Жошы хан күмбезі



1 Жошы хан
2 Жошының өлімі
3 Шыңғыс хан мен Кетбұға жыршының арасындағы Жошы өліміне қатысты толғау
Жошы хан (1187-1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.
Шыңғысұлы Жошы хан басқыншылық әскери жорықтардың бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған.
Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді.
1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады. Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 4 том

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жошы хан күмбезі

Жошы хан (1187-1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ
даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты
Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол
ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол,
алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса
ірі әскери басшы ретінде танылады.
Шыңғысұлы Жошы хан басқыншылық әскери жорықтардың бәріне қатысқан аса
ірі әскери басшы ретінде танылады. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен
қайтпайтын қайсар адам болған.
Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық
жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс
Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне
жетеді.
1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады. Содан үш жыл өткен
соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм
шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш арасалмағының кемдігіне
қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах
әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады.
Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент,
Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл өткенде Хорезмді
бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың көктемінде Жошы әкеінің
шақыруымен Сайрам мен Таластың арасындағы Құланбасы жазығында өткен
құрылтайға қатысады.
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін бөліске салған кезде Жошының еншісіне
Ертістен бастап, Орал тауының аралығы және одан арғы батысқа қарайғы жерлер
тиеді. Ордасы Ертіс өзенінің бойына орналасады.
Құрылтайдан кейін Шыңғыс ханның басқа балаларының бәрі кері қайтып
кеткенде, Жошы өзінің жаңа иелігінде қалады. Ол осында 1227 жылы қайтыс
болады.
Жошының өлімі жөнінде әр түрлі әңгіме бар. Оның бірі — Жошы аң аулап
жүргенде, жараланған құланның айғыры шайнап өлтірді десе, екіншісі аттан
құлап, мойны үзіліп өлді дейді. Ал енді бір дерек жеке билікке ұмтылып, әке
ырқына көнбей, асаулық танытқан ұлын Шыңғыс өзі арнайы адам жіберіп, бел
омыртқасын үздіріп өлтіртті дегенді айтады. Қалай болғанда да, Жошы ханның
қазақ жерінде, Ұлытауда өлгені анық. Соның куәсіндей болып, Жезқазған
қаласынан 45 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің сол жағасында Жошының мазары
сол күйі әлі тұр.
  Шыңғыс хан мен Кетбұға жыршының  арасындағы Жошы өліміне қатысты
толғау:

Кетбұға жырау:
Теңіз бастан былғанды,
Кім тұндырар, а, ханым?!
Терек түптен жыгылды,
Кім тұрғызар, а, ханым?!

Шыңғыс хан:
Теңіз бастан былғанса,
Түндырар үлым Жошы-дүр.
Терек түптен жығылса,
Тұрғызар ұлым Жошы-дүр.
Көзің жасын жүгіртед,
Көңілің тұлды болмай ма?!
Жырың көңіл үркітед,
Жошы өлді болмай ма?!

Кетбұға жырау:
Сөйлемекке еркім жоқ,
Сен сөйледің, ей ханым!
Өз жарлыгың өзіңе оқ,
Не ойладың, ей,ханым?!

Шыңғыс хан:
Құлынын алған құландай,
Құлынымнан айрылдым!
Айырылысқан аққудай
Ер ұлымнан айрылдым!

Жошы өлімін Кетбұқа жыраудың Шыңғыс ханға жеткізгені:
"Уа, иеміз, Шыңғыс хан!
Домбыра не деп жырлайды,
Сарнап бір даусын қырнайды,
Құлағың сал осыған...
Ақсақ құлан, қу құлан,
Қияннан қашқан қу кұлан,
Қиырысыз кұба далада,
Аңда жүрген балаңа
Кез болып бір қашыпты,
Белден-белге асыпты:
Ақсақ құлан, Жошы хан,
Елсіз құба далада,
Қат-қат бұдыр салада,
Мекендеп өрген, өрбісіп,
Ордалы кұлан жосыған.
Қуып ақсақ құланды,
Мінгені тұлпар құнан-ды,
Ордалы үріккен құланға
Құйғытып ойнап қосылған,
Өлім деген тәңір ісі,
Желіккен кұлан әңгісі,
Кұнан мен тұлпар еліккен,
Жосыған құлан желіккен,
Балаңды шайнап өлтіріп,
Жалмалап, жалмап кетіпті,
Ордалы құлан шошыған.
Жұрттың аузына бармаған
Сөзді айтып жылап зарлаған
Домбыраның балаңды
Естірткені осы, хан!
Өзгеге артпа жалаңды,
Еліктірген балаңды,
Сол қу қүлан, ту құлан,
Балаң өлді - Жошы хан!
Нансайшы, ханым, осыған!"

- деді де, домбыраны сақшының колына ұстатады. Көкейінен зар кұйған
домбыраны көлденеңдей алдына тартқанда: "Қарағымның қазасын сен бе едің
естірткен? Мына домбыраның шанағына күміс балқытып құйыңдар!" деп Шыңғыс
хан өксіп жіберіпті.

Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Жезқазған-Ұлытау
өңіріндегі тарихи, археологиялық және мәдени мұраларды зерттеген.
"Жезқазған ауданындағы ежелгі тарихи ескерткіштер" атты ғылыми еңбегінде:
"Жезқазғаннан 65 шақырым Басқағыл тауларының оңтүстік беткейі, Кеңгір
өзенінің жағалауында шаршы пішінді, шыныкеленіп күйдірілген кірпіштен
қаланған үш көне мазарлар сақталынған. Осы мазарлардың кірпішінің өлшемдері
мен пішіндері Алтын Орда стиліне өте жақын. Халықтың айтулары бойынша
Алашахан, Шыңғысханның үлы Жошы және сарай күйшісі Домбауылдың мазарлары
дейді" – деп жазған.

Академик Әлкей Марғұланның зерттеулері бойынша Жошы хан қазақ
даласында сал-серілік дәстүрдің негізін салған. Жошы хан саятшылық, ақындар
айтысы, күйшілер сайысы, палуандардың белдесуі, мергендердің сынасуы,
аламан бәйге, қыз қуу, аударыспақ, көкпар т.б. ат ойындарын қүмартып, Ұлы
далада одан әрі дамытқан.

Жошы хан мазары Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50
шақырымда, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық
ескерткіш. Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді қүрылыстар қатарына жатады.
Жобасы тікбүрышты. Құрылыс материалдары-күйдірілген кірпіш, әк. Жобаның
аумағы 9,55 х 7,25 м. Көзге айрықша түсетін нәрсе - порталы. Маңдай алдын
сүйір арка түрінде шығарып, екі жақ босагасын үстіңгі салмақты еркін
көтеріп түру үшін мейлінше берік етіп түрғызған. Портал жақтауларын өрнекті
кірпішпен безендіріп, киіз үйдің басқүрына үқсатқан. Қабырғаның іш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сызбасы
Еліміздің мәдени мұрасы
КИЕЛI ҰЛЫТAУ МЕКЕНI МЕН ЖOШЫ ХAН
Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция ғалымдары
Қарағанды облысының Ұлытау аймағының туристік мүмкіндіктері
Ұлытау аймағындағы туризм
ҰЛЫТАУ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ
Археологиялық Тарихи Сәулет өнері
«Мұражай тәрбие өзегі»
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Пәндер