Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институтының түсінігі



І.ТАРАУ. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ЖҮЙЕСІНДЕ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНСТИТУТЫНЫҢ. ТҮСІНІГІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Материалдық жауапкершілік туралы құқықтық институттың түсінігі және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ.ТАРАУ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРДЕН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
2.1. Материалдық жауапкершіліктің тәртіптік жауапкершіліктен айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Материалдық жауапкершіліктің азаматтық, әкімшілік және қылмыстық құқықтық жауапкершілік түрлерінен айырмашылығы.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қазақстан экономикасын диверсификациялауға бағытталған Индустриялық-инновациялық стратегияны іске асырудағы негізгі мақсаттар Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18-ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында анықталды. Осы бағдарламалық құжаттың құндылығы – бүгінгі экономикалық, әлеуметтік саясатымыздың бағытына, болашақтағы мүмкіндіктерімізге нақты баға берілуіінде және осы бағыттардағы міндеттердің анықталуында [1, 12 б.].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабына сәйкес адам өмірі мен денсаулығына қолайлы айналадағы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеті болып танылады. Адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын және еңбегін қорғау құқықтарын қамтамасыз етудің кепілдік шаралары, Конституцияның 18-бабының 3-тармағымен, 31-бабының 2-тармағымен анықталады. Аталған баптар әркімнің үндеулер жолдау, сол үндеулерге байланысты лауазымды адамдардан, құзіретті органдардан тиісті тәртіпте, белгіленген мерзімде құжаттар алуға, негізделген шешімдермен басқа да ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін анықтайды. Конституцияға негіз (24-баптың 2-тармағы) “әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына … құқығы бар”. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау құқығы Конституцияның 29-бабына негіз қамтамасыз етілуі тиіс.
Қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі №160-1 “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заңының (бұдан әрі – “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң) 5,6-баптарына сәйкес, заңды және жеке тұлғалардың қоршаған ортаға және адамның денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де өндірістік қызметтерін тоқтатуға байланысты талап қою құқығымен иемденеді.
Осы мәселеде, “Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Пленумының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы №16 “Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы” Қаулысы қолданылады (бұдан әрі – №16 Жоғарғы Сот Пленумының қаулысы) “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заңның 86-бабына негіз қоршаған ортаға, адамдардың денсаулына зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар қолданыстағы заңдарға сәйкес зиянды өтеуге міндетті. Зиян келтіруден туындайтын қоғамдық, жекелік құқықтық қатынастар ҚРАК-нің ережелеріне сәйкес реттеледі.
Қоршаған ортаны ластаудың негізгі әр алуан түрлері, олар: химиялық, механикалық (қоқыстау), биологиялық (жұқтыру), физикалық (радиациялық, акустикалық немесе электромагниттік сәуле шығару, тербеліс) басқа да түрлерінің табиғатқа келтіретін зиянды факторларын анықтау міндеті мемлекеттік құзіретті органдарға жүктеледі. №16 Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысына негіз (9-тармақтың екінші бөлімі), қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды қолданған кезде соттар кез келген ластанудың емес, қоршаған орта сапасының белгіленген нормативтерінен асатын ластанудың ғана заңды мәні болатынын анықтайды.
Осы Қаулыда “экологиялық тәртіп бұзушылық объектісі” ұғымын анықтауға байланысты қосымша түсінік беріледі (12 тармақтың үшінші бөлімі).
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы №302-11 “Атмосфералық ауаны қорғау туралы” Заңы мемлекеттің экологиялық қауіпсіздікті, азаматтардың өмірін, денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қолайлы қоршаған ортаның және оның жағдайы туралы ескертілу, ақпарат алу құқығын қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды.
І. Нормативтік құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995ж.
2. " Еңбек туралы ” ҚР-ның заңы 10желтоқсан 1999ж. № 1068. - //Ведомости Парламента РК, 1999ж, № 24.
3. “ҚР Еңбек туралы” 10 желтоқсан 1999ж. № 494-1. - //Ведомости Парламента РК, 1999ж. № 24. Ст. 1069.
4. “Ұжымдық шарт туралы” Қазақстан Республикасының заңы 4 шілде 1992ж. № 2107. /. Қазақстан Республикасының еңбек туралы негізгі заңдарының актілері.– Алматы: Юрист, 2001ж.
5. “Кәсіби одақтар туралы” Қазақстан Республикасының заңы 9сәуір 1993 ж. № 2107. /Қазақстан Республикасының еңбек туралы негізгі заңдарының актілері. – Алматы: Юрист, 2001ж.
6. "Ұжымдық еңбек даулары және шерулер" туралы Қазақстан Республикасының заңы 8 шілде 1996ж. № 20-1. / ҚР –ның негізгі еңбек туралы актілері. – Алматы: Юрист, 2001ж.
7. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңы 7 маусым 1999 ж. – //Заңи газеті, 16 маусым 1999ж.
8. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңы 23 шілде 1999. - //Казахстанская правда, 6 тамыз 1999 ж.; Ведомости Парламента, 2001, № 13-14 ст. 170.
9. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының заңы 23 қаңтар 2001ж. - //Ведомости Парламента РК, 2001ж, № 3, ст. 18.
10. «Әлеуметтік әріптестік» туралы Қазақстан Республикасының заңы 18 желтоқсан 2000ж. - //Ведомости Парламента РК, 2000ж, № 22, ст. 409.
11. "Әскери қызметшілердің контрактісі " туралы ҚР-ның заңы 20 наурыз 2001жыл - //Ведомости Парламента РК, 2001ж, № 8, ст. 57.
12. "Мемлекеттік құпия туралы" Қазақстан Республикасының заңы 15 наурыз 1999ж. - //Ведомости Парламента РК, 1999ж, № 4, ст. 102.
13. "ҚР-ның нормативті құқықтық актілер туралы" заңы 24 наурыз 1998 ж. - // Ведомости Парламента РК, 1998ж, № 2-3, ст. 25. –2001ж, № 20, ст. 258. (ҚР-ның заңына өзгертулер мен толықтырулар 17.10.2001ж, № 248-11, 06.03.2002ж. № 298-11.); //Казахстанская правда, 8 наурыз 2002ж.
14. "Мейрамдар туралы " Қазақстан Республикасының заңы 13 желтоқсан 2001ж. /Основные законодательные акты о труде в Республике Казахстан. – Алматы: Юрист, 2002ж.
15. ҚР-ның сот орындаушыларының өндірістік орындауларымен мәртебесі 30 маусым 1998 жыл N 253-1. ( 22.12.98 ж. N 327-1; ҚР-ның заңына өзгертулер мен толықтырулар 16.11.99 ж. N 479-1; 29.03.00ж. N 42-II; 5.05.2000ж. N 48-II)
16. Қазақстан Республикасының « Сыбайлас жемқорлықпен күресу» туралы 2 шілде 1998 ж. - /ҚР-ның Парламентінің Ведомостісі, 1998ж, № 15, ст. 209.
17. Салық және бюджетке өзге де төленетін міндетті төлемдер туралы ҚР-ның кодексі (Салық кодексі) 12 маусым 2001 жыл. -//, 2001ж, № 11-12, ст. 168.
18. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексі 30 қаңтар 2001ж. - // ҚР-ның Парламентінің Ведомостісі , 2001ж, № 5-6, ст. 24
19. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16 шілде 1997ж N 167-1 (ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар еңгізілген 9 шілде 1998 жыл N 277-1; 10 шілде 1998 ж. N 283-1; 16.07.99 ж. N 430-1; 23.07.99ж. N 454-I; 5.05.2000 ж. N 47-II; 16.03.2001ж. N 163-II; 16.03.2001 ж. N 164-II).
20. Азаматтық кодекс (Жалпы және ерекше бөлім). – Алматы: ЮРИСТ, 2002.
21.ҚР-нің Президентінің бұйрығы 20 қыркүйек 2002ж , № 949.ҚР-нің құқықтық саяси Концепциясы . - //Казахстанская правда, 3 қазан 2002ж.
22. ҚР халқын еңбекпен әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген Еңбек кітапшасының тәртібін еңгізу нұсқауы. 15 ақпан 2000ж. № 35-п. - //Еңбек пен әлеуметтік қамтамасыз етудің сұрақтары, 2000ж, № 5.
23. ҚР халқын еңбекпен әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген Бітістіру комиссиясымен еңбек дауларын қарау тәртібінің нұсқауы. 15 ақпан 2000ж. № 37-п. - //, Еңбек пен әлеуметтік қамтамасыз етудің сұрақтары 2000ж, № 5.

ІІ. Арнайы әдебиеттер:
1. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 64 б.
2. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 13 маусымдағы “ХЕҰ-ның 1981 жылғы №155-ші “Қауіпсіздік, еңбек гигиенасы және өндірістік орта туралы” Конвенциясын бекіту туралы” Заңы.
3. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26-маусымдағы “ХЕҰ-ның 1977 жылғы №148-ші “Жұмыс орындарында ауаның ластануынан, шуылдың және тербелістің салдарынан төнетін кәсіптік қатерліктен еңбекшілерді қорғау туралы” Конвенциясын бекіту туралы” Заңы.
4. Мухтарова К.С., Кенжебаева А.Р., Тумбетова А.С. Экономическая безопасность в условиях глобализации: Учебное пособие / Под. ред. Профессора Ш.С. Ахметовой. – Алматы: Юрист, 2003. – 150 с.
5. Мухтарова К.С. Кенжебаева А.Р., Тумбетова А.С. Экономическая безопасность в условиях глобализации: Учебное пособие / Под. ред. Профессора Ш.С. Ахметовой. – Алматы: Юрист, 2003. – 150 с.
6. Белоног А.А. Профилактика нарушений санитарно-эпидемиологических норм в Республике // Журнал “Қазақстанда еңбекті қорғау”, №1/2006.
7. Ф.Габдрахманов. Охрана труда: как оценить эффективность целевых программ // Журнал “Человек и труд”, №4 / 2004.
8. Гусов К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: Учебник. 2-ое изд., испр. – М.: Юристь, 1997. – 480 с.
9. Неновский Н. Права человека в истории человечества и в современном мире. М. 1989. – с. 40.
10. Егемен Қазақстан // 2001. 25 қазан
4. Бұл да сонда
5. Уваров В.Н. Трудовое право Республики Казахстан: Учебник. Алматы: КазГЮА, 2000. – 30 б.
6. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқығы. Оқулық. – Алматы: Жеті Жарғы, 1998. – 48 б.
7. МОТ. Конвенции и Рекомендации принятые Международной Конференцией Труда 1967. Женева, 1983. – С. 449.
8. Шайбеков К.А. Трудовое право Республики Казахстан. – Алматы, 1996. – 72 б.
9. Егоров В.В. Содержание и гарантии права на труд рабочих и служащих в СССР. М., 1981. – С. 19.
10. Воеводин Л.Д. Конституционные права и обязанности советских граждан. М., Изд-во МГУ, 1972. – с. 12
11. Александров Н.Г. Трудовое правоотношение. М. Госюриздат, 1948. – с. 177-178. Братусь С.Н. Субъекты гражданского права. М., – С. 11.
12. Қараңыз: О.С. Иоффенің редакциясымен. Советское гражданское право курс лекций, Л., Изд-во ЛГУ. 1958. – с. 89.
13. Орловский Ю.П. Труд молодежи в СССР. М., Наука, 1974. – с.43
14. Мәселен, қараңыз Воеводин Л.Д. Теоретические вопросы правового положения личности в советском общенародном государстве. Сов. Гос. И право, 1963. № 214.
15. Келина С.Г. Об уголовно-правовой защите политических и трудовых прав граждан. Сов. Гос. И право, 1983, №8 – с. 63
16. Алексеев С.С. Общая теория права. М. Юрид. Лит. 1982. – с. 114-125.
17. Бегичев Б.Н. Трудовая правоспособность советских граждан. М., 1972. – с. 111.
18. Братусь С.Н. Субъекты гражданского права. М., 1950. – с. 7.
19. Строгович М.С. Избранные труды. М., Наука, 1991. т. 1, – с. 205.
20. Чечет Д.М. Субъективное право и форма его защиты. Л., Изд. ЛГУ, 1968. – с. 16.
21. Колесов Н.С. Право собственности гражданина во Франции. Сборник “Социальноле государство и защита прав человека”. М., 1994. – 130 с.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Еңбек және азаматтық істер жүргізу кафедрасы

ДИПЛОМ Ж Ұ М Ы С Ы

Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институтының түсінігі

Орындаған:

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері: еңбек құқығының орталық
институты материалдық жауапкершілік институтының түсінігін, мазмұнын және
осы институтқа тән білгілерін анықтау болып табылады.
Түйінді сөздер:
Еңбек жарақаты, кәсіптік науқастық, мемлекеттік инспектор, орталық
орган, құқықтық белгілер, зиянды өндіру нысаны.
Дипломдық жұмыс: алғы сөзден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.
Орындау көлемі: бет

.

Мазмұны

І-тарау. Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институтының.
түсінігі, мазмұны жӘне құқықтық негіздері

1.1. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ
ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Материалдық жауапкершілік туралы құқықтық институттың түсінігі
және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..

ІІ-тарау. Материалдық жауапкершіліктің басқа да құқықтық
жауапкершіліктерден айырмашылығы
2.1. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТӘРТІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Материалдық жауапкершіліктің азаматтық, әкімшілік және қылмыстық
құқықтық жауапкершілік түрлерінен айырмашылығы.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қолданылған нормативтік құқықтық актілер жӘне
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

АЛҒЫ СӨЗ

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ИНДУСТРИЯЛЫҚ-
ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАР ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2005 ЖЫЛҒЫ 18-АҚПАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА
ЖОЛДАУЫНДА АНЫҚТАЛДЫ. ОСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – БҮГІНГІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫМЫЗДЫҢ БАҒЫТЫНА, БОЛАШАҚТАҒЫ
МҮМКІНДІКТЕРІМІЗГЕ НАҚТЫ БАҒА БЕРІЛУІІНДЕ ЖӘНЕ ОСЫ БАҒЫТТАРДАҒЫ
МІНДЕТТЕРДІҢ АНЫҚТАЛУЫНДА [1, 12 Б.].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабына сәйкес адам өмірі мен
денсаулығына қолайлы айналадағы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің аса
маңызды міндеті болып танылады. Адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын
және еңбегін қорғау құқықтарын қамтамасыз етудің кепілдік шаралары,
Конституцияның 18-бабының 3-тармағымен, 31-бабының 2-тармағымен анықталады.
Аталған баптар әркімнің үндеулер жолдау, сол үндеулерге байланысты
лауазымды адамдардан, құзіретті органдардан тиісті тәртіпте, белгіленген
мерзімде құжаттар алуға, негізделген шешімдермен басқа да ақпарат
көздерімен танысу мүмкіндігін анықтайды. Конституцияға негіз (24-баптың 2-
тармағы) “әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету
жағдайына ... құқығы бар”. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын
сақтау құқығы Конституцияның 29-бабына негіз қамтамасыз етілуі тиіс.
Қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар Қазақстан Республикасының 1997
жылғы 15 шілдедегі №160-1 “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заңының (бұдан
әрі – “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң) 5,6-баптарына сәйкес, заңды және
жеке тұлғалардың қоршаған ортаға және адамның денсаулығына теріс әсер
ететін шаруашылық және өзге де өндірістік қызметтерін тоқтатуға байланысты
талап қою құқығымен иемденеді.
Осы мәселеде, “Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Пленумының 2000 жылғы
22 желтоқсандағы №16 “Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды
қолдану тәжірибесі туралы” Қаулысы қолданылады (бұдан әрі – №16 Жоғарғы Сот
Пленумының қаулысы) “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заңның 86-бабына негіз
қоршаған ортаға, адамдардың денсаулына зиян келтірген заңды және жеке
тұлғалар қолданыстағы заңдарға сәйкес зиянды өтеуге міндетті. Зиян
келтіруден туындайтын қоғамдық, жекелік құқықтық қатынастар ҚРАК-нің
ережелеріне сәйкес реттеледі.
Қоршаған ортаны ластаудың негізгі әр алуан түрлері, олар: химиялық,
механикалық (қоқыстау), биологиялық (жұқтыру), физикалық (радиациялық,
акустикалық немесе электромагниттік сәуле шығару, тербеліс) басқа да
түрлерінің табиғатқа келтіретін зиянды факторларын анықтау міндеті
мемлекеттік құзіретті органдарға жүктеледі. №16 Жоғарғы Сот Пленумының
Қаулысына негіз (9-тармақтың екінші бөлімі), қоршаған ортаны қорғау туралы
заңдарды қолданған кезде соттар кез келген ластанудың емес, қоршаған орта
сапасының белгіленген нормативтерінен асатын ластанудың ғана заңды мәні
болатынын анықтайды.
Осы Қаулыда “экологиялық тәртіп бұзушылық объектісі” ұғымын анықтауға
байланысты қосымша түсінік беріледі (12 тармақтың үшінші бөлімі).
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы №302-11
“Атмосфералық ауаны қорғау туралы” Заңы мемлекеттің экологиялық
қауіпсіздікті, азаматтардың өмірін, денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету
мақсатында қолайлы қоршаған ортаның және оның жағдайы туралы ескертілу,
ақпарат алу құқығын қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және
әлеуметтік негіздерін анықтайды.
Қолданыстағы ұлттық заңнамаларға, халықаралық құқықтық ережелерге
(нормаларға) негіз ұйымдардың өндірістік объектілері міндетті түрде
аттестаттаудан өткізілуі тиіс.
Осы салада, арнайы нормативтік құқықтық акт ретінде Қазақстан
Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрінің №251-п 2004 жылғы
3-қарашадағы Бұйрығымен бекітілген “Еңбек жағдайына байланысты өндірістік
объектілерді аттестациядан өткізу туралы” Ережесі қолданылады (бұдан әрі
№251-п Ережесі). №251-п Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28-
ақпандағы “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы” Заңына негіз (20-
баптың 1-тармағының 16-тармақшысы) бекітілді. Осы салада, үстемдік
принциптер мен ережелер (міндеттер) халықаралық құқықтық актілермен
анықталады. Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен
Ұлттар Ұйымының, 1993 жылдың 31 мамырында Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ)
мүшелігіне қабылданды. Халықаралық еңбекті қорғау стандарттары ХЕҰ-ның 1981
жылғы №155-ші “Қауіпсіздік, еңбек гигиенасы және өндірістік орта туралы”
[2] және 1977 жылғы №148-ші “Жұмыс орындарында ауаның ластануынан, шуылдың
және тербелістің салдарынан төнетін кәсіптік қатерліліктен еңбекшілерді
қорғау туралы” Конвенциялармен [3] анықталады.
Өндірістік объектілерді аттестаттауда жұмыскерлердің денсаулығына,
өміріне өндірістік ішкі және сыртқы факторлардың қаншалықты ықпалын
тигізетіндігі және сол зиянды факторлардың деңгейін анықтау, олардың
зияндылық салдарынан жұмыскерлерді сақтау, алдын-алу шараларын ұйымдастыру
мақсаттары көзделеді.
Ресми тәртіпте №251-п Ережеге негіз (2-тармақтың 5-ші тармақшасы)
өндірістік объектілер қатарын: цехтар; бөлімшелер; тауарларды өндіру және
жасау; пайдалы жер ресурстарын өңдеу; шығару және қайта өңдеу, құрылыс және
басқа да өндіріс қызмет түрлерін жүзеге асыратын бөлек орналасқан ұйымның
өндірістік құрылым бөлімдері құрайды.
Ғылымда және құқық қолдану практикасында экологиялық және экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық шараларын анықтауға байланысты,
ғылыми теориялық зерттеулер, құқық қолдану тәжірибелері уақыттың
талаптарына сай, халықаралық стандарттармен салыстырмалы түрде мемлекеттің
дәйекті бақылауында болуы қажет.
Экономикалық категория ретінде – қауіпсіздік ұғымы экономиканың даму
деңгейін және халықтың тіршілік жағдайын қалыпты қамтамасыз ету
мүмкіндігіне сай сатылық дәрежесімен анықталады [4, 8 б.].
Халықтың тіршілік жағдайын қамтамасыз етудің нышандары – жұмыспен
қамтылу, одан арғы, ілгері экономикалық даму қарқынының мүмкіндігі,
халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруына ықпалын тигізетін барлық
өндірістік, инфақұрылымдылық жүйенің қалыпты дамуымен анықталады.
Экономикалық қатынастардың ғаламдану кезеңінде үміттелген мақсаттарға
жету мүмкінділіктері ұлғая түседі, сонымен қатар мұндай жетістіктер салдары
экономика агенттеріне (кәсіпорындар, ұйымдар, банктер басқа да
бірлестіктер), жеке тұлғаларға және олардың отбасыларына қандайда бір
залалдың келтірілуіне мүмкіндік тудыруы мүмкін.
Осы мәселе шеңберінде айтылған болжауларды, ғылыми пікірлерді ескеріп
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түсінігін анықтаймыз.
Экономикалық қауіпсіздік – ұлттық және халықаралық деңгейлерде,
экономикалық қоғамдық сұраныстарды нәтижелі қанағаттандыру мүмкіндігі [5, 5
б.]. Осы аспектіде, қоғамдық сұраныстарды қанағаттандырудың нышандары олар:
жер қойнауын дұрыс пайдалану және мұнай операцияларын қойылған талаптарға
сай жүргізу; экологиялық жағдайдың нашарлауына; жұқпалы аурулар мен
індеттердің белес алуына; стратегиялық ресурстардың халықтың мүдделеріне
кереғар пайдаланылуына жол бермеудің құқықтық шаралары Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы №233-1 “Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздігі туралы” Заңымен және басқада нормативтік құқықтық
актілермен анықталады.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері мемлекеттік органдарға,
меншік нысандарына қарамастан барлық ұйымдарға, азаматтарға теңдей
жүктеледі.
Ұлттық мүдделер (осы Заңның 4-бабының 1-тармағы) адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандытарын қамтамасыз етудің құқықтық шараларымен
қамтамасыз етіледі.
Заңның 21-бабына негіз экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
шаралары ретінде қоршаған ортаны қорғау; табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану және қорғау; экологиялық жағынан қауіпті технологиялардың, заттар
мен материалдардың бақылаусыз әкелінілуіне жол бермеу; ел аумағының
радиоактивті, химиялық ластануына, бактериологиялық залалдануына жол
бермеу; экологиялық жағынан қауіпті және жетілдірілмеген технологиялардың
қолданылу ауқымын қысқарту; шаруашылық және өзге де қызметтің келеңсіз
экологиялық зардаптарын жою міндеттері барлық ұйымдарға бірдей жүктеледі.
Қазақстан Республикасының “Ұлттық қауіпсіздік туралы” Заңының 19-бабына
негіз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары және міндеттері
анықталады. Олардың қатарында (осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасына
негіз) азаматтардың жеке қауіпсіздігін, олардың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілдіктерін нығайтуға; халықтың табиғи
өсімін көтермелеуге ... (4-тармақшасы); халықтың денсаулығына ... сондай-ақ
басқа да әлеуметтік қауіп төндіретін ... факторлардың алдын алуға (7-
тармақшасы) бағытталған іс-әрекеттерімен қамтамасыз етіледі.

І-ТАРАУ. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ЖҮЙЕСІНДЕ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНСТИТУТЫНЫҢ.
ТҮСІНІГІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ.
Кең мағынасында алғанда адам бостандығы дегеніміз индивидтің (тұлғаның(
қоғам мүшесі ретіндегі құқығы, дара тұлғаның құқығы. Қоғам дамуы адам
бостандығы проблемасына тек ұлттық сипат қана емес, сонымен бірге
интернациналдық та сипат беретін объективтік негіз болады. 1948 жылғы Адам
және азамат құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы халықаралық
қауымдастық негізгі, жалпы азаматтық игіліктерді мойындағанын білдіреді,
ал бұларды мойындау және оларға кепілдік беру – дүниенің тыныштығы мен
қауіпсіздігінің басты шарты.
Әр елде, әрбір мемлекетте адам бостандығына деген теориялық және
идеялық көзқарастардың бір-бірінен өзгешелігі бар, ал бұл экономикалық
дамудың әр алуандылығына, қоғам белгілі бір философияның белең алуына
байланысты. Адам бостандығы туралы әрқилы теориялар бар екені шындық. Ал
бірақ, шынтуайтына келгенде, қоғамның қандай қағидаларға негізделгеніне,
онда қандай әлеуметтік діни наным-сенімдер үстем болғанына қарамастан адам
бостандығына деген бір көзқарас, ортақ тұжырымдама болуы тиіс. Жалпы құқық
теориясына сәйкес құқықтың әрбір саласы басқа құқық салаларынан өзі
реттейтін қоғамдық қатынас түрі, реттеу әдістері және құқықтық реттеу
қағидалары арқылы ерекшеленеді. Сондықтан әрбір құқық саласын, соның ішінде
еңбек құқығын меңгеру оның құқықтық санаттарын игеруден басталады (1(.
Адам бостандығына деген ортақ көзқарастың объективтік негізін
құқықтардың өзіндегі жалпылық, негізгі құқықтардың жалпы адамзаттық сипаты
құрайды. Жұрттың осы “жалпыға” әр түрлі тараптан (философиялық, діни,
этикалық, таптық және т.б.) келетініні рас, әйтсе де барлық көзқарастар
соған келіп тіркеледі, сонда ұштасып, тоқайласады, осы мәнінде оны барша
жұрт мойындайды, бұл олардың ортақ элементіне айналады. Жалпы қағидалар
құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастардың дамуының мәнін білдіреді. Міне, сол
себепті де еңбек құқығының жаңадан пада болған қағидаларын еңбек құқығының
мәнді санаты ретінде қазіргі экономикалық және құқықтық реформаларға
сәйкестіре зерттеу қажет. Әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерде
құқықтың мазмұны бірдей емес, бірақ бұл жүйелердің ұлттық сипаты құқық
атауының жалпы адамзаттық мәнін, неғұрлым терең мағыналы жалпы адамзаттық,
әлеуметтік мүдделер мен игеліктерді бүркемелеп, мансұқтамауы және әсіресе,
аяқ асты етпеуі тиіс. Жалпы адамзаттықтың басымдығын мойындау – “адам
құқықтарының ортақ тұжырымдамасы” бастау алатын тұс осы (2(.
Күні кешеге дейін адам құқығы мен бостандығы тар өрісті нормативтік
мәнге ие болып келгенін, тіпті бұл ұғымның өзі теориялық тұрғыдан қатаң
нормалар жиынтығы ретінде танылғанын, мемлекет адамның туабітті құқықтары
болатынын қаперіне де алмағынын әлі ұмыта қойған жоқпыз. Ал мұның қандай
сорақылықтарға апарып соқтырғанын Қазақстан халықтары Ассамблеясының 2001
жылы қазанда өткен 8 сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев жан түршігерлік фактілермен бұлтартпастай етіп дәлелдеп берді
(3(. Онда, басқа деректермен қатар, ОГПУ-дің 1923 жылы ақпанда шыққан,
Ленин қол қойған құпия пәрмені туралы айтылады. Бұл пәрменде ешқандай
тергеусіз, сотсыз көздері құртылуға тиісті адамдардың тізімі беріліпті,
олар:
“... 1) Революцияға дейінгі саяси партиялардың барлық бұрынғы мүшелері;
2) монархиялық одақтар мен ұйымдардың барлық бұрынғы мүшелері; 3) тәуелсіз
егіншілік одақтарының барлық бұрынғы мүшелері; 4) ежелгі аристократия мен
дворяндардың барлық өкілдері; 5) жастар ұйымдарының барлық бұрынғы мүшелері
және т.т. (4(.
Жалпы құқық салаларының, соның ішінде еңбек құқығының негізгі
қағидалары басшы идеялар, негізгі ережелер ретінде ең әуелі елдің Ата
заңынан бастау алады. Мәселен, біздің жағдайымызда бұл идеялар Қазақстан
Республикасы Конституциясының “Адам және азамат” атты 2 бөлімінде
азаматтардың құқықтары түрінде көрінеді (5(.
Адам құқығының жалпыға ортақ, абсолюттік сипатын мансұқтап, оған таптық
тұрғыдан қараудың өкініші бітпес ащы сабақтары осындай. Сондықтан болашақта
қоғамымыз қандай жолмен дамыса да, сол жолда қандай қиын-қыстауларға тап
келсе де демократияны тұқыртып, адам құқықтарын шектеуге, азаматтардың
ажырағысыз және бөлінгісіз құқықтарын, бостандықтары мен қадыр-қасиет
қамтамасыз етуден ауытқуға еш болмайды. Зәрердей нәрседе адам құқығының
басымдылығынан ауытқу кең құлашты өрескелдіктерге, заңсыздықтың ең бір
сорақы түріне ұласуы кәдік. Адам құқығының сөзсіз, мызғымас түрдегі
сақталуы иә бар, иә жоқ – мұның аралық сипаты, көлгірлік реңктері болуы
мүмкін емес. Қазақстан Республикасының Ата заңы адамның және азаматтардың
мынандай негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарын бекітеді: әркімнің
еңбек ету бостандығы, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауы; қауіпсіздік пен
тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайы; еңбегі үшін нендей бір
кемсітусіз сыйақы алу; жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу; ереуіл жасау
құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке
және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы; демалу құқығы және т.б., құқықтар.
Конституцияқұқық пен бостандықты қоғамдық өмірдің барлық саласында жан-
жақты реттеудің негізі болып табылады (6(. Бірақ конституциялық құқық адам
мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға байланысты
қатынастарды толық реттемейді, сондықтан олардың мазмұнын заңдардан, соның
ішінде еңбек заңдарынан іздестіру керек (6(.
Адамның негізгі бостандықтары, оларды мемлекеттің мойындау-
мойындамауына қарамастан, қоғамдық дамудың нәтижесі ретінде, адамның әр
алуан материалдық және мәдени игіліктерге ие болуының әлеуметтік мүмкіндігі
сипатында өмір сүреді. Адамның бостандығы дегеніміз оның қоғаммен қарым-
қатынасының алуан айшығын бейнелейтін жалпы адамзаттық санат. “Адам
бостандығы” санатының заңдық сипаты “адам-қоғам” байланысының “азамат –
мемлекет” байланысына ұласуы түрінде көрінеді. Адам құқықтары тікелей
әлеуметтік құбылыс ретінде көрінеді, оны шындықтың өзінен туатын нақты
құқықтар немесе “табиғи құқықтар” десе де болады. Адамдар осы мағынада
қабылдап, игерген тікелей әлеуметтік талап-тілектерден көрініс табады да
құқықтық сана талаптары түрінде салт-дәстүр, ізгілік-имандылық нысанына
киеді, заңдық құбылыс ретіндегі құқықтық әлеуметтік негізіне айналады. Адам
бостандықтары құқықтық сана тетігі арқылы қоғамдық қатынастарды заңдық
реттеуге, құқықтық шығармашылыққа және құқық қолданушылыққа тікелей ықпал
етеді, сөйтіп, олардың табиғатына сай келетін қажетті идеологиялық нысанды
талап ете отырып, оны тек ізгілік-имандылық, салт-дәстүр түрінде ғана емес,
заңдық нормалар түрінде де, тиісті құқықтарды, бостандықтарды, міндеттерді
заң жүзінде бекіту, оларды іске асырудың экономикалық кепілдіктермен
тиянақтау түрінде де қамтамасыз етеді. Заңда, құқық нормаларында айтылған
және бекіиілген жеке адам құқықтары құқық теориясында субъективтік құқықтар
деп аталады. Адам бостандықтары азаматтардың іс жүзіндегі құқықтары болуы
үшін, яғни мемлекет ішіндегі құқықтық нақтылыққа айналуы үшін ол ішкі оң
(позативтік) құқықпен бекітілуі тиіс. Сондықтан мемлекеттік ішкі құқық
тұрғысынан алғанда адам бостандықтары дегеніміз халықаралық құқықта заң
нысанында бейнеленген және жекелеген мемлекеттердің мойындауына байланысты,
енді басқа деңгейдегі құқыққа айналған қоғамдық талаптардың дәл өзі. Өмір
сүру, еңбек ету, бостандыққа, меншікке ие болу сияқты қарапайым адам
құқықтары мемлекеттің мойындауына және заң жүзінде бекітілуіне қарамастан
өмір сүреді, бірақ мойындалмаған және кепілдендірілмеген күйінде олар
жүзеге аспай, тек игі тілек, жақсы ниет болып қала береді.
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіз даму жолына түсуіне байланысты бізде
де еңбек ету бостандығына қол жетіп, оның дамуына қажетті әлеуметтік-
экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалды. Соның арқасында 1993 жылғы
Конституцияның өзінде-ақ азаматтардың еңбек ету құқығы заңдастырылып, ол
әрбір адамның дербес өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша өз
қалауына, қабілетіне және арнайы даярлығына сәйкес еркін еңбек ету
мүмкіндігі ретінде бекітілді. Осыған орай мемлекеттік меншік пен жеке
меншік түрлеріне жол ашылды, олар заң мен сот алдында тең деп танылды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясында бірталай еңбек
құқықтары адам құқықтарының санатына жатқызылған. Әңгіме еңбек бостандығы
және еңбекке мәжбүрлеуге тыйым салу, ешқандай кемсітусіз және ең төменгі
мөлшерден кем болмайтындай етіп еңбекке ақы төлеу құқығы, еңбекті қорғау
мен жұмыссыздықтан қорғау құқығы, жеке дара және ұжымдық еңбек дауларына
деген құқық, соның ішінде ереуілге шығу құқығы, демалу құқығы, сондай-ақ
жұмыскерлердің өз мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтар құру құқығы
туралы болып отыр.
Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары халықаралық және ұлттық
құқық жүйелерінде, Адам және азамат құқықтарының жалпыға бірдей
Декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық шартта,
Экономикалық және мәдени құқықтар туралы халықаралық шартта бекітілген.
Халықаралық актілердің тікелей күші олардың құқықтық табиғатына
байланысты, өйткені оларда адамның тікелей табиғи құқықтары тоғысқан.
Халықаралық құқықтық актілерде негізінен еңбек ету құқығы туралы сөз
болады да еңбек ету бостандығы тікелей бекітілмейді. Дегенмен бұл
актілердің негізгі мақсаты адамдардың еңбек ету бостандығына деген құқығын
қамтамасыз етуден туындайды. Өйткені, еңбек ету бостандығы болмайынша,
еңбек ету құқығы туралы сөз айтудың өзі мүмкін емес. Сондықтан да Қазақстан
Республикасы Конституциясы 24 бабының 1-тармағында халықаралық актілер
бойынша еңбек ету құқығының мазмұнына жатқызылатын құрам толығымен
сақталған деп айтуға болады. Демек, еңбек ету бостандығы өзінің қағидасы,
мақсаты мен мазмұны бойынша халықаралық құқыққа қайшы емес, қайта содан
туындайды.
“Осы Заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына
Конституцияның құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын
реттейді” деп атап көрсетілген Қазақстан Республикасының Еңбек туралы
Заңының кіріспе бөлімінде. Демек, Конституцияның 24 бабының 1-тармағында
айтылатын әркімнің еңбек ету бостандығын жүзеге асырудың реттеу “Еңбек
туралы” Заңға жүктеледі. Бұл Заң жеке тұлғаның конституциялық еңбек ету
бостандығы құқығын жүзеге асырудың құқықтық тетігін бекітеді. Демек,
адамқұқықтары мен бостандықтарының құқықтық табиғатын еңбек құқығы
саласынан іздеу керек. Оның мәнісі олардың құқықтық табиғатын анықтау
арқылы адамдардың соны тиісті дәрежеде пайдалануын, сондай-ақ оны жүзеге
асру мен қорғауды қамтамасыз ету жүйесін, бұған қоса осы құқықтарды жүзеге
асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін еңбек туралы нормалары
заң мен оның нормаларын жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Жалпы құқықтық мәртебенің құрамдас бөлігі болып табылатын әрі табиғи
құқықтан туындайтын адамның еңбек мәртебесі халықаралық әмбебап актілерде
бекітілген, еңбекпен реттеудің негізгі сипаттарымен белгіленген және ол
еңбек жөніндегі арнаулы құқықтық актілерде неғұрлым егжей-тегжейлі
баяндалған. Адамның халықаралық еңбек мәртебесі халықаралықеңбек мәртебесі
халықаралық кеңестерде және конференцияларда қабылданған құжаттарда ашып
көрсетіледі.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық
шартта лайықты ақысы бар жұмыс түрін таңдау құқығы (6 бап), әркімнің
әділетті және қолайлы еңбек жағдайларына деген құқығы (7 бап), өзінің
экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғау құқығы (8 бап) бекітілген
және соған орай мемлекет өзіне белгілі бір міндеттемелер алады да толық
жұмыстылық саясатын қамтамасыз етеді. Көп елдерде, соның ішінде біздің
елімізде де, бұл проблема лайықты шешімін тапқан жоқ әрі, оның үстіне,
азаматтардың әлеуметтік және еңбек құққытарын халықаралық деңгейде жүзеге
асырудың тетіктері жасалған жоқ.
Адам құқықтарының хартиясында: адам құқықтарының жалпыға бірдей
Декларациясының 7, 20, 21, 25, 26, 29 баптарында адамның еңбек құқықтары
мен бостандықтары бекітіп бергеніне қарамастан бізде әлі күнге дейін
адамның өз елінде мемлекеттік қызметке тепе-тең араласу, адамның өзінің
және отбасы мүшелерінің лайықты өмір сүруін қаматасыз ететіндей қанағатты
ақы алу құқығы іске аспай келеді. Бұл жайлар Қазақстан Республикасындағы
еңбек қызметінің негізгі қағидалары ретінде еңбек заңнамасында бекітілуі
тиіс.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында тұжырымдалған
міндеттерді орындауға барлық халықтар мен мемлекеттер ынталы болулары
керек. Құқықтар мен бостандықтарды құрметтеу ықпалдасу, оларды ұлттық және
халықаралық прогресшіл шаралар арқылы қамтамасыз ету мемлекеттердің өз
азаматтары алдындағы абзал міндеті ретінде аталады.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық шарттың 2 бабында
мемлекеттің өз аумағы шегіндегі және өз үкіметіндегі барлық адамдарды
құрметтеу және олардың Шартта көзделген, соның ішінде 8, 21, 22, 25
баптарда айтылған әлеуметтік, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету міндеті атап
көрсетілген.
Халықаралық конференциялардың қорытынды құжаттарының көбінде өзге
адамдардың құқықтары мен бостандықтарын лайықты түрде мойындау мен
құрметтеуді қамтамасыз ету, демократиялық қоғамдағы моральдың, қоғамдық
тәртіптің, жалпыға ортақ береке-бірліктің әділетті талаптарын
қанағаттандыру мақсатымен адам құқығына қойылатын шектеулердің егжей-
тегжейлі тізбесі келтіріледі. Бұл норманың маңыздылығы оның әрбір егеменді
мемлекетте конституциялық түрде бекітілуінен де көрінеді.
Қоғамның әрбір мүшесінің конституциялық еңбек ету бостандығынан
туындайтын құқығы-адамның әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтары мен
бостандықтарының арасындағы ең бастысы, негізгісі. Демек, ол – еңбек құқығы
мен еңбек заңдарының өсекті өзекті мұраты, басты ережесі. Осыдан келіп,
еңбек ету бостандығы еңбекке байланысты қатынастарды құқықтық реттеуде
басшылыққа алынатын негізгі қағида дейтін тұжырым туады.
Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) құқықтық актілері адамның халықаралық
еңбек мәртебесінің негізін құрайды. Жүйелік тұрғыдан келгенде ХЕҰ
Конвенциялары мен Кепілдемелерін құқықтық реттеудің мән-мағынасына қарай
бөлуге болады.
ХЕҰ-ның еңбек қатынастарының өзін реттеуші Конвенциялары мен
Кепілдемелері жалданып жұмыс істейтіндердің және өз бетімен еңбек
ететіндердің әр алуан құрамын қамтиды, халықтың әлеуметтік шетін топтарын
қорғаудың нормаларын белгілейді. ХЕҰ-ның 1978 жылы еңбек мәселелерін реттеу
туралы №150 Конвенциясы еңбек құқығының мән-мағынасын және еңбек
қатынастарының субъективтік құрамын кеңейту қағидасын бекітіп берді.
Конвенцияның 7 бабында заң бойынша жалданып жұмыс істеушілер санатына
қосылмайтын адамдардың: жалданбай жұмыс істейтіндердің, тұрақты жұмыс күшін
пайдаланбайтындардың, ресми емес секторда жұмыс істейтіндердің, тұрақты
жұмыс күшін пайдаланбайтын арендаторлардың, үлескерлердің және сол
санаттағы ауылшаруашылық жұмысшыларының, кооперативтер мен еңбекшілер
басқаратын кәсіпорындар мүшелерінің, салт-дәстүрлер бойынша жұмыс
істейтіндердің еңбек жағдайына және еңбек жолына қатысты мәселелерді заң
тұрғысынан кезең-кезеңімен қамту туралы айтылады (7(.
Жұмыстылықтың бір түрі ретіндегі коопертивтік еңбек мәнінде де ХЕҰ-ның
бірсыпыра актілері қабылданған. Дамушы елдердің экономикалық және
әлеуметтік өркендеуіндегі коопертивтердің рөлі туралы ХЕҰ-ның 1966 жылғы №
127 кепілдемесінде коопертивтер құру экономикалық және мәдени дамудың,
адамзат өркендеуінің аса маңызды жолы екендігі айтылады (8(.
ХЕҰ құқықтық актілерінде алуан санаттағы адамдардың әлеуметтік еңбек
қатынастары реттеледі. Мәселен, балаларға қатысты (1921, 1975 жылдардағы №
12 және № 138 Конвенциялар, 1921 жылғы № 13 және № 14 Кепілдемелер),
әйелдерге қатысты (1921 жылғы № 12 Кепілдеме), теңізшілерге қатысты,
залалды жұмыстарда істейтіндерге, мүгедектерге, т.б. қатысты.
ХЕҰ құқықтық құжаттарында еңбек қатынастарын реттеудің үш тараптылығы
қағидасына үлкен мән беріледі, бұл өзі шын мәнінде кәсіподақтар қызметінің
негізін құрайды және кәсіподақ заңнамасының құрамдас бөлігі болып табылады.
Адамның және азаматтың негізгі бостандықтарының бірі әрі тікелей
әлеуметтік (заңдық емес), әлеуметтік-экономикалық және Конституциялық
құқығы болып табылатын еңбек ету құқығының мәні мен мазмұнын ашып көрсету –
ұсынылып отырған диссертациялық жұмыстың алға қойған мақсаттарының біреуі.
Адам бостандығы ретіндегі еңбек ету бостандығы – азаматтардың еңбек
аясындағы құқықтық жағдайын зерттеп-зерделеуге деген жеке бастың көзқарасын
бейнелейтін санат; ол заңңнаманы дәл тиісті тұрғысынан, яғни еңбек ету
бостандығының адам үшін өмірлік маңыздылығы, мәнділігі жағынан жетілдіру
қажеттігін неғұрлым дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Азаматтың бостандығы
ретінде ол ең мәнді нәрсені – мемлекеттің өз азаматтарына осы құқықты
қаншалықты дәрежеде, қай деңгейде және қандайлық көлемде қамтамасыз
ететінін әрі оларға қандай кепілдік беретінін сипаттайды.
Қазақстан Республикасы Конституцияның (1995 жылғы) қабылдауымен дейді
К.А. Шайбеков, азаматтардың конституциялық еңбек ету құқығының мазмұны
біршама өзгерді, яғни қазір ол еңбек ету бостандығын және кәсібі мен қызмет
түрін таңдау құқығын қамтиды (8(.
“Адамның еңбек ету бостандығы” дегеніміз – еңбек етуге деген адами
қажеттілікті бейнелейтін санат; бұл қажеттілік идеялар, адамның қоғамға,
мемлекетке қоятын талаптары түрінде де, осы қажіттілікті қанағаттандыру
жөніндегі заңда бекітілген мүмкіндіктер формасында да бола береді (9(.
Азаматтардың нақты өмірде пайдаланатын құқықтары мен бостандықтарының
жиынтығы олардың құқықтық жағдайын немесе құқықтық әлеуетін білдіреді. Жеке
адамның мемлекеттегі құқықтық жағдайын сипаттайтын, азаматтардың және
қоғамның түбегейлі мүдделерін білдіретін және соған байланысты
Конституцияда бекітілетін құқықтары, бостандықтары мен міндеттерді заң
әдебиетінде негізгі немесе конституциялық құқықтар, бостандықтар мен
міндеттер деп атау қалыптасқан (10(. Конституциялық құқықтардың,
бостандықтар мен міндеттердің негізгі болатын себебі ең алдымен олардың
мазмұнына байланысты, өйткені олар қоғам мен оның мүшелері, мемлекет пен
оның азаматтары арасындағы неғұрлым мәнді, қағидалы қатынастар мен
байланыстарды білдіреді және адамның қоғамдағы жағдайы үшін негіз қалаушы
болып табылады.
Өзге де конституциялық құқықтар сияқты, еңбек ету құқығының мынандай
сипаттары бар:
1. Жалпыға бірдей; демек, ол азаматтардың әлеуметтік тегіне, нәсілдік
немесе ұлттық қатынасына, жынысына, біліміне, мүліктік жағдайына және басқа
да жай-жапсарына қарамастан олардың бәріне бірдей ортақ.
2. Кепілді; бұл кепілдікті мемлекет қамтамасыз етеді.
3. Теңдей кепілдікте; демек, сөз болып отырған құқықты жүзеге асыру
үшін мемлекет азаматтардың барлығына теңдей заң мүмкіндігін беруге кепілдік
жасайды.
Еңбек етуге деген конституциялық құқықтан негізгі құқықтардың басқа да
қасиеттерін көреміз. Мәселен, солар сияқты бұл да азаматтардың қолданыстағы
заңнамада бекітілген барлық еңбек құқықтарының заңдық базасы болып
табылады, бұларға қарағанда оның заңдық күші де жоғары; әр алуан
нормативтік актілерде бекітілген барлық еңбек құқықтарының, түртеп
келгенде, еңбек етуге деген конституциялық құқыққа мейліше сәйкесетіні,
оған қайшы келмейтіні содан. Тарихи тұрғыдан алғанда да, қазіргі уақытта да
құқықтық ғылымда еңбек етуге деген констуциялық құқықтық заңдық табиғаты
жөнінде пікірлер алуандығы біршама. Еңбек ету бостандығы туралы айтқанда
оны құқықтық қабілеттің бір элементі және субъективтік құқық деп
санайтындар бар. Бұл проблеманы зерттеудегі осынау негізгі екі көзқарас
мазмұны мен дәйектемесі жағынан бірменді емес. Бірінші жағдайда авторлар
азаматтардың негізгі бостандығын жалпы құқық қабілетінің элементтері
санатына (11(, азаматтық құқық қабілетіне (12( немесе еңбек құқық
субъектілігіне (13( қосады.
Еңбек ету құқығында субъективтік құқық сапасы бар дей келіп, кейбір
ғалымдар ол құқық қатынастарынан тысқары өмір сүреді десе (14(, енді
біреулері абсолюттік сипаттағы құқық қатынастарында (15( немесе айырықша,
неғұрлым жалпылама құқық қатынастарынан көрінеді (16( деседі. Енді біраз
авторлар еңбек ету бостандығын тек мемлекеттік құқық тұрғысынан
субъективтік деп мойындаса, еңбек құқығы тұрғысынан құқық қабілетінің
элементі деп біледі (17(.
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыста жүрген Негізгі Заңы Заңы
Қазақстанды “демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ...,
оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары”, – деп айдай әлемге жария етіп, бекітіп берді. Қазақстан
өркениетті қоғамға тән үрдіспен адамды және адамның өмірін, құқықтары мен
бостандықтарын ең жоғары құндылық деп таныды. Оның мәнісі – адам, оның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары ендігі жерде мемлекет мүддесінен жоғары
тұрады, әрбір жеке адамның лайықты өмір сүруі мен еркінжетілдіруін қамтасыз
ету басты мақсат саналады деген сөз. Адамның әлеуметтік-экономикалық
құқықтары мен бостандықтарын осылайша бағалап дәріптеу өз кезегінде еңбек
құқығы қағидаларына да жаңаша сипат беретіні сөзсіз.
“Субъективтік құқық”, “объективтік құқық” дейтін заң терминдері құқық
теориясында біршама жақсы пайымдалған. Субъективтік құқықтық жағымды
мазмұнын байыптауға С.Н. Братусьтің сіңірген еңбегі зор. Субъективтік
құқықты құқық құзіреті иесінің өз іс-әрекетіндегі мүмкіндікнемесе еркіндік
өлшемі деп қарастырып тұңғыш рет анықтама бергені сол болатын (18(. Содан
соң субъективтік құқықтық анықтамасын толықтырып, жетілдіре түсуге Н.Г.
Александров пен С.С. Алексеев те елеулі үлестерін қосты. Әйтсе де, біздің
ойымызша, мұның ең сәтті анықтамасын берген М.С. Строгович болды: “Жеке
тұлғаның субъективтік құқығы дегеніміз құқық нормасында көрсетілген және
сонда бекітілген:
а) белгілі бір әлеуметтік игілікті пайдалану мүмкіндігі;
ә) белгілі бір іс-әрекеттерді атқару және сондай іс-әрекеттерді
өзгелерден талап ету құзыреттілігі;
б) құқық нормасы белгілеген шеңбердегі қылық, әрекет еркіндігі” (19(.
Сондай-ақ оның: субъективтік құқықтардың азаматқа тиесілі болатын себебі –
оларды оған заң бекітіп береді, сондықтан азамат құқық қатынастарына
қарамастан оларға иелік етеді, қолданады; ал белгілі бір заңдық фактінің
болуына байланысты пайда болатын құқықтық қатынастар – азаматтардың құқық
қатынастарына қарамастан ие болатын құқықтарын жүзеге асыруының нысаны
дейтін пікірлерінің де жаны бар. Біздіңше, субективтік құқықты тек құқықтық
қатынастардың элменеті ғана (20( деп білетін ғалымдардың пікірі онша діл
емес.
Еңбектік құқықтық қабілеттілігі әрекеттік қабілеттілігі бар адам еңбек
ету бостандығының субъектісі бола алады. Қазір жалпыға бірдей тәртіп
бойынша жасы 16-ға толған азаматтар “жалдамалы еңбек құқығына” ие болады.
Сондай-ақ бұл құқықты 14-жастан бастап пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.
Еңбек құқықтық субъектілігінің жас өлшемі ең алдымен жас жұмыскерлердің
денсаулығын қорғау мақсатында белгіленген.
Азаматтық-құқықтық келісім-шарт бойынша жұмыс істеу тұрғысынан алғанда
әдетте 18 жасқа толған азамат еңбек ету бостандығының субъектісі бола
алады, ал 14 жастан бастап толық азаматтық әрекет қабілеттілігіне жеткенге
дейінгі кәмелетке толмаған азаматтардың еңбек ету бостандығына шектеу
қойылады, бұл жаста олар ұсақ-түйек тұрмыстық мәмлелер жасап, өздерінің
жалақысына, стипендиясына иелік ете алады, өздерінің ғылыми, әдеби және
өнер шығармаларына, жаңалықтарына, өнертабыстарына, рационализаторлық
ұсыныстары мен өнеркәсіптік үлгілеріне авторлық құқығын жүзеге асыра алады.
Ал 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ұсақ-түйек
тұрмыстық мәмлелер жасап, несиелік мекемелерге өз саымдарын салуға және
оларға иелік етуге құқығы бар – мұны оларға иелік етуге құқығы бар – мұны
олардың еңбек ету бостандығын жүзеге асыруы деуге кеіңкіремейтін сияқты.
Кәмелетке толмаған жасөспірім 16 жасынан бастап кооператив мүшелігіне
өтуге, ата-аналарының келісімі бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысуға
құқылы. Кәсіп түрін таңдау қабілетті азаматтардың құқықтық қабілетінің ең
мәнді элменеттерінің бірі. Мұның мәнісі – азамат бейіміне, қабілеті мен
ынтасына қарай өз еңбегін қоғамдық өмірдің қай саласында, қай мамандық
бойынша сататынын өзі шешеді деген сөз. Жасы 15-ке дейінгі кәмелетке
толмағандар еңбек ету бостандығының субъектісі бола алады, жазғы каникулы
кезінде жұмыс берушілерге өздерінің еңбекке қабілеттілігін сатумен қатар
олар, творчестволық қабілеті болған жағдайда, еңбек ету бостандығын да өз
беттерінше жүзеге асыра алады. Көркем шығармалардың авторлары, өзге де өнер
туындыларының орындаушылары ретінде олар бұл құқығын пайдаланып та жүр.
Біздің пікірімізше, қазір еңбек ету бостандығының объектісін неғұрлым кең
мағынада: қоғамдық өндіріспен ғана емес, кәсіптік қызметпен де, тіпті керек
десе, жеке бастың қажеттері мен қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға
қатысты, Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтін кез келген
қызметпен байланыстырып қарастыру жайында сөз етуге болатын сияқты.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 24 бабында еңбек ету
бостандығының мазмұны қандай дейтін сұрақтың бір мәнді жауабы жоқ, онда
еңбек ету бостандығы қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай жағдайда жұмыс
істеу құқығы тұрғысынан сөз болды. Осыған байланысты кейбір
зерттеукшілердің еңбек ету тұрғысынан сөз болды. Осыған байланысты кейбір
зерттеушілердің еңбек ету бостандығын еңбекті қорғау құқығының дәрежесіне
дейін төмендету оның (еңбек ету бостандығының) мазмұнын елеулі түрде
шектеумен бара-бар дейтін пікірі қолдауға тұрарлық.
Сөз болып отырған мәселелер тұрғысынан алғанда Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы Конституциясының өзі айқын ілегрілеушілік
сипатта болған еді. Мәселен, 1978 жылғы Қазақ КСР-і Конституциясындағы
еңбекке қабілетті азаматтардың еңбек ету міндеттілігі туралы норма мұнда
атымен жоқ. Демек, бұл социализм ілімі бойынша еңбек ету құқығымен қатар
орнықтырылған еңбекке қабілетті барлық азаматтардың еңбек ету міндеттілігі
қағидасы мансұқталды деген сөз. Сөйтіп, қоғам толық жұмыспен қамту және
адамды адамның қанауына жол бермеу саясатына негізделген баршаның еңбек ету
міндеттілігі мен борыштылығын талап ету және оны әкімшілік-әміршыл
әдістермен мәжбүрлеп таңу, еңбек етпегені үшін қылмыстық қудалау теориясы
мен тәжірибесінен бас тартты. Сондықтан 1993 жылғы Конституция шынайы еңбек
бостандығына, яғни қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, еріксіз еңбекке
тыйым сала отырып, адамның өз жұмыс күшіне өзі қоғжайын болуына тұңғыш рет
құқықтық және экономикалық мүмкіндіктер мен алғышарттар жасап берді деуге
толық негіз бар.
Ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 24 бабының мазмұны 1966 жылы
қабылданған “Экономикалық құқықтар туралы” халықаралық шарттың еңбек ету
бостандығын кез келген адамның өзі еркін таңдап алған немесе еркін келісім
берген еңбегі арқылы өмірлік қажетін қамтамсыз ету құқығы ретінде
айқындалған қағидасына толық сай келеді. Ал мемлекет тиісті шараларды,
соның ішінде толық және жемісті жұмыстылық саясатын жүзеге асыру арқылы осы
құқықтың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата заңымыздың аталған
бабында еңбек ету бостандығы жалдамалы жұмыскердің ғана емес, дербес өнім
өндірушінің де еңбек етуге деген бостандығы ретінде жарияланған.
Экономикалық қатынастардың өзгеруі, өмірдің барлық саласында нарық
қатынастарының белең алуы еңбек ету бостандығының да кең мағынада
түсіндірілуіне жол ашты. Бүгінде адамның өндіріс құрал-жабдықтары арқылы
өзінің өмір сүруіне қажетті материалдық және рухани игіліктер өндіруіне
бағытталған мақсаткерлік іс-әрекеті ретіндегі кез келген еңбекке қабілеті
оның меншігі деп танылады. Өзінің еңбекке қабілет-бейімін қалай жұмсайтын
десе де әркімнің өз еркі, бұл – адамның ерекше құқығы және оны ол өз
бетімен немесе келісім-шарт негізінде іске асырады. Қазақстан Республикасы
“Халықтың жұмыстылығы туралы Заңына сәйкес жұмыспен қамтамасыз етілген
адамдар санатында жұмыс берушіге жалданып еңбек ететіндер ғана емес,
кәсіпкерлер, дербес еңбекпен шұғылданушылар, фермерлер сияқты өздерін
жұмыспен қаматасыз етушілер де, сондай-ақ өндірістік кооператив мүшелері де
саналады. Жеке кәсіп орнын ашып, өзі сонда істейтін адам өзінің еңбек ету
бостандығын іске асырушы болатыны даусыз; ол өндіріс құрал-жабдықтарының
иесі ретінде пайда алатыны өз алдына, сонымен бірге ол жұмыскер ретінде
жалақы алады, зейнетақы қорына аударым жасап отырады, оның еңбек өтілі
жүрып отырады, т.б.
Еңбек ету бостандығының конституциялық құқық ретіндегі мәнін түсіну
үшін оны жүзеге асырумен байланысты қатынастарды зерттеуді адамның және
азаматтың өзге де құқықтарымен және бостандықтарымен қоса алып, кешенді
түрде жүргізу қажет; сонымен бірге бұл құқықты меншік құқығынан бөле-жарып,
оқшау түрде қарауға да болмайды, өйткені еңбек ету құқығын жүзеге асыруға
ең алдымен құқықтық емес амалдар, әсіресе шаруашылықты дамытуға бағытталған
экономикалық саясат ықпал етеді.
Меншік құқығы – адамның негіз қалаушы құқықтарының бірі, оның маңызы
өмір сүру құқығы мен бостандық құқығынан ешбір кем емес. Ресей ғалымы Н.С.
Колесов былай дейді: “Меншік бостандық пен құқыққа өркениетті тиянақ жасап
береді, жеке меншік құқығы болмаған жерде қалған құқықтардың бәрі қажетті
кепілдігінен айырылады” (21(.
Локктың басқару туралы екінші трактатына бақсақ: өзінің жаратылыс
сипатына қарай адамның бойында өз меншігін, яғни өзінің өмірін, бостандығы
мен мүлкін қорғау еркі болады, ал билік басындағылар қандай да болсын бір
адамды өз еркінен тыс меншігінен айыра алмайды. 1766 жылғы Вирджиния
Декларациясында адамды өмірінен, бостандығынан және меншігінен айыруға
болмайды делінген. Локктың топшылауынша, меншік дегеніміздің өзі сөздің кең
мағынасында алғанда – тіршілік, бостандық және дүние-мүлік (еңбек етуге
қабілеттілік), ал сөздің тар мағынасында ол – жер және товарлар. Адамның
және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының Француз Декларациясында (1789
жылы) адамның табиғи және мәңгілік құқықтарын сақтаудың маңыздылығы атап
көрсетілген, олардың санатына бостандық, меншік және қанауға қарсылық
құқықтары қосылған. Ал 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Адам
құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 17 бабында әр адамның жекелей
де, басқалармен ортақтасып та меншікке иелік ету құқығы бар екендігі және
ешкімді өз мүлкінен беталды айыруға болмайтынын айтылған.
“Меншік” санатының азаматтық-құқықтық айқындамасынан арна тартсақ бұл
ұғымды белгілі бір объектілердің субъектіге тиесілігі деп анықтауға болады.
Сл сонда жұмыскердің еңбекке қабілеттілігі тек соның өзіне тиесілі объект
бола ал ма?
Адамның еңбекке қабілетін меншік құқығының объектісі деп қарау керек,
ал оны қалай жұмсайтыны адамның өз еркінде. Азаматтардың белгілі бір
бөлігінің еңбек ету құқығын жүзеге асыруы өзге азаматтардың негізгі
құқықтары мен бостандықтарын, әсіресе солардың ішінде ең маңыздысы – меншік
құқығын мансұқтауға тиіс. Қолданыстағы еңбек заңы, бір жағынан жалдамалы
жұмыскердің еңбегін қорғау құқығы болуы, екінші жағынан, нарықтық
экономикалық талаптарына, өндіргіш күштердің дамуына және өндіріс құрал-
жабдықтарына иелік етушілер мен кәсіпкерлердің экономикалық мүдделерін
барынша еркін қанағаттандыруға сайма-сай келуі керек.
Кәсіпкерлердің жалдамалы жұмысшылар мен қызметшілер еңбегін қолдану
саласындағы мүддесі, біріншіден, өндіріс құрал-жабдығына иелігі жоқ және
еңбек ету бостандығын іске асыруға өздерінің еңбек қабілетін тиімді түрде
сатуға ықыласты жұмыскерлер еңбегінің рыногы пайда болғанын және екіншіден,
сол жұмыскерлермен қарым-қатынасын келісім-шарт жасасу арқылы болатын еркін
жалдау үлгісімен құруды көздейді. Жеке кәсібін ашқан, өзінің еңбек ету
құқығын кәсіпкерлік нысанында пайдалануға бел байлаған азамат мемлеккеттен
сол құқығын жүзеге асырудың кепілдігін талап етуге құқылы. Жалдамалы
еңбектен туатын қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің белгілі бір
шегі болуы керек, ол шектен шығудың қандайы болса да кәсіпкерліктің
еркіндігіне нұқсан келтіреді, демек, елдің экономикалық дамуын тежейді.
Еңбек заңын жетілдіру еңбек келісім-шарттарын жасаудағы еркіндік пен
ерліктілік қағидаларын сақтау бағытында жүзеге асуы тиіс. Еңбек келісім-
шартын жасауда және оны бұзуда жұмыс берушіге көп еркіндік беруі қажет,
меншік құқығы адамның негізгі құқығы деп саналуы керек, жалдамалы
жұмыскерлердің әлеуметтік жеңілдіктерін арттыруды өндіріс құрал-
жабдықтарына меншік иелерінің құқықтары есебінен, олардың пікірімен
санаспастан жүргізуге болмайды. Жеке меншікті елеулі түрде шектеу азаматтың
экономикалық құқықтарын шектеу болып шығады, оның әлеуметтік мүмкіндіктерін
кемітеді. Барлық меншік формаларына теңдік берілмейінше азаматтардың
экономикалық құқықтары әншейін бос сөз болып қалмақшы. Еңбек шартының
бостандығын шектеу және соған сәйкес еңбек рыногындағы бәсекелестікті
шектеу оны реттеу арқылы жүзеге асады, ал мұның негізгі субъектілері –
мемлекет пен кәсіподақтар. Еңбек рыногын реттеп, жөнге келтіру оған
өркениетті сипат беру ісінде мемлекет белсенді рөл атқаруы тиіс. Бұл ретте
еңбек құқығының: қатынастарды келісім-шарт арқылы реттеудің әрекет ету және
қолдану аясын кеңейту, еңбектің және оған ақы төлеудің жағдайларын
ортақтандырылған, жергілікті және келісім-шарт түрінде реттеудің
арақатынасын соңғы екеуінің пайдасына қарай өзгерту сияқты даму үрдістері
сақталуы керек (5, 13 б.(.
Халықаралық Еңбек Ұйымының құқықтық құжаттарында еңбек қатынастарын
реттеудің үштараптық қағидасына зор мән берілген. Ұжымдық келіссөздер
туралы 1981 жылғы № 154 Конвенцияға және ұжымдық келіссөздерге жәрдемдесу
туралы 1981 жылғы № 163 Кепілдемеге сәйкес еңбек қатынастарын реттеудің
негізгі жолы нормативтік-шарттық реттеу болып табылады. Кез келген
формадағы кәсіпорын әкімшілігінің жұмыскер таңдаудағы еркіндігіне шек
қойылмауы керек. Әкімшылыкті екіқабат әйелдермен, 1,5 жасқа дейінгі
балалары бар әйелдермен, бабалары 14 жасқа толмаған жалғызілікті аналармен,
жас мамандармен т.б. еңбек шартына отыруға немесе жұмыстан босатылған
адамды басқа бос орынға қойып еңбек шартын қайта жасауға мәжбүрлегенде,
мемлекет азаматтардың әлеуметтік жағынан қорғалмаған санатына қамқорлық
жасауды “өз мойнына” алып, кәсіпорынның “мойнына” жүктейді. Экономикадағы
жеке меншік сектор кеңейіп, жеке кәсіпорындар “капиталистік өндіріс
укладының сарқыншағы” емес, толыққанды шаруашылық субъектілеріне айналған
қазіргі жағдайда әр алуан әкіспкерлер одақтарымен келісе отырып
азаматтардың әлеуметтік қорғаудың нормаларын бекіту мәселесі күн тәртібінде
тұр. Еңбек ету бостандығын кең ауқымда түсіндіру қажеттігі туады (3, 21
б.(.
Еңбек ету бостандығы ұғымның мазмұны туралы мәселені шешу еңбек ету
бостандығының мәнін анықтаумен тығыз байланысты. Бұл мәселенің тек
теориялық емес, практикалық та маңызы бар. Оның қалай шешілуіне қарай,
мәселен, еңбек ету бостандығын тәрк етіп, бұзудан қорғаудың әдістері мен
шектері айқындалады.
Еңбек ету бостандығын іске асырудың екі кезеңі болатынын ұмытпау керек,
олар:
– бостандыққа ие болу кезеңі;
– бостандықты іске асыру кезеңі.
Жұмыскерлердің ие болу кезеңіндегі еңбек ету бостандығы дегеніміз – осы
құқық субъектісі болып табылатын азаматтардың еңбек ету мүмкіндігі. Іске
асыруға дейінгі субъективтік құқық ретіндегі еңбек ету бсоатныдығы туралы
айтқанда атап көрсететін нәрсе: қолданыстағы заңға сәйкес бұл – еңбек ету
бостандығының өз алдына бір дербес кезеңі, оны жүзеге асырудың өзіндік
кепілдіктері болады. Біздің ойымызша, іске асырылғанға дейінгі еңбек ету
бостандығы жұмысшы немесе қызметші (жалдамалы жұмыскер) ретіндегі еңбек ету
бостандығы есебінде ғана емес, сонымен бір мезгілде “кәсіпкерлік еңбекке”
деген құқық есебінде де қаралуы керек сияқты. Еңбек ету бостандығының
мазмұны құқық құзыреттіліктерінен құралады, яғни ол – субъекті іс-
әрекетінің заңда көзделген мүмкіндіктенінің жиынтығы. Еңбек етуге деген
конституциялық құқықтан шығатыны: еңбек ету бостандығының объектісі ретінде
еңбек қызметі осы құқықтық мазмұнын құрайтын мынандай құқық
құзыреттіліктерінің болуын қалайды: біріншіден, еңбек қызметінің аясын
таңдау; екіншіден, жұмысқа ие болу; үшіншіден, еңбектің саны мен сапасына
сәйкес және мемлекет белгілеген ең аз мөлшерден кем болмайтын ақысымен қоса
сол жұмыстың тұрақты болуы (7, 13 б.(.
Қоғамның дамуы сонымен бірге жалпы адамзат тарихында бостандықтың да
ілгері басып дамуына әсер етті. Ал бостандықтың дамуы құқықтық тұрғыда
адамдардың формальді түрде тең құқық субъектісі ретінде танылуынан
байқалады. Себебі, формальді теңдік қағидасы тек құқыққа тін. Сондықтан кім-
кімнің де бостандық қағидасынсыз және теңдік нормаларынсыз, жалпыға тән
ережелерінсіз, яғни құқық нысанынан тыс болуы мүмкін емес. Ал жеке тұлғаның
бостандығын жалпы қағида мен теңдік нормалары арқылы ғана белгілі бір
салада және формада басқа индивидтермен қарым қатынасында ғана тануға
болады. Демек бостандық санаты құқықтық философияда адаммен тығыз
байланыста қарастырылады (9, 15 б.(.
Ұзақ уақыт бойы еңбек ету бостандығының мазмұны мен еңбек ету құқығы
мәнінің анықтамасын ғалымдар дәо және даусыз түрде шешіп берген есептеліп
келді; еңбек ету бостандығының мазмұнына жұмысшылар мен қызметшілердің
(жалдамалы жұмыскерлердің) кепілді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды жауапкершілік
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Құқықтық қатынастың қалыптасу
Еңбек құқығы саласындағы тәртіптік жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі жазаның мақсаты
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Студенттерге арналған оқу құралы
Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институты
Қазақстан Республикасының және шетелдердің мемлекеттік қызметі: әкімшілік құқықтың институты ретінде
Нарықтың дамуы жағдайында жер учаскесіне құқықтарды тоқтату негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Пәндер