Профессор Әділ Ермековтің еңбегі мен есімі мәңгі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Профессор Әділ Ермековтің еңбегі мен есімі мәңгі

Профессор Әділ Ермеков өзінің барлық саналы еңбек өмірін Қазақстанның білімі мен ғылымына сарп ете жұмсап өткен қазақтың білімді де білікті біртуар маңдайалды азаматының бірі болды.

Әділдің жастық өмірі де қызықты десек болады. Қазақстанның шеткері аймақтарының бірі сонау Оралда, кедей - шаруа отбасында туып өскен жастың барлық арманы оқу оқып, білім алу болады. Әсіресе оның үлкен арманы - жоғарғы оқу орнының шоғырланған жері Алматы - астанаға жету. Ауылда әр жерде оқып алған аздаған білімімен жоғарғы оқу орына түсу болады. Әділдің өзінің айтуынша, Алматыға жету оған қиынға түседі. Алыстағы ауылдан жаяу шығып, әзер Оралға жеткен ол, Алматыға барады деген поезға отырады. Бірақ поезд Алматы емес, Пішкекке келеді. Біреулердің айтуымен сол жерден ат жеккен жайдақ арбаға отырып, арып-ашып Алматыға зорға дегенде жетеді. Әділдің оқу - білім деп іздеген арманының есігі осы жерде ашылады. Ауыл мектебінен алған аздаған білімі бар Әділ көп әзірленумен 1932-33 оқу жылында Алматыдағы педагогикалық /КазПИ/ институтының қазақ тлі мен әдебиеті бөліміне түседі. Осында оқу оқып, білім алуға сонша шөліркеп келген ол ұстаздар дәрісін мұқият тыңдап қабылдауға барын сала кіріседі.

Сонымен бірге мұнда қазақтың алғашқы зиялы білімпаз оқымыстылары Сәкен Сейфуллин, Құдайберген Жұбанов, Санжар Аспендияров, Мұхтар Әуезов, Сәрсен Аманжоловтардың дәріс оқып, тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатқаны болашақ ұстаздың білім, адамгершілікке деген құштарлығын биіктете түседі. Мұнда Әділді, әсіресе қазақ тілі маманы, профессор Жұбановтың сабақтары өте қызықтырды. Сондықтан ол профессор маңына көбіне орайлас жүреді. Ол ұйымдастырған қазақ тілі үйірмесін басқарады. Қазақ тіліне арналып шығатын қабырға газетіне көмектеседі. Ұстазы Жұбанов та қазақ тілі біліміне құштар сүйікті шәкірті Әділге тіл білімі жөніндегі ақыл - кеңесін аямайды. Ол қазақ тіл білімінің болашағы үшін күресті және «бұл ғылымды дамыту керек» дегенді көп айтқан ұстазының бұл сөзін бір де бір естен шығармай, қазақ тілі жайында көптеген ғылыми жұмыстар жазғаны белгілі.

Әділ Ермеков өзінің сүйіп түскен педагогикалық институтын 1936 жылы үздік тәмамдайды. Оқудан кейінгі Әділ Ермековтің әлеуметтік қызметі бірден орта және жоғарғы педагогикалық оқу орындарының басшылық қызметінен басталады. Ол ең алғаш Қарақалпақстандағы жаңадан ашылған педагогикалық училищеге оқу ісін басқару жұмысына жіберіледі. Кейін ондағы оқу - тәрбие жұмысында жақсы нәтижелі еңбегімен көзге түскен ол 1937-38 оқу жылында Шымкент қаласында жаңадан ашылған екі жылдық оқытушылар институтына директорлық қызметке жіберіледі.

Жастарды оқытып, тәрбиелеудегі Әділ Ермековтің ең үлкен де жауапты істерінің басы осы институттан басталады. Мұнда ол институт негізін берік қалыптастырып, түрлі мамандықтар бойынша кафедра сандарын көбейтіп, жоғарғы білімді мұғалімдермен толық қамтамасыз етуде қыруар жұмыстар істейді. Арнайы айта кететін нәрсе - қазақ тілі мен және әдебиет кафедралары алғаш осы кезде ұйымдастырылады. Әділдің нақты басшылығымен қазақ тілі мен әдебиет үйірмелері құрылып, арнаулы қабырға газеттері шығарылып тұрады. Және бір айта кетер нәрсе - бұл институт жалғыз Шымкентті ғана емес, Жамбыл, Қызылорда облыс мектептерінде жоғарғы білімді маман мұғалімдермен қамтамасыз еткен, кезінде жақсы басшылық ету арқасында үлкен абыройлы оқу орнының бірі болғанын айту абзал.

1980 жылдың басында Қазақстан оқу министрлігі Әділ Ермековті Алматыға шақырып, ол бірнеше жылдар бойы мұғалімдердің республикалық білімін жетілдіру институтының директоры болып қызмет атқарды. Сол жерден ол Қызылордадағы педагогикалық институтқа ректор етіп жіберілді.

Әділдің соңғы қызметі Шымкент қаласында, өзі бұрын негізін қалаған педагогикалық институтта өтті. Мұнда ол қазақ тілі кафедрасын басқарды, қазақ тіл білімі курстарынан лекциялар оқыды. Қоғамдық жұмыстарға араласты.

Ия, біз осында Әділ Ермековтің аздаған өмірі мен әлеуметтік қызмет жолдарын біршама шолып сөз етумен бірге, ең бастысы, оны қазақ тілін жан - жақты зерттеудегі ғылыми жұмыстарына көңіл аудару деп білеміз.

Әділ Ермеков қазақтың ұлттық тілінің ғылыми дәрежесін көтеру мәселесінде көп еңбек еткен профессор ғалым. Ең алдымен, ол қайда қай оқу орнында жұмыс істеп жүрсе де қазақ тілін оқытудың қамқоры болды. Ол өз тарапынан тіл жайында қаншама ғылыми мақалалар, әдістемелік құралдар жазып бастырды. Осында көз көрген соң айта кетсек болар, әсіресе оның ішінде қазақтың төрт түлік малы - түйе, жылқы, сиыр, қой -ешкі, оның шығу тегі мен атаулары туралы деп жазған бес тараулы, үлкен ғылыми қолжазбасы айрықша көз тартады. Кезінде бұл тақырыпта көптеген ғылыми мақалалары жарық көрген.

1953 жылы Әділ Ермековтің орыс мектебінің 5-7 кластарына арналған «Учебник Казахского языка» және А. С. Матийченкомен бірігіп жазған қазақ мектебінің 8-9 кластарына арналған «Орыс тілінің грамматикасы - (фонетика, морфология) » оқулығы жарық көрді.

Әділ Ермеков 1950 жылы «Қазақ тілі лексикасындағы біріккен сөздер семантикасы» деген тақырыпта диссертация жазып, қорғап шықты. Ал 1961 жылы Москвадағы Жоғарғы Аттестация Комиссиясы /ВАК/ ғылыми жұмыстары үшін Әділ Ермековке профессор атағын береді.

Әділ Ермеков ғылымдағы, оқу - тәрбие ісіндегі адал еңбектері үшін жоғарғы үкімет тарапынан қаншама мақтау грамоталармен, ағарту ісінің үздік белгісі, медальдармен марапатталып, үлкен сый - құрметтерге ие болған. «Тақтаның алдында қолыма бор ұстап тұрып өлсем - арманым жоқ» - дейтін Әдекең міне, осылай, еңбек сүйгіш қарапайым қалпында 1976 жылы, 23 желтоқсанда 68 ге қараған жасында жұмыс үстінде кенеттен дүние салды. Өзін білетін сүйікті елінің есінде оның барынша еңбекқорлығы мен кішіпейіл ақжарқын мінезі қалды.

Ия, мақталып, мақтануды сүймейтін, соншама қарапайым адам - Әділ Ермековтің бойы өзіндік ерекше қасиеттерге толы болатын. Ол қазақ тілін ғана емес, әдебиетті, көркем сөзді сүйді, оны көп оқып ерекше бағалады. Сондықтан болар, ол Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын түгелдей жатқа біліп, оның кез келген тарауын көркемдеп жатқа айтып, таңқалдыратын. Кезінде, Әділдің бұл ерекшелігі жайында «Қазақ әдебиеті» газетіне мақала да жарияланған болатын. Сондай-ақ, орыс тілін жақсы білетін. Ол орыстың атақты жазушылары - Гоголь, Толстой, Чехов әңгімелерінің көбін жатқа біліп, кідірмей барлық көркемдік өрнегімен айтып отыратын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Әлімхан Ермековтың Қазақ жерлерін біріктірудегі рөлі
Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметін зерттеу
ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ МАТЕМАТИГІ Ә. Ә. ЕРМЕКОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Томдағы инженерлік сабағында, Жетеді біл жылдан соң тамамына
Темірбек Жүргенов және қазақ мәдениеті
С.Торайғыров өмірі және шығармашылығы
ҚАЗАҚСТАНДА МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНДА Ә. ЕРМЕКОВТЫҢ РОЛІ
АТАҚТЫ “БЕСЕУДІҢ” БІРІ ТУРАЛЫ
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми баяндама). Міржақып пен Көкбайдың айтысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz