О.Жандосовтың өмірінің барлық кезеңдерін қамти отырып, оның Жетісу өңіріндегі қоғамдық-саяси, мәдени, ағарту саласын дамытудағы қызметінің маңыздылығы
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ОРАЗ ЖАНДОСОВТЫҢ ҚОҒАМ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАЙРАТКЕР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 О.Жандосовтың өскен ортасы мен саяси көзқарасының қалыптасуы ...
1.2 О.Жандосов 1917 жылдардағы қос революция кезеңінде ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Ораз Жандосовтың мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы ...
ІІ ОРАЗ ЖАНДОСОВТЫҢ ЖЕТІСУДЫҢ САЯСИ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ОТАРШЫЛДЫҚТЫҢ ҚАЛДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІ
2.1 О.Жандосовтың Жетісу өңіріндегі жер . су реформасын дайындау мен жүзеге асырудағы қызметі..
2.2 О.Жандосовтың Қазақстандағы халық ағарту ісі мен мәдениетін өркендетудегі қызметі...
ІІІ ОРАЗ ЖАНДОСОВ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ . МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 О.Жандосов және 1924 жылдардағы ұлттық.территориялық межелеудің нәтижелері..
3.2 О.Жандосов . саяси қуғын сүргіннің құрбаны.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Еліміздің өмірін түбегейлі өзгертіп, Қазақстан Тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың 90-шы жылдарының тарихта орнығуына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісі жағынан бұл ерекше жылдар болды [1]. Осы аз уақыт ішінде тарих ғылымы бұрынғы кеңестік идеологиялық қыспақтан арылып, Отандық тарихнамада шынайы зерттелмей қалған тарихи тұстарын жаңа көзқарас тұрғысынан қайта зерттеуді қолға алып отыр.
Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігі қазақ халқының ғасырлар бойғы ұлт – азаттық күресінің жемісі. Егер кез - келген халықтың, ұлттың тағдыры мен болашағы, белгілі дәрежеде, оның отаншыл, биік өрелі перзенттерінің саны мен сапасына тәуелді десек, онда ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ елінің жұлдызы шынымен де оңынан туған еді. Бұл қысқа тарихи мезгілде халқымыздың тағдырына орай ондаған, жүздеген талантты азаматтары өмірге келіп, қоғамдық тіршіліктің барлық саласына белсене араласып, өз елінің өмірін қайта жаңғыртуға даяр екендігін айқын таныта білді. Бірақ, өкінішке орай, осы жұмбақ ұрпақты өмірге әкелген шындық болса да, орта оларға тағдырдың өзі артқан қасиетті тарихи міндетті толық, аяғына шейін орындап кетуге мүмкіндік бермеді.
Қазақ зиялылар қауымының тарихын зерттеу, олардың қоғамдағы атқарған қызметтері мен қазақ халқының даму тарихына қосқан үлесін зерделеу, кейінгі ұрпақ үшін маңызды міндет. Кеңес үкіметі кезінде қазақ зиялыларының қоғамдағы алған орны жасанды түрде төмендетіліп, қазақ мемлекет қайраткерлері репрессияға ұшырап, олардың есімдері көпке дейін белгісіз болып келді. Бұл ұлт ой-санасының жетілуі мен дәстүр сабақтастығына орасан зор зиянын тигізді. Алайда осы кезеңде қазақ зиялыларының есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, олардың өз халқына деген жанашыр қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін есімізден өшіре алған жоқ. Өйткені олар бөлшектелінген қазақ жерін біріктіріп, еліміздің экономикасын түзеп, мәдени дамуына жағдай жасады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму жоспарында «Біздер келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалаймыз» деп жазылған [1]. Осыған орай, Отан тарихында халқымыздың бір туар азаматы, мемлекеттік қайраткері Ораз Жандосовтың Жетісу өңіріндегі мәдени құрылысты дамытудағы қоғамдық-саяси қызметін ғылыми тұрғыда зерттеу тарих ғылымының алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі.

1 Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ халқына жолдауы. А., 2005.-3 б.
2 Собрание актов Президента Правительства РК. Астана, 1998.-С.61(115с)
І БӨЛІМ
1. ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 612, парақ 6-7
2. Омарбеков Т. Ораз Жандосов-азамат, білім мен мәдениет жаршысы, көрнекті мемлекет қайраткері. Сборник документов. А., 1999.– С.12-13
3. Етекбаев М. Ораз Жандосов. //Білім және еңбек. 1967. №11.–6-7 п.
4. Нұрпейіс К. //Егемен Қазақстан. 1999. 24 қыркүйек.–3 бет.
5. ҚР ПМ қор 811, тізбе 4, іс 265, парақ 22-24
6.Қыдырбекұлы Б. О.Жандосов. А.:Жазушы, 1967.– 16бет
7. ҚР ПМ қор 811, тізбе 4, іс 276, парақ 4-9
8. ҚР ПМ қор 811, тізбе 4, іс 265, парақ 24-25.
9. Ысқақова Д., Калита Н. Жалынды революционер. //Коммунизм таңы. 1979, 28 ақпан.–3
10 Асқар О. Жүрек сырының жаңғырығы. //Егемен Қазақстан. 1999. 4 ақпан. 2 бет.
11 Қожакеев Т. Болашақты барлаушы. //Қазақ әдебиеті. 1999. 5 мамыр.– 45бет.
12. Арыстанов Ж. Естен кетпес есімдер. А.:Қазақстан, 1972.– 43-44 бб.
13 ҚР ПМ қор 300, тізбе 1, іс 612, парақ 7,8,10
14 ҚР ПМ қор 141, тізбе 1, іс 126, парақ 72
15 Тұрмағанбетқызы Т. //Егемен Қазақстан, 1999. 24 қыркүйек.–3 б. Тұрмағанбетқызы Т. //Егемен Қазақстан, 1999. 24 қыркүйек.–3 б.
1бөлімнің 2тармақшасының сноскасы 17-ші бетке дейінгі
ІІ БӨЛІМ
2.3 тармақшасы

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ОРАЗ ЖАНДОСОВТЫҢ ҚОҒАМ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАЙРАТКЕР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 О.Жандосовтың өскен ортасы мен саяси көзқарасының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 О.Жандосов 1917 жылдардағы қос революция
кезеңінде ... ... ... ... ... ... .. ...
1.3 Ораз Жандосовтың мемлекет қайраткері ретінде

ІІ ОРАЗ ЖАНДОСОВТЫҢ ЖЕТІСУДЫҢ САЯСИ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ
ОТАРШЫЛДЫҚТЫҢ ҚАЛДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІ
2.1 О.Жандосовтың Жетісу өңіріндегі жер – су реформасын дайындау мен жүзеге
асырудағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
2.2 О.Жандосовтың Қазақстандағы халық ағарту ісі мен мәдениетін
өркендетудегі

... ... ... ... ... ... ..
ІІІ ОРАЗ ЖАНДОСОВ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС
МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 О.Жандосов және 1924 жылдардағы ұлттық-территориялық межелеудің
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2 О.Жандосов – саяси қуғын сүргіннің
құрбаны ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің өмірін түбегейлі өзгертіп,
Қазақстан Тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың 90-шы жылдарының тарихта
орнығуына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісі жағынан
бұл ерекше жылдар болды [1]. Осы аз уақыт ішінде тарих ғылымы бұрынғы
кеңестік идеологиялық қыспақтан арылып, Отандық тарихнамада шынайы
зерттелмей қалған тарихи тұстарын жаңа көзқарас тұрғысынан қайта зерттеуді
қолға алып отыр.
Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігі қазақ халқының ғасырлар бойғы ұлт –
азаттық күресінің жемісі. Егер кез - келген халықтың, ұлттың тағдыры мен
болашағы, белгілі дәрежеде, оның отаншыл, биік өрелі перзенттерінің саны
мен сапасына тәуелді десек, онда ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ елінің
жұлдызы шынымен де оңынан туған еді. Бұл қысқа тарихи мезгілде халқымыздың
тағдырына орай ондаған, жүздеген талантты азаматтары өмірге келіп, қоғамдық
тіршіліктің барлық саласына белсене араласып, өз елінің өмірін қайта
жаңғыртуға даяр екендігін айқын таныта білді. Бірақ, өкінішке орай, осы
жұмбақ ұрпақты өмірге әкелген шындық болса да, орта оларға тағдырдың өзі
артқан қасиетті тарихи міндетті толық, аяғына шейін орындап кетуге
мүмкіндік бермеді.
Қазақ зиялылар қауымының тарихын зерттеу, олардың қоғамдағы атқарған
қызметтері мен қазақ халқының даму тарихына қосқан үлесін зерделеу, кейінгі
ұрпақ үшін маңызды міндет. Кеңес үкіметі кезінде қазақ зиялыларының
қоғамдағы алған орны жасанды түрде төмендетіліп, қазақ мемлекет
қайраткерлері репрессияға ұшырап, олардың есімдері көпке дейін белгісіз
болып келді. Бұл ұлт ой-санасының жетілуі мен дәстүр сабақтастығына орасан
зор зиянын тигізді. Алайда осы кезеңде қазақ зиялыларының есімдері
тарихтан күштеп өшірілгенімен де, олардың өз халқына деген жанашыр
қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін есімізден өшіре алған жоқ.
Өйткені олар бөлшектелінген қазақ жерін біріктіріп, еліміздің экономикасын
түзеп, мәдени дамуына жағдай жасады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан – 2030 стратегиялық даму
жоспарында Біздер келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін
арқалаймыз деп жазылған [1]. Осыған орай, Отан тарихында халқымыздың бір
туар азаматы, мемлекеттік қайраткері Ораз Жандосовтың Жетісу өңіріндегі
мәдени құрылысты дамытудағы қоғамдық-саяси қызметін ғылыми тұрғыда зерттеу
тарих ғылымының алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі. Мәселен,
Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға және оны нығайтуға белсене қатысқан
О.Жандосов 1918 жылы Жетісудың ұлт істері жөніндегі облыстық бөлімін
басқарды. Жаңа экономикалық саясатқа көшу кезеңінде 1921 жылы Жетісуда
жүргізілген жер реформасының нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне
460 мың десятина жер беріліп, ауылдарда кедей шаруаларының Қосшы одағы
құрылған болатын. О.Жандосов осы кезеңде Жетісу облыстық революциялық
әскери комитеті және облыстық Қосшы одағын, ауыл экономикасын зерттеу
жөніндегі экспедицияны басқарады. Сонымен қатар, осы кезеңдегі экономикалық
жағдайға байланысты жер мәселесі туралы өзінің мақалаларын көпшілік
назарына баспасөз арқылы ұсынып отырған. Оның мақалалары Көмек, Кедей
еркі, Советская степь газеттерінде жарияланып тұрған.
О.Жандосов 1928-1937 жылдардағы ауыл шаруашылығы артелін, мал
шаруашылығы аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі
серіктестік (ТОЗ) құруға көп еңбек сіңірген. И.Сталиннің Социализм жолымен
ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі - деген сөзі кеңес
қызметінің шектелуіне негіз болды. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа
басыла берді. Балама пікірлі адам халық жауы қатарына жатқызылды. Сол
халық жауы болып ұсталған жанның бірі – көрнекті мемлекет қайраткері
О.Жандосов. Оның қоғамдық қызметі, азаматтық болмысы, ұстанған жолы, үміт –
тілек, арман – мақсаты қазақ ұлтының үмітімен жалғасты. Халықтың қалың
ортасынан таланттарын танып, іскерлерін өсіріп, талайлардың қолтығынан
демеген, рақымы тиген. Сондықтан О.Жандосов бейнесі Жетісу облысындағы
мәдени, қоғамдық – саяси қызметте ерекше дараланып тұрады.
КСРО-ның саяси жүйесінің күйреуі, Қазан төңкерісіне қатысқан еліміздің
қайраткерлерінің өмірбаянына көлеңке түсіргенімен, олардың жүріп өткен
жолдарын зерттеуде ғылыми танымдық қызығушылықты жоғалтпайды. Тарихты қайта
жасау емес, одан тағылым алу қажет. Кеңестік дәуірдің тарихын зерттеу
арқылы социализм құрылысы кезеңіндегі Ә.Жангелдин, О.Жандосов,
С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов және тағы басқа жекелеген тұлғалардың жаңа тарихи-
өмірбаяндық келбетін қалыптастыруға негіз болады.
Осы кезеңдегі отаршылдық-жазалау мен ұлттық езгінің қалдығын жою және
саяси-әлеуметтік, ұлттық теңдік, ұлттық мемлекеттік саясат мәселесін
дамытуды көздеген азаматтардың бірі - Ораз Қиқымұлы Жандосов.
Бұл қарастырылып отырған Ораз Жандосов және Жетісудың қоғамдық –
саяси, әлеуметтік – экономикалық және мәдени өмірі (1917-1937жж.) атты
диссертациялық жұмыстың маңыздылығы – Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің
тарихына қоғамдық шығармашылықтың, қызығушылықтың өсуімен түсіндіріледі.
Кеңес үкіметі кезеңінің орнауы жылдарында Қазақ елінің ұлттық негізін
салғандардың ғылыми қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан объективті баға беру,
халқымыздың даму жолын тереңінен қарастырып қазіргі тәуелсіз еліміздің
әлемдегі лайықты орнын анықтауға мүмкіндік туғызады. Қазақ халқының ұлттық
тарихы мен мәдениетін, ұлттық өнерін дамыту мәселесі бүгінгі таңда да
өзінің өзектілігін жойған жоқ. Осыған орай Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1999 жылды
Ұрпақтар сабақтастығы және бірлік жылы, ал 2000 жылды Мәдениетті қолдау
жылы [2], - деп жариялаған болатын. Осы бағытта біздің халқымыздың тарихи
– мәдени құндылықтарын дамыту мен сақтау жөнінде шаралар әзірлеуге үлкен
қадамдар жасалуда.
Бұл қарастырылып отырған зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының
дамуы жолындағы мемлекет қайраткерлерінің жанкешті қызметінің айтылмай,
зерттелмей келген тарихи ақтаңдақтар бетін ашуға септігін тигізеді. Ораз
Жандосовтың өмірі мен қызметін зерттеу – Қазақстанның және Жетісу өңірінің
1917-1937 жылдар аралығындағы саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және
мәдени даму үрдістерін жеке тұлға негізінде ғылыми тұрғыдан зерттеу болып
табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырып өз бастауын кеңестік дәуірдегі
зерттеушілердің еңбектерінен алады. О.Жандосовтың әсіресе, 1916 жылы
Жетісудағы аса ірі көтерілісті патшаның жазалаушылары басып тастаған кезде
Ғылыми жұмыстың деректік негізін ғылыми айналымға енбеген мұрағат
құжаттары құрап отыр. Зерттеу жұмысы тікелей О.Жандосовтың өзі
болғандықтан, біріншіден, оның сол кезеңде жарық көрген газет-журналдардағы
мақалалары мен қолжазбалары және мемлекеттік қызметін талдап көрсетудегі
мұрағат қорларының өзіндік орны бар. Сондай-ақ, мәліметтік жинақтар мен
естеліктерді және баспасөз материалдарындағы О.Жандосовтың суретші-
каррикатура, журналистика, әдебиет саласындағы қызметі туралы зерттеулер
құрайды. Ретімен келтірер болсақ, О.Жандосовтың 1916-1920 жылдардағы Жетісу
өлкесінде Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрескер саяси қызметін
саралаудағы Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының (БК(б)П 141 және
139 қорларының) рөлі айрықша болды. Бұл қорларда О.Жандосовтың мәдени
ұйымдастырушылық істеріне қатысты және қоғамдық қызметі туралы деректер
топтастырылған. Сондай-ақ, О.Жандосовтың қазақ съездерінде сөйлеген
сөздері, осы кездері атқарған қызметі, әрі халық шаруашылығының қайшылықты
мәселелеріне жауап беретін деректер молынан кездеседі. Сонымен қатар, (725,
2, 666)
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты қорларынан
алынған мұрағаттық деректер Жетісу облысында 1921-1922 жылдардағы іске
асырылған жер-су реформасы кезіндегі О.Жандосовтың көзқарасы мен
ұстанымдарын талдап шешудегі қызметі және оның нәтижелері туралы көптеген
мағұлматтар береді. Ондағы Қазақ АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің (30
қоры), Тәркілеу комиссиясының (135 қоры), Жер ісі Халық Комиссариатының (74
қоры), Ағарту Халық Комиссариатының (86 қоры), ҚазПИ-дің (1142 қор) және
тағы басқа құжаттар қоры негізге алынды.
Алматы Облыстық Мемлекеттік Мұрағатының 489, 488 және 370
қорларынан алынған мұрағаттық деректерінде О.Жандосовтың Кеген ауылпарткомы
хатшысының қызметін атқарғандығын және оның ауыл шаруашылығын дамытуды
қолға алуды ұсынуда жүргізген іс-шаралары туралы деректер көптеп кездеседі.
Сонымен қатар, оның Жетісу өлкесінде Ақындарды іске жұмылдыру туралы
ұсынысы облыстық ұлттар ісі бөлімі коллегиясында қаралғандығы және
қайраткердің қоғамдық-саяси қызметінің мазмұнын ашуға септігін тигізді.
Сонымен қатар, О.Жандосовтың баспасөз саласындағы атқарған қызметі мен
қоғам қайраткерлігіне дәлел ретінде, осы кезеңдегі оның Көмек, Кедей
еркі Қызыл Қазақстан, Еңбекші қазақ, Советская степь газеттерінде
жарық көрген мақалалары кеңінен пайдаланылып, зерттелді.
Зерттеу жұмысында Кеңес үкіметі кезінде жарық көрген еңбектер мен
қазіргі заман тұрғысында жазылған зерттеулер салыстырмалы тұрғыда
жүйеленіп, сараланып берілді.
Нысанаға алып отырған зерттеу жұмысымыз аталған кезеңдегі жалпы Жетісу
өлкесіндегі саяси-әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық жағдайы қалай
дамыды, қандай заңдылықтар мен ерекшеліктері болды, оны өзгертіп дамытуда
О.Жандосовтың алатын орны мен қызметі, оларды қазіргі тарихи сана
тұрғысынан қалай бағалауға болады, осы тақырып төңірегінде қандай
зерттеулер мен еңбектер жарық көрді, оған біздің көзқарасымыз бен ойымыз
қандай болуы керек деген сауалдарға жауап береді деп сенеміз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмысының
негізгі мақсаты О.Жандосовтың өмірінің барлық кезеңдерін қамти отырып, оның
Жетісу өңіріндегі қоғамдық-саяси, мәдени, ағарту саласын дамытудағы
қызметінің маңыздылығы мен ерекшеліктерін қазіргі көзқарас тұрғысынан
зерделеп, жан-жақты зерттеу болып табылады. О.Жандосовтың Қазақстанның ХХ
ғасырдың 20-30 жылдарында дамып-өркендеуіне зор үлесін қосумен қатар,
ұлтына жанашыр ұлтжанды қайраткер болғандығын дәлелдеу. Сондықтан қойылған
мақсатқа қол жеткізу үшін біздер алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
-О.Жандосовтың өмір жолын зерттей отырып, оның қоғамдық-саяси
көзқарасының қалыптасуы мен мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін өсуіне
түрткі болған жәйттерді саралау;
-төңкерістер барысындағы саяси бағытының айқындалуына шешуші рөл
атқарған негіздерге тоқталып, оның саяси қызметке араласуының алғашқы
кезеңдерін бейнелеу, мемлекеттік лауазымының күрт өрлеуінің себептерін
зерттеу;
-1921-1922 жылдарда Жетісу өлкесінде жүргізілген жер-су реформасының
жергілікті халық арасында ел мүддесіне тиімді шешілуіне қатысы және Қосшы
одағындағы қазақ кедейлерін жермен қамтамасыз етудегі қызметіне қазіргі
көзқарас тұрғысынан баға беру;
-Жетісу облысындағы халық шаруашылығын дамытумен сауатсыздықты жою
өзара тығыз байланыста қарастырылып, өзіндік ұстанымы мен ой-толғамы бар,
балама даму жолын ұсына алған О.Жандосовтың жеке тұлға ретінде еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін, отандық тарихнамада тиісті
орын алатын қайраткер болғандығын дәлелдеу;
-1928 жылы Халық Ағарту Комитетінің төрағасы болған О.Жандосовтың
бүгінгі таңда өз маңыздылығын жоймаған жоғары оқу орындарын ашудағы мақсаты
мен зиялы қауымның сол кезең талабынан туындағанын айқындау;
-О.Жандосовтың Жетісу облысындағы қоғамдық қызметінің мазмұнын ашып,
одақтық дәрежедегі қайраткер болғандығын дәлелдеу барысында елеусіз,
ескерілмей келген деректер мен мұрағаттық құжаттарды ғылыми айналымға
енгізу.
Ғылыми жұмыстың зерттеу нысаны Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы
кезеңіндегі зиялы қауымның қазақ елінің келешек өмір сүру жолдарын
нұсқауының саяси-әкімшілік, қоғамдық-мәдени, әлеуметтік-экономикалық
жағдайын дамытудағы барысы болып табылады. Ондағы негізгі қарастырылатын
мәселе Кеңестік одақтар құрамында болған Қазақстан мен Қазақ елінің өз
алдына дербес мемлекет болу жолында күрескен О.Жандосовтың қоғамда атқарған
қызметі мен алтын орны.
Зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы. О.Жандосовтың қоғамда
атқарған қызметі жылдары, яғни 1917 жылдан 1937 жылға дейінгі аралықты
қамтиды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі ғылыми принциптерге
негізделген. Нақтылы фактілік материалдарды және мұрағатттық құжаттарды
зерделеуде объективтілік, тарихилық, бір ізділік сияқты сапалық, жүйелілік
және салыстырмалы талдау, қорытындылау сияқты жалпыға бірдей белгілі
әдістер негізінде жазылды. Бұған дейін О.Жандосов жайлы жарияланған
мақалаларда оның мемлекеттік қоғамдық-саяси қызметі тұрғысынан ғана
талданып, шешіліп келген болатын. Сондықтан бұл зерттеудің үлгісіне
О.Жандосов туралы соңғы жылдардағы жарық көрген мәдени даму саласы
тұрғысындағы зерттеу еңбектері негізге алынып, қоғам қайраткерінің атқарған
қызметі мен алатын орнын зерттеу тарихи қажеттілік ретінде алынып, тарихи
үрдістің шынайы тұрғысынан қарастырылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу барысында алдыңғы
қатарға мына мәселелер шығарылды:
- О.Жандосовтың 1917 жылғы Жетісу өңірінде Кеңес үкіметін орнатудағы
Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы. Зерттеу жұмысының
нәтижесін жеке тұлғалардың ара қатынасын анықтап баға беруде
зерттеушілердің пайдалануына, сондай-ақ, Қазақстан тарихына арналған
оқулықтарды жазуда, әрі жоғарғы оқу орындарында жеке тұлғалардың қызметіне
қатысты дәрістерді жүргізуде зерттеу жұмысының нәтижелерін кеңінен
қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация жұмысы
кіріспеден, негізгі мәселені қарастыратын үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізбегінен тұрады.

1.1 О.Жандосовтың өскен ортасы мен саяси көзқарасының қалыптасуы
Ораз Қиқымұлы Жандосов өмір сүрген тарихи кезең өзінің күрделі
сипатымен қазақ халқы мен оның зиялыларының жүріп өткен жолында ерекше орын
алады. Бұл арада қайраткердің өмірде ұстанған саяси және азаматтық
позициясын тура және терең түсіну үшін алдымен өзгеріске ұшырап отырған
саяси билік пен қазақтың рухани жетекші және билеуші топтарының
арақатынасын мүмкін болғанша дәлірек түсінген жөн. Оларды белсенді саяси
қызметпен айналасуға мәжбүр еткен мәселелер жер мәселесі, ұлттық мүддені
қорғай алатын мемлекеттік жүйеге кіру болатын. Сол арқылы ұлттық
құндылықтарды сақтап қалуға мүмкіндік туғызатын жағдай қалыптастыру және
басқа көптеген түрлі қоғамдық мәселелер өз шешімін таппаған еді.
Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы жылдары Республикамыздың тарихында
ерекше орын алады. Уақыт өткен сайын еліміздегі европалық және мұсылман
коммунистерінің ара қатынасы шиеленісе түсті. Ондағы негізгі қайшылық ұлт
мәселесі төңірегінде қалыптасты. Бүгінгі таңдағы ұлттық санадағы терең
өзгерістер, әкімшіл-әміршіл жүйе жылдарындағы орныққан кейбір қатаң
танымдарға сын көзбен қарауды қалыптастыруға бағыт ұстанғандығын байқатады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі мемлекетіміздегі жаңарулармен тың
серпіндер тарихымыздағы ақтаңдақ беттердің орнын толтыруды, оқиғалар мен
құбылыстарды жаңаша көзқарас тұрғысынан бағалауды қажет етеді. Кеңестік
дәуірдегі зерттеулерде қазақ зиялы қауым өкілдерінің халықтың саяси-
қоғамдық жағдайында алатын орны мен атқарған қызметтерін қарастыру өте
маңызды.
Қоғамның әр түрлі саяси бағыттағы және әр текті күштерінің патша
үкіметіне қарсы топтасуына бірінші дүниежүзілік соғыс айтарлықтай рөл
атқарды. Қарулы күштердің майдандарда жеңіліске ұшырауы орыс халқына ауыр
тиді. Ал патшаның бұратаналарды майданның қара жұмыстарына шақыру туралы
жарлығы ел тылында патша өкіметіне және ол бейнелейтін ұлттық езгіге қарсы
1916 жылғы қарулы көтеріліске әкеп соқты. Қазақстанда көтеріліс 1916 жылғы
25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Соғыс жылдарында
жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы
өлшеусіз өсті. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстары
жерлерін қоныстанушыларға жаппай тартып алу тоқтатылмады. Бір ғана Жетісу
облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 десятина жақсы жайылымдық және
егістік алқаптар тартып алынып, қазақтар мал шаруашылығымен айналысуға
қолайсыз таулы, сусыз жерлерге ығыстырылды. Салғырт салығы бойынша тыл
жұмыстарына Қазақстаннан, Орталық Азиядан 400 мың адам, соның ішінде
қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды.
Егер өлкедегі қазақ шаруашылықтарының саны 700 мыңнан асатынын ескеретін
болсақ, әрбір үшінші шаруашылық қызметкерінен айырылады екен. Ал сонымен
бірге мұндай мөлшерде жұмысшы қолын әкету ұлттық ауқымдағы сұмдық апатқа
айналатын еді.
Осындай қазақ халқы үшін ауыр тиген кезеңдердің біріндегі ұлт
бостандығын көксеген он жеті жастағы Ораз Жандосов Қазақстанда 1916 жылы
болған ұлт азаттық қозғалысқа белсене қатысады. Жетісуда ұлт азаттық
қозғалысын басқаруда қолына бостандық туын ұстаған халық батырларының бірі
Бекболат Әшекеұлы еді. Көптеген көтерілісшілер осы Бекболат батырдың тобына
қосылғаны белгілі [2]. О.Жандосов сол кездің өзінде-ақ халқымыздың аяусыз
езгіде, тепкіде отырғанын түсінген еді.
Верный ерлер гимназиясында оқып жүрген жас О.Жандосов Жұбаныш Бәрібаев
және Тоқаш Бокинмен бірге патша үкіметіне қарсы астыртын ұйымға мүше
болған. Көп ұлтты Верный қаласын ақ казактардан қорғауға белсене қатысқан
О.Жандосовқа большевиктер идеялары түсінікті еді. Алайда туған ұлтына
қызмет ету О.Жандосовтың басты мақсаты болғанын, оның бүкіл кейінгі қызметі
дәлелдейді. Тарихи деректер оның осы жылдары Күрті және Ботбай
болыстарындағы наразылыққа қатысушылар арасындағы әйгілі Б.Әшекеевті
тұтқыннан босатуға әрекеттенгендігін және Жетісудағы көтеріліс басшыларының
бірі Қырбай Бозымбетовты біраз жігіттермен бірге тұтқыннан босатқанын
айтады.
1916 жылғы көтеріліс туралы О.Жандосов былай дейді: ...Көтерілістің
басты себебі – жер мәселесі, отарлау саясатымен, әрі жергілікті тұрғындар
мен қоныс аударушылар қарым-қатынасымен де тығыз байланысты. 1916 жылғы
көтеріліс саяси құбылыс. Көтеріліс мақсаты – патша қанауынан азат ету. Ал
оның сипаты ұлттық сипатта [3]. Ол жергілікті халық пен сырттан осында
қоныс аударып келгендер арасындағы қақтығыстарда әрқашанда алғашқылар
жағында болды. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс қазақтың әйгілі Ақтабан
шұбырындысынан кейінгі руға, жүзге бөлінбей, бір жағадан бас, бір жеңнен
қол шығарып, жұмылып тізе қосуы болды. Осы жылы шыққан патшаның жарлығы
қазақ халқының шыдамдылығының шегі болды. Қазақтардың шұрайлы жерін тартып
алып еркін қоныстанған орыстар, халықтың күнкөрісін бұрынғысынан да
нашарлатты.
1926-21 жылдары Күрті болыстығының ревком төрағасы Ыбырай Мүсірепов
Ораз Жандосовтың 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісіне қатысуы туралы жазған
еді. Онда: 1916 жылдың тамыз айының бас кезінде Күрті болыстығына
О.Жандосов келді. Өзі жап-жас жігіт екен. Ол Сібірге айдалып он үш жыл
жүріп келген Нұрқожа Ыбырайұлының үйіне түсті. Н.Ыбырайұлы бұл кезде дүние
салған еді, бірақ жас жігіт бұрыннан онымен таныс болса керек. Ол көп
адамды шақыртты. Жас жігіт патшаның қазақтарға істеп жатқан зорлық
зомбылығын айтып бізді көтеріліске аттануды, сөйтіп Бекболат Әшекеевке
қосылуды тілейтінін білдірді. Ол патша үкіметі құлайды, ол боркеміктеніп
бос тұр – деп айтқанда, үлкендер жағасын ұстаған. Бірақ жердің шұрайлысынан
айырылған халық өзі де ашылып отырғандықтан, көпшілігінің келіскендігі
түсінікті еді. Әсіресе бұл сөзді қоштаушы біз кедейлер – мен, О.Жандосовтың
туыс ағайыны Бейсебай Қаратаев, Қашабай Жарқынбаев және тағы басқалары.
Тіпті осы болыстықтың биі Қожанбет Қилыбай ұлы да мақұлдады. О.Жандосовты
қоштаған жүз шақты адам кетпен, шалғы, айыр, ашамен қаруланып, оның соңынан
ерді.
О.Жандосов оларға Ленин туралы айтып, қазақтардың өздерін өздері
билеуге жол аша алатындығын түсіндірді. Содан біздің арамыздан мен және
Б.Қаратаев екеумізді әскер басшысы етті. Біз жолға шығып, жоғарғы
Ақсеңгірдегі Ботабайларға барып қосылдық. Оларды да ұйымдастырған Ораз
Жандосов екен. Олардың басшысы Бейсенбай Қарынбаевты сайлапты. Біз олармен
қосылып телеграф сымдарын үзіп, Бекболат Әшекеевке қосылдық. Патшаның
жазалаушы отрядына қарсы шықтық. Қазақтарда мылтық аз болғандықтан бұл
күресте қазақтар көп жараланды, ал өлгендерді қай ауылдікі екенін білдірмеу
үшін алып кетіп отырдық. Ақырында отаршылардың біреуі ту ұстаушы Иісбайды
жаралап, туды құлатты. Осы шайқаста патша әскері жеңіп, ауылға тап берді.
Осы ұрыста Бекболат Әшекеев, Кембай Ниязбеков, Бейсебай Қаратаев және тағы
басқалары қолға түсті. Оларды Алматыға қарай жаяу әкетті. Олар Қаскелеңнен
(Алматы облысы) өткенде О.Жандосов бастаған бір топ жазалаушы отрядқа қайта
шабуыл жасадық. Біз Бейсебай Қаратаевты, Қырбай Бозымбековты босатып алдық.
Көтеріліс басылған соң жазалаушы отряд елге шығып жазалауға кірісті. Біздің
еліміз құмға қашып көшті. Көтеріліс басшылары – мен, Бейсебай Қаратаев
қашып кеттік. Ораз Жандосовтың да аман құтылғанын білдік.
Жазалаушы отряд біздің болысымыз Қожбанбет Қилыбайұлын, Асқар
Ыбырайұлын, Қыздарбек Қожбанбетұлын және тағы басқаларды қамауға алып,
Алматыға алып кетті. Олардың барлығы Патшаға солдат беруге қарсы болды.
Енді жазалаушы отрядтың іздегені біз болған соң, біз Алматыға қаштық. Ал
ботбай көтерілісшілерінің басшысы болған Бейсебай Қарынбаевты, Шәрапиді
ұстап алды дегенді естідік.
Кейіннен Жетісу көтерілісінің ардагерлері болған Бекболат батыр мен
Байбосынды дарға асты. Артынан Қалығұлды ұстап, атып тастады. Ал
көтеріліске басшылық еткен, саяси, жағынан шыңдап дем беруші Ораз Жандосов
пен Тоқаш Бокин екеуі аман құтылды. Соңында жазалаушы отряд Тоқаш Бокинді
де ұстап қамады. Жұртшылық Ораз Жандосовты құтқарып, оны айлалап Алматыға
жеткізді – деп жазылған [5].
Сол түні О.Жандосов түнделетіп Алматыға кетер алдында Жайылмыс
ауылында қалған бір кітабы табылмай қатты қиналған.
– Өзің аман құтыл, шырағым, кітап құрысын, – деседі қан көрген дос-
жарандары.
– Ол кітап табылмаса мен рас аман болмаймын, – деп жауап берген Ораз.
Ақыры ол кітап табылған. Ол неміс тілінде шыққан Vorbote деген журнал
екен. О.Жандосов онда басылған В.И.Лениннің Социалистік революция және
ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы деген тезистерін Бекболатқа аударып берген
[6].
Ораз Жандосовтың осы 1916 жылға тән белсенді әрекеті өз ұлтының патша
солдаты болуына қарсылық көрсетуі негізге алынып, қазіргі уақытта
Жетісудағы қазақ қайраткерлерінің ішіндегі біріншілердің бірі болып
аталады. Сондай-ақ, Ораз Жандосовтың Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы ұлт
азаттық көтерілістегі ерлігі туралы Қалкөз Шалдыбаевта айтады. ...Менің
туған жерім Күрті болыстығы еді. 1914 жылы Шахворостовтың Қарғалыдағы шұға
фабрикасына жұмысқа орналастым. 1916 жылдың жазында Бекболат Әшекеев
Үшқоңырға ту тігіп, патша үкіметіне қарсы көтеріліске дайындық жүргізді.
О.Жандосов төменгі Ботбай еліне (Ақсеңгірді жайлайтын бір мың үй жатақты
осылай дейтін), Күрті елін бастап Бекболатқа қосылуы тиісті екен. Олар осы
көтерілісте жеңіліп, көпшілігі патша әскерінің қолына түсті. Мен осы күні
түнде Ораз Жандосовты түнделетіп Алматыға әкетпек болдым. Оның аман
құтылуын бүкіл ел тілеп отырды – дейді [7].
Жетісу аймағын тегіске жуық дүрліктірген осы саяси жағынан шыңдаушының
бірі Ораз Жандосов бұл кезде гимназия оқушысы болса да, ел алдында қоғам
қайраткеріне тән іс танытты. Осы 1916 жылға дейін гимназия қабырғасында
өткен оның сегіз жылы саяси сауатын тіптен ілгерлетіп жіберіп еді.
Көтерілісті дайындаушы ретінде жұртқа да, патша чиновниктеріне де мәлім
болған Тоқаш Бокин О.Жандосовпен ақылдаспай мәселені шешпейтін. Нақ осы
кезде О.Жандосовтың Жетісуға да таң атады - деген сөзі жұрттың аузынан
жиі естуге болар еді. Қаскелең тауында утас өртейтін әкесіне бара жатқанда,
жұмысшылармен болған әңгімеде айтқан нақ осы сөзі қанатты сөзге айналып
тарап кетті. Көтеріліс алдында ғана сенімсіз деп танылған Жайылмыс болысы
Әбділда Бекболатовтың (көтеріліс қолбасшысы Бекболат Әшекеевтің баласы)
орнына төтенше өкілдікпен Бейсенбай Шалбаржапов сайланды. Анық көзі жете
қоймағанымен патша өкіметінің жендеттеріне жіберген жақсылық хаттарында
Б.Шалбаржаповтың Тоқаш Бокинге Ораз Жандосовты алғаш тіркей жазуы да сол
жұрт арасына тараған сөзден болды. Кейін бұл сөз шындыққа айналды. Дегенмен
атаман А.Малышевтан қаймыққандықтан Б.Шалбаржапов О.Жандосовтың атын сирек
атауға тырысты. Көтеріліске әзірлік жүріп жатқанын тыңшылар арқылы хабар
алып отырған Б.Шалбаржапов Б.Әшекеевтің жанында Т.Бокинмен бірге
О.Жандосовтың бар екенін естіді. Тіпті О.Жандосовтың Б.Әшекеевке
бірдемелерді оқып беріп отырғанын көзімен көргендер де болып шықты.
О.Жандосовтың әкесі Қиқым Жандосовтың А.Малышевтар жанұясына адал жалшы
болып кездесті, сондықтан да А.Малышев О.Жандосовтың жағдайын үнемі сұрап
тұрған [ Қыдырбекұлы Б. Ораз Жандосов. А.:Жазушы. 1967 -12-16 бб.].
Ораз Жандосов ұйымдастырған Алматы ер балалар гимназиясындағы ағарту
үйірмесінің кезекті мәжілісінде О.Жандосов, Г.Федоров, М.Ставровский
бастаған большевиктік қанаты бөлініп шықты. Жастар арасында буржуазияға,
байларға қарсы үгіт-насихат жүргізіп, олар революциялық жастардың
ұйымдастырушысы болып, кейін олардан Жетісудің бірінші комсомол ұйымы
құрылды. Олар көп кешікпей полиция тізіміне түседі.
Алматы уезі болыстығының орынбасары Базиловскийге Жайылмыстың төтенше
құқылы болысы, полиция тыңшысы Б.Шалбаржаповтың О.Жандосовтың үстінен
жазған арызы тігіліп, оның Садақ журналында жарық көрген мақалалары
қарала бастады. Осының артынша патша жендеттерінің қолында алты ай бойы
абақтыда отырған Тоқаш Бокинді абақтыдан босату туралы, оны ақтаған алты
жүз адам қол қойған үкім келіп түседі. Бұл үкім ұйымдасқан зор күшті
көрсетті. Тергеуші Поротиков үкімді алып келген Молдахмет Ыстыбаев
болғанымен мұндай зор іс шала сауатты адамның қолынан келмейтінін анық
түсінді. Ол бұл үкімге О.Жандосов сияқты оқыған қазақтың үлесі бар деп
қарады [ Қыдырбекұлы Б. Лениншіл жас. 1964, 20 ақпан, 3б.].
1916 жылы Жетісудағы аса ірі көтерілісті патша үкіметінің
жазалаушылары басып тастаған кезде іргелес Қытайға өтіп кеткен қазақтар мен
қырғыздардың туған жерлеріне қайтып оралуына қатысуы туралы деректер
сенімді құжаттармен дәлелденеді. Бұл туралы Түркістан АССР-інің Жетісу
облысындағы азық-түлік комиссариатының уәкілі болып істеген А.М.Конторщиков
былай деп жазады: Ораз Жандосовтың ұлттық мәселедегі көзқарасы барлық
уақытта ештеңемен келіспейтіндей, берік те, жігерлі болатын. Ол кезде уақыт
осылай болуды талап етті. 1916 жылдан бастап патша самодержавиесі қуғынға
алып, Қытайдың Құлжа провинциясына қоныс аударғандар, қайта орала бастаған
ұлт өкілдерін орналастыру мәселесі тұрды. Олар отандарына жеке бастарын
жеткізудегі армандарын орындап, қайта еліне оралды. Осы аса күрделі
мәселені шешуге қазақтың маңдайына біткен жігерлі азаматтары белсене
араласты. Соның бірі – Ораз Жандосов. Оның арқасында Жетісудағы оған
қатысты аймақтардағы осы мәселе оңды шешіліп, босқындар туған жерлеріне
ойдағыдай жайғасты... [4].
1917 жылдың қазан айы ішінде алғаш қар түсті. Сол күні аяғыма бір
етік сатып алайын деп Ысқақбай дүкендеріне (кәзіргі Ұлы жібек жолы
көшесіндегі дүкендер) барып едім. Оның оқыған баласы Құддыс Ғабдуалиев жас
қазақ жігітін татарша ащы тілмен тілдеп жатыр екен. Ал анау дүниеде ештеме
болмағандай сап-салқын, жай ғана тұр.
– Байларды жамандағанда саған патша орнын бере ме, ел басқаратын мына
сен болмақпысың...– деп төптеп жатыр. Жас жігітке жұрт қарай қалды. Мен
қасымда тұрған ұйғыр жігіті Емелевтен бұл бала кім деп сұрап едім, ол
гимназияда оқиды. Осы жылдың басында гимназияда патшаға қарсы ағарту
үйірмесін ұйымдастырған деседі – деп беймәлім ғана жауап берді. Әлгі жігіт
осы дүкен алдынан ұзап кетпеді. Содан бір кезде оның жанына Березовский
келді (оның Березовский екенін де кейін білдім). Екеуі осы дүкен алдында
ұзақ сөйлесті. Содан есімде әлденеге қобалжи қалдым да сәлден соң басылдым.
Сәлемдескеннен кейін Өтепов: Маған қалай сенсеңдер, бұл кісіге де солай
сенуге болады – деп екі жігіттің бетіне қарады. Мені білесіз бе? – деді
Тоқаш Бокин маған қарап. Ал мына жігіт Ораз Жандосов.
Нақ осы жерде есіме бәрі де түсе кетті. Алматыдағы сауда капиталы
Ғабдуалиевтің қазан айында мұны неге тілдегені енді маған түсінікті болды.
Мен бұл жігітті тіпті жақсы білетін болып шықтым. Өйткені осында шыққан
Садақ журналында жергілікті буржуазияға қарсы талай жазған мақаласын оқып
едім. Ғабдуалиевтерді шымшып шыдатпай тұрған да сол жұртты жеген, тонаған
деген сөздер екен [4]. 4 ҚР ПМ қор 811, тізбе 4, іс 265, парақ 16-20
О.Жандосов Жетісу өңіріне қатысты саяси, шаруашылық, мәдени
мәселесіндегі өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын ел алдына осы баспасөз
арқылы таратып отырды. 1917 жылдың күзінде Верныйда Объединенный союз
мусульманских рабочих, Қарқаралыда Степной союз, Жаркентте Рабочий
союз ұйымдары жұмыс істеді.
Қазіргі Жетісу газетінің арғы тегі саналатын Көмек газетінде жарық
көрген Жетісу уәлаяты ұлт істері бөлімінің 2-төтенше съезінде деген
хабарда сол жиынға қатысқан әркімнің сөздерінен үзінділер келтірілген. Олар
қазақ халқының кеңес өкіметін құшақ жая қарсы алғандығын жарыса айтып
жатқанда мінбеге Ораз Жандосов шығып: Қазақ-қырғыз халқы кеңестер өкіметін
шын ықылас беріп мақұлдады деген сөз артығырақ көрінеді, – деген сөзі өз
халқына бас болған дара тұлға екендігін көрсетеді [5]. 5 Етекбаев М. Ораз
Жандосов. Білім және еңбек. 1967. № 11.–7.
Садақ журналын Уфадағы Ғалия медресесінде оқып жүрген қазақ
жастары 1913-1918 жылдары шығару арқылы мәдениетімізге үлкен олжа
сыйлағанын айрықша атау қажет. Өйткені бұл журнал қазақ жастарының халықпен
тікелей сұхбаттасуына ықпал етті.
О.Жандосовтың Садақ журналындағы орны туралы кейін А.Розыбакиев
Өткеннен бірер бет атты естелігінде: Әсіресе барлық қалаларда, тіпті
қыстақтарда алдырып оқитын оқушылары болған біздің сатиралық журналымыз
Садақ үлкен табыспен пайдаланылды деп жазды. 1916 жылдары халық арасында
өзіндік қызығушылық тудырған журнал баспасында О.Жандосов сурет жинаушы
қызметін атқарып, өзінің алғашқы мақалаларын осы журналда жарыққа шығарған
еді. Кейін ол өзінің журналистік қызметін Мухбир, Көмек, Ұшқын,
Кедей еркі газеттерінде жалғастырды [3]. 3.Кожакеев Т. Болашақты
барлаушы. Қазақ әдебиеті.–1999. 5 мамыр.44-45 беттер.
Міне көріп отырсыздар ел басына төнген күйзелісті жеңу жолындағы
О.Жандосовтың жанайқайы осындай. Өйткені әлеуметтік және ұлттық езгінің
күшеюі, соғыс салдарынан болды. Халық бұқарасының қайыршылануы,
қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке
халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды. Соғыс Ресей
империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін
тездетті. Қазақстанның, Орталық Азияның барлық дерлік аудандарын қамтыған,
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды.
1.2 Ораз Жандосов 1917 жылдардағы қос революция кезеңінде.
Кеңес үкіметі байлардың жерін, дүние-мүлкін қарапайым халыққа күшпен
алып беріп, байлар мен кедейлердің жағдайын теңестіргісі келді. Жергілікті
әкімшілік халықтың әлеуметтік жағдайын көре тұра, кедейлерді және олардың
әйелдерін халықты басқару ісіне араласуға шақырды. Бұл іспен тек
материалдық жағдайы бар, малы бар, қарны тоқ адамдар ғана айналыса алады.
Бұл кезде қазақ халқы саяси-мәдени жағынан артта қалған еді. Қазақтардың
кәсібі әлі де жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Өлкедегі саяси-
қоғамдық және мәдени жағдайды жақсарту ісінде қарапайым халықтың әлеуметтік-
экономикалық жағдайы ескерілмеді [1].
1918 жылдың жазында Үшқоңырға Ораз Жандосов келіп жиналыс өткізіп,
большевиктердің бағдарламасымен таныстырды. Халық большевиктерді жақтап
шықты. Кеңес өкіметі орнамай тұрып-ақ, жергілікті Садақ журналына мақала
жазып тұратын О.Жандосов бұл кезде бүкіл Жетісу қазақтары отаршылардан
жерімізді қайтарып берді – деп көсем көруші еді. 1919 жылдың мамыр айында
обком секретары О.Жандосов Күрті болыстығына тағы келді. Ол бұл жолы партия
ұйымын құрды. Оның алғашқы мүшелері болып Әлімқұл Төленғұтов, Жарас
Әжібеков және тағы басқалары өтті [8]. Оған дәлел – О.Жандосов Лепсі
уезінің қазақ кедейлеріне арнаған үндеуінде:Облыстық революция комитеті
осы үндеуді сіздерге арнай отырып, сіздерді жазға дейін шыдай тұруға
топтасып бірігуге, қатарға қосылуға шақырады. Қазір Кеңес үкіметі 200 мың
пұт астықты жеткізуді шешті. Оны тасуға көлік жетіспей жатыр. Сіздерге бұл
астықты жеткізу үшін Қапал және басқа уездердің елі арбалары мен аттарын
бөлуге тиіс. Біз оны міндетті түрде жүзеге асырамыз. Сіздерді астықпен
қамтамасыз ету мақсатында Семей облысымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз [
АОММ қор 488, тізбе 1, іс 29, парақ 9]. О.Жандосов елдің осындай ауыр
жағдайына қабырғасы қайысқандығы соншалықты, көктемнің әр күні жылға азық
деп есептеп, өзі басқарған бөлімдегі екі атты көктемгі егіске жерді жырту
үшін қосқа қосуға қаулы етіп бекітіп берген.
О.Жандосов Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатуға белсенді қатысты.
1918 жылдың сәуірінде тұңғыш рет қызыл әскердің полкына өз еркімен кіріп,
қоршаудағы Верный қаласын қорғасты. Мамыр айынан қыркүйек айына дейін
Верный депутаттар кеңесінің нұсқаушысы болды. Нақ сол күндерде Верный
комсомолдар ұйымын құруға белсене қатысқан О.Жандосов ауылдарда Кеңес
үкіметінің орнауына, жер-су реформасын іске асыру комитеттерін құру жолында
көп жұмыстар атқарды.
1918 жылы қазан айында Верный уезіндегі Шамалған болыстығының
еңбекшілері Ораз Жандосовты Кеңестік Жетісу облыстық 1-съезіне делегат етіп
сайлады. Ол делегаттардың көпшілігін өз төңірегіне топтастырған съездің
большевиктік фракциясының жұмысына қатысты. Съезге қатысушылар Оразды
облыстық атқару комитетінің мүшесі етіп сайлады. Сөйтіп ол ұлт істері
жөніндегі бөлімді басқарды. Жастайынан елдің жағдайын жақсартудағы
жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен атқарған О.Жандосов үшін осы ұлт істері
жөніндегі бөлімді басқару оның келешекте қоғам қайраткері болуына себеп
болды.
1918 жылдың қараша айында О.Жандосов партия қатарына өтеді. Партия
комитетінің тапсыруы бойынша О.Жандосов жергілікті жерлерде Кеңес үкіметін
орнатып, одан әрі нығайту жөнінде бірқатар шаралар жүргізді. Оның белсене
қатысуымен Көмек, содан соң Ұшқын газеттері шығарыла бастады. Ол ұлт
кадрларын даярлауға, сауатсыздықты жою жолындағы күресте мектептер ашуға,
қазақ тілінде оқулықтар басып шығаруға көп көңіл бөліп, оның жолында
көптеген жұмыстар жасады. Көшпенді қазақ халқына отырықшы өмірдің
артықшылықтарын түсіндірді. 1919 жылы 25 наурызда Жетісу облысы Кеңесінің
төтенше ІІ съезінде Ораз Жандосов басқаратын бөлімнің жұмысына жоғары баға
берілді. Съездің ұлт істері жөніндегі секциясы былай деп қаулы етті:
О.Жандосов жолдасқа да, сондай-ақ ұлт істері жөніндегі облыстық бөлімнің
барлық қызметшілеріне де жемісті жұмысы үшін алғыс жариялансын [9]. Мұнан
соң революционер– журналист кирработник деген атау-ұғымға партиялық
мазмұн беруді ұсынды. Революцияның алғашқы жылдарында – деді ол, – адал,
ниеті таза, нағыз езілген тап кадрларының жетімсіздігінен партия, совет
жұмыстарына барлық хат танитын адамдар талғаусыз тартылды. Ұлт
интеллигенциясының патша өкіметі тұсында халықтың мүддесіне ешбір іш
тартпайтын тобы да кирработник болып шыға келді – дейді [10].
1917 жылы билікке келген большевиктер партиясы қазақ саяси элитасын
қоғамдық қызметтегі тәжірибесіне қарай екі буынға және жүздік-территориялық
құрылымына қарай бірнеше топқа бөліп, оларды ортақ ұлттық мүдде үшін
бірігуге мүмкіндік бермей күштер тепе-теңдігін сақтау саясатын жүргізді.
Сондай-ақ большевиктердің ұлттық басқарушы топ қатынасында кеңестік
биліктің нығая түсуімен қатар өзгеріске ұшырап отырды. Қазақстан ұлттық
интеллигенциясы 1917 жылы қазан төңкерісінің алдында қалыптаса басатады.
Оның саны мен құрылымы, білім және даярлық дәрежесі қоғамдық құрылыс пен
тұрмыс жағдайына байланысты болды. Оқиғалардың бұлай дамуымен Алаш
Жетісу өңірінде кеңес үкіметі орнағаннан кейін советтік қызмет
атқарған Қанағат Ходжаев өзінің Ораз Жандосовпен алғаш кездескені туралы
мынандай бір естелік қалдырған. Онда: 1918 жылдың ақпан айының бас кезі
еді. Үйімде кешке жақын етік жамап отыр едім, үйге үш кісі кіріп келді.
Біреуін сыртынан анық танитынмын. Бұл ол кезде қызмет істеп жүретін Тоқаш
Бокин еді де, екіншісі өзіме таныс, өзімдей етікші Тәшен Өтепов. Ал
үшіншісі әйтеуір Алматыдан көріп жүретін балғын жігіт. Тек бұрынғыдай
гимназия киімі жоқ, қазақша киінген. Оны қайда көргенімді біле алмай, біраз
ойланып тұрдым. Ақыры есіме түсірдім.
Осы кезеңде қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді халыққа насихаттауда
баспасөз шығармашылығы маңызды рөл атқарды. Біздің кейбіреулеріміз баспадан
шыққан кітапты мұра деп есептейді де, қолжазбаға немқұрайды қарайды. Әлем
әдебиеті әуелі қолжазбадан өсіп-өнген. Мәдениетті елдерде қолжазба
институттары ашылып, айрықша құрметтеледі. ХХ ғасырдың басындағы
төңкерістер тұсында оқу жүйесінің қожырай бастағанын көрген Ораз Жандосов
ұстаздыққа үйренетін мұғалімдік курстарды ұйымдастыруды ұсынып, Қазақ елін
ағартудың жедел шараларын іздестірді.
Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 1918 жылдары Заря
свободы, Трудовое знамя, Голос Алтая деген газеттер шығарылды. Бұл
газеттердің бір бұрышында қазақша аударылымдары жүрді. Осы кезде Қазақ
және Сары арқа газеттері мазмұнында Тіршілік газеті өз шығармашылығын
бастаған болатын [1]. 1. Нурпейсов К. Становление советов в Казахстане.
А.:АНКазССР, 1987.–С.23,78,216-217
Бұл газеттердің барлығы халыққа кеңес үкіметінің келешектегі
жоспарларының идеологиясын насихаттады. О.Жандосов 1917 жылы Верный
гимназиясында оқып жүрген кезінде-ақ, жастардың ағарту үйірмелерін
ұйымдастырушылың бірі болды. Ол жергілікті мұсылман ұйымдарына оппозицияда
болған сатиралық Садақ журналының қызметіне араласып тұрған.
Осы кездері О.Жандосов қазақ мектептерін ашуға басшылық етіп, өзінің
аса жігерлі қайраткер екендігін танытты. Сонымен бірге Еңбекші әйелдерінің
алғашқы одағын құруға да ат салысты. О.Жандосов теңдік алған кеңес
әйелдерінің құқығы жайлы халық арасында бірнеше рет қызық әңгімелер
өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Теңдікке, бақытқа қолы жеткен
қазақ әйелдерінің мемлекеттік істерге араласуына көмектеседі.
Бұл жылдары О.Жандосов ауылдарды отырықшылық өмірге шақырып, ауыл
мәдениетін көтеруді бірінші мақсатым деп санады. Ауылдарды аралап,
қоғамдық-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытты [2]. 2 ҚР ПМ
қор 141, тізбе 1, іс 491, парақ 7,8,10
1.3 Ораз Жандосовтың саяси-қайраткер ретінде қалыптасуы.
О.Жандосов өзінің шығармашылығында өз халқының мүддесін қорғауға, оның
ішінде кедейлерді жермен қамтамасыз ету үшін күресті. Оны әрқашанда мал
шаруашылығымен айналысуға жерінен айырылып, қайыршылыққа ұшыраған кедей
жанұяларынның ауыр жағдайы алаңдатты. Әсіресе, 1919 жылдары ол өзінің
мақалаларында қазақ ауылдарында жаппай тәркілеу жұмыстарының жүргізілуі
нәтижесінде, қазақтардың ежелден келе жатқан мал шаруашылығының азайып
қалуы, яғни көп жұрттың кедейленуі қатты қынжылтатындығын көп айтты.
Тіпті іс-қағаздарының тек орыс тілінде жүретіндігін, егер жергілікті
халық өкілі орыс қоныс аударушыларынан әлдене ұрлай қалса, не басқа бір
зиян келтірсе сол жазықты қазақтың бүкіл ауылы, руы жауапқа тартылатындығы
туралы заңның әділетсіздігін нақтылы дәлелдермен ортаға салады. Жиналысқа
қатысқандар Ораз Жандосовтың сөзін мақұлдап, 7 тармақтан тұратын қаулы
қабылдайды. Кейін осы қаулыға сәйкес 1919 жылы 29 мамырда 4766-нөмірлі
өкімет бұйрығы шығып, онда ұры-қары, бұзақы қылмыскер үшін бүкіл бір ауыл
немесе ру кінәлі емес, жауапқа тек жазықты қылмыскердің өзі ғана
тартылатындығы туралы айтылады [--]. Көмек газеті, 1919.–№40. 2 маусым.
Көмек газеті Жетісу уәлаяты мұсылман ұлт істері бөлімінің аптасына
екі рет шығарылатын қоғамдық-саяси және мұсылмандық түрік бұқарасының
газеті болды. Ол 1918 жылдың 12 желтоқсанынан шығарыла бастады. Жауапты
редакторы – Сабыржан Шәкіржан. Бұл кезде Ораз Жандосов Жетісу уәлаяты ұлт
істері бөлімін басқарады. Демек, Көмек газетін ұйымдастырып, шығаруда
оның еңбегі елеулі екені сөзсіз. Осы газеттің алғашқы 2-нөмірінен бастап-ақ
Ораз Жандосовтың аты кездесе бастайды. Мәселен: Жергілікті хабар деген
шағын тақырыпты оқып көрейік. Алматы мұсылман большевиктер партиясының 20
желтоқсанындағы мәжілісінде аштарға жәрдем беру мәселесі қаралды. Жарна жию
комиссиясына төмендегі аттары әйгілі жолдастар сайланды: Шәкір Мансұр,
Әлиев, Несіпалдин, Серікбаев, Закирев, Барипбаев, Жандос, Боранбай,
Көкішов, Тоқсанбай. Осы мәжілісте 205 сом жиналып, тиісті орынға тапсыру
үшін партия басшысы Ғабдолла Розыбақыға берілді [7]. Көмек газеті, 1919.
5 маусым. Бір ескере кететін жәйт, осы жылдардағы көп құжаттарға жоғарыда
жазылғанындай Ораз Жандос деп қол қойылыпты. Біз енді ғана заңдастырған,
кейбіреуіміз тегіміздегі тал қармағындай әлі жабысып айырылмай жүрген
овтан олар мәжбүрлеген сол кездің өзінде қашқақтаған екен.
Қазақстанда кеңес өкіметін орнатуды іске асыруда алдыңғы қатарда болып
халықтың мұңын жырлап, оларды бірлікке шақырған азаматтарымыз А.Жангельдин,
А.Майкутов. С.Сейфуллин, Т.Рыскулов, А.Иманов, Т.Бокин, Н.Нұрмақов,
А.Айтиев, О.Жандосов, А.Розыбакиев және тағы басқалары болды. Олар қазақ
халқына елдегі саяси-әкімшілік жағдайды түсіндіре келіп, Уақытша үкіметке
қарсы күреске шақырды. Ондағы мақсат билікті осы кезде құрылған Алаш
партиясына, яғни ұлттық мүдде үлесіне шешу еді. Олар қазақ халқының
әлеуметтік-экономикалық, аграрлық шиеленістің ұлтшылдықпен ұштастырылуына
қарсы болды. Осы кезде Ораз Жандосов та қазақтарды тапқа бөлуде, мал
шаруашылығын ұжымдастыруда басқаша көзқарас болған. Оны 1919 жылы
Үлкенсазда өткен төрт күнге созылған құрылтай құжаттарынан анық көруге
болады.
1919 жылы 5 шілдеде Үлкенсазда Жетісу уәлаяты ұлт істері бөлімінің
ұйымдастыруымен алқалы топ, салиқалы жиын ашылады. Оған 24 болыстықтан 300
өкіл, сырттан келгендермен қосқанда 400 адам қатысады. Төрт күннің ішінде
ел мүддесіне, ұлт болашағына қатысты қыруар түйіндер талқыланып, шешімін
тапқандай болады. Жиналыс қорытындысында ірі-ірі 8 түрлі тармақты қаулы
алынады. Соның бірі қазаққа ең қатысты мал шаруашылығы. Қазақтың ежелден
келе жатқан мал шаруашылығының азайып қалуы яғни, көп жұрттың кедейленуі
қатты қынжылтады. Халықтың шаруашылығын тез арада тегіс қалпына келтіру
үшін әсіресе, Жетісудағы халыққа төмендегі міндеттемелерді іске асыру
қажет: 1. Табан ақы, маңдай тері, күшінен басқалардың мөлшерден тыс
пайдалануынан еңбекші халық құтқарылсын. 2. Қазақтың ескі мал шаруашылық
жолы қаралып, ол егін шаруашылығынан даралансын. Шаруашылыққа ғылым көмекке
келіп, мал тұқымы асылдандырылсын. Сонымен бірге егінші және жалпы жұртты
көшпенділіктен отырықшылыққа айналдырып, өкіметтің жер-су турасындағы заңы
бойынша оны пайдалану жолымен таныстырылсын. 3. Қазақ-қырғыз жұртының
күнелтуін жеңілдету үшін жалпыға бірдей еңбек заңы бойынша... еңбекке
жұмылдыру іске асырылсын. 4. Қазақ-қырғыз, тараншы арасында қолөнері: тоқу,
тігу, иіру, ою, сыру, өру, басу, түту, соғу, пішу, есу, сызу және басқа
күнкөріске көмекші кәсіптерді дамыту үшін өкімет тарапынан құрал-жабдық,
көмек берілсін. 5. Қазақ халқының өзіне керекті жер-суы, жайылымы,
пішендігі христиандар тарапынан зұлымдықпен заңсыз тартып алуы тиылсын.
Бастан аяқ төрт күнгі жиналыстың төрағасы Ораз Жандосов болды. Жиында
Бекбау Бекежанов, Қалыбай Ғабдуллин, Тайсерке Тоқсанбаев, Садыр Нұриев,
Ыдырыс Бидайықов, Жәнібек қажы Майлыбаев, Ғани Ордабаев, Ғабдығали
Құрманғалиев, Шалтабай Құдайбергенов, Ғабдолла Розыбақиев, Еркімбай
Базаров, Рахыметолла Ысқақов, Меңдеке Дәнияровтар сөз сөйлеген [11].
Осы 1920 жылдың басында О.Жандосов ақтардың ту сыртына шығып, олардың
қол астындағы халықты кеңес үкіметі жағына көшіріп, ақ гвардияшылардың
соңғы қамалдарын талқандауға тікелей қатысады. Осы жылғы Верныйдағы ақ
гвардияшылар бүліншілігінің зардаптары тез арада бүкіл Жетісу өлкесіне
тарай бастады. Сондықтан оған шұғыл шара қолдануға тура келді. О.Жандосов
Жетісудағы көтеріліске қарсыларды талқандауға басшылық еткен
Д.А.Фурмановтың сенімді серігі болды. Жетісудің жас совет өкіметіне қатер
төнгізген Алматы бүлігі кезінде Д.А.Фурманов пен И.П.Белов О.Жандосовқа
Лепсі, Қапал, Жаркент уездеріндегі әскерді басқаруды тапсырады. О.Жандосов
ақ гвардияшылардың тылына өтіп, жасырын жұмыстар істеуге кірісті. Жау
тылында партиялық бюро құрды. Қазан төңкерісінің маңызын түсіндіретін талай
қызық әңгімелер өткізді.
– Бұл жеңіс біздің қолымызға өздігінен келген жоқ. Қанымызды төгіп
отырып, жеңіске жеттік. Енді осы қымбат жеңісті қорғап қалуымыз керек. Оны
қорғайтын сені мен мен! – деп көпшілік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz