Қазақ халқының қолданбалы ұлттық қол өнері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

I Қазақ халқының кілем тоқу тарихы

1. 1. Кілем тоқу тарихы

1. 2. Тақыр кілем

II. Кілем тоқу технологиясы

2. 1. Кілем шалыс әдіс-тәсілдері

2. 2. Кілем тоқуға керекті құрал-жабдықтар, шалыс түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар

Әр халықтың қалдырған өз ізі бар.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», деп жас ұрпақты тәрбиелеп жетілдіруші ұстаздар алдына зор міндет қойды. Осы жауапкершілікті сезініп, ұлттық жіне жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып даыту және олрға жан-жақты білім мен тәрбие беру мақсаты көзделуде. олай болса біздің міндетіміз: жаңа заман үрдісіне сәйкес қажыр-қайрат көрсете білеттін, жан-жақты жетілген өнерлі де білімді ұрпақ тәрбиелеу.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі. » - деп, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз айтқандай, жастарға халықтың өнері арқылы тәрбие беруде ұлттық тәрбиені үндестіре білсек, ұлттық санасы, ізгілік қасиеттері қалыптасқан, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелей аламыз. Жастарды жан-жақты тәрбиелі азамат етіп өсіруде халықтың қолданбалы өнер туындыларының тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық ықпалы өте зор. Өнердің барлық түрі - өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер етеді.

Заман талабына сай, мекиеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрін, еңбекке деген шеберлігі мен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру - ұлт мектептерінің басты міндеті.

Сондықтан нарықтық экономика жайында оқушыларды кәсіби еңбекке үйретіп, ұлтымыздың бұрыннан мұра болып келе жатқан қол өнерін меңгертуге қызықтыру керек.

Көптеген жылдар аралығында талантты қазақ шеберлері өз өнерлерін дамытып, білімдері мен шеберлік - ісмерліктерін саөтап, ұрпақтан ұрпаққа беріп келді. Қазақ халқының өнерінде, тәжірибе арқасында халық ерекшелігі құрылды. Олар халықтың эстетикалық көзқарасына лайықты қанағаттандырды.

Өнердің қай түрі болмасын қажымай-талмай еңбектенуді талап етеді. “Еңбек- өнер өрісі, өнер- өмір жемісі”-дегендей еңбек пен өнер егіз.

Қол өнер- бұл халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Осыған орай халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат талғамына байланысты. Сан алуан әдемі өрнектер шалып тоқылған кілемдер киіз үйдің керегесі мен туырлығының арасына ыдыс-аяқ тұрған жаққа тұтуға, сондай-ақ үлкен үйлердің ішін бөлмелеп қоюға өте ыңғайлы болған. Ертеректе батырлардың оқ салып жүретін қорамсақ қаптары да кілем тоқыта тоқылған.

Бүгінде жастар тәрбиесіне арқау болып отырған ұлттық қолөнер- бұл күнде бүкіл қоғамымызға ортақ, кешегі ата-бабаларымыздан мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Қолөнер- ата-бабамыздың ұшқыр қиялынан шыққан үлкен даналық ойының, қажеттілігінен туындаған өнер туындысы және атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра.

Әр халықтың ғасырлар бойына жинақталып, белгілі бір жүйеге түскен рухани өмірінің ұлттық мәдениеті бар. Мол рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қолөнер. Қазақ халқының шеберлік өнері еңбек барысында және тұрмыс-тіршілігінде қолданылатын өнермен тығыз байланысты болды.

Көкейкестілігі: Бүгінгі таңда сәндік-қолданбалы ұлттық өнерге баулып, ата кәсіппен айналыстырып, ұлтымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан шеберлігін қастерлеуге, іскерлікке баулып, еңбекке деген қабілетін дамыту басты мақсаттардың бірі болып отыр.

Халқымыздың ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық қолөнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіру. Ата-бабамыздың еңбек жолын көз алдымызға келтіру арқылы, кейінгі ұрпақты салт-дәстүріміздің мәңгілік жалғастығының алтын қазығын үйретуге бағыттау.

Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық белгі ретінде белгілейді және мемлекеттің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды, әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, құрылымына, басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.

Мақсаты: Жалпы қолданбалы өнердің ұлтымыздың мәдени дамуында алатын орнын айқындау, мағыналық тақырыптық топтарын жүйелеу. Оның ішінде кілем тоқу өнерімен технология пәнінде оқушыларды топтастыра отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп, іс-тәжірибелік, ісмерліктерін қалыптастыру. Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға көп деңгейде үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілейді.

Қолөнер- халықтың сәндік, әшекейлік, қолданбалы өнер туындылары. Ежелгі дәуірден ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып, дамып келе жатқан рухани және материалдық мұралардың бірі болып халық қолөнері болып табылады. Халық қолөнерінің ең бір үлкен арнасы сәндік - қолданбалы өнер.

Қазақ қол өнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениетінің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы. Жаңғыртып байытушы. Бұл процесске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың сондай-ақ, Оңтүстік Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер еттті.

Қазақтың сәндік - қолданбалы өю-өрнегі жайлы сөз қозғанада, көз алдыңызға әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейді. Осы бір қасиетті сөздер өнердің қай саласы болмасын сазгерлік, әдебиет, бейнелеу, тігіншілік тағы сол сияқты өнердің барлық салаларына ортақ дүниелер. Қазақ халқының ежелгі замандардан қалыптасып үнемі дамумен, жетілдірумен келе жатқан өю-өрнегі сол сұлулық әлемннің ішіндегі ерекше саласы.

Қазақтың ұлттық киімдері, қол өнер тағы басқа бұйымдарының эстетикалық және утилитарлық қызметтері бір-бірімен үйлесіп еңбекпен өнерді байланыстырып тұрады. Адамды қоршаған ортаға және өмір сүруге бейімділігін арттырады.

Қолданбалы қол өнер бұйымдарының ерекшелігі - оларды тек әдемілік ретінде ғана емес, тіршіліктегі қажетті материалдар есебінде де қолданады. Орамал, кілем қазақтың ою өрнегімен тәрбиелік мәні зор екендігін баланың бойына дарыта білу үшін көп іс-тәжірибелер керек. Яғни ашық сабақтарда, еңбек сабақтарында, сабақтан тыс уақыттарда көп ізденіспен балаға түсіндіріп, үйреткен жөн.

Ж. Аймауытов: “Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес. Ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер”, - деп бекер айтпаған. Өнердің қыр- сырын бала бойына ұялату үшін өмірдің өзі көп ізденуді қажет етеді.

Міндеті: Кілем тоқу әдіс-тәсілдерін меңгерте отыра қолданбалы қол өнердің материалдық мазмұны мен эстетикалық талғамының қалыптасуын тілдік табиғаты мен халықтың танымын, оның рухани өмірін салт-дәстүрін сипаттау. Білім беруді басқаруға одан әрі демократияландыру негізінде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру, білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу.

Жаңалығы: Қазіргі өмір талабынан туындап отырған “компьютер” заманында бүгінгі мектеп оқушысының ой-қиялы ғылыми техникалық - прогреспен бірге күн санап өсуде. Сондықтан еңбек пәнінің ғылыми дәрежесінің неғұрлым жоғары болуын қаматасыз етуіміз керек.

Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде адам ресурсын озық дамытуды және Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіруді қамтамсыз ететін білім беру жүйесі құрылатын болады.

Курстық жұмысымның графикалық бөліміне келгенде ең алдымен кілем бұйымының нобайы дайындалады. Нобайды мөлшерін кішкене етіп, қара және ақ түспен жасайды. Сосын оны түрлі-түсті бояумен көрсетеді.

Енді нобайды керек мөлшерде үлкейтуіміз керек. Курстық жұмысқа енгізген жаңалығым сол, мектепте кілем тоқу сабақтарында тоқылатын бұйымнның нобайы компьютердің көмегімен үлкейтіледі. Бұл өте тиімді болады деп есептеймін. Өйткені нобайды үлкейтуге кететін көп уақыт үнемделеді.

Іс- тәжірибелік талабы: Қазіргі кезде мектеп, жоғарғы оқу орындары халық педагогикасын кеңінен қолға алуда. “Қазақ халқының қол өнері” қазақ, орыс тілдеріне әдістемелік құрал ретінде жарық көруде.

Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде өзгерістер өз кезеңінде білім беру ісіне ықпал етеді және одан жаңа тарихи кезеңнің шақыруларына жұмыла үн қосуды әрі соған сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай алғанда экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс. Ата-бабамыздың ұлттық дәстүрі мен өнерін одан әрі дамытуға өз қабілеттерін дамытуы қажет. Біз егеменді ел болдық. Тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, қол өнерімізді қайта жаңғыртып жатқан заманда ұрпақтарымызды балабақша, мектеп қабырғасынан бастап ұлттық тәрбиеге бағыттап, қазақи дүниелерді қол өнерімізді қайта жаңғыртып, жастарымызға үйретіп беру қажет. Ұлттық тәрбиелік маңызы бар қолданбалы қол өнерімізді қайта жаңғыртып, жастарымызға осы ұмытылып бара жатқан халық қол өнерінің ішінен кілем тоқу технологиясын үйрету мен бірге өз әріптестеріммен бірге бөлісуді жөн көрдім. Қыз балалар мектеп қабырғасында оқу орындарында қол өнерге бейімделіп әр заттың жасалу технологиясын жетік игеріп меңгерсе, оны өмірінде бір қажетіне жаратары сөзсіз деп ойлаймын.

I Қазақ халқының кілем тоқу тарихы

  1. Кілем тоқу тарихы

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчествалық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде осы қол өнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.

Қазақ халқының қол өнері өзге халықтар сияқты, қазақтың қөл өнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиып, терген мол тәжірибелері бар. Өз ұрпағының “сегіз қырлы бір сырлы” өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамаыз өз бойындағы асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып насихаттап үйретіп келген.

Уақыт. Қай халықтың болса да рухани әлемі, ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім. Біздің дәуірімізге дейінгі IX-YIII ғасырлардан бастап дала тұрғындары бүкіл сахараның шөбін түгелдей пайдалану үшін малды бір жерден екінші жерге онан әрмен айдап бағуға мащықтана бастаған. Қазақ жерінде көшпелі қауым осылайша пайда болған сол дәуірдің аң табы стиліндегі кейбір туындыларының мазмұндық желісінің тек тасқа қашалған суреттерден ғана емес, қазаққа тән аңыздардан, ою- өрнектерден зергерлік бұйымдардан да көріне беретіні, міне, осыдан.

Алғашқы аңшының дала жағдайында қалыптастырған баспанасын жерген қадалған сырықтардың басын қосып буатындықтан қаңқасы сүйір болып бітетін, сырты ағаштың қабығымен, аң терілерімен жабылатын қос (бастапқы аты белгісіз) немесе жерді шұңқырлап қазып ортасына төбедегі түтін шығатын тесіктің ернеуін шабақтауға орайластыра әр жерден қойылатын, үстін шөп шалаңмен жаба салатын кіріп шығатын ойығы бар кепе.

Ғасырларды артқа салып, көшпелі малшылар аңшының сүйір қосын, егіншілер кепесін бірте-бірте жетілдіре түскендіктен қазақ даласында тұрғын үйдің жылжымалы және тұрақты түрлері қатар дамыған.

Қостан киіз үйге өтетін баспана - күрке, абылайша түрінде, кепеден қоржын үйге өтетін баспана - қақыра (бастапқы аты белгісіз) түрінде болған.

Қазақ мекендеген ұлан ғайыр кеңістіктегі күн көріске байланысты баспананың о бастағы түрлерінің бірі - осыдан шамамен үш мың жыл бұрын пайда болған қаңқасы арба үстіне көбіне мығым, сирегірек жинастырып ажыратылатындай тұрын үй үлгісі. Мұндай үйлер ғұндарда да, түркілерде дегмоңғолдарда да болған. Киіз үй - көшпелі өмірге бейімделген көшіп қонуға ыңғайлы ерте заманнан келе жатқан тұрғын үйдің бір түрі. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы халықтардың арасына кеңінен тараған және күні бүгінге дейін өзінің көне пішінін сақтап қалған бірден-бір мүлік. Киіз үйдің пайда болуы о баста малды жайлауға жайып бағуға көшкен кезеңмен байланысты болуы мүмкін. Киіз үйдің өте ерте дәуірдегі прототипі Анфестрийдің Қырымдағы Сағана тамының ою-өрнектерінде, сондай-ақ Қазақстан мен Сібірдің жартастарындағы суреттерде сақталған.

Киіз үйдің әуел бастағы құрылысы мен жасау-жиһаздары алғашқы қауымдық құрылыстан бастап біздің дәуірімізге дейін(әр дәуірдегі әрбір ұрпақ өкілінің соны жаңалықтармен толығып, дамып жетілген.

Қазақ халқы ертедегі көшпелі мәдениеттің ең негізгі дәстүрлерін өзіне мұра етумен бірге онан ары қарай дамытып және байытты.

Міне, сондай мәдени дәстүрдің белгісінің бірі - көшпелі өмірге ыңғайлы, киіз үй болды.

Мекендеген аудандарда және табиғат жағдайларына байланысты қазақтардың қыста немесе жазда тұратын тұрғын үйлері әртүрлі болған. Олар жаздыгүні киіз үйлерде, ал қыстыкүні тұрақты салынған жылы жайларда, яғни кепе, жер үй, шым үйгағаш үй т. б. деп аталатын әр түрлі үйлерде тұрған. Олардың көбісі киіз үйдің пішінін сақтаған.

Қазақтардың өте ертедегі тұрақты тұратын үйлерінің бірі тошала болған. Ол дөңгеленген бір бөлмелі конус сияқты күмбезделіп келеді. Тошаланы ағаштан қиып, тоқып немесе ойылған шымнан, тастан, күйдірілмеген кірпіштен қалайтын болған.

Қазақстанның оңтүстігі мен орталық аймағында өзінің айқын дөңгеленген күмбезділігімен ерекшеленетін қыпшақ үлгісіндегі киіз үйлер басым. Солай болғанымен Жетісу аймағында күмбезделініп келген, өзінің шығу тегі жағынан тым көне, қалмақ үлгісіндегі киіз үйлер сақталған.

Қазақтың киіз үйі, өзінің мәдени тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты негізгі үш түрге бөлінген:

  1. қазақ халқының жаздыгүні тұруына арналған киіз үй;
  2. мереке-жиын кезінде немесе қадірлі қонақты күтіп алатын киіз үй;
  3. жорық кезінде тігілетін киіз үй;

Бұдан басқа негізгі үйден бөлек асханалық, қоймаға, сарайға арналған

да киіз үйдің түрлері болған.

Негізінде, киіз үй; қазақ үйгағаш үй; қара үй деп үшке бөлінген.

Киіз үйдің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық т. б.

Киіз үйдің ішкі және сыртқы жабдықтары: туырлық, үзік, түндік, ши киіз әбзелдері; ішкі жиһаздары: әбдіре, жүкаяқ, түскиіз, кілем т. б.

Төсеніштері: алаша, сырмақ, текемет, бірсалар т. б. Тұтыну заттары: аяққап, кесеғап, тұлып, қоржын т. б. ; баулар- жел бау, бас бау, иін бау, аяқ бау, уық бау, түңлік бау, аспа бау, босаға таңғыш т. б.

Киіз үй - қазақтың өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге асқан заттық, тұрмыстық мәдениетінің көрінісі.

Қол өнер - халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өмір. Шеберлер қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені бұл заттар адамдарға рухани ләззәт әкелген. Қол өнер бұйымдарына салынған түрлі-түсті ою-өрнектерден адамзат пен табиғаттың қарым-қатынасын, бірлігін көруге болады.

Қол өнер бұл халық қазынасы, ғасырлар мұрасы.

Қазақ қол өнерінің бүгінгісі мен болашағын айтсақ оның өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің қалыптасуына үлкен әсерін тигізетін көшпелі өмір. Сол өмірге қажетті қол өнер бұйымдары көшуге ыңғайлы болған.

1. 1. Кілем тоқу тарихы

Қолдан кілем тоқу - халықтың көне көркем кәсібі - адамзат баласы талшықтан иірілген жіп пен мата өндіруді игергеннен бастап өмір сүріп келеді. Кілем тоқу мәдениеттің көнелілігі туралы мұражайларды, көркем қорларда сақталған кілемдер, сонымен қатар тарихшылар мен этнографтардың жазбалары мәлімет бере алады. Бізге жеткен әдеби деректер бойынша түкті кілемдер жасау Орта Азия мен Қытайда кең дамыған. Ең көне түкті кілем (б. з. д. Yғ. ) 1949 ж. Алтайдағы бесінші Пазырық қорғанындағы қазба жұмыстары кезінде профессор Руденко тапқан кілем 2500 жылға жуық мұз астында жатқанына қарамастан ешқандай бүлінбеген; қазіргі кезде ол “Санк-Петербург”Мемлекеттік эрмитажында сақталуда . Бұл кілем өлшемдері 183х200 см, тығыздығы 1дм2, 36000 түйін. Кілем өрнегі жаяу адамдар мен аттыларды бейнелеген көмкершелерден тұрады. Соңғысы өз кезегінде әшекейлер қатарымен өрнектелген, қимамен жиектелген. Вавилондықтар мен Ассириялықтар кілем шеберлері ретінде танымал болған. Ассирия(Ниневия қаласы) бізге мәрмар плитадағы барельефтер жеткен; олар бойынша лотос гүлдері, әшекейлер басқа да ұсақ уәжді өрнегі бар кілем суреттерінің сипаты туралы түсінік алуға болады. Парфян мемлекетінде кілем тоқу өнері Ашхабад қаласынан батыс жақта жүргізіліп жатқан археологиялық қазбаларды дәлелдейді. Көне әдебиеттерде Ахеменидтер династиясының негізін қалаушысы(б. з. д. Y-YIғ. ғ. ) Кирдің бейітін қазған кезде “Пазаргадта” Александр Македонскийдің бейіт ішінен жұқа кілемдер тапқаны туралы айтылады. Кинофонның айтуынша Сардис қаласында парсы патша сарайына арнайы кілем шығаратын фабрика болған. Гомердің “Иллиадасында”келесі сөздер кездеседі. “Солай деп, ол оларды түрлі-түсті кілемдермен төселген төсекке әкеліп жатқызады”. Б. з. д. II-III ғ. ғ. Александрияда, Грецияда, кейіннен Римде де бағаланған түкті кілемдер жасалған. Сақталған әдеби деректердің айтуынша түкті және түксіз кілемдерді тоқу Орта Азия және Кіші Азия, Қытай, Кавказ елдерінде кең дамыған, бұны Y, YI, XII, XIII, XYғ. ғ жататын кілем өнімдері фрагмент түріндегі түрлі археологиялық заттар дәлелдейді. Бұл көне заттар бізге әлі де беймәлім заттардан кейін жасалғанына күмән жоқ. Алайда кілемдердің осы үзінділерінің өзі біршама қызығушылықтар тудырады, себебі олардың өрнектелуі мен жасалу техникасы түрлі халықтардың өзара мәдени байланысы мен қол өнерінің аталған түрінің дамуына түрлі әлеуметтік - экономикалық формациялар тигізген ықпалы туралы бізге бірқатар мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Көне Қытайда көркемдігі мен жасалу техникасы бойынша ерекшеленген түксіз мата өнімдері - кэсалар, яғни кесілген жібек жасалады. Оның атауы өрнектің жеке детальдарын жасауда сурет пен негізгі жіптер арасында пышақпен кесілгендей тесіктердің қалып қоюы мен түсіндіріледі. Xғ. Кейінгі ғасырларда да кэсалар Чэнду (Сычуань мекені) қаласында өндірілген болатын. Кэсалардың өрнегі негіз жіптеріне салынған түрлі-түсті жіптер көмегімен жасалады, сонымен қатар өрнекте алтын және күміс жіптер пайдаланған. Олар императордың салтанатты киімдерін жоғарғы лауазымды тұлғалардың киімдерін, қабылдау бөлімдеріндегі керегелерді әшекейлеу, асыл тастарды, суреттерді орауға арналған. Араб тарихшылары мен этногрофтарының мәлімдеуінше, кілем тоқу өнері көптеген елдерде дамыған болатын. Мысалы, араб тарихшысы Табари (Xғ, ) 18х18 м. көлемді ”Хұсырау көктемі” аталатын Ирандық кілемді сипаттайды. Кілемде гүлденген бақ, ағаштағы құстар мен шағын су қоймаларын біріктіретін ұсақ бұлақтар бейнеленген. Кілемді жасауда жібек, алтын, күміс жіптер мен асыл тастар қолданылған. Бұл кілем Сасанид патшасы Хұсырау I Ану ширванға арналып жасалған.

Араб мәліметтерінің айтуынша Арменияның көне астанасы- Двин X-XIIғ. ғ. Әсіресе қызыл түсті кермес деп аталатын кілемдермен әйгілі болған.

Түкті кілемдер Арменияның Бағдад Хамифтеріне әкелінген сыйларының ішіне кірген. Xғ. Армениядан Бағдадқа 400 жылқы, 3 динар және жеті армиян кілемі жіберілгені мәлім. Сол кілемдердің біреуі 18х18м. Жуық көлемге ие болған, бұл кілемді Армиян қол өнерлері 10 жыл тоқыған . XIIIғ. Араб этногрофының еңбектерінде бүкіл әлем елдеріне тартылатын Түрікмен кілемдері Ақ-сарайда жасалған деген мәлімет бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Халық қол өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнері және ұлттық өрнектері туралы түсінік берудің маңызы
Қазақ халқының киіз басу өнері
Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу
Гобелен тоқу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz