Қазақ халқының салт – дәстүрлері жайлы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Қазақ халқының салт - дәстүрлері
  2. Наурыз
  3. Мәдениет және өнер
  4. Тұрмыс - салт мәдениетінің дәстүрлері.
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланылған әдебиет

Қазақ халқының салт - дәстүрлері, мәдениеті, шаруашылығы

Халықтың жалпы өмірін, шаруашылығын, қарым-қатынасын, салт-дәстүрлерін оның ұлттық тағамдары арқыды білуге болады. Қазақ халқының асы оның шаруашылығына байланысты деуге болады, өйткені олар мал шаруашылығымен айналысқан халық, сондықтан ең басты асы ет, сүт. Қонақжай көшпенді халықтың көптеген әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері біздің уақытқа дейін сақталып, орындалып келеді.

Қуаныш пен қайғы, ойын мен той халық үшін, ру үшін, туған-туысқандар үшін ортақ. Қазақ халқының қонақжайлылығын мынадан білуге болады: келген қонақтан оның кім, қайдан екенін сұрамай, оны аттан түсіріп, үйге кіргізіп, тамақтандырып, мал сойып қастерлеп күткен, өйткені оны құдайы қонақ деп есептеген.

Бұл дәстүр осы күнге дейін сақталып келеді. Қонақты сыйламау, дұрыс қарсы алмау жаман ырымға жатып, үй иесінің надандығы болып есептеліп барлық руға ұят келтірген. Қазақтың ең басты тағамы-ет, бірақ басқа халық өкілдері, етті қолмен, яғни бес бармақпен жеу себебінен бесбармақ деп атап кеткен. Етті сеиіз қой, жылқы етінен немесе сұрленген жылқы етінен жасайды. Жылқы етінің барлық мүшесі қадірлі болып саналады. Етті пісіріп алған соң, жұқа қағаздай етіп жайма нан жазып, етті түсірген соң, сорпаға бір қайнатыпалып, пияз, бұрыш, тұз қосылған тұздық жасайды. Ет жайлы табаққа салынады. Салынған мүшесіне қарай ет бас табақ, құда табақ, күйеутабақ, корші табағы болып бөлінеді.

Бас табаққа бас, жамбас, қазы, жал-жая, омыртқа және т. б. мүшелер салынады. Етті турауды да өз жәні болады. Отырғандардың ақылщысы, басы бол деп басты жасы үлкен сыйлы ақсақалға ұсынады. Ол бастың құйқасынан отырғандарға бір-бір тілім ет беріп, жастарға шешен бол деп-тілін, ақын бол деп-таңдайын бөліп береді. Сонан соң қалған етті жастар кесіп турап, мүшелерін жасына, сыйлылығына қарай бөліп береді. Ет тек туралып болған соң, үлкен ақсақал дәм алған соң ғана желіне бастайды. Балалар дастархан щетінде, отырады, етті олдарға тек ақсақал адамдар береді. Мұндай ғұрып асату деп аталады да, біздердей ұзақ және бақытты өмір сүр деген тілекке сай болып есептеледі. Ет желініп, сорпа ішілген соң жиылған жұрттың басы-ақсақал үй иесін, отырғандарды қошеметтеп бата береді. Қонақ күту салты атадан балаға ат мұра ретінде таралып келеді.

Наурыз

Наурыз Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, бұл парсы тілінің, ноу- жаңа, руз- күн деген сөзінен шыққан. Қазақтар бұл күнді Ұлыстың ұлы күні дейді, өйткені бұл күн Шығыс елдері үшін, бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Күн жылынып, қар еріп, көк шығып, өлінің тірілген күні, яғни қыста арыған мал көкке тоятын, ал адамдарадың бойы сергіп, шаттанып, қысқы ауыртпалықтан құтылатын күн.

Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, ешкімлді ренжітпейді, ренжімейді. Бұл күні адамдар бір-біріне қонаққа барып, таза киімдерін киіп, ездері де қонақ күтеді. Әр адам 7 үйге кіріп шығуы керек. Бұл көнеден келе жатқан мейрамның өзіне тән көпшілікке арналған мерекелік тағамы - наурыз көже. Наурыз көже 7 түрлі тағамнан жасалады: су, ет, тұз, май, ұн тары (күріш, бидай, жүгері) және сүт. Наурыз көженің дәстүрлік мерекелік ұлттық тағамы өте зор. Ол барлық адамдарды жомартқа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады. Сүт - жаңа жылдың нышаны болса, сүр ет ескі жылдың белгісі.

Қазіргі уақытта адамдар көктем туады, Наурыз келді - дейді. Қазіргі Наурыз мерекесі орталық көшелерде, демалыс паркінде, стадионда тойланып, онда мың-мыңдаған адамдар жиналады. Олар ақындар айтысының, ұлттық қазақша күрес, тоғыз құмалақ, бәйге және т. б. ойындарының куәгері болады. Бұл күні жасалған мерекелі қойылымдар, ұлттық ойындар Қазақстанда тұратын халықтар бірлігін, татулығын көрсетіп, ұлттық салт -дәстүрлік таныстырып, қазақ халқының мәдениетіне өз туған жеріне деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты арттыра түсіп, адамдардың бір-біріне достық қасиеттерін арттырады.

Мәдениет және өнер

«Ұлы Қазан Төңкерісіне дейін қазақтарда кәсіби музыка болған жоқ және тек төңкерістен кейін ғана . . . »- бұл көптеген адамдар үшін аксиома болған белшілі тезис. Бұл қазақтарда күйші, жырау, әншілердің шығармашылығымен көрсетілген классикалық кәсіби музыкалық дәстүрдің бұрын болғандығын осы күнгі жаппай сана үшін құпия болуына алып келді.

Музыка көшпелілердің өмірімен әрқашан бірге жүреді. Олар өнертапқыш адамдар болды, өз аспаптарын жүзінде далада табылған материалдарының барлығынан жасады(қамыстан, ағаштан, саздан, сүйектен, мүйізден, таяқтан) .

Қойшылар әдетте қой отарларын сыбызғыда әуен ойнай жүріп бақты. Діни дәстүрлер кезінде Асаяқты(кішкентай қоңыраулары бар аспап) естуге болады. Соқпалы аспаптартың үнімен жауынгерлер ұрысқа аттанды. Ақындар екі шекті домбыра мен жетігеннің сүйемелдеуімен ән салды.

Алматы облысындағы Майтөбе қойтасында табылған екі шекті домбыраның бейнесі осы аспаптың негізін ертедегі өркениеттен іздеуге мәжбүр етеді.

Көптеген мыңжылдықтардан өтіп, осы күнге дейін қазақтың екі шекті тұмар- домбырасынан мүлде ажыратусыз екі шекті домбырасының үнімен хореографиялық квартет өміршеңдігін көрсетіп келеді. Мына суреттер Орта Азия мен Қазақстанның аудандарында аңшылар мен қойшылардың ең ежелгі тайпаларының арасында жақсы дамыған музыкалық мәдениеттің болғандығын куаландырады. Материалдық мәдениеті.

Қазақтардың XVIII - XIX ғ. ғ. материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталды. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.

Қазақ халқының тұрғын үйі - материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен ерекшеленіп, қыстық және жаздық болып бөлінеді. Жазда қазақтар жығып алуға ыңғайлы киіз үйлерде, қыста - тұрақты: “ағаш үй”, “жер үй”, “қара там” деп аталатын үйлерде тұрды.

Өзінің пайдаланылуына қарай киіз үйлер үш түрге бөлінді. Қонақтарды қабылдауға арналған салтанатты үйлер көлемінің аумақтылығымен және бай жихаздарымен ерекшеленді. Салтанатты үйлер ең кем дегенде он екі қанат керегеден тұрғызылып, олардың үстіне ақ киіз бен жібек маталар жабылды. Жасаулары жөнінен неғұрлым бай үйлер үйлену тойы өтетін - отау үй болды. Ал тұрғын үйлер шағын көлемде жасалды. Кішкентай жорықтық үйлер бір түйеге ғана емес тіпті бір атқа тиеліп тасымалданды. Бұлардан басқа қоймалар ретінде және басқа шаруашылық қажеттерге пайдаланылатын үйлер болды.

Жорықтық үйлерді әскери жорықтар үшін немесе бақташылар мен жылқышыларға әдейі арналып жасалған үйлер санатына жатқызуға болады. Тасымалдауға жеңіл, неғұрлым қарапайым үй - бірнеше сыртқы конус пішінде жерге қадап, сыртын киізбен жаба салып отыра беретін шатыр күрке болды. Жорықтарда үш - төрт кереге мен уықтардан тұратын “жолама үй” жиі пайдаланылды.

Бұлармен қатар қазақтар көшіп-қону кезінде сыйымды жылжымалы күймелерді де пайдаланды.

Мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары - материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі. Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды; құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т. б. дайындалды. Осы қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды. XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.

Қазақстанда суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды.

Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның барлық аумағында бір-біріне ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалды. Олардың үлгілері тиісті өзіндік атаумен аталып келді. Ердің ең көп тараған түрі, қайыңнан шауып жасалған алдыңғы қанаты кең “қазақ ері” болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің “құранды ер” дейтін түрі таралған.

Ер-тұрман әбзелдерін жасау негізінен ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бәрі: тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, тартпа, үзеңгі, таралғы, қамшы және т. б. жасап, оларды әсемдеп-көркемдеп отырған. Қайыстан ат-тұрман әбзелдерін арнайы өретін шеберлерді “өрімші” деп атаған.

Тұрмыс - салт мәдениетінің дәстүрлері.

Қазақтарда тұрмыстық және ғұрыптық мәдениет дәстүрлері күнделікті өмірде көрініп отырды. Бұл ислам дініне дейінгі, ертедегі әр түрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты болды. Отпен тазарту “аластау” түріндегі ертедегі отқа табыну қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалды.

Ғарыштық түсініктер де маңызды рөл атқарды. Түнгі аспанды ежелден қадағалап келген қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен айрықшаланатын көптеген аспан денелерін білді, олар бойынша түн кезінде уақыт жағынан да, түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді. Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Құсжолы, Сүмбіле - таразы және т. б. осындай жұлдыздар болып саналады.

Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын. “Аспан өз әрекеттерінде еркін болды, -деп жазды Ш. Уәлиханов, -- ол әрі жарылқады, әрі жазалады. Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның ықтиярына байланысты болды. “Тәңірі жарылқасын”, “көк соққан”және “көк соққыр” деген ұғымдар, олардың шамандардан шыққанын көрсетеді”.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Абай шығармаларындағы салт - дәстүрді дәріптеу
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні жайлы
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz