Кеден органдарындағы кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізу тетіктерінің теориялық аспектілері


МАЗМҰНЫ
КlРlСПЕ . . . 2
1. Кеден органдарындағы кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізу тетіктерінің теориялық аспектілері
1. 1. Кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізу тетіктерінің мәні мен мақсаты. . 4
1. 2. Кедендік рәсімдеу және бақылау жүргізудің негізгі принциптері . . . 9
1. 3. Кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізудің әлемдiк тәжiрибесi . . . 12
2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізуді ұйымдастыру
- Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде валюталық бақылау жүргізуді ұйымдастыру . . . 16
2. 2. Кедендік құжаттарды бақылау кезінде қолданылатын техникалық құралдар . . . 20
2. 3. Кеден органдарының ҚР мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізуді ұйымдастыру . . . 28
3. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау жұмыстарына талдау
3. 1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау жұмыстарын талдау . . . 40
3. 2. Кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың мәселелері мен жетілдіру жолдары . . . 43
Қорытындылар мен ұсыныстар . . . 50
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi55
Қосымшалар . . . 57
КlРlСПЕ
Қазақстан Республикасының жас кеден қызметi аяғынан бекем тұрып, өз алдында тұрған мiндеттердi ойдағыдай орындауда. Бұл ретте кеден органдары өзiнiң қызметiн ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына жолдаған жолдауында баяндалған “ Қазақстан даму стратегиясы-2030” ұзақ мерзiмдi бағдарламасына сүйене отырып жұзеге асырады. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау тәртiбi оларға мәлiмдеген кеден режимiне, сондай-ақ кедендiк рәсiмдеуi мен кеден бақылау процедурасы Кеден Кодексiне сәйкес анықталады.
Негiзгi кедендiк ресiмдеу алдындағы және тыйым салынған тауарларды ҚР-ың кедендiк аумағына өткiзуге жол бермеу үшiн жүзеге асырылатын iс-әрекеттер ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы тасымалдау пунктiнде алдын ала кедендiк ресiмдеу болып табылады. ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы тасымалдау пунктiнде алдын ала кедендiк ресiмдеу кезiнде:
- орналасуы кеден органдарымен келiсiлген тиеу-түсiру операцияларын жүргiзу үшiн арнайы бөлiнген және жабдықталған орындарда тауарлармен және көлiк құралдарымен тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асыруға;
- тауарлармен және көлiк құралдарымен тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асырушы тұлғаны-сұрауы бойынша тауарлар тиеу-түсiру операцияларын жұзеге асыруға қажеттi мерзiм iшiнде уақытша сақтау орнына қойылмастан мұндай операцияларды жүргiзу орындарында болуына жол берiледi.
Кедендiк ба қ ылау- ҚР кеден заңдылығын сақтау және халықаралық келiсiмдер мен одан туындайтын халыєаралық мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында елдiң кеден органдары қолданатын жиынтығы.
Кедендiк бақылау- ҚР кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен келесi нысанда жүзеге асады:
- кедендiк бақылауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi тексеру;
- тауарлар мен транспорттық құралдарды кедендiк тексеру;
- жеке тексеру;
- республика кеден шекарасы арқылы өтетiн заттарды есепке алу;
- жеке және лауазымды тұлғаларды ауызша сұрау;
- есептiлiк және құжаттылық жүйесiн тексеру;
- кедендiк бақылауға жатқызылатын заттар орналасатын уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкенi және өзге жерлердiң аумақтары мен бөлiмдерiн тексеру;
- кеден баждары мен өзге төлемдердi жинау.
Тауарларды негiзгi кедендiк ресiмдеу кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi жағдайлар болған кезде ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы тасымалдау пунктiнде не кедендiк Кодекске сәйкес басқа да кеден органында жүргiзiлуi мүмкiн.
Кедендiк ресiмдеу бойынша кедендiк операциялар кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң кедендiк ресiмдеу жөнiндегi әрекеттердi жасауға уәкiлеттi тиiстi бөлiмшелерi олар орналасқан орындарда және ҚР-ның нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленген өзге де орындарда жүзеге асырылады.
Кедендiк бақылау кезеңдерiнiң бiрiнде ҚР-ның кеден заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, лауазымды адам кеден органының мамандандырылған бөлiмшесiне мұндай жолсыздықтар туралы ақпарат бередi.
1. Кеден органдарындағы кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізу тетіктерінің теориялық аспектілері
- Кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізу тетіктерінің мәні мен мақсаты
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы ҚР-ның Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 3 қыркүйектегi N 416 бұйрығы ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық кеден органдары лауазымды адамдарының ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi жүргiзу кезiндегi iс-әрекеттерiнiң жүйелiлiгiн айқындайды. ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары ҚР-ның Кеден кодексiне, кеден iсi жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық келсiмдерде, сондай-ақ нұсқаулықта көзделген тәртiппен кедендiк ресiмдеуге жатады.
Кедендiк рәсiмдеудi жүргiзу кезiнде заңдарда белгiленген тұлғалар кеден органдарына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi беруге мiндеттi болып табылады және кеден органдары орындалуын бақылауын кеден органдарына жүктелген ҚР заңдары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге құқылы және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды беру мерзiмi заңдарда белгiленедi. Кеден органдарының кедендiк рәсiмдеу кезiнде құжаттарда кеден органдарын шешiмдерiн қабылдауға әсер ететiн негiзгi деректердi өзгертпейтiн қате басылған жазбалар, техникалық немесе грамматикалық қателер болуы себептi құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ, сонымен қатар кеден органдарына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар электронды тұрде берiлуi мұмкiн. Бұл құжаттарды беру мен сақтау шарттарын кеден iсi мәселелерiн жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
Кедендiк рәсiмдер - кеден органдары мен iсi кеден саласындағы тұлғалардың кедендiк бақылауындағы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты жасайтын iс -әрекеттердiң жиынтығы.
Кедендiк режим- кедендiк аумағында не одан тыс жерлерде өткiзу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлiк құралдарын ҚР-ның кедендiк аумағы арқылы өткiзу кезiндегi олардың кеден iсi саласындағы мәртебесiн айқындайтын, заңдарда белгiленген нормалардың жиынтығы.
Кедендiк алымдар-кеден органдары тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк рәсiмдеу кедендiк алып жүру үшiн кеден органдары бекiтетiн қоймалдарды саєтау үшiн алатын кедендiк төлем түрлерi.
Кеден- кедендiк шаралардың жүруi үшiн арнайы белгiленген және тиiсiнше жабдықталған орын.
Кедендiк ресiмдеу кезеңдерiнде техникалық сипаты бар қателер (қателiктер, грамматикалық және лексикалық қателер және т. б. ) анықталған жағдайда, бөлiмшенiң оларды тапқан лауазымды адамы оларды санамалай отырып iлеспе жазба жасайды. Кедендiк ресiмдеудiң келесi кезеңдерiнде анықталған техникалық сипаттағы қателер де осы iлеспе жазбаға енгiзiледi. Осы жазбаның негiзiнде декларанттың бөлiмшенiң лауазымды адамының қатысуымен оларды өзiнiң қолымен және мөрiмен растай отырып бұл қателердi түзетуге құқығы бар. Тиiстi өзгерiстердi бөлiмшенiң лауазымды адамы ЖКД-ның ЭК-сiне енгiзедi. Барлық өзге жағдайларда ҚР-ның кеден iсi жөнiндегi заңнамасында белгiленген шаралар қолданылады.
Негiзгi кедендiк ресiмдеу алдындағы және тыйым салынған тауарларды ҚР-ның кедендiк аумағына өткiзуге жол бермеу үшiн жүзеге асырылатын iс-әрекеттер ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы тасымалдау пунктiнде алдын ала кедендiк ресiмдеу болып табылады. ҚР-ның кендiк ресiмдеу кезiнде:
- орналасуы кеден органдарымен келiсiлген тиеу-тұсiру операцияларын жүргiзу үшiн арнайы бөлiнген және жабдықталған орындарда тауарлармен және көлiк құралдарымен тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асыруға;
- тауарлармен және көлiк құралдарымен тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асырушы тұлғаны-сұрауы бойынша тауарлар тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асыруға қажеттi мерзiм iшiнде уақытша сақтау орнына қойылмастан мұндай операцияларды жүргiзу орындарында болуына жол берiледi. Бұл тауарларды сақтаудың жалпы мерзiмi тауарларды уақытша сақтаудың кеден Кодексiнде белгiленген мерзiмiнен аспауы керек. Бұл ретте тауарлар жоғалған не олар кеден органдарының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берiлген жағдайда, аталған тұлғалар кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеу бойынша жауапты болады.
Кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүргiзудiң тетiктерi :
- сыртқы экономикалық айналымды жеделдетуге септiгiн тигiзетiн жағдайларды жасауды;
- тауарлар мен көлiк құралдарының кеден шекарасы арқылы өтуiнiң рұқсат етушiлiк тәртiбiн сақтауды;
- контрабандаға, кеден ережелерiн және салық заңдарын бұзушылықтарға қарсы күресуге, сондай-ақ шекара арқылы есiрткi заттарының, қарудың, оқє-дәрiнiң, жарылғыш заттардың, көркем өнер туындыларының, халықтың тарихи және археологиялық игiлiктерiнiң заңсыз айналымының жолын кесудi;
- кедендiк баждарды, салықтар мен өзге де кедендiк төлемдердi уақытылы және толық төлеудi;
- Қазақстанның сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнаулы кеден статистикасын жүргiзудi және кеден органдарының құзiретiнiң шегiнде валюталық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тауарларды негiзгi кедендiк ресiмдеу кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi жағдайлар болған кезде ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы тасымалдау пунктiнде не кедендiк Кодекске сәйкес басқа да кеден органында жүргiзiлуi мүмкiн. Кедендiк бақылаудағы тауарларды кеден кодексiнде көзделген нормаларды сақтай отырып тасымалдау болып табылады. Кедендiк тасымалдаушының тауарларды өткiзушi тұлғамен қатынастары шартпен реттеледi. Қызметiн кедендiк тасымалдаушы ретiнде жүзеге асыру үшiн Қазақстандық тұлға мынадай бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге:
-тауарларды тасымалдауға арнап тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгіленген тәртiппен берген лицензиясы болуға;
-кеден Кодексiнде көзделген тәртiппен тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он мың еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сомаға кедендiк төлемдер және салықтар төлеудi қамтамасыз етуге;
-кеден кодексiнде белгiленген талаптарға сәйкес жабдықталған көлiк құралдары болуға;
-кедендiк бақылаудағы тасымалданатын тауарлардың есебiн жүргiзудi және олар бойынша есептiлiктi қамтамасыз етуге тиiс.
Тауарлар мен көлiк құралдарын iшкi кедендiк транзит рәсiмiне сәйкес өткiзуге мынадай шарттар сақталған жағдайда:
-тауарларды ҚР-ның кедендiк аумағына әкелуге немесе ҚР-ның кедендiк аумағынан әкетуге тыйым салынбаған;
-жеткiзудi бақылау құжаты кеден кодексiнiң бабына сәйкес ресiмделген;
-кеден кодексiнiң бабының тармағына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзудi қамтамасыз ету шараларының бiрi сақталған жағдайда жол берiледi. lшкi кедендiк транзиттiң рәсiмiне сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзудi қамтамасыз ету шараларына:
-тауарларды алушының осы баптың 6-тармағына сәйкес жеткiзiп беру жөнiндегi кепiлдiк мiндеттемесiн табыс етуi;
- кез келген кеден органында кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленуiн қамтамасыз ету;
- тауарларды кедендiк тасымалдаушының өткiзуi;
- тауарларды кедендiк алып жүру жатады.
Тауарларды жеткiзудi бақылау құжатын ресiмдеудi жүргiзу үшiн жөнелтушi кеден органына тауарға iлеспе құжаттарды табыс етедi. Табыс етiлген құжаттарды жеткiзудi бақылау құжатының тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, жөнелтушi кеден органының лауазымды адамы куәландырады.
Тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау құжаты-Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар туралы мәлiметтердi қамтитын, кеден органдарының тауарлардың межелi кеден органына дейiн жеткiзiлуiн баєылауды жүзеге асыруы үшiн қажеттi құжат. Тауарлардың жеткiзiлуiн баєылау құжаты бiр немесе бiрнеше тауарға iлеспе құжаттармен тасымалданатын тауарлардың әрбiр легiне ресiмделедi. Тауарларды топтасып тасымалдау кезiнде жеткiзудi бақылау құжаты әрбiр жүк жөнелтушi мен жүк алушыға жеке-жеке ресiмделедi. Тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау құжатын декларант, ал декларант болмаған кезде кеден органының лауазымды адамы толтырады. Тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау құжаты нысанын және толтыру тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейтiн қатаң есептiлiк құжаты болып табылады. ҚР бекiткен халықаралық шарттарды көзделген жағдайларда тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау құжаты ретiнде осындай шарттармен белгiленген құжаттар пайдаланылады.
Кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдары iшкi кедендiк транзит ресiмiне сәйкес Қ Р-ның кедендiк аумағы бойынша кедендiк төлемдер және салықтар төлеудiң қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжатты пайдаланып өткiзiлуi мүмкiн.
1. 2. Кедендік рәсімдеу және бақылау жүргізудің негізгі принциптері
Кедендік рәсімдеу және бақылау жүргізудің негізгі принциптері :
-заңдылық;
-заң алдындағы қорғалу мен теңдiк құқығын қамтамасыз ету сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзгеде қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;
-жариялылық принциптерiнде құрылады.
Кеден органдарының мiндеттерi:
-кеден саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
-өз құзыретi шегiнде егемендiк пен экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
-кеден iсi саласында контрабанда мен қылмыстарға, Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден ережелерiн және салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес ;
-ҚР әуе жайларында халықаралық азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласуға жол бермеу;
-ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты заңдарда белгiленген тарифтiк және тарифтiк емес шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
-сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
-ҚР-ның заңдарына сәйкес кеден iсi саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу және кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру және жетiлдiру, сондай-ақ ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетiн жағдайлар жасау;
-өз құзыретi шегiнде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
-сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзу;
-ҚР-ның халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және ҚР-ның кеден iсi саласындағы халықаралық шарттарын әзiрлеуге қатысу;
-шет мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыреттi органдар мен, халықаралық ұйымдармен кеден iсi мәселелерi бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Кеден органы бос көлiк құралының ҚР-ның аумағына келу мерзiмiн көлiк құралының мұмкiндiктерiн, белгiленген бағытты негiзге ала отырып, белгiлейдi, бiрақ бiр айдың iшiнде екi мың километр есебiмен белгiленетiн шектi мерзiмнен аспайтын етiп белгiейдi. Шетелдiк бос автокөлiк құралының әкелу куәлiгiн тiркеу бегiленген нысан бойынша журналға тiркеу арқылы жүргiзiледi.
Көрсетiлген құжаттарды баратын кеден органының лауазымды адамы растайды және тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау құжатына (ТЖҚ) қоса берiледi. Тауарға iлеспе құжаттар (оның iшiнде шот-фактуралар немесе шот проформалар) кедендiк бiрдейлендiру құралдары болып табылады.
Салынған немесе қолданылған бiрдейлендiру құралдары мәлiметтерi ТЖҚ көрсетiледi.
Пломбалар кедендiк бақылаудаға тауарларды тасымалдау кезiнде қоданылады. Пломбылау құрылғылары мен қондырғыларына:
- сөмкелерге және қапшықтарға, үлгiлерi және сынамалары бар ыдыстарға, кедендiк бекiтпелерге, почта сәлемдемелерiне, техникалық жабдықтардың бекiтпелерiне салу үшiн, сондай-ақ қоймалар мен қызметтiк үй -жайларды сүргiлеу үшiн пайдаланылатын бақылаулық қорғасын (не оның қорытпасы) пломбалар және жеке нөмерi бар, қажет болған жағдайда -логотивтi не басқа да ерекшелейтiн белгiлерi бар бұранда кескiштi пломба салғыштар жатады. Бұранда кескiштiң диаметiрi 10 мм тең болуы тиiс.
Бiрдейлендiрушi белгiлер- тауарлар мен құжаттарды оларды кедендiк бақылау мен тасымалдау кезегiндегi бiрдейлендiру құралдары болып табылады. Тауарларды тасымалдау кезiнде пайдаланылатын бiрдейлендiру белгiлерi өздiгiнен жапсырылатын негiзiнен жарық шағылыстырушы қабаты бар материалдан дайындалады, ҚР орталық кеден органдарының атауы сөздерiнiң қысқартылуы жолымен құрастырылған, кедендік бақылаумен жазбалармен ҚР-ның Кедендiк бақылау агенттiгi эмблемасының бейнесi көрсетiледi және оны тасымалдаушы кеден органы тауарды бiрдейлендiру тексерiсiнен кейiн жүк органдарына жапсырады.
Кедендiк ресiмдеудiң кез келген кезеңiнде тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адам кедендiк декларацияның сыртқы жағына тексерудiң нәтижелерi, тексеру аяқталған уақыт туралы белгiнi қоймған, қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiнiң мөртаңбасымен бекiтпеген жағдайда, ЖКД тексерудi аяқтау мақсатында тиiстi белгiлердi қою үшiн кедендiк ресiмдеу кезеңдерiнiң бiрiнде бақылауды жүзеге асырған жауапты адамға қайтарылады.
Бақылаудың қажеттiлiгi туралы шешiм кедендiк ресiмдеудiң алдыңғы кезеңдерiнде қабылдануы мүмкiн. Бұл жағдайда тиiстi лауазымды адам ЖКД-ның сыртқы жағына мұндай шешiмнiң қысқаша негiздемесiн көрсете отырып, бұл туралы тексерiске тапсырма беретiн, шығару үшiн жауапты лауазымды адамды хабардар етедi.
Кедендiк рәсiмдеу мақсатында принциптер сынамалар мен үлгiлердi iрiктеу, тауарлар мен көлiк құралдарын шығару туралы не оларды шығарудың мүмкiн еместiгi туралы шешiм қабылдау жолымен кедендiк ресiмдеудi аяқтау болып табылады. Кедендiк ресiмдеу алымдарының төленген сомасы қайтарылмайды. Кедендiк ресiмдеу алымдарының сомасы банк мекемелерi арқылы кеден органдарының депозиттiк шоттарына аударылады немесе кеден органдарының кассасына нақты төленедi.
Кедендiк ресiмдеудiң кез келген сатысында тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамда тауардың сипаттамасына, оның сапалық көрсеткiштерiне қатысты күдiк туындаған кезде, сондай-ақ халықтың өмiрi мен денсаулығына қатер, қоршаған табиғи ортаға қауiп төнген жағдайда, лауазымды адам тиiстi бөлiмшенiң бастығына не оның орнындағы адамға кедендiк сараптама жүргiзу қвжеттiлiгi туралы ауызша нысанда баяндайды немесе жазбаша дәлелдi ұсыныс жасай алады.
- Кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізудің әлемдiк тәжiрибесi
Кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізуде әлемде Қазақстан Республикасы Кедендiк Бақылау агенттiгi, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен тығыз байланысты.
Шетелдiк мемлекеттердiң құзiреттi органдармен ақпараттар алмасуын ретке келтiру үшiн жалған ақша белгiлерiнiң табылу фактiлерi туралы хабарламаның форматы пайдаланылады. Ол Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi мәлiметтердi телетайп арқылы ұсыну үшiн қолданылады. Шетелдiк мемекеттердiң қолдан жасалған ақша бегiлерi табылған кезде, сондай-ақ қылмыстар ашылғаннан кейiн iшкi iстер органдары және өзге де құзiреттi органдар үш тәулiк iшiнде Интерполдың ҚР ұлттық Орталық бюросына табылған әрбiр жалған банкнот бойынша 88-1/F есепке алу тiркеу нысанын жiбередi. Алынған материалдардың негiзiнде Интерполдың ҚР-ғы ұлттық Орталық бюросы Бас хатшылыққа ақпарат дайындайды және жiбередi, онда әрбiр қолдан жасалған ақшаға үш бөлiктен тұратын индекс берiледi: ел валютасы, бегi бiр контингент елдерiнiң тобы, бiр ғана ел валютасының нақты қолдан жасалған түрiнiң Интерпол картотекасында тiркелген реттiк нөмiрi. Шет мемлекеттердегi Интеродає ұлттық Орталық Бюросынан қажеттi ақпараттар алуға:
- басқа мемлекеттерден әкелiнген көлiк құралдарын сатып алу, иелену және пайдалану құқығын беретiн техникалық құжаттамалардың қолдан жасалынғандығын анықтау;
- шетел өндiрiсiнен шыққан автокөлiк агрегаттарындағы, тораптарындағы, сондай-ақ сәйкестендiру нөмiрлерiндегi зауыт жасаған белгiлердiң қолдан жасалынғандығын анықтау;
- ҚР азаматтары шет мемлекеттерден сатып алынған автокөлiк нөмiрлерiнiң, тораптары мен агрегаттарының кеден құжаттарындағы, техникалық құралды тiркеу туралы куәлiктердегi, сатып алу-сату шарттарындағы және өзге де құжаттарындағы жазбалармен сәйкес келмеуiнiң анықталуы;
- шет мемлекеттердегi автокөлiктердiң ұрлануы туралы ҚР iшкi -iстер органдарының жедел єызметтерi алған мәлiметтерi бойынша тексерудiң терiс нәтижесi негiз болып табылады.
Құжаттарды ресiмдеу тәртiбi ҚР lшкi iстер министрлiгiнiң 2000 жылғы 24 қарашадағы N631 бұйрығымен бекiтiлген Интерпол арналары арқылы iздестiрiлудегi көлiк құралдары табылған кезде ҚР lшкi iстер органдарының қызметтерiмен бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Германия Федеративтi Республикасының кеден қызметi “Zol”, яғни көне грек тiлiндегi “teloneion”- төлем төлеу сөзiнен келiп шыққан. Еуропа және Германияда болып жатқан кейiнгi өзгерiстер кезiнде Германия Федеративтi Республикасының кеден қызметi жаңа талаптарға сай өзгерiстерге ұшыраған. Бұрындары Еуропалық Одаєєа мүше мемлекеттер шекарасында жасалатын тауарлар мен жолаушыларға баєылау қысєартылған және тек таңдамалы түрде ғана жедел баєылау жүргiзiледi. Бұл өзгерiстер Еуропаның бiрiгуi мақсатында жасалып жатєан шаралар. Германия Федеративтi Республикасының кеден қызметiнiң ерекше өзгерiстерге ұшырауы 1990 жылдан басталды. Өйткенi осы тұстан бастап герман мемлекетiнiң бiрiгуiне байланысты кеден қызметiнiң ыңғайлануы кезек алады. Қазiргi таңда Германия Федеративтi Республикасының кеден қызметi ЕуроОдақтың сыртқы кеден шекарасын қорғай отырып, қауымдастықтың бүкiл мүдделерiн қорғайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz