Популяция санының ауытқулары



1 Популяция санының ауытқулары
2 Экожүйедегі ағзалардың трафтық байланыстары
3 Ылғалдылық пен тұздылық.
Өткен тарауда біз популяцияның өсуін қарастырдық. Бұл өсудің бастапқы фазасы біткен соң популяциялардың көлемі ұрпақтан ұрпаққа ауытқуларын жалғастыра береді. Оған климаттық жағдайлардың өзгеруі (мысалы, температураның) тәрізді қоректік ресурстар да, дұшпандары да және т.б. айтарлықтай ықпал тигізуі мүмкін. Кейде ауытқулар жиі болады, оларды циклдер деп атауға болады. Оларды зерттеу қиын, ол үшін өте ұзақ уақыт қажет, өйткені жабайы ағзалар туралы мәліметтерді көбіне бірнеше жылдар бойы жинауға тура келеді. Бірқатар жағдайларда мәліметтер алу үшін тіршілік циклі қысқа зертханалық агзалар, мысалы, дрозофилдер, егеуқұйрықтар немесе кенелер пайдаланылған. Олардың популяциясы үлгі ретінде зерттелді, өйткені зертханада жағдайды егістікке қарағанда қатаң бақылауға алуға болады.
Популяцияның көлемі ұрықтанудың немесе өлім-жітімнің өзгеруінің, ал кейде екеуінің де нәтижесінде тұрақсыз болуы мүмкін. Популяциялардың колемдерін және олардың өзгерістерін зертгегенде әдетте негізгі факторды, яғни ұрпақтар ауысқанда өтетін байқалған өзгерістердің басым бөлігі үшін жауапты факторды табуға тырысады. Зерттелген жағдайлардың көпшілігінде бұл өлім-жітімге ықпал етуші фактор болып табылады.
Популяциялар көлемінің ауытқуы таза кездейсоқ сипатта болады деп күтуге болса да ақиқатында популяция көлемін кейбір шектеулерде ұстайтын бірқатар факторлар бар. Бұлар өлім-жітімнің көбеюіне немесе ұрықтанудың кемуіне ықпал ету арқылы санды азайтатын факторлар. Олар популяцияның тығыздығы артқанда аса күшті әрекет етеді, яғни бұл тығыздыққа байланысты болатын факторлар. Кейде мұндай факторларға қоректің жетіспеуі немесе жауларының көбеюі де жатады. Олардың елімге тікелей ықпал ететіндігі айқын. Ұрықтануға ықпал ететін, жақсы зерттелген реттеуші екі механизмге ағзалардың тығыз қоныстануының физикалық салдары және аймақтық әрекеттері жатады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Популяция санының ауытқулары

Өткен тарауда біз популяцияның өсуін қарастырдық. Бұл өсудің бастапқы
фазасы біткен соң популяциялардың көлемі ұрпақтан ұрпаққа ауытқуларын
жалғастыра береді. Оған климаттық жағдайлардың өзгеруі (мысалы,
температураның) тәрізді қоректік ресурстар да, дұшпандары да және т.б.
айтарлықтай ықпал тигізуі мүмкін. Кейде ауытқулар жиі болады, оларды
циклдер деп атауға болады. Оларды зерттеу қиын, ол үшін өте ұзақ уақыт
қажет, өйткені жабайы ағзалар туралы мәліметтерді көбіне бірнеше жылдар
бойы жинауға тура келеді. Бірқатар жағдайларда мәліметтер алу үшін тіршілік
циклі қысқа зертханалық агзалар, мысалы, дрозофилдер, егеуқұйрықтар немесе
кенелер пайдаланылған. Олардың популяциясы үлгі ретінде зерттелді, өйткені
зертханада жағдайды егістікке қарағанда қатаң бақылауға алуға болады.
Популяцияның көлемі ұрықтанудың немесе өлім-жітімнің өзгеруінің, ал
кейде екеуінің де нәтижесінде тұрақсыз болуы мүмкін. Популяциялардың
колемдерін және олардың өзгерістерін зертгегенде әдетте негізгі факторды,
яғни ұрпақтар ауысқанда өтетін байқалған өзгерістердің басым бөлігі үшін
жауапты факторды табуға тырысады. Зерттелген жағдайлардың көпшілігінде бұл
өлім-жітімге ықпал етуші фактор болып табылады.
Популяциялар көлемінің ауытқуы таза кездейсоқ сипатта болады деп күтуге
болса да ақиқатында популяция көлемін кейбір шектеулерде ұстайтын бірқатар
факторлар бар. Бұлар өлім-жітімнің көбеюіне немесе ұрықтанудың кемуіне
ықпал ету арқылы санды азайтатын факторлар. Олар популяцияның тығыздығы
артқанда аса күшті әрекет етеді, яғни бұл тығыздыққа байланысты болатын
факторлар. Кейде мұндай факторларға қоректің жетіспеуі немесе жауларының
көбеюі де жатады. Олардың елімге тікелей ықпал ететіндігі айқын. Ұрықтануға
ықпал ететін, жақсы зерттелген реттеуші екі механизмге ағзалардың тығыз
қоныстануының физикалық салдары және аймақтық әрекеттері жатады.
Аумақтық әрекет. Аумақтық әрекет немесе аумақтылық көптеген
жануарлардың ортасында, сонымен қатар кейбір балықтарда, рептилияларда,
құстарда, сүт қоректілер мен басқа жәндіктерде ұшырасады. Бұл құбылыс
әсіресе құстарда жақсы зерттелген. Бір аталық немесе аталық пен аналық жұп
құрып, өздеріне ұялық аумақ белгілеп алын, оны сол түрдің басқа
дарақтарының басын кіруінен қорғай алады. Дауыспеп, ал кезде көзбен қыр
көрсетудің көмегімен (мысалы, таңшымшықтың қызыл кеудесі сол үшін керек)
құс өзінің аумақтың иесі екенін көрсетеді, әдетте мұндайда шақырылмаған
"қонақтар", кейде бәсекелестер бір-біріне айтарлықтай залал келтірмейтін
шағын "жоралық шайқастан" соң кетін қалады. Бірақ бұл түрдің көршілес
аумақтары олар үшін мүлдем дерлік жабылып қалмайды, бұл жерлер әдетге ата-
аналық құстар мен олардың балапандарын қорекпен жеткілікгі мөлшерде
қамтамасыз етеді. Популяция өскенде жеке аймақтар көлемі кішірейе бастап,
оларда жаңа құстардың аз ғана саны мекен ете алады, сондықтан олардың саны
көбеймейді. Сонда мұндағы реттілік кеңістіктің шектелуімен байланысты
болып тұр.
Ағзалардың артық мекендеуі. Санды реттеудегі кеңістіктің үлкен роль
атқаратын тағы бір формасы-бұл артық мекеңдеу әрекеттілігі.
Егеуқұйрықтармен жүргізілген зертханалық тәжірибелер көрсеткеніндей,
популяцияның артық мекеңдеуі белгілі бір мөлшерге жеткенде, тіпті қоректің
жетіспеушшігі болмаса да, жануарлардың ұрықтануы кемиді.
Жыныстық мінез-құлықтарға әсер ететін түрлі гормондық өзгерістер
жүреді: шағылысуға қабілетсіздік, ұрықсыздық, түсіктер, ата-аналарының өз
ұрпақтарын жеп қоюы жиі кездеседі. Ата-аналарының ұрпақтарына қамқорлығы
кемиді де, төлдері ұяны тым жас кезінде тастап шығады, бұл олардың тірі
қалу мүмкіншіліктерін төмендетеді. Жануарлардың агрессивтілігі өседі.
Мұндай өзгерістер бірқатар сүтқоректілерге тән және ол зертханадан тыс,
табиғи жағдайларда, мысалы, далалық табиғи популяцияларда өте алады.
Популяциялар арасындағы өзара әрекеттестік. Тек бір ана түрдің
популяциялық динамикасын сирек зерттейді. Алуан түрлердің
популяцияларының арасындағы өзара әрекеттестіктердің жақсы
зерттелген бірқатар типтері бар (тұраралық өзара әрекеттестік).
Берілген нәрлену деңгейінде бұл тұраралық бәсекелестік, яғни алуан түрлер
дарақтарының арасындағы ең жақсы ресурстар үшін, мысалы, қорек пен бос жер
үшін бәсекелестік-болуы мүмкін. Соңдықтан да қауымдастықтар
экологиясы үшін орталарды зерттеу маңызды.

Экожүйедегі ағзалардың трафтық байланыстары
Энергиясы бар экожүйенің ішінде органикалық заттар автотрофты ағзаларм
ен түзіліп, гетеротрофтар үшін қорек (заттар мен энергиялардың қайнар
көзі) болып табылады.
Қарапайым мысал: жануар өсімдікті жейді. Бұл жануарды өз кезегінде
басқа жануар жеуі мүмкін, осыңдай жолмен бірқатар ағзалар арқылы
энергия тасымалдау жүреді - әрбір келесісі оған шикізат пен энергия
беретін алдыңғысымен қореқтенеді. Мұндай бірізділік қоректік тізбек деп,
ал оның әрбір түйіні – нәрлену деңгейі (грек.trophos- қорек) де аталады.
Бірінші нәрлену деңгейін автотрофтар немесе бірінші реттік продуценттер
деп аталатындар алады. Екінші нәрлену деңгейіндегі ағзалар — бірінші
реттік консументтер, үшіншідегілер — екішпі реттік консументтер т.б.
деп аталады.
Әдетте төрт немесе бес нәрлену деңгейлері болады, алтыдан асатындары
сирек.
Бірінші реттік продуцепттер. Бірінші реттік продуценттерге автотрофты
ағзалар, негізінен жасыл өсімдіктср, кейбір прокариоттар, атап айтқанда,
көк-жасыл балдырлар және фотосинтезделетін бактерияның аздаған түрлері
жатады, бірақ олардың үлесі шамалы ғана. Фотосинтетиктер күн энергиясын
(жарық энергиясын) олардан ұлпалары құралған органикалық молекулаларға
кіретін химиялық энергияға айналдырады. Органикалық заттардың өніміне
энергияны бейорганикалық қосылыстардан алатын хемосинтездеуші бактериялар
да аздаған үлесін қосады.
Су экожүйелерінде басты продуцентгер мұхиттар меи көлдердің үстіңгі
қабатының фитопланктонын құрайтындар көбіне ұсақ болып келетіп бір жасушалы
ағзалар- балдырлар болып табылады. Құрлықта өнімнің басым бөлігін жалаңаш
тұқымдастар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Популяция
ДЕМЭКОЛОГИЯ (Популяциялар экологиясы). ПОПУЛЯЦИЯ. ПОПУЛЯЦИЯ НЫШАНДАРЫ
Экология пәні ,мақсаты,міндеттері және зерттеу әдістері
Түрдің популяциялық құрылымы
Популяциялар экологиясы туралы
Популяциялар экологиясы
Биотикалық факторлар
Популяция сипаттамалары
АУТЭКОЛОГИЯ ( Организмдер экологиясы). ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР. ОРГАНИЗМ ЖӘНЕ ОРТА
Популяция генетикасы, популяция және таза линия жайында түсінік
Пәндер