Елді аздандырған есірткі!


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Елді аздандырған есірткі!

Рухани дүниенің азып - тозуына есірткі елеулі әсер етеді. Оны сатушылар өз қара бастарының баюына ғана ойлайтын тоғышарлар, сатып алып, пайданушылар қу нәпсіге тізгін сала аламайтындар деп батыл айтуға болмайды. Толғану былай тұрсын, жұмыр жердегі Адам атты ақыл иесінің біржола құрып бітуіне зор ықпалын жатқанын біле ме? Нашақорлық - бүгінде қоғамдық әлеуметтік жұтқа айналып, өрттей лаулап, әл бермей жатса, бұл сұмдық ары қарай дамуда. «Дәмін бір рет қан көрейінші, сосын жаламаймын» деген әуестіктің құлы болады. Сөйтіп, көпшілігі сол құлдықтың қиырмауынан көзі жұмылғанша айыра алмайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша 2000 жылы дүниежүзінде марихуаннаны 142 миллион адам, амфетамин мен синтетикалық есірткіні 30, 5 миллион адам, кокаинды 13, 4 миллион адам, героин мен опиаттарды 8 миллион адам қолданған екен. Ал, 13 миллионан астам американдық есірткісіз тұра алмайды. Оның Америка қаоа базарындағы сауда айналымы 60 миллиард доллардан асады. АҚШ мемлекеттік департаментінің дерегі бойынша, сол есірткіні пайдалану жылына 600 миллиард доллар зиян келтіреді. Ал, Колумбияда осы есірткіге байналысты өлім жетім барлық аурулардың ішінде бірінші орында тұр. Ресейде 2 мллион нашақор дәрігерлік бақылауда тұрады. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дер кезінде емделген нашақорлардың шамамен 8%-ы айығып шығады деп отырады. Ал, біздің елімізде бұл көрсеткіш 8% дан төмен болады. Статистикалық деректерге көз салсақ, 1986 жылы елімізде бар болғаны оншақты нашақор (3-4аймақты ) арнайы тіркеуден тұрған. Ал, 2002 жылы ғ арада бес алты жыл өткенде елімізде наркомония, токсикомания, алкоголизммен айырған 322930 адам дәрігерлік бақылауда тұрады. Оның 272124 еркек болса, 50580 әйел адамы. Олардың ішінде алғаш рет диспансерлік бақылауға алынғандардың саны 125771. Оның да 112 мыңдайы еркек, 13860 әйел болып тұр. 2002 жылы токсикоманиямен 12669 адам бақылауда болған. Оның 11538 еркек, 1131 әйел. Солардың ішінде өмірінде алғаш рет осындай диагноз қойылған 20832 адамның 14789-і ер адамы, 3034-і әйел адамы болған. 11 жасқа дейінгі балалар 0, 2%, 12-16 жастағы жасөспірімдер 27, 3%, 17-26 жас аралығынлағы бозбалалар 42, 5%, 27-45 жастағы ересек кісілер 27, 3%, пайызды құрайды. Ал, 45 жастан жоғарылар - 2, 6%. Сол науқастардың бастауыш білімдері балдары - 20, 3%, орта білімдері - 68, 2%, ал 11, 7%-ы жоғары білімділер. Барлық нашақорлықтардың 17, 6%-ы мектеп оқушылары мен оқу орындарының студерттері болса, 20, 4%-ы орта және кіші кәсіпкерлікпен айналысатындар, ал 24, 8%-ы жұмыссыздар болып отыр. Еліміздің аймақтық бөлінуімен салыстыратын болсақ, оңтүстік өңірлер мен Алматыға - 27, 2%, Орталық Қазақстанға - 19, 6%, солтүстікке 27, 4%, шығысқа 14, 7% дан келеді екен. Ең аз көрсеткіш батыс өңірінде. Ол өңірде 11, 1% құрайды. Қазіргі деректерге көз салсақ, Қазақстанда 47 мыңға тауар нашақор бар екен. Шамамен олардың бес мыңы әйелдер, екі мыңы кәмелетке толмағандар. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгілері - 320. Павлодардағы республикалық нашақорлық медициналық әлеуметтік проблемаларын зерттеу орталығының деректері бойынша нашақорлық саны 150-180 мыңға жетсе, Республикалық СПИД ке қарсы күрес орталығының деректерінде олардың саны 250 мыңға жетеді деп көрсеткіш береді. Ал, БҰҰ сарапшылары Қазақстанда 500 мыңға тарта нашақор бар деп отыр. Соңғы деректер бойынша Оңтүстік Қазақстандағы 2 миллион астам адамның бес мыңға жуығы есірткіге шұғылғандар. 4700-ден астам нашақоры бар Қарағанды облысы бұл жөнінде үшінші орында. Ал, республика бойынша бұл жөніндегі бірінші орынды Жамбыл облысы иемденді. Соңғы деректерге қарасақ, Алматы қаласының есірткі, құмарлар саны 7971-ді құрайды. Ең төменгі көрсеткіш еліміз бойынша Атырау облысында, олардың саны бір мың адамнан аз болып келеді. Бірақ, бұл облыста да нашақорлық біртіндеп етек алуда. Егер облыс бойынша 1990 жылға дейін есірткіні пайдаланушылық Атырау қаласынан ғана шектелсе, енді ол Жылой, Құрманғазы, Мақат аудандарында да тіркеліпотыр. Тек соңғы бес жыл көлемінде осы облыстағы нашақорлар саны екі есеге өсіп отыр. Облыстық диспансерде бақылауда тұрған 878 нашақордың 36-сы әйел, 191 - жасөспірім болса, 63-і 14 жасқа дейінгі балалар. Қазақстан Республикасындағы азаматтардың тоғыз мыңға жуығына сұрау салған зерттеуші Е. В. Денисованың деректері бойынша, есірткі заттардың адам ағзасына келтіретін зиянын сұрау салғандардың 95% жақсы білетіндіктерін айтса, 5% бұл туралы түсінігі аз екен. Бұл заттардың қандай жолмен қолданылатындықтан сұрағанда, көпшілігі қан тамырлары арқылы жауап берген. Қалғандары, темекі түрінде десе, кейбіреулері ғана иіскеу арқылы пайдаланылады деп ұғады екен. ТМД құрамындағы елдер сарапшылары Қазақсатнда нашақорлар саны әлде де өсе түсетінің айтуда. Сол себепті СПИД пен ауыратындар саны да, иммунитет тапшылығы вирусына ұшырағандар да көбейіп эпедемияға әкелуі мүмкін. Қазақстан иммунитет тапшылығы вирусына ұшырағандар саны бойынша ТМД құрамындағы елдер арасында Ресей, Украина, Белоруссиядан кейінгі төртінші орында тұрса, Орталық Азия мемлекеттері арасында бірінші орында екендігімізге кынжыла мойындауымыз керек. Нашақор жасөспірімдер чанының күннен күнге көбейіп келе жатқанын ескерер болсақ, оларды мәжбүрлеп еркінен тыс емдеу туралы заң қабылданбай бұл індеттің бетін қайтару екіталай.

Бүгінде жер шарында есірткі бизнесі экономиканың күре тамыры ретінде қалыптасты. Әлемде белең алып бара жатқан есіртікі саудасының тұтас картельдері мен синдикаторларының кең етек жайып, айналасына қауіп төндіре бастағанын барлығы білгенімен, оны тұр тұқиянымен құртудың амалын әлі ешкім тада алған жоқ. Қазір Қазақстанға есірткінің төрт түрі төрт тарапынан ағып жатыр. Олар: Шу аңғарынан марихуанасы, Ауған тәжік бағытынан келетін опий, химфармзауыттарынан заңсыз щығарылған өнімдер және Батыс пен Ресейден келеиін синтетикалық есірткілер. Мамандардың айтуы бойынша қазір нашақорлардың 52% героинді қолданатындары белгілі болып тұр. Мемлекеттік шекаралардың қалтарыс бұлтарыстары көп ұлан байтақтағы еліміздің георафиялық жағдайының жайлылығы, оның үстіне сан ықылым замандардан бері қайнаған сауда жолы үстінде жатқандығын ескерген наркобарондар. Қазақстанды планетадағы ең маңызды наркотрофикалық базаға айналдырмақшы. Есірткі саудасымен бірге «жұт жеті ағайынды» дегендей, терроризм т. б. атышулары қылмыстар қоса жүретіні белгілі. Күні кеше ғана Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі тасушылар 6 кило героинмен қолға түсті. Қазақстанда да наркобизнес алдында дәрменсіздік танытып тұр. Бұл тажалдың күйін қайткенде бәсеңдетуге болады деген көкейкесті сауал бүгінде күн тәртібінен түспей тұр. Есірткі саудасы күш бермейтінін түсініп, енді оның жеңіл түрлерін заңдастырып, сөйтіп республика көлемінде билігін жүргізіп отырған наркобизнес құрылымдарын осылай әлсіретіп, Үкімет есірткі саудасы мен оның таралуын, пайдалануын өз қолына алса деген пікірлер де үдей түсуде. Олардың алға тартатындары мысалы, Голландияда есірткінің жеңіл түрлерінің еркін сатылатындығы. Шындығында, Голландия мен Бельгияның үрдісін негізінде алуға бола ма? Бүгінде көзге көрінбейтін қалталы барондар әуелі осылай жіберіп тартып, өздерінің харам ойларын көпшілік құлағына сіңіре түседі. Тасада отырып, осы пікірдің әлеуметке қалай әсер ететінін қапысыз бақылайды. Әлдебір уақыт өткеннен кейін қайта көтереді, қоғамдық пікір қалыртастырады, ықпал етеді, тіпті күшейтеді, ақыры заңдастырады. Осы алпауыттарға есірткінің жеңіл түрлерін заңдастыру неге қажет болып тұр? Мұнайдан түсетін пайда да шаш етектен, бірақ, 12400% пайыз әкелетін наркобизнеске не жетсін! Міне, мәселе қайда жатыр?! Олардың көкейін тескен осы бір ыбырсыған, жойқын ақша ғой! Әуелі есірткінің жеңіл түрлерін заңдастырдық делік, алайла қазірдің өзінде ашық кетуге қорқып отырған, қоймалардағы тонналаған героин қожалары алақандарын ысқылап, қызу іске кірісті дей беріңіз. Былайша айтқанда, біздің елімізде, қазіргі жағдайымызда есірткінің жеңіл түрлерін заңдастыру дегеніміз бұд өртті бензин құйып өшірем деген сияқты аса қауіпті пиғыл болар еді. Есірткінің, әсіресе оның күшті түрлерінің адамдарды магнитше тартатын қасиеті бар. Мысалы: мынадай тәжірибе жасалған. Егеуқұйрықтың алдына өзі суйетін тамақ пен күшті есірткі қатар қойылған. Егеуқұйрық сол бойда күшті есірткіні тартып жей бастаған. Әрине, адам егеуқұйрық емес. Алайда, жыл өткен сайын, бойдағы нәрді лезде сорып алып, өлімге жетелейтін осы бір ажал көзі ақ ұнтаққа ынтық жандардың артып бара жатқанын ойландыриай қоймайды. Бұл тажалдың әсіресе, жасөспірімдердің арасында кең етек алып бара жатқандығы шощындырады. Қорыта айтқанда, жеңіл есірткіні заңдастырамыз деп жүргенде нашақорлықты жаппай желіктіріп, сөндіруі қиын өрт тұтатып алып жүрмейік. Деректер көрсеткендей, әобір нашақор бұл жолға нашаны темекі етіп тарту арқылы түсіп, бара бара күніне он бес рет темекі қылып шеккенде, мастықты бір рет өк тамырдан алу жолына кіріседі. Адам организміне марихуанна мен героиннан кем емес кесел әкелетін ксірткінің бірі эфедра. Есірткінің осы түрі дайындалатын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Колумбияның конституциялық құқығы
Қазақстан жастар арасындағы девианттық мінез-құлық
Нашақорлық - қоғам дерті туралы ақпарат
Нашақорлық ғасыр дерті. Нашақорлармен жұмыс істеу
Нашақорлық - бүкiл адамзат баласы үшiн аса үрейлi мәселе
Жабайы кенепшөптен алынған препараттардың биологиялық белсенділігін анықтау
Нашақорлық, оның қаупі және қауіпсіздік шаралары
Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК)
Колумбия Республикасы (Columbіa)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz