Қызыл кітапқа енген жануарлар


Қызыл кітапқа енген жануарлар

Жоспар

1. Кіріспе

2. Қосмекенділер

3. Бауырмен жорғалаушылар

4. Құстар

5. Сүтқоректілер


ҚЫЗЫЛ КІТАП

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б. ғ. к. Ю. А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Қазақстанда қызыл кітап үкімет шешімімен 1978 жылдың қаңтарында қабылданды. Онда қызыл кітаптың бірінші бөлімі басылды. Бөлім омыртқалы жануарларға арналған. Онда омыртқалылардың 78 түрі: балықтың-4, қосмекенділердің-1, бауырмен жорғалаушылардың-8, құстардың-43, сүтқоректілердің-31 түрі енгізілді. Олар сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар болып 2 топқа бөлінді.

Екінші басылымы «Қазақ ССР-нің Қызыл кітабы. 1 том. Жануарлар» аз мөлшерде ғана шығарылды. Онда жануарлардың суреті болмады. Бұл жолғы Қызыл кітапқа омыртқалылардың 129 түрі: балықтың-16, қосмекенділердің-3, бауырмен жорғалаушылардың-10, құстардың-58, сүтқоректілердің-42 түрі енгізілді. Алғашында Қызыл кітапта омыртқасыздардың 105 түрі (жәндіктер 96, шаянтәрізділер 1, молюскілер 6, құрттар 2) көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының үшінші басылымы 1996 жылы 1-бөлімнің 1-томынан басталды. Онда омыртқалылардың 125 түрі: балықтардың-16, сүтқоректілердің-40, қосмекенділердің-3, бауырмен жорғалаушылардың-10, құстардың-56, түрі болды. Бірінші бөлімі «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен басылды. Осы уақытта 2-бөлімнің басылуы басталды, омыртқасыз жануарларға арналған. Бұл бөлім Зоология институты мен «Тетис» ғылыми қоғамының қолдауымен, Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы Комитетінің басшылығымен қолға алынды. 2-бөлімге енгізілетін жануарлардың тізімі (19. 06. 1998 ж. №573) бекітілді.

Тек 2003 жылдың Желтоқсан айында ғана Қызыл кітаптың 2-бөлімі (омыртқасыз жануарлар) басылуға дайын болды. Үш түпнұсқасы басылып шықты. Олар Қазақстан Республикасының үкіметінде, орман және аңшылық шаруашылығының Комитетінде, зоология институтында сақталған.

Қызыл кітаптың аяқталған үшінші басылымына (1-том, 2-бөлім, омыртқасыздар) омыртқасыздардың 96 түрі енгізілді. (құрт 2, молюск 6, шаянтәрізділер 1, өрмекшітәрізділер 2, жәндіктер 85)

Балықтар

Кәдімгі бекіре

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Балықтар
Тип: Отряд
Хордалылар: Бекіретәрізділер
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: Бекірелер
Тип: Туыс
Хордалылар: Бекірелер
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Lovetzky, 1828
Тип: Популяция жойылып кетуге жақын, мүмкін, Арал су алқабының ерекше өзгеруіне байланысты құрып біткен де шығар. Бұның табиғи таралған жерлері - Арал теңізі мен оған құятын өзендер болатын. Ересектерінің үзындығы 200 см, салмағы 60 кг. Генофондысын Жайық-Коспий мен Іле-Балқаш популяцияларының есебінен сақтауға болады. Қолдан өсірілмеген, бірақ, оның әдістері, негізінен, басқа бекірелерді қолдан өсіру әдісіне ұқсайды. Өзбекистанның Қызыл кітабына енгізілген (1983) . Су қоймалары жағдайына сәйкес қолдан өсіруді ұйымдастырып, балықтарды қорғайтын құрылыстарды жетілдіруді іске асыру керек.
Хордалылар:

Сырдария тасбекіресі

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Балықтар
Тип: Отряд
Хордалылар: Бекіретәрізділер
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: Бекірелер
Тип: Туыс
Хордалылар: Тасбекірелер
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Kessler
Тип: Құрып бітудің қарсаңындағы немесе тіптен құрып біткен, өте сирек кездесетін эндемикті тур. Бұрын Сырдария су алқабын Қарадариядан сағасына дейін мекендеген. Қазақстанда әрқашанда сирек болатын, ал соңғы 25 жылдан оса уақытта, Сырдың суын реттеп, суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді. 1980-шы жылдарғы ол туралы хабарлар нақтылы деректермен бекілмеген. Нашар зерттелген. Ұзындығы, құрық желісінсіз, 27 см жетеді; қолдан өсірілмеген. Осы түрдің сақталған жерлерінде қорық ұйымдастырып, геномын сақтап, қолдан өсірудің биотехникасын жолға қою керек.
Хордалылар:

Шортантәрізді ақмарқа

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Балықтар
Тип: Отряд
Хордалылар: Тұқытәрізділер
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: Тұқылар
Тип: Туыс
Хордалылар: Шортантәрізді ақмарқалар
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Kessler, 1874
Тип: Туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Амудария мен Сырдария су алқабының өзендері, каналдары мен су қоймаларының тегістіктегі бөліктерінде тіршілік етеді. Ұзындығы 50 см - ден асады, салмағы - 3 кг. Саны барлық жерде көп болмайды. Соңғы жылдары таралу аймағы, негізінен Қазақстанда, тарылды. Өзендердегі су құрылыстарының және суару жүйелерінің әсерінен бізде жойылып кету қаупы бар; соңғы 40 жылда кездеспеген. Қолдан өсіру биотехникасын зерттеп, оны республикада қолдан өсіруді ұйымдастырып, сондай-ақ суару жүйелеріне өткізбейтін шараларды күшейтү керек.
Хордалылар:

Каспий қаязы

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Балықтар
Тип: Отряд
Хордалылар: Тұқытәрізділер
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: Тұқылар
Тип: Туыс
Хордалылар: Қаяздар
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Kessler, 1872
Тип: Қазақстанда саны тез азайып келе жатқан түрше. Арал су алқабында және Шу өзенінде тіршілік етеді. Шу өзенінде 1980 жылдардың аяғында жойылып біткен болу керек. Республикамызда бұрын да көп болмайтын, тек әуесқойлықпен ауланайтын. Шардара су қоймасында қосалқы түр ретінде ауланған. Арал қаязына қарағанда майда, тұщы судың кадімгі жергілікті балығы. Ұзындығы 70 см, салмағы 5, 3 кг дейін. Қолдан өсірілмеген. Табиғи көбейетін жерлерін, басқа түрлермен (арал қаязы, қарабалық) будандасу шектерін зерттеу керек.
Хордалылар:

Арал қаязы

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Балықтар
Тип: Отряд
Хордалылар: Тұқытәрізділер
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: Тұқылар
Тип: Туыс
Хордалылар: Қаяздар
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Kessler, 1872
Тип: Туыстың Қазақстандағы екі түрінің біреуіне қатысты наминатипты түршесі. Оның табиғи таралу аймағы Арал теңізінің су алабы. Бұрын жылына 1743 т дейін ауланса, 1978 жылдан бері аулау тоқтатылды. Балқаш-Іле су алқабына жерсіндірілген. Ұзындығы 1 м асады, салмағы 22 кг шамасында. Бұл қаяздың өтпелі түрінің жойылып кету қаупы бар, ал жергілікті түрінің барлық жерде де саны азаюда, оның себебі, су жүйелеріндегі бірқалыптылықтың бұзылуы. Өзбекстанның қызыл кітабына енгізілген (1983) . Қолдан өсіріп, балықтарды қорғаушы құрылыстарды жетілдіруді іске асыру керек.
Хордалылар:

Сүйрікқанат

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Балықтар
Тип: Отряд
Хордалылар: Тұқытәрізділер
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: Тұқылар
Тип: Туыс
Хордалылар: Сүйрікқанаттар
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: G. Nikolsky
Тип: Туыстың тек Арал су алқабында тіршілік ететін жалғыз түрінің эндемикті түршесі. Аз зерттелген, сирек кездесетін балық, мүмкін жойылып біткен де шығар. Денесінің үзандығы 16 см артпайды. Табиғи таралу аймағы - Бішкек қаласынан төменгі Шу өзенінің су алқабы. 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы деректер жоқ. Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың әртүрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан өсірілмеген. Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген. Оның таралу аймағын және табиғи көбею мүмкіндігін анықтау үшін бұл түрді іздестіруді жалғастыру керек.
Хордалылар:

Ойықтіс

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Балықтар
Тип: Отряд
Хордалылар: Тұқытәрізділер
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: Тұқылар
Тип: Туыс
Хордалылар: Торталар
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Kamensky, 1901
Тип: Жартылай өтпелі балық, Каспий су алқабында, негізінен оның оңтүстік-батыс және орталық бөлігінде (Терек өзеніне дейін) тіршілік етеді. Қазақстанда өте сирек, соңғы жылдары оны аулағаны түралы дерек жоқ. Бұрын кейде Еділ мен Жайық өзендеріне өрістейтін, ал оның шабақтары Жем өзенінің жоғарғы ағысында кездесетін. Республикада қолдан өсірілмеген, бірақ, ол мүмкін, себебі осы түр Иранда қолдан өсіріледі. Қазақстандағы таралу аймағы мен санын анықтау керек. Денесінің ұзындығы 65 см дейін жетеді.
Хордалылар:

Көкбас

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Балықтар
Тип: Отряд
Хордалылар: Тұқытәрізділер
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: Тұқылар
Тип: Туыс
Хордалылар: Қара-балықтар
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Herzenstein
Тип: Жойылып біткен эндемикті популяция болуы мүмкін; 20 шақты жылдан бері кездеспеген. Тілікшеқарынды тұқылардың ішіндегі ең ірісі (үзындығы 100 см, салмағы 12 кг), балқаш қарабалығының экотипы. Санының азаюына себеп болғандар - өзен ағысын реттеу, кәсіби аулау және жерсіндірілген басқа балықтармен (жайын, көксерке) бәсекеге түсуі. Қолдан өсіру тәжрибелерінің қорытындысы үміт күтетіндей. Қолдан өсіруді ұйымдастыру үшін түрдің таралу аймағынан осыған ұқсас экоморфтарды іздестіру керек, Іле өзеніне қайтара жерсіндіру де мүмкін шығар.
Хордалылар:

Қос мекенділер

Данатин құрбақасы

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Қос мекенділер
Тип: Отряд
Хордалылар: (Anura)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Bufonidae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Bufo)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Pisanetz, 1978
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Зерттелмеген түр. Қазақстандо Зайсан ойпатында, Іленің ортаңғы және төменғі ағыстарында, Алакөл су алқабында тіршілік етеді. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде оның тауда да, тегісте де мекендейтіні анықталды. Көк және донатин құрбақаларының таралу аймақтары аралас. Қолдан өсірілмеген, оны қорғау шаралары қолданылмаған. Бұл құрбақаның таралуын және симпотриалық түр - көк қүрбақамен қарым-қатынастарын зерттеу керек.

Қызыл аяқбақа

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Қос мекенділер
Тип: Отряд
Хордалылар: (Anura)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Ranidae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Rana)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Bedriaga, 1898
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Таралу аймағы тарылып, саны азайып келе жатқан түр. Негізгі таралу аймағы - Балқаш көлі. Қырғызстанмен шекарадағы «Черная речка» елді мекенінің маңайынан табылыу ерекше жағдай. Іле, Алматы, Қаскелең өзендерінде, Алматы қаласы мен оның төңірегінде кездесуі бұрын уйреншікті болатын, кәзір бұл жерлерде кездеспейді. Оны кәдімгі көлбақа ығыстырған деген болжам бар. Қолдан өсірілмеген. Қорғау үшін Шарын өзенінің жайылымындағы Шетен бағынан ерекше қорғалатын жер бөлінсе орынды болар еді.

Жетісу аяқтыбалығы

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Қос мекенділер
Тип: Отряд
Хордалылар: (Caudata)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Hynobiidae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Ranodon)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Kessler, 1866
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Таралу аймағы шағын, сирек кездесетін түр. Жоңғар Алатауының эндемигі. Тара-лу аймағының көпшілік бөлігі Қазақстанда. Су деңгейінің тұрақты болмауы, тау жоталарында малдың жайылуы және сулардың ластануы - оның санының азайып кетуінің негізгі себептері. Оны қорғаудың нақты жолы - Жоғарғы Көксу мерзімді қорығынан қандайда бір болмасын адам әрекетінен тысқары жерді бөліп, оны айрықша қорғау. Қолдан өсірудің белгілі тәсілдерін тәжрибе жүзінде іске асыру керек. Адамдардың іс-әрекетінің ықпалына сәйкес популяцияның өзгеруін қадағалауды онан әрі жалғастыру керек.

Бауырмен жорғалаушылар

Зайсан жұмырбас кесірткесі

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Бауырымен жорғалаушылар
Тип: Отряд
Хордалылар: (Squamata)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Agamidae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Phrynocephalus)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Eichwald, 1831
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Зайсан ойпатында аумағы шағын жерлерде оңашаланған популяциялар түрінде тіршілік ететін, таралу аймағы шағын кесіртке. Саны, негізінен, табиғи факторларға байланысты. Қолдан өсірілмеген. Оны қорғау мақсатында тың жерлерді сақтау қажет. Бөкен құмдарын мекендейтін жұмырбас кесірткенің популяциясы жоспарланып отырған Зайсан қорығының құрамына түгелімен енеді.
Тип: Қазақстанның Қызыл Кітабы
Хордалылар:

Жұмырбас шұбар кесіртке

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Бауырымен жорғалаушылар
Тип: Отряд
Хордалылар: (Squamata)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Agamidae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Phrynocephalus)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Strauch, 1876
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Алакөл және Іле ойпаттарында тіршілік ететін, таралу аймағы шағын түр. Саны-ның азаюына негізгі себептер - су деңгейінің тұрақсыздығы, сексеуіл дайындау және өрт. Қолдан өсірілмеген. Түрдің Іле ойпатындағы таралу аймағының батыс бөлігі жоспарланып отырған Орта-Іле қорығына енеді. Таралуын егжей-тегіжейлі анықтап, биологиясын зерттеуді жалғастыру қажет.

Сары жылан

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Бауырымен жорғалаушылар
Тип: Отряд
Хордалылар: (Squamata)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Anguidae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Ophisaurus)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Pallas, 1775
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Шектеулі шағын аймақта тіршілік ететін, сирек кездесетін түр. Туыстың жалғыз өкілі. Оңтүстік Қазақстанда тіршілік етеді. Санының кемуіне жер жырту, шоп шабу, малдың шектен тыс жайылуы және жол салу елеулі әсер етеді. Белгілі тежрибе-лерге сүйеніп қолда асырау және қолдан өсіруді жүзеге асыру қажет. Сары жылан-нын таралу аймағының бір белігі Ақсу-Жабағлы қорығына кіреді және жоспар-ланып отырған Қаратау қорығында да қорғауға алынады.

Төртжолақты қарашұбар жылан

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Бауырымен жорғалаушылар
Тип: Отряд
Хордалылар: (Squamata)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Colubridae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Coluber)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Gmelin, 1789
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Аз зерттелген, сирек кездесетін түр. Моңғыстау, Үстірт және Солтүстік Арал аймағын мекендейді. Қызылорданың оңтүстігіне қарай және Еділ мен Жайықтың аралығынан ұсталғандары негізгі таралу аймағынан едәуір қашықта кездескендері. Санының мөлшеріне малды жаюдың және адамдардың оны ретсіз өлтіруі үлкен әсер етеді. Жұмыртқасын қолдан бастырудың табысты аяқталғандары туралы деректер бар. Үстірт қорығы оның таралу аймағының бір бөлігін қамтып жатыр. Халық арасында бұл жыланның пайдалылығы туралы және оны қорғау керектігін кеңінен насіхаттау керек. Таралу аймағын егжей-тегжейлі анықтап, саны мен биологиясын зерттеуді жалғастыру керек.

Сарыбауыр қарашұбар жылан

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Бауырымен жорғалаушылар
Тип: Отряд
Хордалылар: (Squamata)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Colubridae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Coluber)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Jan, 1865
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Зерттелмеген, сирек кездесетін түр. Қазақстанда Еділ мен Жайықтың аралығындағы Бес-Шоқы даласынан ұсталған бірен-саран өкілдері арқылы белгілі. Қолдан өсірілмеген, оны ұкыпты түрде бақса, қолда ұзақ уақыт өмір сүреді. Қорғау шаралары белгіленбеген. Соңғы жылдары оны ұстағаны туралы хабар жоқ. Кәзіргі таралу аймағын анықтап, биологиясын зерттеу керек.

Қызылжолақ қарашұбар жылан

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Бауырымен жорғалаушылар
Тип: Отряд
Хордалылар: (Squamata)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Colubridae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Coluber)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Peters, 1866
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Сирек кездесетін түр. Боралдой тауын, кіші Қаратауды және Қырғыз Алатауын мекендейді. Бұл жерлерден басқа Арал теңізінің солтүстік жағалауынан табылған. Таралу аймағында сирек ұшырасады. Қолдан өсірілмеген, қорғау шаралары белгіленбеген. Жоспарланып отырған Қаратау қорығы оның таралу аймағының бір бөлігін қамтиды. Таралуы мен биологиясын зерттеу керек.

Төртжолақты қарашұбар жылан

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Бауырымен жорғалаушылар
Тип: Отряд
Хордалылар: (Squamata)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Colubridae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Elaphe)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Lacepede, 1789
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Аз зерттелген, сирек кездесетін түр. Маңғыстоу, Үстірт және Солтүстік Арал аймағын мекендейді. Қызылордоның оңтүстігіне қарай және Еділ мен Жайықтың аралығынан ұсталғандары негізгі таралу аймағынон едәуір қашықта кездескендері. Санының мөлшеріне малды жаюдың және адамдардың оны ретсіз өлтіруі үлкен әсер етеді. Жұмыртқасын қолдан бастырудың табысты аяқталғандары туралы деректер бар. Үстірт қорығы оның таралу аймағының бір бөлігін қамтып жатыр. Халық арасында бұл жыланның пайдалылығы туралы және оны қорғау керектігін кеңінен насіхаттау керек. Таралу аймағын егжей-тегжейлі анықтап, соны мен биологиясын зерттеуді жолғастыру керек.

Үлкен көз кесіртке

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Бауырымен жорғалаушылар
Тип: Отряд
Хордалылар: (Squamata)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Lacertidae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Eremias)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Gunther, 1872
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Бірді-екілі өкілінен ғана белгілі, сирек кездесетін түр. Таралу аймағының шеткі бөлігі болып саналатын Қазақстанда бұл түр Зайсан ойпаты мен Күнгей Алатауын мекендейді Қолдан өсірілмеген, қорғау шаралары белгіленбеген. Қәзіргі қоныстанған жерлерін, ондағы санын анықтап жөне бұл түрдің биологиясын зерттеу қажет.

Шұбар кесіртке

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Бауырымен жорғалаушылар
Тип: Отряд
Хордалылар: (Squamata)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Lacertidae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Eremias)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Blanford, 1875
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Таралу аймағы шағын, зерттелмеген, сирек кездесетін түр. Қазақстан фаунасы үшін жаңа, жақында сипатталып жазылған, бірнеше өкілдерінен ғана белгілі жаңа түр. Таралу аймағының солтүстік шека-расы болып саналатын Шығыс Қазақстандағы Айғырқұм құмдарын мекендейді. Биологиясы зерттелмеген, қолдон өсіру тәжрибесі жоқ және қорғау шаралары белгіленбеген.

Кесел

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Бауырымен жорғалаушылар
Тип: Отряд
Хордалылар: (Squamata)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Varanidae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Varanus)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Daudin, 1803
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Соны кеміп келе жатқан тур. ТҚХО - нык Қызыл кітабына енгізілген. Тұқымдасты4 жалғыз өкілі, Қызылқұмды мекендейді. Санының кемуіне себепшілер - мекендейтін жерінің мал жайып, жерді жыртуынан әдеттегісінен өзгеруі, жол бойында көліктердің басып кетуі және адамдардың аулауы. Шығыс Қызылқұмда мерзімді қорық ұйымдастыру ұсынылып отыр. Қолдан өсіру әдісгерін тауып, қорғау қажеттігін кеңінен насихаттап, сондай-ақ оны аулағандарға жаза қолдануды белгілеу қажет.

Құстар

Мәрмәр шүрегей

Тип: Тип
Хордалылар: Хордалылар
Тип: Клас
Хордалылар: Құстар
Тип: Отряд
Хордалылар: (Anseriformes)
Тип: Тұқымдас
Хордалылар: (Anatidae)
Тип: Туыс
Хордалылар: (Anas)
Тип: Түрдің авторы
Хордалылар: Menetries, 1832
Тип: Қысқаша сипаттамасы
Хордалылар: Жоғалып кету қаупы бар түр. Қазақстанда соңғы 20 жылда бірде-бір кездеспеген. Бұрын Сырдария бойында, Еділ мен Жайықтың аралығында жиі кездесетін. Саны барлық жерде азайған сияқты. Түркияда 70 - шы жылдары бар болғаны 2 мыңдайы ғана қыстаған. Санының азаю себептері анықталмаған. Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде бұл түрді терең зерттеу жүмыстарын жүргізіп, жойылу себептерін анықтап, оны сақтап қалудың шараларын белгілеу керек.

Қытай қазы, Құтұмсық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызыл кітап
Қызыл кітап туралы
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚЫЗЫЛ КІТАП
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау
Биоалуантүрлілік туралы түсінік
ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕР
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Қорғалжын қорығы. Қорықты ұйымдастырудағы мақсат
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz