Мәриям Хакімжанова
1 “Ар.намысым қолтықта...”
2 “Еркіндікке жетпедім”
3 “Қалар дүние шуылдап”
4 Тарих еді біртұтас
2 “Еркіндікке жетпедім”
3 “Қалар дүние шуылдап”
4 Тарих еді біртұтас
Осыдан тура жүз жыл бұрын, яғни 1906 жылдың қа¬раша айында Қостанай өңірінің Мезгіл деген қай-ың¬ды тоғайының бауырын¬да¬ғы Хакімжан мен Төле¬ге¬ннің отбасында Едірес, Ахметжан дейтін ұлдарынан кейін асы¬ға күткен қыздары дү¬ниеге келді. Жерге шыр етіп түс¬кен¬де, әкесінің жанға өлше¬ген жақсы айғыры мерт бол¬ды. “Қызым құ¬нын алып туды”, деді әкесі. Өзінен кіші Мә¬¬рзия атты сіңлісі төрт жа¬сында қай¬тыс болды. Екі аға және Мұхамеджан, Жақия есімді інілерінің ортасында Мәриям бұлаңдап өсті. Алғашқы ұстазы Сұлтанғазы Ахметовтен жеті жасынан сауатын ашып, бабасы Ыбырай Алтын¬сарин негізін салған “орысша, қазақша оқытатын ауылнайлық школа” деп атайтын мектепте оқыды. 15 жасында Тобыл өзені бойындағы Ботпаншық өткелінің Нысанбай ауылына келін боп түсті. Жолдасы Сыздық күйші, дом¬быра¬шы, сері жігіт еді. Зәкәрия есімді ұл сүйгенімен қуаныштары ұзаққа созыл¬мады. Алдымен ұлы, көп ұзамай Сыздық та өмірден озды. Жиырма жастан енді ғана асқанда жесір қалды.
1929 жылы Алматыға оны бүкіл ел боп шығарып салды. Қарт ата-ана, абы¬сын-ажын, бала-шаға қимай қоштасып, үй-ішіндегілер Мәриямның қолдарының балшыққа сұлбасын түсіріп, қатырып, сан-дыққа салып қойды. “Сені сағын¬ғанда, саусақтарыңның ізін ұстап, мау¬қы¬мызды басамыз”, деді. Осы жылы ал¬ғашқы өлеңі “Әйел теңдігі” журналында жарияланды. Ликбезде оқып, Абай атындағы Қазақтың педагогикалық инс¬титуты жанындағы жұмысшы факуль¬тетіне түсті. 1933 жылы әйелдер журна¬лына жауапты хатшы боп орналасты. 1934 жылы КСРО Жазушылар одағына мүше боп қабылданды. Мәскеу қала¬сында өткен жазушылардың 1 съезіне де¬легат боп қатысты. 1935 жылы “Же¬ңе¬шем өлеңдері” кітабы жарық көрді. Мұның бәрі қазақтың классик жазу¬шы¬сы Бейімбет Майлиннің тікелей ықпал етуімен жүзеге асып жатты. Бұл кезеңде жеке басының тағдыры да мамыражай қалыптасып, Серғали Бермұхамедов сынды музыкалық сан алуан аспап¬тар¬дың құлағында ойнайтын шебер орын¬даушы, заң саласы қызметі мен сал-серілік қасиетті қатар ұстаған жігіттің сұлтанымен тұрмыс құрған еді. “21 жа¬сым¬да өлідей, 31 жасымда тірілей жесір қалдым, екі рет күйеуге шыққанымда, он жыл да бірге тұрмаппын”, дейтін. 1937 жылы Серғали “халық жауы” деген жаламен ұсталып кетті. Содан кейінгі өмірі өксумен өтті, тұрмыстың тау¬қы¬метін тартты, бірақ қалайда намысқа тырысып, ар-ожданын әрқашан биік ұстады. Ақыны, ғалымы, қайраткері бар, сөз салып, сезімдерін білдірген бір де біреуінің етегінен ұстамады. “Неғып бос жүре бергенсіз, әлгілердің біреуіне шықсаңыз, бала-шағаңыз да, өзіңіз де еш қиындық көрмес едіңіз ғой”, – деп қалжыңдайтынбыз. Біздің пендешілік ойымызға о кісі асқақтай әрі мысқылдай жымия қарайтын еді. Мәриям апамның өнбойынан ескен тазалық, әділдік, шуақ¬тың аржағында анау-мынау баса көктей алмайтындай сұс, айбар жататын. Әр жылдары шыққан “Ана ма¬хаббаты”, “Жыр асуы”, “Бөбегім менің – өлеңім менің”, “Ана көктемі”, “Гүл туралы аңыз”, “Намыс”, “Өткелдер” және басқа да жыр жинақтарын қалың оқырман жылы қабылдап, ақын ретінде ғана емес, халық ауыз әдебиетін жинап-зерттеуші, атақты Мұрын жырау, Жам¬был, Омар Шипин, Нұрпейіс Байғанин, Абдолла Жұмағалиев, Мұқан Төлебаев, Тайыр Жароков және басқа да тұлғалар ту¬ралы жазған аса құнды естелік, мақа¬ла-ларымен тарихтан өз орнын ойып ал¬ды. Бүгінгі таңда Мәриям Хакімжанова есімі тұтастай ұғымға, ұлттық мақ¬танышқа айналды.

Мәриям Хакімжанованың есімін халқымыз жақсы біледі. Ақынның 100 жылдық
мерейтойы қарсаңында Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламасымен
“Ана тілі”, “Жазушы” баспаларынан үш томдық шығармалар жинағы жарық көрді.
Қостанай, Алматы қалаларында тойға дайындық қызу жүргізілуде.
“Ар-намысым қолтықта...”
Осыдан тура жүз жыл бұрын, яғни 1906 жылдың қараша айында Қостанай өңірінің
Мезгіл деген қайыңды тоғайының бауырындағы Хакімжан мен Төлегеннің
отбасында Едірес, Ахметжан дейтін ұлдарынан кейін асыға күткен қыздары
дүниеге келді. Жерге шыр етіп түскенде, әкесінің жанға өлшеген жақсы айғыры
мерт болды. “Қызым құнын алып туды”, деді әкесі. Өзінен кіші Мәрзия атты
сіңлісі төрт жасында қайтыс болды. Екі аға және Мұхамеджан, Жақия есімді
інілерінің ортасында Мәриям бұлаңдап өсті. Алғашқы ұстазы Сұлтанғазы
Ахметовтен жеті жасынан сауатын ашып, бабасы Ыбырай Алтынсарин негізін
салған “орысша, қазақша оқытатын ауылнайлық школа” деп атайтын мектепте
оқыды. 15 жасында Тобыл өзені бойындағы Ботпаншық өткелінің Нысанбай
ауылына келін боп түсті. Жолдасы Сыздық күйші, домбырашы, сері жігіт еді.
Зәкәрия есімді ұл сүйгенімен қуаныштары ұзаққа созылмады. Алдымен ұлы, көп
ұзамай Сыздық та өмірден озды. Жиырма жастан енді ғана асқанда жесір қалды.
1929 жылы Алматыға оны бүкіл ел боп шығарып салды. Қарт ата-ана, абысын-
ажын, бала-шаға қимай қоштасып, үй-ішіндегілер Мәриямның қолдарының
балшыққа сұлбасын түсіріп, қатырып, сандыққа салып қойды. “Сені сағынғанда,
саусақтарыңның ізін ұстап, мауқымызды басамыз”, деді. Осы жылы алғашқы
өлеңі “Әйел теңдігі” журналында жарияланды. Ликбезде оқып, Абай атындағы
Қазақтың педагогикалық институты жанындағы жұмысшы факультетіне түсті. 1933
жылы әйелдер журналына жауапты хатшы боп орналасты. 1934 жылы КСРО
Жазушылар одағына мүше боп қабылданды. Мәскеу қаласында өткен жазушылардың
1 съезіне делегат боп қатысты. 1935 жылы “Жеңешем өлеңдері” кітабы жарық
көрді. Мұның бәрі қазақтың классик жазушысы Бейімбет Майлиннің тікелей
ықпал етуімен жүзеге асып жатты. Бұл кезеңде жеке басының тағдыры да
мамыражай қалыптасып, Серғали Бермұхамедов сынды музыкалық сан алуан
аспаптардың құлағында ойнайтын шебер орындаушы, заң саласы қызметі мен сал-
серілік қасиетті қатар ұстаған жігіттің сұлтанымен тұрмыс құрған еді. “21
жасымда өлідей, 31 жасымда тірілей жесір қалдым, екі рет күйеуге
шыққанымда, он жыл да бірге тұрмаппын”, дейтін. 1937 жылы Серғали “халық
жауы” деген жаламен ұсталып кетті. Содан кейінгі өмірі өксумен өтті,
тұрмыстың тауқыметін тартты, бірақ қалайда намысқа тырысып, ар-ожданын
әрқашан биік ұстады. Ақыны, ғалымы, қайраткері бар, сөз салып, сезімдерін
білдірген бір де біреуінің етегінен ұстамады. “Неғып бос жүре бергенсіз,
әлгілердің біреуіне шықсаңыз, бала-шағаңыз да, өзіңіз де еш қиындық көрмес
едіңіз ғой”, – деп қалжыңдайтынбыз. Біздің пендешілік ойымызға о кісі
асқақтай әрі мысқылдай жымия қарайтын еді. Мәриям апамның өнбойынан ескен
тазалық, әділдік, шуақтың аржағында анау-мынау баса көктей алмайтындай сұс,
айбар жататын. Әр жылдары шыққан “Ана махаббаты”, “Жыр асуы”, “Бөбегім
менің – өлеңім менің”, “Ана көктемі”, “Гүл туралы аңыз”, “Намыс”,
“Өткелдер” және басқа да жыр жинақтарын қалың оқырман жылы қабылдап, ақын
ретінде ғана емес, халық ауыз әдебиетін жинап-зерттеуші, атақты Мұрын
жырау, Жамбыл, Омар Шипин, Нұрпейіс Байғанин, Абдолла Жұмағалиев, Мұқан
Төлебаев, Тайыр Жароков және басқа да тұлғалар туралы жазған аса құнды
естелік, мақалаларымен тарихтан өз орнын ойып алды. Бүгінгі таңда Мәриям
Хакімжанова есімі тұтастай ұғымға, ұлттық мақтанышқа айналды.
“Еркіндікке жетпедім”
“Білемін бұлбұл сайрамас. Жоғалса үні көмейден... Санасыз алдын ойламас.
Артықпын елден демеймін. Көкірегім кең, қол қысқа, қанатымды қалай
сермейін? Еркін шырқап кетпедім, Еркіндікке бір жетпедім”, – деп 1953 жылы
жазған жыр шумағынан ақынның бүкіл трагедиялық болмысын айқын аңғарасың.
Мәриям іштей тұншығып-булығып өткен ақын. Өз замандастарындай партияны,
мавзолейді, көсемдерді, жұмысшы табын жырлауға мәжбүр болды. Бұл мезгілде
жазылған мына бір өлеңіне назар аударайықшы:
Үкім шықты
Кенет сөйлеп радио қоя берді,
Ызғарлы үні жарғандай қара жерді.
Үкім шықты тыңдаңдар-тыңдаңдар деп,
Айдаһардай айбаттанып дүрілдеді.
Одан әрі тізімді оқып сақылдады,
Ел-жұрт бар деп, арсыз үн тартынбады.
Қазақтың боздақтарын қамап алып,
Қойға шапқан қасқырдай алқымдады.
Туған жылын, аттарын атап жатты,
Бір-біріне қосақтап, матап жатты.
Көзімде жас, кеудемді қайғы керіп,
Шабақталып, жүрегім, қанға батты...
Қайталап қақылдады сағат сайын,
Халықты қара түнек, басты уайым.
Жазаның ең ауырын атағанда,
Аспаннан сынып түсті күн мен айым...
Он жеті, қыршын жандар оққа ұшты,
Төгіліп ыстық қаны жерді құшты.
Не үшін өлгендерін білмей кетті,
Қайысып, қара жер де дір-дір етті!
Көр де жоқ, кебін де жоқ, қалды жайрап,
Басқа емес, өз отаны оққа байлап.
Күн күрсініп, аспанда ай тұтылса,
Ойран болып тулады теңіз қайнап.
Мұз бүркеніп, қар жамылып таулар тұрды,
Ешбір адам ұқпады жұмбақ сырды.
Төре-қара деген жоқ топырлатып,
Қолға түскен боздақтың бәрін қырды.
Талай ару зарланып жесір қалды,
Шырылдатып қаңғыртты балаларды.
Ата-аналар аһ ұрып аңырап жатса,
Мал-мүлкін олжалап талап алды.
Соның бірі болдым да, қала бердім,
Өтірік емес, бәрін де көзбен көрдім.
Қайғының қара тонын арқау етіп,
О халқым! өксіп жүріп өлең өрдім.
Бұған әлдене алып-қосу қисынсыз, бәрі өз-өзінен түсінікті десек, “Қайғы,
шаттық, қайрат, күшің, жан, махаббат бір жүректе” екенін мойындағанымен,
күн көсемге соншалықты табынып, жер-көкте жоқ теңеуді аяусыз төксе, екінші
жағынан “коммунистік партия қайда?” деп шарқ ұра “тыңдамаса қайтейін халық
үнін, өлең бол да жата бер зар мен мұңым, келешектен табармын бір әділдік,
жалынбаймын соларға – осы шыным”, – деп бір-ақ қайырады. Шырқыраған
шындықты шынжырлауға мәжбүр еткен заманның талабынан асып қайда барсын.
Мәриямның ақындық қасиеті осы тұста қасіретке жалғасып, жалындаған от сезім
сөніп, бықсыған шаладай өлеусіреген сипат иемденуге бейімделе береді.
Ішкі бұлқыныс, тебіреністің телегей-теңіз тасқынынан айдалаға жанұшыра
қашып, “Ұлы Октябрьдің Күндей қуатын, мәңгі өшпейтін партия, нұр төккен
Ленин шамын” іздеп, тіпті “Көктегі күннің Кремльге ілулі” тұрғанына сенеді.
Десек те, “Жүректі тас түскендей ауырлатып, жалынын жалт еткізіп алдың
жұлып. Жан едім тулай толған толқын атып, алыстан орағытып салдың құрық.
Суынып, бірте-бірте бара жатыр, өлгенше ұмытылмас тәтті қылық. Өмірдің
еркесі едім еркін өскен, еркімше сөйлетпейсің ауызға ұрып, күңірентіп
күрсіндіред еріксізден, кеудеме толып алып өңшең былық” деп қоғамның
қоршаған ортасының басына салған құрығын мойындамауға және лажы жоқ. Сірә
сондықтан да шығар, ана, бала, бөбек тақырыбына ойысқанда, оның қанаттанып,
шабыттанып, ерекше түлеп шыға келетіні. Еш жерде жарияланбағанымен, туған-
туысқаны, бауырларының, асыл азаматтардың өшпес бейнесіне бағыштап жазған
жоқтау жырларында да ақынның буырқанған күші еселене көрініс тауып, қарым-
қабілетінің әлдеқайда терең екенін шым-шымдап байқатады.
“Қалар дүние шуылдап”
Жиырмасыншы ғасырдың небір алып тұлғаларымен Мәриям Хакімжанова жақын
араласып, дәмдес, сырлас болды. Жас кезінде күнделік жазғаны белгілі, бірақ
сақталмаған. 1954 жылға дейінгі қағаз, хаттарын НКВД жойып жібергенін
өкінішпен айтқаны есімде. Ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов сапарға шығарда
Жазушылар одағында жұмыс істейтін Мәриямға: “Менің атыма келген хат-хабарды
өзің алып сақтап қой”, деп тапсырады екен. Іссапардан оралған соң әлгі бума-
бума хаттарды бөлмеге кіріп, ішінен есікті бекітіп: “Менің мұнда екенімді
ешкімге айтпа”, деп ұзақ уақыт отырып оқитын көрінеді. Содан соң оларды
ұсақтап жыртып тастайтынын, біреу-міреуге зияным тиіп кетпесін, із
қалдырмайын дегендей әрекетін Мәриям апа сондай бір өкінішпен жеткізетін.
Жыртылған сол хаттармен бірге қанша құнды мәлімет, деректің қоса жоғалғаны
бір құдайға ғана белгілі болса керек. Жиырма жылға жуық қатаң бақылауға
алынған, қара тізімге іліккен М.Хакімжанова да артық-ауыз жазбаларды
жүргізбеген. Шіркін, жастық шағындағы әлгі күнделіктері, Сәкен, Ілияс,
Бейімбет ағаларға, тіпті сол аласапыран уақытта қағаз бетіне түсірген
пікірлері, алда-жалда бүгінгі күнге жеткенде, қандай көл-көсір байлыққа
кенелер едік! Төмендегі мына сыр үзіктеріне назар аударайықшы.
“1960 жылдың, марттың 7-і күні Кемелова Әмина апайдың қызы Нәлжанның үйінде
қонақта болдым. Жәңгірова Рабиға жолдасымен, Жамал Омарова, Хафиз Бақауов,
Сәбит аға бәйбішесімен, Әбділда Тәжібаев Сарасымен, тағы басқалар болды.
Хафиз “Шайтан қара” деп аталатын өлеңді айтты. Жамал “Алтайды”, “Ұстазым
менің”, “Настольная” әндерін айтты. Рабиға жолдасымен бірнеше халық әндерін
орындады. Сәбит аға мен Мәкең Балуан Шолақ әндерінен, халық әндерінен
орындады. Әбділда өлең оқыды. Мен өлең оқыдым. Сондай бір жақсы өткен
кешіміз болды.
1961 жылы, февральдің 3-і күні. Күндіз Хамит Ерғалиев телефон соғып, кешкі
сағат 6-ға қонаққа шақырды. – Басқа кімдер болады деп сұрадым. – Болатындар
өз ағаларымыз: Мұхтар аға, Сәбит аға, Сапарғали ағалар. Бәйбішелерімен
алтау, Сізбен жетеу, сол ғана, — деді.
Сағат алтыдан аса барсам, қонақтар түгелдей келіп қалған екен. Бәрі де
көңілді. Дастарқан үсті бай. Не керектің бәрі бар. Үй іші сондай таза,
қылау жоқ. Астан кейін Мұхтар аға домбыра тартып, Хамит ән шырқады.
Хамиттің үні әрі күшті, әрі әдемі. Қандай ән болса да нақышына келтіріп
орындайды. Одан кейін Сәбит аға Мәкеңмен екеуі қосылып “Елім-ай”, “Бір
бала”, “Ақ қайың”, “Сәулемай” деген әндерді орындады. Мұхтар аға домбыраны
сондай жақсы орындап отырды. Бір кезде Мұқаң “Айнамкөзді” ойнап, оған
Сәбит, Мәкең, Хамит үшеуі қосылды. Бұл күн Мұхтар ағамен ақырғы бас қосып,
дастарқандас болған күніміз еді...”
Кіл өңкей жақсы-жайсаңның арасында тірлік кешкен М.Хакімжанова тағдыры да
сол зиялы топқа ортақ қадір-қасиетпен өзектес өрбіді. Жас шамасы өзінен
үлкен де, кіші де оған ана деп қарады. Ақындық қолтаңбасы да осы ардақты
атқа лайық қалыптасты.
“Өкінбеймін өлдім деп”
Туған ұлтының тілегін жырлап өткен ақын “бар қазақтың көкірегіне кіріп,
солардың жүрегінде жүретінін” біліп кетті. Бұған дәлел көп, соның бірі –
көзі тірісінде оған арналған өлеңдердің, игі тілектердің том-том боп
жиналғаны. Іні-сіңлі әріптестерінің оған жыр арнамағаны кем де кем. Ал,
жандары қысылып, әлденеге алаңдап мазасызданғанда, іздейтіні де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz