Жер салығының мәні мен маңызы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Салықтардың экономикалық мәні . . . . 7
1. 2 Жерді пайдаланудың экономикалық негіздері . . . 13
1. 3 Жер қатынастарын реттеу заң шығару базасы . . . 22
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕР
САЛЫҒЫНЫҢ РӨЛІ МЕН ОНЫ ӨНДІРУ МЕХАНИЗМІ
2. 1 Жерге салық салу механизмі . . . 27
2. 2 Шаруақожалықтарына салық салу . . . 36
2. 3 Жер қатынастарын экономикалық тұрғыдан бағалау . . . 44
2. 4 Бюджет кірістерінің қалыптастыруындағы жер салығының рөлі . . . 48
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫНА САЛЫНАТЫН
САЛЫҚ ПЕН ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
ҚОСЫМШАЛАР . . . 62
КІРІСПЕ
Жер кодексі жерді пайдаланушылардың барлығына жерді үнемді және ақылға сай пайдалануды қамтамасыз етуге міндеттейді. Елімізде жерді алу жөнінде қатаң тәртіп орнатылған. Тек мемлекет қана суармалы жерлер мен егістік жерлерді басқа мақсатқа алып немесе бөлуге құқылы. Жерді уақытша алу жергілікті акимат арқылы жүргізіледі.
Материалдық дүниелер мен игіліктер жасаудың маңызды алғышарты мен табиғи негізінде жер ресурстары жатады. Жер адамзат қоғамының тіршілігі үшін өте маңызды шарт болып табылады. Ауыл шаруашылық өндірісінің процесі жерсіз мүмкін емес болғандықтан жер маңызды өндірігіш күш болып табылады. Осыған сәйкес жер ауыл шаруашылығындағы өндірісітің ең белсенді құралы болып табылады. Жер еңбек процесінің ең қажетті алғышарты, өндірістегі ең маңызды заттық факторлардың бірі болып табылады. Жер өндірісітің нағыз, ең айрықша, теңгерілмейтін құралы болып табылады.
Жерді экономикалық тұрғыдан бағалау жердің табиғи-экономикалық аудандарға сай объективтік жағдайлардан негіз алатын ауыл шаруашылығындағы өндірістің ерекше құралы ретінде салыстырмалы құндылығын бейнелейді. Экономикалық бағалау негізінде табиғи және экономикалық жағдайлар арқылы болатын топырақтың сапасындағы айырмашылықтар жатыр.
Табиғи ресурстарды пайдалануға деген төлемдер- табиғи ресурстарды пайдалану кезінде көрсетілетін қызмет немесе ресурстардың тұтынылатын мөлшерінің бағасы, осындай төлемдердің біріне жерге деген төлем жатады. Жерге деген төлем Қазақстан Республикасының заңымен реттеліп отырады. Жерге деген төлем формасының біріне жер салығы жатады.
Сондықтанда жерге салық салу, салық салушы субъектілер арасындағы салықтық қатынастардың тиімді түрде қалыптасуы жөнінде негізгі сипаттамаларды өңдеу мәселелерін зерттеу өте актуальді болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: экономика дамуының қазіргі жағдайындағы жер салығының ролін, маңызы мен мазмұнын қарастыру. Осы мақсатқа сай қойылған мына мәселелерді шешу керек.
Жер салығының экономикалық мазмұнын қарастыру.
Қазақстан Республикасындағы жер салығын өндіріп, төлету механизмдерін талдау.
Қолда бар теориялық және практикалық материалдар негізінде мемлекеттегі экономикалық дамуды ескере отырып Қазақстан Республикасының жер ресурстарына салықсалуды жетілдіру.
Зерттеудің пәні мемлекетпен жер салығының субъектілері арасында пайда болатын салықтық қатынастар болып табылады. Зерттеудің объектісі заңды және жеке тұлғалардың қарауындағы жер учаскілеріне салық салу механизмі оның қалыптасуы, қазіргі кездегі мұның жағдайы мен дамуы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негіздеріне экономикалық ғылым саласындағы классиктердің еңбектері, сонымен бірге жер қатынастары мен жерге салық салу мәселелері төңірегінде үлесі бар отандық және шет елдік экономистердің монографиялары мен статьялары еңбектер пайданылды.
1 ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Салықтардың экономикалық мәні
Кез келген мемлекет салықтарсыз өмір сүре алмайды, өйткені өзінің аппаратын ұстау үшін және өзінің қызметтерін жүзеге асырғанда пайда болатын шығындарды жабуы үшін ақшасы болуы шарт. Сонымен қатар ақша материалдық өндірістің өнімі болып табылады, бірақ мемлекеттік қызмет өз табиғатында әр түрлі басқарушылық қызметпен айналысатын мұнда қатыспайды. Басқа сөзбен айтсақ, мемлекеттік қызметтердің нақты еңбегі барлық мемлекеттік ақпараттың қызметі сияқты, бөлек қарастырылады, бірақта айқын құны ретінде ақша көрінетін өнім өндірілмейді. Енді мемлекет ақшаны басқа жақтан іздеуге мәжбүр.
Мемлекетті қамтамасыз ету үшін қажетті, ақша қаражаттарын шоғырландыру және мемлекетттік ақша қорларын құру деп аталатын элементті және оның қаржылық қызметін ұстап тұру үшін мемлекетке ақша табу қажет. Мемлекет өзіне қажет ақша қаражаттарын әр түрлі жолмен табады. Бір жағдайда оның иесінің ерікті түрде беруіне негізделген әдісті қолданады. Бұл әдістің классикалық үлгісіне мемлекеттік қарыздарды жатқызуға болады. Келесі жағдайда мемлекет өзіне қажет ақшаны табу үшін мәжбүрлеп алу әдісін қолданады. Мұның классикалық үлгісіне салықтар жатады.
Салықтардың мәнін түсіну үшін, салық салу теориясына еңбегі сінген ғалым А. Смит еңбегін алуға болады. Қазіргі мемлекеттің салық жүйесінің кезінде, осы ғалымның идеясы мен көзқарасы жатады.
А. Смит ойынша салықтар төмендегі талаптарға жауап беруі керек:
- заңдық тәртіп. Заң формасындағы, мемлекеттен жиналған уақыт және оның көлемі және төлеу тәртібі. Мемлекеттің салық салу құқығы, мемлекеттің өмір сүруі үшін және барлық қоғамның жеке тұлғалардың көзқарасын қолдайтын мекемелердің өмір сүруі үшін қажеттілігінен туындайды;
- бір тектілігі. Мемлекеттің қорғауын пайдалана отырып, тапқан табысына сәйкес кез келген тұлға мемлекетті қолдауға тиісті;
- анықталығы. Салық төлеушіге төлемнің көлемі, тәсілі, уақыт және төлеу орны белгілі болуы керек;
- төлеудің арзандылығы. Салық жинау төменгі деңгейдегі шығынмен жүзеге асуы қажет және осыған сәйкес төлемдер мемлекет кассасына түсуі қажет;
- шаруашылық дербестілік. Салық субъектісі ретінде, өзіндік нақты қажеттілігі бар және дербес шаруашылық қызметпен табыс алатын тәуелсіз азамат болуы қажет.
Бірақта та айта кететін жәйт, экономикалық және құқықтық сұрақтар жайлы ғылыми тұжырымдамалар болса да, салық жинаудың көп жылдық тарихына қарамастан, «салық» түсінігі жайлы таластар қала бермек.
Солардың негізгілерін қарастырайық:
С. Д. Ципкин ойынша: « Салық - бюджетке түсетін материалдық алғышартқа сәйкес, алдын - ала қаралған ставкамен және нақты анықталған мерзімге, мемлекетпен бекітілеген міндетті, жеке ақысыз ақшалай төлем ». Бұл салық анықтамасының кең жайылған түрі. Бұл анықтамада салықтың құнсыздық белгісі көрініс таппаған.
П. К. Воронкова салыққа келесідей анықтама береді: «Салық - жалпы мемлекеттік қажеттілікті қанағаттандыру үшін, анықталған көлемі мен белгіленген мерзімі бар, өкілетті мемлекеттік органдарының актісіне негізделген, заңды тұлғалармен, азаматтардың-бюджетке ақысыз төлемі». Бұл заң ғылымдағы негізгі категориялардың алатын қорына кіретін салықтың ауқымды анықтамасы. Бірақ та салықтың міндеттілігі, қайтарымсыздығы, эквивалентсіздігі сияқты белгілері көрініс таппаған.
Д. Соколова «Салық- заңмен бекітілген және анықталған көлемде анықталған мерзімде салық төлеушімен жүзеге асырылатын міндетті ақысыз төлем».
С. Пепеляев ойынша:«Салық-міндеттеме бастамасы ретінде жеке және заң
ды тұлғалардың меншігін, мемлекеттік меншікке алудың жалғыз заңдық формасы. Билік субъектілерінің төлем қабілетін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген, салықтың анықсыздығы, қайтарымсыздығы». Берілген анықтамада салықты нақты сипаттағанмен, өзінің жетіспеушіліктері бар:
-«жалғыз заңдық» пен «заңмен бекітілген» түсініктер маңызы бірдей емес;
- салық-меншікті алудың жалғыз түрі емес, салықтың басқа да түрлері бар;
- салық барлық жағдайда меншікті алу болып танылмайды.
Салықтың қызықты анықтамасын «қаржылық құқық» жағынан қазақстандық ғалым Е. В. Порохов келесідей ұсынады: «Салықтар - заң шығару-мен, мемлекеттік жоғары билік органдармен жеке және заңды тұлғалардан тұрақты түрде алынатын міндетті ақысыз және қайтарымсыз ақшалай төлемдер және аударымдар арқылы мемлекеттік мәжбүрлеу, күштеу арқылы мемлекеттік бюджетті қамтамасыз етеді».
Е. В. Порохов анықтамасы бойынша салықтар бюджетке аударылады, бірақ та бюджеттен тыс қорларға аударылатын салықтар кездеседі. Салықтың субъектісі ретінде жеке және заңды тұлғалар анықталған, бірақ та Қазақстанның заңына сәйкес заңды және жеке тұлғаларға жатпайтын салық төлеушілер бар. Осы заңға сәйкес салықты ақшалай, салықтар натуралды түрде төлеуге рұқсат етілген.
Салық дегеніміз - мемлекетпен бір жақты тәртіппен бекітілген және құқықтық форма негізде жатқан, мемлекеттік табысқа, міндетті ақшалай немесе натуралды, мемлекеттік мәжбүрлеу мен қамтамасыз етілген, өндіруші субъектінің анықталған мерзімде, анықталған көлемде, қайтарымсыз, ақысыз, эквивалентсіз және тұрақты төлем.
Салықтың қызметі бұл - салық құрылым мәнін көріну тәсілі. Экономикалық категория инструменті ретіндегі табысты бөлу және қайта бөлу кезінде, қоғам өз міндетін қалай атқаратынын салық қызметі көрсетеді.
Сонымен салықтың бөлу қызметі фискалдық механизм көмегімен қоғамды бөлу қатынастары болғанда ақша қаражаттардың қанша орталықтанғанын көр-
сетеді. Салықтың бұл қызметімен өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті бюджеттік жүйе бюджеттен тыс қор ретінде мемлекеттік қаржы ресурстар құрылады. Бастапқыда салықтық бөлу қызметі фискалдық сипатта болды.
Әлеуметтік және ынталандырушы функциялары жеңілдік преференций жүйелерімен іске асады.
Салық және жинақтар бойынша төменгідей жеңілдік түрлері бар:
- салық салынушы объектінің салық салыну минимумы;
- салық салынушы объектіден бір элементті алып тастау;
- белгілі бір тұлғаларды немесе төлеушілердің категорияларына байланысты салық төлеуден босату;
- салық ставкасын төмендету;
- мақсатты салықтық жеңілдіктер;
- салықтық несиелер;
Енді ынталандырушы қызметке бағытталған, кәсіпорынның пайдасына салық салудың жеңілдіктері:
- өндірісті ұлғайтуға және тұрғын үй құрылысына кеткен шығындарды мемлекет тарапынан қаржыландыру;
- кәсіпкерліктің шығын формасы;
- мүгедектер мен зейнеткерлерді жұмысбастылықпен қамтамасыздандыру;
- әлеуметтік мәдени және қоршаған ортаны қорғауда қайырымдылық қызметпен айналысу;
Преференциялар-ұлттық өнеркәсіптерде өндірілмейтін немесе жеткіліксіз көлемде дайындалатын тауарларды елге әкелгенде, кедендік баждардан баға шегерімдері түрінде болады. Сонымен преференциялық қатынасты дамушы елдерде кең таралған.
Бөлуші функция мен бақылаушы қызметі іске асқанда, оның толықтығы
мен тереңдігі салықтық тәртіпке байланысты. Яғни, салық төлеушінің заңмен бекітілген салықты дер мезгілде толық көлемде төлеуі. Салықтық органдардың жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, салықты төлеу мерзімі мен салық көлемі төлеудегі заң бұзушылықтар жиі кездесетін құбылыс.
Қорытындылай келе, жоғарыда аталған функциялар қаржы бюджеттік қатынастың және салықтық саясаттың тиімділігін көрсетеді.
Фискалдық қызметі ол мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу құралдарын қамтиды, яғни шығындары және салықтармен байланысты реттеу жүйелері. Ол мемлекеттік тапсырмалармен сатып алуды көбейту не азайту. Бұл құралдардың ішіндегі маңыздысы болып, мемлекеттік сатып алу саналады.
Мемлекеттік сатып алу әр түрлі болуы мүмкін. Мысалға, мемлекеттік бюджетпен, мектеп, басқа да мәдени әлеуметтік орындарды салу, айналым өнімдерін, соғыс қаруларын сыртқы сауда өнімдерін сатып алу тағы басқалар. Бұл сатып алулардың негізгі ерекшелігі, өзі тұтынушы болып есептеледі. Мемлекет бұл сатып алуды не тұтынуға, не болмаса нарықты реттеуге қолданады.
Мемлекеттік сатып алудың кәсіпорындардың экономикалық жағдайын көтеруде атқаратын рөлі зор. Мемлекеттік тапсырма бұл кәсіпорындар үшін белгілі көлемдегі өндіріс, өнімдерді өткізу көзі. Әр мемлекет өз тапсырмаларын көп жағдайда отандық кәсіпорындарға орналастыруға тырысады.
Фискалдық функциясы - салықтардың күшімен мемлекеттің ақша қоры қалыптасады, ол экономикалық функциясы, ол арқылы мемлекеттің экономика салаларына, сфераларына ықпалы іске асырылады. Күнделікті өмірде екі функциясы салықтық тұтас бірлікті іске асыра алады, бірақ әрқайсысы салықтық қатынастарды белгілі бір жақтарын көрсетеді.
Фискалдық қызмет екіге бөлінеді:
- Дискрициондық түріне-мемлекеттің ЖҰӨ-ң нақты көлеміне, жұмыспен
қамтуға, инфляцияға және экономикалық өсуге ықпал жасау
мақсатымен салық салуы және мемлекеттік шығындарды саналы түрде
реттеуі жатады;
- Автоматтық қызметіне -ішкі тұрақтанушылар жүйесіне негізделеді. Ішкі тұрақтандырушылаға үкімет жағынан ешқандай шешім қабылдау-
ды қажет етпейтін, өзі автоматты түрде экономикалық жағдайдың өзгерісіне жауап ретінде ұнамды шаралар қолданатын экономикалық механизмдер жатады. Ішкі негізгі тұрақтандырушыларға салық түсімдерін өзгерту механизмі жатады. Сондықтан ЖҰӨ-ң шапшан өскен кезде салық түсімі автоматты түрде жоғарылайды, бұл сатып алу қабілетінің төмендеуін және экономикалық өсудің тежелуін қамтамасыз етеді. Керісінше, экономикалық құлдырау кезеңінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады.
Салық жүйесі қаржы ресурстарын жинау түрлері мен әдістерінің жиынтығы ретінде анықталады.
Салық жүйесінде, оның мақсаттық міндеттерінің арасында терең қайшылық жатыр. Бұл мәселе шешудің өз заңдылықтары мен принциптері болады. Оларды зерттеп анықтау экономикалық саясат теориясының міндеті.
Мамандардың пікірінше, мына принциптерге негізделген салық жүйесі тиімді болмақ: салық жинау жүйесі өте ықшам, оған жұмсалатын шығындар мүмкін болғанша төмен, ал тиімділігі жоғары болуы қажет;
- салық төлеу процедурасы салық төлеушілер үшін ыңғайлы;
- салық салмағы шамадан тыс арттырып, кәсіпкерлердің белсендігі мен қапыр қайтарына нұқсан келтірмеуге тырысу қажет;
- салық салу принципі өндіріс шығындарын арттырып, өндіріс көлемінің өсуіне, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық өнімділігіне кедергі болмауы керек.
Нарықтық экономикада салықтар өте маңызды тұрақтандыру қызметін атқарады. Салық жүйесінің қызмет атқару механизмі өзіне-өзі нарықтық экономиканың дамуына икемделеді. Олар мынадай:
- нарық конъюктурасы өскен жағдайда ұлттық табыстың көлемі артады;
- мемлекеттік әлеуметтік төлем төлеу жүйесі, жеке табыстарды теңестіру саясатын іске асыру мүмкіндігі артады;
- экономикалық мүмкіншілігі шектеулі топтардың жеке табыстары өсіп, жалпы сұраным ұсынымға сәйкес өседі, ұлттық экономика жүйесінде тепе-теңдік сақталады.
Өзін-өзі реттеп нарық жағдайына бейімделген салық түрлері ғана экономика цикліне қарсы қызмет атқарады. Яғни экономика конъюктурасын анықтайтын көрсеткіштерге негізделген салық жүйесін құру қажет.
Салық саясатының жалпы экономика субъектілерінің іс-әрекеттерін естен шығармау керек.
1. 2 Жерді пайдаланудың экономикалық негіздері
Материалдық дүниелер мен игіліктер жасаудың табиғи негізі мен маңызды алғышарттарына жер ресурстары жатады. Жердің ролі өте кең және алуан түрлі.
Жерді пайдаланудың функционалдық ерекшеліктері оның табиғи ресурстары арасындағы ролін анықтап берді. Жер қоғам мүшелерінің тұтынатын игіліктерінің ең басты да түбегейлі материалдық негізі болып табылады. Сонымен бірге жер өндіргіш күштерді үлестіру мен халықты орналастыру үшін кеңістіктік базис және экономикалық өсудегі бұкіл еңбектік, материалдық, техникалық, табиғи факторлардағы ұдайы өндірістік процесстердің қалыпты түрде жүруі үшін негіз болып табылады. «Еңбек дегеніміз-материалдық және заттық байлықтың атасы, ал жер оның анасы» деген В. Петтидің формуласының дұрыстығын да тарихымыз дәлелдеп отыр. Жер еңбек процесінің ең қажетті алғышарты ретінде, өндірістегі ең маңызды заттық факторлардың бірі болып табылады. Жер ауыл шаруашылығындағы өндірістің ең белсенді құралы болып табылады. Жер өндірістің ең қажетті, ерекше, нағыз, еш нәрсемен алмастыруға келмейтін құрал. Өндірістің құралы ретінде көрініс беретін жердің сипаттамасы 1-ші суретте көрсетілген (2, 177) .
Өндірістің құралы ретінде жердің өзінің ерекше белгілері бар, бұл белгі
әсіресе өндірістегі жасанды жолмен пайда болған құралдармен салыстығанда көрініс береді.
Біріншіден: жер табиғаттың жемісі болып табылады, сондықтан да жердің ең бастапқы кездегі жағдайы оны жасауда адам еңбегінің шығындалмауына қарай құнға ие болмайды.
Екіншіден: өндірістегі жасанды жолмен пайда болған құралдар кем дегенде, оның тозуына байланысты жаңадан өндірілуі мүмкін. Жердің топырақтық жабыны да жаңарған табиғи ресурсқа жатады, бірақ та оны табиғи жолмен қайта қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет. Ал бұл келешекте топырақты қабаты бұзылған, қарқынды шаруашылық қызметтің массиві жарамсыз болып табылады.
1 КЕСТЕ
Өндірістің құралы ретінде көрініс беретін жердің сипаттамасы.
Қалыңдығы 2, 5 см топырақтық қабатты қайта қалпына келтіру үшін 300-
1000 жыл қажет. Ал қуаттылығы 18 см болатын егістік қабатын қайта қалпына келтіру үшін 2-7 мың жыл керек. Бұл жаңармайтын табиғи ресурстар мен жерді пайдалануды жоспарлаудағы әдіс тәсілдердің белгілі салыстырмалылығын жүзеге асырады. Жерді пайдалануда дұрыс әдіс тәсілдер қолдану және оны әлемдік тұрғыдан үнемдеп, қорғау оның биологиялық потенциалы мен өнімділігін бұрынғы, бастапқы деңгейінде сақтап қалуға ғана емес, сонымен бірге оны арттыруға да мүмкіндік береді.
Үшіншіден: өндіріс құралы ретінде көрініс беретін жердің тағы бір басты ерекшелігі заттық қызметі мен еңбек құралының бір өндіріс процесінде бірдей қатысуы, сонымен бірге жер өндіріс процесі кезінде тек табиғи ғана емес, және шикізаттық ресурс ретінде де бағалануы мүмкін. Топырақты өңдей отырып, адам өндірістің басқа да құралдарының көмегімен, ауылшаруашылық өсімдіктерінің өсімі үшін қолайлы жағдай тудырады. Мұндай жер еңбектің заты ретінде көрініс береді.
Сонымен бірге адам топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін ескеріп, пайдалана отырып өсімдіктің түсімін қалыптастыруға әрекет жасайды.
Төртіншіден: жерге құрал және субъектінің заты ретінде өзіне тең ресурстардың болмауына байланысты оның орнын ештеңе баса алмайды, өйткені жерді пайдалану адамзаттың алғашқы қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Өндірістің құралы ретінде көрініс беретін жер ресурстарының сипаттамасы үшін оймақтық және территориялық аспектілердің маңызы зор.
Бесіншіден: әр түрлі аймақтарда орналасқан жер участоктарының өнімділігі табиғи ерекшеліктерге, топырақтың құрамына, климатқа, рельефке, су ресурстары мен қамтамасыз етілуіне қарай әр түрде ерекшеленуі мүмкін. Мұндай айырмашылықтар ең жоғарғы сапалы жерлердей дифференциалдық ренталардың, қосымша табыс көзінің пайда болуына негіз болады, ал бұл ауыл шаруашылығындағы шаруашылық қызметтерінің нәтижелеріне септігін тигізеді де ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдаланушылармен болатын
қатынасты реттеу үшін септі талап етеді.
Алтыншыдан: жер ресурстары кеңістіктік жағынан шектелген, және олардың пайдалану кезінде өндірістің басқа құралдарына қарағанда, өндірісті ұлғайтуға болмайды.
Жетіншіден: жер участоктары белгіленген аймаққа ғана тиесілі болғандықтан, олардың өзінің тұрақты мекені болады, ал бұл сол белгіленген
аймақтағы жерді пайдалану үшін аймақаралық байланыстар үшін инфрақұрылымдар жүйесін дамыту үшін өндірістің арнайы құралдарын жасау қажеттілігі туады.
Жасанды жолмен пайда болған өндіріс құралдарының көбісі мобильділікке ие яғни, олар жинақы болғандықтан оларды кеңістікте ауыстыруға болады. Өндіріс құралы ретінде көрініс беретін жердің қызмет етуін жақсартудағы басты міндет жердің өнімділігімен түсімділігін ұлғайту болып табылады. Жер өнімділігінің мынандай түрлерін ажыратуға болады, олар: табиғи, жасанды және экономикалық. Табиғи өнімділік мыңдаған жыл аралығында болатын геологиялық, климаттық және топырақ түзуші процестердің нәтижесі болып табылады. Ерекше қасиеті бар және дербес табиғи денесі бар топырақ жөніндегі түсініктер ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде пайда болды. 1874 жылы Питербург қоғамындағы жаратылыстанушылардың отырысында «Смолендық губерниясының сортанды топырағы жөнінде» атты баяндаманы В. В. Докучаев ұсынған болатын, нақ осы баяндамадан кейін В. В. Докучаевтың топырақ тану ісі басталды.
1883 жылы В. В. Докучаевтың «Орыстың қара топырағы» атты еңбегі басылып шықты. Мұда топыраққа өсімдік, жануарлар организмі, климат, рельев деген сияқты топырақ түзуші факторлар жиынтығының әсерінен пайда болатын, қалыптасатын ерекше табиғи тарихи дене деп жанадан анықтама берді.
В. В. Докучаевтың генетикалық көкжиектер жиынтығы деп ұсынған табиғатпен топырақтық зоналар жөніндегі топырақтың түзілу факторы
жөніндегі, топырақ ерекше табиғи-тарихи дене туралы ілімдері жаңа заманғы топырақ тану іліміндегі теориялық негіз болып табылады. В. В. Докучаев топырақтар картографиясымен оны зерттеудің жаңа әдістерін өңдеп, топырақтың алғашқы ғылыми генетикалық классификациясын ұсынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz