XXI ғасыр ғылыми жетістіктердің, үлкен өзгерістер мен үміттердің ғасыры


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І КІТАПХАНАДА БАЛАЛАРҒА БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

КӨРСЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 5

1. 1 Заманада кітапханада балаларға библиографиялық қызмет

көрсету . . . 5

1. 2 Балаларға қызмет көрсетудің миссиясы, негізгі міндеті мен

әдістері . . . 9

1. 3 Балалар кітапханасында библиографиялық көрме жұмыстарын

Ұйымдастыру . . . 29

ІІ БАЛАЛАРҒА БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ

ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 37

2. 1. Балалар кітапханасында библиографиялық қызмет көрсетудің

негізгі бағыттары . . . 37

2. 2 Балалардың рухани дамуындағы библиографияның ролі . . . 53

2. 3 Балаларға библиографиялық қызмет көрсетуде жаңа ақпараттық

технологияларды пайдалану . . . 64

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі : XXI ғасыр ғылыми жетістіктердің, үлкен өзгерістер мен үміттердің ғасыры. Ғылыми білім негізінде соңғы жүз соңғы жүз жыл ішінде адам баласы өз ғаламшарын өзгертіп, тұрмысын көп есе жеңілдеткен және үлкен өнеркәсіп, көптеген машиналар мен жабдықтар ойлап тапты, тіпті күнделікті тұрмыс жағдайын да өзгертті. Ғылыми зерттеулердің мәні зор, табыс, кіріс беретін өнімге айналған. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қорғау құжаттарын беру жүйесі бар. Ақпараттандыру туралы заңы - ақпараттық процестерді іске асыруға арналған ақпараттық - бағдарлымалық кешен, электрондық ақпаратық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет, пайдаланушыларға электрондық ақпараттар беру жөніндегі қызмет тағы басқа мәселелерды осы заңда қаралады.

Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері: Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз − адамның еңбектену іс-әрекетінің ерекше түрі деп қаралады. Ғылыми зерттеулерінің коммуникациялық жүйесінде орны және функциялары ғылыми зерттеу ақпарттық жұмысында ақпараттарды жинау және өңдеу. Дипломдық жұмыстың негізгі міндетті бірнеше бағытта қаралды, ақпараттық ресурстар пайдалану әдістері және библиография әдістерін қолдану.

Зерттеу пәні және обьектісі: Жаңа техникалық идеяны жасаудың соңғы мақсаты оны тәжірибеде пайдалану, яғни белгілі бір тиімділікке жеткен соң, оны енгізу және пайдалану.

Ғылыми идея мен зерттемелер, интелектуалдық өнім жасаушы - ғалымдар, авторлар. Ғылыми заңдарға байланысты жасалған гипотезалардың түрлері, олар эмпирикалық, теориялық, құрымдық, статискалық, динамикалық, санды және сапалық болып бөлінеді. Зерттеу обьектісіне ғылыми іс-әрекеттің түрлері.

Зерттеу мақсаты: Дипломдық жұмыста зерттеу мақсаты мынада ғылыми іс-әрекетпен айналысуды көздеген ғылыми әдіснамалық ең бір басты бөлігі салада жаңалық және библиографиялық ақпараттың функцияларының анықтамасы беріледі.

Негізгі қайнар көздері: ҚРҰК кітаптардың катологтары құжаттары мен машина оқитын мәліметтері (БД) . Интернет салалы жүйелер, электрон сипаты бүкіл ақпарат жылдам жеткізуге. УО ҒТА (НЦ НТИ) олардың кітапханасы, ішінде мәліметтер.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: ғылыми зерттеу жұмыстарын ақпараттауды ұйымдастыру принциптері, мәселелерін көрсету. Цифрлы және графикалық материалдарды. Берілген құжаттарды өңдеу әдісі мен техникасын безендіру құқығын растайтын мемлекеттік қорғау құжаттарын беру жүйесін көрсету. Ғылыми ақпарат жұмысының қарастыру мазмұны қойылатын талаптар. Бүкіл әлемде сауда ұйымға ( БСҰ) кіруін бүкіл саясат стратегиялық мақсаттарға сай түзілуі тиіс. Библиографиялық ақпараттың құрылымы. Ғылыми ұғым ретінде библиографиялық ақпарат.

Зеттеудің практикалық мәні: Осы зерттеудің практикалық мәні мынада: Ғылыми мен техниканың қазіргі даму кезеңіне тән ғылыми техникалық міндеттердің күрделенуі және адам іс-әрекеттің көлемінің өсуіне байланысты зерттеу мәселелердің шешу сапалы өзгерістерге әкелді. Библиографиялық ақпараттың жүздеге асу формалардың пайдалану. Библиографиялық ақпараты өңдеу өзіне жаңа ақпараттың технологиялына пайдалану мәдениеті болып табылады.

Ғылыми зерттеудің әдістері: Ғылыми жұмыстың тиімділігі көп жағадайда адам ой-өрісінің кеңдігіне, білімділігіне, жалпы ақпараттық мәдениетіне байланысты. Жинау әдісі, іздеу әдістерін пайдаландық.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыстың құрылымында кіріспе, 1 тарау оның үш бөлімшесі, 2 тарау оның үш бөлімшесі, қорытынды, библиографиялық тізімі және қосымшалар.

І КІТАПХАНАДА БАЛАЛАРҒА БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Заманада кітапханада балаларға библиографиялық қызмет көрсету

Кітап оқу құбылысы қоғамда өмір сүру мүмкіндігін кеңейтетін және әркімге қажет элеуметтік дағдылардың қатарына жатады. Кітап оку дағдысы танымды кеңейту, еңбек ету және білім алу сияқты әрекет түрлерінің негізі болып табылады.

Қазіргі таңда кітапхананы ақпараттық орталық ретінде қарастыру әдеті қалыптасқан. Оқырманды қалыптастыру, оның бойында кітапқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, кітап оқуға деген қызығушылығын тудырып, дамытуға қолайлы жағдай жасау міне осылар, жас оқырмандармен жұмыстағы басты міндет болып қала бермек.

Кітапханалар балаларға кітап оқудан алуға болатын аса мол жағымды әсерлерді түсінуге көмек жасауды тиіс. Кітап жаңа әлем кеңістігін ашады. Сондықтан, кітапхана бала бойында сәби шақтан бастап кітап оқуға деген қызығушылықты тудыруға түрткі бола алады. Өйткені қарыштаған ғасырда толыққанды оқырман ретінде балалық шақта қалып керек, әйтпесе өмір ағыны бұған уақыт қалдырмауы мүмкін.

Заман өзгеріп, кітапхана жұмысының әдістері мен түрлері де өзгерер, дегенмен өзгермейтін бір нәрсе бар. Ол - балаға әдебиет әлемін ашуға тырысу.

Балалармен жұмыс істейтін кітапхананың бүгінгі таңдағы міндеті оқырман мәдениетін дамыту, балалардың рухани және зияткерлік өсу, өзін тану және өз бетінше білімін жетілдірудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру, кітап оқу арқылы балаларды қоғамның мәдени - әлеуметтік ортасында өз орнын табуына ықпал ету.

Балалар кітапханасы кітапханаға келген жас сәбиді өсіріп шығарады. Қазіргі ақпараттың технология мен Интернеттің дамыған кезінде оқитын ұрпақты тәрбиелеу керек. Оларды кітапты сүюге, окуға тәрбиелеу бүгінгі күннің мақсаты. Кітап оқу баланың ой - өрісін дамытады, есте сақтау қабілеттін арттырады, тілін дамытады, сауатты болуға үйретеді.

Ата-ана кейде баласының сабағын дұрыс оқуына көмектесе алмай жатады. Мұндай кезде кітапхана отбасылық оқуды дәстүрге айналдыру отырып көмектесе алады. Психологтардың пікірінше баланы кітап оқуға дағдыландыру 9 жасқа дейін ғана мүмкін екен. Ол жастан асқан соң қиылға соғатын көрінеді. Негізгі мақсат оқырманды тәрбиелеу ата - ананың міндеті.

Ата - ана не істеу керек? Кей - кезде болар болмас нәрсеге көмектесе алмай жатады. Сол үшін ата - ана баласына кітап оқуды үйрету керек. Баланы кітап оқуға дағдыландырудың алды балаға кітап оқып беру, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ жаттатқызу, кітаптағы сурет бойынша әңгіме айту, сурет салдырып, ән үйрету. Осыған дағдыланған бала ерте жастан кітапханаға өз еркімен баратын болады. Ерте жастан тамаша білім алып шығады.

Кітапханашы ата - анаға кітап оқу баланың ойлау қабілетін арттыратынын көрсетуіміз керек. Ол үшін мыналарды ұйымдастыруымыз керек: оқитын ортаны табу, ата - аналар мен тәрбиешілерге мамандандырылған қор; бұлдіршіндерге арналған кітапшалар жиынтығы; ата - ана мен тәрбиешілерге ақпарат беру; библиографиялық шолу өткізу; ұсыныстық көрсеткіштер тізімін жасау.

Әлеуметтік прогресс, экономика және мәдениеттің дамуы мен өсу дәрежесі адамзат пен бірыңғай қоғамның ақпаратпен хабардар етілу деңгейіне байланысты болады.

Библиографиялық ақпарат қоғамға қызмет көрсету жүйесінде маңызды рөл атқарып, кітапхана құрылымында жетекші орын алады. Уақыт талабына сай жыл сайын баспа шығарылымдарындағы ақпарат тасқыны көбейе түсуде. Кітапхананың рөлі мен маңызын анықтағанда оның ақпараттық қызметі бірінші орынға қойылады.

Библиографиялық қызмет кітапханада балаларға жас ерекшеліктеріне, қордың көлеміне қарамай да жүзеге асырылады. Кітапханалардың зор көлемді және алуан қырлы жұмысында библиографияның маңызы ерекше. Библиографиялық қызмет кітапхана жұмысының барлық негізгі бөлімдеріне тән. Атап айтқанда библиографиялық процестер оқырмандардың ақпараттың қажеттіліктерін орындауда кітапханалық жэне ақпараттық қызметтерін жақындастырады.

Библиографиялық қызмет бұл библиографиялық ақпаратқа сұраныс етушілердің талаптарын қанағаттандыратын сала.

Библиографиялық қызмет көрсету - бұл библиографиялық ақпаратты тұтынушыға жеткізудегі, оның нақты және болашақтағы қажеттіліктері мен сұраныстарына сәйкес болатын процестердің жиынтығы; кітапхананың, ақпараттық мекеме ретіндегі жұмысының маңызды бөлігі. Бүгінгі күн автаматтандыру кезінде С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханада электрондық каталог балаларға орналып қойылады. Электронды каталогы кітапханадағы кітап қоры мен кітапханаға келетін бұқаралық ақпарат құралы гезет, журнал материалдарының библиографиялық сипаттамасы енгізіледі. Келген оқырман өзіне қажетті дерегін тауып ала алады.

Библиографиялық қызмет көрсету өрісінің келесі тенденциясы библиографиялық қызметтердің аралық түрі болып табылады. Оның мәні мынада: оқырмандардың сұрауына жауап құжаттар жөніндегі мәліметтермен емес, қажетті метериалдардың толық мәтіндері немесе факт бойынша мәліметтермен беріледі. Сол сияқты кітапханада өткізілетін шараларды (көрмелер, мамандар күні, шолу, т. б. ) берушілердің көпшілігі библиографиялық даярлықтарды: библиографиялық мәліметтерді іздеу, іріктеу, топтау сияқты жұмыстарды талап етеді.

Анықтамалық - библиографиялық қызмет көрсету - ол оқырмандардың бір жолдық сұранымдары бойынша библиографиялық қызмет - кітапханалардың міндетті түрде атқаратын функциясы, ол тұтынушыларды кітапхана қорының құрамы туралы мәліметтермен қамтамасыз етіп, ақпаратардың көзін тауып, таңдауға кеңес береді. Анықтамалық-библиографиялық қызмет -библиографиялық қызмет көрсетудің негізгі түрлерінің бірі болып табылады да, бір жолдық сұраным бойынша тұынушыларға библиографиялық, жанама дәлелдемелік хабарлар беру процесімен байланыстырады.

Кітапхана - ұлттық және әлемдік мәдениеттің тоғысқан орталығының бірі. Сонымен ол өзі орналасқан қала мен елдің мәдени ортасы. Жас оқырмандарға өз өлкесін сүюге, оның тарихына білу арқылы отан сүйгіштік сезімін оята отырып рухани тәрбие бере алады. Қалалық білім департаментімен бірлесе отырып Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай оқушылар шығырмашылығының байқауын өткізді. Қазақ, орыс тілдерінде 500 астам шығармалар үздік деп танылып қатыстырылды. Олардың шығармалары жеке жинақ болып та шықты. Балалар шығармашылығында еркіндік пен тәуелсіздік жолындағы қиын күндер, жақындары мен туыстарын басынан өткен тарихи тағдырлары суреттеледі. Ел мен халық бөлін бейтін егіз ұғым, елдің бақыты олардың қолында, өсіп келе жатқан жас ұрпақтық қолында. Әйтпесе баланың аты бала. Олар өздерін қорғауды және үлкендердің қолдауын қажет етеді. Әсіресе жетім балалар, балалар үйлері мен интернат тәрбиленушілері мейірім мен жылы сезімді қажет етеді. Кітапханашылар осы топтағы балалар мен тұрақты түрде кездесулер, қызықты кештер өткізіп тұрады. С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында жыл бойғы жұмыстың қорытындысы шығарыла отырып кітап мерекесімен қатар тұрақты оқырманды үшін "Кітапханадағы түн" өткізіледі. Балалар ата - анасымен бірге қауіпті оқиғаны бастар кеше отырып Қазақстан Ресейге, Ұлыбританияға, Жапонияға, Германияға, Францияға сапар шегеді. Олар сол елдің тақпағын жатқа айттып, әнін орындайды, көрікті жерімен танысады, өнерлерін қонақтарға көрсетеді. "Кітапханадағы түн" дәстүрге айнала отырып қызықты, әрі қайталанбастай бола бастады. Кітап қоры, ақпараттық технологиясы балалар мен жасөспірімдерді кітапханаға тартудағы шешімін тапқан көрген оқырман кітап оқымауы мүмкін емес. Қазіргі кезде балалардың көпшілігі компьютерге отыратын болды. Айналаны танып білудің оңай жолы деп түсінетін оқырман айналып кеп кітаппен достасады.

1. 2 Балаларға қызмет көрсетудің миссиясы, негізгі міндеті мен әдістері

Балалармен жұмыс істейтін кітапханалар бүгінгі таңда оқырман мәдениетін дамыту ортасы кітап оқудың жайлы орталығы отбасылық кітап оқу мен қарым-қатынас орнату ортасы балалық шақтың мәдени-ақпараттық орталығы гуманитарлық орталық ретінде қарастырылуда.

Балаларға қызмет көрсететін кітапханалардың миссиясы - кітап және кітап оқу арқылы баланы дамыту ортасын құру.

Негізгі мақсаты - балалардың рухани және зияткерлік өсу, өзін тану және өз бетінше білімін жетілдірудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру; кітап оқу арқылы балаларды қоғамның мәдени-әлеуметтік ортасында өз орнын табуына ықпал ету.

Негізгі міндеттері: кітап оқуға, әлемдік және ұлттық мәдениетке тарту арқылы баланы дамыту және оның өзін жетілдіруіне көмек көрсету; әлеуметтену (баланың қоғамдық межелер мен құндылыктарды игеруі) мен субъектенудің (әрбір баланың ішкі дүниесін дамыту) үйлесімді қабысуын қамтамасыз ету; балалардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу; балалық шақ құндылықтарын насихаттау; кітапхана қызметін барлық балалардың пайдалана алу құқығын қамтамасыз ету, қоғамның түрлі әлеуметтік сатысындағы және зияткерлігі мен дене бітімі мүмкіншілігі әр түрлі балалар үшін тең құқықтық ұстанымды сақтау; кітап және кітап оқу құндылықтарын насихаттау; жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру; баланың әлем туралы жан-жақты және шынайы ақпарат алуын қамтамасыз ету; дәстүрлі кітап мідениеті мен жаңа «электрондық» мәдениетті өзара байыту; терең мазмұнды қарым-қатынас орнату дағдысын тәрбиелеу, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру; кітапхананың рекреациялық (балалардың демалуына жағдай жасау) және реаблитациялық (бейімдеушілік) қарымын жетілдіру, кітапханаға тарту және сурет салу арқылы емдеу турлері, шығармашылықпен емдеу мүмкіндігі. Казіргі кезеңде балаларға кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру ісінде кітапханалар мынадай құжаттарды басшылыққа алады.

Көпшілік кітапханалар туралы ЮНЕСКО-ның манифесі; Бала құқықтары туралы конвенция; 2002 жылы БҰҰ қабылдаған «Баланың өмір сүруіне қолайлы әлем» атты декларация мен іс-әрекет жоспары; Мектеп кітапханаларының манифесі (2002 ж., ИФЛА -Кітапхана ассоциациялары мен мекемелерінің халықаралық федерациясы) .

Ең бастысы, кітапханалар кішкентай оқырманның кітап оқу дағдысын жетілдіріп, қолдап отыруға барлық күш-жігерді салуы қажет. Сондай-ақ олар оқырман ретінде баланың тұлғалық сенімін арттыруы. Оны кітап оқудан жан рахатын ала білуге үйретуі Кітап оқудан алған әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік туғызуы.

Шығармашылық үрдіс ретінде кітап оқудың мәртебесін көтеруі кітап оқуға ынталандыру арқылы шығармашыл, әлеуметтік бейімделген жеке тұлғаны дамытуға жол ашуы тиіс.

Тәрбиенің бүгінгі таңдағы ең маңызды міндеттерінің бірі - баланың рухани, зерделі жетілуін, шығармашылық қарым-қатынасының өсуін қамтамасыз ету, білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік туғызу, бәрімізге қауіп төндіріп отырған рухани дүние саяздығын болдырмау үшін оның бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау (басқа тәрбие ошақтарымен біріге отырып) . Бала жанына қаяу салатын дөрекі, жат әрекеттердің алдын-алу шарт.

Міне, сондықтан қазіргі таңда баланың кітап оқуға дағдылануы өмірлік маңызы бар шарт болып табылады және жақсы жазылған балалар кітабына қараңғы түнде жол сілтейтін шырақтай қарауымыз керек. Бұл міндеттерді кітапханалар тек кітапханалық қызмет көрсетуді сапалы түрге жаңартқанда ғана орындай алады.

Ал жаңартудың ең басты жолдары кандай?

1. Жаңартудың негізі - бала тұлғасына бет бұру, яғни ынтымақтастық, біріккен шығармашылык педагогикасы ұстанымдары бойынша жеке жұмысты жетілдіру, жас оқырмандармен тең құқылы серіктес ретінде қарым-қатынас жасау. Тек осы тұрғыда ғана баланың рухани жетілуі, толығуы, өзін таныта білуі мен еркін ұстауы және дамуы үшін қолайлы жағдай туады, ал кітап оның рухани шөлден сусындайтын қайнар көзге айналады.

2. Көпшілік шара жұмысының белсенді, дәстүрлі емес, жаңа, ойын,
пікірталас, клубтық түрлерін енгізу. Егер олар оқырмандардың кейбір
топтары немесе нақты бір оқырманның талап-тілегіне сай келсе, онда бұл
жұмыс түрлері тек кітапханалық сипатта болмауы да мүмкін. Кітапхананың
бүгінгі танда жүргізіп отырған көпшілік жұмыстарындағы ерекшеліктерінің
бірі - өз оқырмандарының пікір-талаптарын, қызығушылықтары мен
сұраныстарын ескеріп отыруы. Мұны өзара әңгіме, сауалнамалар жүргізу
барысында анықтауға болады.

3. Кітапхана мен отбасы арасында орнаған достық қарым-қатынасты
дамыту, өйткені баланың оқырман ретінде қалыптасуы отбасында өтеді және
отбасының баланың кітап оқуға деген қажеттілігін жетілдіруі айрықша
маңызға ие.

4. Психологиялық қолдау мен әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру,
кітапханалық емдеу жұмысын дамыту.

5. Оқырманның бойында кітапханаға жүйелі түрде келіп түруға деген тілек
дағдыны ынталандыру мақсатында жұмыстың ерекше түрлерін, жолдары мен
құралдарын пайдалану.

6. Балалардың компьютерлік технологияларға деген күннен күнге артып отырған қызығушылығын ескере отырып, оны кітапты насихаттау мен кітап оқуға тарту мақсатында пайдалану. Мұның тиімді жолдары қандай?

Оқырмандармен жеке жұмыс

Кітапханалар алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру барысында оқырмандармен жүргізілетін жеке жұмыстың дұрыс жолға қойылуы кітапхананы үлкен табысқа жеткізетіні анық.

Педагогиканың әдепті, нақты түрлерінің көмегі арқылы жеке оқырманның даралық сипатына сүйене отырып кітапханашы баланың оқырман ретінде қалыптасып, дамуына әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде балалар әдебиеті мен оның адами рухының бүкіл тәрбиелік қарымын толық пайдалануға жол ашады.

Оқырманмен жүргізілетін жеке жұмыста кітапханашыға оқырмандардың жас ерекшелігі психологиясын жетік білу, оқырманмен арада шынайы қарым-қатынас орнату, оқырман кітапшасындағы жазбалар, оқырманды бақылау, оның кітаптың құндылығын бағалай алу деңгейі, оқырман сұраныстары, ата-анамен әңгіме және т. б. көп көмегін тигізеді.

Егер жас ерекшелігі психологиясына тоқталар болсақ, онда баланың кітап оқуы педагогикасында оқырмандық жетілудің төмендегі кезеңдерін қарастыруға болады:

  • Сәби шақ (0-3 жас)
  • Мектеп жасына дейінгі кезең (3-6)
  • Балалық кезең (7-9)
  • Балалықтан жасөспірімдік кезеңге ауысу шағы (10-11)
  • Жасөспірімдік кезең (12-14)

Сәби шақ (0-3) . Бұл - баланың өзін қоршаған дүниені белсенді түрде
тану кезеңі. Ал осы әлемде кітапқа да орын табылып жатса нұр үстіне нұр
болар еді. Баланы кітаппен таныстыру және оған оқып беру сәби шыр етіп
дүниеге келген сәттен басталғаны жөн. Сәби шақта бала өмірінде орын алған
кітап ата-ана мен баланың арасында аса бір айрықша жылы байланыс
орнатуға дәнекер болып, зейінді тыңдаушының дағдысын, эмоциялық
ортаны, қиялдау қасиетін қалыптастырады, жан рахатына бөлеп, баланы
кітап оқуды үйрену процесіне дайындауға көмектеседі. Бұрын бұл кезеңге
балалар кітапханасының жұмысында негізгі кезең ретінде аса үлкен мән ерілмей келді. Кітапқа деген сүйіспеншілік негізінен отбасында қалыптасатын еді. Қазіргі таңда сәби шақтағы оқырмандармен, олардың ата-аналарымен жұмыс балалар кітапханалары жұмысының басты бағытына айналуда. Әсіресе, отбасылық кітап оқу дәстүрі өзінің маңыздылығын жоғалта бастаған қазіргі уақытта, кітапхана ата-ана мен оның бұлдіршіндеріне кітапты өмірдің ажырамас бір бөлшегіне айналдыруға көмектескені жөн. Балаларға арналған әдебиет саласының сарапшылары ретінде кітапханашылар ата-аналардың басты серіктестігіне айналуда. Олар балдырғандар үшін тамаша орта құра алады: оларды кітапханаға тарту үшін бар күш-жігерлерін салады; ата-ананың өз сәбиін кітап оқуға баулу дағдысын меңгеруіне көмектеседі. Бұл мәселеде кітапхананың сенімді серіктестері ретінде медициналық қызметкерлердің (бала дәрігерлері, жүйке ауруы дәрігерлері (невропатологтар) және т. б. ) көмегіне арқа сүйеген дұрыс.

Мектеп жасына дейінгі кезең (3-6 жас) . Бұл жастағы балаларға тән қасиет асқан сезімталдық. Міне, осы қасиет ойлау, еске сақтау, қиялдау сияқты қабілеттердің дамуына үлкен әсер етеді. Сондықтан алғашқы сөзді өз бетінше оқи алу деңгейіне жеткенше ересек адамның күнделікті кітап оқып беру дағдысы бала үшін өте маңызды. Осы кезеңде бала кітап оқу арқылы өмірлік жанама тәжірибе жинақтайды. Тура осы жылдары бала бойында шығармашылық негіздері қаланады, мінез-құлық қалыптасады, сөйлеу машығы жетіледі. Ал кітап көптеген күрделі тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектесе алады. Ертегі, тақпақ, шағын әңгімелерден басқа балаларды танымдық сипаттағы әдебиетке тартуға болады. Кітап оқу барысында ойын түрлерін көбірек қолданған жөн. Сонда балалар өздерін ақылды, тапқыр, зейінді сезінеді, ал бұл олар үшін өте маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін мен ғылым жаратылыс мәселесінде кереғар пікірде
Дін анықтамалары. Діннің алғашқы формалары, әлемдік діндер
Әдіс грек
Оқушылардың атқарған қызметі
XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптарға шолу
Дін философиясы туралы
Интерактивті тақтаны пайдалану
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Қытайдың Орталық Азиядағы саясаты
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz