Көшпелі халықтың «ғарыш» әлемі «Абай жолы» романының жаңа аудармасы туралы



1 Мұхтар Әуезовтың әдеби және гуманитарлық.ғылыми мұрасы
2 «Абай жолы» роман.эпопеясы сияқты көлемді туындылардың артықшылығы
Мұхтар Әуезовтың әдеби және гуманитарлық-ғылыми мұрасы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптастырған және сақтаған ең жоғары ұлттық құндылықтарына даусыз жататының арқасында уақыт сынынан (тезінен) өтіп, болашаққа нық қадаммен салтанатты шеру жасады.Мұхтар Әуезовтың ғажайып шығармашылық мұрасында – рухы, саналуандығы мен орасан үлкен ауқымдылығы жағынан озық, лексикалық, ұғымдық және көркем құралдардың айрықша жинақылығы бойынша, әрине, «Абай жолы» роман-эпопеясы ерекше орын алады.Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстан үшін апатты кезеңге айналды. Миллиондаған адамдар аштан өлді. Ұжымдастыру екі жарым мың жыл бойы еуроазиялық тарихтың аса ірі оқиғаларында шешуші рөл атқарып келген атты-көшпелі өркениетке тажалды нүкте қойды.Адамдармен бірге, өздері мәпелеп, сақтап келген орасан үлкен рухани дүние күйреп, келмеске кетті. Оны тек санада ғана сақтауға болатын еді. Әдебиетте ірі көлемді эпикалық шығарма түрінде ғана. Осы міндетті поэзияда тарихи-драмалық лириканың жауһары – «Құлагер» поэмасын жазу арқылы Ілияс Жансүгіров, прозада – «Абай жолы» роман-эпопеясынын авторы Мұхтар Әуезов орындады.30-шы жылдардың орта шеніне қарай Мұхтар Әуезов кеңінен танымал қаламы қарымды жазушыға айналды. Классикалық кемел шыңына жеткен эссе, әңгіме, повесть және драматургия жанрларының хас шебері ол өмір бойы осы еңбегін жемісті жалғастыра берсе де болар еді. Бірақ азаматтық және суреткерлік парызына жүгінген ол аса қыруар еңбекті талап ететін кітапты жазуға кіріседі, кітапта ақыреттік құрдымға кету қарсаңында қазақ халқының көшпелі өмірінің әлемі барынша толық және шынайы суреттелуге тиіс еді.Мұхтар Әуезовтың досы және пікірлесі ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев осы еңбектің нәтижесіне «қазақ халқы өмірінің XIX ғасырдағы энциклопедиясы» деп баға берді. Жаратылыстанушы-ғалым аузынан шыққан жоғары аңықтамаға «Абай жолына» берілген тағы бір іргелі сипаттама кірмей қалды – роман көркемділігінің теңдессіз күші, қазіргі орыс әдебиетіндегі аса көрнекті жазушылардың бірі Анатолий Кимге өз пікірін мына сөздермен тұжырымдауға түрткі болған: «Бұл данышпандық ұлы туынды, бүкіл адамзат тарихындағы бірден-бір эпикалық роман десем, асыра айтқандық болмайды».

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Көшпелі халықтың ғарыш әлемі
Абай жолы романының жаңа аудармасы туралы
 
Мұхтар Әуезовтың әдеби және гуманитарлық-ғылыми мұрасы қазақ халқының
ғасырлар бойы қалыптастырған және сақтаған ең жоғары ұлттық құндылықтарына
даусыз жататының арқасында уақыт сынынан (тезінен) өтіп, болашаққа нық
қадаммен салтанатты шеру жасады.Мұхтар Әуезовтың ғажайып шығармашылық
мұрасында – рухы, саналуандығы мен орасан үлкен ауқымдылығы жағынан озық,
лексикалық, ұғымдық және көркем құралдардың айрықша жинақылығы бойынша,
әрине, Абай жолы роман-эпопеясы ерекше орын алады.Өткен ғасырдың отызыншы
жылдары Қазақстан үшін апатты кезеңге айналды. Миллиондаған адамдар аштан
өлді. Ұжымдастыру екі жарым мың жыл бойы еуроазиялық тарихтың аса
ірі оқиғаларында шешуші рөл атқарып келген атты-көшпелі өркениетке тажалды
нүкте қойды.Адамдармен бірге, өздері мәпелеп, сақтап келген орасан үлкен
рухани дүние күйреп, келмеске кетті. Оны тек санада ғана сақтауға болатын
еді. Әдебиетте ірі көлемді эпикалық шығарма түрінде ғана. Осы міндетті
поэзияда тарихи-драмалық лириканың жауһары – Құлагер поэмасын жазу арқылы
Ілияс Жансүгіров, прозада – Абай жолы роман-эпопеясынын авторы Мұхтар
Әуезов орындады.30-шы жылдардың орта шеніне қарай Мұхтар Әуезов кеңінен
танымал қаламы қарымды жазушыға   айналды. Классикалық кемел шыңына жеткен
эссе, әңгіме, повесть және драматургия жанрларының хас шебері ол өмір бойы
осы еңбегін жемісті жалғастыра берсе де болар еді. Бірақ азаматтық
және суреткерлік парызына жүгінген ол аса  қыруар еңбекті талап ететін
кітапты жазуға кіріседі, кітапта ақыреттік құрдымға кету қарсаңында қазақ
халқының көшпелі өмірінің әлемі барынша толық және шынайы суреттелуге тиіс
еді.Мұхтар Әуезовтың досы және   пікірлесі ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев осы
еңбектің нәтижесіне қазақ халқы өмірінің XIX ғасырдағы энциклопедиясы деп
баға берді. Жаратылыстанушы-ғалым аузынан шыққан жоғары аңықтамаға Абай
жолына берілген тағы бір іргелі сипаттама кірмей қалды – роман
көркемділігінің теңдессіз күші, қазіргі орыс әдебиетіндегі аса көрнекті
жазушылардың бірі Анатолий Кимге өз пікірін мына сөздермен тұжырымдауға
түрткі болған: Бұл данышпандық ұлы туынды, бүкіл адамзат тарихындағы
бірден-бір эпикалық роман десем, асыра айтқандық болмайды.
Сайып келгенде, халық туралы және халыққа қажет төрт томдық кітап жазылды.
Кітаптың қазақ тіліндегі өмірі қазақ халқы ұлт ретінде өзінің мәдениетін,
тілін, өзіндік сана-сезімін сақтауына байланысты ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса
бермек. Оқырманды баурап алатын және тамсандыратын (үйіріп әкететін) хас
шеберлікпен жазылған Абай туралы роман нақ осы мақсат үшін қызмет жасайды.
Алдыңғы ұрпақ сияқты оқырмандардың әрбір жаңа буыны қазақ халқының рухани
дүниесінің биіктігіне, сұлулығы мен жойқын қуатына, оның ежелгі
сабақтастығы (туыстығы) мен өзге ұлттық мәдениеттердің ең жоғары
жетістіктерімен толық пара –парлығына қатысты нық сенімділікке ие болады.
Мәңгі құндылықтар кім оған мүдделі болса және оның кілтін таба білсе, соған
ғана есігін айқара ашады. Абай жолы романы қалың оқырманның кең ауқымдағы
халықаралық қызығушылығын туындатты. Ұлы шығарма алдымен орыс тіліне, содан
кейін негізінен орыс тілді нұсқасынан әлемнің көптеген тілдеріне
тәржімаланды. Орыс тіліне жасалған аудармаға автордың өзі тікелей қатысып,
шығарма аудармашыларының әрқайсысымен жеке-жеке барынша ыждаһатты және
мұхият жұмыс жүргізді. Тетрология тікелей түпнұсқалық тілден қытай және
бірқатар түрік тілдеріне аударылды.
Мамандардың пікірі бойынша,  французшаға аударылған тәржіма ең сәтті шыққан
аударма болып табылады. Осы аударманың авторы, аса дарынды қаламгер Антуан
Витез өзінің түрколог (түркі танушы) достарын шақырып, ақылдасқан, олар
қазақша түпнұсқаның әуездігін сезінуге септігін тигізген. Аудармашының
жесірінің айтуынша, ол әр кеш сайын отбасындағы үйелмендердің, шығыстанушы-
ғалым достарының басын қосып, өз аудармасынан үзінділер оқыған, әрі бұл
ретте ол түпнұсқаның композициялық – ырғақ үйлесімі мен интонациялық
тұтастығына барынше тәнті болып отырған.
Антуан Витездің тең шығармашылық шабытты аудармасының арқасында роман
француз жұртшылығының арасында елеулі және тұрлаулы құбылысқа айналды.
Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін өте терең білетін аса ірі француз
профессоры Катрин Пужоль жариялаған көшпелілік – отырықшылық феноменін
пайымдауға байланысты кітап туралы пікірлер – Абай жолы шығармасының осы
заманғы француз мәдениетінің мәнмәтініне үйлесімді және терең енуіне
қатысты көп айғақтардың біріне жатады.
Әлем әдебиетінің жауһарлары өзге тілдерге аударылады, және кейіннен жаңа
аудармалардың да жасалатыны сирек жәйт емес. Бұл әрі табиғи, әрі заңды
құбылыс. Уақыт пен кітап болмысының жағдайлары өзгереді, дәуір
субъективизмі түрін өзгертеді. Әрбір жаңа аударма, алдыңғысымен
салыстырғанда, әрине, одан гөрі анағұрлым шеберлікке ұмтылады. Мұның әбден
негізді болатын тұстары да бар.
Абай жолы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай жолы романының жаңа аудармасы туралы
М. Әуезовтың Абай жолы романының түстік лексикасын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері
ХАКІМ АБАЙДЫҢ ҒИБРАТЫ (БЕЛГІБАЙ ШАЛАБАЕВ ХАКІМНІҢ ҒАҚЛИЯСЫ МЕН ПУШКИН ЖӘНЕ АБАЙДЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ РОМАНЫ ХАҚЫНДА)
Сын көркем әдебиеттің құрамдас бір бөлігі деген пікірді Қазіргі әдеби сын
Мұхтар Әуезов тағылымы
ХАКІМ АБАЙДЫҢ ҒИБРАТЫ
Қазақ прозасының зерттелуі
Т.Әлімқұлов сыншы және әдебиет зерттеушісі
Аударма өнері және көркемдік – эстетикалық, шеберлік проблемалары
Абайдың философиялық ойлары
Пәндер