Семіру туралы түсінік. Семірудің жіктелуі



I.Кіріспе.

Семіру туралы түсінік.Семірудің жіктелуі.
II.Негізгі бөлім.

1)Липостаздық жүйенің өзгерістері және біріншілік семірудің патогенезі.

2)Біріншілік семіру.
3)Салдарлық семіру.

III.Қорытынды.
Семіруден алдын ала сақтандыру мен емдеу тәсілдері.
Семіру-организмде үш глицеридтирдің тым артық жиналып қалуымен көрінетін дерттік жағдай. Ол біріншілік, салдарлық, гипертрофиялық, андроидтық, гинойдтық және араласқан түрлер де болады.
Біріншілік семіру-май тіні мен гипоталамустың арасындағы гормондық байланыстардың бұзылыстарынан липостаздық нүктенің жоғары көтеріліп кетуімен көрінетін дерттік жағдай. Бұл шығындалуынан басым болып кетеді .Өйткені май тіні мен гипоталамустың арасындағы байланыстардың өзгерістерінен адамның тамақ қабылдау тәртібі, жан-дүниесі мен белгілі өмір салтты таңдауы өзгереді. Бұндай адамдар тамақты артық ішейін деп ішпейді, бірақ жоғарыда көрсетілген өзгерістердің нәтижесінде тәбеті жоғары болудан,тойыну сезімінің аздығынан ішеді. Ол май жасушаларында өндірілетін лептиндердің аз өндірілуінен болады. Сонымен, біріншілік семіруді өзбетінше жүйкелік-эндокриндік дерттік жағдай – деп қарастыру қажет.
Салдарлылық (екіншілік) семіру- бастапқы кездерінде адипоциттер мен гипоталамустың арасындағы байланыстарының қалыпты жағдайында органмзмде энергия шығындалуы азаюына және майлардың жиналуына әкелетін дерттік бұзылыстардың болуы салдарынан дамитын синдром. Ол әртүрлі эндокриндік аурулардың нәтижесінде байқалады.
Гипертрофиялық семіру-май жасушаларының жалпы саны қалыптыдан көбейіп кетуімен көрінеді. Бұл кезде дененің салмағы өте үлкен мөлшерлерге жетуі мүмкін. Семірудің бұл түрі, гипертофиялық түріне қарағанда, тым ерте жаста байқалады. Ол іштегі бала туылмай тұрып және емшектегі балалық шақ кездерінде кездесуі ықтимал. Бұл түрі дамуында тұқым қуалаушылықтың маңызы өте зор. Семірудің гиперплазиялық түрі ересек адамдарда да кездеседі. Жас балалардағы гиперплазиялық семіруге жүкті әйелдердің қантты диабетпен сырқаттануы,олардың тым артық тамақ ішулері, балаларды тым артық қоректендіру т.с.с. жағдайлар әкеледі.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I.Кіріспе.

Семіру туралы түсінік.Семірудің жіктелуі.

II.Негізгі бөлім.

1)Липостаздық жүйенің өзгерістері және біріншілік семірудің
патогенезі.

2)Біріншілік семіру.
3)Салдарлық семіру.

III.Қорытынды.
Семіруден алдын ала сақтандыру мен емдеу тәсілдері.

Семіру-организмде үш глицеридтирдің тым артық жиналып қалуымен көрінетін
дерттік жағдай. Ол біріншілік, салдарлық, гипертрофиялық, андроидтық,
гинойдтық және араласқан түрлер де болады.
Біріншілік семіру-май тіні мен гипоталамустың арасындағы гормондық
байланыстардың бұзылыстарынан липостаздық нүктенің жоғары көтеріліп
кетуімен көрінетін дерттік жағдай. Бұл шығындалуынан басым болып кетеді
.Өйткені май тіні мен гипоталамустың арасындағы байланыстардың
өзгерістерінен адамның тамақ қабылдау тәртібі, жан-дүниесі мен белгілі
өмір салтты таңдауы өзгереді. Бұндай адамдар тамақты артық ішейін деп
ішпейді, бірақ жоғарыда көрсетілген өзгерістердің нәтижесінде тәбеті жоғары
болудан,тойыну сезімінің аздығынан ішеді. Ол май жасушаларында өндірілетін
лептиндердің аз өндірілуінен болады. Сонымен, біріншілік семіруді өзбетінше
жүйкелік-эндокриндік дерттік жағдай – деп қарастыру қажет.
Салдарлылық (екіншілік) семіру- бастапқы кездерінде адипоциттер мен
гипоталамустың арасындағы байланыстарының қалыпты жағдайында органмзмде
энергия шығындалуы азаюына және майлардың жиналуына әкелетін дерттік
бұзылыстардың болуы салдарынан дамитын синдром. Ол әртүрлі эндокриндік
аурулардың нәтижесінде байқалады.
Гипертрофиялық семіру-май жасушаларының жалпы саны қалыптыдан көбейіп
кетуімен көрінеді. Бұл кезде дененің салмағы өте үлкен мөлшерлерге жетуі
мүмкін. Семірудің бұл түрі, гипертофиялық түріне қарағанда, тым ерте жаста
байқалады. Ол іштегі бала туылмай тұрып және емшектегі балалық шақ
кездерінде кездесуі ықтимал. Бұл түрі дамуында тұқым қуалаушылықтың маңызы
өте зор. Семірудің гиперплазиялық түрі ересек адамдарда да кездеседі. Жас
балалардағы гиперплазиялық семіруге жүкті әйелдердің қантты диабетпен
сырқаттануы,олардың тым артық тамақ ішулері, балаларды тым артық
қоректендіру т.с.с. жағдайлар әкеледі.
Андройдтық семіру-майдың дененің жоғарғы бөліктеріне, іште және іш
құрылыстарында жиналуы. Ол еркектерге тән семіру.
Гинойдтық семіру-майдың бөкседе, жамбаста, санда және дененің төменгі
жақтарында, негізінен әйелдерге тән, жиналуы. Өйткені еркектер мен
әйелдердің жыныстық гормондары май тінінің әр түрлі бөліктерінде а2-
катехоламиндік рецепторлардың бөлінуіне әрқилы әсер етеді. Май тінінің әр
түрлі бөліктерінде әртүрлі гормондар өндіріледі. Мәселен, гинойдтық семіру
кезінде адипоциттерде эстрогендер артық өндірілуінен антиатерогендік әсер
байқалады, ал, андройдтық семіру кезінде андрогендер артық өндірілуден,
керісінше, атеросклероз дамуына қауіп төнеді. Гинойдтық семіру жартылай
гиперплазиялық түрде болады. Сондықтан оны емдәммен емдеу онша нәтижелі
болмайды.
Араласқан семіру – андроидтық және гиноидтық түрлері біріккен түрде
кездеседі және андроидтық түрге тән атеросклероз және оның асқынуларына
көтеріңкі қауіп-қатер сақталады.
Сонымен қатар, майдың ішкі ағзаларда және тері астында жиналуларын
ажыратады. Бұндай семірудің висцералдық семіру дейді. Ол андроидтық
семірумен қабаттасады және ішкі ағзалардың қызметтерінің екіншілік
бұзылыстары дамуына ауыр қатер төндіреді.Өйткені ішкі ағзалардың май
жасушалары катехоламиндердің әсерлеріне өте сезімтал болып келеді және
инсулинге қарсы әсер ететін кахексинді көбірек бөліп шығарады.Сондықтан
толық науқас адамдарда осы адипоциттер инсулинге төзімділік дамуына үлкен
үлес қосады. Висцералдық май жасушалары өндіріп шығарған гормондық заттар
мен майлардың ыдырау өнімдері қақпалық көктамыр арқылы тікелей бауырға
бағытталады.Содан бауырда заттардың алмасуына және жүйелік қанайналымға
қатты әсер етеді. Майдың май тінінде жиналуы липопротеидлипаза ферментінің
қатысуымен жүреді.Бұл фермент май тінінің қан қылтамырларындағы эндотелий
жасушаларының сыртқы беттеріне шығып,ішектерде және бауырда өндірілген
липопротеидтерден үшглицеидтерді ыдыратып шығарады. Май қышқылдары
эндотелиоциттерден өтіп, жасуша аралық кеңістіктерге ,артынан май
жасушаларына ауысады.Оларда глицериннің қайта әтірленуі және меншік
үшглицеридтердің қалыптасуы болады. Артық тамақтанғанда және біріншілік
семіру кездерінде липоротеидлипазаның белсенділігі көтеріледі. Оның
белсенділігінің артуына инсулин ықпал етеді.
Май жасушаларында май глюкозадан да түзіледі. Инсулин май тінімен
глюкозаның қамтылуын күшейтіп ,одан май түзілуін арттырады.
Липогенез а2-андреномиметиктердің әсерлерінен де күшейеді.
Глюкокортикоидтық гормондар майлардың әрі түзілуін, әрі ыдырауын арттырады.
Олардың әсері катехоламиндердің май жасушаларына пермиссиялық
(қолдаушы)әсерінен байланысты болады. Дененің әр түрлі бөліктерінде
орналасқан май тілдерінде катехоламиедерді қабылдайтын
адренорецепторлардың жиынтықтары да әр түрлі болудан гиперкортицизм кезінде
глюкокортикойдтардың әсерлерінен май негізінен бетте,мойында және дененің
жоғары жақтарында артық түзіледі.Бұл кезде аяқ-қолдарда липогенез,
керісінше,азаяды.
Майлардың ыдырауын (липолизін) май жасушаларының іштерінде болатын
гормонға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріншілік семіру
Семіру. Кахексия
Семіру. Кахексия жайлы
Қанның тасымалдаушы липопротеиндерінің құрамы, құрылысы және жіктелуі. Липопротеиндерінің әртүрлі кластарының және липопротеинемия патогенезіндегі ролі
Липидтер алмасуның бұзылыстары
Гипокинезия салдарынан ағзаның функциональдық жағдайының өзгеруі
Зат алмасудың біртектес бұзылыстары
Семіру - организмде үшглицеридтердің тым артық жиналып қалуымен көрінетін дерттік жағдай
Липидтер алмасуының патологиясы. Гиперхолестеринемия. Атеросклероз биохимиясы. Өт-тас ауруы
Нәруыздардың алмасуы
Пәндер