Дұрыс тәрбиенің кілті-отбасында



I. Кіріспе
1.Дұрыс тәрбиенің кілті.отбасында

II. Негізгі бөлім:
1. Отбасының заман талабына сай мәселелері
2.Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені,
3.Имандылық

III. Қорытынды :
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан өзінің дамуының қиын сәттерін бастан кешірді. Өтіп жатқан жағдайлардың нақтылығын бағалай отырып, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мен оның элементтерінің:білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын–үй және денсаулығын қорғаумен қамтамасыз етудің мазмұнын ашу өте қиын. Қазіргі кезде журнал, мақала сипатындағы әлеуметтік жұмыстар өте көп, бірақ осы ғылыми пәннің даму тарихын, қалыптасуын және күйін қарастыратын теориялық жұмыстар жаңадан қалыптасып жатыр. Әрине, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың өз тарихы, өз бастауы бар. Шетел және Ресей зерттеушілері әлеуметтік жұмыстардың дүнижүзілік ағымдағы жүз жылдықтағы 90- жылдардың екінші жартысында басталғандығын айтады, бірақ бұл мүлдем дұрыс емес. Әлеуметтік жұмыстар қиын жағдайда қалған адамдарға қолдау көрсету, оларды қорғауға бағытталған іс-әрекет түрі ретінде адамдық қоғам пайда болып, дамыған сәтінен бастап пайда болды.Әр кезеңде кем бағал, мүгедек жандарға көмек, қайырымдылық көрсету, үнемі орын алып отырды. Қазақ халқының салт -дәстүрі, рулық қауым, туыстары жоқ кедей жандардың басқалардан қайыр көмек сұрауына жол бермедi.
Ресейде әлеуметтік жұмыстар 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басынан бастап қана кәсіби қызмет түрі ретінде қалыптасты. Әлеуметтік қызметкерді- кәсіп, маман ретінде ресми таңып, отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер лауазымын мемлекеттік ресми құжаттарға енгізу дүниежүзінің әр түрлі елінде әр уақытта іске асырылды.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік -педагогикалық жұмыс осы қызметтің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бұл көбінесе жеке адамдардың кейбір категорияларына материалдық көмек көрсетуге саяды. Сонымен қатар әр елдегі зерттеулер кірістің азаюы мен кедейліктің салдарынан отбасының бұзылу жағдайы ушығып, көбейіп кеткенін көрсетті. Кейде отбасындағы проблемалардың негізгісі –жұмысыздық, отбасы қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен толық емес отбасыларының көбеюі, инцест, нашақорлық, қаржылық күйзелістердің себебі кедейлік деп есептелінеді. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік –педагогикалық жұмыс қоғам, ел ауыр кезеңді бастан өткізіп, отбасының әлеуметтік проблемалары шұғыл көбейіп жатқан кезде айқын көрінеді.
Осындай кезде күрделі мәселелерді шешу кезінде отбасының өзінің шамасын белсендіру идеалынан туған отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың бағдары қандай екенін айтуымыз маңызды.
1 Арғынбаев Х.А Қазақ халқындағы семья және неке. – Алматы ,1973 жыл.
2 Мацковский М.С Социология семьи: проблемы теорий, методология, методика- Москва ,1989 год.
3 Витек К. Проблемы семейного
блогополучия -Москва, 1988 год.
4 Варга А. Я Системная семейная психотерапия. Курс лекций -СПБ,2001 год.
5 Митоян А.А Потребительское поведение семей – дифференциация, динамика, классификация.Москва 1990 год.
6 Муздыбаев К. Психология ответственности Л..1983 год.
7 Биекенов К.У Отбасымен әлеуметтік жұмыс.-Алматы, 2003 жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
1.Дұрыс тәрбиенің кілті-отбасында

II. Негізгі бөлім:
1. Отбасының заман талабына сай мәселелері
2.Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені,
3.Имандылық

III. Қорытынды :
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе

Қазақстан өзінің дамуының қиын сәттерін бастан кешірді. Өтіп жатқан
жағдайлардың нақтылығын бағалай отырып, Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мен оның элементтерінің:білім беру,
әлеуметтік қорғау, тұрғын–үй және денсаулығын қорғаумен қамтамасыз етудің
мазмұнын ашу өте қиын. Қазіргі кезде журнал, мақала сипатындағы әлеуметтік
жұмыстар өте көп, бірақ осы ғылыми пәннің даму тарихын, қалыптасуын және
күйін қарастыратын теориялық жұмыстар жаңадан қалыптасып жатыр. Әрине,
отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың өз тарихы, өз бастауы бар.
Шетел және Ресей зерттеушілері әлеуметтік жұмыстардың дүнижүзілік
ағымдағы жүз жылдықтағы 90- жылдардың екінші жартысында басталғандығын
айтады, бірақ бұл мүлдем дұрыс емес. Әлеуметтік жұмыстар қиын жағдайда
қалған адамдарға қолдау көрсету, оларды қорғауға бағытталған іс-әрекет түрі
ретінде адамдық қоғам пайда болып, дамыған сәтінен бастап пайда болды.Әр
кезеңде кем бағал, мүгедек жандарға көмек, қайырымдылық көрсету, үнемі орын
алып отырды. Қазақ халқының салт -дәстүрі, рулық қауым, туыстары жоқ кедей
жандардың басқалардан қайыр көмек сұрауына жол бермедi.
Ресейде әлеуметтік жұмыстар 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басынан
бастап қана кәсіби қызмет түрі ретінде қалыптасты. Әлеуметтік қызметкерді-
кәсіп, маман ретінде ресми таңып, отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік
қызметкер лауазымын мемлекеттік ресми құжаттарға енгізу дүниежүзінің әр
түрлі елінде әр уақытта іске асырылды.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік -педагогикалық жұмыс осы қызметтің
құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бұл көбінесе жеке адамдардың кейбір
категорияларына материалдық көмек көрсетуге саяды. Сонымен қатар әр елдегі
зерттеулер кірістің азаюы мен кедейліктің салдарынан отбасының бұзылу
жағдайы ушығып, көбейіп кеткенін көрсетті. Кейде отбасындағы проблемалардың
негізгісі –жұмысыздық, отбасы қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен толық
емес отбасыларының көбеюі, инцест, нашақорлық, қаржылық күйзелістердің
себебі кедейлік деп есептелінеді. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік
–педагогикалық жұмыс қоғам, ел ауыр кезеңді бастан өткізіп, отбасының
әлеуметтік проблемалары шұғыл көбейіп жатқан кезде айқын көрінеді.
Осындай кезде күрделі мәселелерді шешу кезінде отбасының өзінің
шамасын белсендіру идеалынан туған отбасымен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстардың бағдары қандай екенін айтуымыз маңызды.

Дұрыс тәрбиенің кілті- отбасында

Адам баласы туғанда жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда өте
әлсіз, осал болып келеді. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың баласы
жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Адам баласы туғанда іңгәлаған
айғайы мол бір кесеек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы
тым сараң, тым шабан. Адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, кәміл жасқа
толып өзін-өзі танып білгенше ата-анасының тәрбиесінде болады. Олар баласын
бағып, қағып, жанына денесіне азық беріп көмек көрсетіп, қамқорлық жасап,
өсіп, дамуына көмектеседі.
Ата-бабамыз тәрбие негізі- өнеге, оның мақсаты адамды, сол адамның
ұлтын, барлық адамзат дүниесін бақытты ету. Ұлт мүшесі - әрбір адам бақытты
болса, ұлт бақыты, адамзат дүниесі бақытты деген.
Қазақ халқының тәрбие туралы ой-армандары тек қазақша ұғымдармен
тараған.
Ата-баба тәлім-тәрбие жүйелері- ғасырлар бойы қалыптасқан қағидала-
рында, қисындарында, жон-жосығында, әдетте осылай еді деген сөздері мен
ұғымдарында, болжам-топшылауында.
Ал осылар халық әдебиетінде, тарихымыз бен мәдениетімізде, әдет-ғұрып,
дәстүрімізде, оларды әнге қосқан жыр еткен ұланғайыр поэзиямызда, ата-
бабаларымыздың даналығында, батырлардың білегінде, қыранның қанатында,
арулардың жүрегінде, ақсақалдардың ақ батасында, аналардың тілегінде,
ақындарымыздың арман-құсында, тұлпарлардың дүбірінде, шығыс данышпандарының
ғаламат нақылдарында, сан ғасырлық тәжірибелерінде. Тобықтай түйінмен
айтсам, қазақтың тәлім-тәрбие теориясы, сол қағидалары, жөн-жосығы,
қисындары, салт-дәстүрлері, өмірлік дағдылары, өмір өрнегі, психологиясы
қазақша терең ойлауында, даналық сөздерінде.
Ата-бабаларымыздың айтқандары дәлелді, озық тайға таңба басылғандай көп
жағдайда қазіргі заман талабымен үндесіп, мәңгі жойылмайтын дайын үлгі,
өнеге, тәлімдік әдіс-тәсіл ретінде егеменді елімізге баға жетпес үлес қосып
отыр.
Ауыл үйдің айбары болған бабалар сөзі, аталар батасы, мірдің оғындай
шешендік суырып салма сөздері, өнегелері т.б. біле білсек бүгінгі мен
кейінгі ұрпақ үшін бала шақтан – болашаққа дейін баға жетпес байлық.
Ұл-қызға әдеп үйрет, білім-өнер,
Көп кәріп содан пайда, кемелденер.
Ұлыңа үйрет білімі барлық амал,
Сонымен ол жияды қазына-мал.

Ж.Баласағұни
Бұл дүние- бір керуен сарай-ды,
Кететіндер түсіп, содан тарайды.
Алғы тізбек көші ұзап кеткенде,
Келіп түскен тізбек соған қарайды.
А.Иүгіне
Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы. Себебі отбасы адамға
бақыт,толық мәнді тыныс –тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші
тобы, алғашқы ұясы.
Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның
дамуымен тікелей байланысты.Сондықтан да қоғам некелік – отбасылық
қатынастың нығаюына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды.
Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік,
таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы
мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет – ғұрыптар,әрбір жаңа
отбасының адамдық, экономикалық негізі.
Қазір біздің республикамыздағы әртүрлі саяси - экономикалық жағдайларға
байланысты көптеген ұлттардың өкілдері көшіп келіп жатыр, ал олар
өндірістің шешуші салаларында қызмет атқарады. Сондықтан да жаңа ұрпақтың
көбеюі, яғни бала тууға ынталандыру көлемді әлеуметтік, саяси –
экономикалық проблемаға айналды.
Ерте кездері адамдардың өмірін ретке келтіріп, қылмыскерлерді жазалаған
ереже мен заңдар жинағы қолданылды. Ережелердің бір қатары әлеуметтік
сипатта болды және онда мұсылмандардың отбасындағы өмірі, өскелең ұрпақ
туралы, мұрагерлікті тапсыру туралы қамқорлығы, әкенің балаларды
тәрбиелеудегі орны қаралады. Мұндай маңызды құжаттардың бірі Жеті Жарғы
немесе Тәуке ханның Заңы деп аталды. Бұл бірінші заңдық құжат болып
есептелді. Осы заңдар жинағында адамдардың әлеуметтік орнын ретке
келтірудегі мемлекетің мұрагерлікті тапсыру және бөлу мәселелері шешілген.
Әйелге деген қамқорлық, әйелдің ана, жар ретіндегі орны мен мәртебесі
анықталған бірінші заң. Заңның көптеген баптары неке – отбасылық
қатнастарда, ата-ана құқығын және балаларды қорғау проблемаларын реттеген.
Бұл Қазақстанда одан әрі заң шығаруды анықтаған, заңдар жинағын жасаудың
бірінші әрекеті болды.
Алғаш рет революциядан кейінгі жылдары Кеңес Үкіметінің халық шаруашылығын
қалпына келтірумен өзге қызметі еңбекшілердің тұрмысын көтеруге
бағытталды. Бұрынғы социологтардың көпшілігі қоғамдық жүйенің құрылғанын
ескертіп, өз жұмыстарын арнайы отбасы, неке, туысқандыққа арнады. Бұл
социологтар қатарына Н.К. Михайловский, М.М. Ковалевский, В.М. Бехтерев,
П.А Сорокин және тағы басқалар. Бал туу және тәрбиелеу мәселелері қаралып,
аналарды мемлекеттік қорғау және ұрпақтарды қоғамдық әлеуметтендіру
мәселелері қойылды. Отбасы мәселелерін шешудің жаңа жолдарын іздеді.
20 –шы жүз жылдықтың көрнекті социологы П.А. Сорокин отбасы қызметі арқылы
ата-аналар мен балалар одағының, жұбайлар одағының әлсіреуі, шаруашылық
одақтың әлсіреуі ретінде отбасы күйзелісін анықтады. Отбасын әлеуметтік
айналма және ұтқыр механизм ретінде айта отырып, П.А.Сорокин мемлекттің
отбасы істеріне араласпауы қажеттігін айтады.
Бұл біздің пікірімізше, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың
практикасын ерекше белгілейді. Отбасы қарым- қатынасын жақсарту мақсатында
отбасы ісіне араласудың мәдениет түрі, институт түрі соның ішінде отбасы
түрмен белгіленетін өзіндік шегі бар.
Отбасының құрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған
туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел жатады.
Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады:
• Демократиялық
• Традициялық немесе авторитарлық
Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады:
• Көп балалы (үш бала, одан көп)
• Орташа (екі балалы)
• Бір баласы бар
• Баласыз отбасылар
Отбасы әртүрлі басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді.
Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлы және жайсыз отбасы болады.
Отбасында қайшылықтардың тууының негізгі екі себебі бар:
✓ Ішкі
✓ Сыртқы
Сыртқы себептерге- тұрғын –үй, табыс,әдет- ғұрып, ұлттық ерекшеліктер тағы
басқа жатса,
ішкі себептерге – махаббат, эмоциялық- сезімдік, қамқорлық, ауызбіршілік
тағы басқалары.
А .Коллонтай бала тууда және тәрбиелеуде отбасының рөлі жоғалып, қоғамда
ана мен балаларды әлеуметтендіруге деген ынталылық жойылады деп жазады.
Қазір Қазақстан Республикасы аумағында 3527000 отбасы тұрады.Еліміздегі
қазіргі жағдай отбасы жағдайын шиеленістіреді. Отбасының тұрақсыздығы
ажырасуға апарады.
Көптеген отбасыларында әлеуметтік қызметтерді іске асыру шарты-
репродуктивті, экзистенциалды мәндегі және балаларды алғашқы әлеуметтендіру
күрт төмендеді.Аландаушылықтың басқа бір себебі аборт процентінің жоғары
болуы.
Қазіргі кезде Қазақстан әйелдері көпшілік жағдайда, бір, екі бала туумен
ғана шектеледі.
Сондықтан халық санын көбейту үшін отбасы жалпы санының жартысының көбі үш
және одан да көп балалы болуы керек.Осыған байланысты әйелдер мен
балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау аса өзекті проблема болып табылады.
Отбасының барынша шиеленіскен әлеуметтік жағдайлары қоғамның әлеуметтік –
экономикалық жағдайының күрт нашарлауынан, жарым жанды отбасы санының
өсуінен, мемлекеттік бюджеттің үнемі тапшылығынан, халықтардың денсаулық
жағдайының төмендеуінен байқалады.
Әлеуметтік қызметкер жекелеген отбасының немесе оның мүшелерінің
барлық мәселесін шешпейді, ол тек туындаған қиыншылықтарды өз бетінше шешу
мақсатында, осы әлеуметтік топты ынталандырады және оңтайландырады. Бұл
жағдайда отбасы мүшелерінің проблемаларды шешуге шын ықыластылығы, сондай-
ақ, әлеуметтік қызметкер қабілетті әсер етуге өз бетінше шешім қабылдауға
дайындығы орасан зор роль атқарады .
Біздің елімізде осындай қызмет түрінің практикасы мүлдем дамымаған.
Сондықтан отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу мұқтаждығы өсіп отыр. 1998
жылы ҚР Үкіметі белгілі мақсатқа арналған: Ана мен бала денсаулығын
қорғау- Охрана здоровья матери и ребенка, Қазақстан балалары – Дети
Казахстана бағдарламаларды бөле отырып, Халық денсаулығы- Здоровье
народав деген Ұлттық бағдарлама әзірледі.
Қазіргі кезде қорғалмаған отбасылары қайырымдылық қорлары мен ұйымдардан
материалдық,психологиялық, медициналық көмек көріп отырғанын атап өткен
жөн. Отбасы мүдделерін қорғау, әйелдерді қажетті жағдайлармен қамтамасыз
ету үшін 1998 жылы ҚР Үкіметінің жарлығымен отбасы және әйелдер істері
жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды.
Комиссияның негізгі міндеттерінің бірі:отбасы, әйел және бала мәселесі
жөнінде ұсыныс енгізіп, басымдылық қалыптастыру, отбасы, әйел және баланы
қорғау жөнінде жиынтық іс- шаралар жүйесін әзірлеу.
Отбасы жағдайын әлеуметтік-психологиялық анықтау.
Басты ұран Адам адамға дос, жолдас және аға болған қоғамдық жүйеден бас
тарту, өмірде тұтынушылық қатынас пен шоғырлану жүйесіне өтуде, қоғаның
эгоистік, өзін -өзі оқшаулау, азғындау, рухсыздық, жалғыздық, отбасының
ажырасу қаупі көбейді. Кедейшілік жағдайында қоршаған адамдардың назар
аудармауы жанға батып, өзін-өзі өлтіруге дейінгі күйзеліске ұшыратады.
Жеке бастың жабырқауы мына жағдайларда көрінеді: жатырқау, даулы
жағдайда қалған адам одан өз бетінше шыға алмайды. Үнемі күйзелісте болу
оның психикасы мен өмір сүруіне қауіп төндіреді. Дегенмен, даулы жағдайдан
шығу адам мен қоршаған ортаның арасында психологиялық алшақтық тудырып, ол
кейін жатырқауға айналады. Жатырқау қоршаған ортамен (отбасы, туысқандар)
байланыстың жоқтығын, жаратымды сезімдердің тапшылығын білдіреді.Қазіргі
заман жағдайында жастар психикасының күйзеліс күйіне жиі шағым жасайды.
Егер осындай жағдай созылатын болса психиатрдың көмегі қажет .
Күйзеліс – бұл теріс эмоционалды белгімен көрінетін аффект күйі. Торығу
сезімі мен рухтың күйзелісі арқылы болатын қатты зарығу сезімі. Жас уақытта
мұндай күй үйреншікті жағдай. Олардың себептері: маскүнемдік, нашақорлық,
жезөкшелік және әлеуметтік патологияның басқа да түрлерінен зиян шеккен
адамдардың девианттық тәртібі.
Арнайы себептерден басқа,қауіп-қатердің әр тобына тән жалпы себептері
де бар:
1. Девианттық тәртіп негізінде ең алдымен әлеуметтік тенсіздік жатыр. Жас
әйелдер мен ерлер үшін жоғарғы жалақы алудың әлеуметтік қолайлы
тәсілдерін шектеуде өзін-өзі дамыту және қоғамдық құптау алуға
талаптану кезінде жастар алдында кездесетін қиыншылықтар, отбасының
көпшілік бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендігi. Нарықтық
экономикадағы қиыншылықтар: жұмыссыздық, құнсыздану қысымы,
төменгілердің көбейіп келе жатқан әлеуметтік шиеленістігі отбасы
өміріне қатты әсер етуде.Отбасы түрлерін әлеуметтік осалдығының
объективтік қатері бойынша бөлуге негіз бар. Отбасының мұндай
сипаттамасы ерекше қызметтерді материалдық қолдау қажеттілігі
дәрежесін анықтауға қажет. Мысалы, отбасының сандық құрамына қарайтын
болсақ, кедей отбасылары көп адамнан тұрады. Халықтың үй
шаруашылығындағы кедей отбасыларының 20% - і 4,5 адамнан тұрады.
Қазақстандағы кедей отбасының көп мөлшері және бала санының немесе
асырап алынған баланың көп болуымен байланыстырылады. Бұл топқа жалғыз
басты аналар отбасы, ата-ананың біреуі алимент төлеуден бас тартқан
отбасылары, мүгедек балалары бар отбасылары және ата- аналары мүгедек
отбасылары жатады. Көп балалы отбасылары, балалы студеттер отбасы,
балалы жұмыссыздар отбасылары ерекше материалдық көмекті қажет етеді.
2. Қоғамның моральдық –этикалық факторы мен моральдық деңгейі, нашақорлық
пен сатқындық махаббаттың кең етек алуы, зорлық пен құқық
бұзушылықтың өршуі отбасы мүшелерін басып тастайды. Отбасылық девиация-
алкоголь мен есірткіні теріс пайдалану, отбасылық озбырлық отбасы
қызметін дағдарысқа ұшыратады. Мұндай отбасыларында әлеуметтік
педагогикалық қызметтерді толық өзгерту жүреді. Осындай
отбасыларындағы балалардың тиісті тәрбиеден,махаббат пен қамқорлықтан
құр қалғаны жиі кездеседі, өсе келе олар делинквенттердің қатарын
толықтырады.
3. Жас девиант – маскүнем, нашақор, жезөкшелерге бейтарап немесе жақсы
қарайтын қоршаған орта- бұлар да көбінесе, ата- аналарының біреу
немесе екеуі де ішімдік ішетін нашар отбасынан шыққандар.
4. Қазақстанда әйел зорлаудың кең етек алған түрі отбасындағы зорлық
болып табылады. Отбасылық зорлық, қылмыста көбінесе қару
пайдаланылады, төтенше шаралардың жақтастары үнемі табылады. Жеке адам
және оның отбасындағы тәртібі оның басты компоненттері болып
табылатын, отбасылық криминологиялық жағдай ұғымы туралы айта кеткен
жөн. Ерекше криминологиялық категория ретінде отбасылық қылмыс
ұғымын қолдануға құқық бар. Отбасы қылмыстарының себептері мен
шарттарын зеррттеу, тиісті профилактикалық шаралар әзірлеу үшін
отбасының адамгершілік түрін ерекше бөліп, отбасының өзін тану, қарым
–қатынас, қарама –қайшылық, дауларды тексеру қажет. Отбасындағы
жағдай, жұбайлар қарым қатынасы жеке адамның мәселесі деп есептеліп,
талқыға түскен. Әлеуметтік- педагогикалық қызметке сәйкес әлеуметтік
қызметкер әр түрлі қызмет түрлерінде адамдардың мүддесі мен
мұқтаждарын анықтауға тартады.
Әлеуметтік жұмыс саласында отбасымен жұмыс жүргізетін маманға
қойылатын талаптар:
➢ Отбасы ортасының ерекшелігін білу
➢ әлеуметтік- мәдени қызметтің отандық және шетелдің озық
тәжірибиесін білу және қолдана білу
➢ Бір жағынан жеке тұлға мен отбасы арасында, екінші жағынан әр
түрлі қоғамдық және мемлекеттік құрлымдар арасында делдалдықты
қамтамасыз ету.
Әлеуметтік қызметкерлердің отбасымен жұмыс жүргізумен тисті кәсіптік
білім ғана емес, сондай-ақ белгілі кәсіптік –этикалық норма мен принципті
ұстау керек. Әлеуметтік қызметкердің жеке, тұлғалық қасиеті 2 топқа
бөлінеді:
1. Психологиялық сипаттама, ол осы қызметтің түріне қатысты
қабілеттілігінің құрамдас бір бөлігі болып табылады.

2. Жеке сүйкімділік тиімділігін тудыруға бағытталған
психологиялық –педогогикалық қасиет.
Педагогика – адамды тәрбиелейтін ғылым.Әлеуметтік жұмыс- педагогика ғылымы
болып табылады.Мақсаты- адамды тәрбиелеу,оны жақсылыққ

талпындыру.Әлеуметтік жұмыс пен педагогика өзара тығыз байланысты.
Педагогика адамды бала кезінен тәрбиелеуге,өмірде дұрыс бағыт алуға,өзін-
өзі тәрбиелеуге көшу керектігін міндеттайді.Адамды қылмыс жолына
түспеуге,ішкіш,нашақор болудан бас тартуға тәрбиелейді.Екіншіден,педагогика
өзін-өзі жоғалтқан,жаман жолға түскен адамдарды кері қайтарады.Көлемі
жағынан әлеуметтік жұмыс кең мағынаны білдіреді.Әлеуметтік қызметкер ең
алдымен педагог болуы керек.

Отбасының заман талабына сай мәселелері

Сыртқы факторлардан өзге кез-келген отбасы,табиғи өмір жолынан өткен кезде
туындаған
мәселелермен ұшырасады.Оотбасы мүшелері өз тобын сақтап қалуға қабілетсіз
болған жағдайда,ол әлеуметтік жұмыстардың объектісі болады.Қазақстандағы
ажырасу деңгейі жыл сайын жоғары болып отыр.Егер 2003жылы 2,4 некеге 1
ажырасудан келсе,2004жылы 1 ажырасуға 3,76 некеден келді.
Әрине,әлеуметтік қызметкер жеке отбасы мен оның мүшелерінің барлық
мәселесін шешпейді.Бұл жағдайда отбасы мәселелерін шешуде отбасы
мүшелерінің шын мүдделілігі,сол сияқты әлеуметтік қызметкер ықпал етуге
қабілеттіөз бетінше шешім қабылдауға дайындығы орасан зор роль атқарады.
Ата –ана мен баланың, ері мен әйелінің құқықтық тәртіп нормалары
некенің заңдық негізін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 1998
жылы күшіне енген Неке және отбасы туралы заңы 1969 жылғы бұрын
қолданылған Неке және отбасы туралы кодекстің орнына жүрді. Осы заңның 2-
ші бабында еркек пен әйелдің некелік одағының еркіндік, отбасындағы
жұбайлар теңдігі, отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім бойынша шешу
принципін белгілеп, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік, діни тиістілігіне
қарай некеге тұру және отбасы қатынастары кезінде азаматтар құқығын
шектеудін кез-келген түріне тыйым салды. Әлеуметтік институт ретінде отбасы
дамуының көзі- жүйе дамуында кедергі тудыратын эндогамды (ішкі) факторлар
және эгзогамды (сыртқы) факторлар болып табылады. Қазақстан Республикасы
Президентінің халыққа жолдаған үндеуінде қазақстандықтарды салауатты өмір
салтын қалыптастыруға және ең алдымен адамдардың ойлау жүйесін өзгертуге
көп көңіл бөлінген. Қазіргі кезде жұмыс істейтін әйелдерге ерекше көңіл
бөлінуі тиіс.Қазір көптеген әйелдер жұмысынан айырылып өзінің әйелдік
негізі: ана, әже болу қасиетін жоғалтып отыр. Қазіргі уақытта өмір сүру
деңгейінің мәселелеріне мыналар жатады:
✓ Ажырасу санының өсуі
✓ Неке санының азаюы
✓ Некеден тыс одақтардың өсуі
✓ Жезөкшеліктің өсуі
✓ Бала туудың төмендеуі
✓ Отбасындағы зорлық
Жайсыз отбасыларының түрлерін қарайтын болсақ, оларға:
1. Даулы отбасы – кең таралған
2. Бейморальдық отбасы(маскүнемдік, төбелес, балағат)
3. Педагогикалық дәрменсіз отбасы- жалпы мәдениет деңгейінің
төмендігі және психологиялық-педагогикалық мәдениеттің болмауы
4. Әлеуметтік емес отбасы- көпшілік мақұлдаған әлеуметтік нормалар
мен талаптарды елемеу жағдайы.Осы отбасылары баланың психикасы
мен тәртібінде (ерте бастан алкогольдік, нашақорлық,
девианттық тәртіптің басқа түрлері) ауытқуды қоздырып,бала
дербестігін өзгертеді.
Қазақстанда соңғы 3 жылда отбасы шамасы қысқаруда, бұл мына факторлармен
байланысты:
1. Жас балалы отбасылары санының өсуі
2. Некеге тұру жасы төмендеуінің артуы
3. Жас отбасыларының ата-ана отбасынан бөлінуге беталысы
4. Ажырасу санының көбеюі
Кедей отбасларына негізінен алғанда, зейнетақысы аз адамдар, көп балалы
отбасылары, мүгедектер, жұмысыздар жатады. 2002 жылдың 1 қантарынан бастап,
баланың туылуына берілетін әлеуметтік көмек алынып тасталған, жұмыссыздар
да, көмек ала алмайды. Алайда, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, атаулы әлеуметтік
көмекпен кедейден де төмен жан басына орташа табысы бар барынша мұқтаж
халық қамтылады.Қазіргі жағдайда тек әлеуметтік әлсіз отбасылары ғана емес,
бұрын жағдайлары жақсы болған отбасылары да кедейшілік деңгейінде тұр.
Отбасының әлеуметтік проблемалары қоғамның күрт әлеуметтік –экономикалық
жіктелуінен, миграция, халық, соның ішінде отбасы денсаулығының
төмендеуінен демографиялық жағдайдан, әлеуметтік жетімдік және ең бастысы
мемлекеттік бюджеттін үнемі тапшылығынан көрінеді.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешуге
ғана емес, сондай ақ отбасының көптеген қоғамдық мәнді қызметтерін орындау
үшін оның ішкі әлеуметін нығайтып, дамытып, қалпына келтіруге бағытталған.
Қылмыс көбеюде, соның ішінде жасөспірімдер жасаған қылмыс саны
қауіпті.Шамамен,тонау, ұрлау, зорлыққа кінәлілердің үштен бірі
–жасөспірімдер. Бұл әлеуметтік сәтсіздік. Жиілеп кеткен балалармен
мейірімсіз қарым –қатнас жасаудын, психологиялық күйзелістің, науқастану,
өзін-өзі өлтіру, жезөкшеліктің себебі болды. Отбасының өзіндік тарихи даму
формалары бар. Мәселен, адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да
әлеуметтік топ ретінде тарихи дамып отырады.
Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясына сүйене
отырып, американдық ғалым Льюис Морганның этнологиялық зерттеулерін
пайдаланды: ол ұзақ уақыт бойы солтүстік американдық үндістердің Сенека
тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық
және отбасылық қатынастарына жасаған зерттеулерінің нәтижелерін пайдаланды.

Морганның зерттеулеріне негізделген жорамал бойынша, адамзат қоғамы
тарихының бастапқы кезеңінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға
ешқандай шек қойылмаған – үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары
қатынаса берген. Бұл жабайы не жартылай жабайы кез болатын. Морганның және
басқа зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет
(жалпы аралас-Ә.Р.) деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы,
снидиасмикалық отбасы және моногамиялық отбасы кезеңдерінен өткен.
Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді, мұнда жыныстық
қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір
ұрпаққа жататындардың бәрі, яғни аға-інілер мен апа-қарындастар
туысқандығына қарамастан бір отбасын құрған. Мұндай семья эндогамиялық
(жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу дегенді білдіреді) топ болады,
өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде
мұндай отбасылар жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның
балаларының үйлену фактілері кездеседі (өзбектер, арабтар т.б.).
Бұдан кейін біртіндеп эндогамиялық принцип экзогамиялық принциппен,
яғни руаралық некелесу формасымен ауысады. Бір рудың бір топ қыздары (апалы-
сіңлілер) басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір
әйел мен бір еркектен тұратын отбасына көшудің алғашқы қадамы болды.
Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамиялық отбасыға өтудің тарихи
типі синдиасмикалық отбасы болды – ол жабайылықтан варварлыққа өту
кезеңінде пайда болды, ал полигамиялық (көп әйел алу формасында) тек
еркектердің ғана еркіне тиді. Отбасының бұл формасында баланың шын
биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның
ыдырап, жеке меншіктің, қосымша өнімнің шығуына, сөйтіп моногамиялық
отбасының тууына жағдай жасады.
Моногамиялық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасы
басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын
болды.
Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері өзгеше. Қазіргі заманда бір
типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының
себебі, белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық
қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде отбасының типтері
мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархалды туыс топ, патриархалды отбасы
және жеке отбасы.
Тотемдік ру біздің заманымызда әлі де болса кездесетін ең көне отбасы
формаларына жатады. Мұндай отбасылар Австралиядағы кейбір тайпаларда
кездеседі. Ру мүшелерінің жеке - дара есімі болмайды екен, бәрінің ортақ
есімі болады. Мұндай отбасындағы неке жеке болмайды, жалпы (ортақ) болады
екен, баланың әкесін анықтау мүмкін емес, бала шешесінің есімімен аталады.
Мұндай отбасы кейбір көшпелі тайпаларда кездесді.
Патриархалдық туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда
үндіеуропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де
бар. Бұларда бірнеше ұрпақ бірге тұрады, есімдері де жалпы болады. Бұл
ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні және апа-сіңілі
болып табылады. Отбасының басшысы біреу – ол отбасының атасы болады.
Ұрпақтардың шығу тегіне қарай бұл отбасы матриархалды немесе
патриархалды отбасы болды. Біріншісі – отбасының ең көне түрі. Мұнда бір
әйелдің көп күйеуі болуы жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және
Оңтүстік Үндістанда тұратын тода деген халықта кездеседі. Патриархалды
отбасының басшысы – еркек. Сондай-ақ баланың тегі бір мезгілде әке жағынан
да, шеше жағынан да анықталатын екі жақты отбасы да кездеседі. Бұл жеке
отбасының түріне өтетін өтпелі форма болып табылады. Моногамиядағы
патриархалды отбасында отбасы басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып
саналады. Бұл-жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас.
Бұл отбасының мүшесі – ері (құқықтың бәрі еркектікі), әйелі, ұлдары (әкесі
өлгенше), қыздары (тұрмысқа шығып кеткенше).
Жеке отбасы – бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл
отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай-ақ заң жүзінде бекітілген
топ. Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы
отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі
әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді.
Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың
жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық)
қажеттерін өтеу.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен
қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше
белгілері де болатыны түсінікті.
Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы,
мәдениеттанушы, т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы
проблеманың негізін қалаған.Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені
адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп,
отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті,
әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа
еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға
деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. Ел болам десең,
бесігіңді түзе – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр
емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-
бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
                            Отбасы – шағын мемлекет,
                            Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің
өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс
бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы
болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық
пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз
беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға,
мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. Отан отбасынан
басталады деген сөздің мәнісі де осында.
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған
мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты
міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-
тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік,
болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі,
көрген өнегесіне байланысты.
Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің, Анасына қарап, қызын ал, -
деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің
шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: Айхай,
менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім, - деп, жаны жай тапқан екен. Бұл
аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен
ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында
Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз үйі –
деген тамаша нақыл бар.
Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында
шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің
ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-
тілектері – баланың әдепті бала болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе,
көргенсіз болма деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген.
Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш,
адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-
құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді
мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына
еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл
рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен,
қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая,
биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе,
ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта
түспек.
Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын
анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі
әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының
сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар
балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс
көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала –
шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін
өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.
Бұл жағынан аналардың балаларға: әкеңмен ақылдас, әкең біледі,
әкеңнің айтқанын істе т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы
қандай ғанибет! Атақты Абай эпопеясында халқымыздың осыған орайлас
қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. ...Семей
қаласында үш жыл оқып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие
Отбасы тәрбиесінің мазмұны
Тәрбие отбасы өзегі
Отбасылық тәрбиенің адамгершілік негіздері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ ТУРАЛЫ
Отбасымен жүргізілетін әлуметтік жұмыстың маңызы
Қыз бала тәрбиесі қазақ халқында
Отбасы және бала тәрбиесі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Пәндер