынып
отырғандығы, соған дайындықтар жасалып жатқандығы жұртқа аян. Мұндай
үрдіске егін, мал шаруашылығымен, тау-кен өндірісімен түбегейлі айналысатын
Қостанай облысы да зор ықылас танытып отыр.
Әрине, алдымен кластер дегеннің не екендігін жете түсініп, осы мәселе
бойынша әбден иі қанған жоспар, бағдарлама бойынша жұмыс істеу керек
екендігі анық. Бүгінде облыс кондитерлік өнімдері бойынша кластер жасауға
тыңғылықты дайындықтар жасауда. Осы мәселе бойынша облыста арнайы кеңес
өткізілді. Оған облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің, фермерлік
шаруашылықтардың, кондитерлік зауыттарының, жоғары және арнаулы орта оқу
орындарының өкілдері келіп қатысты. Жиналған жұрттың алдында бұл кеңеске
арнайы келген халықаралық деңгейдегі кеңесші Тони Кристиансен кондитерлік
өнімдері бойынша кластерлерді қалай жасауға болатындығы жайлы баяндап
берді.
Осындай жұмыстар бойынша мол тәжірибесі бар оның сөзі ауыл шаруашылығы
мамандарының, өндірісшілердің қызығушылығын туындатып, тіпті өте бір
маңызды мәселелер көтерулеріне түткті болды.
Кеңес барысында кондитерлік өнімдерін өндіру бойынша кластер жасауға
әзірліктер жөнінде терең сөз болумен қатар, осы орайдағы қостанайлық
білікті мамандардың да пікірлері, ұсыныстары назарға алынды. Мұндай
жайлардың бәрі кластержасау жөніндегі бағдарламаны жетілдіруде
пайдаланылмақ.
Қазіргі кезде экономиканың бәсеке қабілеттілігін күшейтудің бірден-бір
жолы кластер делінеді. Соңғы кездері БАҚ жарыса айтқанымен, жұртшылықтың
тілдік қолданысына жақында ғана енген кластер ұғымы көпшілікке түсініксіз
екені ақиқат.
Кластер – ағылшын сөзі. Кластер - Cluster - шоғырлану. Қазақша
шоғыр, бір түптен немесе бір бұтақтан шыққан жеміс-жидек, көкөніс
мағанасын білдіреді. Бір-бірімен тікелей сатып алушы, сатушы және көлбеу
технологиялар, қызметтер, білімдер байланысқан, белгілі бір орында
шоғырланған компаниялар мен ұйымдардың қызметтестігін бейнелейді.
2006 жылдың шілдесінен бастап Бәсекелестік қабілетін арттыру және
кластерлік даму бағдарламасы жүзеге аса бастады. Бір салада жұмыс істейтін
компаниялар бір-бірімен байланысқанда ғана шетелге жіберілетін
бәсекелестікке қабілетті өнім шығаруға болады.
Бәсекелестікке қабілеттіліктің кластерлік теориясын ғылымға енгізген
ағылшын ғалымы Майкл Портер болатын. Economic competitiveness group
компаниясының президенті Алекс Хансен – Қазақсандағы кластер жобасының басы-
қасында жүрген экономисттің бірі.
Кластер - әрі ынтымақтастық, әрі бәсекелестік. Осындай мақсатпен
отандық мамандар Қазақстанның кластерлік жобасы бағдарламасының аясында
өндіріс саласында 5-7 кластер жасайтын болды. Жобаның бюджеті 2,5 млн.
долларға тең.
Жеті кластерге тоқталатын болсақ:
1. Металлургия;
2. Көліктік логистика;
3. Тоқыма өнеркісібі (мақта);
4. Құрылыс материалдар;
5. Тамақ өнеркәсібі;
6. Туризм;
7. Мұнай-газ машиналарын жасау.
М. Портердің кластерлер теориясы халықаралық ауқымдағы неғұрлым
бәсекеге қабілетті бір саланың фирмалары әдетте бір өңірде
жинақталғандығына негізделген, ал өз маңына неғұрлым бәсеке қабілетті
компаниялармен таралатын және осы компаниялардың берушілерін, тұтынушыларын
және бәсекелестерін қозғайтын инновациялардың толқынды табиғатымен
байланысты.
Қазіргі таңда, Қазақстанның тамақ өнімдері нарығының сиымдылығы 2,5
млн. долларға бағаланады. Республикадағы халықтың нақты кірісінің өсуін
есепке ала отырып, ішкі нарық бұдан ары өседі деген негіз бар. Дегенмен,
шетел нарығына шығу, негізгі стратегиялық мақсат ретінде қарастырылады. 1,5
млрд. астам халқы бар Қытай, Ресей мен Орталық Азия елдері және олардың
Қазақстанға жақын орналасуы, отандық өнімдерді сатуда әлеуетті нарық
ретінде қарастыралады.
Солтүстік шығыс және оңтүстік өңірлерде сүт өнімдерін өндіру (Алматы,
Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары), солтүстік
өңірде ет өнімдері (Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары),
солтүстік және орталық облыстарда дәнді қайта өңдеу (Ақмола, Қарағанды,
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары), оңтүстік өңірде жеміс-көкөніс
өнімдері (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары), Атырау, шығыс
Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында балық өнімдері бойынша
кластерлер құру және дамыту мүмкіндіктері бар.
Кластерлік тұрғыдан келу ұлттіқ экономиканың басымдықтарын анықтайды
және оның бәсекелік қабілігін арттыруда үлкен рөл атқарады. Бәсекелестік
артықшылығы серпілісінің көрінісі ретінде кластер дүниеге келді,
қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ олардың сондай-ақ таралуы да,
жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін. Ірірек елдерде
кластерлердің саны көбірек болып келеді, олардың бар екендері әрқашан айқын
көрінеді.
Қазақстанда осы уақатқа дейін дамыған кластерлер болған емес. Әзірге
бары – Қазақстанның 2015 жылға дейін индустриалдық-инновациялық дамуының
стратегиясын жүзеге асыруға байланысты таяу болашақта бірнеше кластер құру
жөніндегі үкіметтің ниеті мен идеясы ғана.
Осындай жағдайда құрылатын кластерлердің құрамында әртүрлі ұйымдар және
мекемелермен қатар Қазақстанның үкіметтік құрылымдары мен ғылыми күштер де
болуға тиіс және олар кластерге қатысушыларға елеулі түрде өз ықпалын
жүргізетіндей ықпалда болулары керек. Бұл жерде Даму Банкі, Инвестициялық
және Инновациялық қорлар сияұ\қты Даму институттары деп аталатындардың
қатысуымен ғана шектелуге болмайды. Мұны алғашқы кластерлерді құру
барысында-ақ таяу арада өмірдің өзі көрсететін болады.
Қазақстан таяу болашақта кластерлер үшін құрылыс алаңына айналады деген
үміт бар.Қазақстанда кластерлер экономиканың барлық салаларында
агроөнеркәсіптік, ағаш өңдеу, отын-энегетикалық, метелургиялық, химиялық,
жалпы машина жасау, құрылыс, көлік, телекоммуникациялық кешендерде құрылуы
және дамуы мүмкін.
Экономикадағы кластерлік ұсыным – бүгінге әлемдік нарықтың талабы.
Алдағы уақытта Біріккен Сауда Ұйымына кіретін болсақ, отандық нарыққа
сапалы-сапасыз шетелдік тауарлар ағылады. Бұл жағдайда біздің шағын және
орта бизнес, ауыл шаруашылығы шетелдік сапалы тауарларымен бәсеке түсе
алмау нәтижесінде үлкен дағдарысқа алып келуі мүмкін. Ал бәсекеге төтеп
берудің шетелге отандық сапалы тауар өндірудің, осылай экономиканың
диверсификациялаудың бірден-бір жолы кластер болып табылады.
Сонымен отандық кластерлердің аяғынан нық тұрып кетуі экономиканың
шикізаттық емес салаларында әлемдік сапа стандарттарына сай өндіруге тиіс.
Қазақстан Шығыс Еуропа елдерін тұтынушы үшін бәсекеде жеңіп шығуға
қабілеттілік көрсеткіші бойынша қуып жетуі керек. Ол әсіресе, өңдеу
өнеркәсібімен ауылшаруашылығы салаларына тікелей қатысты. Бұл үшін
еліміздің кластерлік стратегиясын жүйелі түрде орындап шығу аса маңызды.
Сонда ғана ертеңгі ел еңсесінің биік болуына берік ірге тас қаланады.
Тамақ өнеркәсібінің экономикалық қауіпсіздігі өнеркәсіптің басқа да
салаларының дамуы мен тікелей байланысты жүргізіледі. Себебі, станоктарды
машина жасау саласы жасаса, шикізатпен ауыл шаруашылығы қамтамасыз етеді,
сала үшін мамандарды университеттер дайындайды және т.б. Осы ретте әлемдік
тәжірибеге тағы да назар аударамыз.
Әлемдік тәжірибеде экономика салаларын Қосылған Құн Тізбегі (ҚҚТ)
ретінде қарауға негізделген, талдау және даму стратегиясын жасалып және кең
қолданылып жүр.
Бұл әдістің мәні, әр саланы ақырғы өнімге біртіндеп құн қосып отыратын
өндірістің бір тізбегі ретінде қарастыруда. Құрылымдық жағынан ҚҚТ-інің екі
түрін ажыратады: тік және көлденең.
Экономикалық белсенділік ҚҚТ-нің тік құрылымында, әдетте, бір компания
шеңберінде жинақталған. Мысалы бір ғана компания шикізат шығарады, оны
өңдейді, қосалқы бөлшектерін шығарады және өнімді жасайды.
Көлденең ҚҚТ-нде белсенділік бірнеше шаруашылық субъектілері арасында
біркелкі бөлінеді: бір компаниялар өнім дизайнымен айналысады, екінші
компаниялар жеке бөлшектерін шығарады, үшінші кәсіпорын өнімді жинақтайды.
Өндірушілер саны басым болған жағдайда тік ҚҚТ-і, тұтынушылар басым
болса көлденең ҚҚТ-і қалыптасады. ҚҚТ-не кім ең көп әсер етсе, сол ең көп
қосымша құн алады.
Тамақ өнімдерін шығару ҚҚТ-і тұтынушылардың ҚҚТ-ң мысалы ретінде
көрінеді. Ол дизайнерлік фирмалардан, көтерме сатушылардан, жеке
дүкендерден, кондитерлік фабрикаларынан, шикізатты өндірушілерден,
өңдеушілерден, өңдеу фабрикаларынан тұрады. Осы тізбекте дизайнерлік
фирмалар мен көтерме сатушылар ерекше маңызға ие, не шығару керектігін
анықтап, басқаларына қарағанда артық қосымша құн алады.
Кейбір елдерде тұрғылықты халықтың табысының өсуі, тауарларды
өндірушілерге экологиялық және басқа да талаптардың күшеюі қосымша
құндардың орналасуына үлкен әсер етеді. Мемлекет ҚҚТ-не кіретін барлық
элементтерді кешенді қолдауы керек. Мемлекеттің жоспарлау және бағыттау
функциясы осында болады.
Осы ретте, салалардың бір-біріне тізбектесіп дамуын кластерлер түрінде
көрсеткен американдық экономист М.Портердің еңбектеріне соқпай кетуге
болмайды. Ол өз зерттеуінде: Кластерлер немесе өнеркәсіптік топтар –
белгілі бір сферада қызмет ететін, бірін-бірі толықтыратын, қызмет
жалпылығымен ерекшеленетін, географиялық көрші, өзара байланысты
компаниялардың және солармен байланысты ұйымдардың тобы –деп көрсетеді.
Кластерлердің географиялық масштабы бір қаладан, елге және көрші
мемлекетке таралуы мүмкін. Кластерлер өз күрделілігіне, тереңдігіне
байланысты түрлі нысанда болуы мүмкін. Бірақ, көп жағдайда дайын өнім
шығаратын компанияларды, сервистік компанияларды, арнайы өндіріс
факторларын, машиналарды, қосалқы бөлшектерді шығаратын ұйымдарды, қаржы
институттарын қамтиды. Кластерді анықтауды ірі компаниядан бастаған жөн,
сосын сол компаниямен тік және көлденең байланысқан тізбекті анықтауға
болады. Қорытынды қадамда – сол кластер мүшелеріне жанама әсер ететін
мемлекеттік немесе заңдылық құрылымдары табылады. Салада кластердің
қалыптасуының ұлттық экономика үшін стратегиялық маңызы бар, кластер ішкі
өсуге бастау береді, саланы іліп алып, барлық тізбекті дағдарыстан тартып
шығаруға болады. Кластерлер концепциясы саясаттың көп сфераларында
экономика қажеттіліктері шеңберінен шығатын ойлаудың ерекше нысанының
дамуын қамтамасыз етеді [12].
Кластерлер әдетте дамыған экономика жағдайында анығырақ көрінеді.
Дамушы экономикада өнеркәсіптік кәсіпорындардың көбісі жергілікті базада
немесе жергілікті нарыққа қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың
еншілесі түрінде болады. Экспорттық салалар ресурстық және еңбек шығындарын
артық пайдалануға бет бұрады. Дамушы экномикадағы кластерлер асығыс
жүргізіледі де, шетелдік өндірушілерден келетін сервис пен технологияға,
қосалқы бөлшектерге арқа сүйейді.
Кластерлерді ромб қырлары бейнесінде елестетуге болады дегенмен, барлық
қырлары да тең деп түсіну керек. Кластерлер бәсекелік күреске үш тәсілмен
әсер етеді:
– біріншіден, кластерге кіретін фирмалар мен салалардың өнімділігін
– арттыру;
– екіншіден, инновацияға қабілеттілігін арттыру;
– үшіншіден, жаңа бизнесті ынталандыру арқылы.
Кластер шекарасы салалық жіктеудің стандартты жүйесіне бағынбайды.
Қазақстанда да кластерлік дамуды қолдап жүрген экономист-ғалымдар,
авторлар бар. Мемлекеттің бір-бірімен байланысты, бір-бірін толықтыратын
салаларды реттеуі Қазақстан Республикасында тамақ өнеркәсібінің кластерін
қалыптастырады. Кластердің қалыптасуы саланың, экономиканың бәсеке
қабілеттілігінің негізі болады - деп жазады қазақстандық экономист-
зерттеуші С.Б.Ахметжанова.
Біз "Қазақстанның 2006-2015 жылдарға индустриалды-инновациялық даму
Стратегиясындағы" ҚҚТ-нің құрудың және М.Портердің кластерлерді
қалыптастырудың теориясындағы бастамалар әр түрлі терминдермен
жазылғанымен, түйіні бір деп есептейміз. Екі әдебиет көзінде де бір ілмек
арқылы бүкіл сала тізбегін дамытатын топ құру мағынасы бар. Бұл топқа
салааралық ұйымдардың, сервистік компаниялардың, басқа сала
кәсіпорындарының кіруі мүмкін.
Егер тамақ өнеркәсібінде кластерлік даму қалыптасса, кластердің
құрамдас элементтері болып: ауыл шаруашылығы, машина және құрал-жабдықтар
жасау, химия өнеркәсібі, сапаны бақылау жүйесі, білікті мамандар дайындау
және қайта дайындау, сервистік ұйымдар (жарнама, консалтинг агенттіктері),
қоғамдық ұйымдар, дизайнерлік компаниялар, көтерме және жеке сауда желілері
болып табылады.
Бұл жерде, біз кластерді теориялық негіз ретінде аламыз. Ал,
Қазақстанның 2006-2015 жылдарға индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы
өмірге енгізіліп отырған қолданбалы құжат болғандықтан, осы Стратегиядан
көп ауытқымай, тамақ өнеркәсібі ҚҚТ-і ретінде қалғанын қалаймыз.
Тамақ өнеркәсібінің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету жүйесі
мемлекет тұрғысында келесідей бағыттарды қамтуы мүмкін:
– Теріс пиғылды бәсекені жою. Қазақстандық нарыққа тамақ өнімдірінің
кедендік баж төлемдерінсіз және жеңілдікті салық төлеу арқылы түсетін
каналдарын жою. Қазақстанның кедендік территориясына импортты тауарды
енгізгенде оның құнын төмендетуді жою үшін өнім топтары бойынша ең
төменгі бағалар каталогын жасау.
– Салалық лизингтік компанияны құру және сала кәсіпорындарының
техникалық қайта жарақтану мәселесін шешуге мүмкіндік беретін
лизингтік операцияларды жүргізуге қажетті қаражаттармен қамтамасыз
ету.
– Жоғары сапалы, экологиялық таза және қауіпсіз өнім шығару үшін
мемлекеттік стандарттарға жаңа техникалық регламенттер, стандарттар,
өзгерістер мен толықтырулар, метрологиялық және талдау құралдарын,
әдістерін енгізу. Бұл шараны орындау халықаралық стандарттарға сай
жүргізілуі керек. Жоғары сапаны анықтайтын сертификациялық орталықтар
желісі болуы тиіс.
– Елдің барлық территориясында аймақ аралық көтерме-жеке тауар
өткізу желісін құру.
– Кәсіпорындардың қаржылық мүмкіндіктері шектеулі екенін ескере
отырып, мемлекеттік деңгейде қосымша құн салығына, Қазақстанда
шығарылмайтын технологиялық жабдықты және оның қосалқы бөлшектерін ел
территориясына енгізгенде кедендік төлемдерге жеңілдіктерді қайта
қалпына келтіру.
– Тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу секторын қайта қалыптастыруды
өткізу.
Нарықты дамуы, бәсеке, тұтынушылар талаптары сапа түсінігін кеңейте
түсіп, кәсіпорындардың бәсекеқабілеттілік және сенімділік факторы ретінде
қарастырылатын болды. Тауар өндірушілер және тұтынушылар арасындағы
қатынастар қазіргі кезде тиімді сапаны басқару жүйесін қажет етеді.
Қазір тамақ өнеркәсібінің өнімдерінің сапасы ҚР-ның Стандарттау
туралы, Сертификаттау туралы заңдарына және Сапа бағдарламасына сәйкес
жүргізіледі. Аталған заңдар мен бағдарламаның басты мақсаттары адам
өміріне, қоршаған ортаға қауіпсіз және бәскекеқабілетті өнім өндіру болып
есептеледі.

Маркетинг – кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін көтеру жүйесі ретінде

Кәсіпорынның нарықта табысқа жетуінің басты шарты – маркетингтік
қызметті ұйымдастыру болып табылады. Маркетингтік қызмет өз кезегінде
кәсіпорынның өткізу және жылжыту, баға саясаты, өнідірістік бағдарламаларды
әзірлеу бағытында жүзеге асырылатын басқару шешімдерінің сапасына әсер
етеді.
Қазіргі таңда еліміздегі кәсіпорындарды, олардың маркетингтік қызметті
орындау сапасы мен деңгейі бойынша екі топқа бөлуге болады: маркетингті
нарықтық бағытта қолданушы кәсіпорындар және тауар өткізу бағытында
қолданушы кәсіпорындар. Бірінші топқа маркетингтік қызметті кең көлемде
қолданатын кәсіпорындар жатқызылады, ал екінші топтағы кәсіпорындарда
маркетингтік қызметтің тек қандай да бір бөліктері пайдаланылады, мысалға:
маркетингтік ақпарат жинау, жарнаманы ұйымдастыру, өткізуді ынталандыру
және т.б.
Кондитерлік өнімдер нарығында әрекет етіп отырған кәсіпорындарда
маркетингтік қызметті ұйымдастыру әлі төмен деңгейде. Бұл кәсіпорындарда
маркетингтік қызметті қолдануда келесідей мәселелер орын алып отыр:
– маркетингтік қызмет қысқа мерзімдік мақсаттарды анықтауға және
жедел тапсырмаларды шешуге ғана қолданылады;
– кәсіпорындардағы маркетингтік қызмет тұтынушылық сұранысты,
нарық конъюнктурасын, бәсекелестердің қызметін, ішкі орта
ерекшеліктерін ескеретін біртұтас стратегиямен қамтылмаған;
– маркетингтік қызмет жеткілікті икемді емес, қоршаған орта
жағдайларының өзгерістеріне тез бейімделе алмайды;
– кәсіпорындарда ұзақ мерзімдік маркетинг стратегиясы жоқ,
маркетингтік жоспарлар әзірленбейді және нарықта маркетингтік
зерттеулер қажетті деңгейде жүргізілмейді;
– кәсіпорындардағы маркетинг мамандарының жетіспеуі немес олардың
біліктілігінің төмендігі;
– маркетингтік саясат көп жағдайда өткізуді ұйымдастыру және
коммуникациялық бағытта ғана қолданылады.
Жоғарыда аталған мәселелердің көпшілігі кәсіпорындардың маркетингтік
қызметтің қажеттілігін жеткілікті деңгейде түсінбеуіне, маркетингтік
қызметті қаржыландырудың шектеулілігіне, білікті мамандардың
жетіспеушілігіне байланысты болып отыр [28].
Маркетингті нарықты басқару концепциясы ретінде қолданатын
кәсіпорындардың ерекшелігі, олар өндірісті сатып алушыға, олардың
қажеттіліктеріне бағыттай отырып ұйымдастырады.
Кәсіпорындағы маркетингтік қызметті жетілдіру тауар және баға саясатын
тиімді жүзеге асыруға, стратегиялық мақсаттарды анықтауға,нарыққа
бейімделуге мүмкіндік жасайды.
Бүгінгі таңда кәсіпорындар маркетингтік қызметті қаржының жетіспеуіне
байланысты толыққанды жүзеге асыра алмайды.Кәсіпорын басқармасының
маркетингтік іс-шаралардың жүргізілуіне қажетті деңгейде қаржы құралдарын
бөлмеуі маркетингтік қызметтің тиімділігін төмендете түседі. Экономикасы
дамыған елдерде маркетингке жұмсалатын қаржы көлемі кейбір кәсіпорындарда
сатылу көлемінің 30%-н құрайды. Сондықтан да маркетингке бөлінетін қаржы
көлемін көбейту көздерін табу кәсіпорынның нарықтағы үлесін
көбейтуге,сондай-ақ олар өндіретін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін
артыруға негіз болады.
Ақтөбе қаласы бойынша кондитерлік өнімдер нарығында әрекет етіп отырған
кәсіпорындардың, олардың ішінде АЗС Сервис-Комплект ЖШС-ң маркетингтік
қызметін талдай келе, олардың маркетингті қолдану деңгейлері анықталды
(Кесте 14).

Кесте 14. Кәсіпорындардағы маркетингтік қызметтің функционалды
сипаттары
маркетингтік маркетингтік қызмет
қызметтің
қолданылу аясы
жүзеге асырылытын жүзеге асырылмайтын
өткізу көлемі бойынша маркетингтік ортаны
сұранысты зерттеу; зерттеу;
зерттеулер жүргізутұтынушыларды зерттеу; ғылыми негізделген,
комплексті маркетингтік
зерттеулер жүргізу
(нарыққа, бәсекелестерге,
тұтынушыларға, )
өнімнің сапасын басқару; өнімнің өмірлік цикл
жаңа өнімдерді енгізу; кезеңдерін талдау;
тауар саясаты тауарлық ассортимент өнімнің бәсекеге
негізінде тауар саясатын қабілеттілігін басқару;
әзірлеу тауар саясатын және
тауарлық стратегияны
басқару
баға саясатының маркетингтік баға
баға саясаты бәсеке-лестермен қалыптас-тыру саясатын
салыстырмалы түрде әзірлеу;
жүргізілуі әртүрлі баға қалыптастыру
әдістерін қолдану
өткізуді ынталандыру; тиімді өткізу жүйелерін
өткізуді тауарды жылжыту анықтау;
ұйымдастыру өткізуді ынталандыру
әдістерінің жиынтығы
қамтылған өткізу саясатын
қолдану
жарнама; жарнаманы жоспарлау;
коммуникация өткізуді ынталандыру жарнаманың тиімділігін
анықтау
маркетингті өткізу бойынша есеп стратегиялық және
жоспарлау және жүргізу; тактикалық маркетинг
басқару оперативті жоспарлау жоспары;
маркетингті бақылау
Ескертпе: Зерттеу нәтижелері негізінде автормен әзірленген

Нарықтық қатынастарда әрекет ететін кәсіпорындардың табыстылығы көп
жағдайда маркетингтік жоспарлау деңгейіне тәуелді. Маркетингтік жоспар
маркетинг мақсаттарын айқындауға, маркетингтік қызметтің бағытын анықтауға
негізделеді [26].
Қазақстандық кәсіпорындарда маркетингтік жоспарларды әзірлеу әлі күнге
дейін төмен деңгейде. Кейбір кәсіпорындардың жеке маркетингтік жоспарлары
бар, дегенмен олар жүзеге асырылуға тиіс маркетингтік қызметтің
біртұтастығын қамтамасыз ете алмайды.
Маркетингтік қызметті ғылыми негізде жоспарлау аса қажет, себебі ол
болашақты болжауға, қойылған мақсаттар мен кәсіпорындардың нақты
мүмкіндіктерін сәйкестендіруге жағдай жасайды. Сондықтан да отандық
кәсіпорындарда маркетингтік жоспар тұтынушылардың сұранысын ескере отырып,
олардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру мақсатында қалыптастырылуы
керек. Қалыптастырылған маркетингтік жоспардың орындалуын, ондағы
мақсаттардың қалыптасқан маркетингтік жағдайлармен сәйкес келуін үнемі
қадағалап отыру үшін маркетингтік бақылау жүйесі құрылып, жүзеге асырылуы
тиіс.
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі сыртқы және ішкі орта жағдайларына
тәуелді. Ал, өз кезегінде сыртқы және ішкі орта жағдайлары бірнеше макро
және микро деңгейдегі шешуі күтілетін маңызды мәселелерден тұрады ( Кесте
15 ).
15-кестеден отандық өнім өндірушілерді қорғау мемлекеттің басты
мәселелерінің бірі болып отырғандығын көруге болады. Бұл мәселеленің тиімді
шешілуі Қазақстанның өндірістік және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз
етеді. Сондықтан импорт көлемін шектеу,өндірісті ынталандыру, сондай-ақ
отандық кәсіпорындардың шетелдік нарыққа шығу жолындағы кедергілерін жою
өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттырудың негізгі құралына айналуы
тиіс.
Макроэкономикалық сипаттағы маркетинг мәселелеріне, сондай-ақ
маркетингтік инфрақұрылымның дамуының төмен деңгейін,маркетингтік
зерттеулерді жоспарлау және оларды жүргізуге қажет әдістемелік
материалдардың жоқтығын, ақпараттардың жетіспеушілігін, маркетинг
саласындағы білікті мамандардың аздығын т.б. жатқызуға болады. Осы сияқты
мәселелер қазақстандық кәсіпорындардың маркетингке бейімделуін тежеп
келеді.
Бүгінгі ақпараттық жетіспеушілік, қатаң нарықтық бәсеке жағдайларында
технологиялардың шұғыл ауысуы көптеген кәсіпорындар мен мекемелердің өмір
сүріп, дамуы үшін маркетингтік қызметке бейімделуін талап етеді. Сондықтан
кәсіпорындарда үздіксіз маркетинг жұмысын жүргізу, маркетингтік зерттеулер
жүргізудің халықаралық тәжірибесін өз елімізге үйлестіре отырып пайдалану
және оның дамуын ұдайы жетілдіріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Прогресс-см жауапкершілігі шектеулі серіктестестігінің кәсіпкерлік-шаруашылық қызметін талдау
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің сапасын көтеру
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Кәсіпорынның бизнесін бағалау
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің тиімділігін талдау
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Пәндер