Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк, кәсіпкерлік капитал



КIРIСПЕ

І.Негізгі бөлім
І. КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛ
1.1.Кәсiпкерлiк: экономикалық мазмұны, белгiлерi, түрлерi
1.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы және мемлекеттік қолдау

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА САЛЫНҒАН ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2.2. Инвестициялар және олардың экономикалық мәні
ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Рыноктық экономиканың белсендi өкiлдерiнiң бiрi – кәсiпкерлер. “Кәсiпкер” ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономикасi Ричард Кантильон енгiздi. Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде қарастырады: экономикалық категория ретiнде, экономикалық ойлай типi ретiнде, шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде.
Экономикалық ғылымда негiзiнен өндiрiстiң төрт факторы қарастырылған: еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк. Бұл жерде кәсiпкерлiк өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрiздi үш негiзгi өндiрiс факторларын бiрiктiрiп жүзеге асырудың үздiк әдiстерiн iздестiрiп, жұмылдыру процесi ретiнде де қарастырылады.
Рыноктық экономика негiзiнде ұлттық экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн бәсекеге қабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк туғызатын, елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын басты құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызметтi дамытуымыз және оның маңызды салаларын мемлекеттiк реттеу мен қолдау бүгiнгi экономикамыздың басым саясаттарының бiрi болып отыр. Әсiресе бұл саяаттың негiзгi мақсаты кәсiпкерлiктi инновациялық тұрғыдан қолдау келешекте елiмiзге өз жемiсiн берерi анық. Себебi өмiр өзi көрсеткенiндей, шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк , кәсіпкерлік капитал” деп алдым.
Бұл тақырыпты орындаудағы мақсатым мен мiндеттерiм келесiдей болып табылады:
• Кәсiпкерлiктi – ерекше экономикалық құбылыс ретiнде қарастыру;
• Кәсiпкерлiк қызметтiң рыноктық экономика қызмет етуiнiң негiзi екендiгiн атап өту;
• Кәсiпкерлiк жалпы маңыздылығын, оның түрлерiн және жiктелуiн қарастыру;
• Кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу шараларының ерекшелiктерiне тоқталу;
• Елiмiздегi кәсiпкерлiк қызмет қалыптасуының ерекшелiктерiн және iске асу нәтижесiн қарастыру;
• Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудағы мәселелердiң шешу жолдарын айқындау;
• Кәсіпкерлік капитал тиімді пайдалану көрсеткіші
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау мен реттеу күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi.
1. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
2. Әліпбай С. Тек қана бірге, тек қана алға! Қазақстан кәсіпкерлердің ІІ конгресі өз жұмысын осындай өршіл ұранмен қорытындылады.//Егемен Қазақстан-29 қазан
3. Қасен Т. Кең тынысты кәсіпкер // Егемен Қазақстан 2005-7 маусым
4. Кәсіпкерлік – кемел келешек кепілдігі // Егемен Қазақстан 2005 26 наурыз
5. Әсембекұлы Е. Рамазанов Т. Кәсіпкерлікті қолдау реформаларды қолдау // Астана ақшамы - 1999 ж. 9 қыркүйек
6. Е.Б Жатқанбаев, С.А. Досқалиев, А.Б. Көшербаева “Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс”. оқулық. Алматы, 1994 ж.
7. Ілдебаев Т.Экономиканы дамыту- кәсіпкерлер қолында. “Алматы ақшамы” газеті 2003ж 1 қараша.
8. Шеденов Ө.Қ, Байжомартов Ү.С, Жүнісов Б.А., Комягин Б.И.
“Жалпы экономикалық теория”

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ

І.Негізгі бөлім
І. КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛ
1.1.Кәсiпкерлiк: экономикалық мазмұны, белгiлерi, түрлерi
1.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы және мемлекеттік қолдау

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА САЛЫНҒАН ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
2.2. Инвестициялар және олардың экономикалық мәні
ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ
Рыноктық экономиканың белсендi өкiлдерiнiң бiрi – кәсiпкерлер.
“Кәсiпкер” ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономикасi
Ричард Кантильон енгiздi. Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде
қарастырады: экономикалық категория ретiнде, экономикалық ойлай типi
ретiнде, шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде.
Экономикалық ғылымда негiзiнен өндiрiстiң төрт факторы қарастырылған:
еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк. Бұл жерде кәсiпкерлiк өндiрiстiң
төртiншi факторы ретiнде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрiздi үш негiзгi
өндiрiс факторларын бiрiктiрiп жүзеге асырудың үздiк әдiстерiн iздестiрiп,
жұмылдыру процесi ретiнде де қарастырылады.
Рыноктық экономика негiзiнде ұлттық экономиканың тұрақты өсуiн
қамтамасыз ету үшiн бәсекеге қабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк
туғызатын, елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын
басты құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызметтi дамытуымыз және оның маңызды
салаларын мемлекеттiк реттеу мен қолдау бүгiнгi экономикамыздың басым
саясаттарының бiрi болып отыр. Әсiресе бұл саяаттың негiзгi мақсаты
кәсiпкерлiктi инновациялық тұрғыдан қолдау келешекте елiмiзге өз жемiсiн
берерi анық. Себебi өмiр өзi көрсеткенiндей, шикiзат сатуға бейiмделген
экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым
жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп,
халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын
“Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк , кәсіпкерлік капитал” деп алдым.
Бұл тақырыпты орындаудағы мақсатым мен мiндеттерiм келесiдей болып
табылады:
• Кәсiпкерлiктi – ерекше экономикалық құбылыс ретiнде қарастыру;
• Кәсiпкерлiк қызметтiң рыноктық экономика қызмет етуiнiң негiзi екендiгiн
атап өту;
• Кәсiпкерлiк жалпы маңыздылығын, оның түрлерiн және жiктелуiн қарастыру;
• Кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу шараларының ерекшелiктерiне
тоқталу;
• Елiмiздегi кәсiпкерлiк қызмет қалыптасуының ерекшелiктерiн және iске асу
нәтижесiн қарастыру;
• Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудағы мәселелердiң шешу жолдарын айқындау;
• Кәсіпкерлік капитал тиімді пайдалану көрсеткіші
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру
жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны
жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау мен реттеу күн тәртiбiндегi
өзектi мәселелердiң бiрi.

І КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛ
1. Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері
Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) —
экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық
шаруашылықтың қажетті элементі.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи
формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи
капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.
Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде
зерттелген.
Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл
категорияны тұңғыш зерттеушілердің — меркантилистер және физиократтар оған
сыңар жақты қарауының себебі болды.
Капитал категориясына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің Капитал
(1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет
етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын айқындап
көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп
тұжырымдады. Капитал экономикалық ғылымның тарихында капиталды
капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи
қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі
болады деп көрсетті - станок, машина, шикізат т.б. түрінде.
Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрі
қарай зерттеуді талап етті: жаңа концепциялар мен ой-пікір, тұжырымдардың
пайда болуын тіледі.
Жақтаушылары басым көпшілік капиталға берілетін екі негізгі анықтаманы
қолдайды: бірінші — капитал деген құрал-жабдықтар жиынтығы (заттық
концепция), екінші — капитал деген ақша сомасы (монетарлық). Екі жақ та
капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады дейді.
Осымен катар капиталдар нарығы деген түсінік бар. Нарықтағы
сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты,
осы түсінікке анықтаманың екі варианты болуы ықтимал.
Бірінші вариант. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың
құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі: станоктар, машиналар,
ғимараттар т.б. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының
бір бөлшегі болып табылады.
Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және
хаусхолд сферасы жатады.
Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс — бұл өздерінің инвестициялық
жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға
сұранысы. Көрініс жағынан Бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын
қаржы құралдары болып табылады.
Өндіріс факторлары нарығында ақшалай салым түрінде капиталы бар үй
шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолдануға өз
капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс
алады.
Физикалық капиталдың фирма меншігіне айналуына, немесе, оның уақытша
пайдалануға берілуіне байланысты, төлемдер екі түрге бөлінеді: капитал
қызметтерінің толымсыздығы (пайдалану бағасы) үшін төлем және капиталдық
активтер (сатып алу-сату бағасы) үшін төлем болып белінеді.
Капитал қызметтерін пайдалану құны капиталдың ренталық (прокаттық)
бағалануы болып табылады. Бұл нарықтық котифқа түрін, немесе, фирманың
капиталдың бір бөлігін жалға алғаны үшін оның иесіне төлейтін сома түрін
алады.
Активтің бағасы - капитал бірлігінің қандай уакытта болмасын сату,
немесе, сатып алу бағасы болып табылады
Екінші вариант. Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі.
Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің кызметін
атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара
қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына
және капиталдар нарығына бөлшеді. Ақша нарығы мерзімі бір жылға дейінгі
банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капиталдар нарығы банктің
орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына кызмет етеді. Осы нарық өз
кезегімен ипотекалық нарықка (кепіддік қарыз куәлігімен операциялар
жүргізу) және қаржылық (құнды қағаздармен операциялар жүргізу) нарыққа
бөлінеді. Қаржы нарығының субъектілеріне банктер және олардьң клиенттері
(ипотека нарығындағыдай), қор биржалары жатады, операциялардың
объектілеріне - жеке кәсіпкерлердің және мемлекет институттарының құнды
қағаздары жатады.
Ақша нарығы мен капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы,
екіншілік нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз
инструментарін, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалылықтары болады.
Осылардың бір-бірінен айырмашылықтары бар және олар төмендегі жағдайлармен
байланыста болады:
• статусымен (акция, немесе, облигация);
• меншіктің типімен (жеке, немесе, мемлекеттік);
• іс-әрекет ету мерзімімен;
• өтімділік дәрежесімен;
• қауіп-қатер сипатымен (банкроттық немесе нарықтық) және қауіп-қатер
дәрежесімен (қатерлі, аз қатерлі, қатерсіз).
Мысалы, АҚШ-тың капиталдар нарығының инструментариіне жататындар:
• АҚШ федераддық өкіметшің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға
тағайындалған казначейлік облигациялар;
• қаржы жүйесі арқылы әлеуметтік бағдарламалардың типтерін
қаржыландыру үшін үкіметтщ ерекше рұқсатымен эмитентілген (шығарылған)
мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;
• жергілікті үкімет органдары шығаратын муниципалдық облигациялар;
• жекеменшіктік фирмалар эмитентеген корпорациялардың акциялары мен
облигациялары.
Капиталдар нарығын инвестициялық қорлар нарығы деп жиі атайды.
Инвестиция (капиталдық салым) деп құрал-жабдықтардың және материаддық
қойманың (запас) кобеюіне экономикадағы капиталдар өсуіне жасалған шығындар
аталады.
Капитаддың жеткізушілері - үй шарушалықтары,оны тұтынушылар — бизнестщ
фирмалары.
Жеткізушілер мен тұтынушылардың бір-біріне әрекеті көп. Бұлардың
байланыстары қаржы жүйесі, коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар,
брокерлік кеңселер т.б. арқылы жұріп отырады. Олар үй шаруашылықтарының
шамалы жинақтарын қаржы құралдардың көп сомаларына айналдырады және оны
капиталды тұтынушылар арасында орналастырумен айналысады. Капиталды беру
нысаны әр түрлі болуы мүмкін: тікелей жаңадан шығарылған акцияларды
жазылғандар арасында тарату түрінде, немесе, заемдық қарыз,
корпорациялардың облигациясын сатып алу түрінде және фирмаларға тікелей
қарыз беру арқылы. Бұл процесте берілген қаржылар үшін төленетін процент
өте маңызды рөл атқарады.
1.2 Капитал айналымы
Іс-әрекеттерінің қандай мерзімінде болмасын, кәсіпкер инвестициялар
жасап отырады, олардың сипаты мен көздері іс-әрекеттің кезеңіне тәуелді
болады.
Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың
алғашқы салымын жасау керек. Старттық (cope) капитал деп өндірістің
бастапқы кезеңінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы
шығындар сомасының жиынтығы аталады. Старттық алғашқы капитал кәсіпорның
тіркеуге, банкте есеп-шот ашуға, ғимарат сатып алуға, немесе оны жалға
алуға, ғимаратты жөндеуге, немесе, оны қайта құруға, машиналар, жабдықтар,
приборлар, патенттер, лицензиялар сатып алуға жұмсалады.
Ағымдық шығындарға шикізат пен материалдар, жалдау төлемі, жалақы,
әлеуметтік қорларға аудармалар және т.б. жатады.
Сөйтіп старттық капитал кәсіпкердің өндірістік қорлар (негізгі және
айналыс) сатып алуға жұмсалатын негізгі және айналмалы капиталға
қажеттігін, жалақыға, басқаруға жүмсайтын басқа өңдірістік және өндірістік
емес шығындарға кажеттігін көрсетеді.
Старттық капиталдьң және кәсіпкердің қаражаттарының орнын жауып, өтеп
отыру үшін меншікті (ішкі), немесе, несиелік (сыртқы) құралдар (қаржылар)
қолданылады.
Меншікті және несиелік құралдардың көздері факторлардың екі түрімен
белгіленеді:
объективтік — кәсіпкерліктің ұйымдастыру — құқықтык фор-масымен,
шаруашылықтың және нарықтың конъюнктурасымен, ұлттық экономиканың болмысы
және дамуымен, мемлекеттік реттеуші органдарының талаптарымен;
субъективтік — кәсіпкерлік қабілетпен, кәсіпкердің жағдайымен және
оның жеке мүмкіндіктерімен.
Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне мыналар жатады: негізгі
қызметгерден түсетін пайда, қаржылық операциялардан түсетін пайда, жарғылық
қор, амортизация коры және т.б.
Несиелердің қайнар көздері: несие мен қарыздар, тұрақты пассивтер және
несиелік карыздар.
Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы жарғы капиталы жасалып
кәсіпорын құрылғанда басталады.
Жаргы капиталы — бұл фирманың негізгі жоне айналмалы
* қаражаттарының қайнар көзі. Ал жарғы капиталының кайнар көзі
* мыналар: акциөнерлік капитал, құрылтайшылардың жарналары, салалық,
қаржы ресурстары, ұзақ мерзімді несие, бюджет қаражат-тары. Жарғы
капиталының көлемі өндіріс процесіне инвестиция-ланған ақша қаражаттарының
негізгі және айналмалық колемін бейнелейді.
Сырттан қаржыландыру қарыз алу немесе акция шығару арқылы жүреді.
Несие — бұл қарыз капиталының қозғалу нысаны, ол қайтарылып беріледі
және иесіне пайда әкеледі.
Қарыз капиталының қайнар көздері:
• рантьелердің капиталы, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналыспай
процентке өмір сүретін адамдардың капиталы;
• көпшілікгің жинақтары; кәсіпкерлік қызмет сферасын өзгерткен
адамдардың капиталы; бюджетгік қалыстар;
• кәсіпорындарының бос капиталы; тауарлық несие түрінде бір
кәсіпорнынан екіншіге көшіп отыратын капитал;
• банкнота шығару нәтижесінде пайда болған капитал. Несиенің болуы
өндіріс процесінің үзілмей жүруіне көмекгеседі.
Кәсіпкерлер көбінесе коммерциялық жоне банк несиесін қолданады.
Сонымен қатар, несиелер қысқа мерзімді (бір жыл ішінде қайтарылады) және
ұзақ мерзімді болады.
Қысқа мерзімді қарыздар жалақы төлеуге, шикізат алуға немесе дайын
тауарларды сату үшін, күнделікгі шығындарды етеуге қодда-нылады. Қысқа
мерзімдік несиелердің жиі қолданылатындары:
• коммерциялық несие — бір кәсіпорын екіншіге береді;
• қаржы институтгарынан алынатын несие;
• инвесторлардан алынатын қарыз.
Ұзақ мерзімді қаржыландырудың көзіне бөлінбеген пайда, акциялар мен
облигацияларды сату және ұзақ мерзімді қарыздар жатады.
Ұзақ мерзімді заемдар — бір жылдан артық пайдаланатын қаржылар. Бұлар
көбінесе қымбат жабдықтар, ғимараттар сатып алу үшін, зерттеу жұмыстарын
жүргізу үшін қолданылады.
Ірі корпорациялардың көбі облигация шығарудан косымша қаражаттар
табады. Облигация — бұл құнды қағаз. Ол оның иесінің белгілі көлемде ақша
сомасын кәсшорынға өткізгенін куәлайды. Осы ақша оған белгілі мерзімде
қайтарылуы керек және ол оған жылына бір немесе екі рет процент алуына
қүқық береді.
Корпорация үшін облигацияларды сату инвестициялар тартудың қолайлы
формасы:
Бұның себептері:
• Бұнда несие, бірақ қоғамнан алынатын;
• банкі сияқты, облигацияға процент көбінесе жылына екі рет төленеді
(купондық толем);
• ұзақ мерзім, әдетте 10 жыл (кейде 30 жыл) өтеу мерзіміне дейін.
Банкінің несиесінен облигация шығару үнамды, бірақ банкілікпен
салыстырғанда бүның проценті жоғары болуға тиісті, өйткені баскаша болса
облигацияны ешкім сатып алмайды. Корпорациялардың облигациясы, әдетте
номиналына сәйкес сатылатын, борышқорлық қолхат болып табылады.
Акциөнерлік қоғамдар көпшіліктің капиталын акция шығару аркылы
өздеріне тартады. Акция — құнды қағаз, ол иесінің ақша сомасын өткізгенін
долелдейді және иесіне дивиденд алу қүқын береді және оның иесі сол
компанияның басқаруына қатынасуға қүқық алады.
Егер облигацияны иеленушілер компанияның тек несие берушісі болса,
акциөнерлер компанияның меншік иелері болады. Бұл жағдай акциөнерлерге
директорлар кеңесін сайлауға және табыстарды бөлуге қатынасуға қүқық
береді.
Акцияларға ашық жазылудың өзіндік артықшылықтары және кемшіліктері
болады.
Артықшылақтар: біріншіден, қаражаттар жинауға көмектеседі;
сатудан түскен қаражаттар өндірістік қуаттарды кеңейтуге жәнр
жаңғыртуға, қарыздарды өтеуге, қызметтерді көптарапты еруге және басқа
мақсаттарға қолдануға пайдаланылады;
екіншіден, партнерлер мен клиенттерді информациямен қамтиды;
үшіншіден, фирма ішінде акцияларды сату арқылы персоналды
ынталандырады;
төртіншіден, акцияларды пайдалану мүмкіндігін береді.
Кемшіліктерге жатқызу да болады:
• басқарудағы бақылау мен икемділіктің төмендеуі;
• акцияларды шығаруға және орналастыруға шығындар жасау;
• нарықаың қысым жасау ықпалы (конъюнктура өзгергенде);
• акциялардың шығарылуын және орналастырылуын ұйымдастыру үшін
қабілетті команда күрудың кажеттігі.
Корпорациялардың акция шығару аркылы каржылануы қаржыланудың ең қымбат
түсетін жолы болып табылады. Батыс компаниялары бұл жолды өте сирек,
қаржылаудың басқа түрі болмаған жағдайда пайдаланады. Қаражат жетімсіз
болғандықтан акциялар шығару безнесмендердің басқару қызметіндегі
тәуелсіздігін төмендетеді.
Қашан болмасын қаржыланудың түрлері көп болған сайын кәсіпорынның даму
мәселелері қиындай береді.

1.3 Капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері
Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап
өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы жүмсалған сомадан артық сомаға ие
болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол
өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.
Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді.
Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура
келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай
формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық
капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып
түскеңце капигал толық айналым жасайды.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді.
Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал непзгі
және айналмалы болып бөлінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек
заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы
бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз
элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның алмастыруының әдістерінің әр
түрлі болуымен байланысты болады.
Негізгі капитал — бұл өндіріс процесше тұтас қатынасатын, бірақ өз
құның өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте
қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың,
машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат,
отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, Бұлардың құны әрбір ауыспалы
айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем
құны да жатады.
Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады;
оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы
айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас
қайтады
Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.:
Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан
қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.
Материаддық тозу мынадай жағдайларда орын алады:
• жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;
• табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде. Материалдық
тозудың екі жағы болады:
• техникалық өндірістік — тұтыну құнының жойылуы;
• құндық — құнның жаңа өнімге көшуі.
Моралдық тозу - Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының
төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді
еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.
Моралдық тозудың екі түрі болады:
• еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау,
аз құнмен ұдайы өндіріледі;
• құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан
жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жоғары болады.
Аталған екі жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады, темендейді,
ойткені еңбек күралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді
(белпленеді).
Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты
жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.
Амортизация корының қаржылары ескірген еңбек күрал-жабдықтарды толық
алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге, сондай-ақ қосымша машиналар,
станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады. Демек, амортизация қоры
өндірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың қосымша көзі ретінде қызмет
етеді.
Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте маңызды
экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен
бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.
Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін
болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипатгайтын
көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады.
Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндегі айналым
саны арқылы есептеледі:
п = от,
мұнда 7 — айналым саны,
0 — капитал айналымының өлшем бірлігі (1 жыл), Т — берілген капиталдың
айналым мерзімі (ай).
Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған
капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни акгивтердің таза салымы қандай
дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді:
К1 = Сатудың көлеміСалынган капитал.
Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес
айналыс жасағанын көрсетеді.
Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа
ұзақтығының көрсеткішш есептей аламыз (От):
Айналыстың көрсеткіштері көсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы
мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрал-дардың ақша формасына
айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді.
Айналмалы капитал мен қысқа мерзімді міндеттемелер сомасының
сәйкестігі, қазіргі әрекет ететін капитал мен кәсіпкердің төлем қабілетін
байланыстырады.

Қазір әрекет ететін капитал — Бұл айналмалы қордың сомасының қысқа
мерзімді қарыз міндеттемелер сомасынан артықтығы:

Негізгі және айналмалы қорлардың кызметтерін сипаттау үшін олардың
пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады. Бұлардың екі
түрі бар:
1) Қайтарым (қор қайтарымы) көрсеткіштері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнес дамуының теориялық негіздемесі
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы
Кәсіпкерліктің теориясы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту
Мемлекеттік кәсіпкерлік секторының функцияларының механизмі
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері
ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Пәндер