Егемен Қазақстан – діни жаңаруы


ӘОК 2 134. 6
ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН - ДІНИ ЖАҢАРУЫ
Ш. Сейдалиева, Ә. Ш. Кәнкиев
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Дін деген не? Ең алдымен осы сұраққа жауап іздесек. Дін - ислам философиясының түсіндіруінше әлемді байланыстырушы күш Алланың барлығына сенім. Бұл нәрсе ислам философиясында былай дәлелденеді: Алла Тағала адам баласын жаратқанда оның жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни жаратушының барлығына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенін жүрегі арқылы сезінетін болады.
Ал материалистік тұрғыдан түсіндіретін болсақ дін - адамдардың өздері әлсіздік көрсететін табиғаттың күштерінің алдында бас иуі. Сондықтан адамдар белгілі бір күшке, әлемді бір жаратушы күш бар деп, соның нәтижесінде жаратушыны ойлап тапты. Ал осы дінді жоғары үстем тап өкілдері халықты басқарудағы негізгі құрал ретінде пайдаланады.
Ф. Энгельс дін туралы анықтамасында мынадай екі аспектіні қарастырады. Бірінші, Маркске дейінгі атеистердің дәстүрін жалғастыра отырып, дінді дүниенің бұрмалаған көрінісі болып табылатын қиял, бұл ретте жер бетіндегі күштер құдіреттілікке ие болады деген сөз. Екіншісінде, ол адамдар санасында қиялдық діни бейнелерді туғызушы, адамдарға үстемдік етуші күштерді көрсетеді.
Діннің басты белгілеріне тоқтала кетсек ол құдіретке наным. «Құдірет» діндарлар мен діни ғұламалардың пікірінше ешқандай материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды, ол объективті өмір сүреді.
Дін уағызы адамдарды құдайға құлшылық етуге, тиым салған әдеп - ғұрыптарды сақтауға, жаңалықтардан бойын аулақ салуға шақырады. Бұл материалистердің жалпы көзқарасы болып табылады.
Бұл көзқарастар филосовтардың арасында ертеден келе жатқан өзекті де, түбегейлі мәселе. Дін мәселесі бойынша адамдар арасында нақты көзқарастардың қалыптасуы мүмкін емес. Біреу болса дүниені құдай жаратты десе, ал енді біреулер бұған қарсы болып дүние туралы өзінше пікірлейді. Осы кезеңге дейін қазақтың дүние танымына діни нанымдар әсер етті. Сондықтан қазақ жеріндегі діни қөзқарастардың дамуының ерекшіліктерді де осыдан шығады.
Түркі тайпалары әуелде Мұхаммедті білмей тұрғанда алла мен тәңірге бірдей табынып, әулиелердің басына құрбандық шалып, бақсылардың құдіретіне сенді. Кейіннен ислам келгеннен кейін пайғамбар ұрпақтары құрмет тұтты. Халық отқа табынып, ал бақсылар болса жын - перілермен қоса мұсылмандардың перілерін де шақырып, алланы мадақтады. Осылай екі дінге табыну ешқандай қайшылыққа жатпаған, қазақтар екеуін де қосып ұстаған.
Орталық Азияны мекендеген байырғы қауымдардың, олардың ішінде түркілердің ерте дәуірлерде қандай наным - сенімдерді ұстанғанын анықтау, олардың ұлттық діні қандай дін еді деген сұраққа жауап беру қиын мәселе. Олар қайсыбір замандарда қандай діндерде болған деген сұрақтың жауабын алдымен анықтап алғанымыз дұрыс. Көне Жібек Жолы бойында орналасқан және тарих бойы қауымдардың көші - қонына ұлы жорықтарға сахна болған осы территорияда көптеген діндердің, наным - сенімдердің болғаны ақиқат. Ал шаманизм түріктер арасында таралып таралмағаны, түркі натуризмін шаманизм деп танудың туралығы - терістігі туралы көп қарама - қарсы пікірлер айтылуда. Түркиядағы нәсілшіл түрікшілердің көсемі Зия Гокальп (1876-1924) шаманизмді көне түріктердің діні емес, сиқырға тән жүйелердің жалпы атауы деп тұжырым жасайды да, бұрынғы түріктердің ата - баба діні Тойонизм деп тұжырымдайды.
Көрнекті ғылым И. Кафеоғлы көне түріктерде шаманизмнің титтей де белгісі болмағанын, тек сиқырлықтың бағзы жол - жоларғыларының болатынын, сол үшін оны дін деп айтудың қате екенін деректермен келтіреді. Оның пікірі бойынша көшпелі түріктердің сенім - нанымдарының негізгі 3 деңгейі; табиғат күштеріне табыну, ата-баба культі, көк тәңірі еді. Жалпы шамандық дін ретінде, дін ілімі тарихында әлі толық зерттелмеген тақырып болып саналады.
Шамандық бұл адамдардың табиғатқа, айға, күнге, көк аспанға яғни көк тәңірісіне сенетін болған. Сонымен қатар шаманның ең басты сипаты жер үстіндегі де, жер астындағы да махлұқтармен, әсіресе әруақтармен байланыста бола алатындығы туралы сенім. Шаман атағын адамдардың ішінде өте аздары алатын болған. Сол жолда адамдар көптеген сынаулардан өтетін болған. Шамандық діндегі адам құдіретті күн нұрына қарап таңданды, осыншама дарықтың құпиясы мен қара аспанға нұр сепкен айды көріп те табынды. Аруақтарға құрбандық шалып отырды. Сонымен шамандық дегеніміз - әлемдік дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат. Оны қазақтар бақсы деп атайды. Бақсылық ертеден келе жатқан наным - сенім болып табылады.
Шамандықтың соңғы нәтижесі ақиқиқатта жалған сенімдер, ырым -сиқырлар, қорқынышты азаптар мен қорқынышты надандықтан басқа ештеңе бере алмады. Сондықтан шамандық наным - сенімдегі халықтар басқа діндермен танысқан бойда шамандықтың құрсауын бұзып, жаңа діндерді қабылдаған. Шаманшыл халықтардың исламды қабылдауында мұсылмандылықтың әділеттігі, ақылға да, жүрекке жағымдылығы және мұсылман әміршілерінің мейірімділігі, хош көрушілігі аса маңызды роль атқарды. Ислам діні дүниеге жайылып жатқан уақытта түрік қағандары да шет қалған жоқ. Халифалар өз хаттарын жан - жаққа таратып, мұндай ұсыныстарға түріктердің көзқарастары айтарлықтай қарсы болмады. Себебі, жалпы ғалымдардың пікіріне қарасақ түріктер арасында таралған буддашылық, отқақұлдық, манихей секілді діндер олардың қайраттылық, ержүректілік, қаймықпастық секілді қабілеттерін тежеп, жауларынан жеңіліске ұшырауына апарып соқты. Сол себепті түркілер ислам туралы танысқанда одан ат - тонын ала қашқан жоқ. Қайта қызыға қарады. Ал мұсылмандықта мұндай түркілердің күн көрісі үшін шектеу қоятындай шектеулер жоқ еді. Мұсылмандар әскери соғыстар мен әскери тәртіптерге де көп көңіл бөлді. Мұның бәрі түркілердің исламға деген құштарлығын арттырды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін демократиялы ел болып дінге және т. б. көптеген салаларға еркіндік берді. Өткен дәуірде дінге шектеу дүние жүзі бойынша тек КСРО-да ғана болды. КСРО ыдырасымен барлық елдер дінге бостандық алды. Дінге бостандықтың берілуі көптеген пайда мен зиянды қоса алып келді. Мешіттер ашылды, Меккеге баруға рұқсат етілді, діни имандылыққа оқытатын мектептер ашылды. Ислам дінінен басқа діндерге де еркіндік берілді, сонымен қатар хрестияндық діни секталарға. Ол секталар өз уағыздауларын ашық түрде жүргізе бастады. Олар өз діндеріне кіргізу арқылы оларды ақшамен немесе басқа да керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр. Ислам дінінің де түрлі ағымдары да өз жұмыстарын елімізде белсенді түрде жүргізіп отыр. Оларға шектеу қоятын күш қазір
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz