Несие жүйесінің нарықтық қатынаста жетілдіру


Мазмұны
Кіріспе
1 Несиенің қажеттілігі, пайда болу көздері
2 Несиенің қызметтері мен оның түрлері
3 Несие жүйесінің нарықтық қатынаста жетілдіру мәселелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық (ростовщический) несие деп аталды.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несиберушілер - көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс-әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының денгейінің өте жоғарылылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр етті. Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының денгейін 21 проценттен 43 процентке дейін көтеруге, ал кейбір жағдайларда 100-200%-ке жеткізуге рұқсат етілді. Дегенмен, өсімқорлық несие капиталистік өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни ескі өндіріс әдістерін ыдыратып, жаңа әдістің пайда болуына негіз дайындады. Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына жетті.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күніненбастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым - қатынас ең жоғарғы ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономистерге несиенің арғы негізін қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек . Оның үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы, әр түрлі түсіндіріледі . Мысалы, кейбір экономистер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп (әңгіме төленетін процент жөнінде), өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіеді, нарықтық экономикаға тән қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықттан экономикалық дағдарысты жоймайды, керсінше, оны тереңдетеді, оғапн тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керсінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай қарама-қарсы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап беруіміз керек.
Жоғарыда айтылғанда, несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған кезінен іздеу керек, тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.
Қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, несиелік қатынастың пайда болып және өркендетілуінің, нақты экономикалық негізін, капиталдың айналымы мен ауыспалы айналымы құрайды.
Экономикалық санаттың маңызын, оның экономикалық процеске қатынасы мен қол жеткен жетістіктер арқылы бағалайды. Және де ондай жетістіктерге, тек сол санаттарды пайдаланғанда біліктілікпен, мейлінше тиімді әдістерді қолданса ғана жетуге болады . Басқа жағдайда істелген іс, күтілген пайдап жоққа шығады . Осы сияқты, несиенің де маңызын, оны пайдаланған шаруашылық жүргізуші субъектілер, табыскерлікпен шұғылданатын жеке тұлғалар, тіпті, бүкіл мемлекеттіңөзі, тапқан пайдасымен байланыстырып анықтайды . Жалпы алғанда, несиеге ең жоғары дәрежеде пайда түсуге мүмкіншілік туғызу тән. Бірақ, оның барлық қағидаларын сақтағанда (орындағанда) ғана, яғни, оны шаруашылықтың мақсатына сәйкес, тиімді пайдаланғанда ғана тиісті пайда алуға болады.
Іс жүзінде, кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілер жеке тұлғалар несиені өндіріс қажеттігіне алып, оған қымбат автокөліктер, тағы басқа да тұтыну бұйымдарын сатып алады, неменсе бұрыннан келе жатқан қарыздарын өтейді. Мұндай жағдайда несиеден қандай пайда күтуге болады? Пайда жоқ, ал төлемін (процентін ) төлеу керек.
Несиенің шаруашылық айналымындағы үйлесімді мөлшері қандай болу керек, деген сауал көп жылдар бойы экономикалық басылымдарда талқыланып келеді. Оның себебі, егер, несие қажеттіліктен артық берілсе, біріншіден, төлем қарулары айналым арнасын кемеріннен асырып жібереді, ал, ол, өз кезегінде, инфляциялық ахуал туғызады, екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстарды үнемдеп жұмсауға ынтымақтығын төмендетеді . Өйткен, олар, қолында артық қаржы болғаннан соң, оны ұқыпсыз жұмсауға мүмкіншілік алады: материалдық құндылықтардың қалдығын шектен артық ұстау (өлі капитал), қарызгерлердің бережақтарын кезінде өндіріп алмау, басқа да өндіріске пайдасыз шараларға жұмсау тағы басқа.
Осының салдарынан қаржының айналымы баяулайды, оларды пайдаланудың тиімділігі, сонымен, бірге бүкіл экономиканың тиімділігі төмендейді.
Сонымен, несиенің бойында бар қасиетті іске асыру үшін оны дұрыс пайдалану керек. Тек осындай жағдайда ғана несиенің пайдалы маңызы туралы айтуға болады.
1. Несиенің қажеттілігі, пайда болу көздері
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық (ростовщический) несие деп аталды.
Капиталистік несие капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондықтан капиталистік несиенің өсімқорлық несиеден елеулі ерекшеліктері бар:
Біріншіден, қарыздар бойынша. Өсімқорлық несие алушылар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені, негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.
Екіншіден, қарызға берген ақшаны пайдалануәдісі бойынша . Өсімқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсім ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше, несие беруші де, қарыздар да капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.
Үшіншіден, экономикалық маңызы бойынша . Өсімқорлық несие өндірістің құрылуына тіресе, капиталистік несие бір жағынан өндірістің өсуіне, ал екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленісуіне жағдай жасады.
Төртіншіден, өсім ақының шығу көзіне байланысты . Капиталистік несие үшін өсім ақының көзі -жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсімқорлық несие үшін өсім ақының көзі - құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім өндірушілердің қосымша еңбегі.
Бесіншіден, өсім ақының деңгейі бойынша . Өсімқорлық несие үшін өсім ақыны өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі жұмсалды, капиталистік нсие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір бөлігі кетеді.
Сонымен қарыз капитал деген капиталистік - меншік иесінің жұмыс істеуші капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы капитал. Өсімқорлық капитал капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы - капиталистік өндірістік қатынастардың көрінісі. Ол өнеркәсіп капиталының қайталама айналымының негізінде пайда болды.
Сонымен, қазіргі кезде несие - ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір - біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар қолдан - қолға өтетін айырбас процесі - несие қатынастарының туындайтын көрінісі.
Несие - ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар қоддан - қолға өтетін айырбас процесі - несие қатынастарының туындайтын көрінісі.
Өндірістегі капиталдың (қаражаттың) қайталама айналымы мен айналымы - несие қатынастарының туындайтын және одан әрі дамитын нақты экономикалық негізі. Енді қарыз капиталының шығу көздерін талдап өтелік.
Кәсіпорындардағы еңбек құралдары мен енбек заттарының құны өзінің қозғалысында бір уақыттың ішінде әрі ақша, әрі өндірістік, әрі тауар формасында әр түрлі қызмет атқаруы мүмкін. Қарыз капиталының пайда болатын ең бірінші көзі - өндірістік капиталдың қайталама айналымында уақытша бөлініп шыққан ақша қаражаты.
Ақша қорының уақытша бөлініп шығуының себептері:
Біріншіден, негізгі капиталдың өндіріс процесінде бірте-бірте тозуы. Еңбек құралдары өндірісте ұзақ жылдар бойы пайдаланылып, олардың құны дайын өнімге бірте-бірте ауысып отырады. Дайын өнімді сатқаннан кейін ол сома тозған негізгі қорларды күрделі жөндегенше, не жанасын сатып алғанша кәсіпорынның банктегі шотында ақша түрінде жинақталып сақталады. Оны амортизациялық қор деп атайды. Мысалы, егер 10 мың доллар тұратын машина 10 жыл пайдаланылса, онда жылма-жыл амортизациялық қорға оның бір мың доллар сомасы түседі. Бұл уақытша бос ақша қоры - несие ресурстарының бір көзі.
Екіншіден, дайын өнімдерді сату мен шикізаттар және қосалқы материалдарды сатып алу мерзімдерінің біріне-бірі сай келмеуі. Сондықтан сатылған дайын өнімнен түскен ақша сомасының бір бөлігі қолданылған шикізаттар мен қосалқы материалдардың құнын көрсетеді. Ол сома да уақытша бос ақша қоры - несие ресурстарының бір көзі.
Үшіншіден, еңбекке ақы төлеу мерзімі мен дайын өнімді сату мерзімінің сай келмеуі. Себебі өнімді өндіруге еңбек күші күнде жұмсалғанмен оған еңбекақы төлеу біраз кешігіп жүреді. Еңбекақы төлеуге арналған сомада - уақытша бос ақша капиталы.
Төртіншіден, үдемелі ұдайы өндірістің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін пайданың бір бөлігін жинақтау. Кәсіпорынға жаңадан құрал-жабдықтар, машиналар және т. б. сатып алу үшін жылма-жыл пайданың бір бөлігін есеп шотта жинап қою да - уақытша бос ақша капиталы.
Сөйтіп, өндірістік капиталдың қайталама айналымы, сөзсіз, уақытқа бос ақша капиталының пайда болуына әкеп соқтырады. Статистика мәліметтері бойынша бүкіл ақша жинағының 20 процентке жуығы кәсіпорындарда пайда болады екен.
Қарыз капиталының жинақталатын екінші көзі - мемлекеттің уақытша бос ақша қаражяты, яғни мемлекеттің резервтік ақша қоры. Ол қор үкімет пен оның жергілікті органдарының жинаған салықтарынан олардың шығындарының айырмасына тең. Сондай-ақ ол жинақ - мемлекеттің өндірістік, коммерциялық және қаржылық іс-әрекеттерінен түскен ақша; мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің активті сальдосы (қалдығы) ; сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының және басқада мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос қаражаты. үнемі бюджет тапшылығы жағдайында мемлекеттің ақша жинағы - ол бюджетке ақша түсу уақыты мен оны жұмсау уақыты сай келмеген кезде болатын, негізінде, қысқа мерзімді құбылыс. Айта кететін жәйт, мемлекеттік сақтандыру, зейнетақы және т. б. мемлекеттік қорларға түсетін ақша халықтың табысы, бірақ оларды халық атынан жинақтағандықтан, ол капиталды мемлекет жұмсайды. Жалпы капитал жинағындағы мемлекеттің үлесі 10 процент шамасында.
Қарыз капиталы құрылымының үшінші көзі - халықтың жинағы. Ол күнбе-күнгі қажеттілікке жұмсалмай, болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ қолданылатын заттарды қымбат тауарларды, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға сақтап қойған жалақының бір бөлігі. Бұндай жинақтауға негізінен аңдаушылық (сақтылық), саудагерлік, коммерциялық себептер әсер етеді.
Ақша жинақтаудың бұл аталған негізгі көздерінен басқаларын да атап өтуге болады. Мысалы, несие-қаржы мекемелерінің ақша қаражатының шығындарды өтеу мен салым бойынша процент төлеуден қалған сомасы. Бірақ бұл өзгермелі сома.
Ақша қаражатын жинаудың ерекше формасы - ол банктердің өз пайдасынан резерв қорына бөлген бөлігі, яғни жинағынан айырылып қалу қаупін төмендету мақсатымен капиталын арнаулы несие жүйесі арқылы беруі. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың жинағы жарнадан түскен табыстан ұйым шығындарын өтеуден қалған айырма ретінде қаралады. Қорыта атйқанда, қарыз капиталы (қоры) өндіріс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттің ақшалы жинағынан құралады. Ақша қоры үнемі айналыста болуы шарт - ол уақыт үнемдеу заңының талабы. Бұл талапқа сай қызмет ететін құрал - несие. Себебі кәсіпорындардың біркелкі жұмыс істеуі үшін және оны дамыту үшін уақытша қосымша ақша қажеттігі туындайды. Бұндай қажеттілік маусымдық жұмыстарды атқару үшін де туындайды. Уақытша бос ақшаны жинақтап, оны қажет уақытында, қажетті мөлшерде, қажетті жеріне жұмсап және белгіленген уақытта қайтарып алуға мүмкіндік беретін құрал - несие. Басқаша айтқанда, экономикада уақытша бос ақшаны іске қосып және оны ұтымды пайдаланып, мезгілі келгенде оның қайтарылуын қамтамасыз ететін - несие қатынастары.
Теориялық жағынан капитал жинақтаушы барлық субъектілердің мүмкіндіктерінің көптігіне күмән келтіруге болмайды, ал іс жүзінде оның тек біреуін бөліп көрсетуге болмайды. Себебі ақша қаражатын несие жүйесі, бір жағынан өзінде шоғырландырса, екінші жағынан - ол сол субъектілерге несие береді. Нәтижесінде ақшаны жинау және несие беру процестері араласып, дәл сол уақытта бір сома әрі қарыз, әрі жинақ болуы мүмкін.
Соңғы жылдары қарыз капиталын жинақтау процесінде несие жүйесі мен бағалы қағаздар нарығына қаржы ұсынушы ретінде жеке сектордың ролі артуда. (Германияда ол көрсеткіш 70 процент шамасында) . Халықтың жинағының өсуі барлық елдерде байқалуда. Қазіргі кезде жинақтың ең жоғары үлесі - 20 процент Жапонияда сақталуда. Іс жүзінде барлық жинақтар қарыз капиталы ретінде халық шаруашылығына қолданылатындықтан, мемлекет қаржымен қамтамасыз етілген деп саналады.
Экономикадағы қарыз капиталын жинақтау негізінен үш формада жүреді: несие жүйесіне ақша салу, бағалы қағаздар сатып алу, сақтандыру компанияларына ақша салу. Жинақтаушы субъектілер жинақтаудың белгілі бір формасын таңдап алады. Мысалы, кәсіпкерлер өздерінің уақытша бос ақша қаражатын несие жүйесіне салып, бағалы қағаздар сатып алуға жұмсап, ия болмаса басқа фирмаларға несиеге береді. Салымдардың ішінде негізінен ағымдағы депозиттер, мерзімді депозиттер сияқты қысқа мерзімді салымдар көп орын алады. Қаржының көп бөлігі фирмалардың тікелей және портфельді инвестициясындағы бағалы қағаздарға салынады. Ал бірсыпыра бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсалады.
Мемлекет ақша жинақтауды үш формада: несие жүйесінде әр түрлі қаржы активтерін қалыптастыру, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен және резерв қорын кұру түрінде жүргізеді. Мемлекеттің қаржы активтерін қарағанда оның екі ерекшелігін атап айту керек: соғыстан кейінгі кездерде барлық талаптар бойынша қаражатты салыстырмалы түрде тұрақты бөлу және несие жүйесіндегі салымдарда қаражаттың көп шоғырлануы (мерзімді салымдар басымдау - ол барлық салымдардың 90 процентке жуығы), сонымен қатар экономиканың ішкі секторларының талаптарын қаржыландыру.
Халықтың уақытша бос қаражатын жинау формалары әр түрлі: ең көп тараған формасы - несие мекемелеріндегі (банктердегі, жинақ кассаларындағы) шоттарға салған салымы; арнаулы несие мекемелеріне салған салымы; сақтандыру компанияларындағы салымы; тұрақты процентті бағалы қағаздарға, әсіресе, облигацияларға салған салымы; акция сатып алуға жұмсаған ақшасы.
Қазіргі уақытта несие мекемелері халықтың ақша қаражатын тартудың жаңа формаларын іздестіруде, себебі ақша жинақтаудың бұрынғы әдістері қаржы ресурстарының кажетті мөлшерде құйылуын қамтамасыз ете алмауда. Мысалы, 90-жылдары АҚШ-та жүргізілген зерттеу бойынша: жылдық табысы 10 мың долларға дейінгі халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 14%-нін ақша нарығындағы депозиттерде, 34%-нін жинақ шоттарында, 5%-нің әр түрлі НАУ-шоттарында салымдары болған. Сол уақытта жылдық табысы жылына 50 мың доллардан асатын халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 59%-нің ақша нарығындағы депозиттерде, 68%-нің жинақ шоттарында, 45%-нің несие мекелемерінің НАУ-шоттарында салымдары болған.
Капиталды жинау барлық кезде бірдей болатын тұрақты фактор емес. Ол көптеген конъюнктуралық факторларға, әсіресе, экономиканың дамуына, ақшаның айналысқа қажеттілігі мен жетімділігіне байланысты өзгеріп тұрады. Өзгерістерде мынадай бағыт байқалуда: экономика қалыпты. дамыса жинақ қоры кемиді, себебі халықтың табысының өсуі олардың сақтық сезімдерін төмендетіп, ақшаны сақтап қоюдан гөрі күнбе-күнгі қажетіне жұмсауына әсер етеді. Бұл кезде жинақтағы ақша өндірістің дамуынан нарыққа түскен тауарларды сатып алуға жұмсалады. Тауарларды артық өндіру кезінде ақша айналыстан шығып, жинаққа айналады. Тұрақсыз экономика жинаудың себептерін шиеленістіріп, олардың өсуіне әкеп соқтырады.
2. Несиенің қызметтері мен түрлері. Несие жүйесі, оның түрлері
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың езгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады. Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист өндіруші нарыққа тауарын шығарғанда, екінші өндіруші сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін өтейді.
Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар:
• бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының келемімен шектеледі;
• бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдынң кері қозғалысы бұзылып, коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz