Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Дипломдық жұмыс

Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі

Орындаған:

Ғылыми жетекші:

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекетінің ғылыми теориялық негіздері

1. 1. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны . . . 6

1. 2. Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала дамуына тигізетін ықпалы . . . 17

  1. Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның бала тәрбиесі мен ата-аналардың мәдениетін көтерудегі маңызы . . . 25
  2. Оқу сапасын арттырудағы педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі . . . 46

ІІ тарау. Отбасылық қарым-қатынаста ата-ана ықпалын арттырудың педагогикалық шарттарын тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны

2. 1. Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі негізінде ата-аналардың педагогикалық білімін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар . . . 52

2. 2. Ата-аналардың педагогикалық білімін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесі . . . 60

Қорытынды . . . 65

Әдебиеттер тізімі . . . 67

Қосымша . . . 69

Кіріспе

Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті - бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп, жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.

Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескертіні бар. Көптеген ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізді болса да баланың дамып қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен. Бұлай болуының басты себебі - отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатында екені тағы белгілі. Алайда Кеңес одағы кезіндегі идеологияға байланысты отбасы тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, керісінше, оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сол себепті Кеңес одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап алдын-ала жоспарланатын - ясли, балабақша, бастуыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік орта оқу орындары, жоғары мектеп т. б. баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу, оқыту арқылы ұйымдастыру бағдарламалары жасалып жұмыс жүргізіле бастады.

1994 жылды БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруін көздеген еді. Осы шараның нәтижесі ретінде қазіргі күні Қазақстанда «Отбасы және демография», «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы» секілді ұйымдар қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай бұл ұйымдардың әрқайсысының өз функциясы бар болғанымен олар ата-аналардың педагогикалық сауатын ашу, отбасы тәрбиесінің шарттарымен қаруландыру мәселесін шешпейді. Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсерін Т. В. Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, Е. О. Смирновалар атап көосеткен. А. Н. Леонтьев, С. А. Козлова, балаға отбасы жылулығының ықпалын атап өткен. Жақын адамдардың ықпалын баланың алдымен сезініп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А. В. Запорожец, А. Д. Кошелева және т. б. белгіленген. Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын - Ю. П. Азарова, И. В. Гребенников, Т. А. Маркова, А. Г. Харчев т. б. белгіленген. Қазіргі заман отбасыларының дефектілерін «неблагополучные» дейді М. И. Буянов ажырасудың бала психикасына ықпалын З. Матеичик, Х. Фигдор т. б. белгіленген. Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е. П. Арнаутова, А. И. Захарова, Е. И. Кульчицкая т. б. Жалғыз бала тәрбиесі туралы А. П. Усова, егіздер тәрбиесін Р. Скиннер, К. Витек т. б. зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына ананың әсерін психотерапевт А. И. Захарова, психолог Д. Б. Эльконин, А. Я. Варга т. б. зерттеген.

Отбасында бала тәрбиелеу ешкандай дайындықты керек етпейтін қарапайым әрекет секілді болып көрінеді. Көпшілік қауымның осындай көзқараста екені оларға қойылған сұрақтар мен өткізілген сауалнамалар, әңгімелерден белгілі болды. Жалпы мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі, бастауыш мектеп жасындағы бала тәрбиесі жан-жақты зерттеліп келгенімен ауылды жерлердегі ата-аналарды отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыруға даярлау не болмаса педагогика, психология саласынан элементарлы болса білім беріп, сауатын ашу мәселесі Отанымызда әлі күнге зерттелуге алынбаған. Сондықтан бұл мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Зерттеу нысаны - отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалы.

Зерттеу пәні - бала мен ата-ана қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары.

Зерттеу болжамы: егер, ата-аналар мен педагогикалық ұжым мүшелері арасындағы бірлескен іс-әрекетті жүйелі тұрғыдан ұйымдастырып жүргізетін болсақ, онда ол ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге үлкен ықпалын тигізеді.

Зерттеу міндеттері:

  • отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекетінің ғылыми теориялық негіздерін зерттеу;
  • отбасылық қарым-қатынаста ата-ана ықпалын арттырудың педагогикалық шарттарын тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу.

Зерттеудің теориялық және әдімнамалық негіздері болып - отандық және шетелдік педагогика-психология ғылымындағы ата-ананың балаға тәлім-тәрбиелік ықпалына қатысты ізгілікті философиялық тұжырымдар; отбасы қарым-қатынасы жайлы А. С. Макаренко; В. А. Сухомлинский, Д. И. Фельдштейн сынды ғалымдардың ой-пікірлері мен ережелері.

Зерттеу көздері - Қазақстан Республикасының Конституциясы «Неке және отбасы туралы заң», педагог, философ, әлеуметтану ғылымындағы отбасы қарым-қатынасына қатысты еңбектер. «Білім туралы заң», тәрбие туралы тұжырымдама; оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, отбасы тәрбиесі бойынша «Знание» қоғамы, жекеленген ғалымдардың ата-аналардың бала тәрбиесі бойынша сауатын ашуға арналған бағдарламалары.

Зерттеу әдістері - ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және ұстаздармен әңгіме, сұхбат; «Отбасы қарым-қатынасының педагогикалық ықпалын арттыру» бағдарламасы бойынша эксперименттік жұмыс; сауалнама және тест арқылы білім-білік тексеру; алынған нәтижелерді статистикалық зерделеу.

І тарау. Отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекетінің ғылыми теориялық негіздері

1. 1. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.

Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.

Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.

Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге, өмірдегі мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.

Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар, ”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.

Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегениен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, олард ышешу қоғамның құзырында.

Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі; бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың “өзі үшін өмір сүруге”ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т. б. Бала туудың азаюы- шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.

Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс- жанжал, отбасылық кикілжіңді алдын алады.

Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады. Бұндай отбасыларда аға, әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.

Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті - қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар еенгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкеледі.

Өркениетті қоғам дамыған сайын отбасындағы бала саны азайып келеді. Аз бала отбасында, негізінен бір баласы бар отбасында, ішкі отбасылық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол - балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық қөңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы.

Толық емес отбасында, ата-анасының біреуі жоқ болған отбасыларында тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай отбасылардың көбінде ана және бала ғана болады.

Отбасы тәрбиесінің проблемасы - ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.

Микроклиматы жағымсыз, отбасы өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы отбасында өте маңызды тәрбие проблемелары туындайды.

Ата-ана құқығына айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.

Елдегі түбегейді әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты отбасылар пайда бола бастайды. Мұндай отбасыларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай отбасындағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.

Отбасының жоғары материалдық ауқаттылығы отбасы жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп отбасы әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу.

Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінін есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана отбасы тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моральдық қасиеттерін қалыптастыру.

Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Бала өмірін және іс- әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі- ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттыллықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.

Балалардың күн ырғағы И. П. Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрсетті. Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата- ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн ырғағының негізгі элементтері- еңбек демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т. б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотил) пайда болады. Мысалы: бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабатында тежелу процесі басым болады да тез ұйықтауға кіріседі. Сондықтан ата- аналар балалардың белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, тұруға үйретулері, яғни ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.

Сонымен, дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады, ал әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.

Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата- аналар түрлі еңбек іс- әрекеттеріне үйретулері қажет. Бала отбасы мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы қажет. Бала отбасы мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы зор қуаныш. Отбасының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей, парасатты ұйымдастырғаны жөн. Үйге берілген оқу тапсырмаларын үнемі орындап отыруға бақылау жасау, көмектесу, балаларды өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету.

Балалардың бос уақыты- бұл шығармашылық елігу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады.

Көптеген отбасыларында ата- аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүрге айналады. Егер ата- аналар қоршаған табиғат және өз өлкесінің көз тартарлық көрнекі орындары жөнінде әңгіме өткізсе, мұндай серуендердің танымдық маңызы зор болады.

Отбасылық тәрбиенің басты жағдайларының бірі-бұл ерлі- зайыптының өзара махаббатына, көзқарасының, мүдделерінің, сенімділіктерінің және ұжымдық іс- әрекеттерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай ортада қиыншылықты жеңе білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымды жеке басының қамын ойламайды, басқа адамдар үшін де өмір сүре алады.

Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Ж. Б. Қоянбаев,

Р. М. Қоянбаевтың пікірінше, оларға мына мәселелер жатады:

  1. Отбасының этикалық құрамы және құрамы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы;
  1. Тіршілік әрекетінің және орталық жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл- ауқаты, селолық және қалалық отбасы:
  2. Отбасының мәдени потенцияллы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті; күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер:
  3. Ішкі отбасылық қатынастар отбасы микроклиматтарының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы,

отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;

  1. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы;
  2. Отбасының тәрбиелік потенциялы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата- аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі (20, 194) .

Отбасының осы көрсетіліп отырған ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.

Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар: халық санының өсуі; адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік- шаруашылық функциясы, отбасының тәрбиелік функциясы отбасы мүшелерінің өзара және туған- туысқандарымен қарым- қатынас жасау функциясы.

Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі- үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.

Біріншіден: отбасында болатын өктемдік баланы өзін- өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жәй- күйі төмен болады.

Екіншіден: баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік, ата- аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп, еркіне жіберушілік өзімшілікке тәрбиелейді.

Үшіншіден: әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата- аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Мектеп, отбасы, жұртшылық және мектептің бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық
Білім беру үрдісіндегі әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік иституттардың өзара әрекеттестігі
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Дене шынықтыру педагогикасы пәні бойынша дәрістер кешені
Жеткіншектердің тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесінің практика жүзінде шешілуі
Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық тусініктер мен идеялар
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz