Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясат
КІРІСПЕ
1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
1.1 Инфляцияның пайда болуы себептері мен мәселелері
1.2 Инфляция түрлері және деңгейін анықтау
2 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕНТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ
2.1 Инфляция деңгейі экономика тұрақсыздығының басты индикаторы
ретінде
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляция
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ
3.1 Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейін тұрақсыздандыру
мәселелері мен жүзеге асыру жолдары
3.2 Инфляцияға қарсы саясат
3.3 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Орталықтандырылған экономикадан еркін базар экономикасына көшер жолында қоғам тап болатын күрделі аса қиын проблемалардың бірі – инфляция проблемасы. Алайда, олар нарықтық экономика бере алатын игілік жердің жемісін татқысы келсе инфляцияға байланысты тауқыметті көтеріп алуға тиіс.
Инфляция дегеніміз не? Бұл – экономика өндіріп, сатылатын тауарлар мен қызмет түрлерінің орташа бағасының артуы. Нарықтық экономика жағдайында инфляция екі себептің бірінен қабынбайды: өндірушілер қажетті тауарлармен, қызмет түрлерімен жабдықтауды ұлғайтып үлгергенше жұрт өзінің ақшасын жаратып та болады; не тұтынушыларды яки өндірушілерді тауармен, қызмет түрлерімен жабдықтау қысқарып кетеді, мұның өзі бағаның өсуін қоздатады. Инфляцияға кейде тауар санының қысқаруын қуып жетпек болып, ақша санының көбеюі деген де анықтама береді.
Инфляция әсіресе өтпелі кезеңде тұрған экономикаға ерекше ауыртпалық артады, бұл бағаға ырық беруден – бағаға мемлекеттік бақылау жасауды қоюдан, нарықтық экономика бағытындағы аса маңызды қадамнан басталады. Бағаға мұндай ырық берудің бесенеден белгілі нәтижесі мынадай: ылғи да тапшы болып келген тауарлар бағасы қаулап өседі. Неліктен дейсіз? Өйткені мемлекет бұл тауарлардың бағасын жасанды түрде арзан қылып ұстап келген де, соның немесе үкімет шешімдерінен туындаған басқа бір экономикалық сәйкессіздіктер мен тиімсіздіктің салдарынан ұсынымнан сұраным – ылғи да артық болып келген. Өтпелі кезеңде жұрттың қолында мол ақша жинақталып қалса, инфляцияның ауыртпалығы тіпті қиын болады.
Кеңірек мағынасында алсақ инфляция іскерлік және экономикалық әлемді тиянақсыздау өтеді, соның салдарынан инфляция деңгейі төмен немесе инфляция жоқ басқа елдерге инвестиция жасау неғұрлым пайдалырақ болып көрінеді.
Инфляция жұрттың көбірек бөлігін пайдадан гөрі зиянға шығарады, өйткені, әрбір жеке адам немесе бизнес үшін экономикалық ахуалды білдіреді. Осы себептердің салдарынан үкіметтің тұрақтандырғыш саясаты экономикалық өсуді ынталандыру қажеттігі мен инфляцияны бақылауды ұстау талабын теңдестіріп отыруға тиіс.

1. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ұ.Е., Байжомартов Ү.С. Нарықтық экономиканың негіздері. Оқу құралы. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994 – 193 б
2. Әубәкіров Я., Нәрібаев Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы, Санат, 1998 – 479 б
3. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті, 1999 – 280 б
4. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе, 2001 – 362 б
5. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 – 328 б
6. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. – Алматы: Издат.Маркет, 2004 – 248 б
7. Осипова У.М. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы. – Алматы, 2002 – 316 б
8. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық. – Алматы, 2003 – 448 б
9. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша. Несие. Банктер. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2001 – 406 б
10. Уотто М. Нарықтық экономика әліппесі. Ақиқат – 2002 - №2, 45-55 б
11. Ұлттық банк – 2004 жылдың алдын-ала қорытындылары туралы. Банки Казахстана – 2005, №1-2, с. 2-3
12. Ерали А.К. Уровень инфляции в 2004 г. Экономика и Право Казахстана – 2004, №8, с. 31-32
13. Назарбаев Н.Ә. Новое время – новая экономика. Казахстанская правда – 2004 – 16 декабря, №288, с. 2
14. Айманбетова Г. Инфляциялық таргеттеу: Өтпелі кезеңнің проблемалары және жүзеге асыру перспективалары. Ақша-несие саясаты. Егемен Казахстан, 2004, №127, 19 мамыр, 6 б
15. Сарварова Н.Х. ХХІ ғасырдағы Қазақстанның экономикасының даму модельдері. Статистика, учет и аудит. Алматы, 2002, №2, 33-34 б
16. Крымова В. Экономикалық теория: Схемалық оқу құралы. Алматы: Арқайым, 2002, 118 б

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
2
1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
1.1 Инфляцияның пайда болуы себептері мен мәселелері
3-5
1.2 Инфляция түрлері және деңгейін анықтау
6-9
2 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕНТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ
2.1 Инфляция деңгейі экономика тұрақсыздығының басты индикаторы
ретінде
10-12
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляция
13-15
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ
3.1 Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейін тұрақсыздандыру
мәселелері мен жүзеге асыру жолдары
16-19
3.2 Инфляцияға қарсы саясат
20-26
3.3 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары
26-27
ҚОРЫТЫНДЫ
28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
29
КІРІСПЕ
Орталықтандырылған экономикадан еркін базар экономикасына көшер
жолында қоғам тап болатын күрделі аса қиын проблемалардың бірі – инфляция
проблемасы. Алайда, олар нарықтық экономика бере алатын игілік жердің
жемісін татқысы келсе инфляцияға байланысты тауқыметті көтеріп алуға тиіс.
Инфляция дегеніміз не? Бұл – экономика өндіріп, сатылатын тауарлар мен
қызмет түрлерінің орташа бағасының артуы. Нарықтық экономика жағдайында
инфляция екі себептің бірінен қабынбайды: өндірушілер қажетті тауарлармен,
қызмет түрлерімен жабдықтауды ұлғайтып үлгергенше жұрт өзінің ақшасын
жаратып та болады; не тұтынушыларды яки өндірушілерді тауармен, қызмет
түрлерімен жабдықтау қысқарып кетеді, мұның өзі бағаның өсуін қоздатады.
Инфляцияға кейде тауар санының қысқаруын қуып жетпек болып, ақша санының
көбеюі деген де анықтама береді.
Инфляция әсіресе өтпелі кезеңде тұрған экономикаға ерекше ауыртпалық
артады, бұл бағаға ырық беруден – бағаға мемлекеттік бақылау жасауды
қоюдан, нарықтық экономика бағытындағы аса маңызды қадамнан басталады.
Бағаға мұндай ырық берудің бесенеден белгілі нәтижесі мынадай: ылғи да
тапшы болып келген тауарлар бағасы қаулап өседі. Неліктен дейсіз? Өйткені
мемлекет бұл тауарлардың бағасын жасанды түрде арзан қылып ұстап келген де,
соның немесе үкімет шешімдерінен туындаған басқа бір экономикалық
сәйкессіздіктер мен тиімсіздіктің салдарынан ұсынымнан сұраным – ылғи да
артық болып келген. Өтпелі кезеңде жұрттың қолында мол ақша жинақталып
қалса, инфляцияның ауыртпалығы тіпті қиын болады.
Кеңірек мағынасында алсақ инфляция іскерлік және экономикалық әлемді
тиянақсыздау өтеді, соның салдарынан инфляция деңгейі төмен немесе инфляция
жоқ басқа елдерге инвестиция жасау неғұрлым пайдалырақ болып көрінеді.
Инфляция жұрттың көбірек бөлігін пайдадан гөрі зиянға шығарады,
өйткені, әрбір жеке адам немесе бизнес үшін экономикалық ахуалды білдіреді.
Осы себептердің салдарынан үкіметтің тұрақтандырғыш саясаты экономикалық
өсуді ынталандыру қажеттігі мен инфляцияны бақылауды ұстау талабын
теңдестіріп отыруға тиіс.

Соңғы уақытқа дейін біздің санамызда инфляция (латын сөзінен алғанда
inflatio – қабыну, ісіну) деген ұғым капитализмнің кеселі ретінде
орнықты. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар ақша қатынастарының болуы
инфляциялық процестерді тудырады. Инфляцияның себебі, әрекет ету механизмі,
көрінуі және оның зардаптарымен күресу жолдары бұрын соңды біздің елде
терең зерттелмеген. Инфляцияның басты ерекшелігі – қоғамдық ұдайы
өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Басқаша
айтқан да, инфляция бүкіл шаруашылық механизмінің қызметінен туындайды.
Алғашқы рет инфляция деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та
азамат соғысы кезінде (1851-1865 жж) орасан зор гривналар) ақша орнына
қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті әр жылдың ішінде 60% ке дейін
төмендеді.
Ендігі кезекте инфляция дегеніміз не? Осы сөздің басын ашып алайық.
Инфляция бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен
қызметтер сапасының төмендеуінен тундайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ
оның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Инфляция – бұл кез-келген
экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфялция себептеріне
нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске
ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттің бюджетінің тапшылығынан
көрінеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы қаржыландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі
туады.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол инфляцияны
күту нәтижесінде орын алады.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі
қандай деген сұрақ туындайды. Ол баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір
сүруге үйренген халық бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда
еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады,
өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты, оны 1 суреттен көруге
болады. Ақша айналысының факторларына бюджет тапшылығын жабуға
пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының
артық ақша массасына толып кетуі, халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға қоғамдық өндірістегі теңсіздікке,
шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның
ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына
байланысты факторлар жатады.
Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті
қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын
көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы
сұраныстан көрінеді. Сұраныс инфляциясы мынадай факторлардың әсерінен
туындайды.
• Әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық
салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы
айналыс үшін артық болып қалады;
• Ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.
• Импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу
барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның
эмиссиялануы;
• Несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық
банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын
сипаттайды.
• Төртіншіден, үлттық экономикалардың "ашыла" түсуіне, олардың
әлемшаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты
инфляцияның бір елден екінші елге ауысу каупі артады.
"Импортталған инфляциямен" күресу мүмкіншіліктері де шектеулі
келеді. Әрине, ұлттық ваяютаның бағасын арттырып импортты
арзандатуға болады, бірак бүл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық
өнімнің әлем нарығындағы өнімділігі кемиді. Бесіншіден
"инфляциялық тосу" деген жағдайға байланысты инфляциялык процесс
өзін өзі қолдап жалғаса береді.
• "ИБнфляцияны тосу" механизмі экономикага калай әсер етеді?
Мәселе мынада адамдар үзақ уақыг багалардың өсуін көріп, олардың
болашақіа төмендеуінен күдер үзеді де жаппай товар сатып алуга
көшеді. Сонымен катар олар еңбек ақы деңгейін көтеру туралы
үкімеІКБ талап қояды. Еңбек ақының өсуі түгынушылық сұранымын
одан әрі арпыра түседі.
• Өңдірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның
өсуін болжап, өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі. Әрбір
өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатыңда
өніміне бағаны еселеп көтереді. Нәтижесінде, бағалар сұраным
көлемі анықтайтын деңгейден артып, "инфляцияны тосу" деңгейіне
көтеріледі.
• Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі
бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші
Дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа
байланысты өте күшті иифляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс
елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі,
"баға -еңбекақы", "инфляциялық тосу", "инфляцияның бір елден
екінші елге ауысуы" және
• басқалары болды. Бұрынғы Советтер Одағында инфляцияның негізгі
себебі ретінде әкімшілдік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан
экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.
Шығын инфляциясы. Шығындар инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс
шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығын инфляциясы – бұл баға белгілеу
процесіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады.
▪ Еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
▪ Көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;
▪ Бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі,
әсіресе жалақының өсуі; энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
o алтынға;
o тауар;
o шетел валютасына.
1.2 Инфляция түрлері және деңгейін анықтау.
Шетел мамандары инфляцияның өсу қарқынына байланысты, оны үш түрге
бөледі: (2-сурет. Инфляция түрлері)
а) баяу инфляция – баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі.
Бұл ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да,
мемлекетте төтенше жағдайда тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2-
3% деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. Экономикалық теория, мысалы,
кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал
мемлекетті тиімді экономикалық саясат субъекті деп есептейді. Мұндай
инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп
отыруға мүмкіндік береді. Шетел ғалымдарының ойынша баяу инфляция
экономиканы көңілдендіруге әсерін тигізеді және күрделі қаржының өсуіне
ықпал етіп, жұмыссыздар армиясына жол бастайды;
ә) орташа немесе қарқынды инфляция – баға тез қарқында жылына 10%-дан
200%-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік
зардаптарға шалдықтырады. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның
мұндай қарқынын есепке алады;
б) ұшқыр инфляция басқаша айтатын болсақ гиперинфляция – баға жылына
500-ден 1000%-ке дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция
ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің
атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Қазақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде бірінші
түрі көрініс табады. Мысалы, 2002 жылдың соңында статистикалық мәліметтер
бойынша инфляция мөлшері 5,9%-дан (2001 жылы 8,1%) құрады. Бұл көрсеткіш
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2002-2004 жылдарға арналған ақша
несие саясатының негізгі бағыттарында бекітілген болжамға сай болып келеді.
Инфляция деңгейін статистикалық көрсеткіш тұтыну бағаларының индексі
көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын
тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула
қолданылады:
ТБИ = Ағымдағы жылд.тұт.қарж.бағасы Базалық жылд.тұт.қарж.бағ х 100
Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:
❖ баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып
табылады;
❖ баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 110%-ға тең. Демек,
ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,1 есе өскен,
яғни ақша инфляциялық құнсызданды;
❖ баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы
жылдағы баға базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл
дегеніміз дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендеуін
білдіреді.
Инфляцияны мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Инфляциялық процестің сипатына қарай:
➢ ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның
еркін өсуі байқалады;
➢ жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет
қатаң бақылау жасап отырады;
➢ инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
Таралу орнына қарай:
➢ локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
➢ дүниежүзілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
Рыноктық инфляциялық тепе-теңдігінің қандай түрді қабылдануына
байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп бөлеміз.
Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен
қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-
теңдік сұраным жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса,
онда бұны ашық инфляция дейміз.
Басылыңқы инфляция, оны кейде жасырын инфляция деп те атайды. Ол
бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпылама мемлекеттің бағаны
бақылаумен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ тауар тапшылығы, өнім
сапасының төмендеуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика
дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады.
Инфляцияны баланстану дәрежесі бойынша былай жіктейміз: баланстанған
және баланстанбаған инфляция.
Баланстанған инфляцияда әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бір-біріне
қатынасында баға өзгермейді, ал баланстанбаған кезінде - әртүрлі тауармен
өызмет көрсетудің бағасы бір-бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрлі
пропорцияда өзгереді. Айтылған себептерге байланысты өңдіріс шығындары
өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (АЗ^ - АЗІ), баға деңгейі
өседі (РІ - Р^), өндіріс көлемі қысқарады (СЬ - Сһ), яғни ЖҮӨ-нің нақты
көлемі қысқарады.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан
кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.
Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады.
Бағалардьщ жаппай өсуі табыстарды индексациялауға мәжбүрлейді, бұл өндіріс
шығындарын арттырады, яғни инфляцияны одан да жоғары артуына себеп болады.
Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әртүрлі салалары үшін
бірдей болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық
топтар үшін бірдей болмайды.
Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз
байланысты түрде қалыптасып дамиды.
Мысалы, еңбекақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.
ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік
нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір
елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп
отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың қүлдырау жағдайында
да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі XIX ғасырдағы циклдар
үшін болмаған жағдай. Бүл құбылыс экономикада "стагфляция" деп аталады, ол
экономикалық дағдарыс пен стагнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы
бағаның, инфляцияның өсуі.
Инфляцияның асқындауын осы күндері теорияда ','инфляцияны тосу" принципімен
түсіндіріледі. "Инфляцияны тосу" механизмі экономикаға қалай әсер етеді?
Мәселе мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың тоқтаусыз өскенін көріп,
олардың енді болашақта төмендейтінінен күдер үзеді, сондықтан бағалар
кездейсоқ жағдайға байланысты өссе де, тұрғындар жаппай товар сатып алуға
ұмтылады.

ретінде.
Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын ең маңызды индикаторлардың бірі –
инфляция деңгейі. Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып
келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып,
уақытша конъюнктураны жандандырады. Процестің барысында инфляция ұдайы
өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай
зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның
әртүрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып,
тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді
қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын, күшейтіп,
бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып,
ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан
басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян
шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне
аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта
бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының
өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін құлдырады.
Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері,
зейнеткерлер, тағы басқалар басынан өткізеді.
Инфляция жекелеген адамдарға, сондай-ақ тұтастай барлық қоғамға өте
ауыр зардап әкеледі:
• халықтың нақтылы ағымдық табыстарын және жеке жинақтауларының
нақтылы құндылықтарын азайту;
• өсуіне деген ынталандырудың өзгеруіне байланысты өндірісті
ықшамдау, ұлттық өндірушілер тауарларының бәсекелестігін
төмендету;
• әлеуметтік шиеленісушілік, әсіресе мөлшерлі табыстары бар
топтардың арасында;
• жоғары инфляция бизнесті қауіпті, ал ұлттық экономиканы
басқаруға келмейтіндей етеді (3-сурет. Инфляция зардаптары).
Инфляцияның тигізетін әлеуметтік-экономикалық салдарларын мынадан
көруге болады:
➢ халық топтары, өндіріс сферасы, аймақтар, шаруашылық
құрылымдары, мемлекет, фирмалар арасында, дебиторлар мен
кредиторлар арасында табыстардың қайта бөлінуі;
➢ халықтың, шаруашылық субъектілерінің ақшалай жинақтарының және
мемлекеттік бюджет қаражаттарының құнсыздануы;
➢ бағаның әркелкі өсуі нәтижесінде өнеркәсіп салаларындағы пайда
нормасының теңсіздігінің артуы және ұдайы өндіріс процесіндегі
теңсіздіктің орын алуы;
➢ жұмыссыздықтың өсуі;
➢ халық шаруашылығына деген инвестицияның қарқынды қысқаруы;
➢ амортизациялық қорлардың құнсыздануы;
➢ бағадағы, валютадағы және пайыздағы алып-сатарлық ойындардың
ұлғаюы;
➢ көлеңкелі экономиканың белсенді түрде дамуы;
➢ ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуі;
➢ қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуі.
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан
елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті.

1993 жылы бұрынғы кеңестік республикалардың – егемендіктер парадының
басталуы және жаңа экономикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы
Қазақстанда өте ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайға әкеп соқтырды.
Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың барлық сферасында құлдырады.
Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясымен қатарласа жүріп, 1991 жылы жазында
гиперинфляцияға өсіп жетті. Саяси және экономикалық себептер 1993 жылдың
қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта – теңгені ендіруге
мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінде асс тездікпен салмағын
жоғалтып жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде экономиканы
ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.
Айтарлықтай дәрежеде мүмкіндігінше инфляцияны тез ауыздықтау.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша
рәсімдеудің шараларын белгілеумен байланысты болды. Республикамыз ТМД
аумағында алғашқылардың бірі болып мынадай маңызды экономикалық заңдарды
қабылдады: Шетелдік инвестициялар туралы Заң, Салықтар және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы жаңа Заң, Бюджеттік жүйе және
басқалар туралы Заң.
Үкімет Стратегия-2030 сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6%
шамасында болуына ұмтылып отыр.
Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:
• ақшалай несиелік және бюджеттік саясатты қаталдандырады;
• ішкі инвестициялық мүмкіндік жерді өрістетуге көмектесетін қаржылық
механизмді дамытады;
• жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай
бөлігін қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге ұмтылады;
• бюджеттік жетіспеушілікті қаржыландыруға құнсызданбайтын көздерді
пайдаланады;
• мемлекеттік құнды қағаздардың айналым мерзімін ұзартады және тағы
басқалар.
Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының
мемлекеттік монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі
өзгерістерге байланысты.
Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі
инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы –
шаруашылықты басқарудың жоспарлы – бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды
механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды-ақшалық
үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына
зиян шеккізді.
Қазіргі инфляцияның бір көрінісі – тауар тапшылығы біздің экономикада
ондаған жылдардан бері байқалуда, оның түпкі себептері
біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрынғы нарықтық
құрылымдарды жоя бастауы;
екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы
үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір жағынан өндірістік құрал-жабдықтар
шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жағынан, тұтыну
құралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жәй дамиды;
үшіншіден, бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау
қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол 15-25%
болды;
төртіншіден, бұрынғы КСРО-да ұлттық жиынтық өнімнің 25-30% ғана тұтыну
қорын құраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65% болды.
Сонымен, біздің елде инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы
қалыптасты. Бірақ жоспарлы әкімшілік экономика жағдайында ол басылыңқы
сипатта өрбіді.
Тауардың көтерме сатып алу бағасы мен бөлшек саудадағы бағалары
арасындағы үйлесімсіздік жылдан-жылға тереңдей түсті. Оған мемлекеттік
бюджеттен дотация (жәрдем қаржы) беріліп отырылды. Бұл тауар өндірушілердің
көтерме және дара бағаларды көтере белгілеуге деген ұмтылысын күшейтіп,
соның әсерінен кейбір тауарлардың тапшылығына және кейбіреулерінің сауда
орындары мен өнеркәсіпте жиналып қалуына әкеп соқтырды. Өндірушілердің
өнімнің сапасын жақсартып, оның өз құнын төмендетуге ынтасы болмады.
Нәтижесінде жылма-жыл сауда орындарында тауарлар кем бағамен сатылып,
немесе шығынға жазылып отырды. Осының бәрі жабық инфляцияның айғақ
белгілері.
Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін тұтыну бағасының индексі
көрсетеді. Тәуелсіз Қазақстанның тәжірибесі инфляцияға қарсы күресте
энергоресурстарына, монополды құрылымдардың өніміне және транспорт
қызметтеріне баға белгілеуде, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
өнімдеріне баға қайшысын жоюға мемлекеттік реттеудің қажеттілігін аңғартты.
Қазіргі жағдайға келетін болсақ, жасыратыны жоқ 2004 жылы аз да болса
теңгенің тұрақталып нығаюы инфляцияның онша қауіпті емес екенін байқатуда.
Бұл өткен жылдармен салыстырғандағы өсуі төмендеді деген сөз. (1-сурет.
Қазақстандағы 1991-2003ж инфляция)
Жыл басынан бері инфляция 1,5 пайызға өсіп, өткен жылғы осы
мерзімдегіден 0,2 пайыз кеміді. Мұның негізгі себебі азық-түліктің 2,6
пайызға, азық-түлік емес тауарлардың 0,3 пайызға және ақылы қызметтердің
0,7 пайызға қымбаттауынан болды. Наурыз айында жылдық есеппен алғанда
инфляция 6,5% құрады, бұл ақпан айындағыдан 0,1%-ға көп.
Тауар тапшылығы өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап болған
біз бірінші кезекте бағаның ырықтандырылуын жарияладық, ол нарыққа өтудің
табанды қадамы болды.
Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен ұсынысты ескеріп емес, саяси
және идеологиялық себептер бойынша белгіленетін. Сондықтан да экономика
әрдайым тапшылықты және инфляциялық болды. Оның үстіне тауарлармен және
қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық ақша проблемасын жоспарлы экономика
әдістерімен шешу мүмкін емес. Бұл жағдайдан бірден-бір шығу жолы
тұмшаланған инфляцияны ашық инфляцияға айналдыру болып табылатындықтан,
кесімді бағалардан еркін бағаларға біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын
еді, сондықтан да онымен классикалық әдістер бойынша күресу кқмектеспеді.
Біз өз жолымызды таңдадық, ол 1993 жылда енгізілген ұлттық валютаның
арқасында 1994 жылғы гиперинфляцияны бәсеңдетуге, инфляция процесін
ауыздықтауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми
деректері бойынша инфляция 2004 жылғы желтоқсанда өткен айдың деңгейінде
қалды және 0,9%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары 1,0%-ға, азық-түлікке
жатпайтын тауарлар – 0,3%-ға, ал ақылы қызметтер – 0,7% қымбаттады.
Тұтастай алғанда, 2004 жылы инфляция – 6,7% деңгейінде қалыптасты.
Соңғы жылдары инфляция деңгейі жыл соңындағы есептердің 6-7%-ң шегінде
салыстырмалы түрде тұрақты төменгі деңгейде болды.
2004 жылы инфляция орташа алғанда 6,9%-да құрады. Оның деңгейі Ақша-
кредит саясатының 2004-2006 жылдарға арналған негізгі бағыттарында және
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007
жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында айқындалған болжам бағдарларының
шегінде қалды.
2004 жылдан бастап Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде
базалық инфляцияның көрсеткіштерін бағдарға алады. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының қаулысына сәйкес базалық
инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан
Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады.
2004 жылдың 11 айдың қортындылары бойынша базалық инфляция екі
әдістеме бойынша 5,8%-дан, 5,4%-ды, ал 2004 жылғы қаңтар-қарашада 2003
жылдың тиісті көрсеткіштерімен салыстырғанда – тиісінше 6,5%-ды және 5,9%-
ды құрады.
Ақша-кредит саясатының 2004-2006 жылдарға арналған негізгі
бағыттарында негізі қаланған 2004 жылға арналған базалық инфляцияның
болжамы, бір жылда орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, өткен
жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда болжанған деңгейден нақты
деңгей шамалы ғана асатын болды

3.1 Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейін тұрақтандыру
мәселелері мен жүзеге асыру жолдары
Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға
қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты экономиканы
тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие
экспансиясын тежеу ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы
экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізіледі. Инфляция экономикалық
аурудың ерекше түрі. Ол бір мезгілде материалдық-қаржылық сәйкессіздіктің
әрі салдары, әрі себептері ретінде көрінеді.
Қазақстанда өндірісті дамытуға бағытталған экономикадағы
сәйкессіздіктерді біртіндеп жоймай инфляцияға қарсы саясатты құру мүмкін
емес.
Инфляцияға саясаттың маңызды элементтерінің бірі қаржыны сауықтыру
және халық шаруашылығын тұрақтандыру, шығыны көп және табыстылығы төмен
шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын
тауарларға бағаны өсіру арқылы емес, өндірістің тиімділігін арттыру
негізінде жетуге болады. Сондай-ақ шетелдік несиелерді пайдалану да
маңызды. Бірсыпыра шетел мамандарының пікірінше Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп
және туризмді дамытуда инфляция салдарын баяулатады.
Көптеген елдердің экономикасында кейде мынандай жағдай қалыптасады,
бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде
болады. Экономиканың бұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Стагфляцияның
барынша айқын себебі – жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндіріс шығындарының
инфляциясы.
Антиинфляциялық саясат шартты түрде екі типке бөлінуі мүмкін:
инфляцияға ыңғайласу және онымен күрес. Бірінші жағдайда табысты индекстеу
болжамданады. Алайда бұл шара өте шектеулі, себебі 100%-дан индекстеу –
жалақы бағалар деген инфляциялық шиыршықты тудыруы мүмкін.
Күреске қатысты алсақ, оны жүргізу нұсқаларының ішінен – істеп тану
терапиясы деп аталатын әдісті баса көрсетуге болады – қатаң ақшалай
несиелік саясат инфляцияны тез басады және айтарлықтай өндіріс құлдырауымен
қатар жүреді.
Экономикалық саясатта инфляцияға қарсы екі тәсіл бар: бірі –
инфляцияға бейімділікті қарастырса, екіншісі – оның антиинфляциялық
шараларын жояды.
Бейімділік шаралары: табыс индексациясы және баға деңгейін бақылау.
Екінші әдіс (жою) – экономикалық құлдырау мен жұмыссыздық өсуі арқылы
белсенді түрде инфляцияны төмендету стратегиясы. Бұл жолдың экономикалық,
әлеуметтік шығын зор. Бірақ нәтижесі, бейімділік саясатына қарағанда
тиімді.
Инфляциялық процестің жағдайларына байланысты ақша айналысын
тұрақтандыру формаларына ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат жатады.
Ақша реформасы ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін
қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет
тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.
Ақша реформалары мынадай әдістер көмегімен жүзеге асырылады:
• жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа
валюта енгізу туралы хабарлау;
• қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе
валюталық паритетін қалпына келтіру;
• деноминация, яғни нолдерді қысқарту әдісімен ақшаның номиналдық
құнын ірілендіру.
Осылармен қатар, инфляцияға әсер ететін факторларға жауап ретінде басты
антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:
Дофляциялық саясат – бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген
сұранысты шектеуді, салық механизмін қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды
азайту, несие үшін пайыз мөлшерін реттеу және ақша массасын шектеу
әдістерінің жиынтығы (5-сурет. Инфляцияға қарсы саясат)
Табыс саясаты – бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары. Біздің
елімізде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz