Компьютерлік желілер түсінігі
Кіріспе
Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік
І тарау. Электрондық оқулықтар, электрондық зертханалық жұмыстар жасау мәселесі.
1.1.Телекоммуникациялық жүйелерге негізделген білім беруші электрондық басылымдар мен қорлар. Компьютерлік желілерді оқыту мен пайдалану.
1.2. Компьютерлік желілердің жіктелуі
1.3. Желілердің техникалық.аппараттық жабдықтары
1.4.Желілердің программалық жабдықтары
1.5. Желі қауіпсіздігі
ІІ тарау. Компьютерлік желілерді оқытудың зертханалық практикумын жасау.
2.1. Жүйелік блоктың компоненттерін анықтау.Жүйелік блокка құрылғыларды қосу. Желіге кіру. Компьютерлік желілердің ресурстарын көру.
2.2.Ресурстарды бірігіп пайдалануға ұсыну. Бірігіп пайдаланатын файлдар мен принтерлерге қатынауды басқару.
2.3. Дискетті бірігіп пайдалану. Қатынау параметрлері
2.4. Бумаларды бірігіп пайдалану. Принтерді бірігіп қолдану
2.5. Жергілікті желілерге қосылу. Желілік хаттамаларды баптау Хаттамаларды жою. Ортақ ресурстарды қолдану. Ортақ қолданудағы файлдармен жұмыс. Дискеттерді қосу
2.6. Ортақ принтерге қосылу
2.7.Желілік ресурстарға таңбаша құру
2.8. Электронды почтаның тіркеу жобасын бапта. Байланыс. Іздеу серверлерімен жұмыс
2.9. Файлды басқа компьютерге көшіру. Желілік дискеттегі
файылды көшіру. Принтерлермен қашықтан жұмыс жасау. Таңбаша құру
Қосымшалар
Зертханалық жұмыстарға арналған қысқаша анықтама
Студенттің өз бетінше дайындалуына арналған тапсырмалары
Тест
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Заман талабына сәйкес білімді ақпараттандыру өмірдің талабы болып отыр. 70-шы жылдар басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен технологиялық жаңалық ашылды – үлкен интегралдық үлгілер пайда болды. 80-шы жалдар ортасында жергілікті желілер дами бастады.
Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер – құжат құруда, кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол сіздің жұмысыңыздың нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді. Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады. Егер де осындай ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін басқа компьютерлердің желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың құжаттарымен де, принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді.

1. Бидайбеков Е.Ы, Григорьев С.Г, Гриншкун В.В.
« Создание и использование образовательных электронных изданий и ресурсов »
Алматы « Білім »2006
2. Борисенко А.А. « Локалная сеть» Москва « Эксмо » 2007
3. Олифер В.Г. Олифер Н.А « Компьютерный сети Принципы, технологии, протоколы: Учебник – СПБ: » Питер 2001 – 627с
4. Балапанова Е.Қ, Бөрібаев Б.Б, Даулетқұлов « Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ. »
5. Мансұров М. « Компьютерлік орта » Алматы « Prints »2004

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік
І тарау. Электрондық оқулықтар, электрондық зертханалық жұмыстар жасау
мәселесі.
1.1.Телекоммуникациялық жүйелерге негізделген білім беруші электрондық
басылымдар мен қорлар. Компьютерлік желілерді оқыту мен пайдалану.
1.2. Компьютерлік желілердің жіктелуі
1.3. Желілердің техникалық-аппараттық жабдықтары
1.4.Желілердің программалық жабдықтары
1.5. Желі қауіпсіздігі
ІІ тарау. Компьютерлік желілерді оқытудың зертханалық практикумын жасау.
2.1. Жүйелік блоктың компоненттерін анықтау.Жүйелік блокка құрылғыларды
қосу. Желіге кіру. Компьютерлік желілердің ресурстарын көру.
2.2.Ресурстарды бірігіп пайдалануға ұсыну. Бірігіп пайдаланатын файлдар
мен принтерлерге қатынауды басқару.
2.3. Дискетті бірігіп пайдалану. Қатынау параметрлері
2.4. Бумаларды бірігіп пайдалану. Принтерді бірігіп қолдану
2.5. Жергілікті желілерге қосылу. Желілік хаттамаларды баптау Хаттамаларды
жою. Ортақ ресурстарды қолдану. Ортақ қолданудағы файлдармен жұмыс.
Дискеттерді қосу
2.6. Ортақ принтерге қосылу
2.7.Желілік ресурстарға таңбаша құру
2.8. Электронды почтаның тіркеу жобасын бапта. Байланыс. Іздеу
серверлерімен жұмыс
2.9. Файлды басқа компьютерге көшіру. Желілік дискеттегі
файылды көшіру. Принтерлермен қашықтан жұмыс жасау. Таңбаша құру
Қосымшалар
Зертханалық жұмыстарға арналған қысқаша анықтама
Студенттің өз бетінше дайындалуына арналған тапсырмалары
Тест
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Заман талабына сәйкес білімді ақпараттандыру өмірдің талабы
болып отыр. 70-шы жылдар басында компьютерлік бөлшектер шығару
саласында үлкен технологиялық жаңалық ашылды – үлкен интегралдық
үлгілер пайда болды. 80-шы жалдар ортасында жергілікті желілер дами
бастады.
Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп
пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер – құжат құруда,
кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың
түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол сіздің жұмысыңыздың
нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді.
Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс
жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке
көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар
құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап
өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық
ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады. Егер де осындай
ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін басқа компьютерлердің
желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың құжаттарымен де,
принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді.
Компьютерлерді желілерге біріктіру технологияларының стандарты
бекітілді – Ethernet, ArcNet, Token Ring. Олардың дамуына дербес
компьютер әсер етті. Бүгінде есептеуіш желілер қарқынды дамуда.
Жергілікті және ауқымды желілер арасындағы алшақтық, кабельдік
жүйедегі жергілікті желілер сапасынан кем түспейтін жоғары
жылдамдықтағы аумақтық байланыс арналарының пайда болуына байланысты
барынша азаюда. Ауқымды желілер ресурс қызметтерінде жергілікті
желілер қазметтері сәйкес ыңғайлы болуда. Бұған кең тараған Internet
ауқымды желісі мысал бола алады.
Компьютерлік желілер туралы түсінік
Ең қарапайым желі (network-сеть) кем дегенде 2 компьютерден
тұрады. Олар мәліметтерді бірігіп пайдалана алатындай кабель (бірнеше
сымнан тұратын өткізгіш) арқылы жалғасқан. Барлық желілер
күрделілігіне қарамастан бір-бірімен осы кабельдер арқылы жалғасады.

ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады.
Егер де осындай ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін
басқа компьютерлердің желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың
құжаттарымен де, принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді. Яғни,
компьютерлер тобының және басқа құрылғылардың бірігуі желілер деп
аталады. Ал, біріккен және ортақ қолданылатын компьютерлердің қоры
желілер арақатынасы деп аталады. Желіге қосылған компьютерлер келесі
мүмкіндіктерді бірігіп пайдалана алады:
• Мәліметтер қорымен;
• Ақпараттар қорымен;
• Принтерлермен;
• Модемдермен;
• Басқа да құрылғылармен.
Электрондық оқулықтар, электрондық зертханалық жұмыстар жасау
мәселесі.
1.1. Телекоммуникациялық жүйелерге негізделген білім беруші
электрондық басылымдар мен қорлар
Біздің өркениетіміздің күллі тарихы қоғамның қалыпты дамуы үшін,
адамдар арасында ақпараттық алмасулардың маңызы зор екендігін
көрсетті. Бұл тұрғыда ақпараттық алмасу ерекше роль атқарады. Бір
адамнан екінші бір адамға ақпарат алмасу мүмкіндігінің, нәтижесінде,
мүмкін, оның пайда болуымен бір уақытта мұны оқыту ісі де келіп
шықты. Қазіргі кезде оқытушы мен оқып жатқан адамның жұмыстарының
жемісті болуы да ақпараттық алмасулардан тұратын болып келетіндігі
кездейсоқ емес. Білім беруші электондық басылымдар мен қорлар
ақпаратты жеткізуде қазіргі заманғы технологияның мүмкіндіктері мен
артықшылықтарына сүйене отырып, осы секілді алмасуларға жол ашады.
Қазіргі әлемде ақпараттық алмасу процесінде компьютер мен
телекоммуникацияның компьютерлік құралдары үлкен роль атқарады.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдардың орта шенінде адамдар бір-бірімен
компьютерлерін байланыстырып үйрене бастады. Мұның өзі
компьютерлердің компьютерлік желіге қосуына, бірнеше компьютерлердің
кез-келгенінде отырып, әрбір адамның құралдық, программалық және
ақпараттық осынау қорлардың бүкіл бірлігін пайдалану арқылы, ақпарат
алмасуына мүмкіндік ашып берді. Бұл сияқты желіде жекелеген
компьютерді пайдаланушылар өзара файлдары мен хабарламаларымен
алмасуға желілік принтерді және де басқа да перифери-йлік
құрылғылармен , әсіресе, ақпараттарды қолдана отырып, дербес
компьютер желісінде бар іріктеліп, екшелген ақпараттармен пайдалануға
мүмкіндік ала алады. Өзара байланысты компьютерлерді әр түрлі
көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бір жағынан, компьютерлерді
біріктіру дегеніміз бұл- компьютерлік желі болып табылады. Екінші
жағынан – бұл кеңістікте ақпарат берудің, адамдардың қарым-қатынас
жасау құралы деген сөз. Міне нақтылы осы құрылғының арқасында,
компьютерлік желілер көбіне-көп жағдайларда телекоммуникация
желілері деп аталып жүр. Жергілікті және глобалды телекоммуникациялық
желілер деген бар. Заң бойынша, жергілікті деп, аудан, қала, ел
көлеміндегі бір ғана ғимараттың ішіндегі бір ұйым, мекеменің
компьютерлерін байланыстыратын желіні атайды. Басқаша сөзбен айтар
болсақ, көбінесе жергілікті деп, кеңістік жағынан шектелген желі
аталады. Жергілікті желілер білім беру жүйесінде де таралған.
Мектептердің, жоғары оқу орындарының және басқа да білім беру
мекемелерінің көпшілінінде жергілікті желімен жұмыс істейтін
компьютерлер бар. Сонымен қатар, қазіргі заманғы технологиялар әр
түрлі ғимараттың ішіндегі компьютерлерді ғана емес, сондай-ақ түрлі
әр түрлі континенттердегі жекелеген компьютерлерді байланыстыруға
мүмкіндік береді. Түрлі елдерде болуына қарамастан, филиалдары бір
ғана компьютердің жергілікті желісіне жалғанған оқу орындарының
болатындығы кездейсоқтық емес. Оның үстіне, жергілікті желілер білім
беру саласында бар жергілікті желілерден хабар беретін әр түрлі оқу
орындарының компьютерлерін де біріктіре алады. Жергілікті желілерге
қарағанда глобалды желілер кеңістіктік шектеушілікке бағынбайды.
Глобалды желіге кез-келген компьютер қосыла алады. Кез-келген адам
осы желіге орналасқан ақпаратпен қатынас орнатуға мүмкіндік ала
алады. Глобалды телекоммуникацияның барынша көп тарағандығының мысалы
Интернет желі болып табылады. Интернет жалғыз ғана телекоммуникаци-
ялық желі емес. Одан басқа Fido немесе Sprint желілері де бар.
Осылайша, мектептердің көпшілігі мен жоғарғы оқу орындары жергілікті
желімен де, глобалды желімен де жұмыс істей береді. Негізінен алғанда
жергілікті және глобалды желі деген түсініктің өзі де біржақты
екендігін түсінген абзал. Сонымен, мәселен, білім беру жүйесінің
телекоммуникациялық желісі бір жағынан, денсаулық қорғау, қорғаныс,
өнер немесе мәдениет жүйесіндегі ұйымдарындағы коомпьютерлерді
қамтымайтындығы тұрғысынан алғанда, жергілікті де, екінші жағынан,
мұндай желі түрліше континенттерде орналасқан білім беру жүйесі
мекмелерінің компьютерлерін қамти алады және осы жағынан алғанда,
мұны толықтай алғанда глобалды деп есептеуге де болады.
Текоммуникациялық желілерді адам өмірінің барлық салаларына енгізу
кеңінен сипат алып отырғанын білім беру саласынан жиі көреміз. Мұның
өзі интернет глобалды желісінің пайда болуымен тығыз байланысты.
Білім беру саласында телекоммуникациялық желілерді пайдалану,
негізгілері мына төмендегідей болып табылатын жаңа мүмкіндіктерге жол
ашады:
- оқу-әдістемелік ақпараттарымен қатынас орнатуды кеңейту;
- оқушылардың қарым-қатынастық машықтарын, байланыс жасау
мәдениетін, ақпарат іздеуді меңгеруін қалыптастыру;
- шұғыл түрдегі ақыл-кеңес беру арқылы көмек көрсетушілік;
- білім беруді дербестендіру, өз бетінше жұмыс істеуге арналған
қорларды дамыту;
- нақтылы уақыт ішінде виртуалды түрдегі оқу сабақтарын
(семинарлар, лекциялар) өткізуді қамтамасыз ету;
- қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;
- біріккен зерттеу жобаларын ұйымдастыру;
- ғылыми-зерттеу қызметін модельдеу;
- күрделі және қауіпті нысандарды модельдеу, қатынас орнату;
- педагогтардың желілік бірлестігін қалыптастыру;
- оқушылардың желілік бірлестігін қалыптастыру;
- оқып үйренушілер санасында сыни тұрғыда ойлауды, іздеу машықтары
мен қажетті және дұрыс ақпараттарды іріктей білуге қол жеткізу.
Білім беруде пайдаланылатын телекоммуникациялық құралдар,
телекоммуникациялық желілерде ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін
білім берудің ақпараттар құралы болып табылады. Білім беру жұмысында
телекоммуникация құралдары мен қорларды пайдалану, электрондық почта,
телеконференция, жойылған қатынасты ақпаратқа қайта орнату сияқты
қоғамдық телекоммуникациялық сервистерге енгізіліп отыр. Әлемдік,
ресейлік және қазақстандық ақпараттық Интернет-қорлардың көптүрлілігі
глобалды телекоммуникациялық желілердің аса үлкен ағартушылық қуат-
күшке ие екендігінің айғағы. Педагогтар мен білім алушы шәкірттер
үшін бірдей қажетті білім беруші электрондық басылымдар мен қорлар
саналатын гипермәтіндер ең жақсы технология. Ақпараттарды
гипермәтіндік түрде түсінудің астарында айқындалған мәтіндік
көріністердің бір түрінен екінші түріне ауысып отыру арқылы мәтінді
дәстүрлі түрде ұғыну түсінігі жатыр. Осыдан келіп, гипермәтін немесе
линейлі емес деп аталатын жүйе келіп шығады. Гипермәтіндік жүйені
компьютерлендірудегі негізгі идея, гипермәтіндік мақалалардың
сақталып отыруы мен олардың өзара алмасып отыруының қамтамасыз етілуі
болып табылады. Алайда, гипермәтін әрқашан да компьютермен және
сәйкес түрдегі авттоматтандыру технологияларымен тығыз байланысты
болып отырады. Гипермәтінді кеңінен қолдану, оқу, сондай-ақ,
кәсіптік білім беруде де көптеген артықшылықтарға ие. Олардың
қатарында:
- гипермәтіннің автоматтандырылған жүйеде оқытудағы мүмкіндігі,
көптеген элементтер тобын ғана емес, ақпарат беру жүйесінің
артықшылықтарын да қарастыруға мүмкіндік береді.;
- жаңалықтың ауқымды қорларда ұсынылуы. Көлеміне қарамастан,
гипермәтіндік жүйе қажетті деген ақпараттарға қол жеткізуге, нақтылы
пайдаланушының есебінен құрылатын іздеу стратегиясын ұсынуға
мүмкіндік туғыза алады.
- Гипермәтін әрбір аспектінің немесе ұғымның байланыстары жайын
білдіре алатын болғандықтан, интеллектуалдық қызметті көтермелеуді
қамтамасыз ету;
- Пайдаланушының гипермәтіндік жүйені қолдануына шектеудің қойылмауы,
және пайдаланушы қызметінің гипермәтіндік жүйеге бағытталуы;
- Ақпараттар семантикалық талаптар бойынша ұйымдастрылуы, мұның өзі
ообъективті ақпараттық ортаның артықшылықтарына байланысты туындап
жатады.
- Осы жоғарыда аталған қасиеттер гипермәтінді қай салада қолданылып
отырғанына қарамастан, әмбебап технология ете түседі. Бірақ, мұндай
ақпараттық жүйелердің оқу процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыру
мәселелеріне қатысты тұрғыда алғанда, өзіндік ерекшеліктері де жоқ
емес. Мына төменде көрсетілгендей, педагогикалық аспектілер туралы
әңгіме етудің де маңызы аса зор:
- гипермәтін принципімен құрылған метариалды үйрену қабылдау
материалды игеру мен негізгі мазмұнның есте қалуына аса оңтайлы,
ыңғайлы;
- практикалық сабақтарда қолданылып жүрген гипермәтін, білім алушыларға
түрлі мүмкіндіктерге ие, сондай-ақ, өз тарапынан жасалатын жұмыстар
мен білім алушылардың белсенді іс-қимыл жасауына динамикалық жүйе
дарытады;
- гипермәтінмен жұмыс істеу білім алушылардың интеллектуалдық дәрежесін
көтереді;
- Ақпараттарды гипермәтіндік ұғымдарға негізделген жұмыстар түрінде
оқыту, білім алушылардың түрліше ақпараттардан және оларды түрлі
нұсқада қолдана білуден хабардар болуы;
- Гипермәтінді пайдалана отырып, материалды игерту, білім алушылар
санасында оқып оотырған дүниелері жайлы нақты ұғымның қалыптасуына
мүмкіндік ашады;
- Гипермәтін оқу прцесінде компьютерлік және телекоммуникациялық
техниканың енгізілуіне мүмкіндік беретін практикалық құрал болып
табылады.
- Ал енді гипермәтінге кеңінен тоқталайық. Гипермәтіннің негізгі
компоненті оның зімен тұрғылас мақаласындағы нақтылы мәтін мен
сілтемелер тізімі тақырыбына құрылған бас тақырыпшадан тұратын
анықтамалық немесе ақпараттық мақала болып табылады. пайдалану
ыңғайлылығына қарай, гипермәтін әліпбилік көрсеткішпен жасақталған да
болады. Ақпараттық мақала мақалада бейнеленіп отырған нысанның аты
мен заты болып табылатын бас тақырыптан тұруы керек.мақалалардың өзі
тез оқылатын, бір қарап көз жүгірткеннің өзінде оны әрі қарай
жалғасырып оқуға қызықтырып тұратындай не болмаса ол тұрғылас өзге
материалдармен танысып өтіп кетудің қайсысы дұрыс екендігін сілтей
алатындай бьлуы шарт. Басты мазмұндық жүк көтеріп тұрған мақаланың
негізгі элементі мәтін болып табылады. Хабарламалық мақаланың мәтіні
ұғыммәнін айқындайтын мысал, дәлел, айғақ, салыстыру, бағалаулар
сияқты формадағы түсініктермен толыққан болуы да мүмкін. Мәтінді тез
көзжүгіртіп оқып шығу, егер, осы сияқты көмекші ақпарат
негізгілерінен, басты деген ақпарат түрлеріне қарағанда тез көзге
түсетіндей болса, тез қабылданады. Мысалы, ол аса кішкентай
әріптермен басылған немесе негізгі хабарламадан айтарлықтай оң жаққа
бейімделіп бөлек абзацта жазылған болуы мүмкін. Мұнан басқа, қазіргі
заманғы компьютерлік құралдарды гипермәтінді ұйымдастыруға пайдалану,
оны жасаушыларға ағартушылық сипаттағы электрондық басылымдар мен
қорларды қолдануға мүмкіндік береді. Оқыту ісіндегі электрондық
басылымдар мен қорлар гиперсілтеме ретінде мына сияқты түрде
қолданылады:
- терминдер мен ұғымдар сөздіктеріне арналған сілтемелер;
- дербес жайларға (портеттер мен қысқаша библиографиялық мәліметтер)
арналған сілтемелер;
- Статистикалық иллюстрацияларға сілтемелер (бейнелеу және шартты-
графикалық);
- Мультимедиялық элементтерге арналған сілтемелер (анимациялық
көріністер, аудиожазбалар мен бейнекөріністер);
- Хрестоматиялық немесе қосымша материалдарға сілтеме;
- Мәтіннің құрылымдық элементтеріне сілтеме (бөлімдерге бөлу,
тақырыптың нөмірі, пункті мен подпункті, бекітуге арналған сұрақтар
тізімі немесе жазылып қойылған ауызша және т.б. тізімі);
- Монографиялар, оқу және ғылыми әдебиеттеріне сілтеме (тақырыптың
немесе бүкіл курстың соңында келтіріледі);
- Жағрафиялық атаулар тізіміне сілтеме;
- Интернет желісінің ақпараттық қорларына сілтеме. Білім беруші
электрондық басылымдар мен қорлар түрінде тек қана сөздер емес,
сондай-ақ, сөз тіркестері мен сандар, графикалық элементтер де
қолданыла береді. Электрондық құжаттарда гипермәтін құжат беттерінің
активті элементтері болып табылады, яғни пайдаланушы өз іпайдаланып
отырған гипермәтіннің көмегімен басқа бір құжат үшін жергілікті
компьютердегі немесе Интернет желісіндегі қордың ішіне кіре алады.
Оқытудағы электрондық басылымдар мен қорлардың мазмұнын реттеуде,
гипермәтінді жасау мен жаңалықтарды ұйымдастырудың тмендегідей
талаптарын айқындауға болады:
- гипермәтіндерде олардың қайда бағытталып отырғандығы туралы толықтай
ақпарат болуы тиіс және олар нақты белгіленуі қажет;
- гиперсілтемелердің әр қадамының әрбір үзігінде айқын логикалық
шарттылық болуы керек;
- әрбір блімде (тақырыпта), параграф пен подпараграфта тақырыптың
басына, бөлімдеріне оралу арқылы, параграф мен подпараграфқа, пункт
пен подпунктке өте алатындай, сілтемелер көрсеткіштері болуы тиіс.
Сілтемелер мәтінде гипермәтіндік оқытудағы электрондық басылым
мен сөздердің арасындағы байланыстар құрылымына жауап бере аларлықтай
жасаушының ой-пайымына қарай қойылады. Негізінен алғанда, бұл сияқты
ретпен сілтемелерді орналастыру, бір ортақ үлгідегі бейнелеуге
бейім еместігі байқалады. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып,
гипермәтінді термин- сөздерді жинастыру ретінде ұғынуға да болады.
Ғылыми әдебиеттерге жасалған анализ, бұл сияқты жүйелердің (ұғым-
байланыстардың) ғылымда тезаурус деп аталатынын көрсетеді. Осылайша,
гипермәтін үшін, гипермәтіннің негізгі бөлігі болып табылатын,
мәліметтерді жүйелеу мен іздеуге арнап қызмет ететін тезаурус ұғымын
енгізуге болады. Тезаурус ретінде гипермәтінде ақпараттық
(тезаурустық) мақалалардың бірлігі қызмет ете алады. Олардың
әрқайсысы бас тақырыпқа және ұқсас тезаурустық мақалалардың
ұқсастығын көрсететін бас тақырыпшасының тізіміне ие. Нысанның
астарында пән, жүйе, процесс немесе қатынас жатады. Нысанның кез-
келген түрі осы атауға сәйкес келетін гипермәтінде көпшіліктің
(кластың ) атауы түрінде беріледі. Алайда, көптеген белгілі
тезаурустар бір ғана сөзден тұратын ұғым-терминдердің жиынтығына
негізделіп жасалады. Гипермәтіндерді қолдану, хабарламалық мақалалар
мен сілтемелерге арналған қосымша нысан атауларын теріске
шығармайды. Оның үстіне, көп жағдайда, мақаланың немесе сілтеменің
атауы ретінде , мағынасы жағынан аяқталған сөйлемдер алына береді.
Осылайша, гипермәтіннің тезаурусы қарапайым ғана емес, сонымен
қатар, нысанның күрделі атауларына да ие бола алады. Айтулы деген
гипермәтіннің жалпы мағынасы толыққандылық пен концептуалды
шектелушіліктің талаптарына жауап берерліктей дәрежеде индекстелген
болуы тиіс. Негізінен алғанда, гипермәтіннің құрылу принциптері
әлдеқашан айқандалып қойған. Олардың өзі үшеу – жалпымәнділік
принципі, объектографика принципі және өмірлік цикл принципі.
Жалпы мәнділік принципі – гипермәтіннің анықтамалық мақалалары
қалыптасатын қрдағы негіз қалаушы принцип болып табылады. Осы
принципке орай, ақпараттық (хабарламалық) мақаланы барлық
нысандармен салыстырғанда, мақаланың бас тақырыбына сәйкесетіндей тек
қана спецификалық талдауларға қатысты алғанда қосуға болады. Аталып
отырған бас тақырыпқа тән емес жалпы ой-пікірлер мақалада барынша кең
түрдегі туыстық тақырыпта байланысуы тиіс. Аталып отырған принцип
адамның ойлау қызметі мен психологиялық ерекшеліктері тұрғысынан
қалыптаса алады, оның себебі, адам есінің әдеттегі логикасы
ағымдағы алып отырған тақырыбынан аттап кетіп отырған маманнан
жалпы алғанда, алда мейлінше кеңірек, ауқымдырақ ақпрат ала алатын
нәтиже күтетініндей етіп құрылған. Ал объектография принципінің мәні
мынаған келіп саяды: гипермәтінде ақпарат библиографиялық принциптер
негізінде емес, түрліше құралған нысандарды беру бірлігі негізінде
жүйеленеді.Осыған байланысты, ақпараттық мақаладағы бейнелеу
нысанасы болып табылатын, нақтылы бір нысанға немесе нысан класына
қатысты сақтау бірлігі әр түрлі құжаттар мен түпнұсқалардан алынған
ақпарат болып табылады. Өмірлік цикл принципі кез-келген нысан үшін ,
өзінің пайда болуынан бастап, жойылуы аралы-ғындағы нысан қатыса
алатындай, прооцестердің жиынтығынан тұру тән екендігін көрсетеді.
Дәстүрлі оқу әдебиеттерінде өмірлік циклдар туралы мәліметтер
әдетте, мәтіннің өн бойында көрініп, түрліше блімдер мен
параграфтарға келіп түседі. Сол себепті, кейбір нысандардың өмір
сүруі кезеңдері туралы айқын мәлімдемелер қатары ұшырасып отырады,
әрі осы тақырыптың арналған ақпараттардың мол ағынын көруге болады.
Көбінесе, өмірлік циклдің фазалары басылымда мүлде болауы да кездесіп
отырады, мәне сол кезде, нысанның өмір сүруінің жалпы көрінісі
эмпирикалық түрде жасалады, ал жетіспей жатқан мәліметтер нақтылы
бірнеше жылдардың көлемінде алына алады. Гипермәтін ақпарат туралы
түсініктердің ең жоғары тұратын әрі барынша әмбебап деңгейі емес,
оның үстіне ақпаратты ұйымдастырудың өзі жалғыз ғана тип - мәтіндік
типтің құрылымына қоса байланып қалмайды. Гипермәтін өзара ұқсас
мақалалар мен сөздер арасындағы ақпараттық мақалалардың қайсыбір
мағыналық құрылымына негізделіп жасалып отырады. Ұқсас тақырыптағы
сөздердің тізімі жергілікті анықтамалық құрылғының бар екендігін
білдіреді. Бұл сілтемелер қатарына көп жағдайда, мақалалардың және
түрлік жағынан ұқсас бас тақырыптары, сондай-ақ қатысушылар жайлы
мәліметтері бар мақалалары екшелген мате-риалдар енгізіле алады.
Алайда гипермәтінәрқашан да тек қана компью-термен ғана байланысты
болды деу артық. Сондай-ақ, қол гипер-мәтіні де кездеседі. Бұл
кәртішкілерді дәстүрлі түрде пайдалану болып табылады. Мұндай
кәртішкілерді нөмірлеуге, өзара сілтемелермен толықтыруға болады.
Бұл сияқты кәртішкелердің ыңғайлылығы сонда, бұлар өздерінің
кішкентай болуына қарамастан, жазбаларды өзінен де кішкентай
бөліктерге бөле алады. Соның арқасында, пайдаланушы ақпараттардың
ретіне қарай, байланыс жүйесін өзгерте отырып, картотеканы оп-оңай
ғана түрде қайта жасай алады. Телекоммуникацияның енгізілуі мен
ақпараттық технологияларды үздіксіз түрде пайдаланып отырудың өзі,
білім беру саласында неғұрлым алдыңғы қатарлы ақпараттық құралдарын –
гипермедия жүйесінің жасалуына алып келді. Қазірдің өзінде
гипермәтін немесе гипермедия деп, құрамына сан түрлі типтегі
құрылымдық ақпараттар кіретін гипермәтінді атаймыз. Қазіргі кезде,
әрбіреуі өзара байланысты болып келетін мәтіні, суреттері,
бейнекөріністері гипермедия-жүйесі болып табылатын электрондық
мультимедиялық энциклопедиялары, анықтамалары мен оқу құралдары жоқ
білім саласын табудың өзі іс жүзінде мүмкін емес. Бұл сияқты
оқулықтардың бірсыпырасын Интернеттен сайт түрінде кездестіруге
болады. Осылайша, қазірге дейін пайда болған гипермәтін мен
гипермедиа технологиясы негізінде құрылған электрондық басылымдар мен
қорлардың көпшілігі туралы, ақпараттандырудың құралы ретінде айтудың
жөні келіп тұрғаны да шындық.
1.2. Компьютерлік желілердің жіктелуі
Желілердің түрлері мен типтері
Есептеуіш желілері компьютерлік ақпараттық технологиялардың
ары қарай дамуы болып табылады. Қазір есептеуіш желілеріне
миллиондаған компьютерлер қосылған. Компьютерлік желілерді барлық
жерден кездестіруге болады: үлкен-кіші мектептерде, жоғарғы оқу
орындарында, мекемелерде және т.б. Желінің басты мақсаты – бұл
ақпаратпен бірігіп жұмыс жасау, яғни тасымалдау, айырбастау, өңдеу,
т.с.с. Желілердің екі түрі бар:
1. Жергілікті есептеуіш желісі - локальня вычислительная сеть (ЛВС) –
Local Area Network (LAN);
2. Жалпы есептеуіш желісі– глобальная вычислительная сеть (ГВС) - Wide
Area Network (WAN).
Жергілікті есептеуіш желілері
Алғашқы компьютерлік желілер шағын, он компьютерге дейін және бір
принтермен біріктірілді. Технология желілер өлшеміне, сонымен қатар
желідегі компьютерлер санына және оның физикалық ұзындығына шектеу
қойды. 1980 жылдардың басында ең танымал желілер түрі 30
компьютерлерден тұрды және оның кабелінің ұзындығы 185 м (600 футтан)
аспады. Мұндай желілер үлкен мекеменің бір қабатында немесе шағын
ұйымдарда болды. Қазіргі кездің өзінде кішкентай фирмаларға осындай
желілерді пайдаланады. Бұл желілер жергілікті есептеуіш желілері
(ЛВС-LAN) деп аталады.
Жалпы есептеуіш желілері
Жергілікті желілердің алғашқы түрлері ірі кәсіпорындарды, әр жерлерде
орналасқан мекемелерді қанағаттандырмады. Кейінірек, компьютерлік
желілердің басымдылығынан және желілік бағдарламалардың кеңінен пайда
болуынан желілерді кеңейту негізгі мақсатқа айналды. Жергілікті
желілер негізінде алдыңғыға қарағанда ірі жүйелер пайда болды.
Әртүрлі қалалар мен мемлекеттегі қолданушыларды біріктіруде
жергілікті желілердің өсуінен, ондаған компьютерден бірнеше мыңдаған
компьютерлердің бірігуі арқасында жалпы есептеуіш желілері (ГВС -
WAN) пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мекемелер осы желілер
ортасында өте қажетті мәліметтерін сақтап және оларды бірге
пайдаланады.
Ауқымды желілер - бұл хаттама жиынтығының бiртұтас байланысы
үшiн пайдаланылатын желiлердiң, шлюздердiң, серверлер және
компьютерлердiң бүкiләлемдiк бiрiгуi.
Ауқымды желілер - ақпараттар мен ресурстарға кең ауқымды
пайдалануға мүмкiндiк бередi. Сiз үйiңiзбен офистен шықпай-ақ,
сонымен қатар Ирландияға, Австралияға және де басқа мемлекеттерге
саяхат жасай аласыз. Интернетте университеттерден, үкiметтiк және
әскери ұйымдардан немесе кiтапханалардан алынған ақпараттардың мол
қоры жинақталған. Интернет желiсiн алғашқы дүниеге келтiрген АҚШ
қорғаныс министрлiгiнiң ARPANET (Advanced Research Projects Agency
Network) жүйесi болып саналады. Бұл жүйе коммутациялық пакет үшiн,
тест ретiнде құрылған. ARPANET-те қолданып келе жатқан TCPIP
хаттамасы, бүгiнде интернетте пайдаланылады. Соңғы жылдары Интернеттi
зерттеу қызығушылығы коммерциялық болып өзгердi. Бизнесте және
күнделiктi өмiрде Интернетпен ай сайын мыңдаған қолданушылар
хабарласады. Адамдар оның ресурстарын меңгерiп, ал компаниялар
өздерiнiң жарнамаларын және өз өнiмдерiн сатуда жаңаша жол табады.
Интернет арқылы сiз де ұйымдастырушы болып, желiлiк өнiмдер,
технологиялар жайында және де өз мәселеңiздi шешуге хабарлама ала
аласыз. Сiз бұдан спорттық, саяси жаңалықтарды, ауа райы және нарық
жағдайы туралы ақпараттар табасыз. Интернет почтасымен байланысып,
барлық тақырыптарды қамтитын, өзiңiзге керектi хабарламалар,
каталогтар мен форумдар туралы бiле аласыз.
Ауқымды желілердің қызметi
Бүгiн Интернеттiң дамуы өте зор, бiрақ қолданушылар оның
қызметiнiң жиынтығын өз қалауынша сараптайды. Көбiнесе кең
қолданылатын Интернет қызметтерiне мыналар жатады:
• World Wide Web;
• File Transfer Protocol (FTP) серверлерi;
• Жаңалықтар;
• Gopher;
• Telnet.
World Wide Web
World Wide Web (бүкiләлемдiк өрмек) - бұл Интернеттiң
мультимедиялық қызметi, онда HTML (Hyper Text Markup Language-
гипермәтiндiк құжаттарды дайындау тiлi) тiлiнде құрылған көлемдi
гипермәтiндiк құжаттар сақталған. Гипермәтiн - бұл мәтiндi елестету
әдiсi, бейне, дыбыс және көрiнiс барлығы бiр-бiрiмен қосалқы
ассоциативтi желi арқылы байланысқан. Гипермәтiн форматы
қолданушыларға мәтiндi кез келген ретте қарастыруға мүмкiндiк бередi.
Одан басқа Интернетке саяхат жасауға көмектесетiн хаттамалар да бар,
яғни ресурсты тауып, оны бiр компьютерден екiншiге жолдауға болады.
File Transfer Protocol (FTP) - бұл файлды және құжатты
жiберу мүмкiндiгi бар хаттама. Онда желiмен жұмыс iстеу әдiсiнiң бiрi
ретiнде жинақтайтын FTP-серверлерi болады. Мұндай файлдарға тiкелей
байланысуға болмайды, тек FTP-серверлерiнен локальды серверге көшiру
арқылы iске асырылады. FTP - бұл файлды TCPIP - ортаға жiберу
программасы. Ол OSI қолданбалы моделiнде жасалған. FTP -
компьютерлер арасында файлдарды жiберу хаттамаларының iшiндегi ең көп
қолданылатын хаттама. Ол мәтiндiк, сол сияқты екiлiк файлды да
жiберуге мүмкiндiк бередi.
Жаңалықтар
Network News Transfer Protocol (NNTP – жаңалықтарды тасымалдайтын
желілік хаттама) – кең аумаққа таратуда арнайы жасалынған Интернеттiң
стандартты хаттамасы. USENET – NNTP қолданудағы бiр бөлшегi. Бұл
жерде жарнама тақтасы, әңгiме мен жаңалықтар бар. Network News өзiнiң
бес мыңнан астам жүйедегi конференциясын ұсынады. Олар жаңалықтар
тобы деп аталып, жылына 365 күн, тәулiгiне 24 сағат жұмыс iстейдi.
Конференциямен жұмыс жасау үшiн Интернеттен арнайы бағдарламаны жазып
алу қажет. Көптеген коммерциялық броузерлерде, сонымен қатар
Microsoft Internet Explorer-де бұл бағдарламалар орнатылған. Network
News пен e-mail арасындағы айырмашылық, ол Network News-те жаңалық
тобы мен конференция тобындағы араласу жалпы түрде жүредi. Network
News әрдайым барлық жаңа жаңалықтар мен жаңа мақалаларды ұсына
отырып, өте тез жылдамдықпен жұмыс iстейдi.
Gopher
FTP файлдарды тасымалдауда жақсы қызмет атқарады, бiрақ бұл
хаттамада көптеген компьютерлерге таратылған файлдармен жұмыс iстеуге
арналған құралдар жоқ. Сондықтан да сондай файлдардың тасымалдау
жұмысын атқаратын Gopher жүйесi құрылды. Gopher жүйесiнiң мәзiрi
арқылы қорлар тiзiмiн көрiп қана қоймай, керек материалдардың қай
жерде орналасқанын бiлмей-ақ, ол материалдарды бiрден қабылдай
аласыз. Gopher – FTP пен Telnet бағдарламалары сияқты жалпылама көру
жүйесiнiң бiрi. Интернетте бұл кең таралған.
Telnet – Интернеттiң алғашқы хаттамаларының бiрi. Оны
Интернеттiң өшiрiлген терминал хосты ретiнде пайдалануға болады.
Интернеттiң хост-компьютерiмен байланыс кезiнде Сiздiң
компьютерiңiздiң пернетақтасы мен дисплейi өшiрiлген компьютерге
қосылған секiлдi жұмыс iстейдi. Сондықтан да жер шарының кез-келген
жерiнде отырып-ақ, бағдарламаларыңызды қоса аласыз.
Барлық желілердің кейбір бөліктері, функциялары және
мінездемелері ортақ болып келеді. Олардың құрамында:
• Серверлер (servers) – бұл өз ресурстарын (қорларын) желілік
қолданушыларға ұсынатын компьютерлер;
• Клиенттер (clients) – серверлер ұсынатын желілік қорларды
пайдаланатын компьютерлер;
• Тасымалдау ортасы (media) – компьютерлерді біріктіру ортасы;
• Бірігіп қолданатын мәліметтер – серверлердің желі бойынша ұсынатын
файлдары;
• Бірігіп қолданылатын қосалқы құрылғылар, мысалы, принтерлер, CD ROM
кітапханасы және т.б. – серверлердің ұсынатын қорлары (ресурстары);
• Қорлар (ресурстар) – желіде қолданылатын қосалқы құрылғылар мен басқа
да элементтер, файлдар.
Жоғарыда айтылған ұқсастықтарына қарамастан желілердің екі типі бар:
1. Біррангілік (одноранговая – peer-to-peer);
2. Сервердің негізінде (на основе сервера - server based).
Екі желінің айырмашылығы – олардың мүмкіндіктеріне байланысты.
Желінің типін көптеген факторларына байланысты таңдауға болады:
• мекеменің өлшеміне;
• қауіпсіздік жағдайына;
• жұмыс түріне;
• жұмыс орнының жауаптылығына;
• желілік аумақтың көлеміне;
• желілік қолданушылардың қажеттілігіне;
• қаражат мүмкіндігіне.
Біррангілі желілер
Біррангілі желілерде барлық компьютерлер тең құқылы, яғни олардың
арасында жеке алынған компьютер немесе белгіленген сервер (dedicated)
жоқ. Бұл жағдайда әр компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де
қаралады. Басқаша айтқанда барлық желі үшін жауап беретін арнайы бір
компьютер жоқ. Қолданушылар компьютерлеріндегі қай мәліметтерді желі
бойынша пайдалану керектігін өздері шешеді. Біррангілі желілерде
көбінесе 10 компьютерден артық бірікпейді. Бұл желілердің тағы
басқаша атауы бар, ол – жұмысшылар тобы (workgroup), яғни шағын
қолданушылар ұжымы.
Сервердің негізіндегі желілер
Біррангілі желілердегі компьютерлер клиент немесе сервер қызметін
атқаратын болғандықтан оннан көп қолданушылар біріккен жағдайда бұл
желіге берілген жұмыстың көлемін біррангілі желідегі қолданушылар
басқара алмауы мүмкін. Сондықтан көп жағдайда желілердің басқа түрін
қолданады. Олар белгіленген сервердің негізінде жұмыс істейді.
Белгіленген сервер, бұл – клиент ретінде немесе жұмыс станциясы
ретінде қолданылмай, тек сервер ретінде ғана қолданылады. Желілердің
бұл түрі желідегі клиенттердің сұранысын тез өңдеп, құжаттары мен
бумаларын сақтауды жоғарылатады. Желілердің өлшемінің желілік график
көлемінің өсуіне байланысты серверлердің де саны өседі. Бірнеше
серверлердің болуы, ол әрқайсысына берілген тапсырмалардың тиімді
орындалауын қамтамасыз етеді. Әрбір сервердің алдына қойылған
тапсырмаларды орындау әртүрлі қиындық туғызады. Серверлерді
қолданушылардың қазіргі талаптарына сәйкес болу үшін үлкен желілерде
олардың әрқайсысын серверлердің түріне арнайды. Мысалы, Windows NT
желісінде әртүрлі серверлер жұмыс істеуі мүмкін:
• Файлдар мен басып шығару сервері – бұл серверлер қолданушылардың
файл және принтерлермен қатынасын басқарады;
• Қосымшалар (приложения) сервері – бұл жерде клиент-серверлер
қосымшаларының қолданбалы бөлігі орындалады, сонымен қатар
клиенттерге қажетті мәліметтер орналасады;
• Почталық сервер – желідегі қолданушылар арасында электронды почта
ақпараттарын тасымалдауды басқарады;
• Факс сервер – бір немесе бірнеше факс модемдердегі кіріс және шығыс
факстық ақпараттарды реттейді;
• Коммуникациялық серверлер - өз желісі мен басқа желі арасындағы модем
мен телефон желісі арқылы өтетін мәліметтер мен почталық ақпараттарды
басқарады;
• Каталогтардың қызмет сервері – қолданушыларға қажет серверлер туралы
мәліметтер орналасады, желіде ақпараттарды сақтауға және қорғауға
көмектеседі. Windows NT Server компьютерлерді логикалық топта –
доменде (domains) біріктіреді, яғни әр қолданушыға желі қорларымен
жұмыс істеуде әртүрлі (бірдей емес) мүмкіндіктер береді.
Аралас желілер
Біррангілік және сервер негізіндегі желілердің жақсы сапаларынан
құрылған желілердің аралас түрі бар. Көптеген қолданушылардың айтуы
бойынша осы аралас желілер жұмыс істеуде қазіргі талаптарды
қанағаттандырады. Аралас желілер – желілердің кең тараған түрі.
Желілер топологиясы
Топология (topology) термині немесе желілер топологиясы
компьютерлердің, кабельдер мен басқа да желі құрылғыларының физикалық
үйлесуін (компоновка) білдіреді. Топология желілердің базалық
схемасын суреттейтін стандартты термин. Сонымен қатар топология
желідегі компьютерлердің қатынасын анықтайды. Бұл терминнен басқа
желілердің физикалық үйлесуін білдіретін мынадай ұғымдар бар:
• Физикалық орналасу;
• Үйлесу;
• Диаграмма;
• Схема.
Барлық желілер үш базалық топология негізінде құрылады. Олар:
- шина (шина - bus);
- жұлдыз (звезда - star);
- сақина (кольцо - ring).
Егер компьютерлер бір кабельге (сегментке- segment) бойлай
қосылған болса, онда топология шина деп аталады. Ал, егер
компьютерлер бір нүктеден шығатын кабель сегментіне (концентратор-
hub) қосылса, ол топология жұлдызша деп аталады. Егер кабельге
қосылған компьютерлер сақина болып шоғырланған болса, онда ол
топология сақина тәрізді деп аталады.
Базалық топологиялардың өзі негізінде қиындық туғызбайды, бірақ
практикада осы топологиялардың кейбір қасиеттері мен орналасуынан
құрылған қиын түрі аралас топология деп аталады.
Шина топологиясын көбінесе сызықтық шина (linear bus) деп
атайды. Мұнда барлық компьютерлер қосылған магистраль немесе сегмент
деп аталатын бір ғана кабель қолданылады. Бұл топология ең қарапайым
және желілер арасында кеңінен тараған түрі болып табылады. Шиналы
топологиялық желіде компьютерлер мәліметтерді электрлік сигнал
ретінде кабель арқылы белгілі бір компьютерге жібереді. Шиналы
топологиядағы компьютерлер қатынасын білуде мына ұғымдар кездеседі:
-сигналдың берілуі – мәліметтер желінің барлық компьютерлеріне
электрондық сигналдар түрінде беріледі, бірақ ақпаратты осы сигналға
сәйкес алу адресі бар компьютерлер қабылдайды;
-сигналдың таралуы – электрондық сигналдар бір кабельдің соңынан
келесі кабельге таралады, кейде сигналдар кабельдің соңына дейін
таралуда кейбір компьютерлердің ақпараттарына бөгет болуы мүмкін;
-терминатор – электрлік сигналдарды тарату үшін әрбір кабельдің
соңына осы сигналдарды қабылдап тұратын терминаторлар (terminators)
орнатылады.
Шина - бәсеңдеу (пассивный) топология. Яғни, мұнда компьютерлер
желілер арқылы берілетін мәліметтерді жіберушіден алушыға қарай
орналастырмай, тек тыңдайды. Сондықтан егер желіден (қатардан)
компьютерлердің біреуі шығып кетсе, желілер жұмысы ілгері
қайтарылмайды. Ал, белсенді (активный) топологияда компьютерлер
сигналдарды реттеп, оны қайтадан желі бойынша жалғастырып жібереді.
Жұлдыз тәрізді топологияда барлық компьютерлер кабель
сегменттерінің көмегімен ортақ құрылғы – концентраторға (hub)
қосылады. Мәлімет берілетін компьютерден сигналдар концентратор
арқылы басқаларына таратылады. Бұл топологияда желілерге қосылу
компьютерлердің барлығына бірдей. Егер де ортақ құрылғы желіден шығып
кетсе, онда барлық желінің жұмысы тоқтатылады. Ал, ортақ құрылғыдан
бір ғана компьютер шығып кетсе, бұл жағдайда қалған компьютерлер өз
жұмыстарын жалғастыра береді.
Сақина тәрізді топологияда компьютерлер кабельге дөңгеленіп
(шоғырланып) орналасады. Сондықтанда кабельдің терминатор қоятын бос
орны болмайды. Сигналдар бір бағытпен сақина бойында әр компьютерге
беріліп отырады. Бұл топологияда егер бір компьютер желіден
(қатардан) шықса, онда бүкіл желінің жұмысы тоқтатылады.
Аралас топологиялар
Қазіргі кезде компьютерлерді желіге қосуда аралас топологиялар
кеңінен қолданылып жүр. Бұл топология шина , жұлдыз және сақина
тәріздес топологиялардың кейбір орналасу тәртібімен бірігіп құрылған.
Жұлдыз – шина (star - bus) топологиясы шина мен жұлдыз
топологиясының бірігуімен құрылған. Мұнда жұлдыз топологиясынан
бірнеше желілер сызықтық шина магистралының көмегімен біріккен.
Жұлдыз - сақина (star - ring) топологиясының жұлдыз-шина
топологиясына аздап ұқсастығы бар. Алдыңғы және осы топологияда да
компьютерлер концентраторға қосылады. Екі топологияның айырмашылығы
жұлдыз-шина топологиясында концентраторлар сызықтық шина
магистралына бірігеді, ал жұлдыз-сақина топологиясында барлық
концентраторлар жұлдыз тәрізді болып бас концентраторға біріккен.
Сақина бас концентратордың ішінде іске асады.
Топологияны таңдау
Топологияны әрбір желі үшін олардың көптеген факторларына
байланысты таңдау қажет. Төмендегі кесте топологияны таңдауда көмек
тигізеді.
Топология Артықшылығы Кемшілігі
түрі
Шина Кабельді пайдалану тиімді. График көлемінің өсуіне
Тасымалдау ортасын пайдалану байланысты желілердің өткізу
қиын емес және қымбат емес. қабілеттілігі төмендейді.
Қарапайым және сенімді, жеңілКабельдің желіден шығып кетуі
кеңейеді. көптеген қолданушылардың
жұмысын тоқтатады.
Жұлдыз Желіге жаңа компьютерлерді Ортақ түйіннің қатардан шығуы
қосуда оңай орналастыруға барлық желіге кедергі болады.
болады. Ортақ тексеріліп және
ортақ басқарылады. Бір
компьютердің қатардан
(желіден) шығуы бүкіл желінің
жұмысына әсер етпейді.
Сақина Барлық компьютерлердің кіру Бір компьютердің қатардан
мүмкіндігі бірдей. (желіден) шығуы бүкіл желіге
Қолданушылардың саны әсерін тигізеді. Бір компьютер
мәліметтер қорына әсерін желісінің конфигурациясын
тигізбейді. өзгертуде барлық желінің
жұмысын тоқтатуға тура келеді.

Қазіргі кезде қолданушылардың басым бөлімі компьютерлік
желілерді қосу (біріктіру) үшін сымды, кабельді қолданады. Олар
компьютер арасында сигналдарды тасымалдау ортасы ретінде қызмет
атқарады. Кішкентайдан үлкен желілерге дейін барлығын қалыпты
жұмыспен қамтамасыз ететін кабельдердің әртүрлі типтері бар. Бірақ
практикада көптеген желілер кабельдердің негізгі үш тобын қолданады:
1. коаксиалды кабель (коаксиальный кабель- coaxial cable);
2. қосақталған сым (витая пара- twisted pair);
- экрандалмаған (неэкранированная- unshielded);
- экрандалған (экранированная- shielded);
3. оптикалық талшықталған кабель (оптоволоконный- fiber optic).
Коаксиалды кабель
Ең қарапайым коаксиалды кабель сыртқы қабығынан, мыс (core)
сымдардан, изоляция және өткізгіш сымнан тұрады. Сонымен қатар, егер
де кабель металл тоқыма қабығынан және өзінің фольгасынан тұрса, онда
ол екі есе экрандалған кабель деп аталады. Қатты кедергі кезінде төрт
есе экрандалған кабельді қолдануға болады. Ол екі қабат фольгадан
және екі қабат металл тоқыма қабығынан тұрады. Кабельдің ішкі жағы
резеңкеден, тефлон және пластиктен тұрады. Коаксиалды кабельдер
кедергілерді жақсы ұстайды және қосақталған сымдарға қарағанда
сигналдардың сөнуі аз кездеседі. Коаксиалды
кабельдердің екі типі бар:
1. Жіңішке (тонкий- thinner) коаксиалды кабель;
2. Жуан (толстый- thicknet) коаксиалды кабель.
Жіңішке коаксиалды кабель – диаметрі шамамен 0,5 см (0,25 дюйм)
иілгіш кабель. Ол қолдануда оңай және практикада кез-келген желілер
типіне сәйкес келеді. Компьютердің желілік адаптер (байланыстыру
құрылғысы) тақшасына (плата) қосылады. Жіңішке коаксиалды кабель
сигналдарды 185 м (607 фут) арақашықтыққа дейін береді.
Жуан коаксиалды кабель – диаметрі шамамен 1 см (0,5 дюйм) қатты
кабель. Кейде бұл кабельді Ethernet желілік архитектурасында алғаш
қолданғандықтан стандартты Ethernet деп атайды. Жіңішке коаксиалды
кабельге қарағанда бұл кабельдің мыс сымдары жуан. Мыс сымдары жуан
болған сайын олардың сигналды беру арақашықтығы да үлкен болады. Жуан
коаксиалды кабель сигналдарды 500 м (1640 фут) арақашықтыққа дейін
бере алады. Сондықтан да жуан коаксиалды кабельді кейде бірнеше
жіңішке коаксиалды кабельдерден құрылған желілер үшін тіреу кабелі
ретінде қолданылады.
Коаксиалды кабельдің екі типінің айырмашылығы
Кабель жуан болған сайын оны орналастыру қиын болады. Жіңішке
кабель иілгіш болғандықтан, оны орналастыру қиын емес және қымбатта
болмайды. Ал, жуан кабельді июге қиын, сонымен қатар оны жөндеу де
қиынға соғады. Жуан коаксиалды кабель жіңішке кабельге қарағанда
қымбат және ол сигналдарды үлкен арақашықтыққа береді.
Қосақталған сым
Ең қарапайым қосақталған сым бұл бір-бірімен айналған екі жеке
мыс сымдарынан тұрады. Оның екі типі бар: экрандалмаған қосақталған
сым және экрандалған қосақталған сым. Көптеген қосақталған сымдар бір
ғана сақтау қапшығына орналасады. Мұндай кабельдерде олардың саны
әртүрлі болуы мүмкін.
Экрандалмаған қосақталған сым жергілікті есептеу желісінде
кеңінен қолданылады. Оның ұзындығы 100 м-ге (328 фут) дейін барады.
Экрандалмаған қосақталған сым екі жеке мыс сымдарынан тұрады. Кейде
бұл сымдарды телефон желісінде де қолданады. Экрандалмаған
қосақталған сым арнайы стандартпен анықталған - Electronic Industries
Assocation and the Telecommunications Industries Assocation (EIATIA)
568 Commercial Building Wiring Standard. EIATIA 568 кабельдің түрлі
кезеңдеріне мінездеме бере отырып, өнімдерінің бірқалыптылығына кепіл
береді.
Экрандалған қосақталған сым экрандалмаған сымдарға қарағанда
сигналдарды сақтауды қамтамасыз ететін мыс тоқыма қапшығынан тұрады.
Сонымен қатар сымдар фольгамен қапталған. Яғни, экрандалған
қосақталған сым кедергілерден сақталынып, мәліметтерді өте жоғары
жылдамдықпен үлкен қашықтықтарға жеткізе алады.
Оптикалық талшықталған кабель
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz