Қарым-қатынасқа және сөйлеуге жалпы сипаттама
Кіріспе
I Қарым.қатынасқа және сөйлеуге жалпы сипаттама
1.1 Қарым.қатынас және оның қызметтері
1.2 Сөйлеу және оның түрлері
1.3.Адамдар арасындағы өзара сөйлесу арқылы қарым.қатынасының әлеуметтік. психологиялық сипаты
Қорытынды

Психология ғылымының кез-келген мәселесі адамның жан дүниесінің сырымен,қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты.Бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасты.
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып,оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар,ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселелердің бірі-адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап,олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде?деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.Қарым-қатынас психологиясы-жантану ғылымдарының бір саласы.Сондықтан,қарым-қатынас психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары:
“Мен” – “Басқа”жүйесіндегі арақатынас.Қарым-қатынас барысында пайда болатын тұлғааралық қатынастарды танып білу,адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу,олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау,бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
“Топ”-“Мен”жүйесіндегі арақатынас.Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары,әлеуметтік көзқарастары,топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және қалай өзгертеді?Әлеуметтену-даму барысында әлеуметтік құндылықтарды,нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.
“Мен”-“Топ”.Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға,қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы.Әрбір адам-өз омірінің,өз әлеуметтік байланыстарының қожасы,басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.

1. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология Алматы,1996.59-бет
2. Аймауытұлы Ж.Психология.-Алматы,1995
3. Аймауытұлы Ж.Жалпы психология(оқу құралы)-Алматы,1994
4. Бороздина Г.Психология делового общения.-М.,2000
5. Бодалев А.Личность и общение.-М,1983(85-265беттер)
6. Добрович А.Общение.-Москва,1980
7. Деловые игры в учебном процессе.-М.,1998
8. Елеусізова.С.Қарым-қатынас психологиясы.-Алматы,1995.
9. (3-14беттер) қолданылаты
10. Жарықбаев Қ.-Алматы,1996
11. Құдиярова А.Қарым-қатынас психологиясы.-Алматы,2006.

Ж О С П А Р
Кіріспе
I Қарым-қатынасқа және сөйлеуге жалпы сипаттама
1. Қарым-қатынас және оның қызметтері
2. Сөйлеу және оның түрлері
1.3.Адамдар арасындағы өзара сөйлесу арқылы қарым-қатынасының
әлеуметтік- психологиялық сипаты
Қорытынды
КІРІСПЕ
Психология ғылымының кез-келген мәселесі адамның жан дүниесінің
сырымен,қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз
байланысты.Бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырының
әрқилы қырларымен өзара ұштасты.
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып,оның психологиясын
зерттеуде психологтар мен социолог мамандар,ұстаздар мен басқару
қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды
мәселелердің бірі-адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап,олардың өзара
тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде?деген мәселенің шешімін
табу қазіргі өмір талабы.
Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал
етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.Қарым-қатынас
психологиясы-жантану ғылымдарының бір саласы.Сондықтан,қарым-қатынас
психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары:
“Мен” – “Басқа”жүйесіндегі арақатынас.Қарым-қатынас барысында пайда болатын
тұлғааралық қатынастарды танып білу,адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну
механизмін зерттеу,олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау,бір
адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
“Топ”-“Мен”жүйесіндегі арақатынас.Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның
мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның
әлеуметтік ұстанымдары,әлеуметтік көзқарастары,топ және қоғам адамның
тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және қалай өзгертеді?Әлеуметтену-
даму барысында әлеуметтік құндылықтарды,нормаларды әр адамның өз бойына
сіңіру үрдісі.
“Мен”-“Топ”.Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға,қоршаған ортаға жасаған
белсенді ықпалы.Әрбір адам-өз омірінің,өз әлеуметтік байланыстарының
қожасы,басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы
ретінде қарастырылады.
Әдеп сақтап сыпайы болу,мәдениеттілік пен кішіпейілділік мінез-
қылықты әрбір адамның жеке басына тән даралық қасиетін білдіретін
психологиялық сипат болып саналады. Адамның ең жарқын ерекшелігінің біреуі
оның сөйлеу қабілеттілігі.
Сөз – адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы қарым-
қатынас мүмкіндігінен айрылған адам ойдағыдай дами алмайды.
Сөйлеу дегеніміз өзі тіл арқылы ойымызды басқа біреуге дыбыстап немесе
граматикалық көрініс арқылы жеткізіп қарым-қатынас жасау.
Сөйлеу – пікір алмасу процесінде адамның белгілі бір тілді
пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формасы болуы мүмкін.
Сөйлеу жеке адамның арасындағы ара ара түсінусіді реттеу үшін,
пікір алмасу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін
практикалық тәжірибесін ғана байытып қана қоймайды. Сонымен қатар ғасырлар
бойы жинақталған қоғамдық тәжірибелі меңгеруге мүмкіндік алады.
Адамға тән сөйлеу әрекеті екі түрлі сипатта болады бұларсыз
сөйлеу өз қызметін дұрыс атқара алмайды.
Мұның біріншісі сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі сөйлеудің
мәнерлігі. Сөйлейтін сөздің мазмұны болмаса ол өзінің сөздік мәнін жояды.
Сөздің мазмұны дегеніміз екінші біреуге айтайық деген ойдың айқындылығы.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз адамның сөйлеген кезде эмоциялық
қалпын білдіре алуы. Яғни әрбір сөздің сөйлемнің өзін өзі сөзімен айта
алуы.
І.Қарым-қатынас және сөйлеуге жалпы сипаттама
1.1 Қарым-қатынас және оның қызметтері
Қарым-қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін,жалпы
қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды.Қарым-қатынас,Г.М.Андреван ың пікірі
бойынша,адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Қарым-қатынас формалары:
Тікелей қарым-қатынас- табиғи бетпе-бет, сөздікжәне бейсөздік(ым,қимыл)
құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт,кері байланыс
бір мезгілде өтеді.Бұл-адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы
бірінші формасы.
Жанама қарым-қатынас-қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын,не
кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз
психологиялық контакт.Хат жазу,кітап шығару,радиодан сөйлеу т.с. адами
қарым-қатынасты күрделендіріп жіберді.
Тұлғааралық қарым-қатынас-екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс
адамдардың тікелей контактілері.Тұлғааралық қарым-қатынастардың
белгілері:қатысушылардың психологиялық жақындығы,бір-бірінің ерекшеліктерін
білуі,бірге күйзелуі,өзара түсінушілігі,ортақ қызметтестігі.
Бұқаралық қарым-қатынас-бейтаныс адамдардың тікелей не жанама(бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы болатын)контакттары. Мысалы,стадионда,
театрда,шеру-бұқаралық қарым-қатынас,телемарафон,радиохаба р-жанама қарым-
қатынас,вагонда-бұқаралық тікелей не жанама болса,купеде-тұлғааралық.
Персонааралық қарым-қатынас-ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін
ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары(чемпиондар,
ғарышкерлер,президенттер).
Рөлдік қарым-қатынас-белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың
психологиялық контакттары,мысалы,оқушы-оқытушы,әк е-бала,сатушы-алушы,көрші-
көрші,дәрігер-ауру,бастық-бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді
орындайды,сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады.Сол рөлдерді
орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды,тек әлеуметтік рөлге
қажетті іс-әрекеттері маңызды болап саналады.Әрине,әлеуметтік рөл адамның
мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды.Адам өз рөлін,басқалардың
рөлдерін қалай түсінеді?
Ол рөлдерге қандай қатынаста болады?
Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек
пен таңба енгізеді.
Қарым-қатынас барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік
психологиялық ерекшеліктерді ашады,көрсетеді,түсінеді.Адамның психо
логиялық қасиеттері қарым-қатынас нәтижесінде пайда болады,дамиды,
өзгереді.Басқалармен қарым-қатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді,
нұсқаларды,білім мен іс-әрекет тәсілдерін,желпы әлеуметтік тәжірибені өз
бойына сіңіреді.Қарым-қатынас нәтижесінде адам жеке тұлға болып
қалыптасады.
Қарым-қатынас-адамның психикалық дамуының және мінезінің
алғышарты,негізі.Сонымен, қарым-қатынас- адамның психологиялық дамуының
факторы:
қарым-қатынас үрдісінде басқаларден өзгешелігі қалыптасады,адам тек қана
қарым-қатынас арқылы ғана адам бола алады(джунглида өсіп адам болған
Маугли-қияли оқиға,ертегі);
қарым-қатынас үрдісінде өзге үшін,өзі үшін адамның психологиялық қасиеттері
ашылады(ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан танып біледі);
қарым-қатынас үрдісінде жеке адам жалпыадамдық тәжірибені меңгереді
(орыс философы Чадаевтың айтуынша,”Қарым-қатынассыз шөпті шайнап жүре
беретін едік”).
Қарым-қатынастың қызметтері(функциялары):
1.байланыстыру,прагматикалық қызметі.
Қарым-қатынас бұл жерде кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың
бірігуінің шарты болып табылады.Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар
бірін-бірі түсінбеу салдарынан құрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі оқиға
тегін емес.
2.қалыптастыру,дамыту қызметі.
Бұл жерде арақатынас адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен
өзгеруінің алғышарты болып танылады.Кішкентай баланың даму барысында оның
мінез-құлқы,іс-әрекеті,өмірге деген көзқарастары үлкен адамдармен жасаған
арақатынасына тәуелді болып келеді.Сыртқы қарым-қатынас нәтижелері ішкі
психикалық құбылыстарға және баланың өзіндік сыртқы қимылдарына
айналады.Мысалы,”Зита-Гита”үнді кинофильмінде егіз қыздар әртүрлі ортада
өскендіктен мінездері бір-біріне ұқсамайды.Сыртқы қарым-қатынассыз балалар
ой-өрісі өспейді.Балалар үйінде өскен жасөспірімдердің ой-өрістері
өздерінің ата-аналарының бауырында өскен құрбыларынан едәуір төмен
болады.Олардың бүкіл өмірі туған-туысқандарымен,жақсы көрген адамдарымен
қарым-қатынас жасауда өтсе,психологиялық қасиеттері адами сапаға жақынырақ
болары анық.Бірақ осыған байланысты еске алатын бір жәйт:бала-үлкендердің
барлық настхаттарын,ойларын,көзқарастарын өз бойына тікелей құйып алатын
ыдыс емес!Бала мен ересек адамның арақатынасы тек үлкеннен кішіге өтетін
білім,біліктілік,дағдылар емес,бұл-неғұрлым күрделі өзара ықпалдау,өзара
өзгеру,бірін-бірі байыту құбылысы.Бала басқаның тәжірибесін өз ішкі
дүниесіне белсенді түрде тезден өткізіп қабылдайды.
3.растау қызметі.
Басқалармен жасаған қарым-қатынас барысында адам өзін-өзі танып
блілуге,бекітуге,өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады.Адам
өзінің бар екендігін,өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы
біледі.Адам үшін ауыр жазаның бірі-жападан жалғыз қалу,ешкіммен
араласпау,басқалардың назарын тыс қалу.”Сен жамансың”,”Сенікі дұрыс емес”
деп адамды жаман бағалаудың өзінде оны қабылдап,бар екенін растап тұрудың
белгісі бар.Ал,қабылдамаудың, барлығын растамаудың белгілері “Сен бұл жерде
жоқсың”,”Сен өмір сүрмейсің”.Осы әдісті А.Макаренко өз коммунасында жиі
қолданатын еді-кінәлі балаға басқалар бойкот жариялайтын.Растамау-көп
психикалық аурулардың, мысалы, шизофренияның себепшісі.Нәресте,сәби әке-
шешесінен “сен жақсы”,”сен біз үшін барсың” деген дәлелдерді естімесе,оның
санасында қалған іздер эндогендік психозға жол ашады.Күнделікті тіршілік
адами арақатынасқа,”растау терапиясына” толы:танысу мен сәлемдесу
рәсімдері,құттықтау мен ізет көрсету,т.б. Осының барлығы әр адамның бар
екендігін растайтын дәлел екені сөзсіз.
4.тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу қызметі.
Басқаларды қабылдау,олармен сан қилы қатынастар(тұлғалықтан іскерлікке
дейін)жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап,бір-біріне
жағымды(симпатия,ұнату),не жағымсыз(антипатия,ұнатпау)эмоциялы қ қарым-
қатынас орнатады.Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық
қатынастармен шектелмесе де,эмоциялық қатынастар іскерлік,ұжымдық,рөлдік
қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.
5.тұлғаішіндік қызмет.
Адам өз-өзімен іштей не дауыстап сөйлесіп диалог арқылы қарым-қатынас
жасайды.Тұлғаішіндік қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап шебер тәсілі
деуге болады.
Л.С.Выготский жазғандай,жеке қалғанда да адам қарым-қатынастың қызметін
сақтап қалады.
Сонымен,біздер қарым-қатынастың түрлерін,қызметтерін қарастырдық.Қарым-
қатынас психологиясында көбірек зерттелінген дәстүрлі мәселе-тұлғааралық
тікелей қарым-қатынас жасау. Сөйлеу түрлері
Адамның сөйлеу әрекеті түрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге
бөлінеді. Біріншіден, сөйлеу күрделілігіне, өзінің психикалық және
физиологиялық механизміне орай, көпшіліктің бірге қосылып айтатын сөзі –
хормен сөйлеу – және қарапайым түрде қайталау болып отыратын – жаңғырық
сөзі болып бөлінеді. Осы негізде сөздер атаушы сөздер мен коммуникативті
сөйлеу болып та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы түрде мақсат-міндеттерді
көздейтін түрі бағдарлы сөйлеу делінеді. Бұл орайда, сөздер үнемі бағдарлы
түрде айтылатын активті сөйлеу мен сөйлеудің құрылысын талап ететін
реактивті сөйлеу болып жіктеледі. Сондай-ақ, сөйлеудің тағы бір түрі
қосалқы сөз деп аталады. Сөйлеудің қосалқы түрі сөйлеудің қалыпты құрылысын
қатаң талап етпесе де, өздігінен сөйлеу түрі болып саналады. Қосалқы
әрекетін топтастырып ажыратуда ерекше маңызы бар жайт – сөйлеудің еркін
болуы. Бұл сөйлеуді топтастырып бөлудегі үшінші негіз болып саналады. Ал
төртінші негіз бойынша сөйлеу сыртқы және ішкі белгілеріне орай жіктеледі.
Осы негізге сүйене отырып, сөйлеуді сыртқы сөз – дауыстап естіртіп сөйлеу
және іштей сөйлеу деп екі топқа бөлеміз.
Сөйлеудің адамдар әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі –
коммуникативті сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында кеңінен
қолданылады. Сөйлеудің бұл түрі: а) монологтық сөйлеу, ә) диалогтық сөйлеу.
б) үнсіз сөйлеу, в) жазба сөз болып төрт топқа бөлінеді. Сөйлеудің бұл
салаларының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
а) Монологиялық сөйлеу – сөйлеу әрекетінің кең тараған түрі. Мұнда айтылуға
тиісті ой-пікір толық сипатталып, ұзағынан айтылады, әрбір жайт пен жағдай
тыңдаушыларға жете түсіндіріледі. Соған орай ол жүйелі, дұрыс ырғақты,
екпінді, бет, дене құбылыстары мен қимыл-қозғалыстар арқылы қажетті
сөздерді өзгелерге жеткізудің әдіс-тәсілдерін қамтиды.
ә) Диалогтық сөйлеу – оқиға мен болмыс көбінесе, нақты тақырыпқа құрылып,
әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады. Бұл – сөйлеудің
ұтымды бір түрі.
б) Үнсіз сөйлеу – адамның практикалық іс-әрекеті мен теориялық ой-пікірі
жоспарланып, белгілі жүйеге салынуы. Мысалы, бір жерге бару үшін адам немен
барады, қалай барады, алдымен соның бәрін жоспарлап алады. Мұнда ой
талқысы, талдау сияқты әрекеттер болады. Іштей сөйлеуде адамның ерні
жыбырлап, тілі қозғалады, дыбыс сыртқа шықпайды. Ішкі сөйлеудің
психологиялық мәселелері психолог А.Н.Соколовтың зерттеулерінде қамтылған.
в) Жазу сөзі – мұны монологтық сөйлеудің бір түрі деуге болады. Жазу сөзі
ауызша сөйлеуге қарағанда, ой-пікірді кеңінен, жүйелі, ерікті түрде
жеткізеді. Сөйлеу әрекетін үйретуді жазба сөзден бастаған дұрыс. Жазба сөз
мәдениеті жоғары адам өз ойы мен пікірін ұтымды, бейнелі, әрі түсінікті
етіп білдіре алады.
Сөйлеу – тіл көмегімен түзілген адам аралық қатынас құралы.
Сөйлеудің келесі түрлері болады: сыртқы және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз
кезегінде ауызша, жазба болып, ал ауызша – монологтық және диологтық болып
бөлінеді.
Сөйлеудің барша түрлері өзара ықпалды қатынас түзеді. Сөйлеу
түрлерінің бәріне бірдей сипат – олардың сөздік дыбысталуында. Бірақ
олардың әрбірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл қатынассыз және заттасқан
тілдік процесс болмай, ешқандай ой, ойлау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz