Оқудың жалпы теориясындағы оқу іс-әрекетінің теориясы



1 Оқу іс.әрекетінің анықтамасы
2 Оқу іс.әрекетінің пәні
3 Оқу іс.әрекетінің өнімі, оның нәтижесі
4 Оқу іс.әрекетінің сыртқы құрылымы
5 Оқу міндеттеріне қойылатын психологиялық талаптар
Бұрын айтылғандай, оқудың жалпы теориясының негізін қалағандар Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, А. Дистервег, И. Гербарт, біздің елімізде - К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптерев, С.Т. Шацкий, А.П. Нечаев, М.Я. Басов, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, сонымен қатар XX ғасырдың ортасындағы отандық және шетелдік педагогикалық психологияның көрнекті өкілдері Д.Б. Әльконин, В.В. Давыдов, И. Лингарт, Й. Ломпшер оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясын қалыптастырып, ол Ресейге ғылыми басымды болған. Оны жетіл-дірушілер - Д.Б. Әльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова, П.Я. Галытерин, Н.Ф. Талызина және т.б. (оның психологиялық негізі, іс-әрекет теориясының кең контекстінде Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн еңбектерінде қаланған, ал нақты мазмұнын А.Н. Леонтьев тұжырымдаған) оқыту теориясына жаңа проблема қойды: іс-әрекет субъектінің өзінің әрекеттср үрдісінде өзгеруі, яғни, әрекеттің жалиыланған тәсілдері арқылы оқу міндеттерін орындау барысында танып отырған пәннің объективті қасиеперінін қайта өндіретін әрекеттер процесінде өзгеруі.
Оқу іс-әрекеті теориясы тарапынан қойылған проблемалардың өзектілігі мен дер мезгілдігі тек оқыту шарттарына қатысты осы теория қалыптастырылған мектепке ғана таратылмайды, 214 сонымен бірге жоғары оқу орнындағы оқытуға, студенттердің іс-әрекетіне де таратылады (түрлі себептер бойынша жеткілікті турде қалыптастырылмаған және зерттелмеген). Оқу іс-әрекеті теориясының жоғары оқу орнындағы оқытуға таралуының өзектілігі мен дер мезгілдігі былайша анықталады: жоғары мектептерде (біздің елімізде, дүниежүзілік тәжірбиеде де), мұндағы оқытуды да, студенттің оқу іс-әрекетін де қайта ұйымдастыруға мүмкіндік беретін белгілі бір позитивті беталыс қалыптасқан.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Оқудың жалпы теориясындағы оқу іс-әрекетінің теориясы
Бұрын айтылғандай, оқудың жалпы теориясының негізін
қалағандар Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, А. Дистервег, И.
Гербарт, біздің елімізде - К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптерев, С.Т. Шацкий,
А.П. Нечаев, М.Я. Басов, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская,
А.С. Макаренко, сонымен қатар XX ғасырдың ортасындағы отандық және шетелдік
педагогикалық психологияның көрнекті өкілдері Д.Б. Әльконин, В.В. Давыдов,
И. Лингарт, Й. Ломпшер оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясын
қалыптастырып, ол Ресейге ғылыми басымды болған. Оны жетіл-дірушілер - Д.Б.
Әльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова, П.Я. Галытерин, Н.Ф. Талызина және
т.б. (оның психологиялық негізі, іс-әрекет теориясының кең контекстінде
Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн еңбектерінде қаланған, ал нақты мазмұнын
А.Н. Леонтьев тұжырымдаған) оқыту теориясына жаңа проблема қойды: іс-әрекет
субъектінің өзінің әрекеттср үрдісінде өзгеруі, яғни, әрекеттің жалиыланған
тәсілдері арқылы оқу міндеттерін орындау барысында танып отырған пәннің
объективті қасиеперінін қайта өндіретін әрекеттер процесінде өзгеруі.
Оқу іс-әрекеті теориясы тарапынан қойылған проблемалардың өзектілігі
мен дер мезгілдігі тек оқыту шарттарына қатысты осы теория қалыптастырылған
мектепке ғана таратылмайды, 214 сонымен бірге жоғары оқу орнындағы оқытуға,
студенттердің іс-әрекетіне де таратылады (түрлі себептер бойынша жеткілікті
турде қалыптастырылмаған және зерттелмеген). Оқу іс-әрекеті теориясының
жоғары оқу орнындағы оқытуға таралуының өзектілігі мен дер мезгілдігі
былайша анықталады: жоғары мектептерде (біздің елімізде, дүниежүзілік
тәжірбиеде де), мұндағы оқытуды да, студенттің оқу іс-әрекетін де қайта
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін белгілі бір позитивті беталыс қалыптасқан.
Оқу іс-әрекетінің анықтамасы
Оқу іс-әрекеті түсінігі үнемі бір жақты түсінік деп айтуға
келмейді. Кең мағынада алғанда ол кейде үйренудің, оқудың және тіпті
оқытудың синонимі ретінде жөнсіз қарастырылады. Тар мағынада, Д.Б. Әльконин
бойынша - кіші мектеп жасындағы жетекші іс-әрекет түрі. Д.Б. Әльконин, В.В.
Давыдов, А.К. Маркова жұмыстарында оқу іс-әрекеті түсінігі, субъектінің
оқу пәніне деген, С.Л. Рубинштейн бойынша түсіндірілетін, бүкіл оның
барысындагы ерекше жауапкершілік қатынаспен теңестіріле отырып, іс-
әрекеттік мазмұн мен мағынаға толады.
Назар аудара кететін жайт, мұндай түсініктемеде оқу іс-әрекеті іс-
әрекеттің жетекші түріне қарағанда кеңірек түсініледі, себебі барлық жас
кезеңңеріне, соның ішінде студенттік кезеңге де таратылады. Бұл мағынадағы
оқу іс-әрекеті - іс-әрекет субъектінің оқу әрекетінің жалпыланған
тәсілдерін игеруі және оқытушы тарапынан әдейі қойылған оқу міндетін
орындау үрдісіндегі, өзіндік бақылау мен өзіндік бағалауға ауысатын сыртқы
бақылау мен бағалау негізіндегі өзіндік дамуы. Д.Б. Әльконин бойынша,
оқыту іс-әрекеті — бұл өз мазмұны жағынан ғылыми түсініктер саласындағы
әрекеттің жалпылашан тәсілдерін игеру болатын іс-әрекет, мұндай іс-әрекет
сәйкес түрткілермен қозғалуы керек. Осындай мотивтер ретінде әрекеттердің
жалпыланған тәсілдері бола алады немесе, басқаша айтқанда өзіндік өсу,
өзіндік шыңдалу мотивтері. Егер де оқушыларда осындай мотивтерді
қалыптастыра алған жағдайда, онда жаңа мазмұнға тола отырып, іс-әрекеттің
жалгіы түрткілері, яғни мектеп оқушысының қоғамдық мәнді және қоғамдық
бағалы іс-әрекетгі жүзеге асыру позициясымен байланысты түрткілері
қуатталады [238, 2456.].
Оқу іс-әрекеті, олай болса, іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде
қарастырыла алады. Ол іс-әрекеттің субъектісі ретінде үйренушінің өзіне
бағытталады - оның әлеуметтік-мәдени тәжірибені қоғамдық пайдалы, танымдық,
теоретикалык және практикалық іс-әрекеттің әр түрлері мен формаларында
саналы, мақсатты игеруі арқасында түлға ретінде қалыптасуы, дамуы және
шыңдалуы. Үйренуші іс-әрексті терең жүйелі білімдер игеруіне, әрекеттің
жалпыланғаи тәсілдерін өңдеуге және де оларды түрлі жағдайларда адекватты
және шығармашылық түрде пайдалануға бағытталған.
Оқу іс-әрекетінің пәні
Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұнын талдау, кез-келген басқа іс-әрекет
сияқты, оның пәнін анықтаудан, яғни, іс-әрекеттің неге бағытталғанын
анықтаудан басталады: бұл жерде — білімдерді игеруге, әрекеттердің
жалпыланған тәсілдерін игеруге, әрекет тәсіддері мен амалдарын, оның
бағдарламаларын, алгоритмдерін өңдеуге бағытталган, осы үрдіс барысында
үйренушілердің өзі де дамиды. Оның мазмұны, пәні осы болып табылады.
Д.Б. Әльконин бойынша, оқу іс-әрекеті игеруге тепе-тең емес - ол оның
негізгі мазмұны болып табылады және игеруді қамтитын оның даму деңгейі мен
құрылымы арқылы анықталады. Сонымен бірге, оқу іс-әрекеті субъектінің
өзінің өзгеруіке бағытталғандықтан, (ол оқу іс-әрекеті жетекші болып
табылатын кіші мектеп жасында елеулі мөлшерде, тіпті іс жүзінде кез-келген
жаста көрінеді) игеру субъектілік өзгерісті интеллектуалдық, тұлғалық
тұрғыда жанамаланады, бұл да оқу іс-әрекетінің пәніне жатады.

Оқу іс-әрекетінің құрал мен тәсілдері
Оқу іс-әрекетінің жүзеге асуына көмектесетін құралдарды үш тұрғыдан
қарастырған жөн. Біріншіден, бұл оқу іс-әрекетінің танымдық және
зерттеушілік қызметтерінің негізінде жатқан интеллектуалдық (С.Л.
Рубинштейн терминдерінде - ойлау операциялары) әрекеттер: талдау, синтез,
жалпылау, жіктеу және т.б. Екіншіден, бұл белгілік, тілдік, вербалдық
құралдар, осылардың формасында білім игеріледі, рефлексияланады және
даралық тәжірибе өндіріледі. Үшіншіден, бұл негізгі білімдер, оларға жаңа
білімдер қосылуы арқылы оқушының даралық тәжірибесі, тез аурусы
құрылымданады.
Осы үш құралдардың бірігуі жайлы С.Л. Рубинштейннің жалпы оқу
теориясында неғұрлым толығырақ айтылған. Бұл теория бойынша проблеманы
шешу немесе шешуге тырысу, әдетте, бұрыннан бар білімдерден қандай да бір
жағдайларды, шешу әдістері немесе құралдары ретінде алуды ұйғарады [194, 1
т., 375 б.].
Осыған сәйкес, мектептегі оқу үрдісінде, әсіресе кіші мектеп жасында
оқу, іс-әрекетке араласу бір мезгілде оның құралдарымен де жұмыс істеуді
ұйғарады.
Оқу іс-әрекетінін тәсілдері қайта жаңғыртушы, проблемалық-
шығармашылық, зерттеушілік-танымдық әрекеттерді қосатын көп қырлы болуы
мүмкін (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов). Оку іс-әрекетінің тәсілдері - бұл қалай
оқу керек, қандай тәсілдермен білім алу керек деген сұрақтарға жауап.
Тәсілдердің неғұрлым толық және кең түрдегі сипатталуы ақыл-ой
әрекеттерінің сатылап қалыптасу теориясында берілген (П.Я. Гальперин, Н.Ф.
Талызина). Мұнда бағдарлану принципі, сыртқы, заттық әрекеттен ішкі, ақыл-
ой әрекетіне көшу және осы көшудің оқушыныц өзі қалай жасаганына қатысты
сатылылығы - оку іс-әрекетінің тәсілдерін толықтай ашып көрсетеді.
Оқу іс-әрекетінің өнімі, оның нәтижесі
Оқу іс-әрекетініцөнімі ғылым мен практиканың түрлі салаларында
қолдануды қажет ететін тапсырмаларды шеше алу іскерлігінің негізінде жатқан
құрылымданған және талданған білім болып табылады. Сонымен қатар,
мотивациялық, құндылық және мағыналық жақтардағы психика мен іс-әрекеттің
ішкі жаңа құрылымы да өнім болып табылады. Оқу іс-әрекетінің өнімі даралық
тәжірибеге негізгі, органикалық бөлік болып енеді. Оның құрылымдық
ұйымдасуынан, жүйелілігінен, тереңдігінен, беріктігінен адамның ары қарайғы
іс-әрекеті, соның ішінде кәсіби іс-әрекетінің, қарым-қатынасының
табыстылығы көп жағынан тәуелді.
Оқу іс-әрекетінің нәтижесі субъектінің мінез-құлқы болып табылады —
бұл не оның осы іс-әрекетті жалғастыруға деген қажеттілп і (қызығу, кірісу,
жағымды эмоциялар) немесе ниетінің болмауы, қашқақтау, бас тарту. Екіншісі
дүние жүзі бойынша мектепке деген теріс қатынастан, сабаққа келмеуден,
мектептен кетуден көрінеді.

Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы
Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымының компоненттік құрамы
Оқу іс-әрекеті келесі комноненттерден тұратын сыртқы құрылымға ие,
мотивация; кейбір жағдайларда тапсырмалардың түрлі формаларындағы оқу
міндеттері; оқу әрекеттері; өзін-өзі бақылауға ауысатын бақылау; өзін-өзі
бағалауға ауысатын бағалау. Осы іс-әрекеттің әр компонентінің өзіне тән
ерекшеліктері бар. Сонымен бірге, табиғаты бойынша интеллектуалдық іс-
әрекет бола отырып, оқу іс-әрекеті кез-келген интеллектуалдық акт си-
патталатын құрылыспен сипатталады, дәлірек айтқанда: мотив, жоспардың болуы
(пиғыл, бағдарлама), орындау (жүзеге асыру) және бақылау (К. Прибрам, Ю.
Галаитер, Дж. Миллер, А.А. Ле-онтьев).
Оқу іс-әрекетінің құрылымдық ұйымдасуын Д.Б. Эльконин - В.В.
Давыдов теорияларының жалпы контекстінде сипаттай отырып И.И. Ильясов былай
деп көрсетеді ...оқу ситуациялары мен міндеттерінің сипатталынатыны, мұнда
оқушы әрекеттің жалпы тәсілін игеруге тапсырма мен оны игеру мақсатын
алады, және де белгілі бір кластағы міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін
табу үшін үлгілер мен нұсқау алады. Оқу әрекеттері бұл оқушылардың ғылыми
түсініктер мен әрекеттердің жалпы тәсілдерін алуы мен табуы, және де оларды
өндіру мен нақты міндеттерді шешуде қолдану әрекеттері. Бақылау
әрскеттері өзінің оқу әрекеттерінің нәтижелерін берілген үлгілермен
жалпылауға бағытталған. Бағалау әрекеттері берілген ғылыми білімдер мен
міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін игерудің соңғы сапасын белгілейді
[79, 436.] .
Төменде схемалық түрде көрсетілген оқу іс-әрекетінің сыртқы
құрылымының әр компоненттерін жете қарастырайық.

Мотивация - оқу іс-әрекеті құрылымының бірінші компоненті
Мотивация, ары қарай көрсетілетіндей, тек оқу іс-әрекетінің
құрылымдық ұйымдасуының негізгі компоненттерінің бірі ғана емес
(Э.Торндайктың әзірлік заңын, П.Я. Гальпериннің мотивацияны ақыл-ой
әрекеттерінің сатылап дамуының алғашқы міндетті сатысы ретінде қарастыруын
еске түсірейік), сонымен қоса, осы іс-әрекет субъектінің өзінің маңызды
сипаттамасы болып табылады. Мотивация оқу іс-әрекстінің құрылымына бірінші
міндетті компонент ретінде енеді. Ол іс-әрекетке қатысты ішкі немесе сыртқы
болуы мүмкін, бірақ осы іс-әрекет субъекті ретіндегі тұлғаның әрқашанда
ішкі сипаттамасы болады. Дәл осы мотивацияның оқу іс-әрекетіндегі бірінші
дәрежелік маңыздылығымен оның келесі тарауда арнайы жетс қарастырылуы
түсіндіріледі.
Оқу іс-әрекеті құрылымындағы оқу міндеті
Санақ бойынша, екінші, бірақ іс-жүзінде, оқу іс-әрекеті құрылымының
басты компоненті оқу міндеті болып табылады. Ол оқушыға белгілі бір оқу
жағдайындағы белгілі бір оқу тапсырмасы ретінде ұсынылады (оның тұжырымы
оның шешілуі мен нәтижесі үшін аса маңызды), олардың жиынтығы тұтастай оқу
процесі болып табылады.
Міндет түсінігі ғылым дамуында үлкен тарихқа ие. Психологиялық тұрғыда
отандық ғылымда міндеттер категориясын алғашқылардың бірі болып қарастырған
зерттеуші М.Я. Басов (1892-1937). Ол баланың іс-әрекетін талдай отырып,
түрлі оқу және өмірлік ситуациялар үшін ортақ нәрсе - міндет болып табылады
деп керсеткен. Бұл ортақ сәт адамның әлі білмейтін нәрсесін жәнс загта жай
ғана көрс алмайтын нәрсені ашуға деген қажеттілігімен байланысты; ол үшін
оган осы затпен белгілі бір әрекет жасау қажет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің ғылыми дүниетанымы негіздерін қалыптастыру
Модульдік оқытудың тарихы және оқыту теориясы
Дамуында ауытқуы бар балалардың іс-әрекеттерінің психологиялық негіздері
Оқытудың әдіснамалық негіздері
Дидактикалық ойын арқылы қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
Мектептің басқа пәндерінің арасында әдебиеттің орны қандай екенін анықтасақ
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Критерийлік бағалау жүйесі
Педагогикалық психологияның негізгі міндеттері
Оқулық құрылымы мен мазмұны
Пәндер