Қазақ прозасындағы Мархабат Байғұттың қазақ әдебиетіндегі шығармашылық орнын анықтау


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. ХХ ғасыр қазақ әдебиеті үшін «алтын ғасыр» ретінде саналды. 1960-2000 жылдар қазақ прозасының көркемдік дәрежесінің өсіп , кәсіби шеберлік жағынан шыңдалып, әлем әдебиетіндегі өркениетті өрісті игергендігін бүгінде талғамы жоғары оқырман қауым да, ғылыми ортада мойындап отыр. 1960-70 жылдары қазақ прозасына келген Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкей, Дулат Исабеков, Қалихан Ысқақ, Асқар Сүлейменов, Сайын Мұратбеков, Тынымбай Нұрмағамбетов, Төлен Әбдікұлы, Әкім Тарази, Бексұлтан Нұржекеұлы т. б сынды жазушылар легі құрайды. Бұлардың көпшілігі қазір ел-жұрттың көз алдында. Міне осынау шоғырдың қадау өкілі - емен ұстыны, сыпа бір сындарлы суреткері, есімі елге танылған Мархабат Байғұт екендігіне еш дау жоқ. Өйткені ол - талант ретінде де, азамат ретінде де кішіпейілділік пен кісіліктен тұратын сирек болмысын қалам ұстаған қырық жылдай беделінде шын ұстап, шын сақтап, арлы қаламның -кіршіксіз қаламның шын құдыретін көрсетумен келе жатқан көрнекті суреткер. Оның шығармашылығы өзіндік дара қолтаңбасымен дараланып, бәрімізге етене таныс ауыл өмірі мен ондағы кеңпейіл, қазақи мінезді адамдардың тағдырын, күнделікті тұрмыс-тіршілігін бейнелеу арқылы ұлттық мінез мен ұлт тағдырын көркем сөзбен кестеледі. Өзіне ған тән әдемі әзілімен, сырт көзге сездірмей шымшып, алар юморымен, кейде ащы мысқыл күлкісімен астарлы ой айтып, оқушысын сан алуан күй мен түрлі күрделі ойға бөлейтін жазушының шығармашылығы 70-жылдардан бері қазақ оқырмандарына өзінің өткенін, тарихын, салт-санасын, әдет-ғұрпын, мінез -болмысын т. б бейнелеп келді.
Қорғау жұмысында Мархабат Байғұттың шығармашылығының көркемдік әлеміне, оның шығармаларындағы адамгершірлік мәселелерге, кейіпкерлердің моральдік, психологиялық болмыс-бітімін суреттеудегі қаламгерлік шеберлігі, ешкімде қайталанбайтын дара қолтаңбасы айқындалады. Шығармаларының көркемдік идеялық сипаттары мен жазушы стилінің өзіне ғана тән ерекшеліктері қарастырылады. Сезім иіріміндерінен сыр тартқан жазушы шығармаларындағы адам мен оның қат-қабат күрделі ішкі әлеміне, ондағы түрлі психологиялық сезімдік құбылыстарына терең бойлай отырып, ішкі қайшылықтары мен сана қақтығыстарын шебер бейнелей білудегі қаламгердің қолтаңбасы бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Жазушының өз кезегіндегі, қылышынан қаны тамып тұрған кеңестік заманда өріс алған тоталитарлық саясаттың адам психологиясы мен тағдырына тигізген зардаптарын астарлай жеткізген ой-талқыға толы туындылары қазақ әдебиетіндегі ең құнды дүниелер қатарында. Қаламгер өз туындыларында кейіпкер мен қоғам арасындағы тартыстың осындай ерекшелігін еркін түрде пайдаланып, ишара, меңзеу, сана астары, символдық жүйелер сияқты көркемдік категориялар т. б ұлттық идеяны көтере білді.
Жұмыстың өзектілігі. Жұмыстың өзектілігі ретінде Мархабат Байғұттың әдеби шығармашылығы, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, жаңашылдығы қарастырылды.
Мархабат Байғұт шығармаларының тақырыбы, стилі, образадар құрылымы, композициясы, көркемдік әлемі, даралық қасиеті туралы әр кезеңдерде мерзімді баспасөз беттерінде, әдеби зерттеу еңбектерде құнды ой-пікірлер әдебиетші ғалымдар, сыншылар мен көзі қарақты оқырман қауым тарапынан айтылды, жазылды.
Жазушының шығармаларын психологиялық, көркемдік, шеберлік тұрғыдан бағамдау, бүгінгі замандас бейнесінің ішкі жан иірімдерін бейнелеу амалдарын, әсіресе, қазақ халқының табиғатына сәйкестендіре, оның санасын, мінезін, идеясына қатысты ой-талқыларын теориялық тұрғыдан талдап, дара, шынайы қайталанбас қаламгерлік қасиетін ашу, таныту біздің қорғау жұмысының басты міндеті болып белгіленді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жазушының әңгіме мен повестерді қарастырған зерттеу еңбектерді негізге ала отырып, оның шығармашылығы жөнінде сыншылар тарапынан айтылған құнды пікірлер, оның әр жылдары жарық көрген прозалық шығармалар жинағы, кейбір туындыларының журналдық, газеттік нұсқалары турасында да кезінде сөз болған газет-журналдық материалдар алынды.
Мархабат Байғұт шығармашылығы туралы газет-журналарда жарық көрген сыни мақалалар, әңгіме жанрына байланысты жарық көрген теориялық еңбектер, материалдар біз үшін жазушы шығармашылығын жан-жақты танудағы маңызды қадам болды. Сондықтан да эссе, портрет бағытында жазылған бұл дүниелердің Мархабат Байғұтұлының көркемдік әлемін зерделеуде мәні зор болып табылады.
Зерттеудің нысаны. Дипломдық жұмыстың негізгі басты нысаны ретінде Мархабат Байғұттың әдеби-көркем шығармашылық зертханасы жан-жақты зерделенді. Зерттеу барысында Ұлттық кітапхананың қорындағы және басқа да мерзімді басылымдардың тігінділері қаралып, М. Байғұттың шығармашылығына байланысты жазылған ғылыми-зерттеу мақалалар мен ғылыми-көпшілік басылым беттерінде жарық көрген мақалалар пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты -қазақ прозасындағы Мархабат Байғұттың қазақ әдебиетіндегі шығармашылық орнын анықтау, прозадағы дәстүр мен жалғастық байланысын, кейіпкерлер әлеміндегі ұлттық таным белгілерін ашу арқылы проза жанрындағы қаламгерлік шеберлік пен көркемдік мәселелерін тану, ұлттық идея көріністерін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- Жазушының шығармашылық жолын, қалыптасу негіздерін анықтау;
- Мархабат Байғұт шығармаларының көркемдік әлеміне шолу жасау;
- Автор шығармашылығындағы ауыл тақырыбы, кейіпкерлерінің қазақы болмыстығы және олардың ұлттық мүддеде ойлауын суреттеудеудегі автордың өзіне ғана тән көркемдік тәсілі мен ізденіс іздерін айқындау;
- Өтпелі кезеңдегі өмір шындығын көркемдік шындыққа сай айналдырудағы әдіс-тәсіл, машық, стиль ерекшелігін тану;
- Жеке адам тағдыры арқылы қазақи қоғам қайшылығын берудегі ұстанымына немесе шығармашылық зертханасына үңілу;
- Автордың «ақ өлең» формасындағы поэзиялық проза шебері екендігін анықтау;
- Мархабат Байғұт прозасының қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау;
- Жазушы әңгімелеріндегі ұлттық таным көріністері мен ұлттық идея мәселелерінің көтерілуін анықтау, т. б.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Зерттеу жұмысы Мархабат Байғұт шығармашылығын арнай қарастырған ғылыми еңбек болғандықтан, суреткер шеберлігіне, қазіргі кейіпкер бейнесін сомдаудағы соны стильдік ерекшеліктеріне, туындыларының көркемдік бейнесіне басты назар
аударылады. Себебі, жазушының шығармалары қазіргі кезеңнің әдеби-қоғамдық өмірдің беталысын бейнелеуге ұмтылған шығармалар болып табылады. Суреткердің бүгінгі кейіпкер мәселесін зерттеудегі көркемдік ізденістерін арнайы сөз ету дипломдық жұмысымыздың негізгі жаңалығы болып табылады. Жазушы шығармаларын жүйелі түрде қарастыра отырып, дипломымызда нақты мынадай ғылыми нәтижелерге қол жеткіздік:
- Мархабат Байғұттың ауыл өмірін, бүгінгі қоғамды суреттеудегі көркемдік ізденістері жан-жақты сараланды;
- Жазушының шығармаларында қазақы тұрмыстың ұлттық бояумен көркем бейнеленуі арнайы срапталды;
- Кейіпкердің ішкі жан дүниесіндегі психологиялық құбылыстарды, сана қайшылықтарын бейнелеудегі пейзаждың мәні анықталды;
- әдеби характерлердің контрастық байланысы, қарапайым сөз саптау шеберлігі, монолог, диалог, ой ағымы сияқты көркемдік құралдарды қолдану машығы зерделенді;
- жеке шығармаларын комплексті талдауға ұластыру арқылы автордың жалпы стильдік шеберлігі, дүниетанымдық көзқарастары мен шеберлік сырлары айқындалады;
- жазушы шығармаларындағы көркемдік бейне, оралымды сөздер орнықты қолданылу мәселелері де байыпты сараланды.
Жұмыстың ғылыми негізі мен материалдары. Мархабат Байғұттың әдеби-көркем, публицистикалық туындылары жұмыстың негізгі материалдары болып табылады.
Зерттеудің әдістері. Жұмыста салыстырмалы әдеби талдау әдәсі, жүйелі талдау қағидалары басты назарда ұстанылып, ой қорыту, жинақтау әдістері де негізге алынды. Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу әдістері: баяндау, жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
I-ТАРАУ.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ
- Мархабат Байғұт шығармашылығының қалыптасуы және көркемдік әлемі.
Қазіргі қазақ әдебиетінің күрделі мәселелерінің бірі -жазушының шығакрмашылық лабараториясын зерттеу болып табылатындығы сөз болған. Әрбір суреткердің өз болмысы оның шығармашылығында көрініс беретіндігін ескерсек, бұл қағиданы басшылыққа алу қажеттіліг туындайды. Ұлттық әдебиетімізде бұл сала ХХ ғасырдың 30-4 жылдарынан бастап қолға алына бастады. Ширек ғасыр ішінде тап осы мәселені зерттеген іргелі еңбектер өмірге келді. Осындай еңбектерді өмірге әкелген М. Әуезов, С. Мұқановтар соны соқпақ салған бұл дәстүр қазіргі әдебиетімізде де жан-жақты жанданып, сыншылардың қатары аз ғана уақыт ішінде бой көтерді. Бұған дәлел ретінде, Ш. Елеукенов, З. Серікқалиев, Б. Майтанов, С. Жұмабеков, Ж. Дәдебаев сынды т. б. әдебиет зерттеушілерінің еңбектерін атауға болады. Оның үстіне, әлі де болса әдебиетімізде өз алдына зерттеуді қажет ететін, өзіндік стилі бар, қоғамға айтары бар ғылыми жүйеге объекті болатындай талантты жазушылардың бірі -Мархабат Байғұт шығармашылығы екендігі де айқындала береді.
Мархабат Байғұт шығармашылығы мен шеберлік қыры бүгінгі оқырмандарға молынан таныс, әдеби және ғылыми ортада мойындалған, сондықтан да ғылыми-зерттеу нысанасына алуға әбден лайықты деген мақсатты өзімізге міндет санадық. Шартты түрде жүйелеуге бой алдырсақ, ауыл өмірін суреттейді деуге боларлықтай әңгімелердегі жылы юморға оранған жазушылық көңіл-көз, ұшқыр түйсік-таным байқалмай қалмайды. Жазушы Мархабат Байғұт қаламынан осы күнге дейін 70-тен астам әңгіме, 10 шақты повесті, бірнеше пьесалары жарық көріпті. Әдеби сында жоғары бағаланып жүрген жазушы шығармаларында кейіпкер характерінің табиғилығы, оқиға дамуының, шиеленісуінің нанымдылығы, қарапайым кейіпкерлерінің өмірге құштарлығы кәсіби шеберлікпен сомдалып, автордың әдебиеттің әліп-биін ойдағыдай меңгергендігін танытады.
Мархабаттың алғашқы әңгімелер жинағы жиырманың ішіндегі жас жігіт кезінде-ақ жариялана бастады. Бірақ, ең алғашқы жеке кітабы 1978 жылы жарық көріпті. Демек, автордың жасы бұл кезде 32-33-ке келіп қалған кезі. Бұл туралы жазушы Дулат Исабеков өз мақаласында мынадай пікір білдіреді: «Отыздан асқанда тұңғыш кітап шығару деген ең бір алмағайып кезең. Өйткені, сен өзің құралпы лектен қалып қойдың және отыздан асқан жігіттің тұңғыш кітабының енді шығып жатуы әдебиетшілер мен қалың көпшілік үшін ерекше оқиға боп көріне қоймайды. Сондықтан да ол ат-нөпір боп бұрқырап шығып жатқан көп кітаптардың тасасында көзге ілінбей қала береді. Оның алғашқы кітабының кешеуілдеп шығуы да жоғарыда айтып өткен Алиматыдағы бітіспес әдеби дүмпуінен болса керек. Жасыратын не бар, астанадағы айналдырған екі баспаның жылдық жоспары Алматыдағы ақын-жазушылардан-ақ артылмайтын. Оның үстіне «Жалын» баспасының өзі жетпісінші жылдардың ортасына таман ашылғанын ескерсек, елде жатқан қаламгерлердің жыл сайын естен шыға беретіні түсінікті жайт. Әйтсе де, «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп Абай атамыз айтқандай, Мархабат алыста өтіп жатқан қызу додаға қызықпады, киіп-жарып олардың ортасына кірмеді, «қуған жетпес, бұйырған кетпес» деген жайбарақат қазақы мақалдың ырғағына сай ауылда жатып-ақ «арбамен қоян алуды» жөн көрді. Онысы жеміссіз де болған жоқ. » («Егемен Қазақстан» -2005. №396. )
Мархабат Байғұтов 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген. Осы өлкеде балалық шағын, жасөспірім кезеңін, жігіттік жылдарын өткерген. Жазушы өзі туралы былай дейді: «Мектепте оқып жүргенде өлең жаза бастадым. Кейін институттың (немесе университеттің) 2-3 курсында өзімнен «мықты ақын» шықпасын сездім де прозаға ауыстым». « Жалпы, әдебиет пен өнер өкілдері осы салаға шу деп бет бұрғаннан бастап, ұстанатын «Менің жұртқа, елге, халыққа айтарым бар, олардың рухани байлығын арттыруға, өзін қоршаған ортасының белсенді мүшесі болып қалыптасуына, адамға тән бар қадыр-қасиетті бойына сіңіруге қосатын үлесім бар» деп келеді. Осы мақсатты ұстанып әдебиетке келген Мархабаттың бас-аяғы жиырма шақты жылдың ішінде ол жиырмаға жуық кітаптың авторы болып үлгерді. Қалың оқушының ықыласын ол топтап емес, біртіндеп аудара өзіне аудара бастады. Бүгінгі таңда ол қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасы айқын, тек Байғұтовқа ғана тән стилі бар, жаңа әңгімесі жарыққа шықса жұрт жапа-тарғамай оқуға тырысатын, дәл сол сәтте уақыт таппаса тапқанға дейін сақтап қоятын, екінші сөзбен айтқанда, өз оқушысы қалптасқан айтулы қаламгерлердің қатарында.
Жол басы «Шілдеден» басталды. Қан базардай қайнаған әдебиет сарайына имене енген бұл жинақ салған жерден жұрт назарын өзіне аудара қоймаса да, әдебиет табалдырығын сырбаз да мәдениетті жазушының аттағанын көзіқарақты біраз жұрт байқап қалды. Арада екі жыл салып «Сырбұлақ бойында» атты хикаят пен әңгімелер жинағы дүниеге келді. Оқушы қауым қарапайым кейіпкерлердің қарапайым тіршілігімен, өмірдің дәл өзінен кеп Мархабат жазып отырған ақ қағазға секіріп түсе қалғандай шынайы мінездермен, мәдениетті юмормен, баяндау стиліндегі ерекше бір нәзік ырғақпен, басқа шығармаларда кездесе бермейтін, адамдардың мінез-құлқын сипаттаудағы оңтүстікке ғана тән тың бояулармен қайта жүздесіп, жаңа бейтаныстармен қайта табысып, кітап оқылып біткенде олармен өкіне қоштасып, оның жаңа шығармаларын күтетін жаңа қауым пайда бола бастады. Бұл аталмыш екі кітапта біз Мархабат Байғұттың қарапайым прозаға, қарапайым суреттеуге деген талпынысын аңғарамыз. «Интернаттың баласы», «Нәуірзек», «Дауыстың түсі»(1993), «Қорғансыз жүрек»(1994), «Машаттағы махаббат»(1995), «Әдебиет пәнінің періштесі»(1999), «Ақпандағы мысықтар»(2000), «Қозапая»(2001), «Аңсар»(2002), «Ауыл әңгімелері»(2003), «Оқу залы»(2009) сияқты өмірдің сан алуан салаларын арқау еткен көркем әңгімелер мен хикаяттар бүгінгі таңда Мархабат шығармашылығының негізін құрайды. Бір ғажабы сол, осы кітаптарына енген әңгімелер мен хикаяттар қаламгерлік шеберлік пен кемелділікті айрықша қанық та шырайлы танытқан Мархабат Байғұт қазіргі жаңа әдебиетіміздің көшелі бір қайраткері болғанын қапысыз көрсете білген деп білеміз. Асылы, талант сиқыры- талант ерекшелігі оның дербес көркем ойлау жүйесінде және соны соған лайық көркем тілмен жалқы түрде жеткізе алуында екені ежелден мәлім. Бұл өлшемнің философиялық-көркемдік ақиқаттығының жарқын бір көрінісіне көрнекті суреткер, лирикалық прозаның хас шебері Мархабаттың талантын да, туындыларын да емін-еркін дәлел ете аламыз.
Жазушының шығармашылық лабораториясына үңілсек, аса өзекті деген мынадай мәселелерді таныған болар едік. Олар:
- Мархабат Байғұт әңгімелерінің барлығы дерлік тікелей ауыл өмірімен сабақтасып жатады;
- Жазушы кейіпкерлерінің барлығынан «ауыл иісі» аңқып тұрады;
- Диалект сөздер мол кездеседі.
Қазақ әдебиетінің классик жазушысы Ғабит Мүсірепов: «Шығарма деген белгілі оқиғалардың тізбегі емес. Шығарма жазушы жүрегінде, ойында қайнап-пісіп, кітап оқушылары зейін қоюға тұратын, жігер-қайрат, адам қоғамының өсе беруіне, еселей беруіне үн қоса алатын жанр» дейді. Сонда қай жанрдағы шығарма да алдымен өзінің көркемдік-шығармашылық болмысымен құнды екені айқындалады. Жазушы, суреткер тұлғасы оның шығармашылығымен, қаламгерлік болмысымен бағамдалады. Мархабат Байғұттың ұлтжандылығы оның әңгімелерінен де аңғарылады. Әңгіме тұрғысында ой өрбіткенде қазақ әңгімесінің қара нары Тәкен Әлімқұлұлының мына бір сөзі ойға оралады: «Қазақ әңгімесінің бір кемшілігі -әрбір ситуацияның ішкі сырын ашпай, сыртқы қаңқасын баяндауға саяды. Теңеу, салыстыру, меңзеу дегендер аз. Әңгіменің аяғын менмұндалап бітіру -барып тұрған қарадүрсіндік. Жазушы, сыршыл, сыпайы келмек. Ал бізде, кейбір автор өз сөзін өзі түсіндіруге тырысады». Осы орайда Мархабат әңгімелері де аталмыш форма аясында болатынын байқалады. Жазушының өзгелерден даралап тұратын да, шоқтығын биіктететіп тұратын да, әдемі де әуезді тілі. Жазушы шеберлігі сол екі бетке жүк болатын оқиғаны екі ауыз сөзбен көз алдыңызға алып келеді.
Жазушы шығармаларының шыншылдығы қазақ әдебиетінің алыптары Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов туындыларымен үндесіп жатқандай. Қалай дегенде де, ауыл өмірінің қайталанбас көріністерін кестелі тілмен өрнектей білу Мархабаттың өзіне ғана тән құбылыс екені анық.
Б. Майлин ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ аулының тұрмыс-тіршілігін, ел өмірінің тарихын, замана трагедиясын көркем бейнелеп берсе, М. Байғұт ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі егеменді еліміздің тәуелсіздік алған жылдары жаңа формацияға көшу кезеңіндегі адамдардың ара-қатынасын, ішкі сезім иірімдерін шебер бейнелеп бере білген суреткер.
Мысалы Б. Майлин өмір сүрген кездегі әлеуметтік маңызы бар оқиға ол колхоздастыру болса, жазушы осы тақырыпқа арнап «Қара шелек» әңгімесін жазған. Әңгіме соңында «екі бүктетіліп, түбі аламайымен сөгіліп жатқан қара шелекті көреміз». Бір ғана деталь жазушының қоғамдық құбылысқа ішкі қарсылығын астарлы түрде білдірген. М. Байғұт болса өз заманының жаршысы ретінде «Жоғалған жұрнақ» әңгімесі арқылы үн қосады. Бұл әңгіме ата-бабамыз армандаған, тәуелсіздікке қол жеткізуге себеп болған 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне арналған. Кезінде ешкім түсіне алмаған Жұрнақтың іс-әрекетін айналасындағы ол өмірден өткен соң ғана ұғына алады. Бұл жердегі авторлық ой: «қолда барда алтынның қадыры жоқ». Рас, кейде өзіміз де айналамыздағы адамдардың жанын түсіне алмай, тәлкек етеміз. Олардың тірі кезінде қадырына бара алмай, өлген соң, жер мен көкке сыйғызбай мадақ пен мақтаудың астына аламыз. Бұл да өмір шындығы. Осы әңгіме туралы белгілі жазушы-драматург Дулат Исабеков: «Соңғы жұрнақтың» бәріміздің алдымызға ашық та төтесінен қоятын «неге?» деген осы сауалына жауап іздеп, санамызды қорғасындай бір зілбатпан салмақ басады. Әрине, бұл сұраққа әркім әрқилы жауап іздей жатар, оның себептерін де әркім әрбасқа түсіндіруге тырысар, бірақ, жазушы қойған үлкен сұрақ белгісі бәрібір ойымыздан өше қоймайды. Кешегі өткен ұлы тарихы бар, елдік пен ерліктің, азаматтық пен кісіліктің неше түрлі үлгілерін көрсеткен осы қазақ деген елдің бүгінгі тіршілігі не боп барады? Олар неге ұмытшақ, неге жалтақ, неге қара басының ғана қамын күйттеген боп, басқаның қайғысы мен жан азабын түсінуден алыстап, ол алшақтық күннен-күнге ұлғайып барады? Мархабат жазушы ретінде оған нақты жауап бермейді, берудің де қажеті жоқ. Әркім өзі ойлансын, әркім өз ішіне үңіліп, өзінше жауап іздесін. Жалпы, кәнігі суреткер, шын жазушы сұраққа жауап іздемейді. Егер жауап іздесе, оны тауып оқушыға ұсынып жатса, ондай шығарманың көркемдік құны төмендеп, оқушы үшін қызықсыз боп қалар еді. Жазушы дәрі-дәрмек жасайтын провизор, не фармацевт емес.
Оның міндеті сұрақ қоя білу, оқушыны ойлануға, өз ішіне үңілуге итермелеу. Өзінің әцйгілі қара сөздерін жазғанда ұлы Абай нақты жауап беру үшін емес, мәнсіз, мағынасыз тіршіліктің басыбайлы құлы боп бара жатқан, тек қазақ қана емес, бүкіл адамзаттың алдына «қалай, неге?» деген сауал тастайды. Ал адамзат сол сауалдардың бәріне әлі күнге дейін жауап іздеуде.
Мархабат Байғұттың әдебиет әлеміне алғашқы қадамы мерзімді баспасөз беттерінде біраз өлеңдері жариялануынан басталады. Өз шығармаларында қара сөзге қан жүгіртіп ұйқастырып ала жөнелуі, нәзік сезіммен сыр суыртпақтағаны бойдағы ақындық ұшқынынан хабар беріп тұрғандай әсер береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz