Темекі



1 Темекінің құрамы
2 Эмфисема ауруы
3 Қан айналымына
4 Шылым шегу
Темекі (Nicotiana) – алқа тұқымдасына жататын, құрамында есірткі бар бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда оның 3 түрі: кәдімгі темекі, мәдени темекі, махорка өсіріледі. Темекінің құрғақ жапырағының құрамында 1,09-3,7 пайыз никотин, 17,1-18,9 пайыз күл (органикалық заттар), 4,9-17,6 пайыз көмірсулар,2,2-3,7 пайыз азот, 0,1-1,3 пайыз эфир майлары және органикалық қышқылдар, шайырлар бар. Құрғатылған жапырағынан мүштікке салатын папирос, сигарет, сигарлар дайындалады. Темекі - өте улы, құрамында алколойдтар, әсіресе есірткі заттары көп өсімдік.
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгісек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді.Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.
Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Темекі (Nicotiana) – алқа тұқымдасына жататын, құрамында есірткі бар бір
және көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда оның 3 түрі: кәдімгі темекі,
мәдени темекі, махорка өсіріледі. Темекінің құрғақ жапырағының құрамында
1,09-3,7 пайыз никотин, 17,1-18,9 пайыз күл (органикалық заттар), 4,9-17,6
пайыз көмірсулар,2,2-3,7 пайыз азот, 0,1-1,3 пайыз эфир майлары және
органикалық қышқылдар, шайырлар бар. Құрғатылған жапырағынан мүштікке
салатын папирос, сигарет, сигарлар дайындалады. Темекі - өте улы, құрамында
алколойдтар, әсіресе есірткі заттары көп өсімдік.
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс
болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден
3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп
отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі
шегеді екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгісек, егер жағдай
өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі
мүмкін көрінеді.Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6
мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о
баста ойнап бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға
айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр.
Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан
құтылудың жолын қарастырсын.
Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім.
Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне
көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша
уақыт – ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні
бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де
осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады.
Әлемде темекінің зияндылығын дәлелдейтін 50 мыңнан астам кітап басылып
шыққан. Медицина ғылымының докторы Л.В.Орловскийдің баяндауынша, темекі
шегетіндер стенокардиямен 13 есе, миокард инфарктымен 12 есе және асқазан
жарасымен 10 есе жиі ауырады.
Темекі шегетін әрбір жетінші адам қан тамырларының (әсіресе аяқтың) қатерлі
ауруы – эндартеритпен ауырады.
Адамдар тартатын теме-кінің түтіні тәнге зиянды және улы заттардың жиын-
тығы болса, олардың ең қауіптісі – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы,
сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі
радиоактивті элементтер (бензпирен, полоний, висмут, т.б.). Никотин ең улы.
Салмағы 16-20 келі итке бір тамшы, жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе, олар
бір минут-тың ішінде-ақ өліп қалады. Адамды да бір тамшы никотин сеспей
қатырады. 1 тамшы никотин 10-12 тал сигаретте болады. Тек теме-кі тартқанда
адам ағзасы никотинді төте қаннан емес, тыныс жолымен қабылдай-тындықтан
адам бірден уланып өлмейді.
Есірткі тобындағы затар, көкнар өсімдігінен алынады. Олардың түрлері
морфий, героин, кокаин т.б. Бұл заттардың ортақ ерекшелігі өте қысқа
уақытта, өте аз мөлшері, микроскоппен көрілетін мөлшерінің өзі де құмарлық
туғыза біледі. Героиннің тамырдың ішіне бір ақ рет жіберілуінен, қолданушы
адам құмарқазға айналады.
2) Осы тектес улы заттарды қолданылған адамда да дәл осындай ықпал тудыру
үшін оның, яғни заттың мөлшері үздіксіз арттырылуы қажет.
3) Жоғары түрдегі улы заттар, заңсыз сатылатындықтан, ьағасы орынсыз жоғары
болады. Құмарқазға айналған адамның қолданған затына қажеті барған сайын
артады, ақша жеткізе алмай, үйіндегі керекке жарайтының барін сатады. Жаны
қиналғанда ақша тауып, есірткі зат алу үшін, ұрлық істейді, қылмыс жасайды.
Осы заттарды қолданғандар да күйгелектік,ашушоңдық, ұйқысыздық басқа да
қалыпсыз күйлер байқалады. Бұдан тыс, асқазан, ішек аурулар, бауырдың
үлкеюі мен майлануы, бүйрек аурулары, қан аздық, тері де дақ пен жаралар
болады.
Героин –бұның жасалуы заңсыз. Өте қысқа уақытта және сәл ғана мөлшері
құмарлыққа апарады. Героин талқан түрін мұрыннан иіскелеу, тері астына және
тамыр ішіне қою арқылы істелінеді. Нәтижесінде, тым ұзақ болмаған бір
мезгіл ішінде әлгі адам героин мөлшерінен тыныс алу орталығы дұрыс дем ала
алмай, өлімтігі бір үйдің бұрышында, дәретханада жатады.
Никотин темекі түтінімен ауызға, одан әрі тыныс жолдарымен өкпеге, одан
адам қанына сіңіп, қан арқылы адам ағзасының түкпір-түкпірін улайды.
Сілекей арқылы жұтынғанда, никотин өңешке, асқазанға өтеді. Сөйтіп,
ауыздағы, еріндегі, тілдегі, таңдайдағы өте сезімтал жүйке талшықтарын
зақымдайды. Никотин қан арқылы миға жетеді, әуелі оның жүйке жасушаларын
(нейрондарды) қоздырады, сосын оларды улай бастайды. Ол түтін арқылы тыныс
жолдарымен өтетіндіктен, темекі түтіні оның ішкі қабыршақтарын ыстайды,
ісіндіріп, қабындырады, қан түйіршіктеріндегі оттегіні адам ағзасына
таратушы тамырларға ауыр зардабын тигізіп, қан айналымы қиындағаннан ми,
жүрек, басқа ағзалар қорексіз қалады. Көк түтіннің салдарынан адамның
бүкіл қан тамырлары жиырылып, қан алмасу қиындайды. Жүрекке үлкен
ауыртпалық түсетіндіктен, жүрек талмасына алып келеді. Миға баратын қан
мөлшері азайып, ол өз күшінде жұмыс істей алмайды. Барлық ағзаларға оттегі
жетіспегендіктен, бас ауырып, жүрек сыздап, аяқ-қол қақсайды. Темекі
шегетін аналар тапқан баланың қан түйіршіктерінің гемоглобині кем болады.
Темекінің құрамы. Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы
заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай
қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына
өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ.
Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және
радиоактивті изотоптар бар.
Темекі өнімдері белок, минералды тұздар, клетчатка, ферменттер, майлы
қышқылдары және басқалары бар, кептірілген темекі жапырақтарынан
жасалынады.Ол организмге темекі иісімен бірге кіреді, оның құрамында,
никотиннан басқа, тітіркендіретін әрекеттегі заттар, соның ішінде,
канцерогендік (Бензпирен мен Дибензпирен), яғни қатерлі ісік пайда болуға
себепші, көп көмір қышқыл газы - 9.5% (атмосфералық ауада - 0.046%) және
көміртек топтығы - 5% (атмосфералық ауада ол жоқ).
Заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым
мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді.
Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда тамыр соғуын жиілетеді, басты
айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып,
құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Бір тал темекіні шеккенде адам
ағзасына 1,5-2 мг шамасында никотин енеді. Негізінен, темекі түтінінде
12000-нан астам химиялық зат бар. Адамның тамырына 1,5-2 мг никотин құйылса
жүрек бір минутта әдеттегі мөлшерінен 15 рет артық соғады, жүректен шығатын
қан мөлшері минутына 10 литрден 12 литрге дейін артады.
Никотин темекі өсімдігінен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді,
сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға болады. Егерде құстың
(торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған
шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар өліп қалады. Үй қояны ¼ никотин
тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин
мөлшері 50-100 мг болса жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті.
Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның
қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп
кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге
душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір
бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды.
Никотин организмге керекті заттарды жасап шығаратын бездерге де әсер
етеді, атап айтқанда, бұйректемелерге, олар сол орайда, артериялық қысымды
көтеретін және жұрек қысқартуын үдейтетін, қан жолдары тырысуын тудыратын
қанға гормон- адреналинді бөледі.
Темекі түтінінің құрамында 12 000 жуық заттар мен химиялық қосылыстар бар.
Оның 196 — улы және 14 наркотик тәріздес.
Заттар Саны
Диоксид көміртегі
45—65 мг
Монооксид көміртегі
10—23 мг
Оксиды азоты
0,1—0,6 мг
Бутадиен
0,025—0,04 мг
Бензол
0,012—0,05 мг
Формальдегид
0,02—0,1 мг
Ацетальдегид
0,4—1,4 мг
Метанол
0,08—0,18 мг
Синильдік кислота
1,3 мг
Никотин
0,8—3 мг
көмірсулар
0,0001—0,00025 мг
Ароматты амины
0,00025 мг
N-нитрозоаминдер
0,00034—0,0027 мг

Темекі тартудың салдарынан туындайтын аурулар.Темекінің құрамындағы
химиялық зиянды заттар адам организмінде көптеген аурулар тудырады.Олардың
ішіндегі ең көп таралғандары:
Арқа және бел ауруы. Темекі тарту бел ауруларын тудырады. Өйткені, адамның
омыртқа табақшаларына оттегі аз барады.
Простаттың қатерлі ісігі. Темекі тарту простаттағы ісік түрлерінің 40
пайызының себебі екендігі дәлелденген.
Жатырдағы қатерлі ісік. Шылым шегетін әйелдерде тартпайтындарға қарағанда
жатырдағы қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі 4 есе жоғары.
Төстегі қатерлі ісік. Темекі тартатын нәзік жыныстылар емшек ісігіне
көбірек шалдығады.
Балалардың тыныс алу жүйесінің бұзылуы. Әкесі, не анасы темекі тартатын
балалардың тыныс жолы ауруларына шалдығу қаупі 6 есе жоғары. (Суықтау,
құлақтың қабынуы, бронхит, ентікпе және туберкулез т.б. аурулар).
Диабет. Темекі дененің инсулин бөліп шығару қабілетін уақыт өте келе жояды.
Бұл диабет ауруына жол ашады.
Дәріге қарсы иммунитет. Темекі тартатын адамдар дәрінің әсерін сезіну үшін
белгілі мөлшерден көбірек дәрі қолданулары керек.
Құлақ инфекциялары. Шылым шегетіндердің балаларының құлақ қабыну ауруына
шалдығу қаупі өте жоғары.
Эмфисема ауруы. Өкпедегі алвеольдердің уақыт өте келе серпінділігі жойылып,
тыныс алу қиындайды және ауру адам тыныс алу құрылғысымен ғана өмір сүре
алатын жағдайға жетеді. Бұл ауруға шалдыққандардың 85 пайызына темекі
тікелей кінәлі.
Асқазандағы қатерлі ісік. Темекі тартатын адамдардың асқазан және ішектегі
қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі темекі тартпайтынға қарағанда 2 есе көп.
Жүрек аурулары. Шылым шегетіндер басқаларға қарағанда 4 есе жүрек ауруына
көп ұшырайды
Бедеулік. Жұбайлардың біреуінің ғана темекі тартуы бедеулік қаупін 3 есе
арттырады.
Гангрена. Өкпе қызметін дұрыс атқара алмағандықтан, денеге оттегі аз
таралады. Адамның денесі осы аз мөлшердегі оттегіні басқа ағзаларға
таратуға мәжбүр. Сондықтан жүректен алыс орналасқан саусақтың ұшынан бастап
жасушалар өле бастайды. Көбіне қол мен аяқтар гангренаға үшырайды.
Бауырдың қабынуы. Бұл аурудың 80 пайызы темекі шегудің әсерінен туындайды.
Кеңірдектегі қатерлі ісік. Күніне 25 дана темекі тартсаңыз, кеңірдекте
қатерлі ісіктің (рак) пайда болуының ықтималы 30 есе көбейеді. Бұл алдымен
сөйлеуге қиындық туғыза бастайды да, соңында толық сөйлей алмайтын жағдайға
дейін апарады.
Ерте босану және баланың салмағының аз болуы. Күніне ең кемі 5 дана темекі
тартатын жүкті әйелдің ерте босану немесе мүгедек бала туу қаупі өте
жоғары.
Ауызда қатерлі ісіктің пайда болуы. Ауызда қатерлі ісіктің пайда болу
жағдайларының барлығына темекі себепші.
Климакс. Темекі тартатын әйелдерде уақытынан 5-10 жыл бұрын климакс
басталады. Бұл сүйектердің ерте жұқаруына немесе әлсіреуіне себеп болады.
Өңештегі қатерлі ісік. Бұл аурудан қайтыс болғандардың барлығы темекі
тартқаннан осы дертке шалдыққандар.
Ерте қартаю. Әрдайым темекі тарту терінің құрылымын бұзып, әжімдердің пайда
болуына әкеліп соғады. Сонымен қатар, тістер сарғайып немесе қарайып,
тырнақтар әлсірейді.
Жаралардың баяу жазылуы. Темекі тартатын адамдардың жаралары өте қиын
жазылады. Сонымен қатар, операциядан кейін жараның жазылмау ықтималы бар.
Тістің түсуі. Темекі тарту тістің ерте түсіп қалуына себепші.
Ал,енді шылым шегудің адам ағзасына тигізетін жалпы әсеріне келсек:
Ас қорытуға
1. Асқа деген тәбетті қайтарады.
2. Ас қорытуды қиындатады.
3. Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
4. Асқазанда жара пайда болады.
5. Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.
Тыныс алуға
1. Жөтел және қақырық пайда болады.
2. Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
3. Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.

Қан айналымына
1. Тамырды қатайтады (атересклероз).
2. Қол – аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы,
шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
3. Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
4. Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы)
қолайлылық туғызады.

Басқа да зардаптары
1. Есте сақтау қабілетін азайтады.
2. Көңілсіздікке душар етеді.
3. Ұйқыны азайтады.
4. Теріге әжім түсіреді.
5. Темекі тартатындардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып,
мазасызданады.
6. Ер - әйелдің жыныстық тәбетсіздігінің басты себептерінің бірі.
Ұзақ жылдар темекі тартқандарда кездесетін басты аурулар.
1. Темекі тәбетті қайтарады, ұйқыны қашырады.
2. Ас қорытуды қиындатады.
3. Тісті сарғайтады, ауызды сасытады.
4. Асқазанда жара пайда болады.
5. Ерің, тіл және өңеш рагына жол ашады.
6. Жөтелтеді және қақырық пайда болады.
7. Өкпе және көмей рагына ұшырағандардың 90%-нің себебі темекіден.
8. Тамырды қатайтады.
9. Есте ұстау қабілетін азайтады.
10.Теріде әжім пайда болады.
11.Отбасыда темекі тартқан адам балаларында уландырады

Шылым шегу –өкпенің қатерлі ісігі ауруын тудырады.Бүгінгі таңда
дүниежүзінде өкпеге тән онкологиялық қатерлі ісік ауруларының біріне
жататын өкпенің қатерлі ісігі өршіп тұрғаны әлемді алаңдатып отыр.
Науқастар саны жыл сайын артқаны да жасырын емес. Бұл ауру біздің елімізде
де белең алып тұр. Қазір елімізде онкологиялық аурулар саны көбейгенімен,
оны емдеу жолдары да табылып жатыр. Алайда кей жағдайда дертке медицинаның
шамасы жетпейтіні де шындық
Өкпе адам ағзасында тыныс алу қыз¬метін атқарады. Ал осы тыныс алу
ағза¬ла¬рының ішіндегі ең қауіптісі - өкпе қатерлі ісігі. Дүниежүзі ға-
лымдарының зерттеуінше, өкпе қатерлі ісігі ауруларының 90 пайызы шылым
ше¬гетіндердің үлесіне тиеді.Күніне 1 қорап шылым шегушілердің өкпе рагына
ұшырау қаупі 10 есе көп, ал екі қорап шылым шегетіндердікі 20 есе, сонымен
қатар темекінің саны ғана емес оның мерзімі де үлкен рөл атқарады екен.
Адам ерте кезден шылымға әуес болған сайын оның өкпе рагына ұшырау қаупі де
жоғары болады екен.
Қазіргі таңда шылым шегу көпшілік ара¬сында әлеуметтік және медициналық
үлкен проблемаға айналуда. Бұл зиянды әдет жұрттың, оның ішінде
жасөспірім¬дер мен жастардың басым бөлігін қамтып отыр. Темекінің түтіні
өкпенің қорғаныс қа¬баттарын бұзып, лимфа жүйелерін әл-сіретеді. Оның
түтінінің құрамындағы фи¬зикалық және химиялық қосылыстар, көптеген жану
заттары, ауыр металл тұз¬дары, бензепирен, сыртқа шығарыла¬тын түтіннің
жоғары температурасы тыныс алу жолының сілекейлі қабықшасын, өңеш¬ті,
бронхыны күйдіретінін көбіміз білмейміз де.

Қатерлі ісіктің алдын қалай аламыз?

• Үнемі бір түрдегі азық-түлікті пай¬даланбау;
• Тамақтану кезінде тамақтың дәмді-лігі мен қоректілігіне мән беру;
• Аса тоя тамақ жемеу;
•Ас қорыту жүйесінде жарақаты бар адамдарға сыра ішпеу. Өйткені сыраның
құрамында көп мөлшердегі көмірқышқыл газы болатындықтан, асқазандағы
көмір¬қышқылының мөлшерін одан ары артты¬рып, жарақаттың тесілу қаупін
туғызады.
• Темекіні шектен тыс, тіпті мүлдем тартпау;
• Тұзды тағамдарды аз тұтынып, қуы¬рыл¬ған тамақтардан бас тарту;
• Шектен тыс шаршауға жол бермеу;
• Көңіл күйді қашан да көтеріңкі ұс¬тау;
• Балғын жемістер мен көкөністерді көбірек пайдалану;
• Еңбек еткенде және демалу тәртібін қатаң сақтау;
• Дене шынықтыру белсенділігін арт¬тыру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы¬мы¬ның мәліметтері бойынша, әлемде
қатерлі өкпе ісігінен қайтыс болғандардың – 90 пайызы, созылмалы қолқа
дертінен көз жұмғандардың – 75 пайызы және жүректің ише¬миялық ауруынан
қайтыс бол¬ған¬дар¬дың – 25 пайызы темекі шегудің сал¬да¬ры¬нан орын алады
екен. Дегенмен осын¬шалықты қатерлі екеніне қарамастан, әлем бо¬йынша
шылымға құмар жандар қатары азаяр емес. Осы орайда онколог мамандар ең
болмаса темекі шекпеу арқылы онко¬ло¬гиял¬ық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темекінің адам ағзасына зияны
Темекіні тастау әдістері
Темекі шегу Қазақстандағы әлеуметтік проблема ретінде
Темекіге қарсы күрес
Темекі және оның адам денсаулығына тигізетін әсері
Темекінің адам денсаулығына әсері
Темекі қағазы
Темекінің қарынға әсері
Темекі түтінінің құрамы
Жастар және темекі
Пәндер