Мемлекеттік бюджеттік жүйе



Кіріспе
І. Бюджет жүйесі туралы ... ... ... ...5
ІІ. Мемлекеттік бюджет жүйесі
2.1 Мемлекеттік бюджет құрылымы ... ... 7
2.2 Республикалық бюджет және оның атқарылу тәртібі ... ... ... ... ... 12
2.3 Бюджет тапшылығы және бюджет талшығы ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ІІІ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы
3.1 Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрылымын қажет етеді
Қорытынды ...
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ..33
Бүгінгі таңда Қазақстанның қолындағы экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз ететін серпінді дамып келе жатқан отын-энергетика, металлургия және химия кешендері бар.
Сонымен бір мезгілде біздің алдымызда экономиканың теңдестірмелігін қамтамасыз ету, өңдеуші өнеркәсіпті, жоғары технологиялы және ғылыми қамтымды өндірістерді, өндірістік инфрақұрылымды және агроөнеркәсіп секторын ілгерілете дамыту жөніндегі аса маңызды міндеттер тұр.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді. Оған барлық Одақтас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған соң, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.
Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады. Рыноктық қатынастарға көшу бюджет байланыстығына қатты әсер етті. Ол жылма – жыл қарыздар болған кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығының салмақты дотацияларды бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып алу бағасы мен ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе-теңдігінің бұзылуы нәтижесінде де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды мемлекет дотациялап отырды.
1. Шеденов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы, 2002 ж.
2. « Қазақстан Республикасының заңы: \Бюджет жүйесі\ ». Алматы, 1997 ж.
3. Әубәкіров Я., Нәрібаева К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е. « Экономикалық теория негіздері». Алматы, 2000 ж.
4. Майдан-Әли Байгішов. «Халықаралық экономикалық қатынастар». Алматы 2001 ж.
5. В.Крымова. «Экономикалық теория». Кестелі оқу құралы. Алматы 2003 ж.
6. «Ақиқат» журналы. Алматы 2003 ж.
7. «Егемен Қазақстан» газеті. 5 сәуір 2003 ж.
8. Биқандиев В.В., Ботвич В.Я. «Рыноктық шаруашылық негіздері». Алматы 1992.
9. «Бюджет жүйесі туралы» ҚР-ң 1196 жылғы,желтоқсанның 24-і, №5-1 Заңы. Алматы «Қаржы-қаражат». 1996 ж.
10. Мельников В.Д., Ильясов К.К. «Финансы». Алматы : Изд.2-е,1997 ж.
11. Закон РК «О бюджетной системе» от 01.04.1999 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
І. Бюджет жүйесі туралы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
ІІ. Мемлекеттік бюджет жүйесі
2.1 Мемлекеттік бюджет құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2 Республикалық бюджет және оның атқарылу тәртібі ... ... ... ... ... 12
2.3 Бюджет тапшылығы және бюджет талшығы
... ... ... ... ... ... ... ... .19
ІІІ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы
3.1 Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрылымын
қажет етеді
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..31
Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстанның қолындағы экономикалық өсудің жоғары
қарқынын қамтамасыз ететін серпінді дамып келе жатқан отын-энергетика,
металлургия және химия кешендері бар.
Сонымен бір мезгілде біздің алдымызда экономиканың теңдестірмелігін
қамтамасыз ету, өңдеуші өнеркәсіпті, жоғары технологиялы және ғылыми
қамтымды өндірістерді, өндірістік инфрақұрылымды және агроөнеркәсіп
секторын ілгерілете дамыту жөніндегі аса маңызды міндеттер тұр.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.
Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді.
Оған барлық Одақтас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде Қазақстан
егеменді ел болған соң, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік
бюджетін жасауға кірісіп кетті.
Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады.
Рыноктық қатынастарға көшу бюджет байланыстығына қатты әсер етті. Ол жылма
– жыл қарыздар болған кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығының салмақты
дотацияларды бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып
алу бағасы мен ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе-теңдігінің
бұзылуы нәтижесінде де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа
кеткен шығындарды мемлекет дотациялап отырды.
Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол
мемлекеттің шығын мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы француздың сөзі
немесе табыс пен шығындарды бөлу.
Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады.
Бюджет талшығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік
бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджеттің табыс пен шығынның
айырмашылығын жабу үшін, мемлекет қиыстырылған вариантына көшеді. Демек
мемлекет ұлттық банк несие қорының, тұрғындардыңхалықтық банктегі
салымының, сақтандыру қоғамдары қорының, бнлгіленген бөлігін алып отырады.
Осы сомалар мемлекеттік қарызды құрайды. Бұл мемлекеттің ішкі қарызы.
Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызды да болады. Бюджет
талшығын бәсеңдету үшін мемлекет тек қана ішкі міндеттермен ғана шектелмей,
қайтару мақсатымен сыртқы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады. Міне,
осылай мемлекеттің сыртқы қарызы да пайда болады.

І. Бюджет жүйесі туралы

Бюджет қалыптастыру негізі: Бюджет Қазақстан Республикасының әлеуметтік
– экономикалық дамуының тиісті жылға арнап Қазақстан Республикасының
Үкіметі қабылдаған индикативті жоспарының параметрлерін ескере отырып,
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы
негізінде қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түрлі деңгейдегі бюджеттердің
экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген жиынтығы сондай-
ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау процесі болып
табылады.
Қазақстан Республикасының жинақтап алғанда мемлекеттің біріктірілген
қаржы балансын құрайтын республикалық бюджет, жергілікті бюджеттер және
бюджеттен тыс қорлап дербес жұмыс істейді. Қаржы жылына арналған
республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен жергілікті бюджеттер
тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі. Қаржы жылына
арналған бюджеттен тыс қорлармен арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттері
осы қорлар туралы заңдарға сәйкес бекітіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттерді
қалыптастыру, бекіту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен
жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары біздің қолымыз жеткен табыстар аз емес. Қазақстанның
нарықтық жаңғырулардағы жетістіктері, экономикалық өрлеуі мен халықтың
тұрмыс деңгейін көтеруі жалпыға мәлім, әрі әлемдік қоғамдастыққа да
талпынып отыр.
Ұлттық қауіпсіздік пен ішкі саяси тұрақтылықтың нығайту, қоғамды одан
әрі демократияландыру, өмірлік ынтамақтастықты дамыту жөнінде ұдайы дәйекті
шаралар қолданып жатыр.
Ең бастысы, бізде қоғам мемлекетті, экономика мен әлеуметтік саланы
тұрлаулы дамытудың келесі жолдарын іздестіру тынымсыз әрі нәтижелі
жүргізіліп келеді.
2004 жылғы экономикалық және әлеуметтік саясаттың, қоғамды одан әрі
демократияландыру мен мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мәдениет,
білім беру мен руханият салаларының дамытудың негізгі бағыттары баяндалып
отыр.

ІІ. Мемлекеттік бюджет және бюджет шығындары
2.1 Мемлекеттік бюджет құрылымы

Бюджет – мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруына арналған және
түсімдердің есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджет – республикалық және жегілікті бюджеттердің бірінің-
бірі арасындағы өзара өтетін операциялары есепке алынбайтын жиынтығы.
Оның басты мақсаты – қаржы құралдарының көмегімен экономикалық тиімді
дамуы және мемлекеттік міндеттерді шешу үшін жағдай жасау.
Бюджет құрылымы мынандай бөлімдерден тұрады:
Кірістер - Үкімет қарыздарынан түсетін түсімдерді және алынған ресми
трансферттерді (гранттарды) қоспағанда, бюджетке түсетін барлық түсімдерді
қамтиды;
Алынған ресми трансферттер - Кірістер бөліміне енетін түсімдерді
қоспағанда бюджетке енетін барлық түсімдерді қамтиды;
Шығыстар - мемлекеттік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды
қоса алғанда, бюджеттен жұмсалатын барлық шығыстарды қамтиды, бұған несие
беру және мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу бойынша бюджеттен
төленетін төлемдер кірмейді;
Несие беру,оның өтелуін шегеріп тастау - несие беру бойынша бюджеттен
төленетін төлемдер мен бұрын бюджеттен берілген несиелерді өтеудің түскен
түсімдерді қамтиды және таза несие беруді көрсетеді;
Бюджет тапшылығы - Кірістер және Алынған ресми трансферттер -
бөлімдердің жалпы жиыны Шығыстар және Несие беру, оның өтелуін шегеріп
тастау бөлімдердің жалпы жиыны арасындағы айырманы құрайды;
Бюджет тапшылығын қаржыландыру - Үкімет қарыздары бойынша бюджетке
түсетін түсімдер мен мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу жөніндегі
қаражатты қамтиды.
Мемлекеттік қаржы жүйесінің дәл ортасында мемлекеттік бюджет тұрады.
Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол осы елдің ерекшелігін, оның
әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел
бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты. Унитарлық
мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден тұрады: мемлекеттік және
жергілікті. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың, (АҚШ) жерлердің (ФРГ) өз
бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.
Мемлекеттік бюджет мемлекет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған
қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға
және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі
жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің шаруашылық конъюктураға
ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы.
Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де
көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының
құрылымы белгіленеді. Шығыста бюджеттік ассигнациялардың, қаржылардың
бағыттары мен қызметтері көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің
шығысын мынандай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери
шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік
шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің
шығындары.
Мемлекет қызметтерінің ұлғаюы мемлекеттік шығындардың қарқынын ЖҰӨ өсуі
қарқынынан едәуір асырып жібереді. Мысалы, АҚШ – та 20-шы ғасырда
мемлекеттік шығындар 350 есе артты. Тек 1980-1989 жылдар арсында федералдық
бюджет шығындары екі еседен астам өсті (433.5 млрд. долл. 872млрд. долл.
жетті).
Мемлекеттік шығындардың басты тармағына экономикалық өндірістік
секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуіне байланысты шығындар жатады.
Әлеуметтік инфрақұрылымға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін
шығындардың да үлесі айтарлықтай.
Әскери шығындардың да үлесі қомақты. Әскери шығындарды айтқанда тек
тікелей шығындарды ғана көрсетіп қоймай, жанама шығындарды да ескеру керек.
Оларға әскери қарыздар бойынша проценттік төлемдер, зейнетақы, соғыс
мүгедектеріне, ардагерлерге және т.б. көмек түрлері жатады. Мемлекет
бюджетінің басты құрамды бөлігі жергілікті бюджеттер. Олар арқылы ең
алдымен коммуналдық меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс құралдарын
дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырылады. Жергілікті бюджетті
жергілікті әкімшілік, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады. Жергілікті
бюджеттің үлкен бөлігі әлеуметтік-мәдени қажеттілікті өтеу, денсаулық
объектілерін, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға кеткен шығындардан тұрады.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері орталық және жергілікті органдар
жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттерден тыс немесе
мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі
қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық
сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметінен туады. Бұлардың қатарына
әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін
даярлау, қайта даярлау және т.б. жатады.
Мемлекеттік табыстардың жалпы материялдық негізін ұлттық табыс құрайды,
мұны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады.
Мұндай қайта бөлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары – салықтар,
мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.
Республикалық бюджеттің комиссиясы 2003 – ші жылға арналған
республикалық бюджеттің жобасын жасаған кезде Президент Жолдауында айтылған
міндеттерді шешу қажеттігін ескере отырып 2003-2005 жылдарға арналған
республикалық бюджеттің қаражатын жұмсаудың басымдық бағыттарын анықтады.
Аграрлық секторды дамыту және ауылды жайғастыру жөніндегі басымдықтар
шеңберінде ондай міндеттерге мыналар жатады:
- ауыл шаруашылық өндірушілерді қолдаудың несиелік және лизингтік
тетіктерін дамыту;
- ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге ақшалай жәрдем жасау;
- өсімдіктерді жаппай зиянкестер мен аурулардан, малды аса
қауіпті және жұқпалы аурулардан қорғау;
- тұрғын мекендерді сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету;
- селолық инфрақұрылым құру және қайта құру
Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889
жарлығымен Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы бекітілді. Осы құжатқа
сәйкес мемлекет село экономикасына 2003-2005 жылдар ішінде 150 млрд. теңге
бөлуді жоспарлауда. Осы қаражат есебінен мал мен өсімдіктердің аса қауіпті
ауруларына диагностика, миниторинг жасауды және олармен күрес жүргізуді,
карантинді өнімге лабораториялық және фитосанитарлық талдауда, ауыл
шаруашылық дақылдарының сорттарын сынақтан өткізуді, суармалы жерлерді
милиративтік бағалауды, мемлекеттік резервтегі астықты сақтауды, элитикалық
тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды малдарды сақтау мен өсіруді жүзеге
асырып, минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға ақшалай көмек көрсету және
басқаларды қаржыландыру жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ аграрлық
саланың қаржы жағынан тұрақты жұмыс істеп тұрған субъектілеріне де қолдау
көрсетудің қосымша шаралары қарастырылған: мемлекеттік ресурсқа астық сатып
алу, ауыл шаруашылық техникасының лизингісіне несие беру, көктемгі егін
салу және егін жинау жұмыстарын атқаруға жергілікті бюджеттерге несие беру,
селолық несие серіктестерінің жүйесіне несие беру және басқалар.
Бұдан басқа мемлекет жыл сайын 2004-2005 жылдары:
- 15 млрд. теңгеден ауылдағы білім беруге, денсаулық сақтау мен
сумен қамтамасыз етудің ауылдық объектілеріне инвестиция
бөлінеді;
- 15 млрд. теңгеден денсаулық сақтау саласын толық қаржылық
қамтамасыз етудің екінші сатысына жеткізуді жүзеге асыру үшін
бөлінеді.

2.2 Республикалық бюджет және оның атқарылу тәртібі

Республикалық бюджет, негізінен, жалпы мемлекеттік салықтар есебінен
қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне
Конституциясымен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгілейтін жалпы
мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған
орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады.
Республикалық бюджеттен қаражаттың жұмсалуы.
Республикалық бюджеттен мыналарды қамтитын мемлекеттік бағдарламалар
мен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етіледі:
1)Халықты әлеуметтік қорғауға арналған жалпы мемлекеттік шығыстар,
мемлекеттік, мемлекетаралық және өкілді органдарды ұстауға жұмсалатын
шығыстар, жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет және бағдарламалар мен кіші
бағдарламаларды қаржы ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі басқа да
шығыстар:
білім беру және денсаулық сақтау саласындағы; іргелі және қолданбалы
ғылыми зерттеулер саласындағы; қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік,
сот және қылмыстық-түзеу жүйесі саласындағы, табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы;
туризмді,спортты ұйымдастыру жөніндегі орталық атқарушы органдар
жүзеге асыратын шаралар бойынша және мәдениет саласындағы;
мемлекеттік радио мен теледидар және басқа да мемлекеттік бұқаралық
ақпарат құралдарының қызметі жөніндегі;
ауыл шаруашылық тауар өндірулерін қолдау, ауыл шаруашылық өндірісін
кеңейту, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің аса қауіпті зиянкестері мен мол
ауруларына қарсы күресу жөніндегі және басқа да басым мақсаттар жөніндегі;
орман шаруашылығын молықтыру және қорғау, экология, жануарлар дүниесін
молайту, қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау және дамыту
жөніндегі;
жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру және тұрғын үй құрылысын дамыту,
құрылыстың, геологиялық- барлау, геодезиялық және сейсмологиялық
жұмыстардың, жер қойнауын қорғаудың, жерге орналастырудың, нормативтік
негізін орнықтыру, сумен жабдықтау мен канализацияның ірі объектілерін салу
шаралары жөніндегі;
мемлекеттік борыштар бойынша проценттер төлеуге және оларды
орналастыруға байланысты мемлекеттік міндеттемелерді орындау жөніндегі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларына сәйкес басқа да
жалпы мемлекеттік басым шаралар, соның ішінде мемлекеттік борышқа қызмет
көрсету шығындары жөніндегі шығыстар;
2) қысқа мерзімді, орташа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді
бағдарламаларды орындау үшін әдетте мемлекеттік банктер арқылы қайтарымды
негізде бюджеттен бөлінетін бюджет қаражаты;
3)мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу.

Бюджетті әзірлеу.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауының, Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, бюджеттің
ағымдағы атқарылуын бағалаудың макроэкономикалық көрсеткіштердің
серпімдігінің, ақша-несие саясатының негізінде алдағы қаржы жылына арнап
жасалған бюджет саясатының негізгі бағыттарын және мемлекеттік
біріктірілген қаржы балансының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне
табыс етеді.
Алдағы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттарды және
мемлекеттің біріктірілген қаржы балансының жобасы мақұлдағаннан кейін
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы қабылдап, онда бюджет қаражаты
есебінен ұсталатын орталық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың бюджет
жобасын қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне
табыс ету тәртібін, мерзімін белгілейді.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарау және бекіту
тәртібі қолданылып жүрген заңдар негізінде белгіленеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің жасалу және атқарылу
ережелерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірлеп, Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бағдарламалар бойынша жұмыстар
атқарумен қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру, әдетте, конкурстың
негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар
тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы
есептер жариялайды.
Республикалық бюджетті жасау.
Мемлекеттің біріктірілген қаржы балансының Қазақстан Республикасының
Үкіметі мақұлдаған жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу және алдағы қаржы жылына арналған
жергілікті бюджеттің жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан жергілікті
бюджеттердегі қаржы аудару нормативтерінің және республикалық бюджетпен
жорамалданып отырған басқа да өзара қатынастардың шамасын айқындау кезінде
негізге алынатын ірілендірілген параметрлерін айқындау үшін негіз болып
табылады.
Республикалық бюджеттің жобасы Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі бекітетін бюжеттік жіктеуге сәйкес әзірленеді.
Республикалық Бюджет туралы заңның жобасында түсімдердің барлық түрінің
жиынтығы, ретке келтіруші жалпы мемлекеттік салықтарды бөлу нормативтері,
сондай-ақ бюджеттік жіктеуге сәйкес, бюджет тапшылығының мөлшері, оны жабу
көздері атала отырып, функционалдық топтар, қызметтер кіші қызметтер мен
мекемелер бойынша шығыстардың шекті мөлшері сондай-ақ ресми трансферттердің
жобаланып отырған мөлшері көрсетіледі.
Республикалық бюджетті нақтылау тәртібі.
Республикалық бюджетті оның атқарылуы барысында нақтылай түсу Қазақстан
Республикасы Үкіметінің ұсыныстары немесе қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
басқа да заңдық бастамаларнегізінде осы Заңның тәртібі мен ережері бойынша
жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджеттердің жасалу, қаралу, бекітілу және атқарылу тәртібі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттерінің болжап отырған жобасы
мен оның құрамындағы келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің
жобаланып отырған ірілендірілген шотын Қазақстан Республикасының Үкіметі
мақұлдағаннан кейін бір апта мерзімде бірақ 15 тамыздан кешіктірмей,
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының
Үкіметінің тапсыруымен облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың
әкімдеріне олардың бюджеттрінің кірісіне жалпы мемлекеттік салықтар мен
алымдардан бөлінетін қаржының жобаланып отырған мөлшерін жалпы мемлекеттік
бағдарламаларда қаржыландыруға республикалық бюджеттен бөлінбекші болып
отырған қаражаттың сомасы және қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы
органдар үшін алатын несиенің шамамен алынған сомасын, сондай-ақ жергілікті
өкілді және атқарушы органдардың басқару аппаратын ұстауға арналған
шығыстардың шеткі лимиттерін хабарлайды.
Жергілікті бюджеттердің жасалуы, бекітілуі және атқарылуы Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен бюджеттік жіктеуге сәйкес жүзеге
асырылады.
Жергілікті бюджеттерде жоспарланып отырған қаржы жылының басчындағы
жергілікті бюджеттер қаражатының қалдығы есебінен қолма-қол ақшаның айналым
резерві құрылады, оны жергілікті атқарушы органдар қаржы жылы ішінде
өтімділікті басқару үшін пайдаланады. Қолма-қол ақшаның айналым резервінің
мөлшері тиісті жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде айқындалады.
Тиісті маслихаттар алдағы қаржылық жылға арналған жергілікті бюджетті
бекіткенге дейін І тоқсанның бюджетін атқару алдағы қаржылық жылға арналған
жылдық бюджет жобасының ¼ бөлігі мөлшерінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттің атқару тәртібі.
Республикалық бюджеттіңі атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі
ұйымдастырады.
Ұйымдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы
қазынашылық беретін рұқсаттар негізінде бюджеттік мақсаттарға сәйкес
шығыстар жұмсайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиісті қаржы
жылына арналған шығыстар сметасын тапсырмаған және бөлінген қаржыларды
мақсатқа сай емес немесе тиімсіз пайдаланған жағдайда бюджет қаржыларын
бөлмеуге, қайтарып алуға және оларды жұмсауға тыйым салуға құқылы.
Барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп әзірлеуге
қажетті ақпаратты оларға белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік ұйымдардың құрылымы мен
қызметтерін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бөлінген қаржыға мекемелер бойынша
өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Республикалық бюджет есебімен ұсталатын ұйымдар Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі келісімімен бір бағдарламадан, кіші бағдарламадан айрықша
саладан екіншілеріне қаржы аударуы мүмкін.
Жергілікті бюджеттердің және бюджеттен тыс мақсаты қорлардың есебінен
ұсталатын ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қатысу үйлесімсіз шаруашылық
жүргізуші субъектілерге республикалы бюджеттен қаржы бөлуге жол берілмейді.
Егер бюджеттің атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының орталық
мемлекеттік органдары нормативтікқұқықтық актілер қабылдаса, соларға сәйкес
облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің шығыстары
ұлғайса не кірістері азайса, олардың шығындары республикалық бюджет
қаражаты есебінен өтеледі және керісінше, олардан шығыстары азайған немесе
кірістері ұлғайған жағдайда субвенциялары азайтылады, ол субвенциялық емес
салалар бойынша олар өзара есеп айырысуға жатқызылады.
Өткен жылғы кірістерді артығымен орындау нәтижесінде қаржы жылының бос
қалдықтарын, сондай-ақ ағымдағы жылдың бюджетін атқару барысында өткен
кезең ішіндегі кірістерді артығымен орындау сомаларын Қазақстан
Республикасының Үкіметі бюджетті атқару үстінде пайда болатын қосымша
шығындарды қаржыландыруға жұмсауы мүмкін.
Республикалық бюджетте алдағы қаржы жылының басындағы республикалық
бюджет бойынша қаражат қалдығының есебінен қолма-қол ақшаның айналым
резерві құрылады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржы жылы ішінде
өтімділікті басқару үшін пайдаланады.
Төтенше мемлекеттік бюджет.
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы Үкіметінің
ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен
мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын қамтитын республикасының төтенше
мемлекеттік бюджетті енгізуі мүмкін. Төтенше мемлекеттік бюджет қолданылған
кезде республикалық Бюджет туралы заңның және барлық деңгейдегі бюджеттер
туралы шешімдердің қолдануы тоқтатылады.
Төтенше бюджеттің қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының
Парламентіне дереу хабарланады.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан
Республикасында төтенше жағдай енгізу немесе таралуы ауқымды сипат алған
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан экономикаға
экономикалық және қаржылық жағынан келтірілген едәуір залал төтенше
бюджетті енгізуге негіз болып табылады.
Бюджеттің атқарылу туралы есеп беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметіне оның тапсыруымен Қазақстан
Республикасының министрлігі Қазақстан Республикасының Парламентіне
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме жазбасымен және
қосымшаларымен жылдық есеп, сондай-ақ республикалық бюджеттің атқарылуы
туралы айлық және тоқсандық хабарлама табыс етіп отырады. Жергілікті
атқарушы органдар ай сайын алдағы жылға арналған жергілікті бюджет туралы
маслихат шешімінің жобасы ұсыну үшін белгіленген мерзімде бекітуге жоғары
тұрған атқару органға және тиісті маслихатқа бюджеттің атқарылуы туралы
есепті табыс етеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ай сайын есеп беріліп
отырған кезең үшін қорытындысы еселене түскен республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы жиынтық есеп жасап, оны Қазақстан
Республикасы Үкіметіне табыс етеді.
Барлық министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық және
жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен басқа да ұйымдар осы Заңға
сәйкес бюджеттің жасалуы және атқарылуы жөнінде Қазақстан Республикасының
Қаржы министірлігі әзірлеген нормативтік актілерді басшылыққа алуға
міндетті.
Бюджет тапшылығының ұлғайып, одан әрі өсуінің басты себебі орасан зор
бюджет шығындары. Бұл шығындар ұлттық экономиканы тұрақты түрде
құлдыратады. Мемлекеттік шығындарды көмітуге бұдан әрі болмайды деп
қарсыласу мүдделі топтардың оны қайта бөлу механизмдерін сақтап қалуға
тырысуынан пайда болады да, экономикалық өсуді қамтамасыз ету емес, оның
өсуі жолдарын қарастырудың өзі шешуі қиын мәселеге айналады.

2.3 Бюджет тапшылығы және бюджет талшығы
Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды,
теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің
шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік жүйе
“Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесін талдау
Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері
Бюджетаралық қатынастар
Бюджетаралық қатынас- бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі
Бюджетті бағдарламаларды бағалау рәсімдері
Мемлекеттік бюджет жүйесі
Мекемелердің бюджеттік шоттарындағы қазынашылдық
Қазақстан Республикасының бюджеттік саясаты
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау
Пәндер