Қазақ халқының мал шаруашылығының қалыптасуы және оның түрлері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тарих факультеті

Арнайы тарихи пәндер және

оқыту технологиясы кафедрасы

Диплом жұмысы

Қазақ халқының мал шаруашылығының қалыптасуы және оның түрлері

Орындаған: 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі:

Қорғауға жіберілді

« » 2008

Кафедра меңгерушісі:

т. ғ. д., профессор Сыздықов С. М.

Алматы 2008ж

Мазмұны

Кіріспе

І тарау. Қазақстан жерінде мал шаруашылығының

қалыптасуы

ІІ тарау. Қазақтардың мал шаруашылығының негізгі түрлері

және оларды бағу әдістері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Иллюстрациялық карталар

КIРІСПЕ

Қазақ жерінде көшпелі мал шаруашылығының шығуы және оның типтерінің қалыптасуын зерттеу аса маңызды ғылыми - теориялық және практикалық маңызы бар мәселе. Бүгінгі индустриялы - аграрлы шаруашылығы жан-жақты дамыған қазақ жері өз дамуында сан қилы белестерден өтті. Оның тарихының өткенін бүгінгі жетістіктеріне баға беру үшін, ертеңімізге сеніммен көз жүгірту үшін керек. Партиямыздың ХХVІ съезінде «Мал шаруашылығы селодағы екпінді майдан деп есептелсін» 1 делінген болатын.

Революцияға дейінгі дәуірде қазаң жерінде шаруашылықтың екі түрі-мал және егін шаруашылықтары дамыған еді. Әрине, халықтың кәсіпшілігінде бұл екі шаруашлықтың орны барлық жерде бірдей болды деуге болмайды. Қазақ жерінің басым көпшілігінде революцияға дейін кәсіпшіліктің негізгі түрі болып мал шаруашылығы саналды.

Бүгінгі көркейген, кемелденген социалистік дәуірімізде бұрын өтіп кеткен, өз дамуында өте артта қалған шаруашылығының түрін жазудың не керегі бар деген сұрақ тууы мүмкін. Бірақ бұл керек. Қазақ халқының мал шаруашылығының тарихын қалпына келтірудің танымдық мәнімен қатар, саяси практикалық маңызы бар. Азия-Африканың жаңа дамып келе жатқан елдері үшін біздің шаруашылығымыздың кешегісі мен бүгінгісі үлкен тәжрибелік мәні бар мәселе. Сондықтан да болар, соңғы кезде қазақ халқының тарихи тәжрибесін шетелдіктер де көп зерттеуде.

Бұл тақырыптың бүгінгі таңда актуалдығы буржуазиялық тарихнамадағы жалған пікірлерге соққы беру мақсатымен де байланысты. Көптеген буржуазиялық тарихшылар қазақ қоғамын мәңгі мешеу, дамуды білмеген, тарихы жоқ қоғам деп есептейді. Қазақ халқының шаруашылығын мысалға ала отырып көшпенді және отырықшы халықтардың мәдениеті ежелден қарама-қайшы болды деген жалған пікірлер тудыруда. Ал еңді қазақ халқының шаруашылығын бір ұрпақтың өмірінде аң танымастай өзгерткен советтік озық шаруашылық тәжрибесі туралы буржуазиялық зерттеушілер жұмған аузын ашпайды.

Қазақ шаруашылығының тарихын ғылыми тұргыда ашып көрсету, зерттеу буржуазиялық ғылымдардың қазақ тарихы үшін шындығын бұрмалауларына соққы беруге тиіс.

Маркстік-лениндік тарих ғылымы буржуазиялық зерттеушілердің пікірлерін сын көзбен қайта қарап, бұрынғы көшпенді, мал шаруашылығымен айналысқан халықтардың тарихтағы, адамзат мәдениетіндегі орнын, қосқан үлесін анықтады. Қазақ халқының экстенсивті мал шаруашылығы дамусыз, бір орнында қалып қалған жоқ. Ол да мәдени шаруашылық типінің өз ішкі заңдылықтары негізінде, біршама дамыған экономикалық формалардың әсерімен де дамып отырды. Әрине бұл даму бүгінгімен салыстырғанда тіптен өте баяу еді.

Революцияға дейінгі қазақ мал шаруашылығы табиғаттың дүлей күштеріне тікелей бағынышты болды. Әр жылдары болатын жұттардан соң оңдағы ауылдар қу таяғын ұстап қалатын, немесе малдың үштен бірі қырылатын. Мал басының өсуіне, оның товарлы ірі шаруашылық дәрежесіне көтерілуіне малға жиі келетін іңдет аурулар, тұрақты жем-шөп қорының болмауы қатты кері әсер етті. Әкстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жүздеген мың кедей шаруалардың өмірі мен тұрмысы өте ауыр болды.

Революцияға дейінгі қазақ жерінде әлеуметтік теңсіздік барынша енген еді. Бүкіл халықтың 5-6 ақ процентін құрайтын бай шонжарлардың қолында барлық малдың үштен бірінен астамы топтасты. Байлар жақсы жайлым, суаттарға ес болды.

Ұлы Октябрь және ол тудырған революциялық өзгерістер нәтижесінде қазақ халқы шаруашылығы мен тұрысында түбегейлі өзгерістер іске асты. Қазақ кедейінің отырықшылануы, жаппай кооперациялау, индустрия мен қала құрылысының дамуы, ауыл шаруашылығын техникалық жағынан қайта қаруландыру, тың жерлерді игеру, жүздеген колхоздар мен совхоздар ұйымдастыру, осының бәрі Қазақстан шаруашылығын түбегейлі өзгерткен шаруашылық жетістіктері. 1978 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда 2035 совхоз 418 колхоз бар екен. 2

Қазақ халқының мал шаруашылығы жөнінде арнайы мақалалар революцияға дейінгі дәуірде де жарық көре бастады. Бұл ретте А. Диваевтың, 3 А. И. Добромысловтың 4 таға сол сияқты А. Дорофеевтің, 5 С. Джантюриннің 6 еңбектерін атап өткен жөн. Бұл мақалалардан қазақ халқының XIX ғасырдағы мал шаруашылығы туралы құнды мәліметтер аламыз. Қазақ халқының шаруашылығы туралы жалпы деректер А. И. Левшиннің, 7 Р. Карутцтың, 8 Л. Мейердің, 9 т. б. еңбектерінде кездеседі.

Совет дәуірінде қазақ халқының мал шаруашылығын этнографиялық тұргыдан алғаш зерттеуші Х. А. Арғынбаев. 10 Арғынбаевтың еңбегінде малдың тұқымдары, мал шаруашылығын ұйымдастырудың әдістері, мал ауруларын емдеудегі халық тәжрибесі кең түрде сөз болады.

Қазақтың көшпелі мал шаруашылығы туралы мәліметтерді, тұжырымдарды В. Ф. Шахматовтың 11 , С. Е. Толыбековтың 12 , Б. С. Сулейменовтың 13 , П. Г. Галузоның 14 , Г. Е. Марковтың 15 еңбектерінен алуға болады. Бірақ бұл еңбектер көбінесе тарихи документтер, революцияға дейінгі авторлардың мәліметтері арқылы жазылған және де бүкіл қазақ жерінің мал шаруашылығы туралы тиянақты толық деректер бере алмайды.

Қазақ халқының мал шаруашылығының өте ертеден басталған тарихына алғаш терең талдау жасаған, қазақ шаруашылығының регионалдық /аймақтық/ ерекшеліктерін толығырақ зерттеуге көңіл бөлген еңбек - 1980 жылы Ғылым академиясы баспасынан шыққан жинақ болды. 16 Бұл жинақтың ілгеріректе шыққан еңбектерден тағы бір артықшылығы - қазақ шаруашылығын арнаулы картаға түсіру болды.

Жұмыстың жалпы методологиялық негізіне марксизм-ленинизм классиктерінің өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар туралы қағидалары, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы жер шаруашылығының негізгі өндіріс құрал жабдықтары туралы тұжырымдарын алдық.

Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және иллюстрация ретінде берілген карталардан тұрады.

1-ТАРАУ

ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Қазақ жері мал шаруашылығының өте ертеден дамыған аймағына жатады. Қазақстан жерінде мал шаруашылығы туралы ең көне деректер неолит дәуіріне жатады. Бұл кезде Евразияның кең алқапты аймақтарында терімшілік пен аңшылықтың орнына өңдіргіш шаруашылық келе бастаған еді. Ғылымда жинақталған материалдарға қарағанда ешкі, қой сияқты жануарларды алғаш қолға үйрету Таяу Шығыстың субтропикалық аймақтарында іске асқан. 17 Ұсақ малдың өсіп өнуіне бұл жерлердің бұйратты шүйгін жайылымдары өте қолайлы болған. 18

Соңғы жылдары ғалымдар үй қойының ең арғы тегін анықтады, ол муфлон деген, Жерорта теңізінің маңайын мекендеген жануар екен. 19 Зоологтардың бұндай болжамы археологиялық қазба деректерімен расталды. 20

Ірі қара малының қолға қай жерлерде үйретілгені әлі толық анықталған жоқ. Өйткені қолға үйретілгенге дейін де ірі қара малдың арғы тұқымдары Көне Дүниенің /Старый Свет/ барлық аудандарынан табылған еді. Дегенменде ірі қара малдың ең көне сүйек қалдықтары біздің жыл санауымызға дейінгі 7 мың жылдыққа Оңтүстік Америкадағы Чатол Гуюк қонысынан біздің заманымызға дейінгі 5-6 мыңжылдықтарға жататын Мессопотамия ойпатының қоныстарынан табылған еді. 21

Соңғы кезде жылқының тарихы жөнінде қызықты деректер табылуда. Біздің жыл санауымызға дейінгі 4 мыңжылдықта Украинаның далалық аймақтарында мекеңдеген тайпалардың малының ішінде жылқы басым болды. 22 Зоологтардың тұжырымдарына қарағанда Оңтүстік-Шығыс Европа және Волга бойы аудандары жылқыны қолға алғаш үйреткен негізгі аймақтардың бірі болды. 23 Қазақстанның батыс аудандары да жылқыны алғаш қолға үйреткен жерлер қатарына жатқызуға болады.

Археологиялық ескерткішгерге қарағанда үй малдарының өте көне сүйек қалдықтары неолит дәуіріне жатады. Біздің заманымыздың бұрынғы ІІІ мыңыншы жылдыққа жататын Қарағанды 15, Зеленая Балка 4, Саксаульская 1, Усть-Нарым қоныстарынан табылған мал сүйектері бұған дәлел бола алады. 24 Бұл тұрақтарда үй жануарларының бәрінің - қойдың, ешкінің, ірі мүйізді қара малдың, жылқының сүйектері табылған. Сонымен қатар бұл қоныстардан жабайы аңдардың да сүйектері де көп табылған. Бұл осы қоныс иелерінің өмірінде мал өсірумен қатар да ролі зор болғандығын көрсетеді.

Біздің заманымызға дейінгі II мыңжылдықтың бірінші жартысында Қазақстан территориясында комплексті шаруашылығы бар отырықшы тайпалар қалыптасты. Олардың кәсібінде теселі жер шаруашылығымен қатар үй маңы мал шаруашылығы да үлкен орын алды.

Мал шаруашылығының қалыптастыру тарихын қарастырғанда оны егіншіліктен мүлде бөле қарауға болмайда. Өйткені кей тайпаларда олар қатар дамыды. Мысалы, Қанай, Усть-Нарым қоныстарынан табылған материалдарға қарағанда бұл екі шаруашылық қатар дамыған. 25

Археологиялық қазбаларға қарағанда біздің заманымызға дейінгі II мыңыншы жылдықта Қазақстанның далалы аймақтарын мекендеушілер мал шаруашылығымен тұрақты түрде айналыса бастаған. Мал шаруашылығы дамыған сайын қой мен жылқының саны арта түседі. Бұл әрине жағдайға да байланысты еді. Қой және жылқы малы қыста тебіндеп жайылып өз тамағын тауып жейді, оның үстіне ұзаққа көшуге шыдамды. Бұл дәуірде сонымен қатар аңшылықтың ролі төмендей түседі, оған дәлел - аң сүйектерінің қоныстардан аз шығуы. 26 Б. э. д. II мыңыншы жылдықтың соңына таяу Қазақстанның көптеген қоныстарында Ұсақ малдың сүйегі арта түседі, дегенмен жылқы саны да көбейеді, Мысалы, Бұғылы, Шортандыбұлақ қоныстарында ұсақ малдың сүйегі мүйізді ірі қараның сүйегінен үш есе артық кездеседі. 27 Бұндай құбылысты Атасу, Қарқаралы, Алексеевка қоныстарынан да кездестіреміз.

Қазақстан жерінің табиғатының әр аудандарда әртүрлі болуымен байланысты сол жерлерді мекендеген тайпалардың шаруашылық мамандануы да түрліше болды. Мысалы, Чаглинка, Сарғары қоныстарында ірі қара малдардың сүйегі, басқа үй жануарларының сүйегінен әжептәуір көп болды, ал Трушниково қоныстарында ірі қара сүйектері мен қой сүйектері бірдей шамада болды. 27 Шалғын шөпті үлкен өзен аңғарларын қоныстанушылар сахарадағыларға қарағанда мал шаруашылығының отырықшы формасын жүргізуді артық санаған сияқте.

Қола дәуірінде Қазақстан территориясында ашық далаларда игеру процесі тездеді. Бұл кезде Андрон тайпалары Батыс және Оңтүстік Сібірдің орманды далалық халықтарымен, Орал бойы мен Волга бойы тайпаларымен Орта Азияның отырықшы егінші тайпаларымен мәдени байланыста болды.

Мал шаруашылығының үлкен қарқынмен дамуы ертедегі қоғамның күрт өзгеруіне әкеп соқтырды: малшы тайпалар басқа тайпалардан бөлініп шықты. Қазақстанның құлазыған сусыз аймақтарында, өндіргіш күштің төмен болуынан егіншілікпен шұғылдануға мүмкіңдік болмады, сондықтан эконониканың негізгі түрі ретінде көшелі және жаршылай көшпелі мал шаруашылығы қалыптаса бастады. Біздің э. д. I мыңыншы жылдықтың басында болған қатты қуаңшылық, климаттың өзгеруі көптеген көшпелі мал шаруашылығына өтуін тездетті. 28 Біздің э. д, I мыңыншы жылдықтың басында Қазақстанның далалық, шөлейт және таулы өлкелерінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы алдымен негізгі, кейін шаруашылықтың басты түріне айналды.

Кең далалық жерлерді игеру жылқы шаруышылығын дамытуға себепші болды. Орал тауларын және қазақ далаларын мекендеген тайпалар. Жылқыны мініске үйретуді, дөңгелекті шегіп көлігін пайдалануды біздің эрамызға дейінгі II мыңыншы жылдықтың бірінші жартысында игерген еді, бірақ шаруашылықтағы бұл жетістіктердің нағыз дамуы б. э. д. I мыңыншы жылдықтың бас кезінде сәйкес келеді. 29

Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшу қоғамның өндіргіш күшінің дамуында бір қадам алға басу болды; ол еңбектің алғашқы үлкен қоғамдық бөлінісін белгілеп берді, шаруашылықта артық өнімнің пайда болуына себеп болды, сондай-ақ мал шаруашылығымен шұғылданушылар мен егін арасында экономикалық және мәдени алмасуды қамтамасыз етті. Б. э. дейінгі I мыңыншы жылдың ортасында Қазақстанның байтақ даласының әрбір зонасында әртүрлі үлгідегі шаруашылық пайда бола бастады. Мал шаруашылығын зерттеушілердің көпшілігінің көзқарасы бір жерден шыға бермейді. Дегенмен осы тақырыпты зерттеуші ғалымдардың бірталайы әртүрлі дәірлердің өзінде де шаруашылық түрлерінің біршама тұрақты болғандығын атап өтеді. 30 Таулы жерлерде «тік» көшіп қонатын малшы тайпалардың шаруашылығы олардың экологиялық ортақ жағдайларына байланысты, экстенсивті мал шаруашылығының ерекшелікшеріне байланысты өте жай дамыды, кейде тіпті уақытша кері кетіп отырды. 31 Бұл туралы біз белгілі зерттеушілер А. М. Хазанов, Г. Е. Марковтың еңбектері арқылы көз жеткізе түсеміз . 32

Қазақтың көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы туралы алғашқы анықтаманы А. Кауфман берген еді. Қазақ мал шаруашылығының түрлері /типтері/ туралы толығырақ анықтама берген С. И. Руденко еді. 33 Бұл ғалымдар мал шаруашылығының түрлері климаттық-табиғи жағдайларға байланысты болатындығын айтқан еді. Бұл қағида кейінгі зерттеушілердің барлығының тұжырымдарына негіз болды. С. М. Руденко кезінде көшпенділіктің негізгі белгілерін атап көрсеткен еді, олар: а/. мал шаруашылығы халықтың күн көрісінің негізгі түрі; б/. малды қысы-жазы жайып бағу; в/. мезгілдік көші-қонға байланысты көшпелі тұрмыс. 34 А. М. Хазанов бұған тағы бір белгі қосып 35 , көшпенділікке өте дәл анықтама берді: «номадизм - өндіргіш шаруашылықтың ерекше түрі, бұл көшпелі экстенсивті мал шаруашылығы. 36

Археологиялық және этнографиялық материалдар, Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығымен шұғылданушылықты 3 түрге бөледі: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашлығы . 37

Көшпелі мал шаруашылығы Маңғышылақ, Батыс және Орталық Қазақстанның құрғақ, шөл және шөлейт далаларында басым болды. Бұл жердегі көшпелі мал шаруашылығының өзі 2 вариантқа бөлінді: үнемі көшіп отыру және мезгілмен көшіп отыру. Евразиядағы малшы тайпалардың отыруы әртүрлі тарихи кезеңдегі жазба деректерде көрсетіліп отырды. Бұл жөнінде антикалық дәуірде /Геродот, Гиппократ, Страбон сондай-ақ орта ғасырлық дәуірде П. Карпини, Ибн-Батута, Ибн-ал-Факих, Ш. Язди, Иовий, Дженкинсон/ жазып кеткен еді. Бірақ та бұл деректерде қарама-қайшылықтар көп, бұл деректер үнемі көшпеліліктің, мал шаруашылығын жүргізудің басқа формалары арасындағы ара-салмағын анықтап бере алмады. Үнемі көшіп-қонушылық барлық кезеңде де ерекше орын алды, бұлай болу негізінен, апаттардың, соғыстардың, қоныс аударулардың көп болуымен байланысты болды.

Қорғанды молалардың топографиясына қарағанда үнемі көшпенділік Батыс және Орталық Қазақстан территориясын б. э. д. 1 мыңыншы жылдықтың I жартысыңда мекендеген. Кейінректе бұл жерлерді мекендеген малшы тайпалар аз уақыттық болса да қысқы тұрақтарға қоныстап отырды. Көшіп қонудың мұндай түрі XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында Маңғышлақ, Темір уезіндегі адайлардың бір бөлігінде, Атбасар уезіндегі бағландар, сондай-ақ Қазалы, Ырғыз, Торғай Қапал уезіндегі халықтардың бірталай бөліктерінде болған. 38

Орталық және Батыс Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығының кең тараған түрі біз қарастырып отырған шаруашылықтың екінші варианты болды, яғни көшіп-қонумен қатар, мезгіл-мезгіл қыстауға қайтып оралып отырды. Б. э. дейінгі I мыңыншы жылдықтың ортасынан бастап қыстаулардың маңыңда қауымдық зираттар пайда бола бастады /Қара-оба, Тасмола, Сыпыра-оба, Қарабие/. Мезгілдік көшіп отырушылар егіншілік дегенді білмеді, ал малға шөп дайындау аз мөлшерде ғана болды. Қысқы қыстауларда там үйлер болмады. Негізгі мал түрі қой, жылқы, түйе болды, ал ірі мүйізді қара малдар өте аз мөлшерде болды. Көшіп-қону меридионалдық белдеу /широтный/ бағыттарда іске асты.

Евразиядағы мал шаруашылығымен шұғылданушылардың белдеулеп көшуін Страбон былай деп жазды: «Олар ылғи да өздерінің табындарына жайылым үшін қыста меотид жанындағы батпақты жерлерді, ал жазда далалы жерлерді таңдап алды. Орта ғасырлық саяхатшы В. Рубрук былай деп көрсетті: «Қысқа олар неғұрлым жылы жаққа түседі де ал жазда елдің неғұрлым суық жағына көтеріледі». Кейініректе, 18 ғасырда И. Г. Георги былай деп жазған: «Олар /қазақтар/ қыста өз малдарымен Оңтүстіктің жылы аудандарын қыстап, жазда салқын самалды, шүйгінді солтүстік далалық аймақтарды жайлайды». 39 Қазақтардың айналып немесе белдеу бойымен көшуі жөнінде Рузбихан мен П. И. Рычковтың еңбектерінен кездестіруге болады. 40

Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданушылардың ерекшелігі-олардың тұрақты қыстауларының болуы болды. Шаруашылықтың бұл түрінің ерекше етек алуы үйсін-сақ дәуірінде болды. Шаруашылықтың бұл түрі Жетісуда, Шығыс Қазақстан тауларында, Тянь-Шаньда, Батыс Алтайда дамыды. Бұл жерлердегі мезгілдік жайылымдар бір-біріне жақын орналасқан және көлемдері де үлкен емес еді. Осы кезде «тік» көшу түрі тарай бастады. Бақташы тайпалардың «тік» көшуі деп жазықтықтағы өзен бойларында орналасқан қыстаулардан жазғы биік таулы жайлауларға көшуін айтамыз. 41 Үйсін дәуірінде көшудің басқа түрлері де болды, тау аңғарларындағы қыстаудан жайлауға, одан қайта өзен бойлары арқылы қыстауға көшу /Ақтас қонысы/. 42 Қазақстанның басқа аймақтарында көшудің бұндай түрлерін Ч. Ч. Валиханов та көрсетті. 43

Көптеген жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысқан тайпалар қыстақтарының маңында арпа, сұлы, бидай өсірді, ал қой шаруашылығымен жылқы өсіруді мүйізді ірі қара мал өсірумен ұштастырып отырды. Жетісу және жоғары Ертіс өңіріндегі тайпаларда жартылай көшпелі мал шаруашылығының тұрақты түрде болғанын археологиялық деректерден көруге болады. Іле өзеніндегі Бесшатыр зираттарынан, Шілікті қорғандарынан табылған бөренеден қиыстырып салынған молалар сақ тайпаларының тұрғын мекендерінің болғанын көрсетеді. Жетісудың батыс, шығыс бөліктерінде мекендеген үйсін тайпаларында, олармен туыстас Талас, Шу, Қаратау өңірін мекендеген тайпаларда там-қыстақтар болған. 44 Жартылай көшпелілердің тұрған аймақтарында орта ғасырда қалалар мен қоныстар, қолдан суғарылатын егіншілік пайда болды. Бұл жөнінде В. Рубруктің мәліметіері бар. 45 Дегенмен бұл аймақтарда да шаруашылықтың негізгі түрі болып мал шаруашылығы қала берді.

Отырықшы мал шаруашылығының негізінен Оңтүстік Қазақстан өңіріңде, Сырдария, Чу, Талас, Арыс өзеңдерінің жағалауларында, Қаратаудың оңтүстік беткейлерінде табиғи шалғын шөптері мол жерлерде дамыды. 46 Шырық-Рабат, Баланды деген дамыған суармалы жүйесі бар, сонау сақ дәуірінен бері белгілі.

Мал шаруашылығының үшінші түрі - отырықшы мал шаруашылығының аса жылдам қарқынмен дамуы біздің эрамыздың IІ мыңыншы жылдығының бас кезіне сәйкес келеді. Бұл кезде ірі қауымдарының жаппай қоныстануы /седентаризация/ басым. Кейініректе бұл жерлерде ондаған ірі қоныстар пайда болды. Отырықшы мал шаруашылығындағы мал түлік ішінде мүйізді ірі қара малдың ара салмағы малшылық алдыңғы екі түріндегіден әлдеқайда басым болды. Отырықшылардың арасындағы кейбір семьялар малмен бірге жазғы, күзгі жайылымдарға шығып отырды және олардың қыстауларында да, жайлауларында да тұрақты там үйлер болды. 47 Шаруашылықтың үш түрінің қайсысын алсақ та - Қазақстандағы мал шаруашылығының тек жалпы классификациялық схемасы, қандай болмасын схемалар сияқты, ол да белгілі бір дәрежеге шартты. Бұл схемаларда көрсетілген шаруашылық типтерінің таралған негізгі аймақтарында шаруашылық түрлері көбінесе араласып келіп отырды, яғни көшпелі шаруашылық дамыған аймақтардың кей жерлерінде жартылай көшпенді, немесе отрықшы малшы тайпалар да кездесіп қалатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шарушалығының қалыптасуы
Ұлытау өңірінің тарихи географиясы (XV ғ. – XIX ғ. соңы)
Мал шаруашылығының үшінші түрі - отырықшы мал шаруашылығы
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Қазақ хандығының құрылуы және қоғамдық құрылысы
Қазақстанның сауда экономикалық байланыстары
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
XX ғ. басындағы Қазақстан
Қазақ мәдениеті аясындағы қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы
Әдістемелік нұсқау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz