Әлеуметтік топтардың қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын зерттеулерді талдап, оның маңыздылығын айқындау


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР МЕН БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

1. 1 Батыр ұғымы мен қазақ қоғамындағы батырлардың саяси-әлеуметтік құрылымы туралы зерттеулер . . . 13

1. 2 Батырлар институтының пайда болуы, қалыптасуы туралы зерттеулер . . . 30

ІІ БИЛЕР МЕН БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

2. 1 Би сөзі мен қазақ қоғамындағы билердің орны туралы зерттеулер . . . 35

2. 2 Билер институты мәселесінің зерттелуі . . . 42

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының азаттыққа қол жеткізіп, егемен ел болуы өміріміздің барлық саласын саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани дамуына жаңа серпінмен әсер етті. Дүниежүзілік қауымдастық құрамында өзінің орнын анықтаған Қазақ елі әлемдегі барша қазақтың Ақ Ордасы бола отырып, ұрпағының мәңгілігі мен атамекеннің тұтастығын сақтау жолында бар мүмкіндікті жасап келеді.

« Өткенсіз ертең жоқ» дейді дана халқымыз. Осы қағиданы ескерген Қазақстан Республикасының Үкіметі Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей тапсырысымен бірнеше кезеңнен тұратын «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама өткен жолымызды жаңаша саралап, зерделеуге, оның барлық кезеңдерін тануға барша тарихшыларды, философтарды, тілші, әдебиетшілерді т. б. ғылым салаларының мамндарын жұмылдыруға бағытталған. Бұл бағдарлама халқымыздың тарихи деректік, рухани байлығына тікелей қатысы бар құнды жәдігеріміздің халқына орлуына мүмкіндік әкелді. Оның аясында қазақ тарихының тамырының тереңде жатқандығы дәлелденді. Сонау сақ, ғұн, түрік тайпаларының ізін жалғастырған халқымыз тарих көшіне ілесіп, ұлан-байтақ аймақты мекендеп, атамекенін қасық қаны қалғанша қорғап, өзіндік басқару жүйесін құрып, оны қажетті құрылымдармен қамтамасыз ете білді.

Қазақ тарихындағы мемлекеттілік, оны басқару жүйелері дала демократиясына негізделгені белгілі. Хандық жүйедегі дала демократиясы билеуші жанындағы билер, батырлар сынды әлеуметтік институттардың ел билеу ісіне жол ашты. Керей, Жәнібек, Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Абылай хандар әрқашан аталған институттарға арқа сүйеп, олардың ақыл-кеңесіне, жұрт алдындағы беделіне сенім білдірді. Осындай жағдайда ғана белгілі тұлғалар Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бөкенбай, Бөгенбай батырлар ішкі тұтастықты, бірлікті, туысқандықты жүзеге асырды. Үш жүздің ынтымағы қалыптасты.

Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың зерттелуінің маңызы зор. Себебі, осы зерттеулер арқылы біз қазақ қоғамындағы топтарды соның ішінде батырлар мен билердің қоғамдағы орнын анықтап оған дұрыс баға бере аламыз.

Тарих ғылымында батырлар жеке тұлға ретінде ғана қарастырлып, батырлық адамның жеке басының қасиеті саналып, бұл ұғымдардың тарихи және әлеуметтік мәні ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген. Дәстүрлі қоғамға тән билер, батырлар институттары көшпелі және жартылай көшпелі қоғамның өзіне тән ғана мәдени-әлеуметтік тарихи тамыры мен осы мәдени-әлеуметтік тамырдың ерекшелігін ескерусіз қарастырып, мәселен дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыр атауы тек құрметті атақ деген сияқты ғана пайымдаулар жасалды.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың ерекше әлеуметтік топ ретінде өзіндік идеологиясы, қоғамдық функциясына, қызметіне байланысты тек өздеріне тән өмір сүру салты, жауынгерлік салт-дәстүрі, басқа әлеуметтік жіктермен ара қатынасын реттейтін әлеуметтік нормалары, этикасы және т. б. «сословиелік» ерекшеліктері қалыптасты. Батырлардың ерекше әлеуметтік жік ретіндегі басты ерекшелігі-олардың тек қана әскери кәсіппен айналысуынан көрінеді. Бұл туралы құнды мәліметтер қазақ ауыз әдебиетінде -эпос, жырауларда, жыраулар поэзиясында, батырлық ертегілерде және т. б. ауыз әдебиеті деректерінде тамаша көрініс тапқан. Батырлар жырында елін сыртқы жаудан қорғау идеясы бейнеленіп қоймайды, сонымен бірге халықтың дүниетанымы, өзі туралы ұғым -түсінігі, моральдық-этикалық ұстанымдары, қаһармандық идеалы, салт-санасы, өмірді өзіндік қабылдау ерекшелігі т. б. этникалық сипаттары бейнеленеді.

Қазақ халқының тарихында билердің маңызы зор болып келген. Себебі, мемлекеттің саяси және әлеуметтік құрылымының ғұрыптық құқық негізінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуші бірден-бір әлеуметтік құрылым ретінде билер қоғамдық күштердің арасалмағын теңдестіруші миханизм рөлін атқара отырып, қоғам дамуындағы бүкіл саяси-әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп отырған. Сонымен бірге, қазақ қоғамындағы билер институтының ерекшелігі ол мемлекеттік басқару институттарымен тығыз байланыса келіп, билеушілер мен бұқара халықтың белгілі бір саяси-әлеуметтік құндылықтар төңірегінде топтасуын қамтамасыз етті.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қалыптасып отырған саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани хал-ахуалдан байқайтынымыз, қазіргі заманға сай мемлекеттік жүйе мен саяси мәдениетті қалыптастыру барысында қазақ қоғамының кейбір жекелеген дәстүрлі құрылымдарын жаңғыртып, күн талабына сай бейімдеу аса қажеттілікке айналып отыр және мұның нақты мысалдары да жоқ емес. Мәселен, республикамыздың кей жерлерінде ақсақалдар алқасы яки ақсақалдар кеңесі пайда болып жатса, ендігі бір жергілікті әкімшілік билер сотын яки төбе би сайлау етек алып отыр. Баспасөз материалдарынан байқайтындай, мұндай алқа, кеңестер мен билер соттарының мақсаты ара ағайындыққа жүгіп, жергілікті ұсақ заң бұзушылықтарға, неке-отбасы жанжалдары мен көрші-қолаң арасындағы ашу-араздықтарға байланысты төрелік айтуға саяды. [1]

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі саяси-әлеуметтік құрылымдарының қазіргі күні қайта жаңғыра бастау құбылысынан олардың тамыры мен қоғамдық табиғатын тереңдету талабы туындауды.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың туралы зерттеулер жарық көргенмен, олар тарихнамалық түрғыдан зертелген емес. Диплом жұмысымда қарастырып отырған батырлар мен батырлар институты, билер мен билер институтына байланысты тарихнамалық зерттеу жасаған еңбек жоқ. Дегенмен қазақ қоғамында ғана өте ерекше мәнге ие болған батырлар мен батырлар институтының, билер мен билер институтының кейбір мәселелері ХVІІІ ғасырдан бастап орыс патшасының отарлау саясатына байланысты қазақ даласына аяқ басқан орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының еңбектерінде көрініс берген. Мәселен, П. И. Рычков [1], И. Г. Андеев [2], Е. К. Мейендорф [3], А. И. Левшин [4], И. Ф. Бларамберг [5], А. Костенко [6] еңбектерін атап өтуге болады.

П. И. Рычковтың күнделігінде ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ батырларының өмірі мен қызметіне қатысты, олардың қазақ-орыс қатынастарындағы елшілік қызметтері туралы мәліметтер келтірілген. Әсіресе, П. И. Рычков Жәнібек батырдың сін-салтанаты туралы тамсана жаза отырып, осы кездегі қазақ батырлардың қоғамдық-саяси өмірдегі беделі мен орны туралы тұжырымдарын келтірген. Ал билерге байланысты бидің беделі ол шыққан ру немесе тайпаның саны мен күш-қуатына тәуелді деп көрсету арқылы, жалпы би институтының қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымына тығыз байланысты қарастыру қажеттігін негіздеді. Ал негізінен орта жүз қазақтары туралы этнографиялық еңбектердің авторы И. Г. Андреевтің еңбектерінде қазақ батырларының, билерінің қоғамдық-саяси өмірдегі әртүлі қызметтері туралы мәліметтер бар. [2, 112 б. ] .

Е. К. Мейендорфтың Орынбордан Бұхарға барған сапарында жинаған материалдарының жазбасында қазақтарды негізінен ақсақалдар, билер, батырлар, сұлтандар мен хандар басқарады деп анықтама берген. [3, 41 б. ] . Ал, А. Костенко «бұрынырақта ұрылар мен қарақшылар халық арасында зор беделге ие болған және олар батыр атағын иеленген» деген қорытынды жасаған[6, 42 б. ]

Ал, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап патша үкіметі қазақ даласын мақсатты түрде зерттеуге кіріскені аян. Л. Мейер [7], И. И. Крафт [8], В. Н. Витевский [9], А. И. Добрамыслов [10] сияқты патша әкімшілігінің әскери шенеуліктерінің зерттеулерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы батырлар мен билердің институттарының ішкі-сыртқы саяси өмірдегі атқарған қызметттері туралы мол мағлұматтар келтірілген.

ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік тарихын зерттеуде Ш. Ш. Уәлиханов [11], А. Құнанбаев[12] еңбектерінің орны ерекше. Ш. Уәлиханов ең алғаш болып қазақ батырлары мен билері туралы аңыз әңгімелерді хатқа түсіріп, батырлардың тек қазақ қоғамыны тән өзіндік орны мен рөлі туралы құнды тұжырымдар жасаған [11] .

Әлеуметтік топтардың тарихын зерттеуге қатысты тұжырымдарды ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылырының еңбектеріне кездестіруге болады. (А. Байтұрсынұлы [13], Х. Досмұхамедұлы [14], М. Тынышпаевтың [15], т. б. )

Ал, кеңестік кезеңдегі зертеушілердің ішінен ең алғаш С. Асфендияровтың еңбегінде батырларды билеуші феодалдық ақсүйектердің тобы ретінде көрсете отырып, хандардың әскери жасағы- батырлар олжаның ең көп бөлігін иеленіп отырды және т. б. артықшылықтарды пайдаланды деп жазады [16, 90 б. ] . Әрине С. Асфендияровтың тұжырымдары таптық тұрғыдан тұжырымдалғанына қарамастан, зерттеуші бірінші рет батырларды әлеуметтік топ ретінде қарастырғанын атап өтуіміз қажет.

Қазақ қоғамының әлеуметтік топтарның зерттеуіне елеулі үлес қосқан зерттеушілер ретінде Е. Б. Бекмаханов [17-18], М. П. Вяткин [19] еңбектерін айрықша атап өтуге болады. Е. Бекмаханов Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тарихын зерттей отырып, осы кезеңдегі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуін қарастырады. Е. Бекмаханов алғаш рет қазақ қоғамына тән «ақсүйек», «қарасүйек», «төре», «төленгіт», «қарашы», «сұлтан», «би», «батыр», «бай» деп аталған ұғымдар мен әлеуметтік категорияларды ғылыми тұрғыдан талдаған [17] .

Дәстүрлі қазақ қоғамына тән батырлардың зеттелу тарихында М. Вяткин еңбектерінің маңызы зор. Зертеуші батырлардың түркі халықтарының бәрінде кең таралғандығын жаза келе, дегенмен ол тек дәстүрлі қазақ қоғамына ғана тән ерекше құбылыс ретінде көрініс береді деп бағалайды. Бірақ зерттеуші «батыр» терминін әлеуметтік-таптық мәні жоқ ұғым ретінде қарастырып, ХVІІІ ғасырлардағы тарихи кезеңдегі қоғамдық сипаты анықтау жөн деген тұжырымға келеді [19, 115 б. ] . Тарихты таптық түрғыдан ғана қарастырған зерттеушінің дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың «ақсүйек», «қарасүйек» өкілдерінен де шығуы, олардың аса бай немесе жалғыз атты кедей ретінде де өмір сүруіне байланысты өзіндік ерекшелігін талдаудың басты ұстанымының қате болғаны белгілі.

М. Вяткин қазақтың «билері» мен қырғыздың «манаптары» арасындағы тарихи байланыстылық пен саяси-әлеуметтік біртектілікке Ш. Уәлихановтан сон арнайы назар аударған зерттеуші. М. Вяткин би институтын шығу төркінін «сонау Дешті-Қыпшақ қоғамына дейінгі дәуірден» іздеу керек деген пікір айтады.

ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік терминдер мен категориялар, соның ішінде батырлар мен билердің өзіндік ерекшеліктері Н. Г. Аполлованың зерттеулерінен көрініс тапқан [20-21] . ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Қазақстанның Ресейге қосылу тарихын зерттей отырып, аталған кезеңдегі қазақ хандығының саяси құрылымын арнайы тарау ретінде қарастырады. Зерттеуші хан билігі, халақ жиналысы хан сайлау дәстүрлі, ақсақалдар мен билер кеңесі, сондай-ақ батырлардың саяси, әлеуметтік функцияларын талдайды.

Мәселені зерттеп талдау жасай отырып бұдан кейінгі жылдары жарық көрген, қазақ қоғамының әлеуметтік-саси құрылымына байланысты іргелі зерттеулерде батырлардың жеке әлеуметтік топ ретінде қарастырылмағандығын көреміз. Ал билер болса тек қазақ қоғамының дәстүрлі әдет-ғұрып құқығы шеңберінде қарастырылып, негізінен заң ғылымы, оның ішінде мемлекет және құқық тарихы саласымен шектеліп қалды. Бірақ ХVІІІ-ХІХ ғасырың алғашқы жартысындағы әлеуметтік топтардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі олардың әлеуметтік, қоғамдық, саяси қызметтері туралы тұжырымдарды аталған кезеңдегі қазақ-орыс қатынастары, Қазақстанның Ресейге қосылуы мен отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күрестер, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жазылған еңбектерден кездестіруге болады. Осы жылдары тек жекелеген ғылыми мақала көлемінде жазылған М. Бижановтың ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік категориялардың орыс зерттеушілерінің еңбектерінде зерттелуін талдаған еңбегі де маңызды болып табылады. [22, 166 б. ]

Ал енді дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің зерттелуінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейінге жылдары жарық көреген, еңбектерді жеке - жеке қарастырғанды жөн көрдік. Батырлар мен батырлар институтына байланысты К. Л, Есмағамбетов [27], Ж. Қ. Қасымбаев [28], М. Ж. Абдиров [29], И. В. Ерофеева [17], Қ. С. Қаражан [21], еңбектерін атап өтуге тиіспіз. К. Л. Есмағамбетов еңбектерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ батырлары, олардың тархандық құқықтары туралы шет елдік зерттеушілердің еңбектері талданған. Ж. Қ. Қасымбаев, М. Ж. Абдиров еңбектерінде патша үкіметінің қазақ даласында жүргізген отарлау саясатының салдарлары ұлт-азаттық күрестер, қазақ жеріндегі орыс-казак әскерлерінің тарихы мәселелері қарастырылғанымен, бұл зеттеулер біздің тақырыбымыз үшін де маңызды бола түспек. К. Л. Есмағамбетов қазақ қоғамына тән батырлар институтын «қазақ мемлекеттілігімен бірге жасасып, қалыптасқан, күрделі эволюциялық даму жолын бастан кешірген ерекше құбылыс », - деп бағалайды [27, 21 б. ] . Тарихшы - ғалым Қ. С. Қаражан «ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы ұзаққа созылған қарулы қақтығыстар, көрші мемлекеттердің сыртқы саясаты қазақ қоғамындағы билер мен қазақ жасақтарының басшылары - батырлардың беделінің одан әрі түскендігін айта келіп, олардың көшпелі халықтардың әскери дәстүрін сақтап, жалғастырушылар» болғанын тарихи деректермен дәйектейді. [21, 80 б. ] .

Аталған зерттеушілердің ішінде И. Ерофееваның зерттеулерін ерекше атап өтуге болады. Зерттеуші батырлардың қазақ қоғамының әлеуметтік стратификациясы мен потестарлық - саяси үйымдасудағы орнына ерекше назар аударады. Сондай-ақ ХVІІІ ғасырдың басында қазақ қоғамындағы батырлардың рөлінің өсуін сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі мен қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуындағы әскери - потестарлық құрылымдардың рөлінің өсуімен байланыстырады [30, 33-35 бб. ] .

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жарық көрген еңбектердің қатарында батырлар институтының алғышарттары мен қалыптасуы мәселелерін қарастыруда іргелі тарихи еңбектер қатарында т. ғ. д., профессор Қуаныш Сүлейменұлы Қаражан және жазушы Қуанышпай Құрманғали басшылығымен құрастырылып, баспадан қайта басылып шыққан патша әскерінің генерал-лейтенанты М. И. Иваниннің «О военном искусстве при Чингисхане и Тамерлане» атты еңбегінен өз замандарының заңғар әскери қолбасшылары бола білген Шыңғыс хан мен Әмір Темірдің осындай жоғары білікті саясаткер деңгейіне көтерілуіне мол әскери қолдың болуы шарт емес, керісінше әскери тактикамен жеке бастың ерлігі, батылдығы арқылы жеткендігіне көзжеткізе аламыз. [31]

Батырларға байланысты кейбір мәселелерін зерттеу А. К. Кушкумбаев [32], Т. К. Алланиязова [33], Ш. Е. Картаева [34], Қ. Ахметжанов [20], сынды зерттеушілердің қазақ халқының соғыс өнері мен жауынгершілік дәстүріне арналған еңбектерінде көрініс тапқан.

Батырлар институтының қалыптасуы, оның негізгі атқарған қызметтері туралы тың тұжырымдар соңғы жылдары жарық көрген Н. А. Абдоллаев, Е. С. Сатыпалды [35], Г. Қайырғалиеваның ғылыми мақалалары мен М. Қ. Дауытбекованың [ 1 ] кандидаттық диссертациясында көтерілген. Ал, А. Тоқтабайдың еңбегінде барымтаның батырлық мектебі ретіндегі орны қарастырылған [36] .

Сонымен қатар тақырыптың зерттелуін қарастыру барысында соңғы жылдары көптеп жарық көріп жатқан тарихи - әдеби тұрғыдан жазылған зерттеулерді атап өтуге болады. Аталған тақырыпта қалам тарттқан әуесқой зерттеушілердің еңбектерінің өзіндік маңызын мойындай отырып, дегенмен бұл бағыттағы еңбектердің төмендегідей кемшіліктерін де атап өтуге тиіспіз. Мәселен, ерлігі мен атқарған істері бойынша батырлардың өзіндік, шынайы бағасын алуына қатысты. Себебі, өз руының ғана батырларын дәріптеп, өз тайпасының ғана күйін күйіттеп жүрген әуесқой зерттеушілердің салдарынан әр рулар мен тайпалардан шыққан аттас батырлардың өзге руларға телініп, ауыстырылып жатуы шынайы тарихты бұрмалауға әкеліп соғуда.

Бұл бағыттағы еңбектердің тағы бір атап өтетін кемшілігі белгілі бір тарихи кезеңде өмір сүрген, белгілі бір батырлардың тым әсіреленіп көрсетілуі. Әуесқо йзерттеушілердің сөзіне сенсек, қазақ батырларының бірі алып айдаһармен соғысып жеңсе, енді бірі найзасын бір сермегенде ондаған сарбазын жайпап өтетін алып тұлға болып суреттеледі. Мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған енді бір мақалаларда «Аузын айға білеген» Жоңғарияның атақты қонтайшысы Қалдан Бошақтының өзін қазақ биінің сөзден масқаралап жеңіп, әскерін кері бұрып әкетуіне мәжбүр еткендігі айтылады. Мұндай мысалдар әрине, тарихи шындыққа жанаспайды, арзан ауыз-екі әңгіме деңгейінде ғана бағаланады.

Қазақ қоғамындағы батырлар туралы зерттеулерге талдау жасау барысында эпостардың, батырлар жырларының зерттелуіне тоқталмай кетуге болмайды. Негізінен батырлар жырының әдеби-филологиялық тұрғыдан зертелгені белгілі. Сондықтан біз бұл зерттеулердің батырлар институтының рухани қызметін талдауда маңызы зор. Эпостарды жан-жақты зерттеу, ғылыми тұрғыдан саралауда М. Әуезов [37], Ә. Марғұлан [38], Б. Кенжебаев [39], Ә. Қоңыратбаев, Н. Смирнова, Р. Бердібай, Ә. Қайдаров Т. Қоңыратбаев және т. б. отандық зерттеушілер мен қатар түркі - маңғол халықтарының эпос мұрасы бойынша жан - жақты зерттеулер жүргізген А. Веселовский, В. Жирмунский, Е. Мелетинский, А. Орлов, Р. Липец, С. Суразаков және т. б. еңбектерінің батыр бейнесі мен оның өзіндік ұстанымдары, ар-намыс кодекстері, бет-бейнелері туралы тұжырымдары біздің зерттеуімізде маңызды орын алады.

Тарихнамалық тұрғыдан талдау қазақ қоғамындағы батырлар тарихының күні бүгінге дейін кешенді түрде, жан - жақты түрде арнайы зерттелмеген тың тақырып екендігі туралы тұжырым жасаймыз.

ХVІІІ-ХІХ-ғасырлардағы қазақ қоғамында әлеуметтік институттар мен олардың қоғамдық ролі турасында бірқатар бағалы пайымдаулар мен тұжырымдар жасалған ғылыми еңбектер 1958-1971 жж. аралығында жарық көріп, отандық тарих ғылымына тың серпіліс алып келгені белгілі. Олардың арасында С. З. Зиманов, С. Аманжолов, С. Толыбеков, С. Л. Фукс тәрізді ғалым-зерттеушілердің еңбектері айрықша назар аударуға тұрады.

1958 жылы жарық көрген «ХІХ-ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы», одан екі жыл кейін шыққан «ХVІІІ-ғасырдың соңы және ХІХ-ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси құрылысы» (1960 ж. ) атты монографияларында С. Зиманов қазақ қоғамындағы әлеуметтік, саяси және экономикалық қарым-қатынастарды, олардың көшпелі қоғам жағдайындағы ерекшеліктерін, меншік түрлері мен жер қатынастарын зерттей келіп, қазақ халқына тән саяси билік формаларына тоқталады. Е. Бекмаханов, М. Вяткиндердің ізімен С. Зиманов мол архивтік, нормативтік және ауызекі деректер негізінде «сұлтан», «би», «тархан», «старшина», «бай», «кедей», «шаруа», «жатақ», «құл», «төлеңгіт» тәрізді әлеуметтік топтарға ғылыми талдау жасап, олардың қазақ қоғамының саяси және экономикалық өмірінен алатын орнын біршама тиянақты түрде дәлелдейді. [21, 184-287 бб. ]

Алайда, алғаш рет 1959 жылы «ХVІІ-ХІХ-ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық-экономикалық құрылысы» тақырыбымен жарық көріп, 1971 өңделіп, толықтырылған түлде «ХVІІ-ғ. - ХХ-ғ. басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы» деген атпен қайта шыққан ғылыми еңбектің авторы С. Толыбеков «Тәуке хан жыл сайын үш жүз өкілдерінің басы қосылатын феодалдық съездер шақырып отырды. Осындай съездердің бірінде Тәуке ханның Ережесі (Жеті жарғысы ) қабылданған еді» деп жазған С. Зимановты сынға алып, «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ көшпелі хандығы мемлекеттіліктің бастапқы сатысында тұрған «әскери демократия» үрдісінде соғыс және тонаумен ғана айналысты. Қазақ сұлтандары мен батырлары, билері мен байлары тонаудан басқаны білген емес . . . Жыл сайынғы съездер Тәуке хан енгізген қандайлық бір жаңа институт емес, қайта нағыз «әскери демократия» дәуірінің қалдығы» деп біржақты әрі атүсті қорытынды жасайды. [24, 342, 344 бб. ] Мұның өзі, тоқырау жылдарындағы тарих ғылымының шектен тыс идеологияландырылуы желісінде орын алғаны анық.

С. Фукстың ХVІІІ-ғасыр мен ХІХ-ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдет-ғұрпына арналған еңбегі осы саладағы соңғы көлемді ғылыми монография болып табылса да, аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір тың мәлімет, жаңа қорытынды жасалған жұмыс деуге келіңкіремейді. Алайда, аталмыш автор, би институтының ХVІІІ-ғасыр аяғында, яки Абылай хан билігі тұсында-ақ әлсірей ьастағанын, бұл ретте кінәліні өлім жазасына кесу тәрізді қашанда халық жиналысы мен билер кеңесінің құзырында болып келген мәселені хан институтының жекелеген өкілдері өз бетінше шеше бастағанынан көруге болатынын дұрыс атап көрсетеді. [25, 106-107 бб. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социологиялық зерттеу
Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы
Бизнес инкубаторларды басқару
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма
Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивті парадигмала
Облыстық бағыныстағы қалалар бюджеті
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны
Лауазымдық нұсқаулықтың үлгісі
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz