ҚАРАҚҰЙРЫҚ



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Түз тағысы .қарақұйрық
2. Дала сәні қарақұйрық мекені
3. Қарақұйрық қорегі
4. Қарақұйрықтың төлдеуі және көбейуі
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Туған елге, оның табиғатына деген адамның көзкарасы бәрінен ерекше. Табиғатты бастапқы қалпынан өзгертуші де, оны жасартып, гүлдендіруші де адам.
Адам- қоршаған ортаның аялаушысы, қадірлейтін қорғанышы. Адамдар үшін туған табиғат пен өскен ел бірінен бірі ажырамас, тұтас ұғым. Сондақтан да олардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі мен мейірбандығы, қамқорлығы мен табиғатқа деген көзқарасы да жыл сайын артып кемелдене түсуде.
Қоршаған ортаның аса маңызды байлықтарының бірі- жануарлар дүниесі. Ол- өнеркәсіптік, дәрі-дәрмектік шипалы шикізат, тағамдық өнімдер мен адам қажетін өтеуге керекті басқа да материалдық игіліктер алу үшін пайдаланатын табиғи ресурс болып табылады.
Жануарлар дүниесінің ғылыми, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттар үшін де маңызы зор. Сондықтан да олардың саның өсіру, басқа жерлерге жерсіндіру және қорғау бұл күнде бүкіл дүние жүзі үшін аса маңызды іске айналып отыр.
Біздің елімізде бұл іске үлкен мән берілген. Бізде тіршілік бесігі- табиғатты қорғау ісіне әрқашан да көңіл бөлініп келеді. Жабайы жануарлардың саның үйлесімді көбейту және табиғи су айдындаы мен бөгендерде балықтың бағалы түрлерін көбейтіп, қалпына келтіре өсіру жөнінде шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінгі және келешек ұрпақтар үшін табиғат байлықтарын – жер, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың үлкен маңызы барлығы айрықша атап көрсетіледі. Бұл күндері табиғат жанашырлары осы тұжырымдарды басшылыққа алып, кей жерде болса да жұмыстың атқарылуын күннен-күнге ширатып келеді.
1. Х. Қыдырбаева, А. Бекенов «Қазақстанның аң байлығы» «Қайнар баспасы» Алматы-1973
2. «Қазақ ұлттық энциклопедиясы». 5 том (к-қ)
Алматы, 2003
3. Қ. Қайымов «Аяулы хайуанаттар». «Мектеп баспасы» Алматы, 1979
4. Мырзабеков Жеңіс «Түз тағысы – қарақұйрық». «Мектеп баспасы», Алматы, 1982
5. Әлиев.Ш, А.Бекенов, Х.Қыдырбаева,«Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау», «Қайнар баспасы», Алматы- 1979

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Туған елге, оның табиғатына деген адамның көзкарасы бәрінен ерекше.
Табиғатты бастапқы қалпынан өзгертуші де, оны жасартып, гүлдендіруші де
адам.
Адам- қоршаған ортаның аялаушысы, қадірлейтін қорғанышы. Адамдар
үшін туған табиғат пен өскен ел бірінен бірі ажырамас, тұтас ұғым.
Сондақтан да олардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі мен мейірбандығы,
қамқорлығы мен табиғатқа деген көзқарасы да жыл сайын артып кемелдене
түсуде.
Қоршаған ортаның аса маңызды байлықтарының бірі- жануарлар дүниесі.
Ол- өнеркәсіптік, дәрі-дәрмектік шипалы шикізат, тағамдық өнімдер мен адам
қажетін өтеуге керекті басқа да материалдық игіліктер алу үшін
пайдаланатын табиғи ресурс болып табылады.
Жануарлар дүниесінің ғылыми, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттар
үшін де маңызы зор. Сондықтан да олардың саның өсіру, басқа жерлерге
жерсіндіру және қорғау бұл күнде бүкіл дүние жүзі үшін аса маңызды іске
айналып отыр.
Біздің елімізде бұл іске үлкен мән берілген. Бізде тіршілік бесігі-
табиғатты қорғау ісіне әрқашан да көңіл бөлініп келеді. Жабайы
жануарлардың саның үйлесімді көбейту және табиғи су айдындаы мен
бөгендерде балықтың бағалы түрлерін көбейтіп, қалпына келтіре өсіру
жөнінде шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінгі және келешек ұрпақтар үшін
табиғат байлықтарын – жер, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін
қорғаудың үлкен маңызы барлығы айрықша атап көрсетіледі. Бұл күндері
табиғат жанашырлары осы тұжырымдарды басшылыққа алып, кей жерде болса да
жұмыстың атқарылуын күннен-күнге ширатып келеді. Осы тұрғыдан
республикамызда саны кұрт азая бастаған хайуанаттардың жер-жерге таралуын,
биологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, оларды қорғау бүкілодақтық іс
болып отыр. Сол істердің бірі- бұрын жерімізде көптеп кездесіп, қазіргі
уақытта саны өте азайып, жойылып кету қаупінде тұрған жануарлардың бірі
Қарқұйрықты қорғап, оның саның көбейту.
Қарақұйрық Отанымыздың жазы құрғақ, аңызақ аптапқы, ал қысы суық,
қарлы борасынды, ауа райының қиын жағдайларына бейімделген жусан,
бұйырғын, баялыш, жантақ сексеуіл сияқты өсімдіктер өсетін шөлді және
шөлейт аудандарда мекен ететін тұяқты хайуанаттардың ішіндегі бітім
тұлғасымен қоса әдемілігімен ерекше көзге түсетін түз тағысы.
Бұл хайуанат үстіміздегі ғасырдың 40-шы жылдарына дейін еліміздің
ұшы- қиырсыз шөлді және шөлейт аймақтарына кеңінен таралып, өзі таралған
ортаның табиғат жағдайына бейімделіп кетті. Бір қараған көзге тіршіліксіз
орта болып көрінетін ұсқынсыз шөлді далаларда соққан желмен жарысқан,
қарақұйрықтардың бір тобы жүріп өткен кезде, сол ұшқыны қашқан
тіршіліксіз ортамыз керемет жанданып, осы далаға жиіркене қараған
бақылаушыға табиғаттың сирек кездесетін құбылыстарының бірін көз алдынан
өткізгенінің өзі қаншама үлкен нәр беретін рухани байлық екендігі сөзсіз.

Қарақұйрық адм баласын тек рухани байлықпен қанағаттандырып
қоймайды. Өзінің дәмді етімен және терісімен де көптеген ғасырлар бойы адам
қажетіне жарап келеді. Осындай сан алуан қасиеттерімен мыңдаған жылдар
бойы адамдардың қажетіне жарап келген қарқұйрық, үстіміздегі ғасырдың 40-
шы жылдарынан бастап техниканың қарыштап өсіп, көптеген аң менқұс
мекендеген далаларды игеруге байланысты, сондай-ақ осы техникаларды аң
аулауға басты құрал етіп пайдаланған кейбір табиғатқа жаны ашымас жандардың
(браконьерлер) кесірінен саны азайып отыр. Сол сияқты бұл аңдардың санының
кемуіне кей жылдары ара райының құбылмалы болуы да көп әсер етті.

ТҮЗ ТАҒЫСЫ-ҚАРАҚҰЙРЫҚ
Қарақұйрық (Gazella subgutturosa)- сүтқоректілер класының
қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. Қазір жер шарында сирек кездесетін
және құрып бара жатқан хайуанат есебінде Қықыл кітапқа енгізілген.
Қазақстанда Үстірт пен Маңғыстауда , Арал өңірінде, Қызылқұм, Мойынқұм,
Бетпақдаланың Оңтүстігінде,Оңтүстік Балқаш өңірінде (Тауқұм, Сарыесік-
атырау) кездеседі. Соңғы жылдары Қара ертіс өзенінің жағалауындағы
құмдарда көрініп жүр.
Тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101-126, шоқтығының биіктігі 67-79 см.
Текесінің салмағы 22,0-41,0, ешкісінікі -20-34кг. Текелерінің эмүйізінің
түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара-қоңыр түсті,
ұзындығы 33-43 см болады. Ешкілері тоқал құйрығы кішкентай, қара түсті,
сопақша әрі үшкір келеді. Тері жамылғысы құм түстес, сарғыш-сұр. Көз алды
шат, тұяқ аралық иіс бездері, көру және есту мүшелері жақсы жетілген,
осылар арқылы бір- бірімен тез табысады. Тастақты, құмды сазды, топырақты,
шөлді аймақты мекендерге бейімделген. Қонысын жыл маусымына қарай, қыста
сексеуіл ,жыңғыл өскен бұйрат-бұйрат құмдарға, жазда шөлді жерлерге қарай
қоныс аударып отырады. Күйіс қайтарып, демалу және ара райының қолайсыз
жағдайларынан қорғану үшін тұяқпен тарпып қазуға оңай жұмсақ топырақты
жерлерден шағын жатақтар жасайды.
Қорегі 70-тен аса шөптесін өсімдіктер мен бұталар, ылғалы мол жас
шөптермен қоректеніп, қар мен жаңбырдан жиналған қақтардан су ішіп шөлін
қандырса, қыста қар жалайды. Жай айларында таңертен және түс қайта
жайылуға шығып, түсте жатса, қыста жайылуы мен күйіс қайтаруы ала-кезек
ауысып отырады. Қазанның аяғында жеттоқаснның ортасына дейін күйлейді. 5-
5,5 ай буаз болып, сәуірдің аяғынан маусымның аяғына дейін лақтайды. Көбіне
1-2 лақ табады.
Дәмді еті мен әдемі терісі үшін көп ауланады. Терісінен сырт киім,
жазға аяқ киім, мәсі тігіп, саба және қауға жасаған. Қазір саны аз
Қазақстанда бар жоғы 13-15 мыңдай. Оның 5-7 мың Алтынемел ұлттық табиғи
саябағында, қалғаны Үстірт қорығы мен Ақтау-Бозащы қорығында қорға алынып,
Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) енгізілген.
Бұл 30-40 килограмға дейін ет беретін, қуыс мүйізді тұяқты жануар
Иран, Ауғанстан, Батыс Пакистан, Оңтүстік Монғолия және солтүстік –батыс
Қытайдың шөлді аймақтарында таралған. Совет елінде Әзірбайжан, Тәжікстан,
Түркмения, Өзбекстан және Қазақстан шөлдерінде кездеседі. Осы аталған
аудандардың барлығында да қарақұйрықтың саны өте мардымсыз. Бірақ, атуға
тыйым салынып, қорғауға алған соң бұл тұяқты жануардың қоры кейбір жерлерде
өсіп келе жатқаны анық байқалады. Мәселен 1960 жылы Әзербайжан ССр-інде
бірнеше ондаған ғана қарақұйрық қалса, қорық ұйымдастырып, қорғауға алудың
нәтижесінде онда бұл жануар саны 2 мыңнан асып отыр.
Дегенмен Орта Азия республикалары мен Қазақстанда Қарақұйрық жайы
қазірде айтарлықтай емес. Бұл өлкелерде бұл тұяқтының саны жылдан-жылға
құлдырап төмен түсуде. Мәселен Тәжікстанның шөлді өңірінде 1946 жылы 4-5
мыңдай қарақұйрық тіршілік етсе, одан 1950 жылы 2 мыңдай қалды, ал қазірде
онда небәрі 20-50 бұл жануар бар деп есептелінеді. Сондай жағдай біздің
республикамызда да байқалып отыр. Оған бірнеше дәлелдер келтірейік. 1960
жылы Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі 710 шаршы километр шөлді жерінде 187
қарақұйрық саналса, ал он жыл өткен соң ол төңіректе бұл тұяқтының бар
болғаны 30-ға жуығы қалғанын Зоология ғылыми зерттеу институтының санақ
мәліметі көрсетті. 1972 жылдың сәуірінде мамандар сомолетпен Үстүрт,
Мойынқұм, Қызылқұм, Бетпақдаланы кесіп өтіп, 16 мың шақырым қашықтықта 36
ғана қарақұйрық көргені өкінішті жайт. Бұрын, яғни 1945 жылы Алматы
облысындағы ұзындығы 80, ені 20-30 шақырым болатын Сөгеті даласында ғана
14-мыңдай сымбатты жануар – қарақұйрық кездесетін еді. Оларды көбіне
браконьерлер құртты, кейбір жылдары оларға ауа-райының қолайсыз жағдайы
әсерін тигізді.

Дала сәні –Қарқұйрық мекені

Шөлді аймақтың сәні – қарақұйрық топырағы саз, ұсақ тасты, құмды
жерлерді мекендей береді. Ол астық тұқымдас шөптер жусаң, сораң өскен
далаларда қоныстануды сүйеді. Құмда сексеуіл арасын паналайды. Қыс
айларында суықтан қорғану үшін және азық табуына қолайлы шөлдегі өзен,
көл бойындағы бұталы тоғайларда жүреді. Жазда ол құрамында ылғалы мол-
итсигек, жуа, сасыр, селеу сияқты шөптерді азық етеді. Сондықтан да
қарақұйрық су ішуге бұл маусымда 3-7 күнде бір барады.
Күзге қарай шөптер қурай бастағанда ол бұлақ, өзен жағасында
жайылады. Күз бен қыста қарақұйрық сораң, жусан, жантақ, қылша, жүзгін
мен сексеуіл өркендері мен қоректенеді.
Жаздың ыстық күндерінде кешкілік және таңертеңгілік жайылып, күндіз
көлеңкеде демалады. Қыстыгүндері оның жайылып жүргенін күндіз жиі көруге
болады. Үнемі адамның қуғынын көрген ол сыбдыр естілсе болды, ол қаша
жөнеледі. Жүгіргенде сағатына 55-62 шақырым алады.
Жылдың жылы маусымдарыда 2-5 тен, ал қыста 7-10-нан топтанып жүріп
тіршілік етеді.
Бетпақдаланың солтүстік жағында мекендейтін қарақұйрықтар қар қалың
түскен жылдары оңтүстікке қарай 100-200 шақырымға дейін қоныс аударып
отырады.
Жер шарында қарақұйрық Закавказьенің оңтүстігі мен шығысында, Орта
Азияда, оңтүстік Қазқстанда,Қашғарияда, Гобида, Алашанда, Ордоста сондай-
ақ солтүстік Тибеттегі шөл және шөлейт аймақтардағы жазықтықтарға, тау
етектері мен қыраттарда таралған. Таралу аймағының солтүстіктегі шекарасы
Каспий теңізінің солтүстік-шығысындағы жағалауынан бастап, Ембі, Ұлытау,
Балқаш көлінің оңтүстігін жағалап отырып, Зайсан ойпатын қамтып, Сауыр,
Тарбағатай тауларының етегіне дейін созылған. Ал оңтүстіктегі шекарасы
Аравия түбегінен бастап шығыстағы Пакистанға дейінгі аумақты қамтиды.
Бұл аңның түрінің біздің елде таралған мекендеріне жете тоқталатын
болсақ: қарақұйрықтар өткен ғасырда Закавказьенің шөлді аудандарында
көптеп кездескен. Мұнда Кура-Арқа ойпатына, Апшерон түбегіне, Карабах,
Миль Мурган далаларына түгел таралған. Осы жерлерді зерттеуші ғалым
Н.Я.Динниктің 1910 жылғы мәліметі бойынша XIX ғасырдың 70-жылдарына
дейін қарақұйрықтар Грузия республикасының астанасы Тбилиси қаласының
айналасында көптеп кездесіп, оны жүйрік итпен аулау өріс алып, қала
базарларында оның дәмді етімен еркін сауда жасаған.
Бұдан кейінгі жылдарда Закавказье территориясында қарақұйрық саны
біртіндеп азая бастады. Өткен ғасырдың соңғы жылдары олар Армения жерінен
мүлдем кездеспейтін болды. Бұл аң үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдары
Закавказье территориясында тек Азербайжан жеріндегі Кура ойпатында және
Аджинур мен Кабристан қыраттарында, адам аяғы сирек басатын, әлі де
игерілмей жатқан аймақтарда кездесті. Олардың жалпы саны 5-6 мыңнан
аспайды. Бұдан кейінгі жылдары Закавказье далаларын ауыл шаруашылығына
толық пайдалану үшін жүргізілген жұмыстардың барысында осы істерді
жүргізуші адамдар мұнда мекен ететін қарақұйрықтарға қамқорлық жасаудың
орнына оларды атып санын өте азайтып, тіпті бұл жерден жойылып кету қаупіне
әкеліп тіреді.
1960 жылы Закавказьеде самолет көмегімен жүргізілген санақтың
мәліметі бойынша қарақұйрық бұрын мыңдап кездесетін Мурган далаларынан
кездеспеген, ал Джейранчале, Аджинур, Миль-Карабах және Ширван далаларында
өте сирек кездескен. Осы аталған далаларда көлемі 14,3 шаршы километр
жерде бар жоғы 130-ақ қарақұйрық ұшырасқан. Бұл жағдай жергілікті
жерлердің табиғат жанашырларын қатты ойландырып, жануарлар дүниесін қорғау
салаларында біршама жұмыс істеуге түрткі болды. Атап айтқанда бұл мәселе
Азербайжан республикасындағы Ширван мемлекеттік қорығында және т.б.
жерлерде қолға алынды.

Қарқұйрық санының осыншама төмендеуінің басты себебі 1963-64, 1968 және
1971-72 жылдары болған табиғи жағдайының қолайсыздығы мен терісі бағалы
аңдар мен құстарды рұқсатсыз аулайтын браконьерлердің де келтірген
зиянынан болып отыр.
Дәл осы уақытта елімізде қарақұйрық саны өте мардымсыз. 1977 жылы
Қазақ ССР министрлер советі жанындағы қорық және аңшылық шаруашылығы бас
басқармасының есебі бойынша Қазақстанның қарақұйрық мекен ететін барлық
территориясында 4500- дей ғана аталған аңның қоры қалғаны анықталды.
Сондықтан да қарақұйрықтың Отанымыздың жерінен жрйылып кетпеуі үшін алдын-
ала көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Соның бірі Арал теңізіндегі
Барсакелмес аралында орналасқан мемлекеттік қорығында жүргізіліп жатқан
шаралар. 1929 жылдан бері қарақұйрық және басқа да сирек кездесетін
аңдарды өсіру, олардың өсімін ұлан-байтақ жеріміздің қолайлы
түпкірлеріне тарату жұмысы жақсы жолға қойылған.
М.В.Казаров деген аң шаруашылығы қызметкерінің мәліметі бойынша
1929 жылы осы аралға 8 бас қарақұйрық жіберілген. Мұның бесеуі ұрғашы,
үшеуі текесі еді. Ал қорықтың архивіндегі мәлімен бойынша мұнда жіберілген
киік саны тоғыз, оның жетеуі ұрғашы, екеуі теке делінген. Е.Г.Васенконың
санағы бойынша бұл жіберілген қарақұйрықтар саны 1935 жылы 38-ге жеткен,
ал 1945 жылы мыңға дейін жетеді. Аталған қорықтың мәліметі бойынша 1947
жылы бұл жерде 2300- дей қарақұйрық мекен етіп, 1948 жылы 4651 –ге дейін
көбейеді. Қарақұйрықтың өсу ерекшеліктерін ескере келгенде кейінгі жылдың
санағы бәраз күмән келтіретіндей. 1948-49 жылдары жалпы елде болған қыстың
суықтығы мен жауған қардың әсері мұнда тіршілік ететін аңдарға үлкен
әсерін тигізді. Есеп кезінде арал территориясының осы аңдардың 1807
өлігі табылған. Дәл қазіргі уақытта Барсакелмес қорығында өте аз
қарақұйрықтар басы мекен етуде.

Қарақұйрық еліміздің шөл және шөлейт жерлерінде мекен етеді.
Көбінесе шөлді жерлерде, жер қыртысы қиыршық құммен топырақтан тұратын,
аймақтарда көп кездеседі. Қысқы уақыттарда өсімдігі мол құмды бұйраттарға
қарай ауысады. Жазық, шөлейт далаларда тек жазғы уақыттарда ғана болады.
Шөбі майда,тығыз өскен далаларда кездеспейді. Сондай-ақ оларды тау
етектеріндегі жусаны мол, шөлейт және шөлді белдеулерден кездестіруге
болады. Кейде тау етектеріндегі далалардан 2000 метр биіктікке дейін
көтеріледі.
Қазақстандағы қарақұйрықтардың мекен жайларына толық тоқталатын
болсақ, ол мына төмендегідей: ұшы-қиырсық құлазып жатқан Үстіртте олар
аласа қыратты, жусан мен бұйырғын өскен далаларда кездеседі. Мұндай
жазықтарда баялышы мол жерлер көптеп кездесіп, олар жусанды далалармен
алмасып отырады. Осындай далаларда немесе тегіс жерлерде қыстың күндері
қар үрлесінде тоқтайтын аумағы әр түрлі ойпаң далаларда кездеседі.
Жаздың күндері осы ойпаттардан айналасындағы өсімдігіндей сарғайып,
құрмаған, керісінше жақсы жетілген шайыр, жусан, жыңғыл және жантақ
сияқты өсімдіктерді көруге болады. Сонымен қатар сөз болып отырған аңның
түрі Үстірттің теңізге жақын орналсқан сексеуіл сияқты бұталы өсімдіктері
бар бөліктерінде де мекен етеді. Мұна мекен ететін хайуанаттар суды
теңізден немесе бұлақтан ішеді. Ал, Арал теңізінің солтүстік батысында
мекен ететін қарақұйрықтар жазды күндері осында орналасқан құм төбелер мен
жусанды далаларды мекендеп, қысқа қарай Аралдың оңтүстік батысында
орналасқан Барсакелмес, Сарықамыс ойпаттарына және Қабыланқыр қыраттарына
жылжып, осы жерлерді қыстайды. Қыс қатал болмаған жылдары Арал теңізінің
батысындағы Сам құмдарына қыстап қалады. Қары қалың, аязды жылдары
қарақұйрықтар оңтүстікке қарай жылжып, Әмудария өзенінің сағасындағы
тоғайларға да кіріп кетеді және ықтасын жерлер мен жарқабақтарға
паналайды.
Қорыта келгенде Үстірт пен Арал теңізінің солтүстік-батысында мекен
ететін қарақұйрықтар бұл аудандардың оңтүстігін қыстайды да, солтүстік
бөліктерін жайлайды.
Сондай-ақ қарақұйрықтар мекендеріне республикамыздың оңтүстігінде
орналасқан өсімдігі мол, сексеуіл тоғайлы, бұталы құмдары мен тақырлары
аралас орналасқан шөлді далаларды жатқызуға болады. Бұларға Арал теңізінің
солтүстік-батысындағы Сам, кіші және үлкен борсық, Сырдария өзенінің
солжтүтік бөлігіндегі Арал құмы, Арысқұм, Арал теңізі мен Сырдария
өзенінің оңтүстігіндегі Қызылқұм, Шу өзенінің оңтүстігін бойлай жатқан
Мойынқұм, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Тауқұм, Сарыесік- атырауды
жатқызамыз. Бұл аталған шөлердің құмды бұйраттары мен жалдарында жүзгін,
астрагүл, сексеуіл, қараған, баялыш сияқты бұталар мен өлеңшөп, жусан,
жантақ, құмаршық, раң, тағы басқа да шөптер өседі. Ал, құм аралас
жазықтарда жусан, бұйырғын, изен сияқты шөлге мықты өсімдіктер өседі.
Жоғарыда талғандар құмды шөптердің арасындағы өзендердің ескі арналары мен
салалары да кездесіп отырады. Оларға қызылқұмдағы Жаңадария, Қуаңдария,
Іңкәрдария, Сырдария өзендерінің Сарыесік-атыраудағы Іле өзенінің ескі
табындарын келтіруге болады. Мұндай ескі өзен арналарында сексеуіл, жыңғыл
мен тораңғы сияқты ағаштар өсіп қалың тоғайлар құрайды. Әсіресе мұндай
ағаштардың қалың шықан жерлері Қызылқұмның солтүстігіндегі Жаңадария мен
Қуаңдария өзендерінің ескі арнасының бөліктері. Бұл жерде өскен
сексеуілдің биіктігі, 5-6 метрге дейін барады.
Қарақұйрық осы аталған құмдардың солтүстік бөліктерінде май айынан
қазанға дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарақұйрық жайлы
Қарақұйрықтылар отрядының морфофизиялық мінездемесі
Аңдар биологиясы
Аңдар биологиясы жайлы мәлімет
Бұғы, еліктің тәуліктік белсенділігі.миграция. түлеу. реттелген миграция
Шөлейт зонаның климаты даламен салыстырғанда құрғақ
Барсакелмес қорығы
Қазақстандағы мал шаруашылығы
Қазақстан қорықтары республикамыздың табиғат байлықтары
Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
Пәндер