«Қазақстан Халқы Ассамблеясы» туралы Заң жобасын талқылау



1 Қазіргі біздің қоғамымыздағы кейбір ұлт аралық түсініспеушілік
2 Бүгінгі тәуелсіз қазақтың күйінуі мен сүйінуі
3 Өзекті күйдіретін өкініштер
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанына 16 жылдан асты, бірақта қазақ халқының ұлттық мүддесі осы кезге дейін шешімін таппай келеді. Оған көз жеткізу үшін, осыдан он-он бес жыл бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына жазылған материалдар мен бүгінгі ақпарат материалдарын салыстырып көрсек, бұған көзіміз әбден жетеді. Сол кезде көтерілген проблемалар жылма-жыл қайталануда, бірақта іс жүзінде өзгеріс шамалы. Осы проблемалардың ішінде көп айтылып, бірақта шындап қолға алынбай жүрген мәселе, ол қазақ халқының рухани мәдениетінің негізі — тілі, діні, салт-дәстүрі болса, осы құндылықтарымыздың әлі күнге дейін толық шешімін таппауы. Әрине бұл мәселелер тәуелсіздік алғаннан бері сөз жүзінде айтылудан кенде емес, бірақта іс жүзінде, яғни халқымыздың күнделікті өмірінде, олардың қолданыс деңгейі ешқандай сын көтермейді.
Адам — адам болып, ұлт — ұлт болып қалыптасуы үшін оның діні, тілі, салт-дәстүрі болуы керек. Алайда қазақ халқының бұл құндылықтары жыл өткен сайын әлсіреп, еліміздің болашағы жастарға қажет болмай барады. Осы бүгінгі жағдай енді бес-алты жыл осы қалпында қала берсе, қазақ халқы — рушыл, жүзшіл, ұлтшыл, космополит, нигилист болып бірнеше топқа бөлініп, біртұтас ұлт болудан қалу қаупі бар. Осыдан кейін неге біз тәуелсіздігімізді алғанан кейін осындай қалге түсіп отырмыз деген сұрақ туындайды.
Біздің бүгінгі күні мұндай жағдайға келуіміздің бірнеше объективті және субъективті себептері бар. Біз болсақ осы кезге дейін бұл проблеманың себептерін анықтап алмай, тек оның салдарын сөз етіп, сонымен күрескен болдық, сол себепті біздің әрекеттеріміз әр кез сәтсіздікке ұшырап отырды.
Қазақ халқы тәуелсіздік алғанға дейін-ақ әлеуметтік, мәдени, экономикалық жағынан қалалық және ауылдық болып екі топқа бөлініп кеткен болатын. Егерде ауылда тұратындар қазақтың мәдениетіне жақын ауылдың өмір салтымен өмір сүрсе, қалада тұратындар орыстың мәдениетіне жақын қаланың өмір салтымен өмір сүреді. Осындай объективті жағдайларға байланысты, қазақ халқы екі әлеуметтік топқа бөлініп, олардың ұлттық санасы мен менталитеті әр түрлі болып қалыптасты. Сол себепті ауыл тұрғындарында рулық-патрихалдық сана басым болса, қала тұрғындарында космополистік-нигилистік сана басым. Қазіргі біздің тәуелсіздік алғанымызға он алты жылдан асса да, қазақтың ұлттық мүддесін қорғап, оның басын біріктіретін бір ортақ ұлттық идеология жасай алмай жүргеніміздің басты себебі сол.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанына 16 жылдан асты, бірақта қазақ
халқының ұлттық мүддесі осы кезге дейін шешімін таппай келеді. Оған көз
жеткізу үшін, осыдан он-он бес жыл бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына
жазылған материалдар мен бүгінгі ақпарат материалдарын салыстырып көрсек,
бұған көзіміз әбден жетеді. Сол кезде көтерілген проблемалар жылма-жыл
қайталануда, бірақта іс жүзінде өзгеріс шамалы. Осы проблемалардың ішінде
көп айтылып, бірақта шындап қолға алынбай жүрген мәселе, ол қазақ халқының
рухани мәдениетінің негізі — тілі, діні, салт-дәстүрі болса, осы
құндылықтарымыздың әлі күнге дейін толық шешімін таппауы. Әрине бұл
мәселелер тәуелсіздік алғаннан бері сөз жүзінде айтылудан кенде емес,
бірақта іс жүзінде, яғни халқымыздың күнделікті өмірінде, олардың қолданыс
деңгейі ешқандай сын көтермейді.
Адам — адам болып, ұлт — ұлт болып қалыптасуы үшін оның діні, тілі, салт-
дәстүрі болуы керек. Алайда қазақ халқының бұл құндылықтары жыл өткен сайын
әлсіреп, еліміздің болашағы жастарға қажет болмай барады. Осы бүгінгі
жағдай енді бес-алты жыл осы қалпында қала берсе, қазақ халқы — рушыл,
жүзшіл, ұлтшыл, космополит, нигилист болып бірнеше топқа бөлініп, біртұтас
ұлт болудан қалу қаупі бар. Осыдан кейін неге біз тәуелсіздігімізді алғанан
кейін осындай қалге түсіп отырмыз деген сұрақ туындайды.
Біздің бүгінгі күні мұндай жағдайға келуіміздің бірнеше объективті және
субъективті себептері бар. Біз болсақ осы кезге дейін бұл проблеманың
себептерін анықтап алмай, тек оның салдарын сөз етіп, сонымен күрескен
болдық, сол себепті біздің әрекеттеріміз әр кез сәтсіздікке ұшырап отырды.
Қазақ халқы тәуелсіздік алғанға дейін-ақ әлеуметтік, мәдени, экономикалық
жағынан қалалық және ауылдық болып екі топқа бөлініп кеткен болатын. Егерде
ауылда тұратындар қазақтың мәдениетіне жақын ауылдың өмір салтымен өмір
сүрсе, қалада тұратындар орыстың мәдениетіне жақын қаланың өмір салтымен
өмір сүреді. Осындай объективті жағдайларға байланысты, қазақ халқы екі
әлеуметтік топқа бөлініп, олардың ұлттық санасы мен менталитеті әр түрлі
болып қалыптасты. Сол себепті ауыл тұрғындарында рулық-патрихалдық сана
басым болса, қала тұрғындарында космополистік-нигилистік сана басым.
Қазіргі біздің тәуелсіздік алғанымызға он алты жылдан асса да, қазақтың
ұлттық мүддесін қорғап, оның басын біріктіретін бір ортақ ұлттық идеология
жасай алмай жүргеніміздің басты себебі сол. Оның үстіне қоғамымызда
нарықтық экономиканың орнауына және жеке меншіктің заңдастырылуына
байланысты қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрт
жоғарлап, керісінше ауыл тұрғындарының тұрмысы тым нашарлап кетті. Сол
себепті ауыл мәдениетінің, яғни қазақ мәдениетінің қадірі кетіп, жастар
қалаға жиналып, қала мәдениетіне ден қоя бастады. Қазіргі кезде ұлттық
рухани мәдениеттеріміздің, былайша айтқанда — тіліміздің, дініміздің, салт-
дәстүріміздің дамымай, күнен-күнге беделінің азайуының негізгі себебі
осыдан.
Сонымен бірге мұның субъективті себептері де бар. Атап айтқанда ұлтымыздың
саяси және рухани элитасы қалалық өмір салтымен, яғни орыс мәдениетімен
тәрбиеленгендіктен, олардың көбі қазақ тілін білмей, яғни қазақ мәдениетін
түсінбегендіктен оны сыйламай, ұлтымыздың космополит элементіне айналып
барады. Осындай себептердің салдарынан қазіргі кезде қазақ халқы рухани
дағдарысқа ұшырап отыр. Енді осы тығырықтан шығудан қандай жолдары бар және
оған қалай қол жеткізуге болады?
Меніңше, оның бірден-бір дұрыс жолы, қазақ халқы өзінің тарихи қалыптасқан
рухани мәдениетінің негізі — тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтап, оны әрі
қарай дамыту үшін олар жаңа өмір жолына түсулері керек. Себебі адамның
ұлттық санасын, оның дүиетанымын, өмірге көзқарасын қалыптастыратын,
адамның күнделікті тіршілігінің негізі болып саналатын, оның — өмір салты.
Осы кезге дейін қазақ халқы негізінен ауылдың өмір салтымен өмір сүріп
келеді, сондықтанда олардың дүнитанымы, менталитиеті, мәдениеті сол
өздерінің өмір сүретін ортасына байланысты қалыптасты. Оның үстіне қазақ
халқы бодандықта болғандықтан, олардың басында еркіндігі болмай,
метрополияның жүргізген саясатына бас иуге тура келді. Қазіргі кезде жағдай
мүлде басқаша.
Біріншіден, біз тәуелсіз елміз, өзіміздің мемлекетіміз бар, енді өмірімізді
қалай өзгертеміз десек те өз еркімізде. Сондықтан да біз ешкімге
қарайламай, қайткенде өмірімізді жақсартуға болатынын жақсылап ойланып,
сонан кейін іс-әрекетке көшуімізге толық мүмкіншілігіміз бар.
Екіншіден, қазақ халқының басым көпшілігі бұрын ауылдық жерде тұрып келсе,
енді қалаға шоғырлана бастады. Сондықтанда бұрынғыдай орыс мәдениетіне
еліктеп ассимиляцияға ұшырамай, қалалық өмір салтына бейімделген өзінің
ұлттық мәдениетін қалыптастыруға тиіс.
Үшіншіден, саяси, рухани, экономикалық биліктердегі ұлттық элитамызды
қазақыландырып, оларды қазақтың ұлттық мүддесін қорғайтын, патриоттық
сезімдегі ұлттық элитаға айналдыруымыз керек.
Енді уақыт оздырмай осы шараларды тез арада үкіметіміз болып, зиялы
қауымымыз болып, бүкіл халық болып қолға алып, іс-әрекетке көшуге тиіспіз.
Біз осы кезге дейін, қазақтың ұлттық мүддесін қозғасақ, басқа ұлттардың
наразылығын тудырып, ұлт аралық татулыққа сызат түсіреміз деп, жалған
қағиданың жетегінде болып келдік. Егерде шындыққа тура қарайтын болсақ бәрі
керісінше болуға тиіс. Қазақстанның байырғы тұрғыны, әрі сан жағынан бүкіл
Республика халқының үштен екісін құрап отырған қазақ халқының ұлттық
мүддесі өз Отанында қорғалмаса, Қазақстанда еш уақытта тыныштық болуы
мүмкін емес екенін уақыттың өзі көрсетіп берді. Осы соңғы он бес жылдың
ішінде Қазақстанда қазақ мүддесінің қорғалмауы салдарынан бұл проблема
ақпарат құралдарында тұрақты көтеріліп келді. Қазіргі жағдайда бұл
проблеманың сөзден іске көшкенін көріп отырмыз. Оған дәлел, соңғы жылдарда
түрлі ұлттық бағыттағы қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың құрылуы. Тіпті
соңғы айларда бұл мәселе саяси сипат алып, ұлттық бағыттағы партиялар
құрыла бастады.
Егерде бұл проблемаға қазірден мән беріп, оны әділ шешуге күш салмасақ, ол
бара-бара күрделеніп, ұлттық көлемдегі үлкен проблемаға айналуы мүмкін.
Осы жерде ұлттық мүдде дегеніміз не және оны қалай қорғауға болады деген
сұрақ туындайды. Көп адамдардың осы кезге дейін бұл сұрақты дұрыс түсінбей,
соның салдарынан ұлттық мүдде туралы сөз бола қалса, оны ұлтшылдықтың
белгісі деп қабылдайтындары рас. Олардың түсінігі бойынша Қазақстанда
бірнеше ұлттардың өкілдері тұрады, соның ішінен қазақтың ұлттық мүддесін
бөле-жара қараудың не қажеті бар, бәріміз бірдей бір қоғамда өмір сүріп
жатқан жоқпызба деп ойлайды.
Бір қарағанда солай болып көрінері анық, бірақ та бұл мәселеге тереңірек
үңілсек, оның басқа да мәні бар екенін көреміз. Иә, Кеңес одағы кезінде де,
қазір де сол бұрынғы интернационалдық идеологиямен өмір сүріп жатырмыз.
Былайша қарғанда ұлт аралық дискриминациясыз, бейбіт, тату тұратын
сияқтымыз. Олай болса, өзінің тәуелсіз мемлекетінде өмір сүретін қазақтың
тілі, діні, салт-дәстүрі неге дамымайды, қазақтардың орыстану процесі неге
тоқтамайды, қазақтардың ұлттық санасы неге оянбайды?
Мұның басты себебі, біз әлі сол бұрынғы коммунистік идеологияның
қалыптастырған өмір салтымен өмір сүріп отырмыз. Ол идеологияның аты
интернационалдық болғанмен, негізгі мақсаты басқа ұлттарды орыстандыру
саясаты болатын. (Ол саясаттың аты “Советтік өмір салты” деп аталады.)
Сондықтан біз ұлттық қасиетімізді сақтап, тәуелсіз мемлекет болғымыз келсе,
бірінші кезекте өзіміздің ұлттық ерекшелігімізге тән өмір салтымызды
қалыптастыруымыз керек.
Мен, 1999 жылы Парламентке депутаттар сайлау алдында “Қазаққа қандай партия
керек?” деген мақала жазып “Жас Алаш” газетінің редакциясына апарып бердім.
Газет редакциясы “бізге мұндай материал өте қажет, біз мұны қалайда
басамыз” деп алып қалып, ақыр соңында баспай қойды. Осы мәселе жөнінде сол
кездегі газеттің бас редакторы Нұртөре Жүсіппен қатты сөзге де келіп
қалғаным бар. Ақыр аяғында бұл мақала билікке оппозициядағы “Азат”
газетінде 2004 жылы 29 қаңтарда жарық көрді. Мен ол мақаламда сол кезде
өзін билікке оппозициямыз деп жүрген партиялардың да қазақ халқының ұлттық
мүддесін қорғамайтынын сынап жазған болатынмын, сондықтанда газет
редакциясы өздеріне айтылған сындарды қысқартып тастапты. Ол мақаланың
негізгі мақсаты қазаққа өзінің ұлттық мүддесін қорғайтын партияның неге
қажет екенін және оның себептерін дәлелдеу болатын. Өкінішке орай онан бері
сегіз жыл өтсе де, сол материалда көтерілген проблемалар осы кезге дейін
шешімін таппай келеді.
Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық мүддені қорғау мақсаттында талай
партиялар, қозғалыстар, ұйымдар құрылды. Бірақта олардың басты кемшілігі,
осы проблеманы шешу жөнінде теориялық негізделген ұлттық идеологиясы
болмады. Соның саладыран олардың алға қойған мақсаты халыққа түсініксіз
болып, ақыр аяғында сәтсіздікке ұшырап отырды.
Оның үстіне біздің Конститутциямызда ұлттық, діни, нәсілдік бағыттағы
қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынған. Қазақтың ұлттық мүдесін қорғау
сөз бола қалса, оның қарсыластары көбіне Конституциядағы осы қағидаға
сүйенеді. Әрине, қазіргі кезде дүние жүзінде бір ұлттан, бір дінен, бір
нәсілден тұратын бірде-бір мемлекет жоқ, сол себепті әрбір ұлт өкілдеріне
өздерінің партиясын құрып, тек өз ұлттының мүдесін қорғауға ерік беріп
қойса, ол мемлекетте еш уақытта бірлік болмас еді. Бірақ, бізде бұл жөнінде
басын ашып алатын бір мәселе бар, ол Қазақстанның біртұтас, (унитарлы)
мемлекеттігі және мұнда тұратын өзге ұлт өкілдерінің басқа жерде тарихи
отаны бар, яғни олардың рухани мәдениет сол жерде сақталап, қорғалды, ал
қазақтардың Қазақстанан басқа отаны жоқ, сол себепті олардың рухани, саяси,
экономикалық мүддесі тек осында дамып, қорғалуы керек. Олай болса мұндай
жағдайда қазақтар өзінің ұлттық мүддесін қалай қорғуы керек деген сұрақ
туындайды. Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері мен қазақтардың арасында
бұл жөнінде түсініспеушілік болмас үшін, төмендегі бірнеше сұрақтарға жауап
іздеуіміз керек.
Бірінші, Қазақстан көп ұлтты мемлекет пе, жоқ бір ұлтты мемлекет пе?
Меніңше Қазақстанды көп ұлтты мемлекет деу — саяси қателік. Көп ұлтты
мемлекет деп, егерде бір мемлекет ішінде өзінің тарихи отанында тұрып
жатқан басқа да ұлттар болса, ондай мемлекет көп ұлтты деу орынды.Ал,
Қазақстанның жағдайына келетін болсақ, мұнда қазақтан басқа ұлттың тарихи
отаны жоқ, сол себепті Қазақстанда бір ұлт тұрады, ол — қазақтар, басқалар
болса Қазақстанға түрлі себептермен келген басқа ұлттың өкілдері.
Екінші, әр мемлекеттегі байырғы ұлт пен басқа ұлт өкілдерінің саяси,
рухани, экономикалық құқықтары қандай болуы керек? Сол мемлекеттегі байырғы
ұлттың құқығы мен басқа ұлт өкілдерінің құқығы барлық жағынан бірдей болуы
керек деу ешқандай логикаға сыймайды. Осы мемлекетті құрып отырған байырғы
ұлттың рухани мәдениеті өз отанында ешқандай кедергісіз, толыққанды дамуы
керек. Сол себепті Қазақстанда тұратын байырғы ұлт пен басқа ұлт
өкілдерінің рухани, саяси, экономикалық құқықтарын заңдастырып, бұдан былай
ұлт аралық түсініспеушілік пен бәсекелестікке жол берілмеуі керек.
Үшінші, ұлтшылдық деген терминнің саяси мағынасын қалай түсіну керек? Бізде
ұлттық мүдде туралы сөз бола қалса, оны бірден ұлтшылдыққа теңейді. Бұлда
біздің саяси сауатсыздығымызды көрсетеді. Қазақ халқы бірнеше ғасырлар бойы
бодандықта болғандықтан олардың рухани мәдениетіне үлкен нұқсан келтірілді.
Енді қазір тәуелсіздігімізді алғанан кейін, осы тарихи әділетсіздіктің
зардабын жою үшін, саяси билік отарсыздандыру шараларын жүргізуі керек еді.
Олар болса осы күнге дейін сол метрополияның тілінде заң шығарып, солардың
тілінде сөилеп ,солардың өмір салтымен өмір сүріп келеді. Осыны көре тұра,
біле тұра неге тіліміз өз функциясын атқармайды, неге рухани мәдениетіміз
дамымайды, неге ұлттық салт-дәстүріміз күнделікті тұрмыста қолданысқа ие
болмайды деп таңдаған боламыз. Сол себепті ұлтшылдық деген терминнің саяси
мағынасына ғылыми талдау жасап, оны қандай жағдайда қалай түсіну керектігін
анықтауға тиіспіз.
Қазіргі біздің қоғамымыздағы кейбір ұлт аралық түсініспеушілік осындай қате
саясаттың салдары. Бұрын отар болған ұлт өзінің рухани мәдениетін дамыту
үшін үкіметтен теңдік талап етуі ешқандай ұлтшылдыққа жатпайды. Біздің
Конституциямыздың 3бап, I- тармағында Мемлекеттік биліктің бірден-бір
бастауы — халық делінген. Сондықтанда халық өзінің ұлттық мүддесінің
қорғалуын биліктен талап етуге толық құқығы бар. Ол үшін халық саяси
сауатты болуы керек.
Қазіргі кезде қазақ халқының тағдырының шешілер тарихи кезеңінде оның
алдында тұрған басты мақсат, қайткенде өзінің отанында тәуелсіз ел ретінде
ұлттық мемлекетін құрып, оның өркениетті елдердің қатарына қосылуын
қамтамасыз ету.Ол үшін:
Бірінші, осы мемлекетті құрушы ұлт ретінде қазақ халқының рухани мәдениеті
мен күш-жігерін біріктіретін оның ұлттық идеологиясы болуы керек. Егерде
қазақ халқының бірлігі күшті болып, мәдениеті жоғары болса Қазақстанда
тұратын басқа ұлттардың өкілдері қазақ халқын сыйлап, оның мәдениетін,
тілін, салт-дәстүрін мойындайтын болады. Тек сол кезде ғана Қазақстанда
тұратын халықтардың арасында өзара түсінісушілік орнап, бейбіт тату-тәтті
өмір сүрулеріне мүмкіндік тумақ.
Екінші, осы елде тұратын халықтарды — ұлтына дініне, нәсіліне бөлмейтін
бәріне ортақ бір өмір заңымен өмір сүретін өмір салты болуға тиіс. Ол өмір
салтының негізгі принципі имандылықты сақтап, заңды орындап, парасатты
өмір сүру. Бұл принципті осы елде өмір сүретін әрбір адамнан бастап бүкіл
қоғам басшылыққа алып өмір сүрсе, болашақта елімізде әділеттік орнап,
адамдардың бақытқа қол жеткізері сөзсіз.
Үшінші, болашақта жасалынатын ұлттық идеологиямызды халық арасында
насихаттап, оның идеясын халық санасына жеткізу үшін ағарту жұмысын жүргізу
ұлтымыздың зиялы қауымының перзенттік парызы. Себебі қазақ халқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парламент Сенатының ерекше өкілеттігі
Қазақстан Парламенті
ҚР Паламенті
Қазақстан Республикасының Парламенті құрылымы
Жаһандану мен жергілікті мәдениет
ПАРЛАМЕНТТІК ДЕПУТАТТЫҚ ӘДЕПТІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
ҚР Парламенті және оның ҚР мемлекеттік органдар жүйесіндегі алатын орны
Парламент палаталары депутаттары
Адам және азамат
Пәндер