ХХ ғ. 20 ж. Еуропадағы буржуазиялық революциялар
1. Еуропадағы буржуазиялық революцияның өзіндік ерекшеліктері.
2. Германиядағы 1918.1919 жылдардағы революция.
3. Австрия, Венгрия және Финляндия революциялары

Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын Еуропа халықтары тыныштық өмірге оралу жөніндегі үмітпен карсы алды. Бірақ соғыстан кейін бейбіт өмірге өту жеңімпаздар үшін де, жеңілген елдер үшін де қиын да ұзақ процесс болып шықты. Соғыс көптеген елдерді жұтатты. Еуропадағы соғыстан бұрынғы экономикалык, саяси жүйелерді күйретті. Алда халықаралық деңгейде күштердің жаңа арақатынастарын реттеу, халықаралық қатынастар жүйесін құру, жеңген және жеңілген елдер арасындағы қалыптасқан қатынастарды бекіту міндеттері тұрды. Бұл маңызды мәселелер соғыстан кейінгі бейбіт реттеулер барысында шешімін тапты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың әлеуметтік-саяси салдарлары. Соғыс және экономикалық қирау саяси дағдарыстар мен революциялық процестерге әкеліп соқтырды.еуропа революциямының басы Ресейдегі 1917 ж. Ақпан және Қазан революциялары болды
Жеңімпаз елдер — Ұлыбритани, Франция, Италия, АҚШ, Жапонияда революция болған жоқ, бұл елдер үшін революция уақыты өтіп кеткен еді.
Революция Ресейде және жеңіліс тапқан елдер — Австро-Венгрияда, Түркияда болды. Бұл елдерде шешімін таппаған мәселелер жеткілікті болатын. Соғыстың басты салдарларының бірі — ол күйреген Австро-Венгрия, Ресей және Осман империяларының негіздерінде жаңа мемлекеттердің құрылуы болды.

1. Бережков В.М. Страницы дипломатической истории М., 1982
2. С.М. Мәшімбаев «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» Аматы 2004 ж
3. О.С. Сороко-цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбавева «ХХ ғасырдағы дүние жүзі»Алматы 2005 ж
4. Көкебаева Г.К. «Қалықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж
5. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж
2. С.М. Мәшімбаев «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» Аматы 2004 ж
3. О.С. Сороко-цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбавева «ХХ ғасырдағы дүние жүзі»Алматы 2005 ж
4. Көкебаева Г.К. «Қалықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж
5. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж
ХХ ғ. 20 ж. Еуропадағы буржуазиялық революциялар
1. Сабақ жоспары:
1. Еуропадағы буржуазиялық революцияның өзіндік ерекшеліктері.
2. Германиядағы 1918-1919 жылдардағы революция.
3. Австрия, Венгрия және Финляндия революциялары
Әдебиеттер тізімі
Бережков В.М. Страницы дипломатической истории М., 1982
С.М. Мәшімбаев Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы Аматы
2004 ж
О.С. Сороко-цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбавева
ХХ ғасырдағы дүние жүзіАлматы 2005 ж
Көкебаева Г.К. Қалықаралық қатынастар тарихы Хрестоматия 1-бөлім,
Алматы, 1997 ж
Көкебаева Г.К. Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-
1945жж) Алматы, 2002 ж
Еуропадағы буржуазиялық революцияның өзіндік ерекшеліктері.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын Еуропа халықтары тыныштық
өмірге оралу жөніндегі үмітпен карсы алды. Бірақ соғыстан кейін бейбіт
өмірге өту жеңімпаздар үшін де, жеңілген елдер үшін де қиын да ұзақ процесс
болып шықты. Соғыс көптеген елдерді жұтатты. Еуропадағы соғыстан бұрынғы
экономикалык, саяси жүйелерді күйретті. Алда халықаралық деңгейде күштердің
жаңа арақатынастарын реттеу, халықаралық қатынастар жүйесін құру, жеңген
және жеңілген елдер арасындағы қалыптасқан қатынастарды бекіту міндеттері
тұрды. Бұл маңызды мәселелер соғыстан кейінгі бейбіт реттеулер барысында
шешімін тапты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың әлеуметтік-саяси салдарлары. Соғыс және
экономикалық қирау саяси дағдарыстар мен революциялық процестерге әкеліп
соқтырды.еуропа революциямының басы Ресейдегі 1917 ж. Ақпан және Қазан
революциялары болды
Жеңімпаз елдер — Ұлыбритани, Франция, Италия, АҚШ, Жапонияда
революция болған жоқ, бұл елдер үшін революция уақыты өтіп кеткен еді.
Революция Ресейде және жеңіліс тапқан елдер — Австро-Венгрияда,
Түркияда болды. Бұл елдерде шешімін таппаған мәселелер жеткілікті болатын.
Соғыстың басты салдарларының бірі — ол күйреген Австро-Венгрия, Ресей және
Осман империяларының негіздерінде жаңа мемлекеттердің құрылуы болды.
"Бұқара және бұқаралық қозғалыстар ғасыры" — басталған жаңа дәуірдің
маңызды ерекшеліктерінің бірін осылай атауға болады. Жалпыға бірдей сайлау
құқы мен демократиялық бостандықтар жүйелерінің дамуы орасан көп халық
бұқарасының бұрын болып көрмеген кең көлемде саяси өмір мен саяси күреске
араласуына мүмкіндік туғызды. Қоғамдық процестерге сол кездің өзінде
"бұқара ғасыры", "тобырлар ғасыры" деген айдар тағылған болатын. Қалың
халық бұқарасының ұйымдасқан немесе стихиялық түрдегі саяси-әлеуметтік
қозғалыстарға қатысуы, әрине, прогрессивтік құбылыс болды. Бірақ бұл
құбылыстың екінші, жағымсыз жақтары бар еді. Саяси және экономикалық
сілкіністер жағдайында идея фанатиктері мен алаяқ-саясаткерлердің "тобыр
билігін" пайдаланып кету, халықтың эмоциялық еліктегіш бөлігін кертартпа
қозғалыстарға тарту қаупі гөнді.
Мұндай бағыттар үшін Еуропа қоғамында негіздер жеткілікті еді. Соғыс
кезіндегі қиыншылықтар мен ауыртпалықтар ондаған миллион адамдарды, ең
алдымен қала тұрғындарын — жұмысшыларды, қызметкерлерді, саудагерлерді,
қолөнершілерді, халықтың басқа да әлеуметтік топтардың жұтатып, қайыршылық
пен аштыққа соқтырды. Соғыста аман қалып, майданнан оралған солдаттардың
жағдайлары да оңай болмады. Еуропа елдерінде халықтың арасында едәуір
мөлшерде тапсызданған және қайыршылық күйге түскен адамдар көп болды. Олар
теңестіру туралы әлеуметтік демагогияларды, утопиялық идеяларды, ұлттық
ерекшелік, ұлтшылдық пен шовинизмнің басқа да шектен тыс ұрандарын
қабылдауға аса сезімтал болды. Халықтың бұл маргиналдық топтарын бұзақылық
әрекеттерге үгіттеу өте оңай еді. Сондықтан да олар көбінесе солшыл
радикалдық немесе оңшыл радикалдық қозғалыстар мен партиялардың әлеуметтік
негізіне айналып отырды.
Жаңа идеялық-саяси ағымдар. Бұрын еуропалық елдерде либерализм,
консерватизм, социализм және олардың түрлі ағымдары үстемдік етсе, Бірінші
дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін жаңа қозғалыстар мен партиялар
қалыптасты.
Соғыс жылдары II Интернационал ыдырап, социалистік партиялар "үй-
үйлеріне" тарасты. Жік солшыл радикалдық қозғалыстардың белсенділенуі мен
коммунистік партиялардың құрылуына байланысты тереңдеп, ұйымдастырушылық
жағынан рәсімделді. Соңғылары 1919 ж. Ресей коммунистік партиясының
басшылығымен Коммунистік Интернационалға бірікті. Коминтерн Кеңестік
Ресейдің материалдық және ұйымдық көмегіне арқа сүйеді және ұлттық
партияларды (секцияларды) дүниежүзілік социалистік революция мен әлеуметтік
әділеттікке жетудің ортақ мақсаттары негізінде біріктіретін біртұтас
тәртіпті халықаралық саяси партия ретінде әрекет жасады. Олар билік
жүргізуші либералдық-демократиялық режимдерге оппозицияда болды.
Коммунистік партиялардың мүшелерінің саны 1929 ж. дүниежүзі бойынша 0,8 млн
адам болды.
Өз кезегінде халықаралық социалистік қозғалыстың реформистік орталығы
да қалыптасты. Социалистік және социал-демократиялық партиялар Жұмысшы
Социалистік Интернационалды қайта жаңартты, ол да ұлттық секцияларды
біріктірді, бірақ оларға қатаң тәртіп пен өз шешімдерінің міндеттілігін
таңбады. Социалистік партиялардың қатарында 6 млн аса мүшелері болды.
Социалистер басқа партиялармен одақтасты, кейде үкіметтерді де
басқарды. Олардың социалистік мұратқа жету жөніндегі көзқарасы
коммунистердікінен басқаша болды, олар парламенттік-либералдық-
демократиялық құрылысты революциялық жолмен қирату теориясын қабылдамады,
социализмге реформалар және меншік қатынастары мен билік институттарын
біртіндеп өзгерту арқылы жетуге болады деп есептеді.
Коммунистер мен социалистердің теке тірестері 20— 30 жж. кейбір
елдердегі жағдайларға едәуір әсер етті.
1918—1919 жж. Батыстың кейбір капиталистік елдерінде оңшыл радикалдық
экстремистік қозғалыс пайда болды, олар жалпы фашизм деп аталды.
Фашизм ұғымын оңшыл радикализм мен экстремизмнің басқа да түрлеріне
(мыс, Италия мен Португалиядағы иберия нұсқасы) тарату қабылданған.
Германияда бұл идеологияны ұлтшыл-социализм деп атады. Фашистік қозғалыстың
басшылары әлеуметтік-демагогияны кеңінен пайдаланды, әлеуметтік әділеттік
пен әл-ауқатын көтеруге (әрине, "өз ұлтының") уәде берді, ұлттық сезімге
түрткі салып, "жаңа қоғамның" өз нұсқасын ұсынды. Фашизмнің әлеуметтік
негізін маргиналдық, қоғамның тапсызданған топтары, тұрмыс халі онша емес
офицерлер және үйреншікті ортасынан шығып қалған ұсақ меншік иелері құрады.
Ол кездегі солшыл радикалдық және оңшыл радикалдық саяси қозғалыстар
мен партиялар либералдық идеялар мен парламентаризмге утопистік "жаңа
әлеуметтік жүйелер" мен мемлекеттік құрылыстың өз жобаларын қарама-қарсы
қойды. Оларға биліктің диктаторлық, тоталитарлық формалары мен жеке
адамдардың құқықтарына мемлекеттің үстемдігін орнатуға ұмтылыс тән болды.
Екі идеялық саяси ағым мен жүйенің — либералдық-демократиялық және
тоталитарлық (солшыл және оңшыл радикалдық нұсқаларында) кақтығысулары
еуропаның 1918—1945 жж. саяси тарихының өзегі болды. Бұл процесс Бірінші
дүниежүзілік соғыс кезіндегі революциялық және әлеуметтік қозғалыстарда,
әсіресе Германияда, айқын көрініс тапты.
Германиядағы 1918-1919 жылдардағы революция.
Германия революция қарсаңында. Орталық Еуропа елдеріндегі
революциялар өте күрделі мәселелерді шешуге тиісті болды. Германия
экономикасы жоғары дәрежеде дамыған индустриялы ел болды. Алайда мұнда
буржуазиялық-демократиялық қайта құрулар аяқталмағандықтан, саяси жағынан
артта қалушылық бар еді. Германияның саяси жағынан артта қалуы помещиктік
(юнкерлік) жер иелігі мен монархияның сақталуынан көрінді. Сайлау құқығы
өте шектеулі болды, монархтың (кайзердің) билігі шексіз, ал рейхстагтың
өкілеттілігінің өрісі тар болды, үкімет басшысы (канцлер) рейхстагқа
бағынбайтын еді. Сондықтан демократиялық өзгерістер жасау міндеттері әбден
пісіп-жетілді. Сонымен қатар Германияда жұмысшы қозғалысы жоғары дәрежеде
ұйымдасқан, оның тәжірибелі саяси партиялары бар еді. Сондықтан бұл
революцияның басты қозғаушы күші жұмысшылар болатыны анық еді.
1918 жылдың күзінде Германияның дүниежүзілік соғыста жеңілгені айқын
болды. Неміс әскерлерінің жазғы шабуылдары сәтсіз аяқталды. 1918 жылдың
қыркүйегінде Антанта әскерлері теңізде Маас өзеніне дейін созылған кең
майданда шабуылға шығып, немістерді Бельгия мен Франция жерінің көп
бөлігінен қуып тастады.
Соғыстағы жеңіліс Германияның ішкі саяси жағдайын да шиеленістіріп
жіберді. Қазан айының басында үкімет ауысып, ханзада Макс Баденский канцлер
болып тағайындалды. Жаңа канцлер 5 қазанда АҚШ Президентіне дереу уақытша
бітім жасауды өтінген жеделхат жіберді.
Соғыс елдің экономикасын қатты ойсыратты. Жалақы барынша азайтылды,
азық-түлік қымбаттады, ақша құнсызданып, халық күйзеліске ұшырады. Тылда
да, майданда да толқулар басталды. Жоғарғы билеуші топ та елде революциялық
сілкініс төніп келе жатқанын түсініп, оны реформа жолымен тоқтатуға
үміттенді. Баденский үкіметінің құрамына Германияның социал-демократиялық
партиясының (ГСДП) жетекшісі Фридрих Эберт және Германияның тәуелсіз
социал-демократиялық партиясының (ГТСДП) жетекшісі Филипп Шейдеман
енгізілді.
Революцияның басталуы. Германияның жеңілгендігін әскери басшылар
мойындағысы келмеді. Қазан айының аяғында олар Герман флотын ағылшын
флотына қарсы шайқасқа шығармақшы болды. Өздерінің күшінен әлде-қайда асып
түсетін ағылшын флотына қарсы шабуыл жасау, теңізшілерді мағынасыз өлімге
айдау болар еді. Бірнеше әскери кемелер бұйрықты орындаудан бас тартты, ал
әскери басшылар оларды жаппай тұтқындауға бұйрық берді. Осыған жауап
ретінде 3 қарашада Киль қаласында бұқаралық шеру басталды. Қала
комендатурасы шеруді күшпен тоқтатуға әрекет жасады. Бұл әрекет қалада
көтерілістің басталуына әкелді. Кемелерде және казармаларда кеңестер
құрылды.
Берлиндегі бас көтеру 9 қарашада басталды. Сол күні жүздеген мың
жұмысшылар астананың орталығына қарай шеру жасады. Көтерілісшілер түске
қарай Берлинді өз қолдарына алды. Кайзер II Вильгельм тақтан бас тартты, ал
Макс Баденский канцлер қызметін рейхстагтың ең ірі фракциясының — социал-
демократтардың жетекшісі Ф.Эбертке тапсырды. Социал-демократгар елде
республика құрылғанын жариялап, уақытша үкімет құрды. 10 қарашада құрылған
бұл уақытша үкімет Халық өкілдерінің кеңесі (ХӨК) деп аталды. Кеңесті екі
төраға — Ф.Эберт (ГСДП) және Г.Гаазе (ГТСДП) басқаратын болды. К.Либкнехт
үкіметке кіру жөніндегі ұсыныстан бас тартты. Ол Германиядағы революция әрі
қарай дамып, социалистік сипатқа ие болатындығына сенімді еді. Ол
Кеңестердің бүкілгермандық съезін шақырғанға дейін билікті Берлин кеңесіне
беруге шақырды.
1918 жылы 16—21 желтоқсанда Берлинде Кеңестердің I бүкілгермандық
съезі етті. Съезде ұзақ айтыс тартыстан кейін Құрылтай жиналысы сайлауын
қолдау жөне Германияның болашақ мемлекеттік құрылысын анықтау мәселесін
Құрылтай жиналысының қарауына беру туралы шешім қабылданды. Ұлттық
жиналысты шақыру 1919 жылдың 19 қаңтарына белгіленді.
1919 жылдың қаңтарындағы революциялық өрлеу. Тәуелсіз социал-
демократтар желтоқсан айының аяғында Халық өкілдері Кеңесінен шығып кеттті.
Осыдан кейін дереу мемлекеттік аппараттың барлық буындарынан тәуелсіздердің
өкілдері шығарыла бастады. Осыған наразылық ретінде Берлин жұмысшьшары
шерулер мен жиындар өткізе бастады. Бұл бірқатар жерлерде шерушілер мен
полицияның арасында қақтығыс туғызды. Осы шерудің әсерімен 5 қаңтарда ГТСДП
мен ГКП басшылығы жұмысшыларды Эберт үкіметін құлатуға шақырды.
6 қаңтарда Берлинде жапппай ереуіл басталды. Қаруланған жұмысшылар
вокзалды, социал-демократиялық "Форвертс" газетінің үйін басып алды. Алайда
революциялық әрекетті одан әрі жалғастыруды басқаруға тиіс революциялық
комитет ішінде алауыздық басталып, коммунистер мен тәуелсіздер ортақ
шешімге келе алмады.
Бавар кеңестік республикасы. Астанадағы көтеріліс талқандалды, бірақ
Германияның бірқатар аудандарында әлі де революциялық қозғалыс жалғасып
жатты. Ақпан-мамыр аралығында көптеген қалаларда ереуілдер толқыны болып
өтті. Революциялық өрлеудің ең шыңы — 1919 жылдың 13 сәуірінде Бавар
кеңестік республикасының жариялануы болды. 13 сәуірде монархистер Мюнхенде
мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттеніп, Бавар үкіметінің басшысы тәуелсіз
социал-демократ К.Эйснерді өлтірді. Революцияның жетістіктерін қорғап қалу
үшін әрекет Комитеті құрылды, оған социал-демократтар тәуелсіздер және
коммунистер кірді. Комитетті коммунист Евгений Левине басқарды.
Революцияның қорытындылары және маңызы. Веймар республикасының
құрылуы. Қараша революциясының басты қорытындысы және маңызы монархияның
жойылуы, саяси және әлеуметтік салада демократиялық өзгерістердің іске
асырылуы, республиканың құрылуы, Германияның соғыстан шығуы болды.
Германиядағы революцияның ерекшелігі мемлекеттік құрылыстағы түбірлі
өзгеріс бейбіт сипатта іске асуы еді. Бүл өзгерістерді іске асыруға социал-
демократия жетекшілік жасады. Парламентгік күрес тәжірибесін әжептәуір
меңгерген бұл партия демократиялық республика құру міндетін конституциялық-
құқықтық қайта құрулар жолымен іске асыра алды.
1919 жылдың 31 шілдесінде Ұлттық жиналыс конституция қабылдады, бұл
Веймар конституциясы деп аталды. Бұл 1871 жылғы конституциямен
салыстырғанда нағыз демократияшыл заң болды. Конституция Германиядағы
республикалық құрылысты заңдандырды; жалпыға бірдей тең сайлау құқығын,
азаматтардың заң алдындағы теңдігін жариялады; сөз, баспасөз, жиналыс,
одақтар құру мүмкіндігі берілді. Кәсіподақтардың құқықтары кеңейтілді,
әлеуметтік заңдылықтар қабылданды. Алайда конституция парламенттің
(рейхстаг) құқықтарын шектеп, президентгің өкілеттігін кеңейтті.
Австрия, Венгрия және Финляндия революциялары.
Габсбургтер монархиясының ыдырауы. Әр түрлі тілде сөйлейтін, діні,
тегі, салты мен әдет-ғұрпы бөлек халықтарды топтастырған Австрия-Венгрия
монархиясы XIX ғасырдың аяғында ұлт-азаттық қозғалысының өрістеуіне
қарамастан, ұзақ уақыт сақталып кедді. Габсбургтер әулеті билеген дуалистік
монархияда Австрия мен Венгрияның саяси-құқықтық жағдайы бірдей болды, ал
Чехия, Словакия тағы басқа бөліктері жартылай отар сипатында өмір сүрді.
Экономикалық даму дәрежесі жағынан Чехия мен Австрия басқа бөліктерінен
жоғары болды. Алайда Чехия мен Австрияның өнеркәсібінің дамуына артта
қалған аграрлы аудандар кесірін тигізді. Бұл жағдай дүниежүзілік соғыс
кезінде одан әрі шиеленісті. Чехияда, Словакияда, Венгрияда ұлт-азаттық
қозғалысы өрледі. 1848 жылдан бері тақта отырған қарт император Франц Иосиф
қанша тырысқанымен империяның ыдырауын тоқтата аямады. 1914 ж. тақтың
мұрагері Франц Фердинандтың өлтірілуі саяси дағдарысты тереңдете түсті. Ал
1916 ж. Франц Иосифтің қайтыс болуы және дүниежүзілік соғыста Австро-
Венгрияның жеңілуі империяның ыдырауын жылдамдата түсті. 1918 ж. күзде
Чехияда, Польшада және басқа славян жерлерінде тәуелсіз ұлттық мемлекет
құру ниеті күшейді. 1918 ж. 28 қазанда Чехословакия, 29 қазанда сербтер,
хорваттар мен славяндар (Югославия), 2 қарашада Венгрия тәуелсіздіктерін
жариялады. Осылайша Габсбургтер империясы ыдырады.
Австрия республикасының құрылуы. Австриядағы ықпалды саяси күштер —
Социал-демократиялық жұмысы партиясы, христиан-әлеуметгік партиясы және пан-
германдық партия 1918 ж. қазан айында елде қан төгіс төңкерістің болуына
жол бермеу үшін империя жеріндегі бүкіл неміс халқын біртұтас демократиялық
республика біріктіру туралы келісім жасады. 1918 ж. 21 қазанда империяның
өкілдік органы - рейхстагтың депутаттары мәжіліс өткізіп, тәуелсіз Австрия
демократиялық мемлекеті құрылғанын мәлімдеді және уақытша ұлттық жиналыс
құрды. Ұлттық жиналыс 12 қарашада Австрияны республика деп жариялады. 1919
ж. 16 ақпаңда Құрылтай жиналысына сайлау жүргізілді. Бірінші рет
жүргізілген жалпыға бірдей, төте демократиялық парламенттік сайлауда социал-
демократтар көп дауыс алды. Құрылтай жиналысының шешімімен социал-
демократтар үкімет құрды, премьер-министр К.Реннер болды. Бұл үкімет елді
Антанта мен Австрия арасында бітім шарты жасалғанға дейін басқаратын болды.
Осылайша Австрияда монархияның жойылуы, республиканың құрылуы, социал-
демократиялық жұмысшы партиясының үкімет құруы сияқты түбірлі өзгерістер
қантөгіс төңкеріс нәтижесінде емес, парламенттік күрес ауқымында іске
асырылды. Австрия социал-демократиялық партиясының теоретиктері XX ғасырдың
басында большевиктердің де, социал-демократияның оңшыл қанатының да идеялық
тұжырымдамаларына қосылмай, марксизмнің жаңа кезеңге неғұрлым бейімделген
нұсқасын жасады. Бұл тұжырымдама австромарксизм деп аталды. Австриялық
марксистердің ойынша, революция қысқа уақытта іске асатын көтеріліс емес.
Революция – ұзақ жүретін, күрделі үрдіс.
Венгриядағы революция. Габсбургтер монархиясының ыдырауы, соғыстағы
күйзеліс пен жеңіліс, экономикалық жағдайдың нашарлауы Венгрияда жалпы
ұлттық дағдарысқа әкелді. 1918 жылдың күзінде елде саяси жағдай әбден
шиеленісті.
1918 ж. 25 қазанда Будапештте бұқаралық шеру болып, онда бітім жасау
және Венгрияның жеке мемлекет болып жариялануы туралы ұрандар көтерілді.
Тәуелсіздік партиясының ұсынысымен Ұлттық Кеңес құрылды, оған социал-
демократтар да кірді. Ұлттық Кеңестің басшысы Михай Каройи болды. Ұлттық
Кеңес халыққа үндеу жолдады. Үндеуде Венгрияның толық тәуелсіздік алуы,
бітім жасау, демократиялық бостандықтар беру, аграрлық реформа жүргізу
талаптары айтылды.
1918 ж. 2 қарашада Венгрия тәуелсіз мемлекет болып, ал 16 қарашада
Венгрияда халықтық республика құрылды деп жарияланды.
1918 ж. Ресейден елге дүниежүзілік соғыста тұтқынға түскен
венгрлердің көпшілігі қайтып оралды. Олар Ресейде кеңес үкіметін құруға
және оны қорғауға қатысып, большевиктік идеяларға әбден сеніп, табанды
коммунистер болып алған еді. 1918 ж. наурызда Москвада Бела Кун мен Тибор
Саммуэльдің басшылығымен РКП(б)-ның венгр бөлімі құрылды. Бұл ұйым
үгітшілерді дайындады. Олар Венгрияға келген соң, коммунистік идеяларды
белсенді түрде насихаттай бастады. 1918 ж. қараша айында олар Бела Кунның
басшылығымен Венгрия Коммунистік партиясын құрды. Партияның ықпалы жылдам
өсті.
1919 ж. наурыз айында Антанта Венгрияның Румыния мен Чехословакияға
берілуге тиісті жерлерін босатуды талап етіп, Венгрия үкіметіне ультиматум
тапсырды. Бұл ультиматумды орындау әлі түпкілікті бітім жасалмай түрған
кезде Венгрияның кейбір жерлеріне шетел әскерінің енгізілуіне мүмкіндік
беретін еді. Ал ультиматумды орындамау елдің тәуелсіздігіне қауіп төндірер
еді. Венгрия үкіметі осындай қиын жағдайда қалды, бұл саяси дағдарыс
туғызды. Венгрияда кеңестік республиканың құрылуы. Елді саяси дағдарыстан
шығару үшін үкімет сыртқы саясаттың бағдарын өзгерту керек деп шешті.
Венгрия бұрын Антантаға бағдар ұстаса, енді Кеңестік Ресеймен жақындасу
керек деген ұйғарымға келді. Бұл шешімді іске асыру үшін уақытша президент
қызметін атқарып отырған М.Каройи социал-демократиялық партияның
жетекшілеріне үкімет басқару туралы ұсыныс жасады. Социал-демократтар
үкіметті коммунистермен бірлесіп құру керек деп шешті.
1919 ж. 21 наурызда социал-демократиялық және коммунистік партиялар
бірігіп, Венгрия социалистік партиясын құрды. Сол күні Венгрияда Кеңестік
Республика жарияланды. М.Каройи президенттік қызметтен кетті. Венгрияның
жаңа үкіметі — Революциялық үкімет кеңесі құрылды. Оны социал-демократ
Ш.Гарбаи басқарды, ал Бела Кун сыртқы істер министрі болды. Жаңа үкіметтің
құрамына 14 коммунист, 17 социал-демократ және партияда жоқ 2 саясаткер
кірді.
Революциялык үкімет бірқатар реформаларды іске асырды: банктер, ірі
өнеркәсіп, транспорт, ірі жер иеліктері национализацияланды; 8 сағаттық
жұмыс күні енгізілді; сыртқы саудаға мемлекеттік бақылау қойылды; жалақы
көбейтілді, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жасалды; қызыл әскер құрыла
бастады; халықтық милиция құрылды.
Бела Кун кеңестік Ресейге жеделхат жіберіп, Антантадан қорғауды
өтінді. Алайда азамат соғысы жүріп жатқандықтан, большевиктер үкіметі
кеңестік Венгрияға көмек бере алмады.
Венгрияның Дунайдың сыртындағы оңтүстік аудандарында кеңестік
үкіметті жақтамаған топтар жиналып, Сегед үкіметін құрған болатын. Бұл
үкіметтің жеке әскер бөлімдері болды, оны адмирал Миклош Хорти басқарды.
Будапештгегі И.Фридрих үкіметін Антанта мойындамай қойды, ол да биліктен
кетуге мәжбүр болды. Билік адмирал М.Хортидің қолына тиді. 1920 ж. Ұлттық
жиналыс Венгрияда монархияны қалпына келтіру туралы шешім қабылдады да, 1
наурызда Хорти регент — Венгрия корольдігінің билеушісі болып сайланды.
Регентке парламешті шақыру және тарату, заңдарды дайындау, әскердің бас
қолбасшысы болу құқығы берілді. Хорти өкіметі елде жаппай жазалау жүргізді:
6 мың адам қаза тапты, 70 мың адам түрмеге түсті, 100 адам шет елге кетті.
1926—1932 жж. жалпыға бірдей сайлау құқығы және басқа негізгі демократиялық
құқықтар мен бостандықтар жойылды. Венгрия екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде Германияның одақтасына айналды.
ХХ ғ. 20 ж. Еуропа және Америкадағы буржуазиялық реформалар
Сабақ жоспары:
1. Англия, Франция және АҚШ – тағы революциялық өрлеу.
2. Англиядағы буржуазиялық реформалар.
3. Франциядағы буржуазиялық реформалар.
4. АҚШ-тағы буржуазиялық реформалар.

Англия, Франция және АҚШ – тағы революциялық өрлеу.
Еуропа елдерінде соғыстан кейінгі бейбіт өмірге оралу ұзаққа созылды.
Бітім жөніндегі келісімдерге қол қойысу, күйреген империялар коқсығында
жаңа мемлекеттердің құрылуы, әлеуметтік қозғалыстардың толастауы, кеңеске
қарсы басқыншылықтың тоқтатылуы мен Батыстың Кеңестік Ресеймен қарым-
қатынастарының қалыпқа келуі тұрақтылыққа жол ашты. Өмірдің қалыпқа түсу
процесі басқалардан гөрі жеңімпаз елдерде ертерек байкалды. АҚШ, Англия,
Франция, Скандинавия елдері экономикаларын бейбітшілік арнасына бұруды
ақтап, 1929—1933 жж. экономикалық дағдарыстарға дейін созылған экономикалық
өрлеу жолына түсті.
Экономиканы қалпына келтірудің ерекшеліктері. Еуропа елдерінің
шаруашылық өмірін қалпына келтірудің ең маңызды шарты соғыстан кейінгі
инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валюталардың, ең алдымен 1924 жылға дейін
берекесі кеткен Германия валютасының, тұрақтылығын қалпына келтіру болды.
Дауэс жоспары. 1924 ж. америкальщ банкир Дауэс басқарған арнайы
халықаралық комитет халықаралық несие-қаржы және сауда қатынастарын қалпына
келтірудің стратегиялық жоспарын қабылдады. Жоспардың мазмұны несиелердің
көмегімен Германия экономикасын қалпына келтіру болды. Бұл оған Англия,
Франция және басқа да елдерге соғыс шығындарын өтеуге, ал оларға өздерінің
АҚШ-қа қарыздарынан құтылуға мүмкіндік берді. Капиталдың бұл айналымы
валюталардың алтын стандартына көшумен бірігіп, экономиканы қалпына
келтірудің алғышартына айналды.
Құрылымдылық қайта құру. 20-жж. жетекші капиталистік елдердің
экономикасында маңызды құрылымдық өзгерістер орын алды, соғыс кезіндегі
қираушылықтар қалпына келтіріліп, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайлар
бірсыпыра жақсартылды. Автомобиль, электротехника, химия өнеркәсіптері
сияқты жаппай өндіріс салалары алдыңғы қатарға шықты. Жаппай өндірістің
жаңа техникалық деңгейі автомобиль конвейері, стандарттау, типтік
бөлшектерді кеңінен қолдану, еңбек процесстерінің қарқынын арттыру
мақсатымен оларды басқару мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінен көрініс
тапты. Мұның барлығы еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігі мен
табыстылығын арттыруға мүмкіндік берді.
20- жж. екінші жартысында барлық капиталистік елдер өндірістің
соғыстан бұрынғы деңгейін калпына келтіріп қана қоймай, оны басып озды.
Әсірісе АҚШ экономикасы аса жедел дамыды. Соғыстан бұрынғы деңгеймен
салыстырғанда халыкаралык сауда үштен бір есе артты. Ол жылдардағы
"просперити" деген американ сөзі экономиканың дағдарыссыз даму дәстүрінің
келгеніне сену мен болашаққа үмітпен қараушылықты білдірді.
Капиталистік дүниенің экономикалық дамуы біркелкі болмады. Егер АҚШ,
Франция, Германия салыстырмалы тез қарқынмен дамыса, Англия, Оңтүстік және
Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігі даму қарқыны жөнінде артта қалды.
Капиталистік дүниедегі экономикалық, тұрақтылық берік болмай шықты.
Оның ең осал жері 20-ж. соңында өсе бастаған тауарларды жаппай өндіру мен
халықтың төлем қабілеттілігінің төмендеуі арасындағы айырмашылық болды.
Бейнелей айтсақ, 30-жж. автомобиль конвейерлерінің соңында бұрынғыдай
тынымсыз сатып алушылар кезегі артта қалды. Тауарлар өтпей, қоймаларда
жиналып, сауда дағдарысы келе жатты. Одан жарнамалар, несие беру,
кейін төлеу де сақтай алмады. 1929 ж. 24 қазанында Нью-Йорк фондалық
биржасында үрей басталды, жұрттың барлығы өз акцияларын сатуға ұмтылды.
Сөйтіп, салыстырмалы гүлдену дәуірі аяқталды. АҚШ-тың соңынан бүкіл
капиталистік дүние дүниежүзілік экономикалық дағдарыс тереңіне енді.
20 жж. саяси дамудың ерекшеліктері. Бірінші дүние-жүзілік соғыс
Еуропалық қоғамның негіздерін түбімен шайқалтты. Соғыс аяқталған соң ұзамай-
ақ шыққан О. Шпенглердің "Еуропаның ақыры" деген кітабы көп мәселелерде
уайымшылдық пен мұраттардың қирағандық көңіл күйіне сәйкес келді.
Революциялар, саяси дағдарыстар, халықтың қайыршылануы үкіметтерден, саяси
партиялардан жаңа саяси бағытқа түсуді талап етті. Социал-
демократиялық партиялар Еуропаның саяси тарихында тұңғыш рет үкімет
басқарып, басқа саяси партиялармен билеуші одақтарға енді. Олардың
қатарларында 6 млн. аса мүше болды, оларға ондаған миллион сайлаушылар
дауыс берді. Социал-демократтардың ықпалының артуына, партиялардың
негіздерінің кеңеюіне соғыстан кейін барлық Еуропа елдерінде жалпыға бірдей
сайлау құқын енгізу себеп болды. Бұл құқықты соғысқа дейін онымен
пайдаланбаған әйелдер де алды.
20-жж. саяси күресте әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін
білдіруші баспасөздің рөлі арта түсті. Радио, кинематограф аса қуатты
ақпарат құралдарына айналды, "бұқаралық мәдениет", көпшілік қойылымдар мен
көрілімдер (хоккей, дансингтер, концерттер т. б.) пайда болды. Қоғамдағы
реформашылдық көзқарастардың артып, әлеуметтік қозғалыстардың толастауына
"халықтық", дағдарыссыз капитализм идеяларын насихаттау әсер етті.
Тұрақтылық пен реформаларға ұмтылушылық тек қалыптасқан дәстүрлі
парламент жүйелері бар елдерге (Үлыбритания, АҚШ, Франция, Скандинавия
елдері) ғана тән құбылыс емес еді.
20-жж. демократияландыру, реформалар қоғам өмірінде жұмысшы және
демократиялық қозғалыстар маңызды рөл атқаратын, мемлекеттік басшылыққа
ықпал етуге және қоғамдағы бүлікшіл күштерге қарсы тұруға қабілетті
салиқалы реформашыл орта қалыптасқан жерлерде өтіп жатты. Осал орталық
оқиғалардың шиеленіскен жағдайында Италиядағыдай оңшыл экстремистік
күштердің, Ресейдегідей солшыл радикалдардың билік басына келуіне тосқауыл
қоюға дәрменсіз болып шықты.
Авторитарлық режимдерді орнатуға ұмтылушылық Оңтүстік және Оңтүстік-
Шығыс Еуропа елдерінде (Венгрия, Болгария, Грекия, Албания) орын алды.
"Солға" және "оңға" ауытқушылық мемлекеттік құрылыстағы демократиялық
жүйелер орнаған елдерде орын алды.
АҚШ 20-жж. гүлденудің американдық үлгісі. Соғысқа ең соңынан кірісіп
және соғыс қимылдары театрларынан қашықта орналасқан АҚШ-тың адам шығыны ең
азы болды, оның үстіне соғысқа қатысқан ел бизнесі орасан көп пайда тапты.
АҚШ Еуропаға қарыздардан несие берушіге айналып шыға келді. АҚШ жаңа
техника мен технологияның саласында таңқаларлықтай табыстарға жетті. Тұңғыш
рет Генри Форд енгізген конвейер жүйесі 1913 ж. Мичигандағы автомобиль
зауытында машинаны жинау уақытын 14 сағаттан 1,5 сағатқа дейін қысқартуға
мүмкіндік берді. Таскынды өндіріс басқа салаларға да енгізілді. Кіржуғыш
машиналарды, тоңазытқыштарды, фотоаппараттарды, радиоқабылдағыштар мен
ойнатқыштарды жаппай шығару басталды. 20-ж. соңында әрбір екінші
американдықтың радиоқабылдағышы болды. Жолаушылар таситын әуе көлігінің
дәуірі басталды. 1927 ж. Чарльз Линдберг монопланмен 33 сағат ішінде Атлант
мұхиты арқылы ұшып өтті. Кино актерлері Мэри Пикфорд, Чарли Чаплиндердің
атағы әлемге жайылды. Журналистер 20-жж. әртүрлі-"актерлер ғасыры", " джаз
ғасыры ", гүлдену он жылдығы, тағы басқа деп атап, мақтанып жатты.
Шын мәнісінде АҚШ қарама-қайшылықтар елі болды. Экономикалық дамудың
орасан қарқыны, ғылым мен техниканың ең соңғы жаңалықтары, тұрмыстың
түгелдей өзгеруі 20-жж. барып тұрған саяси кертартпалықпен, экономикалық
либерализм идеяларының салтанат құруымен, "тасмаңдай өзімшілдікпен" ұштасып
жатты.
Бұл Еуропадағы революциялық оқиғаларға консервативтік-корғаныс
тұрғысынан жауап болды. Бизнес соғыстан бұрынғы "қалыптылыққа" оралуды, ең
алдымен мемлекеттік реттеу мен тәртіптеу шаралары мен кәсіпкерлердің ісіне
араласуды жоюды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz