Бұқаралық ақпарат құралдардың теориялық метадологиялық негіздері


Жоспар
КІРІСПЕ . . . 3-5бб
І. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МЕТАДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6-11бб
1. 1 Бұқаралық ақпарат құралдары құбылыс ретінде . . . 12-17бб
1. 2 БАҚ-ның құрылымы мен қызметі . . . 18-23бб
1. 3 БАҚ - билік ресурсы ретінде . . . 24-35бб
II. БАҚ-НЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ
ОРНЫ МЕН РӨЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . . 36-37бб
2. 1 а. Баспасөз . . . 38-42бб
б. Телевидение . . . 42-44бб
в. Радио . . . 44-46бб
2. 2 БАҚ-ның қазіргі Қазақстандағы өзекті
даму тенденциясы . . . 47-55бб
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56-57бб
СІЛТЕМЕЛЕР . . . 58-60бб
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61-63бб
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Міне XXI ғасырға адамзат зор жетістіктермен, ілгерішіл саяси- әлеуметтік, экономикалық, табыстармен еніп отыр. Дәл осы өркениеттік үрдіспен қоғамдық даму да алға басып барады. Соның бір парасы, әрине, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының кең қанат жаюы дер едік.
Негізінен, XVI-XVII ғасырдан бастау алатын бұқаралық ақпарат құралдарының нақты жұмыс процесі қазір де лайықты жалғасын тауып келеді. А. Байтұрсынов бабамыз “Газет - халықтың көзі, құлағы және тілі” демекші, көп жетістіктердің болмысы мен сипатын осынау БАҚ-тың прогрестік мәнінен аңғарамыз.
Ақпараттық технология барған сайын өз мүмкіндіктерін тереңдей ашуда. Бұқаралық ақпарат құралдары, барлық уақытта мемлекетаралық қатынастарды нығайтуда, халықтар арасында жайма шуақ, достық қарым қатынас орнатуда, экономикалық - саяси және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуде, жалпы азаматтық құндылықтарды насихаттау мен таратуда орасан рөл атқарып келеді.
Ал жаһандану кең құлашын жайған XXI - ғасырда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның алдында тұрған міндеттердің аумағы өсіп, неғұрлым жауапты бола бастады. Елдер мен халықтардың жақындасуына белсенді ықпал ете отырып, баспасөз, электронды бұқаралық ақпарат құралдары іскерлік пен мәдени ынтымақастықтың жаңа мүмкіндіктерін ғана ашып қана қоймай оны дамытудың түрлі жолдарын көрсетуге күш салуда.
Негізінен баспасөзге, бүтіндей бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты “қоғам өмірінің айнасы”, “саяси қызметтің қаруы”, “төртішші билік тұтқасы” деген айтылуы тегін емес.
Егер БАҚ-тың соңғы оншақты жыл көлеміндегі бүкіл табиғатына, атқарған қызметіне зер сала қарасақ, жоғарыда айтылған баламалардың негізі бар екендігіне көз жеткізуге болады.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Қоғамдағы саяси-ақпараттық, экономикалық, мәдени-рухани процестердегі БАҚ-тың қызметін талдауға, қазақстандық ақпараттық саясаттың қалыптасуы мен бүгінгі проблемалық мәселелеріне арналған немесе көпшілікке ұсынған К. С. Гаджиевтің “Политическая наука”, Я. Н. Засурскийдің “Основные понятия журналистики”, Е. П. Прохровтың “Введение в теорию журналист”, М. К. Барманқұловтың “Телевидение: деньги и власть”, Ғ. Ж. Ибраеваның “Политика и телевидение”, С. Қ. Қозыбаевтің “Крах и новые витки СМИ Казахстана в мировом коммуникативном пространстве”, А. С. Сарсенбаевтің “Становление демократической системи средств массовой информаций Республики Казахстана”, ғылыми-диссертациялық, публистикалық еңбектері бұл саладағы алғашқы құнды зерттеулердің қатарына жатады. Бұл ғалымдардың қай-қайсысы да БАҚ-тың қоғамдық саяси өміріміздегі алар орнын барынша білгірілікпен талдап, өз көзқарастарын білдіреді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазіргі Қазақстанның мәдени - ақпараттық негіздерін айқындау және саяси өмірдегі орны мен рөлін ашып көрсету болып табылады. Яғни, БАҚ-тың алға қойған мақсат-мүддесі мен позициясын анықтау керек. Мұның өзі сайып келгенде, саясат пен қоғам дамуына, елдік мүддеге қатысты болып келеді де, бұқаралық ақпарат құралдарының әр жерде өзіндік ерекшелігі болатынын жоққа шығармайды. Сонымен қатар Қазақстанның билік саласының бір бөлігі ретінде және БАҚ-сыз қоғамды елестету мүмкін емес екендігін көрсету.
Зерттеу жұмысының объектісі. Тәуелсіз Қазақстанның саяси өміріндегі БАҚ-тың алатын орны. Мысалы, саясаттанушы К. С. Гаджиев “ . . . БАҚ-ы саясат пен шығармашылықтың синтезі ғана емес, ол “төртінші биліктің” басалқы элементі”- деп баға береді [1. 252б] .
Бүгінгі таңдағы көптеген саясатшылар мен саясаттанушылардың пікірі осы ыңғайлас болып келеді. Бұл арада мынаны айту керек. Қазақстандық жас демократия даму деңгейде дамыса, оның бүкіл табиғаты қазақстандық БАҚ-тың даму деңгейімен тағдырлас болды. Себебі, пікір еркіндігі мен сөз бостандығының шынайылығы БАҚ-тан ғана көрініс табуы.
Осы тұста журналистиканың саяси сахынадағы рөліне баға беріп жүрген ғалым Е. П. Прохоровтың “ . . . қоғамдық пікірді қалыптастыра білетін БАҚ-ның биліктегілердің таңдау құқына әсер етуі мүмкін, тіпті олар билік басына оппозициялық күштерді алып келуі де ғажап емес. ” деген пікірін айтады [ 2. 79б] .
Ал, саясаттанушы А. С. Сарсенбаев өтпелі кезең тұсындағы “төртінші биліктің” ақпараттық кеңістіктегі алар орнына сипаттама береді. Демократиялық қрғам құру жолындағы күрестегі баспасөз өкілдерінің атқарар рөліне назар аударады [3. 26б] .
Зерттелу жұмысының пәні. БАҚ-тың құрылымы, қызметі, Қазақстандағы БАҚ-ң қалыптасу жолдары мен даму тенденциялары. Ал, мұның бәрі бір жағынан БАҚ-тың даму мүмкіндігін кеңейтеді, ол шын мәнінде саяси билікке ықпал ететін күшке айнала бастайды.
Осы айтылған жағдайлар түптеп келгенде, жаңа дәуір талабына сай өз қызметін құрсам деген талпыныс қазақстандықтардың БАҚ-ын тұтастай әлеуметтік, саяси институт ретінде қалыптастыруға итермелейді. Яғни, ол әлеуметтанудың, саясаттанудың қайнар көздерінің бірі бола алады.
Өйткені ашық ақпараттық кеңістік саясатының үстемдігі оқырмандар мен көрермендердің пікір алуандылығына кепілдік берсе, мұның өзі қалың қауымның көзқарастары мен пікірін тиянақты зерттеу факторына айналды.
Сөйтіп БАҚ-ры әлеуметтің белгілі бір мәселелер төңірегіндегі көңіл-күйін ғана зерттеп қоймай, қоғамдық пікір қалыптастырудың құралы да болды. Себебі, жаңа ақпараттық кеңістіктегі ақпараттық саясат, оның елеулі нәтижелері билік басындағылар мен мамандардың назарын аудартпай қоймайды, тың шешімдер қабылдап, өмірге енгізуге итермелейді.
Әдістемелік негізі. Бұл жұмыста демократиялық ақпарат кеңістігін қалыптастыруына байланысты Қазақстандық және шетелдік авторлардың ғылыми жұмыстары мен елімізде өткен Еуразиялық медиа-форумдар материалдары және Елбасының халыққа жолдауларын, БАҚ туралы Заң және мақалалар мен деректерді және де белгілі саясатшылардың оқулықтарына сараптама жасадым.
Деректемелік базасы. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1998ж, “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңы 1999ж. Президенттің “Қазақстан халқына Жолдауы”2003 жылғы сәуір айы.
Біздер бұқаралық ақпарат құралдарындағы еркіндікті шынайы демократияның ажырамас бір бөлігі деп білеміз.
Бұл ретте “Мемлекет пен бұқаралық ақпарат құралдары бір-бірін қолдай отырып дамиды”-дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед. Сондықтан да өткір тілді, шынайы объективті сынға негізделіп құралған қазақ тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары алдағы уақытта көбейе берсе дейміз. Бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі - мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдардың алдындағы міндеттері мен мақсаттарын айқындап алуы. Осы орайда алдымен мемлекет нақты іс-әрекетке көшті [4] .
Ал, Д. Назарбаева: “БАҚ-ның алдында тұрған міндет, ең алдымен жүктелер жауапкершілікке мемлекеттік тұрғыдан қарау керек”-деді [ 5 ] .
Десек те, уақыт өткен сайын БАҚ-да қызмет ететін тұлғалардың беделі арта түсуде. Оның үстіне 2002-жылғы Алматыда Дүниежүзілік журналистердің медиа-форумының өтуі әлем қауымдастығы алдында Қазақстан БАҚ-ның абыройы биік екенін көрсетті. Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық-саяси өмірдегі маңызды саяси науқан - сайлауға да ықпалы зор екенін атап айтуға болады. БАҚ-қа деген ерекше ықылас, назар аударудан туған оң тенденция, халықтық ниет-пиғылдан келіп шығатын пікір-түйіндер нәтижесі болып табылады.
Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары жер жүзі бойынша шекараны білмейтін сала. Бірақ, бұл орайда әлі талай ізденістер мен зор еңбектер керек.
Дипломдық жұмыс: кіріспеден, екі тараудан, әр тарау үш парографтан тұрады және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Бұқаралық ақпарат құралдардың теориялық -
метадологиялық негіздері.
Коммуникация әлеуметтік құбылыс ретінде XX-ғасырдың басында зерттеле бастады. Оның ішінде бқұаралық коммуникацияны зерттеуге көп көңіл бөлінді. М. Вебер 1910-жылы бұқаралық ақпарат құралдарының социологиялық асбектіде зерттелу қажеттілігін метадологиялық тұрғыдан негіздеп берді. Ол баспасөздің әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы үстемдігін және адамның осы қоғамның мүшесі ретінде қалыптасуына ықпал ететінін дәлелдеп береді.
Кейіннен БАҚ-ты зерттеу 3 аспекті де қарастырылды:
- теоретикалық,
- прагматикалық,
- экспериментальды-қолданбалы.
Бұқаралық ақпарат құралдарды зерттеудің негізгі теоретикалық бағыты оның негізгі мәнін түсінуге негізделген. Бұл теорияны үстем ететін функциясына сәйкес 3 топқа біріктіруге болады:
- саяси бақылау
- рухани бақылау
- мәдени бақылау.
Сонымен бірге БАҚ-тың рөлін зерттейтін Ақпараттық қоғам теориясы жеке қарастыруды талап етеді.
Теорияның бірінші тобында - БАҚ-ры саяси бақылаудың функциясы, саяси билік рөлін атқарушы ретінде айқындалады. Оның өзі 2 топқа бөлінеді:
1. материальды-экономикалық
2. идеологиялық
Бірінші материальды-экономикалық топқа: Бұқаралық қоғам теориясы жатады. Онда қоғамның беделді және билік институттарының өзара әрекеттерінің нәтижесінде БАҚ-ы билік ұғымының саяси-экономикалық бағытын қолдай отырып, халықтың өз қиыншылықтарын аз уақыт болса да ұмытып, рухани тептеңдікті қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл өз кезегінде билік құрылымдарының халық үстінен бақылауы мен қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Бұл теория БАҚ-тың қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін ерекше атап көрсетеді. БАҚ-ры - бір жағынан қоғамдық пікірді бақылап отырса, ( бұл В. Парето мен К. Мангеймнің еңбектерінде жақсы көрсетілген) екінші жағынан - адамдарға қиын жағдайда өмір сүруге көмектеседі. Бұл теорияның осы және басқа да үлгілері БАҚ-ын ең алдымен өндіріс құралы ретінде қарайтын марксистік түсінікке негізделеді.
Саяси-экономикалық теория ( Г. Мердок, П. Голдинг) марксизмнің постулатін пайдаланады. Онда ең алдымен БАҚ-тың функциясын айқындайтын экономикалық фактор алдыңғы қатарға шығады. Саяси фактор да бұнда есепке алынады, себебі БАҚ-ы жеке меншік иелерінің қолында.
Сындық теория қоғамдағы әлеуметтік процестерді анализдеу де неомарксистік әдіске негізделеді. (М. Хоркхаймер, Г. Маркузе, Т. Адорно) . Маркстің жұмысына таптың революциялық мүмкіндіктері туралы идеясына сынмен қарайды.
Ал, екінші идеологиялық топқа : гегемония теориясы мен бұқаралық коммуникация теориясы жатады.
БАҚ-ның гегемония теориясы (үстемдік) немесе масс-медиалық үстемдік теориясы (Н. Пулантзас, Л. Альтюссер) . Бұл теориядағы “гегемония” сөзі үстемдік етуші идеология ретінде айтылады. Бұл теория БАҚ-тың қоғамдағы өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті, қуатты механизм ретінде рөл атқаруына байланысты пайда болады.
Кеңестік социологиялық мектеп . (Б. А. Грушин, Б. М. Фирсов) марксистік-лелиндік метадология негізінде әлеуметтік қарым-қатынас түрі ретінде Бұқаралық коммуникация теориясын жасап шығарды. Бұл теория бойынша Бұқаралық коммуникация адамдар әлеуметтік сезім мен әлеуметтік тәжірибеге ие болған кезде ғана жүзеге асады. Бұл жерде рухани іс-әрекет пен қоғамдық пікірді зерттеумен қатар, идеологиялық үгіт-насихатқа көп көңіл бөлінеді. Ал теорияның екінші тобына құрылымдық-функционализм метадологиясына негізделіп жасалған теориялар жатады.
Құрылымдық-функциональдық теория социологияда әлеуметтік-функциональды мектепті қалыптастырған американдық социолог Т. Парсоностың социологиялық теориясына және қоғамдағы барлық іс-әрекеттер оның қажеттілігінен туындайды деп есептейтін американдық социолог Р. Мертонның ойына негізделеді. БАҚ-ры өзін-өзі ұйымдастырушы және өзін-өзі бақылаушы жүйе ретінде қаралады.
Үшінші топтағы теория үшін бұқаралық коммуникация мен БАҚ-тың рөлін түсінуде социо-мәдени бағыт тән. Қазіргі уақытта бұл бағыт дамып келе жатыр.
Франкфурттік мектеп өз іс-әрекетінің екінші кезеңінде бұқаралық коммуникацияның мәдениеттанушылық қалыптасу мәселелеріне көңіл бөле бастады(Т. Адорно, Г. Энценсбергер) . Бұл мектептің өкілдері қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды күрделендіре түсетін факторларды талдауда тарихи бағыттың (әдістің) маңыздылығы туралы марксистік постулатты сақтап қалды.
Бирмингемдік мектеп 1970-жылы қалыптаса бастады. Ол бұқаралық мәдениеттің қоғамдағы рөліне қарама-қарсы көзқарасты ұстанады (С. Холл) . Оның өкілдерінің еңбектері мен жұмыстарында бұқаралық мәдениет пен жастар, жұмысшы, этникалық азшылықты құрайтын әртүрлі әлеуметтік құрылым арасындағы өзара ықпал ету процессіндегі БАҚ-ның рөлін неғұрлым мұқият зерттеуге тырысты. Сонымен қатар бұқаралық мәдениеттің позитивті рөлін мойындайды.
Бұқаралық коммуникацияның мәдениеттанушылық теориясын Г. Маклюэн мен А. Моль ұсынды. Мәдениеттанушылық бағыт бұқаралық мәдениет БАҚ-н пайдалана отырып, девиантты оппозициондық элементтердің жалпы әлеуметтік контексінен байланысына қалай ықпал ететінін түсіндіруге тырысады.
Г. Маклюэн әртүрілі қарым-қатынас құралына негізделген мәдениет жүйесінің типологиясын жасады. Оның ойынша, бұл адам мен коммуникативті құралдар арасындағы қарым-қатынасты түсіну үшін қажет.
Ақпараттық қоғам теориясының негізінде Д. Белл жасап шығарған постиндустриальды қоғам концепциясы жатыр. Бұл теорияның постулаттары мынаған келіп саяды:
- ақпарат өндірістің басты қайнар көзі және құралы;
- БАҚ - ақпаратты қолдау мен оның бағасы үшін қуатты стимул, олар коммуникативті технологияларды стимулдандыра түседі;
- Қоғамдағы өзгерістер ақпараттың мазмұнында емес, оның тасымалдануы мен келешекте қолдануының әдіс-тәсілдерінде.
Қарастырылған теориялар БАҚ-ның рөліне бағытталған. Біреулері биліктің БАҚ-тың үстінен үстемдігін, қоғамның мәдени деңгейінің түсіп кеткенін, қоғам интеграциясының әлсірегенін айтады. Екіншілері, керісінше, БАҚ ақпаратты еркі таңдау жағдайында көптеген артықшылықтарға ие болғанын айтады [6. 26-27бб] .
Біздің отандық зерттеулерде БАҚ-ның тек қана рөлі ғана емес, оның қоғамдық санаға әртүрлі каналдармен ықпал еудің ерекшеліктерін зерттеуге көп көңіл аударылған.
Жалпы, коммуникация теориясы мен ақпарат теориясы негізінде бұқаралық коммуникация философия, социология, психология, этнография, лингвистика және т. б. қоғамдық ғылымдармен бірге қаралады. Бірақ теоретикалық және прагматикалық аспектілер үшін ең маңыздысы психолингвистика, социопсихология, социолингвистика, социокоммуникация т. б. ғылыми дисциплиналар болып табылады. Себебі, бұқаралық коммуникацияны күрделендіре түсетін көптеген факторлардың өзар іс-әрекетін зерттеу оның механизмін, қоғам мен адамға ықпал ету әдісі мен құралдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Психолингвистикада тілдің ықпал етуі мен мүмкіндіктері қаралады ( А. А. Монтьев, Е. Ф. Тарасов, Ю. Л. Сорокин) . Бұл коммуникативті фазаның ерекшеліктерін терең зеттеуге мүмкіндік берді. Коммуникативті процестің ерекшеліктеріне сәйкес 2 фазалық, кей жағдайда 3 фазалық коммуникация теориясы келіп шығады: коммуникативтіге дейін - коммуникативті - посткомуникативті.
Бұл біріншіден , ой тілмен рәсімделеді, коммуникативті бірліктер (сөйлеу, дискурс) тілдік бірліктерге қарағанда (сөз) коммуникация процесінде қалыптасады.
Екіншіден , бұл сөйлеумен байланысты. Үшіншіден , посткоммуникативті фазаның пайда болуы - шешім мен нақты іс-әрекеттің туындауына әкеліп соқтырады.
Социопсихология үшін қоғамдық сананың өзгеруіне әсер ететін психологиялық жағдайларды анықтау маңызда болып табылады. Эксперимент түрінде қандай да бір әлеуметтік жағдайға жалпы бұқара қалай қараса, сол топтың адамы да солай қарайтыны дәлелденген. Бұл әрине, егер осы әлеуметтік топтың өзіндік санасы бар болса ғана дұрыс жүреді. Ал, егер бұлай болмаса, онда болжам қате болуы мүмкін, және тек әлеуметтік ықпал ету процесін ғана емес, сонымен қатар, көптеген факторлармен негізделетін өзара ықпал ету іс-әрекетін зерттеуге тура келеді.
Социолингвистикалық аспектіде бұқаралық коммуникация тілдің әлеуметтік қарым-қатынас түрі ретінде түсіну жағдайында қалыптасу ерекшеліктерін зеріттейді. Осындай мақсатта мерзімді баспасөз стилінің қалыптасу ерекшеліктері зерттеледі( В. Д. Швейцер, Г. Я. Солгоник) . радио-телебағдарлама ( М. В. Зарва, С. В. Светана) . Ең негізгі зерттеу мәселесі - әлеуметтік дифференцияция, интеграция, интерференцины күрделендіре түсетін әлеуметтік және лингвистикалық факторлардың ықпал ету механизмін анықтау болып табылады.
Классикалық (сызықтық) модель . 1948ж Г. Лассуэл коммуникативті процестің жай, қарапайым моделін ұсынды. Олд 5 элементтен тұрады:
кім? (ақпарат береді) - коммуникатор;
не? ( беріледі) - хабар;
қалай? ( жүзеге асады) - канал;
кімге? (бағытталған) - аудиторияға;
қандай эффектімен? (хабардың тиімділігі) - нәтижесі.
Бұл схеманың әрбір элементі - көптеген зерттеушілердің объектісі болып табылады. Мысалы, коммуникатордың сипаты анықталады. Адамның сөйлеген сөзі тиімді эффект алуы үшін, ол тыңдаушылырдың пікірі бойынша, компенентілікке ( белгілі-бір білім мен дағдыға), сенімділікке (сенім тудыра білуі керек), динамизмге (жеке басының ашықтылығы, белсенділігі, энтузиазм) ие болуы керек.
Интернционистік (әлеуметтік-психологиялық) модель . Оны Т. Ньюкомбо жасап шығарды. Ол өзара сөйлесіп отырып адамдардың қарым-қатынасын ескеруді ұсынады. Егер де екеуі де бір-біріне жақсы қатынаста болса, олар сол әңгіме болып отырған объектіге байланысты бір жақты көзқарасты ұстауға тырысады. Ал егер, олардың арасындағы қатынас жаман болса, онда екеуінің ұстанған көзқарасы да әртүрлі, қарама-қарсы болады.
Шулы модель , инженер К. Шеннон коммуникацияны телефонды байланыс құралы арқылы сипаттаса, В. Вивер коммуникацияның барлық түріне шу - коммуникацияны қиындататын кез-келген кедергілерді кіргізеді.
Г. Лассуэл мен К. Шеннон, В. Виверлердің моделдері бір бағыттағы процестер. Әрине, бұндай модель шынайы коммуникациядан алыс емес. Кейінгі моделдердің авторлары коммуникация процесінің компрненттері мен факторларын олардың көптеген үлгілерін анықтауға тырысты. Мысалы, неміс зерттеушісі Г. Марецки ұсынған факторлы модель жатады. Онда коммуникация процестерінің контекстін құрайтын ондаған факторлар айтылады.
1954-жылы В. Шрамм мен К. Осгуд коммуникацияның циркулярлы моделін ұсынады. Онда ақпаратты беруші және алушы өзара тең бірдей қарым-қатынасқа түседі.
Осылайша, коммуникацияның негізгі элементтері тұтастай ғылыми айналымға енеді. Бұндай элементке коммуникатор, ақпарат(хабар), коммуникант, канал, нәтиже, кері байланыс, дыбыс(шу) жатады.
Текстік модель (А. Пятигорский) . Оның ойынша басқа адамдарға байланысиы белгілі-бір коммуникативті жағдай туындайды: “Текст бірден-бір жағдайда пайда болады: субъективті жағдайда, ал ол көптеген объективті жағжайлар негізінде уақыт пен орынға байланысты қабылданады. Ал хат үшін уақыт маңызды емес; керісінше коррепонденцияның негізгі ағымы- уақыты қалай да қысқарту. Идеалды түрде хат - таза кеңістіктік құбылыс, онда уақытты үнемдеуге болады (телграмма, фототелеграмма және т. б. ) ”.
Кофликтологиялық модель ( У. Юри ) конфликті шешудің 3 деңгейін ұсынады:
1. мүдделер. 2. құқық. 3. күш.
Мүдделер бұл - қажеттіліктер, тілек, қорқыныш, яғни бізді толғандыратын нәрселер.
Құқық деңгейінде - сотқа шағымдану, кімнің дұрыс екенін анықтау.
Күш деңгейінде - забастовка, соғыс, төбелес жатады. Бұл, яғни кім күшті екенін анықтау [6. 30б] .
БАҚ-н саясаттандыру - қалай масс-медиа біртіндеп саяси процеске еніп бара жатқанын, оның бөлшегі бола бастағанын көрсететін құбылыс. БАҚ-н саясаттандырудың бірнеше деңгейі мен аспектілері бар:
- БАҚ-ның жеке саяси күшке айналуы;
- Партиялық БАҚ-ның пайда болуы;
- Саяси БАҚ-ның санының көбеюі;
- БАҚ-н саяси мақсатқа пайдалану;
- БАҚ-н сайлау алды күресте пайдалану;
- Саясаттанған БАҚ санының ұлғаюы.
“ БАҚ саяси іс-әрекеттің құралы ” атты концепциясы . Бұндай концепцияны марксизм ұстанған. Марксизм баспаны “ ұйымдық организатор, агитатор, насихаттаушы ” деп жариялады. БАҚ-ң белсенділігі осы концепцияда өсе түседі, алайда тұтастай саяси конъюнктураға бағынышты.
“БАҚ - қоғам айнасы”концепциясы. Бұл концепцияда БАҚ - қоғамдағы процестерге белсенді араласады, олар қоғамдық-саяси жағдайға өзіндік “диогноз” жасайды. Ал шын мәнәнде БАҚ қоғамдағы жағдайларды нақты объективті тұрғыдан сипаттап, оны түзету үшін дұрыс жолдарды сілтеуі қажет.
“БАҚ- төртінші билік” концепциясы. Бұл концепция БАҚ-н жеке саяси күш ретінде қарайды. БАҚ жеке, тәуелсіз, ол қоғамды басқаруға қатысады. Концепция сонымен қатар, қазіргі БАҚ-ы басқа да саяси субъектілер мен бірге өзінің арнайы мүдделері бар екенін, оларды тиімді жүзеге асыра алатындығын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz