Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие


Тақырыбы: Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3
І Бөлім Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие берудің педагогикалық негіздері
1. 1. Оқушы - жастарға полимәдени тәрбие беру - өзекті педагогикалық мәселе . . . 5
1. 2. Көпэтносты Қазақстан жағдайында оқушыларға полимәдени тәрбие берудің ерекшеліктері . . . 10
ІІ Бөлім Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыларға полимәдени тәрбие беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары
2. 1. Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыларға полимәдени тәрбие берудің құралдары, әдістері мен түрлері . . . 18
2. 2. Қазіргі мектептің біртұтас педагогикалық процесінде көпмәдениетті оқушы тұлғасын қалыптастырудың ерекшеліктері . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 42
ҚОСЫМША . . . 44
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.
Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты көпмәдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ қана ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.
Жас азамат мәдениетті дегеніміз - инабаттылық, сыпайылық, жинақтылық білімдер тәжірибелер мен әрекеттер, мінез-құлықтар. Ең бастысы, жас ұрпақ тұлғасы мәдениеттінің негізгі және құрамды буыны оның эстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді.
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және көэтностық-полимәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.
Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің сатысы - жалпы білім беретін мектеп өскелең ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тєрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.
Жаһандану дәуірінде көпэтностық-полимәдени сәйкестілік мәселесі үлкен маңызға ие болуда. Адамзат қоғамы екі бағытта дами алады деп болжайды: мәдениеттің бір-бірімен араласуы немесе мәдениеттің бір-біріне қайшы келуі. Бірақ, екі көзқарас та тарихи дағдарысқа алып келуі ықтимал. Бұдан шығудың үшінші жолы бар, ол мәдениеттердің диалогы, мұндай жағдайда бірде-бір мәдениет өз ерекшелігін жоғалтпай, әлемдік қоғамға шығуына мүмкіндік алады. Міне, сондықтан да мәдениеттердің диалогына шығу проблемасы көпэтностық-полимәдени сәйкестіліктің қалыптасуы арқылы шешіліп, этникалық қауымдастықтардың мәдени түрде өзара әрекеттесуіне әкеледі.
«Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру» тұжырымдамасында (1996) атап көрсетілгендей, халықтың этностық-мәдени сәйкестілігі өз тарихында, мәдениетінде болған оқиғаларды білу, қалыптасқан рухани құндылықтарға адалдық, ұлт қаһармандарын қастерлеу нәтижесінде құралады. Ол ұлттық азат және ерікті жасампаздық шығармашылығы процесінде қалыптасады. Этностық-мәдени сәйкестілік жағдайына халықтың өзі тудырған әлеуметтік-мәдени жүйе арқылы қол жетеді. Бұл жүйеге отбасы, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, ұлттық, мәдени орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, көркем және ғылыми әдебиет, ғылыми-зерттеу және әкімшілік мекемелері, тағы басқалары жатады.
Ғылыми әдебиеттерді қарастыру барысында көпэтностық, этностық-мәдени, полимәдени мәселесі философия, саясаттану, тарих және этнографиялық салада (Э. З. Александренков, Ж. М. Әбілдин, Ю. В. Бромлей, В. И. Козлов, Қ. Е. Көшербаев, Ә. Н. Нысанбаев, Б. Ф. Поршнев, И. А. Снежкова, Э. К. Суслова, Ғ. Т. Телебаев және т. б. ) ; әлеуметтану мен мәдениеттануда (С. М. Арутюнян, М. Х. Балтабаев, Л. М. Дробижева және т. б. ) ; этнопсихологияда (В. А. Вяткин, Қ. Б. Жарықбаев, Н. Е. Елікбаев, Б. А. Әмірова, О. Х. Аймаганбетова, А. П. Оконешникова, У. Г. Солдатова, Г. М. Старовойтова, Ю. В. Хотинец, Е. Т. Шлягина және т. б. ) көрінетіні айқындалды.
Қарастырылып отырған мәселенің педагогикалық жағынан талдау кезінде бірқатар этнопедагогикалық зерттеулер арналған (Г. Н. Волков, А. Э. Измайлов, Я. И. Ханбиков, Е. Л. Христова, К. Б. Жарықбаев, С. К. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ж. Ж. Наурызбай, М. Х. Балтабаев, К. Ж. Қожахметова, Р. Қ. Дүйсембінова, Р. К. Төлеубекова, К. А. Оразбекова, Ж. Асанов, Ә. Табылдиев, Қ. Бөлеев, Ш. Б. Кульманова, Л. С. Сырымбетова, Ш. М. Мұхтарова және т. б. ) . Қазақстандық педагогика ғылымында этностық мәдениет бойынша этнопедагогикалық зерттеулер баршылық (И. Өршібеков, А. Х. Мұхамбаева, Б. Е. Қаирова, Г. Р. Бахтиярова, Е. Ш. Қозыбаев, С. К. Әбильдина, К. Е. Ибраева, Т. М. Шакирова, Г. К. Тлеужанова және т. б. ) . Соңғы уақытта қазақ этнопедагогикасының мәселесі бойынша ғылыми жұмыстар саны жас педагогтардың зерттеулерімен көбеюде.
Көп ұлтты Қазақстан халқы үшiн Отансүйгiштiк сезiмiнiң рухани саладағы тату-тәттi тiрлiк, азаматтық келiсiмге ғана емес, мемлекеттiк материалдық негiзiн нығайтуға да тiкелей ықпалы бар. Отансүйгiштiк рух - қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер көшiне қосылып, дүниежүзiлiк қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр күш.
Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы“ Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм“ бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, “Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында“, “Бала құқығы туралы декларацияда“ және үкiметтiң құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде айқын аңғарылады.
Қазіргі кезде көпэтностық полимәдени тәрбие беру бойынша зерттеулер негізінен мектеп оқушыларына және студенттерге арналған, ал қазіргі Қазақстан жағдайындағы жас ұрпаққа көпэтностық полимәдени тәрбие беру мәселесі бойынша педагогикалық зерттеулер дамып келеді.
Көптеген зерттеулердің әдіснамалық бағдарына профессор Ж. Ж. Наурызбайдың Қазақстан Республикасында полимәдени білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы алынды. Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесін талдау кезінде балалардың көпэтностық полимәдени тәрбиесін қалыптастыру мақсатында мектеп жұмысында көпұлттық-мәдени элементтердің өз мүмкіндігіне сай қолданылатынын көрсетті.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие процесінде оқушыларға полимәдение тәрбие беруді ұйымдастыруды теориялық негіздеу;
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Оқушы жастарға полимәдени тәрбие берудің маңыздылығын ашып көрсету ;
2. Көпэтносты Қазақстан жағдайында оқушыларға полимәдени тәрбие берудің ерекшеліктерін анықтау;
3. Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыларға полимәдени тәрбие берудің құралдары, әдістері мен түрлеріне сипаттама беру;
4. Қазіргі мектептің біртұтас педагогикалық процесінде көпмәдениетті оқушы тұлғасын қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу базасы : Т. Тәжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық мектеп гимназиясы.
Зерттеу әдістері : Мектеп тұжырымдамасын зерделеу, бақылау, әңгімелесу, озық педагогикалық тәжирбиені зерттеу.
І Бөлім Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие берудің педагогикалық негіздері
1. 1. Оқушы- жастарға полимәдени тәрбие беру - өзекті педагогикалық мәселе
Тәуелсіз ел болған жылдар ішінде ұлттық тәрбиеге бетбұрыс жасалып, көптеген игі істер жузеге асырыльш келе жатқаны белгілі. Егемендік арқылы қол жеткізген игіліктердің бірі - ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтардың қайта жаңғыруы болып табылмақ. Бұл өмір заңдылығы.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Батыс еуропалықтар біздерді олардан үйреніп, оларға еліктегеніміз үшін гана емес, керісінше өз дәстурлерімізді, турлі ерекшеліктеріміз бен тілімізді сақтай алсақ қана сыйлайды», - деген сөзін бұл арада қайта еске түсірсек артық емес.
«Қазақстан -2030» Стратегиясында «Еліміздің болашагы жас ұрпақ тәрбиесімен тікелей байланысты» делінсе, бұл сөздер жастар тәрбиесіне қатысты біздің әрқайсымызға зор жауапкершілік жүктейді.
Полимәдени тәрбие - интернационалистiк тәрбиеге қарағанда, ұлттық этникалық тәрбиенi бiрiншi орынға қояды. Соңғы жылдары болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени, әлеуметтiк өзгерiстерге байланысты қоғамдағы тәрбиенiң босаңсып кетуi, қыз бала тәрбиесiнiң нашарлап кетуi, «ар», «намыс», «ұят» ұғымдарының өз мәнiнде, өз дәрежесiнде iске аспауы қоғамда өзектi мәселе болуда. Сондықтан келешек ұрпақ алдында қарыздар болмас үшiн, босаңсып кеткен қыз бала тәрбиесiн тез арада өз дiлiмiзге сәйкес жолға қоймасақ, ертең кеш болуы әбден ықтимал.
Тәрбиенің қоғамдық орнын анықтау, оның міндеттерін саралау және шешімдерінің тиімді жолдарьш табу - заман талабы екені даусыз. Жаңаша шешімдер қабылдап, міндеттер жүктемес бұрын, қоғамдағы тәрбиенің деңгейі қандай факторлардың ненің ықпалы салдарынан төмендеп кетгі деген сұраққа жауап табуымыз’ керек.
Біздің пайымдауымызша, мұндай көлеңкелі құбылыстың себебі бірнешеу. Біріншіден, идеялық тәрбиенің босаңсып кетуі, бұл саладағы тәрбиенің бағыт-бағдарларының айқын анықталмауы. Оның үстіне осыған тығыз байланысты тағы бір проблеманың теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да толыққанды, дұрыс зерттелмей отырғандығы. Ол - соңғы кезде тілге тиек болып, жиі қозғалып жүрген оқушыларды полимәдени тұлға етіп қалыптастыру, яғни, полимәдени (мультимәдени) тәрбие беру мәселесі.
Әлемдік білім беру кеңістігінде көрсетілген қолдауларға ие бола бастаған бұл идея - өз мәдениеті негізінде басқа мәдени құндылықтарды қабылдап, өз мәдениетін басқа мәдениет ықпалынан, басымдылығынан қорғап қалуды алға тартады. Сол арқылы айналасындағы этнос өкілдерімен, олардың мәдениетімен танысу, оларды құрметтеу мәселесін көтереді. Полимәдени тәрбие - интернационалдық тәрбиеге қарағанда, ұлтгық этникалық тәрбиені бірінші орынға қояды.
Екіншіден, соңғы жылдары болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени, әлеуметтік өзгерістерге байланысты қоғамдағы тербиенің босаңсып кетуі; қоғамның негізгі өзегі болып табылатын маңызды буын отбасының өзгеріске ұшырауы, отбасы мүшелері рөлдерінің өзгеруі, қарым-қатынас нормаларының өзгеруі.
Үшіншіден, мектепте тәрбиенің екінші орынға ысырылуы, балалар ұйымының ыдырауы, тәрбие үйірмелерінің ақьлы болып, қарапайым отбасыньң балаларына бұл орындарға бару мүмкіндігінің қиындай түсуі.
Жастардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылмауы салдарынан, олардың зиянды заттарға әуестігуі, бұзақылықгың көбеюі, аздыратын орталардың ықпалына түсуі етек алып отыр.
Төртіншіден, соңғы жылдар ішінде мектепте де, отбасында да оқушылардың еңбек тәрбиесі өзіне тиесілі маңыздылығынан айырылып қалды, сондай-ақ нарық жағдайына ыңғайланып, ғылыми негізделген, еліміздің өндірістік-экономикалық, шаруашылық, ғылыми-техникалық, қорғаныс салаларына сәйкес келетін кәсіби бағдар жұмыстары тоқырап қалды.
Бесіншіден, біздің мектептерде де, қоғамда да «Отан қорғауға деген жауапкершілік», «Отан алдындағы парыз» деген үғымдар бірте-бірте жойылып бара жатыр. Әскери-патриоттық тәрбие мүлдем төмендеп кетгі. Ал бұл мәселе шетелде жақсы жолға қойылған. Мысалы, Жапония, Израиль, Қытай және т. б. мемлекетгер ең алдымен елінің қауіпсіздігін басты назарда ұстап, ұрпақты Отан қорғауға жас кезінен-ақ баулу мәселесін жүйелі жолға қойған.
Алтыншыдан, жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік мұқтаждық салдарынан мүғалім даярлау мәселесіне дүрыс көзқарас қалыптаспаған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанынында жарияланған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы еліміздің халықаралық білім кеңістігіне, бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясының жалғасы болып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттері - «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны − Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» - деп айтылған.
Бүгінгі ХХІ - ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі туып-өскен жері мен елінің салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан, ел мен жер байлығын қорғап қалған Күлтегін, Тоныкөк, Қобыланды, Ер Көкше, Ер Қосай, Едіге, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық батырлардың ерлік істерінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер, өлкетану мұражайларына орналасқан мұрағаттар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді.
Республикамызда зерттеліп отырған проблемаға байланысты М. Қозыбаев, Т. Тұрлығұл, Ж. Қасымбаев сияқты тарихшы ғалымдар тарихи-философиялық тұрғыда, әдебиет саласы бойынша М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллин, Е. Смайылов, С. Мұқанов, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Сейдімбеков және т. б. зерттеушілер өз еңбектерінде ауыз әдебиеті үлгілеріндегі патриотизмнің ұлттық мәнін терең зерттеді.
Педагогика саласында бұл мәселеге Қ. Бержанов, С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, А. Көбесов, С. Ешімханов, С. Иманбаева, Р. Джанабаева, М. Құрманбаева, С. Құсайынова, Е. Жұматаева, Л. Т. Сайдахметова, Ж. Қалиев, Р. Рысбекова, С. Нұрмұқашева, К. Құнантаева, Ш. Беркімбаева және т. б. ғалымдар елеулі үлес қосты.
Қазақ тағылымының ұстанған негiзгi бағыты - ата-бабалардың үлгi-өнегесi, ақыл-кеңесi, дүниеге шынайы көз қарасы, бостандыққа, еркiндiкке, тәуелсiз-дербестiкке ұмтылысы. Бұл - алдан күткен арманы, ойға алған негiзгi мақсаты.
Қыз-келiншек, әйел-ана, әже-кейуана тағылымы өшпес iз қалдырады. Мұндай жағдай қазақ әйелiнiң өзiндiк қасиетiн де, басқалардан айырмашылығын да танытады. Бұл - әйел қауымына көрсетiлген зор құрмет! Әйел - аналардың жасаған iсi, қалдырған iзi ақсақалдың ешбiр мектептен кем емес, оның әманда тазалығына, жаңарып-жаңғыруына орасан жағдай жасады. Бұл тағылымды жоққа шығаруға болмайды.
Мұхтар Әуезов «Адамдық негiзi - әйел» деген тұңғыш туындысын әйел тақырыбына арнаған. «Адам баласы», -дептi ол, - тағы болып, еркегi хайуандық дәрежесiнде жүргенде әйелден бала туып, ол балаларының бәрi де жастық, қорғансыздықтан анасының айналасына үйiрiлiп, үй iшiнiң бiрлiгiн, одан туысқандық ұйымы кiргiзген. Бұған қарағанда, адамды хайуандықтан - адамшылдыққа кiргiзген - әйел». Ұлы ойшыл осы сөзiмен әйел - қоғамның ұйытқысы екенiн, әйел еркiндiкке жетпесе, адамшылық та күрмеулi болатынын қадап айтып, егер, қазақ мешел болып қалмайын десең, бесiгiңдi түзе, әйелдiң халiн түзе деп бiздiң заманымыздың да зәру идеясын ұсынып отыр.
Қазақ елi ел болғалы, қазақ қазақ болғалы өмiрбақи анасын сыйлап өткен. Ертеден келе жатқан наным-сенiмдерiнiң түп тамыры да - ана. Арысы «Домалақ ана», «Қалампыр ана», Жиренше шешеннiң жары Қарашаш, тағы басқалар болса, мұндағы Мәншүк, Әлия, Ләззат, Сәбиралар да адамдарға мейiрiмдi, ақылды, әулие қасиеттерiн бүгiнгi ұрпақ бойына сiңiрiп өссе, қиын-қыстау кезiнде батыр қыздарымыздың ерлiгi ерекше көзге түскенi тарихта дәлел.
Сондай-ақ, Қазақстанда қаншама этнос өкiлдерi тұрады. Олар нелiктен өз тiлiн, дәстүр-салтын, дiнiн, дiлiн қадiрлеп, сонымен қатар оның деңгейiн биiктетуге күресуде. Себебi, олар өз қыздарының тәрбиесiне өте терең мән беруде. Бiздiң қазақ қыздарының қазiргi жағдайын таразылай келе тәрбие деңгейi нелiктен төмендеп кеттi деген сұрақ ерiксiз туындайды.
Бiздiң пайымдауымызша - идеялық тәрбиенiң босаңсып кетуi. Осыған тығыз байланысты тағы бiр мәселе, ол - соңғы кезде тiлге тиек етiп жүрген оқушыларды полимәдени тұлға етiп қалыптастыру, тәрбие беру. Бұл - әрине, өте жақсы идея - өз мәдениетi негiзiнде басқа мәдени құндылықтарды қабылдау, яғни өз мәдениетiн басқа мәдениет ықпалынан қорғап қалу. Сол арқылы айналасындағы этнос өкiлдерiмен, олардың мәдениетiмен танысу, оларды құрметтеу.
Тәрбие теориясына байланысты Әл-Фарабидің "адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керектігі" жөніндегі нақыл сөзі бар. Я. А. Коменскийдiң ойынша ұлттық тәрбиенiң негiзгi ошағы отбасы дәстүрi мен тіл үйренушілер қауымдастықтары - ата-баба тағылымдарынан бастау алғанда ғана, оларға бiлiм берудiң тиiмдiлiгi мен сапалылығы және қоғам үшiн қажеттiлiгi арта түседi деп санаған. Ұлы гуманист Иоганн Генрих Песталоццидiң ойынша, адамзаттың тәлiм-тәрбиелiк құндылықтары, ұрпақтарының түрiне, нәсiлiне, қабiлетiне және әлеуметтiк-таптық ерекшелiктерiне бөлiнбей "Ата-аналар тағылымдары - Книга матерей" деген бiртұтас тәлiм-тәрбие жүйесi ретiнде игiлiктенуi керек деп санаған. Ал Ж. Ж. Руссо тәрбиенiң негiзгi көзi - ата салтында деп қараған.
Тәрбие теориясын К. Д. Ушинский:". . тәрбиенің ғылым үшін де, біз үшін де ең керегі - нағыз адамды қалыптастыру. Адамның мінез-құлқы кәдімгі топырақ болса, халықтық құндылықтар сол топырақ арқылы тамырын жаяды . . . ", - деп, өзінің терең ойын білдіреді Этникалық толеранттылықтың философиялық негізі - басқаның, өзінен айырмашылығы бардың өмір сүруі фактісінің өзі болып табылады.
М. Жұмабаев:". . Әрбiр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. …әрбiр ұлттың бала тәрбиесі қылу туралы ескiден келе жатқан жеке-жеке жолы бар . . . ", - деген. Т. Тәжiбаев: ". . Қазақтың мәдени өмiрiнде фокльклор, музыка, қол өнерi және халықтың тәрбиелiк дәстүрлерi басты рөл атқарған . . . ", -деді. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабын (1975) қазақ халық педагогикасының әліппесі деп айтуымызға болады .
Әр халықтың ұлттық тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері жөнінде Г. С. Виноградовтың (1926), А. Ф. Хинтибидзэнің (1951), Г. Н. Волковтың (1956) А. К. Алиевтың (Әзербайжан, 1968), Я. И. Ханбиковтың (Татарстан, 1967), З. Миртурсуновтың (Өзбекстан, 1973), А. Ш. Гашимовтың (Азербайжан, 1970), Ю. А. Рудь (1980), З. П. Васильцованың (Украина, 1983) , Е. Л. Христованың (1988), К. Пирлиевтің (Түрікменстан, 1991), А. Э. Измайловтың (Қырғызстан, 1991) және басқа ғалымдардың еңбектерін атап өткен жөн.
Қазақстандық А. Мұхамбаеваның ойынша жас ұрпаққа халықтың сан ғасырлар бойы жинақталып келген салт-дәстүрлері негізінде тәрбие беру - алдымен салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың халық тұрмысындағы пайда болу генезисін тілі сабақтарында анықтап алудан бастау керек дейді.
Мектеп өмірінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан озық тәжiрибелердiң тиiмдiлiгiн ескерген ғалымдар педагогикалық еңбектерiнiң көп бөлігін тәрбие мәселелеріне арнауды жөн санады. Оның басты себебi, мектеп практикасында тіл үйренушілерге жан-жақты тәрбие берудiң, осы уақытқа дейiн көптеген дәстүрлi әдiс-тәсiлдер жиынтығы жинақталғаны белгiлi. Ал оның түпкі мәніне жету үшін ең алдымен «этникалық» түсінігіне тоқталып өткен жөн. «Этнос» терминін қарастырғанда көпшілік авторлар Ю. В. Бромлейдің анықтамасын негізге алады. Оның айтуынша «этнос - бұл белгілі территорияда тарихи қалыптасқан, салыстырмалы түрде тұрақты тіл, мәдениет және психикалық ерекшеліктерге, сол сияқты өзіндік атауында көрінетін өзінің бірлігі мен өзгелерден ерекшелігін (өзіндік сана) түйсінетін адамдардың тұрақты жиынтығы». Этнос табиғатын түсіндіруге арналған басқа да тұжырымдар көптеп жасалды. Л. Н. Гумилев этносты ең алдымен табиғи құбылыс ретінде қарастырды. Оның түсінігінде этнос - «бұл өзін басқа өзі сияқты ұжымдарға қарсы қоятын (біз - біз емес), ерекше ішкі құрылымға және мінез-құлық стереотипіне ие адамдар ұжымы (динамикалық жүйе) ». Этномәдени білім беру мәселесін зерттеу барысында Ж. Ж. Наурызбай «этнос» ұғымын тайпадан жоғары қауым, ұлт (национальность) және нация ұғымдарын жалпылаушы термин ретінде қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz