Қазақстанның нарық экономикасына өту кезеңіндегі жер қойнауы ресурстарын игерудің жағдайы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Қазақстанның нарық экономикасына өту кезеңіндегі
жер қойнауы ресурстарын игерудің жағдайы
1.1.Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.Отын өнеркәсібіндегі экономикасындағы шетел инвесторларының ролі..

2.Қазақстандағы отын өнеркәсібі және бұл саладағы шетел компанияларының жұмысына экономикалық баға беру
2.1. Қазақстанның отын өнеркәсібіне жалпы сипаттама
2.1.Қазақстан экономикасындағы «Теңізшевройл» компаниясының
орыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Құмкөл кен орнындағы «Харрикейн» компаниясының жұмыстарын
экономикалық тұрғыдан талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3.Қарашығанақ мұнай.газ конденсат кен орнындағы шетелдік
инвестордың жұмысына баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4.Атырау мұнай өңдеу зауытының жетістіктерін экономикалық
тұрғыдан сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3.Қазақстандағы отын өнеркәсібінің қоршаған ортаға
тигізер әсеріне экологиялық баға беру
3.1.Қазақстанға қажеті . қалдықсыз өндіріс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. «Теңізшевройл».дың қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына
экологиялық баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3.Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық мәселелерді шешудегі
іс.шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының отын өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде отын өнеркәсібінің ролі зор. Республиканың Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Республиканың отын өнеркәсібінің 2015 жылғы дейінгі даму стратегиясын» қабылдады. Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың дамуының басты бағыттары қандай болды, ел экономикасындағы отын өнеркәсібінің ролі қандай деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмыста көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: жұмыстың басты мақсаты Республика экономикасының дамуындағы отын өнеркәсібінің ролін айқындау.
Міндеті:
• Республика экономикасына жалпы сипаттама беру;
• Республикадағы өнеркәсіптің, соның ішінді отын өнеркәсібінің дамуына талдау жасау;
• Республиканың отын өнеркәсібінің келешекте даму бағыттарын айқындау;
• Республиканың табиғи ресурстарын, соның ішінде отын ресурстарын тиімді пайдаланудың жолын айқындау.
Жоғарыда айтылған міндеттерге жету барысында республиканың экономикасының даму ерекшеліктері, отын өнеркәсбінің дамуы қарастырылған.
Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:
• Барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф ырықтандырылды;
• Сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның ішінде әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын өнімдерге кеден бажы алып тасталынды;
• 1995 жылы 1 шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық саны бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды, олардың алым көлемге ретке қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;
• түбегейлі институциялдық өзгерістер жасалды және жасалынып жатыр. Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (1992-1995) мемлекеттік 16мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруашылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80%-дан астамы жеке меншікте, мемлекет меншігінде тек 15,5%-ы ғана қалған;
• рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100-ден астам екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30-дан астамы жеке меншіктегі , 72-сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр.
Яғни экономикамыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Агошков М.И. Развитие идей и практики комплексного освоения недр. – Горный журнал, 1984, №3,с.3-7.
2. Новожилов В.В. Измерение затрат и результатов. - М.: Наука, 1967. -156 с.
3. Хачатуров Т.С. Об экономической оценке природных ресурсов // Вопросы экономики, 1969, №1, с. 66-74.
4. Комплексная экономическая оценка минеральных ресурсов. – Алма-Ата: Наука, 1972. – 208 с.
5. Виноградов В.Н. Экономическая оценка комплексного минерального сырья. – М.: Недра, 1978. – 223 с.
6. Гудалин Г.Г. Предпроектная экономическая оценка рудных месторождений. – М., 1967. – 324 с.
7. Дегтярев В.С. Методические рекомендации по разработке ТЭД-ов о целесообразности детальной разведки месторождений твердых полезных ископаемых. – М.: ВИЭМС, 1986. – 220 с.
8. Кондин С.Р. Штифанов П.И. Вопросы допроектной экономической оценки месторождений минерального сырья. – Алма-Ата, 1962. – 137 с.
9. Туркебаев Э.А., Каплан М.И., Шалабаев С.Ш. Как оценить эффективность месторождения. // Народное хозяйство Казахстана, 1997, №1, с.80-83
10. Мкртчян М.В. Вопросы планирования и стоимостной оценки минерально-сырьевых ресурсов. // Советская геология, 1964, №10, с.113-121.
11. Соболевкий Т.Ф. Экономическая оценка рудных месторождений. – М.: ЦНИГРИ, 1976. – 143 с.
12. Струмилин С.Г. О цене «даровых благ» природы // Вопросы экономики, 1967, №8, с.69.
13. Гатов Т.А. Рациональное использование месторождений цветных металлов. – М.: Недра, 1980. – 277 с.
14. Никифоров М.М. и др. Эффективность комплексного использования полиметаллических руд и пути ее повышения. – Алма-Ата, 1978. – 22с.
15. Сиразутдинов А.М., Дороненко Ф.Г., Смирнов Н.И. Принципы оценки освоения новых горно-промышленных районов Казахстана. – Алма-Ата: КазНИИНТИ, 1976. – 81с.
16. Быховер Н.А. Экономика минерального сырья. – М.: Недра, 1971. – 210 с.
17. Синопальников К.Г., Гинзбург Е.Г. Экономические расчеты при проектировании угольных шахт. – М.: Недра, 1967. – 280 с.
18. Ергалиев А.Е., Шестаков В.А. Оценка месторождений и выбор некоторых параметров разработки с учетом фактора времени. – Алма-Ата: Наука, 1958. – 110 с.
19. Логинов В.П. Экономические проблемы технического прогресса в добыче минерального сырья. – М., 1971. – 67 с.
20. Перкуль М.М. Об экономической оценке угольных месторождений // Уголь, 1959, №2, с.54-56.
21. Рачковский С.Я. Основы экономической оценки месторождений полезных ископаемых в условиях социалистического хозяйства // Цветная металлургия, 1959, № 6.
22. Лурье А.Л. Методы линейного программирования и их применение в экономике. – М.: Статистика, 1964. – 84с.
23. Марголин А.М. Оценка запасов минерального сырья (математические методы). – М.: Недра, 1974. – 264 с.
24. Пожарицкий К.Л. Основы оценки месторождений полезных ископаемых и рудников // Горный журнал, 1957, №9, с. 3-9.
25. Пугачев В.Ф. Оптимизация планирования. – М.: Экономика, 1968. – 167 с.
26. Трушков Н.И. Основы оценки рудных месторождений // Цветные металлы, 1931, №2.
27. Астахов А.С. Экономическая оценка запасов полезных ископаемых. – М.: Недра, 1981. – 287 с.
28. Мкртчян Г.М., Суспицын В.А., Клисторин В.И. Оценка ресурсов в моделях природопользования. – М.: Наука, 1979. – 192 с.
29. Тонкопий М.С. Экономика природопользования. – Алматы: Экономика, 1998. – 475 с.
30. Упушев Е.М. Экономика природопользования и охрана окружающей среды. – Алматы: Экономика, 1999. – 334 с.
31. Грацерштейн И.М., Кульницкий Л.С. Технико-экономическое проектирование предприятий цветной металлургии. – М.: Металлургия, 1981. – 248 с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Қазақстанның нарық экономикасына өту кезеңіндегі
жер қойнауы ресурстарын игерудің жағдайы
1.1.Нарықтық экономикаға өтудің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.2. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.2.Отын өнеркәсібіндегі экономикасындағы шетел инвесторларының ролі..
2.Қазақстандағы отын өнеркәсібі және бұл саладағы шетел компанияларының
жұмысына экономикалық баға беру
2.1. Қазақстанның отын өнеркәсібіне жалпы сипаттама
2.1.Қазақстан экономикасындағы Теңізшевройл компаниясының

орыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Құмкөл кен орнындағы Харрикейн компаниясының жұмыстарын
экономикалық тұрғыдан талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3.Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнындағы шетелдік
инвестордың жұмысына баға
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4.Атырау мұнай өңдеу зауытының жетістіктерін экономикалық
тұрғыдан
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .
3.Қазақстандағы отын өнеркәсібінің қоршаған ортаға
тигізер әсеріне экологиялық баға беру
3.1.Қазақстанға қажеті – қалдықсыз
өндіріс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2. Теңізшевройл-дың қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына
экологиялық баға
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
3.3.Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық мәселелерді шешудегі
іс-
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 56

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының отын өнеркәсібіне
талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені
тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен
құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал
2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі
есе өсті. Экономикамыздың өсуінде отын өнеркәсібінің ролі зор.
Республиканың Энергетика және минералды ресурстар министрлігі
Республиканың отын өнеркәсібінің 2015 жылғы дейінгі даму стратегиясын
қабылдады. Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді
және экономикамыздың дамуының басты бағыттары қандай болды, ел
экономикасындағы отын өнеркәсібінің ролі қандай деген сұраққа жауап беру
үшін осы жұмыста көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел
экономикасы дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: жұмыстың басты мақсаты Республика
экономикасының дамуындағы отын өнеркәсібінің ролін айқындау.
Міндеті:
• Республика экономикасына жалпы сипаттама беру;
• Республикадағы өнеркәсіптің, соның ішінді отын өнеркәсібінің дамуына
талдау жасау;
• Республиканың отын өнеркәсібінің келешекте даму бағыттарын айқындау;
• Республиканың табиғи ресурстарын, соның ішінде отын ресурстарын тиімді
пайдаланудың жолын айқындау.
Жоғарыда айтылған міндеттерге жету барысында республиканың экономикасының
даму ерекшеліктері, отын өнеркәсбінің дамуы қарастырылған.
Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан
зор көп жұмыстар атқарылды:
• Барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф
ырықтандырылды;
• Сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның ішінде
әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын өнімдерге кеден
бажы алып тасталынды;
• 1995 жылы 1 шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық саны
бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды, олардың алым көлемге ретке
қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;
• түбегейлі институциялдық өзгерістер жасалды және жасалынып жатыр.
Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді,
реформа жылдары (1992-1995) мемлекеттік 16мың кәсіпорын жекешелендірілді,
оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі
жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруашылық қызметпен айналысатын
субъектілердің жалпы санының 80%-дан астамы жеке меншікте, мемлекет
меншігінде тек 15,5%-ы ғана қалған;
• рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100-ден астам екінші
дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30-дан астамы жеке меншіктегі , 72-
сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып,
кейбіреулері өзара бірігіп, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп
жатыр.
Яғни экономикамыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.

1. Қазақстанның нарық экономикасына өту кезеңіндегі жер қойнауы
ресурстарын игерудің жағдайы

1.1 Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары.
Басқа республикалар сияқты Қазақстанның да нарыққа бағытталған
экономика құруға бет алғанына он жылдан да асты. Бұрынғы жоспарлы
экономиканы нарықтық экономика түріне алмастыру экономиканың барлық
салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен тереңдігі жөнінен бұрын болып
көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси дағдарыстан елімізді алып
шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Біздің халқымыз көшпелі экономиканың
ауыртпалығы мен бейнетін бастан кешіруде.
Экономикалық жағдайды обьективті бағалау үшін ТМД елдері өз
басынан тек жәй көшпелі экономиканы емес, оның кеңестік дәуірден кейінгі
ерекше түрін өткеріп жатқанын ескеруіміз керек. Ол екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі Батыс және Орталық Еуропа, Жапония, Шығыс Азия
елдеріндегі, сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Балтық теңізі жағалауындағы
елдердегі социализмнен кейінгі көшпелі экономикадан бөлек. Бірінші топтағы
елдерде нарықтық қатынастар мен шаруашылық тәсілдерін соғыс бөліп кеткен-
ді, соғыс аяқталысымен олар қайта қалпына келтірілді. Ал екін-ші топтағы
елдердің социалистік жоспарлы экономикасы да онша көп уақытқа созылған жоқ,
оның үстіне олардағы экономиканың кейбір секторларында шаруашылықтың
нарықтық қатынастары сақталды, олар дамыған елдермен қанаттас еді.
Сондықтан, бұл елдерде экономиканы өзгер-ту процесі жеңілірек болды.
Ал ТМД елдерінде нарықтық қатынастарды тыңнан бастау қажет болды.
Кеңес адамдарында нарықтық әлеуметтік түсінік, кәсіпкерлік рух,
демократиялық ой-пікір сияқты қасиеттер кеңінен дамымаған еді. Сондықтан да
бұл елдерде нарықтық қатынастардың өмірге баяу енуі, қалыптасуы, бекуі
түсінікті, өйткені оларда экономиканы басқарудың барлық буынында бұрынғы
кадрлар іс басында отырғаны айдан анық еді.
Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика
жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында
Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:
- экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан
шығару;
- нарықтық қатынастарды құру және дамыту;
Экономикада нарықтық қатынастармен нарық тетіктерін құлашын кеңге
жайған дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді, сондай-ақ экономикалық
дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері
оған жарамайтын, ал жаңалары тек енді ғанғ қалыптаса бастаған болатын.
Міне, осындай жағдайда Ресей үкіметі бағаны тез ырықтандыруға, қатаң
ақша – кредит және қаржы – бюджет саясатына, рубльдің(сомның) біртұтас
жылжымалы курсына, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға және
жекешелендіруді шапшаң жүргізуге, яғни есеңгіретіп емдеу саясатына
негізделген реформаның стратегиясын ұсынды.
Кеңестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің бұл
бірден-бір жолы және түбегейлі өзгерістің дұрыс стратегиясы болатын. Ре-
форманың алғашқы сәтінде саналы түрде мақсат етіп қойылған есеңгіреу
(шок) кеңес өкіметінен кейінгі экономиканы өзгертудің қашып құтылмай-
тын қиындығы еді. Өйткені бұл экономикада баға алшақтығы жағдайында жасанды
тағайындалған бағалар орын алған-ды, қайта құру заманында экономикалық
саясаттың және біліксіз жүргізілген табыс саясатының нәтижесінде шектен тыс
көп жиналған ақша массасы бар-тұғын, ал мұның өзі өте тапшы тұтыныс рыногын
тудырған болатын. Қысып ұстап, қолдан жасалған жасырын инфлияция ашық түрге
айналды. Бұл, осылай болуға тиісті, өйткені бұл қауіпті ісік көп жылдар
бойы экономиканы іштен жеп, оның жазылмас дертіне айналған еді. Сондықтан
одан жазылу үшін ауыр болғанымен есеңгіретіп емдеу қажет болды.
Алғашқыда экономиканы ырықтандыруға және қаржыны шектеудің
макроэкономикалық тұрақтандыруына негізделген басымдықтан гөрі құрылымдық
өзгерістермен қабат жүретін экономиканы қаржыландырумен өндірісті өсіру
қызықтырыңқыраған стратегия болды. Бірақ-та, аса зор инфлияция, қаржы
жүйесі қаусаған, тұрғындар қолында жиналған ақшаның массасы шектен тыс көп
жағдайда мұндай стратегия – экономикалық күйреу болды. Оның үстіне ондай
стратегияны жүзеге асыру да мүмкін болмайтын, өйткені бұрынғы біртұтас
кеңестік нарық бөлшектенді, бұрынғы шаруашылық байланыстар үзілді, ал басқа
нарықтарға біздің тауарлармен шығу мүмкін емес еді. Экономиканы қар-
жыландыруға қажетті ақшаны қандай да ақша станогы басып шығарып үлгермейтін
еді, ақша тапшылығы күннен – күнге арта берген болар еді.
Бұдан басқа тағы бір қызықтырарлық стратегия нарыққа біртіндеп
көшу болды. Алайда, коммунистік көзқарас басым, нарыққа қарсы
институционалдық ортада оны жүзеге мүмкін емес еді. Нарыққа деген әр қадам,
нарықтық тұрақтандыру тетіктері қатты қарсылық кездестіріп, ақыр аяғы ескі
жүйеге қайтып келер еді.
Қалай болғанда да, сомдық аймақта отырған және Ресейдің Үкіметі Орталық
банкі және Парламенті жүргізіп отырған экономикалық саясатқа тәуелді, өз
валютасын енгізіп, оның курсын реттеп отыруға уақыты да тәжірибесі де және
ресурсы, өзінің қаржы жөніндегі институттары жоқ Қазақстан Ресейдің
стратегиясын оның кейінгі бұлтарыстарымен бірге қабылдауға мәжбүр болды.
Қазақстан өзінің іс жүзіндегі жеке дара экономикалық саясаты мен өз
реформасын өзінің ұлттық валютасын енгізгеннен соң 1994 жылдан бастап ғана
жүргізе бастады. Осыдан кейін ғана өкіметтен ұлттық банктің экономикалық
саясаты азды-көпті қажетті дәйектілікке және алдын-ала болжауға ие болды.
Өкінішке орай, 1992 жылғы мамырда реформаның қабылданған стратегиясынан бас
тартқан соң келесі жылдар аса асқындаған және шапқылаған инфляция,
өндірістің құлдырауының өсу және тұрғындар өмір деңгейінің шапшаң төмендеу
жылдарына айналды. Реформа жылдары инфляция деңгейі 13250есе өсті,
өндірістің құлдырауы 1991 жыл деңгейінің 50 пайызына, ал өмір деңгейі 4
есеге дейін құлдырады.
Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде
орасан зор көп жұмыстар атқарылды:
-барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф
ырықтандырылды;
-сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның
ішінде әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын
өнімдерге кеден бажы алып тасталынды;
-1995 жылғы 1-шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық
саны бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды. Олардың алым көлемі
ретке қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;
-түбегейлі институциалдық өзгерістер жасалды және жасалынып
жатыр. Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен
жүргізілді, реформа жылдары (1992-1995) мемлекеттік 16 мың кәсіпорын
жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын
өнеркәсіптің ірі – ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруа-
шылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80 пайыздан астамы
жекеменшікте, мемлекет меншігінде тек 15,5 пайызы ғана қалған;
-рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100 ден астам
екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30 дан астамы жеке
меншіктегі, 72- сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер
банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, қосылып, іріленіп деген сияқты
табиғи процесс жүріп жатыр. Ұлттық банк қабылданған заң бойынша тәуелсіз
банкке айналды. Инвестициялық және қамсыздандыру компаниялары, зейнетақы
және басқа қорлар сияқты банкке жатпайтын қаржылық институттар құрыла
бастады, толық нарықтық тәртіпке қазақстандық банкаралық валюта – қаржылық
биржа, бірнеше тауар биржасы – осының бәрі нарықтық экономиканың өзіне тән
айнымас белгілері;
-нарықтық экономиканың, оны мемлекеттік реттеудің құқықтық базасы
жасалды, ол үнемі жетілдірілуде.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның бүгінгі экономикасы нарықтық
экономикаға әбден ұқсайды, бұдан былай жоспарлы экономикаға қайтар жол жоқ.
Нарықтық экономикаға өту барысында экономикамызда төмендегідей
бағыттар бойынша құрылымдық өзгерістер жүргізілді:
-мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл-
шаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;
-экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңеуші өнеркәсіптің
үлесін арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру
үшін және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел
инвестицияларын тарту;
-ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;
-жеке кәсіпкерлікті дамыту;
-отандық тауардың сапасын жақсарту рақылы дүние жүзілік
нарықтағы бәсекелестігін арттыру;
-экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру,
орта және ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;
-Әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек
бөлінісіне қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-
затты ғана емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару.

Сурет 1
Қазақстанның ұлттық экономикасының трансформациялық даму кезеңдері

5 этап:
1999-2004ж

1 этап: 4 этап:
1991-1993ж 1997-1998ж

2 этап: 3 этап:
1993-1995ж 1995-1996ж

1.2 Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы.
Қазақстан бүгінде егеменді тәуелсіз мемлекет. Қоғамда әлеуметтік,
саяси және экономикалық реформалар жүріп жатыр. Ұзақ мерзімді мақсаттар өз
нәтижелерін әзірге бере қоймаса да оның қайсыбір бағыттары бойынша
жетістіктерге қол жеткізудеміз. Республика экономикасы да тұрақтана
бастады. Бүгінде саяси және экономикалық жүйе мүлде өзгеше.
Өтпелі кезеңде бірқатар қиындықтардың болып жатқаны да рас. Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына
жолдауында Мен өз отандастарымызға өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын
түсініп, оған төзіп отырғаны үшін рахмет айтамын, осы қасиеттер біздің
табысқа жетуіміздің, қоғамымыздың топтасуының, шетелдік инвесторларды
тартудың және халықаралық қоғамдастықтың біздің пролемаларымызды шешуге
кірістірудің елеулі кепілі деп санай-
мын,- деді. Осының бәрі қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақ игілігі үшін де
жасалып жатқан шаралар.
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс
көлемінің елеулі кемуіне әсер еткені белгілі. Технологиялық тұрғыдан артта
қалуы, өндірістердің даярсыздығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын
игере алмау, бәсекеге қабілетсіздік – осының бәрі көптеген кәсіпорындардың
тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға , өндірістің
құлдырауына әкеп соқты. Соның салдарынан елімізде соңғы 8 жылда өндіріс
көлемі екі еседен артық қысқарды.
Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан
шетелдік капиталға, жеке капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы
институттарына да тәуелді болып отыр. Қазіргі таңда экономиканы көтеру
инвестицияның түсуіне байланысты болып отыр. Бүгінде Қазақстан зор
мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Мәселен, Азияның ең кедей елдерінің өзі
отыз жыл ішінде қайыршылықтан шығып, индустриялы мемлекттерге айналғаны
белгілі. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, қазір оларға
Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылып отыр. Қазақстанның көршісі
Қытайдың да экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Соған орай бұл елдер күллі
әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр.
2030 жылға қарай Қазақстан өзінен-өзі көтеріле қалмайды. Ол
республика халқының қажырлы еңбегі арқылы ғана дамыған елдер қатарына
қосыла алады.
2030 жылы Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге
дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін, - деген елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевтың сөзінің іске асырылуы Қазақстанның да өркендеп, қуатты елге
айналарына сеніміміз мол.

1.3. Отын өнеркәсібіндегі шетел инвестицияларының ролі
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып
табылады. Инвестицияның көмегімен инфрақұрылымды жетілдіре беру керек.
Оның жетілдірілуі экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда алда тұрған қиын жағдайды шешудің бірден-бір жолы, бұл
отандық өндірісті дамыту. Егер де ауыр өнеркәсіпті дамытуға әзірше шама-
шарқымыз жетпейтін болса, шағын және орта өнеркәсіпті дамытуды жолға қою
кезектегі міндетіміз.
2005 жылдың 27-сәуірінде, Республика президентінің шағын және орта
кәсіпкерлікпен шұғылданушылармен кездесуінде осы мәселе ерекше әңгіме
болды. Бұл бағытты дамыту аса мол инвестицияны қажет етпейді. Отандық
инвестицияларын босқа жіберіп жатқан жоқ. Біз жыл сайын 1,5 млр АҚШ доллары
көлемінде шетел инвестицияларын пайдаланамыз. Ал, оларды өсіммен қайтару
бізге оңай емес. Бұл салада жетіспеген жағдай, жіберілген қателік көп,
Сондықтан да отандық инвестицияға қатты көңіл бөлу керек. Қор рыногын
жандандырған жөн. Инвестиция иемденуші еңбектен, өндіруші еңбекке ауысқаны
тиімді. Осылай болса, жұмыссыздар азаяр еді. Қазір жұмыссыздардың саны
артып отыр.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығына да инвестиция бөлу мардымсыз.
Қазіргі кезде бұған балл құрылымдары да, шетілдік инвесторлар да барып
отырған жоқ.
Ауыл шаруашылығына инвестиция бөлудің өз ерекшеліктері болуы тиіс.
Инвесторлар салықтың барлық түрінен босатылғандары жөн.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық тауарлары арасындағы ара қатынаста
жөнге келтіру керек. Ауыл шаруашылығына инвестиция бөлгенде, неше беруге
келгенде Үкімет те белгілі мөлшерде тәуекелге баруы керек. Ауыл тұрғындары
үшін жұмыс орындарын ашып, олардың күн көруіне керекті табыс көзін жасап,
оларға жалақы төлемесе, күнелту үшін малдан басқа ештеңе қалмағандықтан,
мал басы әрі қарай шұғыл азаятын болады. Бұл жағдай халқымыздың бұрынғыдан
да арзан жүдеуіне әкеліп соғады.
Қазіргі кезде аграрлық рынок қорғаусыз қалды, ол әлемдік экономика
кеңістігіне тиісті қорғау шараларынсыз енуде. Ал елімізге азық-түлік
өнімдерін тасымалдау өсіп келуде. Ет өнімдерін әкелу 1,4 % -дан 10% -ға,
қант 37,7 % -дан 60 % -ға дейін, өсімдік майы 25 % -дан 60 %-ға дейін т.б.
өсті. Республикада тамақ өнімдері жетіспейтінін пайдаланып, батыс елдері
Қазақстанға сақталу мерзімі бітуге таяған арзан азық-түліктерін әкелуде. Өз
елімізде жеткілікті көлемде өндірілетін өнімдерді (астық, мақта, жүн,
қаракөл, ет. т.б.) сырттаен әкелуге алымдарды жоғары белгілеп, ал
өзіміздікін сыртқа еркін шығаруға рұқсат беру керек. Өзімізде жетіспей
отырған өнімдерді сыртқа шығаруға тосқауыл қойған жөн. Ең бастысы, өз
елімізде өндіруге мүмкіндігі бар тауарларды, әсіресе тамақ, жеңіл өнеркәсіп
өнемдерін шеттеп тасымалдауымыз орынсыз. Осының салдарынан, бір жағынан
экономика ақсап отырса, екінші жағынан елімізде еңбек жасындағы көптеген
тұрғындары жұмыссыз жүр.
Халық шаруашылығының қай саласы да қаржысыз дамымайды. Оны табу,
толықтыруға түрлі қиындықтар кездесуде. Ел экономикасын дамытуда ішкі
қаржының маңызды екені белгілі, бірақ ,ол жеткіліксіз дәрежеде болып отыр.
Осыған байланысты, шетел қаржыларын тарту басты мақсатымызға айналып отыр.
Осы тұрғыдан біраз жұмыстар да тындырылды: Алдағы уақытта шетелдік
инвестицияларды тиімді пайдалану жолдары тұрақты мәселеге айнала бастады.
Бұл орынды да. Себебі, шетелдік инвестициялар бізге тегін келіп жатқан жоқ.
Оны пайдаланғанымыз үшін шетелдіктерге көптеген қосымша қаржы төлеуге
мәжбүрміз. Оның мөлшері онша аз да емес және жыл сайын артып келуде. Егер
шетелдік қаржыны алғашқы алған жылдары біздің борышымыз 1,2-1,3 млрд. АҚШ
доллары көлемінде болатын болса, соңғы жылдары ол 5,8 млрд. АҚШ долларына
жетіп отыр. Біз жыл сайын шетел капиталын пайдаланғанымыз үшін салық өсе
беретін болады. Ал, оны уақытымен толық мөлшерде төлеу үшін еліміздің
өндіріс орындары, шаруашылық салалары өз жұмыстарыын жандандыруы керек.
Осы тұрғыдан қарағанда, шетел капитлын өзімізге тарта берудің жағымсыз
жақтары баршылық Шетел инвестициясын өз экономикамызды дамытуға тартқанның
өзінде олардың қай пиғылмен келгенін, не істеуді жоспарлағанын, қандай
технологияны өндіріске енгізілетінін алдын ала білуіміз керек. Инвестиция
алған өндіріс орнына қандац пайда түсетіні күні бұрын көрініп тұрғаны жөн.
Шетел инвестициясын өндіріске тарта отырып, оларды шаруашылықтың қай
саласына пайдалану тиімді – осыған көбірек мән беру керек. Кейін осы
капиталды падаланғанымыз үшін өсім төлейтін болғандықтан өзіміз шешуіміз
керек.
Шетел инвестициясын ғылым мен білімді, ғылым жетістіктерін көбірек
керек ететін шаруашылық салаларын дамытуға, жаңа технологияны енгізуге
жұмсаған тиімді тәжірибеден Байқалып жүргендей, инвестицияны ұзақ
өндірістік циклды дамытуға немесе шетел тауарлары көп тасымалдауынан
бәсекелестік кең өріс алған салаларға жұмсау самарқаулау. Сондықтан да
мемлекет отандық тауар өндірушілерді шетелдік тауар өндірушілерден қорғауы
керек. Бөл жөнінде арнайы бағдарлама болғаны жөн. Қазіргі валюта курсына
байланысты шикізатты шетелге көптеп сату оны отандық тауар өндірушілерге
сатудан әлдеқайда пайдалы. Сол себепті еліміздің шикізаты шетке кетіп
жатыр, ал отандық кәсіпорындар шикізатсыз қалуда. Бұған жол бермес үшін
валюта курсын өзімізде қай өндіріс саласын дамыту тиімді, соған байланысты
өзгеріп отыру керек.
Экономикалық дамуды ынталандырудың бағдарламасына инвестициялық және
өнеркәсіптік саясаттарын қаржыландырудың қосымша көздерін іздестірген жөн.
Инвестициялық саясатты дұрыс шешу, отандық өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығының дамуына жағдай жасау, халықты жұмысқа орналастырумен,
олардың хал-ахуалының жақсартумен тығыз байланысты. Жұрт жаппай еңбекпен
айналысқан жағдайда жұмыссыздықтан (әзірше шағын қалаларда) қоғамның
тұрақтылығына келетін қауіп азаяды.
Инвестицияның біраз бөлігі жаңа технологияны сатып алуға және
өндіріске енгізуге жұмсалуы тиіс. Бұл жерде екі түрлі қиындықты айта кету
керек: біріншіден, Шетел технологиясын жаппай сатып алу өз елімізде
техникалық прогрестің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Жаман да болса, шетел технологиясын алу керек деген пікір
қалыптасады. Сөзіміз жалаң болмас үшін, мына дәлелді келтірейік. Сонау 1965
жылы Каз ПТИ қызметкерлері бұрғылау жұмысында пайдаланатын жасанды алмас
коропкасы бар бұрғы дайындаған болатын. Бұл жаңалыққа инвестициядан патент
алынған. Оның көмегімен бұрғылау жұмысының құнын 20 пайызға арзандатуға
болады.
Бірақ ол қолдау таппады. Оның себебі, біздің елімізде шетел
технолоигясына бас ұру басым да, отандық технологияға, отандық
опертапқыштарға мән беру кем. Қазіргі уақытта Қазақстанға шетел тауарымен,
технологиясымен бәсекелесуге жарамды отандық тауар мен технологияға көңіл
бөлетін уақыт жетті.
Ал, екіншіден, отандық машина жасауды тірілтеміз деп өзіміздің өнімсіз
технологияны көбірек пайдалана берсек, шетелдіктерден артта қалып қоямыз.
Осыны ескере келіп, өз елімізде өндіруге тіпті мүмкіндігі жоқ немесе
тиімсіз технологияны сырттан алдырған орынды. Бұл тұрғыдан алғанда
еліміздің технологиялық қаіпсіздігін ескерген жөн.
Қорыта айтқанда, инвестициялық қорларды тиімді пайдалану үшін
төмендегі талаптарды сақтаған орынды:
- экспорттық шамамызды көтеріп, шетелден тасымалданатын тауарды
елімізде өндіру;
- елімізден валютаны заңсыз жолмен сыртқа шығаруға жол бермей
валюталық бақылау жүйесін жетілдіру.
- Шетел капиталын елімізге тартуға мемлекеттік кепілдеме берулі
шектеу.
- Экономикалық өсу тұрақты болуы үшін оны отандық инвестициясымен
жарақтандырып, халықтық төлеу (салық, сатып алу) қабілетін
жоғарылату.
Осыған байланысты еліміз алдында екі басты міндет тұр: инвестициялық
белсенділікті көтеру, ішкі рыноктың тұрақты дамуын қамтамасыз етуі , оның
басты бағыттары:
- инвестицияны өндірістік салаларға молырақ бөлу;
- ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдалана білу. Оны
жекеменшікке біржолата сатып жібермей, жалға беру, түсетін жал
ақысы-жалға алушыларға оны тиімді пайдалануға көмек көрсету;
- Шетелдіктерге жерді пайдалануға шек қою баға қоюдағы
арақатынасты реттеп, олардың арасындағы алшақтықты азайту;
- Отандық тауарлар есібінен ішкі рыноктың дамуына жағдай жасау.
Қорыта келгенде айтарымыз, шетелдік және отандық инвестицияларды қайда
жұмсауды, қалай пайдалануды тиісті басшылар мен мамандар болып мықтап
ойланып, айқын бағыт алған жағдайда, одан еліміздің өнеркәсібі мен ауыл
шаруашылығы үлкен пайда көрері анық.
2. Қазақстандағы отын өнеркәсібі және бұл саладағы компаниялардың
жұмысына экономикалық баға беру

2.1 Қазақстанның отын өнеркәсібіне жалпы сипаттама

Қазақстан табиғат ресурстарына өте бай ел. Оның жер қойнауында
Менделев кестесінің 110 элементінің 105 табылған.ТМД-дағы хромның -94,2 %,
бариттің -81,7 % , фосфориттің -64,7 %, молибденнің- 29,3 % , мыстың – 28,4
% , бокситтің – 22,1 % ,асбесттің – 20,1% , марганецтің -13% , көмірдің –
11,9 % қоры республика үлесіне тиеді.
Жалпы Қазақстан көмірсутегінің мол қоры бар мемлекеттердің қатарына
кіреді. Республика территорисында көмірсутегінің 208 кен орны ашылған
болса, оның жартысы- мұнай, үштен бірі-мұнай-газ, қалғандары газ және
газконденсаттары. Осылардың ішінен қазіргі уақытта 70-тен астам кен
орындары игерілуде. Жалпы Қазақстандағы көмірсутегінің қоры 13
млрд. т мұнай және корнденсат және 7,1 трлн. метр куб табиғи газ.Атырау
және Маңғыстау облыстарының территорисында мұнай қорының 70 % орналасқан.
Мұнайдың ең ірі кен орныдары: Теңіз, Өзен, Қарашығанақ, Қаламқас. Газдың ең
ірі кен орныдарына Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, жіне Жамбыл облысының
территорисындағы га кен орныдарының Амангелді тобы жатады.
Қазақстан өзін толығымен отын-энергетикалық ресурстарымен қамтамасыз
ете алады. Қазақстандағы көмір қоры 35,8 млрд. т. немесе әлемдік қордың 3,6
%-ін алып жатыр. ТМД елдерінің ішінде Қаазсқатн көмірдің қоры мен оны
өндіру бойынша үшінші, ал жан басына шаққандағы өндіру бойәынша бірінші
орныды алады. Қазақстандағы ең ірі көмір кен орындары- Қарағанды және
Екібастұз кен алаптары, бұдан басқа қазіргі кезде Убаган, Юбилейное,
Майкөбе, Кендірлік,Құланөтпес кен орнындары келешегі мол кен орындарына
жатады.
Қазақстан падалы қазбалардың қоры бойынша дүние жүзінде алғашқы орында
алғанымен оның сапасы бойынша соңғы орындарды иеленді.
Темір рудасының қоры бойынша Қаазақстан ТМД елдерінің ішщінгде Ресей мен
Украинадан кейінгі үшініші орныды алады. Темірдің негізгі кен орныдары:
Қашар, Соколов-Сарыбай, Қоржынкөл, Аят, Лисаковск және т.б. Темір рудасы
Қостанай және Қаорағанды облысытарының территорисынада өндірірледі.
Марганец рудасының қоры бойынша Қаазақстан дүние жүзінде ОАР мен
Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Марганец рудасының барылығы
Қарағанды облысының территорисында өндіріледі. Хром рудасының қоры бойынша
Қазақстан дүние жүзінде ОАР-дан кейінгі екінші орында алады.
Отын өнеркәсібіндегі өнеркәсіп көрсеткіштері
2005 жылы өнеркәсіп өндірісі. 2005 жылы Қазақстанның өнеркәсіп
кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 2292 млрд. теңгенің өнімдері
өндірілді (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қосқанда),
бұл 2001 жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға өскен. Өндіріс көлемінің өсуі
республиканың барлық өңірлерінде байқалады.
Кен өндіру өнеркәсібінде 2005 жылы 1072,9млрд. өнімі өндірілді, бұл
2001 жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға көп, өңдеуші өнеркәсіпте
-1048,8млрд. теңге және 7,7 пайызға өсті.
Кен өндіру өнеркәсібінің басты тауары шикі мұнайды өндіру 42,0
миллион тоннаға жетті немесе 16,6 пайызға өсті, газ конденсаты-5,2млн.
тонна және 1,3 есе, табиғи газ-10,5млрд. текше иметр және 1,3 есе. Мұнай-
газдан кейінгі кен өндіру өнеркәсібінің саласы металлургия екені
белгілі.2002 жылы темір кенін өндіру 1,3 есеге, жез-5,1 пайызға,
алюминий(боксит) -1,2 есеге, қорғасын-мырыш-8,2 пайызға, хром-15,8 пайызға
өсті. Өңдеу өнеркәсібінде оның көлемінің 40 пайыздан астамы металлургия
өнеркәсібі мен металл өңдеудің үлесіне, үштен біріндейі –ауыл шаруашылығы
өнімдерін өңдеудің үлесіне тиді.
Кокс,мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндірудің көлемі62
млрд. теңгеге жетіп, (өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің жалпы сомасының
9пайызы), өткен жылдың тиісінше деңгейінің 100,4 пайызын құрады. Мұнайдан
өңдеуден алынатын өнімдерді шығару 3 пайызға төмен болды, соның ішінде
мазут өндіру-2,1 пайызға.
Өнеркәсіп көлемінің өткен жылғы алты аймен салыстырғандағы өсімі
негізінен Қазақстан экспортқа шығарытын тауарлардың (олар негізінен тегіс
шикізат екені белгілі) әлемдік рыноктағы бағасының жоғары болуына
байланысты. Сыртқы сауда айналымы туралы деректер статистикалық есепте
әдетте бір айға кейін беріліп отыратыны белгілі. Сондықтан биылғы 5 айдағы
экспорттың деректеріне сүйенсек экспортқа шығаратын бидай 1,3млн. тонна
екен, өткен жылғы бес аймен салыстырғанда оның тек 48 пайызы көлемінде,
ал құныц жағынан 100 пайызды құрапты, яғни биыл бір тонна астықтың бағасы
167,4 АҚШ доллары, немесе өткен жылғыға қарағанда екі есе қымбат.Биыл 4,0
млн.тонна темр кені – 104,3 млн. АҚШ долларына экспортқа шығарылған, заттай
көлеміі бойынша биылғы өнім былтырғының 87 пайызын құраса, құны бойынша 144
пайыз, яғни былтыр 1 тонна темір кені 16 доллардан сатылса, биыл 26
доллардан сатылған,биылғы бес айда 21,6млн. тонна мұнай мен газ конденсатын
3763,3млн. долларға экспорт жасалса, ол заттай түрінде былтырғыдан 28
пайызға, құны жөнінен 40 пайызға көп, одан кейінгі басты экспорттық
тауарлар ақ қаңылтырды қоса қара металдың жазық иегінің экспорты заттай
түрінде 13 пайызға, құны бойынша 26 пайызға, тазартылған мыс, тиісінше 5
және 57 пайызға, темірқорытпасы-7 және 61 пайызға, мұнай өнімдері 31 және
73 пайызға алюминий тотығы 2 және 2 пайызға өскен, мақта талшығы –заттай 5
пайызға кемісе, құны бойынша 30 пайызға өскен, өңделмеген мырыш заттай
2пайызға кемісе, құны бойынша 16 пайызға өскен.
Сонымен осы келтірілген деректерден өнеркәсіп өнімінің көлемі
негізінен бағаның өсуі есебінен артып отырғанын көруге болады. Сондай-ақ
өнеркәсіп өнімінің өсімі тағы да негізінен тау-кен өнеркәсібінің есебінен
болып оның шикізаттық сипаты одан әрі күшейе түсуде екеніне көзіңіз жетеді.
Мұнай өндіру артқанымен мұнай өнімдерін шығару мардымай тұрғаны да
сондықтан елдегі бензин, газойли, мазут сияқты өнімдердің бағасының
шарықтап тұрғаны да көңіл қынжылтады. Дайын металл бұйымдарын өндіру 2004
жылдың қаңтар-маусымында небары 11,1 млрд. теңге ғана болып, өткен жылғы
осы мерзімдегімен 9,9 пайызға кеміп кеткені де келісіп тұрған жоқ.

Өнеркәсіптің негізгі көрсеткіштері
Кесте 1

1995
1992 1.Шетелдік мамандарға арналған қонақ үй құрылысын аяқтау.
2.АТ-2 қондырғысын қайта құру жөніндегі жұмыстардың
орындалуы.
3.Авангард шағын ауданында 50 пәтерлік тұрғын үй
пайдалануға берілді.
1993 1.Газ толықтыру стансасына дейін газ құбырын пайдалануға
қосу.
2.№ 24 ,36 қазандарды пайдалануға беру.
3.№1 және №4 цехтар үшін тұрмыстық корпустарды қосу.
1994 1.№1 цехта жаңа технологиялық пештерді салу жөніндегі
жұмыстар көлемін игеру.
2.Бекум фирмасының кешенді импорт жабдықтарында көбікті
жуу құралдары үшін ыдыс өндірісін іске қосу.
3.Зауытты электрмен жабдықтаушы техникалық жағынан қайта
жарақтандыру жөнінде жұмыстар көлемін арттыру.
1995 1.Зауыттың жылу электр орталығын қайта құру.
2.№1 цехта пайдаға асыру қазандарымен П-1,П-2
технологиялық пештерін пайдалануға беру.
3.Кабельдік желілермен №2 орталық үлестіргіш пунктін
пайдалануға беру.
4.ХВ-7,ХВ-8,ХВ-9,ХВ-101 ауамен салқындатқыш
конденсаторлар –тоңазытқыштар болгын жұмысқа қосу.
5.Желілермен конденсат стансасын іске қосу.
6. Привозальныйшағын ауданында 27 пәтерлік тұрғын үй
және Тұрғын қалашық шағын ауданында 6 пәтерлік тұрғын үй
пайдалануға берілді.
1996 1.Көлік цехында әкімшілік –тұрмыстық корпус колонналарын
ауыстыру.
2.Модульді лабораторияны жұмысқа қосу.
3. Строитель шағын ауданында 100 пәтерлік тұрғн үй және
Тұрғын қалашық шағын ауданында 40 пәтерлік тұрғын үй
пайдалануға берілді.
1997 1.Әкімшілік үй жайларды жылытуды будан ыссы суға ауыстыру
.
2.Мұнай өнімдерін автоцистерналарға құю пунктін
пайдалануға беру.
1998 № 2 су блогын қайта құру .
2.Ганюшкин поселкесінде шыны зауытының құрылысы
басталды.
3.Жылу электр орталығында П-6-3,41 турбинасы
құрастырылды.
1999 1.Жылу электр орталығында екінші турбина құрастыру.
2.№3 цехта трансформатолық қосалқы станса іске қосылды.
3. Мұнайшы сатдионын қайта құру.
2000 1.Ааж-06М инертті газ шығару жөніндегі қондырғыны іске
қосу және оның жұмысын игеру.
2.АТ-2 қондырғысында жанармайды сілтісіздедіру торабы
жөніндегі жұмыстар басталды.
3. Мобиль72 пәтерлік үйі пайдалануға берілді.

Атырау мұнай өңдеу заутында шығарылатын өнімдер

Шығарылатын өнімдер Пайыз бойынша (%)
1. Автомодиль жанармайы 14,4
2.Дизель отыны 36,6
3.ТС-реактив отыны 0,5
4.пеш отыны 9,9
5.Кокс 4,0
6.Қара май 29,7.
7.Тағы басқа өнімдер 5,0

Шығарылатын мұнай өнімдерінің түр-түрін кеңейту.
(1991-2000 жылдар)

№ Жылдар өнімдері
1. 1991 Қысқы дизель отыны (ДЗп- В)
2. 1992 Атырау деэмульгаторы
3. 1995 ТС-1 реактивтік отыны
Этилденбеген АИ-93 автомобиль жанармайы
4. 1996 Этилденбеген А-76 автомобиль жанармайы
Атырау 7020 Б деэмульгаторы
5. 1997 А-80 автомобиль жанармайы
Депрессорлық қоспасы бар қатуы төмен жазғы
дизель отыны (ДЛп)
6. 1998 Депрессорлық қосапсы бар қысқы дизель отыны
(ДЗп)

3.3.Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық мәселелерді шешудегі іс-
шаралары.

.Табиғатты қорғау қызметін сақтау есебінен зауыт қоршаған ортаға әсер
ету лимиттерінің артуына жол бермей келеді.Соңғы жылдарда енгізілген
табиғатты қорғау шараларынан төмендегілерді атап көрсетуге болады:
-Каталитикалық риформинг қондырғысының (сутегі бар жеңіл газ) және
Баяу кокстеу қондырғысының (қаныққан газ) газдарын араластыру және
технологиялық мақсаттарға жағу сжемаларын енгізу.Соның есебінен зауыттың
Жылу –электр орталығында қара майдың отындық үлесін 55 пайыздан 48
пайызға дейін кемітуге және алауға жіберілетін газ тасталындыларын
кемітуге қол жеткізілді.
-Каталитикалық риформинг қондырғысы мен АВТ-Электрмен тұзсыздандыру
қондырғысы сұйық отынын қара майдан күкіртті неғұрлым аз вакуумдық
дистиллятқа ауыстыру схемаларын енгізу.Бұл шаралар өңделетін мұнай
құрамында күкірттің жалпы көлемінің өскеніне қарамастан күкіртті
ангидриттің ауаға шығарылуын лимит шегінде ұстауға мүмкіндік береді.
-Зауыттың Жылу –электр есептеу торабы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикаға өту барысында
Мұнай-газ саласын дамыту
Әлемдік мұнай нарығының даму үрдістері
Қазақстан Республикасында мұнай газ кешенін мемлекеттік реттеу
Қазақстанның нарық экономикасына өту кезеңіндегі жер қойнауы ресурстарын игерудің жағдайы туралы
Инвестициялық саясат пен басқару
Мұнай өнімдерін өндіруге салық салудың әлемдік тәжірибесі
Орталық Қазақстан түсті металл кен орындарының қазіргі жағдайы және оларды толық пайдаланудың мәселелері
Қазақстанда жер ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясы
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Пәндер