Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау



1 Жинақтау
2 Топтау, оның мәні, міндеті мен түрі
3 Еңбеккерлердің экономикалық меншік түрлері бойынша саны
4 Қазақстан Республикасы бөлшек тауар айналымының құрамы
5 Қазақстан Республикасының Халық банкісіндегі халық аманатының саны және сомасы жағынаа (топқа бөлінген) таратымы
5 Қазақстан Республикасының жас тобы бойынша туу көрсеткіші
6 Күрделі топтама
7 Қайта топтау
Статистикалық байқаудан алынған мәліметтерді пайдаланып, зерттеу жүргізу үшін оны жинақтап, белгілі ережеге сәйкес реттеу керек. Жинақтау статистикалық мәліметті реттеудің маңызды сатысы.
Статистикалық байқаудың реттендірілмеген мәліметтері аса маңызыды емес. Мысалы, халық санағы жүргізілгенде әр адамның жынысы, жасы, ұлты, білімі, тағы да басқадай мәліметтер алынады. Бұл мәлімет бір ғана адамды сипаттайды. Жеке мәліметтен ешқандай тұжырым жасауға болмайды. Сондықтан, санақтың мәліметтін жинақтап, санап халықтың санын, жасын, ұлттың біліктілігін сипаттайтын көрсеткіш анықталады. Сөйтіп, жинақтау арқылы құбылыстың мәнін, мазмұнын өзгерту заңдылығын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер туындайды. Статистикалық жинақтау байқау бірліктерін сипаттайтын даралық нышанан жинақты саралайтын өзге сапалы көрсеткіш алынады. Жинақтау бағдарлама бойынша жүргізіледі. Жинақтау дегенімізжалпы құбылыс жөнінде кең ауқымды қорытынды көрсеткіш алу үшін байқау мәліметін ғылыми негізде топтап, өзара қатынасты көрсеткіштерді есептеу.

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау

Жинақтау

Статистикалық байқаудан алынған мәліметтерді пайдаланып, зерттеу
жүргізу үшін оны жинақтап, белгілі ережеге сәйкес реттеу керек. Жинақтау
статистикалық мәліметті реттеудің маңызды сатысы.

Статистикалық байқаудың реттендірілмеген мәліметтері аса маңызыды емес.
Мысалы, халық санағы жүргізілгенде әр адамның жынысы, жасы, ұлты, білімі,
тағы да басқадай мәліметтер алынады. Бұл мәлімет бір ғана адамды
сипаттайды. Жеке мәліметтен ешқандай тұжырым жасауға болмайды. Сондықтан,
санақтың мәліметтін жинақтап, санап халықтың санын, жасын, ұлттың
біліктілігін сипаттайтын көрсеткіш анықталады. Сөйтіп, жинақтау арқылы
құбылыстың мәнін, мазмұнын өзгерту заңдылығын сипаттайтын статистикалық
көрсеткіштер туындайды. Статистикалық жинақтау байқау бірліктерін
сипаттайтын даралық нышанан жинақты саралайтын өзге сапалы көрсеткіш
алынады. Жинақтау бағдарлама бойынша жүргізіледі. Жинақтау дегенімізжалпы
құбылыс жөнінде кең ауқымды қорытынды көрсеткіш алу үшін байқау мәліметін
ғылыми негізде топтап, өзара қатынасты көрсеткіштерді есептеу.

Топтау, оның мәні, міндеті мен түрі

Жиналған статистикалық мәліметтерді топтау дегеніміз- бір немесе
бірнеше маңызды нышанына қарап бір-бірімен бөлу. Топтау жүргізу амалының
жүйесі топтау әдісі деп аталынады. Статистика жиынтығының бірлігі әр түрлі
нышан бойынша сипатталады. Басқаша айтқанда, бірлік –әртүрлі қасиетке ие.
Мысалы, адам еңбеккерлер жиынтығының біріліг ретінде бірнеше нышанмен
сипатталады. Еңбеккерлер жынысына, білімене, мамандығы мен жұмыс істеген
уақыты, жұмыс атқаратын орны (өнідіріс саласы), жалақасының шамасына қарай
жіктеледі. Бұл нышан әр бірлікте әр түрлі болады. Сондықтан, оны өзгермелі
нышан деп атайды. Бірлік қасиетінің сапалы және санды түрі болады.
Еңбеккердің жұмыс істейтін саласы, жыныс, мамандығы сапалық нышанға жатады
да бітімдік (атрибутивтік) қасиеті деп аталынады.

Жұмысшының алатын жалақысы, жұмыс істеген жылыдарының саны, мамандық
дәрежесі сан жағынан өзгеріп отырады. Мұны сандық нышан деп атайды.
Нышанның сапалық және сандық өзгеруі топтаудың негізі болып табылады. Ол
топтау нышаны деп аталады. Топтаудың негізі міндетті статистикалық сан
алуан мәліметті талдау үшін ретке келтіріп, өзгермелі маңызды нышаны
бойынша топтарға бөледі. Топтау статистикалық мәліметті зерттеудің алғашқы
сатысы болып табылады.

Топтау өзінің міндетіне сай үлгілі (типтік), құрылымдық және
талдамалаық болып үш түрге бөлінеді.

Үлгілі (типтік) топтау жалпы жиынтық арасынан әлеуметтік-экономикалық
жағынан бір-біріне жақын бөліктерін саралауға қолданылады.

Жалпы жиынтықтың құрамын белгіленген нышан тұрғысынан бөліктерге бөлу
құрылымдық топтау делінеді.

Жиынтық нышандарының өзара қатынасын саралау үшін жүргізілетін топтау
талдамалық (талдаулық) топ деп аталынады.

Күнделікті тәжірбиеде топтау түрлері таза түрінде аз кездеседі.
Статистикалық жұмыста топтау түрлері қатарласа қолдалынып жатады. Басқаша
айтқанда, топтау кезінде құбылыстың әлеуметтік-экономикалық жайы, құрылымы
және нышандардың қатынасы бір-біріне тәуелділігі қатар сарапталынады.

Бір ғана нышан арқылы жүргізілетін топтау қарапайым деп, ал бірнеше
нышан бойынша топталынса құрама топтау деп аталады.

Үлгілі топтауудың қоғамдық қарым-қатынастардың өзгерісін сипаттауда
маңызы зор.

Қазақстан Республикасының халық шаруашылығындағы еңбеккерлердің
экономика салаларына таралуы нарықтық экономикаға көшуіне қарай өзгеріп
келеді.

1-кесте

Еңбеккерлердің экономикалық меншік түрлері бойынша саны (мың адам) [1]

1993 жыл 1997 жыл
Халық шаруашылығы –барлығы оның ішінде: 6923,3 6361,1
Мемлекеттік кәсіпорында, ұйымда 4633,2 2245,4
Бірлескен кәсіпорында 12,6 31,9
Экономиканың акционерлік (ұжымдық) сапасы 606,0 588,5
Кәсіпкерлердің дербес және жеке шаруашылығы 973,3 3498,2
(фермелерлік шаруашылық, жеке-көмекші шаруада,
дербес жеке кәсіпкерлік жалдамалы кәсіп)

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты Қазақстан Республикасындағы
еңбеккерлердің, оның ішінде мемлекеттік құрылымда жұмыс істейтіндердің екі
жылда екі еседен артық кеміген. Жаңадан пайда болып, аяғынан тік тұра
қоймағынан қарамастан, жеке меншікке негізделген шаруашылықта жұмыс
істейтіндердің үш еседен артық өскен.

Құбылыстың құрамдық бөліктерінің қатынасы құрылымдық топтау арқылы
сипатталады. Мысалы, халықтың жыныстық, сауаттылық дәрежесі, ұлттық жас
шамасы, жұмысшының мамандық, жұмыс атқарған жылының шамасы тұрғысынан
құрамы осы топтау арқылы сипатталады.

Қоғамдық құбылыс құрамының өзгеруі құбылыстың даму заңдылығына тығыз
байланысты. Мысалы, елдің өркениетті дамуыы қала тұрғындарының көбеюіне
әсер етеді. Халықтың тұрмыс жағдайының нашарлауы сатуға түскен өзге
тауарларға қарағанда тамақ өнімдерінің көбірек өтіп кетуінен-ақ білінеді.
Оны төмендегі кестеде көрсетілген мәліметтерден көруге болады.

2-кесте

Қазақстан Республикасы бөлшек тауар айналымының құрамы (қоғамдық
тамақтануды қоса, млн. теңге)[2]

1985х 1990х 1996 1985 1990 1996
Барлық тауар: 15257 21338 248403 100 100 100
оның ішіде тамақтық7486 9428 138689 49 44,6 55,8
тауар
тамақты емес 7771 11856 109714 51 55,4 44,2
тауарлар

Келтірілген мысалда жиынтықтың ішіне нышан иесінің үлесі көрсетіледі.
1996 жылы тауар айналымында тамақ өнімдерінің үлесі 55,8 процент болып,
1990 жылға қарағанда 11,2 (55,8-44,6) процентке артқан.

Кейбір құбылыс сан жағынан тым өте алшақ шамада болады. 1991 жылдың
басындағы халық аманатының сомасы 6 теңгеден басталып, 1000 теңгеден де
артыққа жоғарылаған. Бұл жағдайда топтаудың нышанын біркелкі аралықта жасау
бірінші топтың санын көбейтеді, екінші аманатты сомасы жағынан ерекшелігін
көрсете алмайды. Мұндайда топтың сондай нышанын көбейту дұрыс болады.
мысалы, бірінші топқа 6 теңгеге дейін аманат жатса, екінші топтың аралығы
одан үш есе артық көбейтіліп, (6-20) теңге арасында алынған. Сөйтіп, топ
аралығының шамасы көбейте беріледі. Топтаудың бұл түріне, айтылғандай,
төмендегідей аманаттың шамасына қарай топтау жатады.

3-кесте

Қазақстан Республикасының Халық банкісіндегі халық аманатының саны
және сомасы жағынаа (топқа бөлінген) таратымы (5 проценттік ішінара
байқаудың мәліметі. 1 қаңтаар 1994ж.) [3]

Аманат Аманат шотыныңАманатттың Процентке шаққанда
шамасының саны (мың) сомасы, мың
тобы, теңге теңге
Шоттың саны Сомасы
6 дейін 429,9 1142,7 55,2 5,6
6-20 167,6 1941,1 21,5 9,4
20-50 97,6 3039,5 12,6 14,8
50-100 42,1 2845,4 5,4 13,8
100-200 22,1 3069,6 2,8 14,9
200-500 14,9 4275,3 1,9 20,7
500-1000 3,5 2414,3 0,4 11,7
1000 және одан1,1 1858,7 0,2 9,1
жоғары
Барлығы 779,1 20583,7 100 100

Бұл сандық нышан арқылы жасалынатын тұжырым – халық банкісіне ақшасын
салғандардың жартысынан артығы (55,2процент) аманатқа жатқан соманыңы 5,6
проентіне ғана ие. Бұлардың көпшілігі егде тартқандар. Олар – ақшаның
қнсыздануынан кеңестік кезде тірнектеп жинағынан айырылып қалғандар. Үкімет
еңбекшілердің бұл қаржысын қиындықтарға қарамастан қайтарғаны жөн. Ол бір,
екіншіден бұл мәлімет халық хал-ахуалының төмен екендігінің жалпы сипатын.
Ондағы әр “рубль”-дің құныдылығының дәрежесі әр түрлі еді. Өтемен төлегенде
осы еске алынып, әр жылдың өз көрсеткіші белгіленуі керек. Топтаудың
талдамалық түріне бала тууға мүмкіндігі бар әйелдің жасына қарай таралуын
келтірейік.

4-кесте

Қазақстан Республикасының жас тобы бойынша туу көрсеткіші (1000 әйелге
шаққанда жас тобындағы туу дәрежесі саны) [4]

1978-1979ж. 1989жыл
Барлығы Соның ішінде барлығы Соның ішінде
қалада ауылда қалада ауылда
15-49 жастың
арасындағы 1000
әйелге
шаққандағы бала
тапдардың орташа94,5 77,0 120,3 92,3 75,9 118,7
саны
Оның ішінде:
20-ға 37,7 39,5 35,4 47,4 44,6 51,6
жетпегендер
20-24 198,6 170,9 242,7 214,6 179,7 267,0
25-29 163,3 129,5 219,8 153,1 126,5 193,7
30-34 110,8 76,9 170,0 89,8 73,1 118,7
35-39 63,4 33,6 105,1 41,9 31,8 60,6
40-44 27,5 12,6 48,3 12,7 8,5 20,8
45-49 3,8 1,4 7,2 1,0 0,5 1,8

1989 жылы 1978-79 жылмен салыстырғанда республикада туу дәрежесі 1000
әйелге шаққанда 94,5-тен 92,2 дейін төмендеген. Оның ішінде 77-ден 75,9-ға
дейін дейін қалада және ауылда 120,3-тен 118,7-ге дейін азайғанын көреміз.
Ауылды жерде қазақ халқы үлесінің жоғары болуына байланысты туғандар
санының қалаға қарағанда көптеу екені байқалады. Сонымен қатар 20-24 жас
арасындағылардың табиғи бала туу қабілетінің жоғары болып, одан ары қарай
жас үлкейген сайын бұл мүмкіндіктің кеми беретіні көрінеді. Тағы бір есте
болатын жайт бұл жастағылардың көбісінің үй-күйі орнықпаған, кемелденбеген
кезі болатыны белгілі. Өзініңі тәуелсіздік тұғырын баянды орнықтыру үшін
бұл салада тиісті мемлекеттік саясат жүргізілуі керек. Ол саясаттың қалай
жүргізілетіні жөнінде тәжірибе дүние жүзінде аз емес.

Талдамалық топтауда бір-біріне әсер ететін нышанның біреуін себеп-
нышан, екеншісін –нәтиже нышан деп атайды. Нәтижелі нышанның өзгеруі себеп
нышанға байланысты. Келтірілген мысалда әйелдің жасы себеп нышаға жатады.
Әйел жасының ұлғаюы бала туудың азаюының себебі, туу көрсеткішінің дәрежесі
нәтижелі нышанға жатады. Топтың таза түрі болмайды. Топтаудың барлық
түрінің негізгі мақсаты –құбылыстың және оның нышандарының қарым-қатынасын
саралау, құрылымын анықтау. Сандық нышаннан топ құрудың негізгі тәртібі

Сандық нышанынан топ құраудың негізі мәселесіне топ санының қанша болуы
және тошптың сандық нышанының шамасына қатысты.

Топ санына сандық нышанның өрісі, басқаша айтқанда, сандық нышанның
төменгі мен жоғары дәрежісі арасындағы алшақтық шамыс әсер етеді. Бұл
алшақтық үлкен болса топ саны аз, ал егер азырақ болса топ саны аз болды.

Топтың сандық шамасы, басқаша айтқанда, топтың жоғарғы және төменгі
шегі арасының шамасы үлкен болса топ саны аз, ал керісінше, кішірек болса
топ көп болады.

Топтың саны аса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6 - Лекция. Мәліметтерді статистикалық талдау
СТАТИСТИКА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ
Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтау
Зерттеулердің сандық әдісін жүргізу процедурасы
Статистикалық мәліметтерді ұсынудың әдістері
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
Статистикалық жинақтау, топтау
SPSS көмегімен эксперимент алынған мәліметтерді өңдеу критерийлері
Статистика пәні, даму процестері және оны зерттеу әдістері
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру
Пәндер