Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Бөлім Қазіргі кездегі оқу .тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескерудің маңызы

1.1 Жас ерекшелік туралы түсінік ...

1.2 Оқу тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің
маңыздылығы

ІІ Бөлім Оқу.тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оларды есепке алу

2.1 Оқу .тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшеліктері және оларды ескеру мәселелері..

2.2 Педагогикалық процестегі жеткіншек жастағы балалардың жас
ерекшелігін ескеру және есепке алудың ерекшеліктері.

2.3 Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың жас ерекшеліктері және
оларды есепке алу..


Қорытынды...


Пайдаланған әдебиеттер
Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік - бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жаджайына байланысты болады.
Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз – оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс – бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оның алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу - бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану.
Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда жүйке жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент - бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. Сангвинник – еті тірі; флегматик – жәй, салмақты; холерик – қызба, шапшаң; меланхолик – ойлы, терең толғанысты.
1. Әбиев ж. Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы, - Алматы:Дарын, 2004ж.
2. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова К.Қ.- Алматы: Нұрлы әлем, 2003ж.
3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім- тәрбиесі.- Алматы, «Санат», 1995 ж.
4. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл: Адамгершілік. – А., Білім, 1994ж.
5. Богословский В.В. т.б. Жалпы психология. – А., Мектеп, 1980ж.
6. Әділова З.Ә. Этнопедагогика. – А., ҚазМӘТУ, 1997ж.
7. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – А., Мектеп, 1978ж.
8. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.
9. Болдыров Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы, 1987ж.
10. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.
11. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы.-А., 1994ж.
12. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. / Ред. басқар. Қалиев С., т.б. – А., 1999ж.
13. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы., 2000ж.
14. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., т.б. Педагогика.- А.,Фолиант, 2007ж.
15. Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы.- Алматы, 1991ж.
16. Құрсабаев М. «Атамекен» бағдарламасы. – Алматы., 1991ж.
17. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. –Алматы: Әлем, 2000ж.
18. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. / Құраст. Қалиев С. – Алматы: Рауан, 1996ж.
19. Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: ҚР Ғылым Академиясының философия институты, 1994ж.
20. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – А., 1995ж.
21. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А., 1995ж.
22. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары. / Методикалық нұсқау/ Құраст. Нұржанова Ж.Н. – А.,1991ж.
23. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын, 2004ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Мазмұны:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Бөлім Қазіргі кездегі оқу -тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін
ескерудің маңызы

1.1 Жас ерекшелік туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2 Оқу тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ Бөлім Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оларды
есепке алу

2.1 Оқу –тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшеліктері және оларды ескеру
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

2.2 Педагогикалық процестегі жеткіншек жастағы балалардың жас
ерекшелігін ескеру және есепке алудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .

3. Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың жас ерекшеліктері және
оларды есепке
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның
негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің
жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың
көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл
ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес
оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін
пайдалану керек.
Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-
жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық
ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік - бұл, адамның өз
басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа
адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім
өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат
берген қасиеттерге және тіршілігінің жаджайына байланысты болады.
Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз – оның жас
мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген
жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты
өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу
педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс –
бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оның алдын
ала іс-әрекет ұйымдастыру.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу - бұл әрбір жеке тұлғаның
қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және
мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу
процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып
тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің
барлығын пайдалану.
Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда жүйке
жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле
бермейді. Темперамент - бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-
құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. Сангвинник – еті тірі;
флегматик – жәй, салмақты; холерик – қызба, шапшаң; меланхолик – ойлы,
терең толғанысты.
Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы
тәрбиешілердің мақсаты белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа
бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері
тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі
кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан
есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас
ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Жас ерекшелік ұғымын анықтау;
- Оқу тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің
маңыздылығын қарастыру;
- Оқу-тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшеліктері және оларды ескеру мәселелерін анықтау;
- Педагогикалық процестегі жеткіншек жастағы балалардың жас
ерекшелігін ескеру және есепке алудың ерекшеліктерінқарастыру;
- Жасөспірім кезеңіне сипаттама беру және олардың жас ерекшеліктерін
ескеру мен есепке алудың педагогикалық шарттарын анықтау.

І Бөлім Қазіргі кездегі оқу -тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін
ескерудің маңызы

1.1.Жас ерекшелік туралы түсінік
Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту және тәрбие
жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы
принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас
ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие
жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалы және тәрбие
жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу
және тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай іс жүзіне асырылады.
Оқу және тәрбие жұмыстарының барасында балалардың жас кезеңдерін
еске алу қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі
проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері
әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Жас
кезеңдердің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл
мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр.
Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс
бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты. Ал кейбіреулер
адам жасын тіс аттарына қарап, топтастырады.
Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының
пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін ағзадағы қайсыбір мәңгі
және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді
балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес
деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың өсуін,
дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын
осылай дәлелдегісі келеді. Бірақ олар балалардың психикалық дамуына
байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.
Біздің еліміздің ғалымдары –педагогтары балаларды тәрбие және білім
беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мысалы,
балабақша жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп
жасындағы балалар т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті
ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық
дәлелденбеген.
1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында бүкіл дүниежүзілік симпозиум
болды. Симпозиум жұмысына Кеңес Одағы, Англия, Болгария, Польша,
Чехославакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге
созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерінің бір ізге салу
мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын сызбанұсқа ұсынды:
1. Жаңа туған бала 1 күннен 10
күнге дейін
2. Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа
дейін
3. Ерте балалық шақ 1 жастан 3
жасқа дейін
4. Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа
дейін
5. Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа
дейін

(ер балалар)

8 жастан 11 жасқа дейін

(қыз балалар)
6. Жеткіншектік шақ 13 жастан 16
жасқа дейін

(ер балалар)

12 жастан 15 жасқа дейін

(қыз балалар)
7. Жасөсіпірімдік шақ 17 жастан 21
жасқа дейін

(ер балалар)

16 жастан 20 жасқа дейін

(қыз балалар)
8. Кәмілеттік жастың бірінші кезеңі 22-ден 35 жасқа дейін

(ерлер)

21-ден 35 жасқа дейін

(әйелдер)
9. Кәмілеттік жастың екінші кезеңі 36 –дан 60 жасқа дейін

(ерлер)

36-дан 50 жасқа дейін

(әйелдер)
10. Кексе жас 60-тан
74 жасқа дейін

(ерлер)

56-дан 74 жасқа дейін

(әйелдер)
11. Қарттық жас 75-тен 90
жасқа дейін
12. Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар.
Сонымен, белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және
психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды.
Сондықтан педагогика балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты,
өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын
қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың
өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы
кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас
ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп,
денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды.
Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі
негізгі пинциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар
адамды жеке адам деп түсінеміз.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру
қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал,
белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала
табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға
үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен
жеткіншектердің дамуындағы биологиялық фактордың рөлін айрықша
көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың
дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл
қозғалыстан сан жағынан жинақталу, ал сапа жағынан елеулі
өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың
дене және психикалық дамуынан бірқатар кезеңдерін белгілеуге
мүмкіндік береді. Осының негізіндегі мектеп жасындағы балалар мен
жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:
1. Төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);
2. Негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15
жасқа дейін);
3. Орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18
жасқа дейін):
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және
психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды.
Сондықтан, педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі
ширақтылықты, өзгерімпаздықты, тәрбиеленушінің іс-әрекеті және өзін
қоршаған адамдармен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне олардың
тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір
сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән
психологиялық ерекшеліктердіңұштасуын жиі байқауға болады.
Жасөспірімдік шақтағы байыптылық жеңілтектікпен, табандылық
ойнақылықпен қатар жүреді. Парасатты педагогтер өсудің осы
қайшылықтарын талдап, балалардың өсіп-жетілуінің жаңа белгілерін
атап, оларды жетілдіруге жан-жақты көмектеседі. Әр жастағы, оның
ішінде төменгі мектеп жасындағы баланың бұдан бұрынғы дамуында
жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге
дайындап отырады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі сынып
оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді
мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден
бөлек алып қарай алмайды.

1.2. Оқу тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің
маңыздылығы

Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншек және
жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсуі, дамуы және тәрбие
барысында болатын кейбір өзгешіліктерін еске ала отырып,мектеп және
үйелмен олардың іс-әрекетін тиімді етіп ұйымдастыруы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері дамиды,
өседі. Бойы 90сантиметрден 114 сантиметрге дейін өседі де, салмағы 14
килограмнан 22 килограмға дейін артады. Бұл кезеңде балалар күнделікті
тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек-бұлшықет жүйесі
ұзақ уақытты еңбекті көтермейді. Сондықтан ата-аналардың күш-қуатын еске
алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте-бірте үйрету тәсілдері арқылы
жаттықтыруы қажет.
Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді
тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс-әрекеті-ойын. Ойынның
барысында баланың қабулеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен
балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалім де, ата-аналардың
өзі де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталылығы, сөз қоры мен
тіл дамуының дәрежесі, табиғат және адамдар жөнінде бірсыпыра мәліметтерді
білуі, дененің жетілуі т.б.
Бастауыш сынып оқушыларының денесі, психикалық дамуында кейбір
ерекшеліктері байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйек
жүйесі қалыптасуы сатысында болады. Бұл жастағы балалардыі негізгі іс-
әрекеті –оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. Н.К.Крупская
және А.С.Макаренко 7-12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың
маңызын атап көрсетті. Олардың айтуынша, ойын балаларды еріктілікке,
ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор. Балаларды
бірте-бірте еңбекке баулу, үйелмен, ұжым және қоғамдық пайдалы еңбектің
(үй шаруашылығына қатысу, сынып бөлмесін жинау, саябақта бақша өсіру, үй
жанындағы бау-бақша учаскесінде, мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт
алаңында жұмыс істеу т.б. түрлерін істей білуге үйрету қажет) 7-12
жастағы балалар ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға
әлі қабілетсіз боладлы.Сондықтан бұл жағдайдың ойын, дене еңбектерінің
барысында еске алғаны жөн.
Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға
болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттерімен істерін көре
алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмасын
орындаудан қашушылық т.б. Балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу
тәрбиешілердің, ата-аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне
байланысты.
Бұл жастағы балалрмен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін
олардың мынандай ерекешеліктерін еске алаған жөн: сөзбен істің сәйкесті
болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімі туады; үлкен
адамдардың жіберген қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады;
ұйымшыл келеді; сенімді серік дейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра
бағалайды; түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады т.б.
Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмысының барысында сынып
жетекшілері, мұғалімдер айрықша бақылайды, зерттейді, тиімді етіп іске
асырудың әдістері мен тәсілдерін қарастырып, ата-аналарға дер кезінде
көмек көрсетеді.
Жеткіншектік шақта балалардың бойының ұзындығы 134-135 сантиметр,
денесі тез өседі, бұлшықеттері жетіліп дене қаңқасында кезеңдегі процесі
жүреді. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі (бұл кезеңнің
барысында балданың бастауыш сынып мектеп жағынан жеткіншектік шаққа
көшу болады) немес қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық
емес. Өйткені Н.К.Крупская бұл ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба (ұшқалақ)
жас деп атап көрсетті.
Бұл жастағы балалардың ішкі дүниесінде, айналамен қарым-қатынас
жасауында, үлкендер арасында өзнінің алатын орнын түсінуінде елеулі
өзгерістер байқалады. Ағзаның тез дамуы - қаңқаның сүйектену процесінің
нығаюынан жыныс мүшелерінің жетіле бастауы ( ер баланың жыныс мүшесі 10-
15 жаста, қыз баланікі 13-14 жаста жетіледі), сананың дамуы баланың
тәуелсіз, өз бетімен талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте түрлді
еңбек процесіне қатысады, күнделік өмірді байқайды, ой-өрісаі кеңейеді.
Міне, осылардың негізінде бала өзін-өзі білімді тәжірибелі өз күшімен
әрекет жасай алатын есейген адаммын деп есептейді. Мысалы, Ұлы Отан
соғысы жылдарында (1941-1945ж.ж.) Мен ер жеттіп, естияр адам болдым, мені
майданға жіберіңіз деп, қалалық комсомол комитеттерімен соғыс
коммисариаттарына арыз, өтініш жазған балалар да аз болған жоқ. Әрине, бұл
жағдай балалардың өзінің мүмкіншіліктеріне сын көзімен қарамай асығыс
шешім қабылдап, соны орындауға талпынғанын көрсетеді. Сонымен бірге
жаумен күресуді өте қажет екенідігін түсіне білген балалардың бойын
патриоттық сезім билеген деп айтсақ артық болмайды.
Жеткіншек жастағы балалар намықор болады. Үлкендердің бақылауын
сүймейді, әкімшілік шаралармен жекіріп сөйлеуді, ұнатпайды. Сондықтан олар
бұл жағдайда үлкендердің озбырлық жасауы деп түсінеді, өздерінше әбіржіп,
наразылық білдіреді. Үлкендерге байланып, олардың мінезіндегі шындықпен
жалғандықты байқауға тырысады. Сөйтіп, үлкендермен балалардың қатынасында
түсініспеушілік, суықтық туады.
Балалардың үлкендер жайлы көзқарасын бір жақты түсініп қана, қоюға
болмайды. Балалар өнегелі адамдардың, өндіріс озаттарының тамаша іс-
әрекеттіне масаттанады, тәжім етеді. Мысалы, балалар Отан соғысы мен еңбек
ерлері, космановтар, спортшы, ғылым мен көркемөнер қайраткерлері жайлы сөз
етеді. Олардың ерлік істері мен табыстарына бас иіп, еліктейді. Осы
тұрғыдан балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту,
мұқтаждықтары мен тілектерін қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық ойларға
негізделу керек.
Бұл жастағы балаларға болымды ықпал жасайтын мектептегі балалар
ұйымдары. Осы ұйымдардың көмегімен балалрдлың қоғамдық белсенділігі
дамиды, ой-өрісі кеңейеді. Өздерінің жауапкершіліктерін түсініп, терең
білім алуға талпынады.
Жеткіншектік кезеңде балалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алып,
тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастырған жөн. Олар: ағза мүшелерінің тез
жетіле бастауы; үлкендермен қарым-қатынас; мүмкіншіліктерін ескермей,
ойланбай асығыс шешім қабылдау; қоғамға пайдалы істерге ықыласты; ұжымшыл,
жолдастық, достық сезім нығаюда; кітап оқуға, кинофильмдерді көруге
ынталы, спортты ұнатады т.б.
Жасөспірімдік шақта жастардың ағзасы - қаңқасы мен бұлшықеттері,
ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшықеттері мен жұмыс қабілеттері үлкендердің
нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар отан, қоғам алдында тұрған
әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене
қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өміңр жолына көз жібереді,
өзлдерінің келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың
мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне
жауапкершілігін арттырады.
Бұл кезеңде балалар үшін әкімшілік іс-шаралары өте қауіпті, оларды
жиі қолдану жақсы нәтиже бермейді. Өйткені ата-ана немесе тәрбиеші жастарды
өздеріне қарсы қоюы мүмкін. Сондықтан олардың түрлі іс-әрекеттерін бірігіп
орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға жәрдемдесу т.б. Мұндай
жолдастық қатынастар балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелейді. Ал мектеп
қабырғасында болған жолдастық қарым-қатынас кейбір жастардың санасында өмір
бойы сақталады.
Бұл кезеңдегі балалардың мінез-құлқында түрлі өзгерістер пайда
болады. Мысалы қыздар өздерінің сыртқа киімдеріне, шашын сәндеп ұстауға,
және дене қимылына айрықша көңіл бөледі, өзіне басқа адамдардың назарын
аударуға тырысады. Ал ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады, қыздарға
құрмет көрсетеді, оларды ұнату немесе оларға ұнау сезімі оянады. Жастар
арасындағы қарым-қатынас дамиды, бір-бірімен кездесуді қажет етеді.
Осының нәтижесінде өзара пікір алысады, әңгіме ең алдымен түрлі
адамгершілік, әдеби және ғылыми салаларда айтылып бірте-бірте жолдастық,
достық, махаббат сияқты ұғымдарды сөз етіп, көзқарастарын анықтауға
тырысады.
Осындай достық қатынастардың нәтижесінде жастар арасындағы махаббат
шынайы өте нәзік, тың таза лирикалы болады. Махаббат сезімінің оянуы ер
және қыз балалар үшін олардың арасындағы бірін-бірі силаушылықпен,
достықпен өзара түсінушілікпен сипатталады. Олар өздеріндегі жоғарғы
адамгершіліктік қасиеттерді бағалайды, ал кейбір ер және қыз балалар
махаббат мәселесін жете түсіне бермейді. Олар адамдағы ең басты нәрсе –
сыртқы пішін, киім кие білу дейді. Шынында, бұл біржақты ұғым. Балалар мен
қыздарда мынандай адамгершілік ерекшеліктерінің болуы қажет:
кішіпейілділік, адалдық, абырой, сенімділік, қарапайымдылық, өз күшіне
сенушілік т.б. Жастар өзінің сеніміне, өзара адамгершілік жақын
көңілдестік қатынас жасау мәселесіне зор жауапкершілікпен қарайды.
Сонымен, қорыта келе, мектепке дейінгі балалық шақтан жасөспірімдік
шаққа дейін балалардың бейімділігі мен қабілеті және мінез -құлқымен ,
темпераментін оқыту, тәрбие жұмысының барысында мұғалім, тәрбиеші, ата-ана
үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуы мен қалыптасуына жүйелі түрде ықпал
жасайды.
ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басынан дүние жүзіндегі көптеген
елдердің ғалымдары балалардың дене және спимхикалық дамуының
тездеуін – акселерация құбылысы деп атап көрсетті.
Біздің елімізде, мысалы, соңғы 40 жылдың 13 жастағы ересек балаларды
өткен уақыттағы құрдастармен салыстырғанда, олардың бойы 6-7см-дей биік,
салмағы 6-7кг-дей артық, 16 жастағы ер және қыз балалардың бойының 15-20
см-дей биік, салмағының 15-16 кг-дай артық болатындығы, жыныс мүшесенің 2-3
жыл бұрын жетіле бастайтыны байқалды.
Акселерация құбылысы қазіргі жеткіншек жастағы балалардың бойы
биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез
жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келетіндігі
бірте-бірте анықталуда. Ер жетуге дейінгі ересек жастағы балалар жыныс
мүшесі жетілу кезеңінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін ағзада жүрек-
тамыр жүйесіндегі дамуы бірнеше есе қалыс қалады да өзінің
міндеттерін атқара алмайды.

ІІ Бөлім Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оларды
есепке алу

2.1 Оқу –тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшеліктері және оларды ескеру мәселелері

Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс-
әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге
оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу. Оқу және тағы
басқаларына үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертіге қарай бағыттай
алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны
қоршап тұрған мәдениетьке тән) меңгереді. Рефлекциялы түрде, яғни,
өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін
бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері
өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.
Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті – бұл оның
өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған
өзгерістерді қадағалай алуы. Бұған дейін қолымнан келмеді – енді
келеді, Бұған дейін жасай алмадым – енді жасаймын, Бұрын қандай
болдым – қазір қандаймын, міне, бұлар қол жеткізілгендер мен
өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі
бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді
өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер
бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің, өзін-өзі дамытудың
жетілген түрінің рефлекциясынан қанағат алса, демек, бала оқу іс-
әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.
Бастауыш сынып жасы – бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз
бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру
кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны
табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста
қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер:
адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды
тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының
қарым-қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы
аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс
табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас
ерекшеліктер болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар
сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді.
Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас
ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет.
Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы
ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының
келешегінің алғы шарты болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздысы - педагог. Балаға
қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов
былай дейді: -Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию
баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін
адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің
соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана
оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып
жасындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың
маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым-қатынаста
өз бет әлпетінің жылылығымен әсер етуге сараңдығы бала мен педагог
арасындағы онсыз да үлкен жас айырмашылығын одан сайын
қашықтатпақ.
Оқу іс - әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар
қойылады, олар бала қиялынөз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім
сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда
болу жағдайын көз алдарына елестетіп көруі жөнінде тапсырма береді.
Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда
оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе
баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол
құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер
және т.б. болуы мүмкін.
Әртүрлі оқиғалар, өлеңдер ұйқастыру, ертегілер ойлап табу,
түрлі кейіпкерлерді ойлап табу, бейнелеу, арқылы бала өзіне белгілі
оқиғаларды, өлең жолдарын, графикалық бейнелерді өзі де байқамастан
айта бастауы мүмкін. Баланың өзіне белгілі оқиғаларды әдейі бір –
біріне қосып, өз кейіпкерінің сапалық жақтары арқылы жаңа бейнелер
жасауы да жиі кездеседі. Егер баланың сөйлеу және қиялдай алу
қабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан пайда
болған рефлексіне көңілі толса, онда ол кәдімгідей мәні бар
мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылыққабілетінен
шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасын ойлап тауып, оны
әңгімелеп бере алатын болады. Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі
жағдайларды да тудыра алады. Ең бастысы – тапсырманы орындаудағы
қиындықты жеңу, дос табу, жарыққа шығу, қуанышты сәтті бастан
кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау және оны өрістету кезінде санаға
түсетін салмақ, мазмұнды басқару, кейіпкерлердің әрекетін тоқтату
және оған қайта оралуәрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық
қызмет ретінде жаттықтырады.
Ақыл-ойдың дамуына оқу іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Әсіресе
оқу жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың
айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту
мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері болады;
біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру, екіншіден, оқи және
жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де – тіл жүйесіне, оның
фонетикасына, таңбалануына, лексикасына, грамматикасына, орфографиясына
сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден, оқушылардың сөйлеу
мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі, яғни, ол
оқушы деген атқа ие болғандықтан да сол деңгейден төмен болмауы
тиісБастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте-бірте
толық және дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне
жететін болады. Ол сөз әлеміне қиындықсыз араласып, оның мазмұның
бағамдай алатын болады, яғни, әңгіменің не туралы болып жатқаның
ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының дамуын қадағалап, соған сәйкес
сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы жететін болады. Бала
өзінің сөздік қорын ынталы түрде кеңейтуге ұмтылып, өзі үйренген
сөздер мен сөз тікестерін жиі пайдалануға, қарапайым грамматикалық
түрлер мен құрлымдарды меңгеруге тырысады. Мұның бәрі баланың
сөйлеу қабілетінің дамуындағы жетістіктер.
Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-
салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік
қорын молайтады, оқуға, жазуға, санауға үйренеді. Оқытудың алғашқы
сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу,
жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен
нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына
жағдай туғызады.
Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда да екі негізгі
саты байқалады. Бірінші сатыда, олардың ойлау әрекеті көбіне мектеп
жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда, І-П
сыныптың оқушылары кейде заттар мен жағдайларды олардың қандай да
бір жеке сыртқы белгісі бойынша бір жақты бағалайды. Олардың өсе
келе ойлау сипаттары өзгереді. Төменгі сынып оқушыларының даму
ерекшеліктері жеті жастағы балалардан басталады. Бұл оқушылар
білуге тым әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары туралы,
адамдардың өмірі туралы көп білуге деген құмарлығын мұғалімдерге
қанағаттандыру өте қиын. Олардың маңызды бір ерекшелігі сезімдік
көңіл-күйінің көтеріңкілігі болып табылады. Оқушылар ересек
адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болуды айрықша қажет
етеді. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен
дағдылары, үлкендердің еңбегін құрметтеу, адам өміріндегі еңбектің
рөлін түсіндіру, дене еңбегіне даяр болу, өзін қоршаған дүние
туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі қалыптасады.

Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің
ерекшелігі

Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг.
өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы
екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы
жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам
миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары
арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік
күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары
жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін
қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы
дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-
әрекеттер (манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену
тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік
жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке
дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын,
сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-
әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-
әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру
алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада
істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін
тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне
ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына
оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-
әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға
қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу
тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін
жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл
тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант
та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың
саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да
өте жоғары.
Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін
түсіндіруге ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу
Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі
Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты
Оқушыларға экономикалық білім берудің педагогикалық негіздері
Математика пәнін оқыту арқылы бастауыш мектеп оқушыларын уақытты орынды пайдалануға үйрету жолдарын көрсету
Бастауыш мектептің 2-сыныбындағы қазақ тілі сабағында білім, білік, дағдына қалыптастыру жолдарын қарастыру
Тәрбиенің теориялық негіздері
Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау
Пәндер