Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтаудағы мұғалімнің қызметі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.5
І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1.Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнің қызметі
мен маңызы ... ... ... ... ... ...6.12
1.2.Шығармашылық белсенділікті дамыту . мұғалімнің басты міндеті ... ... ... ... ... ..13.17
ІІ ТАРАУ. МҰҒАЛІМНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1.Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ..18.22
2.2. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру жолдары ... .22.28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .29.31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ...32.33

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.
Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіладамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарында тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Әрбір оқушының еркін дамып, оның ішкі даралық және дарындылық мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтарының шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізде құрылуының маңызы зор.
Білім беру жүйесінде мектептің оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамаларын бұрынғыдай «адамның күні адаммен»емес, «адамның күні адамзатпен және табиғатпен»деген анықтамаға лайықтап құрып, оны төменедегідей бағыттарын анықтадық:
- оқушыларды бүкіладамзаттық даму үрдісінің, білім мен ғылымның, технологияның даму бағыттарына бағдарлап, соларға лайықталуына;
- нарықтық экономиканың жағдайында интеллектуалдық, экономикалық және әлеуметтік бәсекеде қажетті іскерлік қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыру, ақпараттық технология, халықаралық экономикалық, құқықтық қатынастар және әртүрлі білім-ғылым салалары бойынша энциклопедиялық білім мен тәжірибелік қабілеттер қалыптастыруға;

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан -2030» үндеуі,1997.
2. ҚР этномәдениеттік білім беру концепциясы, 1996.
3. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004.
4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
5. Педагогика. Дәріс курсы./ Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К және т.б. Алматы: Нұрлы әлем,2003.
6. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, Білім, 2003.
7. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы, Санат,2001.
8. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі./ред.басқар. С.Қалиев, т.б. Алматы,1999.
9. Методика воспитателной работы. / Под ред. Л.И. Рувинского. М,1989.
10. С. Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, Дарын, 2004.
11. Ә. Құтпанбаев, Е. Райымжанов. Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие. Алматы,2001.
12. Қожахметова К. Сынып жетекшісі. – Алматы,Әлем,2000.
13. Рожков М.И., Байбородова Л.В. Теория и методика воспитания. М, 2004.
14. Қалиев С. Үлгілі үйдің ұл-қызы. Алматы, Атамұра, 2001.
15. Қалиев С., Майғарапова Ш. Оқушылардың тұлғалық қасиетерін дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы,Білім,2001.
16. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. Алматы: РБК,1997.
17. Ильясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. Алматы, Мектеп, 1991.
18. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Алматы, Білім, 1995.
19. Құлмағамбетова, Исанова А, Исингарина М, Көккөзова М, Құрманғалиева М, Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А, Білім. 2000 жыл.
20. Кәтенбаева Б. Етістікті оқытуға байланысты грамматикалық таблица. А, 1980 жыл.
21. Жаниязов Ә. Лексиканы оқытуға арналған таблица. А, 1970 жыл.
22. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2. 2004 жыл. 78-бет.
23. Айдосова. Грамматикалық ойындар арқылы оқушылардың
белсенділігін арттыру.
23. Қанжанова Г. Ізденімпаздықтың жемісі. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003. 3. 19-бет.
24. Оралова А. Қазақ тілі сабақтарында тіл ұстарту. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004.5.
25. Әбдразаков Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі.-Шымкент, 1994 жыл.
26. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру.-Алматы, 1988жыл.
27. Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. Мем. 1-1996 жыл.
28. Безкаравайный С. Жұмабаев А. Мектепте өткізетін тарихи-
әдеби кештер .- Алматы, Мектеп, 1968 жыл.
29. Бержанов Қ. Оқу- ағартудағы халықтар достығы.- Алматы,
1976 жыл.
30. Бабанский Ю. Педагогика.- Москва .1988 жыл.

Тақырыбы: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтаудағы
мұғалімнің қызметі.
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
1.1.Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнің қызметі
мен маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..6-12
1.2.Шығармашылық белсенділікті дамыту – мұғалімнің басты
міндеті

... ... ... ... ... ... ... ...13-1 7
ІІ ТАРАУ. МҰҒАЛІМНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУ
ӘДІСТЕМЕСІ
2.1.Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-22
2.2. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2-28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 29-31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .32-33
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында Ғасырдағы экономикалық және
әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар, олардың еркі, жігері,
табандылығы, білімі делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды
орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан-
жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.
Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіладамзаттық құндылықтар,
ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында
қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне өзі сенімді, ғылыми-теориялық
білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі
әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарында тұлға
тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Әрбір оқушының еркін дамып, оның ішкі даралық және дарындылық
мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтарының шығармашылықпен нәтижелі жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен
ізгілік негізде құрылуының маңызы зор.
Білім беру жүйесінде мектептің оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамаларын
бұрынғыдай адамның күні адамменемес, адамның күні адамзатпен және
табиғатпендеген анықтамаға лайықтап құрып, оны төменедегідей бағыттарын
анықтадық:
- оқушыларды бүкіладамзаттық даму үрдісінің, білім мен ғылымның,
технологияның даму бағыттарына бағдарлап, соларға лайықталуына;
- нарықтық экономиканың жағдайында интеллектуалдық, экономикалық және
әлеуметтік бәсекеде қажетті іскерлік қабілеттері мен қасиеттерін
қалыптастыру, ақпараттық технология, халықаралық экономикалық, құқықтық
қатынастар және әртүрлі білім-ғылым салалары бойынша энциклопедиялық білім
мен тәжірибелік қабілеттер қалыптастыруға;
- жаһандану дәуірінде ұлттық рухани қазыналарымызды, қасиеттерімізді,
тіліміз бен ділімізді сақтай білуге тәрбиелеу.
Қазіргі кезеңде көптеген рухани құндылықтар теріске шығарылып,
оқушылардың сана-сезімі мен моральдық бейнесіне, жан-дүниесіне қатыгездік
пен азғындаушылық көріністерін насихаттаушы ақпараттық қысым көрсетіліп
отырған жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрісінде жалпы азаматтық,
адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және
үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін таңдап дұрыс бағытта дамыту,
әртүрлі әлеуметтік және моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету
көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1.Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнің қызметі
мен маңызы;
2.Шығармашылық белсенділікті дамыту – мұғалімнің басты міндеті;
3.Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау ерекшеліктері;
4. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру
жолдары.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: педагогикалық процесте оқушылардың
шығармашылық белсенділігін анықтауды ұйымдастырылу жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін
анықтаудағы мұғалім қызметтері мен мақсаттары.
Курстық жұмыстың міндеттері: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін
анықтаудағы мұғалімнің қызметінің тиімділігі:
- Шығармашылық белсенділік ұғымына анықтама берілуі;
- Оқушылар тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің маңызын анықтау;
- Шығармашылық белсенділікті дамытудың жолдарына сиапттама;
-Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың ерекшеліктері;
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың
әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР Білім беру туралы
Заңы; ҚР этномәдениеттік білім беру концепциясы; Елбасшысының халыққа
жолдаған Қазақстан - 2030 үндеуі; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық
әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған
педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға
ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью
әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, қоғамдағы тәрбие
процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің
құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты,
міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтаудағы
педагогикалық аспекттері деп аталатын бөлімде мұғалімнің қоғамда алатын
орны, оның қызметі мен міндеттері, оқушылармен қарым-қатынасы көрсетіліп
оқушылардың шығармашылық белсенділігі деген ұғымға сипаттама беріледі,
шығармашылық белсенділікті дамыту қарастырылады.
Мұғалімнің оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтауды
ұйымдастыру деп аталатын бөлімде оқушылардың шығармашылық белсенділігін
анықтау жұмыстары және оқушылардың шығармашылық белсенділігінің
қалыптастыру жолдары қарастырылады.

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты
мақсаттарының бірі – жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білім туралы Заңда (8-бап) білім беру жүйесінің басты міндеті
ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау делінген. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу
бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талаптар төмендегідей:
- әлеуметтік-гуманитарлық ғылым саласында негізгі оқу мазмұнын білу,
әлеуметтік жағынан қажетті ділгірліктер мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан
талдай білу, ғылыми әдістерді кәсіптік және әлеуметтік қызметтің әр алуан
саласында қолдана білу;
- адамның адамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық
және құқықтық нормаларды білу, оларды экологиялық және әлеуметтік іс
жобаларын әзірлеуде ескере білу;
- өзінің алдына кәсіптік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мақсат
қойып, оларды шешу үшін өзі оқып-үйренген ғылымның әдіс-тәсілдерін
пайдалана білу;
- өз еңбегін ғылыми негізде үйымдастыра білу, кәсіптік қызметі
саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компютерлік
әдістерін меңгеру;
- өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық
жобалармен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.
Бұл талаптар – маман даярлығына қойылатын жалпы талаптар.
Педагогикалық қызмет – қоғамдық құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастарының
өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік
прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді, себебі
ол қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Қазіргі кезеңде
мектептегі жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы,
әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен, мүғалімге
байланысты.
Мұғалімнің негізгі әлеуметтік қызметі- жас ұрпаққа қоғам міндеттеп
отырған талаптарға жауап беретіндей тәрбие, білім беру. Осы талаптарға
сәйкес орта білім беретін мектептер мен жаңа типті мектептердің ( лицей,
гимназия, колледж, атаулы, арнайы мамандандырылған мектептер) саны да
көбейе түсуде.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін
одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгіңгі
ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие. Осы бағытта
педагогика ғылымы тұлғаның барлық жағынан жарасымды болып дамуын қамтамасыз
етуді өзінің басты мәселесі деп қарастырады. Ол халыққа білім беру мен
кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіруді, теориялық білімді өнімді
еңбекпен, қоғамдық өмірмен үнемі байланыстырып отыруды міндеттейді. Мұндағы
мақсат- өскелең жас ұрпақты қоғам жұмысына белсене қатысуға әзірлеу. Ендеше
тұлғаның адами қасиеттерін барлық жағына дамыту, оның тек жеке басының
қажеттілігін ғана қамтамасыз етуді көздемейді, соны мен бірге өзі өмір
сүріп отырған қоғамның мүддесін де қорғайды.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қалыптастыру:
- отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға
дайындаған, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін,
еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
- ғылым, мәдениет, техника сласындағы білімдер жүйесін және өндірісті
ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;
- адамгершілік қасиетттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген
қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық,
шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
- еңбекте адал қарым-қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс
саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек
адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан
ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге
талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;
- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене
шынықтырумен (спортпен) үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам
өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу,
сақтау рухында тәрбиелеу, т.с.с.
Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын
тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның
балалық, жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы ерекше.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына
белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.
Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды,
адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір
байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады... Соған сәкес мектеп
тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты., жүйелі түрде ұйымдастырылуын
қамтамасыз етеді.
Мүғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі
мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен
әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау мүғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын
жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мүғалім орта немесе жоғарғы
дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен
оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы
тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің
теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола
алады.
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен
жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы
түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың
жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында
белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мүғалімнің алдындағы басты міндет –
оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға , сөз шеберлігіне, еңбек
ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман
дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық
дәрежесін, ғылыми-теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе-күн
жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалім өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді, жоғары
оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің
теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан-
жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі
бойынша институтты бітірген инженерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін
ескіреді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мүғалім үнемі ізденіп жұмыс
істейді. Сондықтан оның шығармашылық іс-әрекеттері, мысалы, арнаулы
әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелермен таныс
болуы, ғылыми семинарлармен конференцияларға белсене қатысып үлес қосуы ой-
өрісін кеңітеді.
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибені
заман талабына сай меңгеру оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі
көзі.
Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына негізделіп мектеп өңірінде
жүзеге асырыла бастаған және асырылатын ең басты мәселелер: оқытудың ғылыми
негіздерінің өмір және еңбекпен байланыстылығы; оқытудың политехникалық
принципі; арнаулы факультативтік курстар; бағдарламалап және дифференциялық
оқыту; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбектің оқу мен тәрбие жүйесіде алатын
орны; кәсіптік бағдар беру, техникалық құралдарды, компьютерлерді, оқыту
машиналарын кеңінен қолдану болып отыр. Осы мәселелерді іс жүзінде асыру
мүғалімнің тікелей психологиялық және педагогикалық білім деңгейіне
байланысты. Сондықтан ол оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып,
физиология, психология және педагогика ғылымдарындағы құбылыстардың
негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, принциптері мен ережелерін және олардың
табиғи байланыстығын, атақты физиологтар И.М.Сеченов, И.П.Павлов, белгілі
психологтар А.А.Смирнов, А.Н.Леонтьев, А.А.Давыдов, дидактар Б.П.Есипов,
М.А.Данилов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин тағы басқа ғылымдардың еңбектерін қол
үзбей оқып терең меңгереді. Сонда ғана мүғалім шығармашылық еңбектің тамаша
шебері бола алады.
Қазіргі кезеңде білімнің беделі төмендеп, мәдениеттің, рухани
байлықтың мәртебесі құнсызданып отырғанына қарамастан гуманитарлық білім
беру мәселесін шешуде негізгі тұлға – мұғалім. Себебі, білім беруді
гуманитарландыруда педагог-маманның мәртебесін көтеру елімізді өркениетті
мемлекеттер деңгейіне жеткізудің басты шарты деп есептейміз. Мұғалім туралы
қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы-ғалым А.Байтұрсыновтың
Ең әуелі мектепке керегі білімді, әрі педагогикалық әдістемеден хабардар,
оқытып білетін мұғалім - деп баға бергені бұл күнде де өз мәнін жойған
жоқ.
Осыған орай педагог маманның моделін ұсынамыз:
- педагог – ол шын мәніндегі қоғамдық-әлеуметтік даму процесінің
санасындағы күрделі жаңғыру барысына тікелей қатысы бар маман;
- педагогикалық процеске ие бола алатын әрекетті және тұтас толыққанды
қасиеті бар, шығармашылық ойлау қабілеті жетілген, өзінің білім алуға өзін-
өзі тәрбиелеу дағдысы қалыптасқан, гумандық қоғамдық еңбек қатынасын
орната алатын маман;
- педагог қазіргі заманның өркениетті, прогресшіл бағытына сай ең
жоғары мәдениетті маман.
Мұғалімнің қызметі ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық және т.б.
бірнеше бағытта жүргізіледі:
Ұйымдастырушылық бағыт мұғалімнің оқыту тәрбиелеу процесі жоспарлау
және ұйымдастыруға құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие
жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ жүргізу барысын ұйымдастыру, т.б. Бұл
үшін мұғалім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
- мектептегі педагог қызметті ұйымдастырудың негізгі формаларын;
- ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық-теориялық негізі
дидактикалық принциптері мен әдістері;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін білуге;
- оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін
сынып деңгейіне байланысты таңдай білуге;
Танымдық бағыт мұғалімнің оқушылардың ой-қызметін басқаруға байланысты
құрылады.
Бұл үшін мұғалім:
- ғылыми теорияның методологиялық және психологиялық-педагогикалық
негіздерін білуге;
-білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасып
қадағалауға;
- танымдық процестердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-
бірте жетілдіру арқылы басқаруға;
- пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім беруге;
- өткен материал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып логикалық
шешімдер жасауға;
- оқушы бойында білім алуға өз еркімен ұмтылып тәрбиелеуге;
Эмоционалдық бағыт- мұғалімнің білімге деген көзқарасын асырып, оның
оқушылардың әдүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген сезімін жоғарылату.
Ізденушілік бағыт –мұғалімнің оқу процесін жетілдіруі арқылы және
профессионалдық шеберлігін көтеруі арқылы көрінеді.
Бұл мұғалімнің психологиялық-педагогикалық қызметін талдаумен және
озат педагогтар тәжірибесін, жаңа педагогикалық технологиялы әдістерді
қызметіне ендіріп, білімін ұштастыруы.
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын
өткізу әдістемесін білуі тиіс. Сонымен қатар педагогикалық кәсіби
шеберлігіне мына талаптар қойылады:
- оқу процесін бақылауға және талдауға;
- педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;
- кез келген педагогикалық ситуацияға педагогикалық шеберлігін қолдана
білуге;
- пән сабағының құрылымына жаңа формалар, әдістер қолдану жолында
үнемі ізденіс үстінде болуға;
- сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар
қолдануға;
- өз еңбегінің жемісін болжай білуге;
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға;
- үнемі білімін жетілдіруге, орындаушылық тәжірибесін, оқушылармен
сөздік байланыс шеберлігін жетілдіруге міндетті.

міндеті .
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді
әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені, адамның қоғамда алатын
орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады.
Бұл қоғамның дамуына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру
мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп
атап көрсетіледі. Қоғамда орындаушы адамнан гөрі шығармашылық адамға
деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Көтеріліп
отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер
баршылық. Ежелден ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, ұлы
Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан ұлы ойшылар өз еңбектерінде адамның
жеке басын, қаблеттерін үнемі дамытуды көтеріп отырған.
Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Мектепте білім беру ісіндегі басты
бағдар-оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды
шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Ол үшін ең біріншіден, өз
таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын,
дамуын, қызығуын ескеріп мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің
сапасын арттырудың басты құрамды бөлігі-жақсы түсінікті тілмен жазылған
оқулық. Бұрынғы әдіске арналған оқу үрдісінде мүғалімге басымдылық рөл
берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділігі көрсетілуі тиіс. Ол
өздігінен оқуы тиіс, ал мүғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы; әрбір
оқушының жеке қызығуы мен мумкіндіктерін ашу. Әрбір оқушы басқа оқушымен
салыстырылмайды, керісінше, дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады.
Мектептерде шығармашылық сабақтарды жиі өткізу оң нәтижеге бастайтыны
тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Мүғалімнің кез келген сабағы
шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы
жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының білім беру жүйесінің
міндеттері туралы бабында жеке адамның шығармашылық рухани және дене
мумкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы
интелектін байыту деп көрсетілгендей, қазіргі қоғамымыз шығармашылық
қабілеті бар, талантты іскер адамдарға мұқтаж болып отыр.
Қазақстан республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарында білім беру
үрдісін оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстармен қамтамасыз етуді жетілдіру,
білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту және білім беру
жүйесін қаржымен, білікті де білімді кадрлармен қамтамасыз етуді жетілдіру
міндеттері қойылған. Осы бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде кәсіби
міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешу үшін бәсекеге қабілетті
маманды даярлауды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі
құрылатын және білім беру саласындағы ғылыми және инновациялық қызмет
жандандырылатын болады деп күтілуде. Соның негізінде жоғары оқу
орындарындағы әрбір оқу пәні оқушылардың шығармашылық белсенділігін
арттыруға әсерін тигізбек.
Шығармашылық белсенділікті біз адамның жете түсінудегі талпынысынан
туындайтын белгілі зерттеушілік және қоғамдық пайдалы маңызы бар
міндеттерді шешуге жетудегі әрекетшіліктің жоғары сапалы деңгейі деп
анықтай аламыз.
Оқушыларды оқу ордасында білім алуға белсендіру жолдарының әрі – жаңа
технологиялар жүйесі мен жаңа оқыту әдістерін қолдану. Жаңа оқыту
әдістеріне қазіргі кезде көп қолданылып жүрген активті және интерактивті
әдістерді айтуға болады.
Активті және интерактивті әдістерге ойын түрінде өткізілетін
сабақтар (іскерлік ойындар, рөлдерді ойнау және т.б.), пікірталас, саяхат,
психологиялық тренинг, нақты жағдайларды талдау, өзекті мәселелерді шешу.
Интерактивті әдістердің тағы бір түрі – дәрістік, зертханалық,
тәжірибелік сабақтарда компьютерлік мультимедияны қолданып жүргізу, яғнм
компьютерді немесе жаңа техника мен технологияларды қолданып білім беру
әдістерін айтамыз.
Қазіргі кезде тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орындарында
болашақ мұғалімдерін даярлау деңгейі психологиялық-педагогикалық,
дидактикалық -әдістемелік тұрғыда әлі де болса төменгі деңгейде қалуда.
Сондықтан әрбір оқытушы пәнді қалай оқыту, нені оқыту қажеттігіне көз
жіберіп, өздерінің жұмыс бағдарламасы мен өмірлік қолданысының сапасына
баса назар аударуы керек. Жоғары оқу орындарындағы тәжірибелік-зертханалық
дәрістерді ескі жүйе бойынша емес, қазіргі жаңа ақпараттық технологияны
қолданып байланыстыра отырып баянды түсіндіру жолдарын іздестірген жөн. Ал
студенттер оқытушының берген білімдерімен шектеліп қана қоймай, оны әрі
қарай өз бетінше белсенді, танымдық және шығармашылық іс әрекеттердің
арқасында дамытуы қажет.
Оқытудың дамытушылық мақсаты оқушының шығармашылық жеке тұлғасын
қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін , ынтасын дамытуға, яғни оны
қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған, Тәжірибелік мақсаты
оқушының қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде тәжірибелік
есептер шешу және оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындау көзделсе, ал
тәрбиелік мақсаты оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке, жоғары
салалылыққа және ақпараттық мәдениеттілікке баулуға негізделген.
Бүгінгі таңда оқушылардың үздіксіз білім алу міндеттерін жетілдіруіне
сай оқытушылардан олардың ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық және
шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты
іскерліктерімен дағдысын тәрбиелеу талап етіледі. Ол үшін өзіндік жұмыс
оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқу үрдісінің өн
бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әр түрлі өзіндік жұмыстары
негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін
арттыруға болады.
Оқушылардың таным белсенділігі дегеніміз – оқуға қажетті білім мен
дағдыны меңгеру және оларды өмірде пайдалана білуге, үйренуге деген саналы
әрекеті.
Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта
болады: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы
әрекетінің сыртқы көріністері ( белсенді қимыл қозғалыстары, тәжирибелік
әрекеттері, оқытушыға зейін қойып қарауы, мимикасы, т. б.). Ал ішкі
белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке
басқа тән маңызды қасиет болып саналады. Ал қасиетсіз адамның жұмысы
нәтижелі болуы мумкін емес.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту
үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттыру ұстанымын жүзеге асыруды мақсат
еткен оқытушы сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға
тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (
еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға
негізделген белсенділік) түрлері болады.
Шығармашылық белсенділік оқушының жоғары саналығы мен дербестігін
керек етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму
дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл және
сойлеу, ойын және оқу ( таным), өзін өзі тәрбиелеу, т.б. белсенділіктер.
Оқушылардың шығармашылық белсенділіктеріне өз бетінше орындалатын
баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы мен көрнекі құралдар, моделдер,
конструкциялық, т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Професор Р.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ұйымдастыру мына шарттарға болмақ:
- оқушының істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;
- жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
- жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz