Адвокаттық қызметті лицензиялау тәртібі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Адвокаттық қызметті лицензиялау тәртібі

Адвокаттық қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының « Адвокаттық қызмет туралы » 1997 жылғы 5 желтоқсандағы, « Лицензиялау тәртібі » 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және адвокаттық қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді. Адвокаттық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

Тиісті лицензиясыз адвокаттық қызметпен айналысу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия адвокаттық қызметпен айналысуға ниет білдірген, белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін адамға беріледі . Лицензияны алу үшін мынандай құжаттар қажет :

  • Белгіленген нысандағы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат;
  • Жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджеттке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
  • Өтініш берушінің салық органдарында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариялды куәландырылған көшірмесі;
  • Адвокатта тағылымдамадан өткендігі туралы көшірме;
  • Адвокатта тағылымдамашысының жетекшісін тағайындау туралы адвокаттар алқасы төралқасының қаулысынан көшірме немесе үзінді;
  • Тағылымдамадан ойдағыдай өткендігі туралы тағылымдама жетекшісі қол қойған және адвокаттар алқасы төралқасы бекіткен қорытынды;
  • Адвокаттық қызметімен айналысу құқығыына лицензия алу үшін аттестациядан өткені туралы әділет аттестаттау комиссиясының шешімі немесе өтініш берушінің аттестациялаудан босатылуы туралы құжат;
  • Наркологиялық және психиятриялық диспансерлер лицензиярға тапсырғанға дейін кемінде 1 ай бұрын өтініш тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтама;
  • Бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып лицензиярға тапсырғанға дейін кемінде 1 ай бұрын өтініш тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
  • Прокуратура, тергеу немесе анықтау органдарында жұмыс істеген прокурордың, тергеуші не анықтаушының жұмыс стажын растайтын және атқарған қызметінен босатылу себебін қамтитын еңбек кітапшасы өзге де құжатын нотариялды куәландырылған көшірмесі.

Осы ережелердің 5- тармағының 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармағында көрсетілген құжаттарды беруден тұрақты жұмыс істейтін судьялар босатылады.

Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасына емтихан тапсырған өз міндеттерін орындауда теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін сот лауазымынан басталған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар босатылады. Өтініш беруші ӘАҚ-да аттестаттаудан өтуден босатуды растайтын құжаттар мыналар болып тпбылады:

  1. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы берген өтініш берушінің Әділет біліктілік алқасына судья лауазымына біліктілік эмтиханын тапсырғанын растайтын анықтама.
  2. Құзіретті лауазымды адам оны лицензиярға тапсыруға дейін кемінде 1 ай бұрын берген өтініш берушінің сот лауазымындағы жұмысын растайтын анықтама
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты судья лауазымынан босату туралы Жарлығының немесе Казақстан Республикасының Парламентінің Сенаты қаулысының көшірмесі.
  4. Прокуратура, тергеу немесе анықтау органдарында жұмыс істеген прокурордың, тергеуші не анықтаушының жұмыс стажын растайтын және атқарған қызметінен босатылу себептерін қамтитын еңбек кітапшасының немесе өзге де құжатттың көшірмесі.

Лицензиялар алу үшін қажетті құжаттарды өтініш беруші жеке өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша не тапсырыс хатпен береді. Лицензиярға лицензия беру үшін ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжатттардың қабылданған күні туралы белгі қойылып өтініш берушіге жіберіледі. Лицензияр лицензия берілген кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.

Ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығына және анықтығына өтініш иесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады. Лицензияны осы ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса лицензия беру туралы өтініш берілген күнне бастап 30 күннен кешіктірмей береді.

Лицензияр осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензия беруге не лицензия беруден бас тарту себептерін жазып дәлелді жауап беруге міндетті.

Лицензияр бұрын алған лицензия жоғалған не бүлінген жағдайда тел. Нұсқау беруге өтініш берілген күнне бастап он жұмыс күн ішінде жаңа номер бере отырып жәнеи жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.

Бұл ретте лицензиат лицензияның телнұсқасын берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жекелеген қызмет түрімен айналысу үшін бюджетке лицензиялық алым төлейді. Лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш берген кезден бастап лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері жарамсыз деп саналады. Лицензиялардың телнұсқаларын беру және лицензат жоғалтқан, бүлдірген лицензиялардың бланкілерін жарамысз деп тану туралы шешім лицензиардың бұйрығымен рәсімделеді.

Өтініш берушіге, лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылу мүмкін:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;

2) осы ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмесе лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Адвокаттардың құқықтық жағдайы
Адвокаттық лицензия
Сот сарапшысының қорытындысы
Адвокатура мен адвокаттық қызметтің түсінігі мен маңызы
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық жағдайы
Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттың құқықтық жағдайы
Адвокатураның дамуы мен құрылуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz