Міндеттемелік құқық. Шарт туралы жалпы ережелер


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

21-т а р а у. МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚ

§1. МІНДЕТТЕМЕЛІК

ҮҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

1. Міндеттеменщ угымы. Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не ? Біз оны қалай түсінеміз ? Бұл туралы Азаматтык кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, акша төлеу және т. б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасау-дан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкордан өз міндеттерін орындауын талап етугеқұкылы. Несие беруші бо-рышкордан аткарылғанды қабылдауға міндетті", - деп атап керсетеді. Демек, міндеттеме - азаматтық құқыктык, қатынас-тың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме - несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екіжақты кұкык-тық катынасқа жатады. Екіжақты құкықтық катынас: несие беруші тұрғысынан карағанда - талап ету (белсенді жағы), борышкор жағынан алып карағанда - міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.

Заңгерлер: талап етуді "міндеттемелік кұкық" деп атайды. Бұл - "екіжақты құкықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше жауапкершілікке шақыруға, яғни, талап етуге құқылы" деген сөз. Баска да азаматтық кұкықтык қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзівдік құрамдас бөліктері болады: олар - субъект, мазмұн және объект.

2. Ал, енді, міндеттеменіц субъектілері кімдер ? Бүл туралы Азаматгык кодекстін тағы да сол 268-бабында тайға таңба бас-

қандай: "Міндеттеменің субъектілері: борышкор мен несие беруші" деп жазылған. Осы екі субъектіге нақтылы анықтама беретін болсақ, борышқор - белгілі бір әрекетті жүзеге асы-руға міндетті, немесе, одан түрлі себептерге байланысты бас тартатұратын жақ; несие беруші - борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң кұжатта-рында баскдша көрсетілмесе, бұлар - азаматтар, заңды -тұлға-лар және мемлекеттін міндеттеме тараптары деген сиякты өзіндік атауларымен нұсқаланады.

Азаматтык кодекстің 269-бабына сәйкес, несие беруші не-месе борышқор ретівде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұның аты - көп тұлғалармен жасалған міндет-теме. Мұндай жағдайда. Азаматтык кодекстін 286-288 - бапта-рындакөрсетілгендей, улесті, , (жәрдем берушілік) міндеттемешйдя болады.

Бұл секідді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға өздерінің ортақ меншік қүқығындағы мүлікті сат-қанда, бірнеше жеке түлға бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепіддеме жасағанда, бірнеше кісі баска біреуге зиян келтіргевде және т. б. осыған ұқсас жағдайларда жолығамьп. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардын, бәрінде де сол мәмілеге кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер завды түрде пайда болған міндеттемелік кұқық қатынастарына түгелімен не борышкор, не болмаса, несие беруші ретінде қатысады.

Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені орындау жауапкершілігі құ-жатқа сәйкес, үлесіне карай немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.

Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал несие берушілердін әркайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын толық өтеген борышкор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар үшін күшінде кала береді.

Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтык, кодекстің 287-бабына сәйкес, борышқорлардан міндеттемені толык ат-қаруды талап етуге қүқылы, ал борышқорлардың әркайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жак катысатын міндеттемені ортактасқан міндеттеме деп атайды. Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады:

1) бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысканы - ортақтасқан міндеттеме;

2) бір борышқор мен бірнеше несие берушілер катысқаны -
ортактасқан талап етуші;

3) бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар
қатысқаны - аралас ортақтасу, - делінеді.

Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе зан кұжаттарында нақтылы көрсетілмесе, сонымен бірге, міндетгеменін мәні бөле-жарьт анык, нұсқаланбаса - ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтаскан талап пайда болады.

Кәсіпкерлік кызметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушініңталаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарывда езгеше көзделмесе, - ортақтасқан міндет бо-дып табылады.

Несие беруші ортақтасқан міндетті барлык борышкорлар-дан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенінен де, сондай-ақ, түгелдей де, бөлшектеп те борышты талап етуге құкылы. Ортақтас борышқорлардын біріне толық қанағаттанбаған не-сие беруші алымдарын олардың қалғандарынан талап етуге де құқығы бар.

Ортактас борышқорлар міндеттеме толык орындалғанға дейін мівдетті болып қала береді.

Борьшқорлардың бірінін ортақтас міндетті толык, орындал-уы қалғандарын несие беруші алдындағы міндеттерінен боса-тады.

Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие беруші-лердің кез келгені борышқорларға толық көлемівде талап қоюға қүқылы.

Ортақтас несие берушілердін біреуіне міндеттемені тольтқ орындау борышкорды өзге несие берушілерге оны орындау-дан босатады.

Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінін талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы бо-рышқор катыспайтын несие берушіге осындай катынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ.

Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортактас несие берушілердін біреуінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына негізделген карсылық білдіруіне құқығы жоқ.

Азаматтық кодекстің 288-бабына сәйкес негізгі борышкор несие берушінің міндеттемені орьшдау туралы талабын қана-ғаттандырмаған жағдавда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялык борышқорға) мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышкордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі

мүмкін.

Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, ягаи борышқор езінін, алған негізгі міндеттемесіне орай атқа-руға тиісті әрекетін мезгілінде орындай алмаса, міндетгемені баска борышқорға жүктейді. Мысалы, субсидиялык міндетте-меде заңды тұлға құрылтайшысының (меншік иесінің) жауапкершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне бан-кротқа ұшыраған ондай занды тұлғаның аурытпалығын негізгі қоғам езіне кетеріп алады.

3. Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оньщ субъектілерінің құрамында езгерістер болуы мүмкін Яғни қүкыктык катынас-қа бұрынғы несие берушінің орнына жана катысушы келе ала-ды, совдай-ақ бұрынғы борышқордың орнын кейінгісі баса-ды. Бұл жағдай жалпы қүкық қабылдаушылык, (әмбебап) негізінде жүзеге асады. Мысалы, занды тұлғаны кайта кұрған-да, мүлік мұрагерлікпен ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық кабылдау кезінде бұрынғы тұлғаньщ барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да сондай кұкыктарының біріне нақты міндеттемесі де кіреді.

Заң міндеттемедегі тұлғаны ауыстыруға жеке қүкык, қабыл-даушылық жағдайында рұқсат береді, яғни белгілі бір адамнан екіншісіне кандай да бір міндет еткен кезде беретін тұлғаның баскақалған мүлкі сақталады. Міндетгемедегі тұлғанын ауысуы мүндай жағдайда арнайы мәміле негізівде жүзеге асады, бұл талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады (АК-тін 339-347 және 348-баптары) .

Несие берушіге талап етуді баска адамға беруіне жол беріледі. Несие берушілер арасында борышқорға талап ету күкығы келісім шарт аркылы жүзеге асады. Мысалы, карыз беруші өзі бір жаққа үзак уакытқа кеткенде інісіне қарыз алу-шыдан алған карызды кайтаруды талап ету құқығын қалдыра-ды, Талап етуді біреуге беру (мұны цессия деп атайды) баска шарттар сияқты жасалады, оның күші, тәртібі және т. б. белгіленеді. Сонымен бірге талап етуді беруді жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке басьша қатысты талап коюы цессияның аясына кірмейді. Не-сие берушінің жеке басымен тығыз байланысты құкыктардың, атап айтқанда, алимент жөніндегі және азаматтын еміріне не-месе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді (АК-тің 340-бабы) .

Несие беруші кұкықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бо-рышкордың келісімі талап етілмейді (АК-тің 339-бабы 2-тар-мағы) .

Дейтұрғанмен талап етуді беру шарты жасалғанда бұл еске салынуы тиіс. Егер несие беруші құқыктарының басқа адамға ауысқаны жөнінде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие беруші осыдан туындайтын езіне қолайсыз салдар-ға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге міндеттемені орындағаны тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады (АК-тің 339-бабы 3-тармағы) .

Егер зан кұжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапкы несие берушінін күкығьт жяна несие берушіге құқық-тьщ ауысуы кезівде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жана несие берушіге міндеттемені орындауды камтамасыз ететін, сондай-ак басқа да құқыкты, соның ішінде алынбаған сыйакыға (мүддеге) кұкыкты талап етуге байланысты құқықтар ауысады (АК-тің 341-бабы) . Бо-рьшкор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орындамауға құқылы (АК-тің 342-бабы 1-тармағы) .

Талап етуді баска адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын куәлавдыратын құжатгарды беругё және та-лапты жүзеге асыру үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетгі (АК-тін 342-бабы 2-тармағы) .

Борышкор Міндеттеме жөніндегі күкыктардың жана несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезінде бастапқы не-сие берушіге қоймакшы болған қарсылыктарын жаңа несие берушінің талаптарына қарсы коюға құқылы (АК-тің 343-бабы) .

Азаматтық кодекстің 344-бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие берушінің құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізінде:

  1. несие берушінің кұкыктарындағы әмбебап кұкықты ми-расқорлық нәтижесінде;
  2. заң құжаттарында мұвдай ауысу мүмкіндігі көзделсе, не-сие беруші кұкыктарының басқаға ауысуы туралы сот шешімібойынша;
  3. міндетгемені оньщ кепіл болушысы, тапсырушы немесеосы міндеттеме бойынша борыпщор болып табылмайтынкепілге зат берушінін орьшдауы нәтижесінде;
  4. сақтандырушы сактандыратын жағдақдың басталуынажауапты борышқорға несие берушінін кұкықтарын алып бер-ген кезде;

5) заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.

Борыштың ауысуы дегенді былай түсінген жен - несие беруші, борышкор және үшінші тұлға арасындағы сонғысы-ның борышты өз мойнына алу жөніндегі келісім-шарты. Бо-рышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушінін келісімімен ғана жол беріледі (АК-тін 348-бабы) . Бұл түсінікті де, өйткені, несие берушіге борышқорынын кім екендігін білу манызды ғой. Сондай-ак борышқорының тын-дырымды әрі төлем төлей алатын қабілеті болғанын калайды.

Оньщ үстіне бұрынғы борышқордың міндеті жаңасына айна-қатесіз ауысуы шарт, жаңа борышкор несие берушімен бастапқы борыпіқордын арасындағы қатынастарға негізделген қарсылыктарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы (АК-тін 348-бабы 2-тармағы) . Борыштың ауысуымен бірге үшінші жақтың тағайындаған кепілі мен кепіл болушы-лык өзінің күшін тоқтатады. Ол тек кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышқор үшін жауап беруге келісілген жағдайда ғана күшін жоймайды.

Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің нысаны жөніндегі мәселе-талап етуді беру нысанына сәйкес келуге тиіс (АК-тің 348-бабы 1 және 2 тармақтары) .

4. Міндеттемелік кұкык катынастарында регрестік (шегер-
ме) міндеттеме
ёрекше орын алады. Басқа адамның міндетте-
месін орындаған борышкор орьшдалған міндеттеме мөлшерінде
сол адамға кері талап қоюға қүқылы, осыны регрестік міндет-
теме деп атайды.

Азаматтық кодекстін 289-бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышкор осы адамнан залалдарын өтеуді талап етуге құқылы. Ортақтас-қан мівдеттемені орындаған борышқор қалған борышкорлар-дың әркайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шегеріп, тең үлес-пен кері талап коюға кұкылы. Борышқорлардың бірі ортақтас-қан міндетгі орындаған борышқорға тәлемегені осы борыш-корларға және калған борышқорларға тең үлесте түседі.

Борышкордың орындағанын кабылдаған ортактас несие беруші басқа несие берушілерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше дау туындамаса, оларға тиесілі үлестерін өтеуге міндетті.

5. Азаматтық кодекстін 268-бабьша сәйкес міндеттеменің
объектілері
мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б.
сиякты белгілі бір әрекеттер жасауға байланысты келеді (не-
месе белгілі бір әрекет жасаудан тартынуды да айтуға болады) .

Міндетгеменің пәні ретівде әрекет зандық мүддені білдіреді немесе міндеттеме кұкык аясывда өзіндік маңызға ие болады. Сейтіп, міндеттеменің негізінде затгық, айрықша немесе өзінді к кұкық жатуы тиіс.

6. Міндеттеменіц мазмунын оған қатысушы - несие беруші мен борышқордың субъективтік кұкыктары мен міндеттері құрайды. Мысалы, мүлікті жалға алудын міндеттемелік кұкык қатынасыңда жалға алушы жалға берушіден мүлкін әкеліп беруді талап ететін субъективті қүқыкқа ие екендігі көрсетіледі. Сондай-ақ, жалға берушіге мүлкін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшерде ақысын төлеуге міндетті. Жалға беруші жалға алушыға мүлкін пайдалануға беруге міндеттенеді. Әрі жалға алуіпыдян мулікті пяштялянғяны үшін ақысын төлеуді талап ете алады, бұл оның субъективті құқығы болып табылады.

Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардың кұкығы арқылы, сондай-ақ міндеті арқылы айқындала алады. Борыш-қордың мівдеті әдетте белгілі бір әрекетгі жасауға келіп тіреледі (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т. б. ) . Аза-маттықкодекстің 268-бабында көрсетілген тізімнен соны көру-ге болады. Борышкордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асы-рудан да білінеді, мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге сәйкес несие беруші бо-рышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті гайдаланба-уътн талап етуге кұкылы. Мүлікті жалға алушы (борышкор) оны басқа бір адамға жалға бермеуге міндеттенеді.

Кейде міндеттемелік қүқыкка мүліктік емес сипаттағы әре-кеттер де жатады. Мысалы, театр драмалык шығарманын авто-рымен жасаған шартка сәйкес жарнамада автордың аты-жөнін көрсетеді. Мұндай мүліктік емес құқық пен міндет мүліктік әрекетке байланысты болатын міндеттеме мазмұнында косал-кы рел атқарады.

Міндеттемелер ащында/іган, факулыпативтік жяне балама-лык мазмунымен ерекшеленеді. Айқындалган мазмүндагы міндеттемеде борышкордын жасайтын әрекеттерінін сипаты біржақты бекітіледі. Мұвдай әрекеттерді басқасымен ауысты-ру өр жақтың келісімімен ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеггемені борышқордың бұзғаны деп бағаланады. Несие беруші атқарылуға тиісті нәрсенін бұрмалануымен келісе ал-майды, нәтижесінде міндетін бұрмалағаны үшін санкция кол-данылады.

Факулыпативтік мазмундагы міндеттемеде борышкордын белгілі бір әрекеттерді жасау міндеті бекітіледі, ал мұның өзі мүмкін болмаған жағдавда басқа әрекет қолға алынады. Мы-салы, мердігерге жиһаз жасауға материал бәлінсе, оны дайын-дауды міндеттейді, егер әлгі материалдар жок болса, онда ғима-раттың кабырғасына кұрастылмалы нәрсені жасауды тапсыра-ды. Факультативтік міндетгеменің бір ерекшелігі бастапқы ойға алған нәрсе жүзеге аспаса, әрекет тоқтатылмайды, қайта жаңа мазмүвдағы іс жалғасын табады. Демек міндеттеменін тек маз-мұнына ғана өзгеріс енгізіледі.

, екі немесе одан да көп әрекеттерді тең дәрежеде жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленеді. Балама міндеттеме уәкілетгі тұлғанын қай әрекетті таңдауына тәуелді келеді, яғни таңдап алынған нұсқа гу!ІІІдгттг\:гІІҺІ пақты мазмұнына айналады.

Екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борыш-қорға, егер зандардан немесе міндеттеменің шарттарынан езге-ше туындамаса, тандау құқығы беріледі(АК-тің 2Н5-бабына қараңыз) . Мысалы, сатьш алушы дүкенге келіп касында жоқ баласьша екі заттың бірін сатып алады, бұл жағдайда онын, қай-сысын алуға ерік беріледі. Ал қалған жағдайда тандау қүқығы балама міндетгемеде борышқордың еншісіне тиеді.

7. Қүкықтық қатынастарға сәйкес міндеттеме заңмен қор-ғалады. Борышқор өз мівдетін орывдамаған жағдайда оған мем-лекет тарапынан мәжбүр ету шарасы қолданыла алады. Сол арқылы міндеттемені талапқа сай орындауы қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде - несие берушінін бұзылған мүддесі қалпына келтіріледі. Міндеттемені бузган кезде қолданылатын мәжбур-леу шарасына санкцт жатады, сол арқылы міндеттемеге қажетті толықтыру енгізіледі. Бұл мәжбүрлеу шарасының түп қазығы болып табылады. Ол тек міндеттеме бұзылған жағдаида ғана жүзеге асады. Санкция колдану нәтижесінде борышқордың міндеттемені бұзуына жол берілмейді немесе орын алған кемшіліктің жойылуына жағдай жасалады, ал несие беруші кеткен ағатгыктан болған залалдьщ орнын жабады. Бірак та, санкцияның әр түрі бұл міндетгерді әрқалай шешеді.

Кейбір санкциялар мівдеттеменің дұрыс орындалуына кыз-мет етеді. Бірақ ол жарамсыз борышқорға қосымша мүліктік төлем төлетудіөзте мақсат етіп коймайды. Мүндай түрлерін оперативтік санкция деп айтады. Ол атқаруды жүзеге асыруға қолданылатьш тұтқа болып табылады, міндеттеменін мазмұны-на өзгерістер енгізеді. Бұрмаланған тұстарды анықтаған соң, міндеттеме бойынша жасалуға тиісті мәселелердің орындалу-ына мәжбүр етеді. Борышқордан аткару құралын алып, несие берушіге беру, басқа тұлғаның күшімен борышқор есебінен жұмыс істету тәрізді борышқор атқара алмаған жұмыстар жүзе-ге асырылады.

Санкцияның екінші тобына борышқордан қосымша мүлік-тік залалды өндіртіп алу және несие берушінін міндеттемесін орындамауға байланысты болған залалға өтемақы төлеу жа-тады. Бұлар мынадай мүліктік санкциялар: міндеттеменің бұзы-луынан пайда болған залалды қалпына келтіру, айып төлеу.

Кейбір санкцияларда мүліктік төлем төлету элементтері мен оперативтік сипаттағы шаралар кездеседі. Оларды оперативтік-мүліктік деп атайды. Оған, мәселен, борышқордың өз кінәсін мойындап, акауы бар затты сапалы затпен алмастыруын айтуға болады.

Санкцияньщ ерекше түрі деп міндеттемені тоқтятуды яйтяп едік (АК-тің 367-377 баптары) .

Бірқатар жағдайда міндеттеменің бұзылуы санкциялардын, бірнеше түрін біріктіруді қолдануды қажетсінеді. Азаматтык кодекстің 9-бабында құқық қорғаудың қажетті санкциялары келтірілген.

§ 2. МІНДЕТТЕМЕНІҢ ПАЙДА БОЛУ НЕПЗДЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

1. Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пай-да болу негіздері белгілі бір зандық фактілерге байланысты және сол негіздерден көрінеді, мұның өзі Азаматтык кодекстің 7-бабында көрініс тапқан. Азаматгық кодекстің 271-бабы осы Кодекстің 7-бабында көрсетілген түжырымға сүйене отырып, міндеттемелердін калай пайда болатынын айқындай түседі. Ягаи міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіру-ден немесе өзге де негіздерден пайда болады.

Азаматтық кодекстің 7-бабы әртүрлі қүқықтык қатынастар-дың мүмкін болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар.

Бұл - ең алдымен, әкімшілік кұжаттары, әрине, біз бұл арада азаматтьік кұкыктық қатынаскд қатыстысын айтып отыр-мыз. Әкімшілік кұжатының завды күші бағынышты органға міндетті түрде өкімін жүргізетіндігінен көрінеді. Сондыктан да барлык жағдайда да әкімшілік құжат органдар, яғни кұжат-тышығарушы, аткаруіны, оньщ орындалуьш бақылаушы орган-дар және т. б. арасында әкімшілік құқықтык. катанастарды ту-ғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында азаматтык міндеттемені де дүниеге әкеледі.

Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай

әкімшілік құжат) күрделі зандық қүрамның бір бөлшегі десе болады. Мівдеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатка келіп қосылады.

Міндеттеменің пайда болу негізіне құкықка кайшы нақты әрекеттер де жатады. Бұған - біреудің мүлкін қасақана не кез-дейсоқ иелену, залал келтіру арқылы өзгенің занмен қорғала-тын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады.

Міндеттеме азаматтық кодекстін 271-бабында қарастырыл-ған негіздерде де пайда болуы мүмкін.

2. Міндеттеме өзінін мазмүнына, объектілерінің салалык ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мына-дай түрлерге бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарт ұғымы және оның түрлері
Шарт - құқықтық қатынастың туыңдауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Кәсіпкерлік шарттар
Шарттың ұғымы мен оның маңызы
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
Азаматтық құқықтағы міндеттеме ұғымы
Міндеттеме құқық ұғымы және оның жүйесі
Азаматтық құқық жөнінде
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz