Қазақстандағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларына сәйкес қызмет етуі



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.4

I тарау Мемлекет механизмі ұғымы, құрылымы

1.1 Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.18
1.2. Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.28
1.3 Мемлекеттік қызмет, оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.41

II тарау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларына сәйкес қызмет етуі.

2.1 Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42.46
2.2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47.49
2.3 Қазақстан Республикасының Сот билігі т.б. органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50.56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57.58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59. 61
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы
құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Бүгінгі күннің басты талабының бірі – мемлекеттік органдардың , билік
басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.
Заң ғылымы жүйесінде «Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары» зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.
Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары, сөз талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы мұнда өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм, заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он екісін айтты: федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары тұрған билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері мен қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік; заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі; заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу; бақылау .
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты – жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау.
Осыған сәйкес дипломдық жұмысымның міндеті –
1. Мемлекет миханизмінің құрылымының жұмысын ашып көрсету;
2. Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру;
3. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру жолдарын көрсету;
4. Қазақстан Республикасындағы органдардың қызметіне, олардың
ұйымдастырылу қағидаларына жалпы сипаттама беру болып табылады.
Осы зеттеу жұмысымды екі бөлім, алты тараудан құрап жаздым. Мынадай бөлімдерге бөліп қарастырдым: кіріспе; жұмысымның 1-тарауында-мемлекет механизмі ұғымы, құрылымы; 2-тарауда – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларға сәйкес құрылуы, қызмет ету жағдайлары; қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.
Мемлекеттік механизм, аппарат, органдар туралы көптеген шетелдік және Қазақстандық заңгер ғалымдардың еңбектері, мақалалары бар - Баянов Е, Табанов С.А, Жоламанов, Булгаков, Т.Н. Радько, В.Н.Храпонюк, М.Н. Марченко, М.И.Абдулаев, т.б. Осы еңбектердегі және нормативтік құқықтық актілер (ҚР Конституциясы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Сот төрелігі және судьялардың мәртебесі, т.б. заңдар).
Дипломдық жұмыста – мемлекеттік билік, ( Мемлекеттік механизмнің ерте замандағы, ортағасыр мен буржуазиялық замандағы тарихи ерекшеліктерін) Ресей, АҚШ, т.б. шетелдегі мемлекеттік органдар қызметінің ерекшеліктеріне мысалдар келтірдім. Қазақстандағы мемлекеттік билік тармақтарының қазіргі қызмет ету жүйесіне, «мемлекеттік қызмет», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» заңдарына тоқталдым.
Мемлекеттік – қызметтік қатынастарды іске асырудың қажетті алғы шарты мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды, сондай-ақ оларды лауазымдарға тағайындау мен ауыстыруды, мемлекеттік қызметте болған кезде оларға біліктілік дәрежелер беруді жүзеге асыру үшін құқық берілетін нақты мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды белгілеу, мемлекеттік органдардың кадрлар жөніндегі жұмысының маңызды элементі-мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асыру. Кадр саясаты заңдарда, өзге нормативтік құқықтық актілерде бекітіп және солар арқылы іске асырылатындығы туралы жазып өттім.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

I. Нормативтік құқықтық актілер.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж 30 тамыз
2. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеруер мен толықтырулар енгізу тралы» 2007жыл 21 мамырдағы № 254 ҚР Заңы.
3. «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» заңы
4. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» заңы.


II. Оқулықтар.

1.Актуальные проблемы теории права курс. Лек.Под.Ред. А.Г.Хабибуллина. Уфа , 1995
2.Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
3.Ашитов З.О. «Егемен Қазақстанның құқығы». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
4.Алексеев С.С.Общая теория право. Курс в 2 тт М., 1981, 1982
5.Абдулаев.М.И. Теория государства и право.Питер 2003
6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2004 жыл
7.Булгакова Д.А. Теория государства и право. Учеб.пособие Алматы 2007
8.Баянов Е. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы 2003 жыл.
9.Венгеров А.Б. Теория государства и право. Москва., 2000
10.Гайман – Черновюк В.И. Очерк теории государства и права. М., 1996
11.Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004
12.Ибраева А.С. Общая теория государства и право. А., 2000г
13.Ибраева А.С. Ибраев Н.С.Теория государства и право. Учеб.Пособие Алматы «Жеті Жарғы»; 2003 г
14. Иеринг Р. Фон. Борьба за право. М.: Феникс, 1991. С.64.
15.Коваленко А.И. Теория государства и право. Москва 1994г
16.Курс лекций по теории государства и права. Под.ред .А.В.Малько., Саратов 1993 г
17.Курс теории государства и права. Под. ред. И. П. Марова., Тюмень 1994
18.Лазарев В.В. Теория государства и право. Москва 1992
19.Ливишиц Р.З. Теория право. Москва 1994
20.Матузов.Н.И.,А.В.Малько «Теория государства и право .Москва. Юристь 2005
21.Нерсесянц В.С. Теория государства и права. Москва., 2001.
22.Общая теория государства и права. Курс лекций .Под.ред. Б.К.Бабаева.,Новгород 1993
23.Общая теория права и государства. Под.ред. В.В.Лазарева., Москва 1996
24. Радько Т.Н. Теория государства и права: Учебник для вузов. М.:
Академический Проект, 2005 . С.220-221
25.Сырых В.М. Теория государства и права. Учеб. Былина 1998
26.Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Москва 1999
27.Табанов С.А. «Салыстырмалы құқықтану негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003жыл.
28.Теория государства и права.Под.ред. в.М.Королский., Москва 1997
29.Теория государства и права.Курс лекций под.ред.И.И.Матузова.,Москва 1999
30. Теория государства и права. Курс лекций/Под ред. Н.И.Матузова и
А.В.Малько.-М.: Юристь, 1997.С.103-104.
31. Теория государства и права. Курс лекций/Под ред. М.Н.Марченко.-М.:
Издательство «Зерцало». 1998. С.122-129.
32.Теория государства и права. Под.ред. Н.А.Катаева Уфа 1994
33.Теория государства и права.Под.ред. Г.Н.Манапова Москва 2000
34.Храпанюк В.Н. Теория государства и права. Москва 2000
35.Черданцев А.Ф. Теория государства и права. Курс лекций Екатеринбург 2000
36.Чиркин «Государственой управление»
37.Чиркин «История гасударста зарубежных стран»

III. Баспа сөз материалдары.

1. Заң және заман. 2006 № 2
2. «ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы». Егемен Қазақстан №36 7 ақпан 2008 жыл.
3. Нұртазин М. Мемлекеттік қызмет: жауапкершілік арта бермек. Орал өңірі. 2005. 16тамыз
4. Парламент жаршысы, 1999, №12, Егемен Қазақстан, 2005, 9-шілде.
5. Абдулпаттаев С. «Орталық Азия мемлекеттерінің Одағын құру бастамасының маңызы». Ақиқат, 2005, № 5
6. Абдулпаттаев С. «Қазақстан – Қытай қарым – қатынастары». Ақиқат, 2004, № 8
7. Арыстанбекова А. Әлемге әйгілі. Егемен Қазақстан 2001 жыл 2 наурыз
8. Иманбекова Б. «Қазақстандағы ғылыми – техникалық саясат». Саясат, 2005, № 9
9. Қарасаев Ғ. «Еуразиялық бірлестік және қауымдастық». Қазақ тарихы, 2003, № 4
10. Мұхамеджанов М. «Мәдениет саласын аймақтық басқарудың кейбір мәселелері». Саясат, 2006, № 5
11. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан жаңа ғасырда әлемдік даму үрдістерінен кенже қалмауы тиіс. Дипломатия жаршысы. 2000 жыл, №3, 11 бет.
12. Нұрақым Р. «Қазақстан мен Ресей қарым – қатынастарының жаңа буыны». Ақиқат, 2004, № 1
13. Сұлтанәлі Г. «Әлемдік саясат аясындағы ұлттық мүдделер». Саясат, 2004, № 4
14. Тоқаев Қ. «Ынтымақтастыққа он жыл» Егемен Қазақстан 2002 жыл 2 наурыз
15. Тоқашбаев М. НАТО және Қазақстан. Астана ақшамы 1999 жыл 20 мамыр.
16. Шойынғазин С. Өңі өзгерген НАТО. Егемен Қазақстан 2002 жыл 28 желтоқсан
17. Сұлтанәлі Г. «Әлемдік саясат аясындағы ұлттық мүдделер». Саясат, 2004, № 4

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .2-4

I тарау Мемлекет механизмі ұғымы, құрылымы

1.1 Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары,
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-18
1.2. Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-28
1.3 Мемлекеттік қызмет, оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29-41

II тарау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың
демократиялық қағидаларына сәйкес қызмет етуі.

2.1 Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік
органы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42-46
2.2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47-49
2.3 Қазақстан Республикасының Сот билігі т.б.
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50-56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 7-58

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .59 - 61

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы
құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық
қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер
кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі
және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде
тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа
кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды
еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді
талап етеді.
Бүгінгі күннің басты талабының бірі – мемлекеттік органдардың , билік

басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол
арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.
Заң ғылымы жүйесінде Мемлекеттік органдар қызметінің және
ұйымдастырылуының қағидалары зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару
жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.).
Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын
ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап
қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы
ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі
бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық
биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің
мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік
жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын
биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік
билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік
механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік
билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік
орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір
мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі
түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат
түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы –
халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру
қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу
теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз
қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі,
заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің
бірлігі, т.б. қағидалар.
Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары,
сөз талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы
мұнда өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм,
заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он
екісін айтты: федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары
тұрған билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері
мен қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен
құзыреттілік; заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген
өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге)
беру жолымен бөліп беруі; заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс
әрекет және келісіп қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда
(сайлауда) қатысу; бақылау .
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты – жалпы мемлекеттік органдар
қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы
жағдайына жан-жақты талдау жасау.
Осыған сәйкес дипломдық жұмысымның міндеті –
1. Мемлекет миханизмінің құрылымының жұмысын ашып көрсету;
2. Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру;
3. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру жолдарын көрсету;
4. Қазақстан Республикасындағы органдардың қызметіне, олардың
ұйымдастырылу қағидаларына жалпы сипаттама беру болып табылады.
Осы зеттеу жұмысымды екі бөлім, алты тараудан құрап жаздым. Мынадай
бөлімдерге бөліп қарастырдым: кіріспе; жұмысымның 1-тарауында-мемлекет
механизмі ұғымы, құрылымы; 2-тарауда – Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларға сәйкес құрылуы, қызмет
ету жағдайлары; қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.
Мемлекеттік механизм, аппарат, органдар туралы көптеген шетелдік және
Қазақстандық заңгер ғалымдардың еңбектері, мақалалары бар - Баянов Е,
Табанов С.А, Жоламанов, Булгаков, Т.Н. Радько, В.Н.Храпонюк, М.Н. Марченко,
М.И.Абдулаев, т.б. Осы еңбектердегі және нормативтік құқықтық актілер (ҚР
Конституциясы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Сот төрелігі және
судьялардың мәртебесі, т.б. заңдар).
Дипломдық жұмыста – мемлекеттік билік, ( Мемлекеттік механизмнің
ерте замандағы, ортағасыр мен буржуазиялық замандағы тарихи ерекшеліктерін)
Ресей, АҚШ, т.б. шетелдегі мемлекеттік органдар қызметінің ерекшеліктеріне
мысалдар келтірдім. Қазақстандағы мемлекеттік билік тармақтарының қазіргі
қызмет ету жүйесіне, мемлекеттік қызмет, Сыбайлас жемқорлықпен күрес
заңдарына тоқталдым.
Мемлекеттік – қызметтік қатынастарды іске асырудың қажетті алғы шарты
мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды, сондай-ақ оларды лауазымдарға
тағайындау мен ауыстыруды, мемлекеттік қызметте болған кезде оларға
біліктілік дәрежелер беруді жүзеге асыру үшін құқық берілетін нақты
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды белгілеу, мемлекеттік
органдардың кадрлар жөніндегі жұмысының маңызды элементі-мемлекеттік кадр
саясатын жүзеге асыру. Кадр саясаты заңдарда, өзге нормативтік құқықтық
актілерде бекітіп және солар арқылы іске асырылатындығы туралы жазып
өттім.

1. Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері.
Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты,
тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері,
жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшеленетін әр түрлі мемлекеттік
құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Олардың комплексті пайдалану
мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді
шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік билікті, оның қызметі мен міндеттерін іске асыру үшін
белгілі бір механизм қалыптасады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері
іске асырылатын органдар жүйесін мемлекет механизмі дейміз.Мемлекет
механизмі мынадай бөліктерден тұрады: мемлекеттік аппарат, мемлекеттік
ұйым, мекеме, мемлекеттік кәсіпорын, ақша – қаржы қоры.
Мемлекеттің механизмі бұл – мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларын
қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі.
Мемлекеттік механизмнің мәні зор: айталық, мұнда қоғамдық феномені ретінде
мемлекеттің өмір сүруінің тәжірибелік мәні көрініс табады. Сондықтан,
мемлекет функциясын іске асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат құрылады. Ол
мемлекеттің биліктік өкілеттілігіне иелі, әрі белгілі бір құрылымы бар
мемлекет органдарының күрделі жүйесі. Әрбір мемлекеттік органдардың заң
жүзінде құқықтар мен міндеттердің шамасын (көлемін) айқындайтын құзыреті
болады.
Мемлекеттік орган дегеніміз тиісті құзыретке иелі және өз функциясын
жүзеге асырған кезде мемлекеттің ұйымдастыраушылық материалдық және
мәжбүрлеу (күштеу) күшіне арқа сүйейтін дербес, оқшауланған құрамы бар
мемлекеттік аппараттың бір бөлігі.
Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттің міндеттерін орындаушы және осы
мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіліктерді иеленеген ұйым немесе мекеме.
Мемлекеттік орган дегеніміз – белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар
ұжымы, мемлекеттік билік өкілділігіне иелі өзінің құзыреті шеңберінде
қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік аппаратының бөлігі болып табылады.
Оған мынадай белгілер:
1. орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады;
2. органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін
уәкілеттік береді, бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер
жиынтығын ( мысалы, Парламент) орындауы мүмкін;
3. органға мемлекеттік билік өкілеттілігі берілген. Ол басқа мемлекеттік
органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер
шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді;
4. мемлекет үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы,
сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың
белгілі бір тәртібі белгіленген. Бұлар бір жүйеге біріктелген, бірақ
олардың әрқайсысының функциясы бөлек, бір – бірінен өздеріне тән
белгілермен оңай ажыратылады.
Әрбір мемлекеттік органдарға мыналар тиесілі:
1. оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік және қазыналық мүліктер;
2. қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру көзі;
3. өзіне тән ұйымдастырушылық құрылымы, онымен байланысты қызметтік
бағыныстылық және қызметтік тәртіп жүйесі;
4. биліктік өкілеттіліктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық
тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдарға мыналар жатады:
1. заң шығарушы, атқарушы және соттар (билік бөлу принципіне қарай);
2. федералдық, федерация субъектілері, республикалық және жергілікті
(мемлекеттің құрылыс белгілеріне қарай);
3. бастапқы (сайланбалы өкілді), оның мүшелерін халықтың сайлауы және
туынды (қосалқы), яғни оның құрылуына халық тікелей қатыспайды (құрылу
тәртібіне қарай);
4. жалпы құзыретті, яғни бұл орган өзінің құзыреті шегінде, оған қатысты
барлық мәселелерді қарап шеше алады ( мысалы, жалпы Үкімет және арнайы
министрліктер, мемлекеттік комитеттер, т.с.с.) (құзыреттің мәні бойынша);
5. коллегиалды – шешімді көпшілік дауыспен қабылдайтын орган және дара
басшылық – мекеме басшысының өзі қабылдайтын жеке шешімі (
шешімді қабылдау әдісіне қарай);
6. тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) және уақытша
(қысқы мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады), ( өкілеттіліктің
мерзімі бойынша).
Мемлекеттік органдарды анықтайтын белгілер:
1. мемлекет еркімен құрылуы және өз функциясын соның атынан іске асыруы;
2. заңда көрсетілген тәртіппен қызмет түрін қатаң орындауы;
3. заң жүзінде бекітілген ұйымдық құрылымы, құзыреті (құқықтар мен
міндеттердің жиынтығы), аумақтық қызмет көлемі, арнаулы аппараты және
өзге мемлекеттік органдармен қарым – қатынасын айқындайтын тәртібі болуы;
4. белгілі бір материалдық құралдарға иелігі (құрылыс, үйлер, көлік т.б );
5. мемлекеттік билік сипаттағы өкілеттілігіне иелігі, яғни әр қилы құқықтық
актілерді шығару және оны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін құқығының
болуы.
Мемлекеттің механизмі, әрине, мемлекеттің функциясын жүзеге асырушы
күш, бұл мемлекеттік аппараттық нақтылы құрылымның жұмыс істеуінен
көрінеді. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын
жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет
аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық
салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге
бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандарын көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық
механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік
аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1. тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен
байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2. құқықтық нысандар – құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар
барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік –
міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі
құқықтық нысандарына мыналар жатады:
1) Құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын
дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
2) Құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен
байланысты қызмет;
3) Құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және
қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартумен т.б.байланысты
қызмет.
Мемлекет механизмінің құрылымына мыналар кіреді:
1. өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз
байланыстылығы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2. биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру,
мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым және тағы басқа салаларда жалпы
әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3. басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті
ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
Жоғарыда айтылған мемлекеттік құрылымдардың барлығын бірнеше түрге
бөлуге болады. Олардың ішінде мемлекеттік механизмнің маңызды буынын
құрайтын мемлекет органдарының шоқтығы бөлек. Оның басқа бір буыны болып
биліктің айрықша ұйымдастырушылық және ұйымдастыру мәжбүрлеу
ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-мәжбүрлеу құралдары (армия, полиция,
түрме, барлау және контрбарлау) табылады. Мемлекет құрылымының үшінші бір
түріне келетін болсақ (бұл жерде мемлекеттік шаруашылық, әлеуметтік-мәдени
және басқа ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар айтылып отыр), ол
мемлекеттің механизміне тікелей кірмейді, тек жанап қана өтеді.
Мемлекет миханизміне орасан зор роль берілген. Ол іс жүзінде
мемлекеттік билікті жүзеге асыруға міндетті. Барлық биліктік жетекшілік,
басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қызмет –
мемлекет механизмінің шексіз құқықығы. Мемлекеттің саясаты, оның
стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің механизмімен жасалып,
сонымен түзетіліп, жүзеге асырылады.
Мемлекет механизмі дегеніміз, мемлекет алдында тұрған міндеттерді
шешу үшін, оның функцияларын іс жүзіне асыру үшін құрылған мемлекеттің
барлық органдарының, сондай-ақ биліктің ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-
мәжбүрлеу құралдарының жүйесі.
Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде
мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылады. Әрине, бұл
түсініктердің ара қатынасы туралы мәселе туады. Мазмұны жағынан бір-бірімен
өте жақын және көп жағдайда бір-біріне сәйкес келгенімен, алайда олардың
айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылық мынада: мемлекеттік аппарат
мемлекеттік механизмінің мемлекеттік қызмет принциптеріне негізделген
буындарын ғана қамтиды. Сондықтан да мемлекеттік аппаратта, мемлекеттік
жергілікті өкілді органдар, қызметші болып табылмайтын, депутаттық қызметі
үшін мемлекеттен ақы алатын депутаттар кірмейді. Сөйте тұра жергілікті
өкілді органдар, күмән жоқ, мемлекет механизмінің бір бөлігі болып
табылады.
Мемлекет механизмінің ерекшеліктері,оны ұйымдастырудың және
қызметінің қағидалары.
Мемлекет механизмінің қағидаларының санын көрсететін айтылған екі
шекті тәсілдермен қатар автордың қазіргі заманғы мемлекет қызмет негізінде
болуы тиіс, маңыздырақ, негіздірек қағидаларды айту ынтасы көрінетін
ұстамдырақ тәсілдер бар.
М.Н.Марченкомен ұсынылған мемлекет механизімінің ұйымдастырылуы және
қызметінің қағидаларының жіктелуіне көңіл аударайық, ол мемлекет
механизмінің (аппараттың) қызметінің келесі негізгі қағидаларын айтты:
қызмет атқарылу мен құрылудың үйлесімділігі; іс әрекет нәтижелілігі,
заңдылық және конституционалдық, мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі мен
жоғары этикалық талаптарды орындау, парламент депуттаттарының және
мемлекеттік шенеуніктердің саяси адалдығы.[1] Қағидалардың бірі мемлекеттік
аппараттың ұйымдастырылуы мен қызметінің заңдылығы мен
конституционалдылығы қағидасы. Айта кету керек, заңдылық ғана емес, сонымен
қатар саяси мәнге ие бола тұрып, заңдылық және конституционалдық түрлі
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінің негізгі әдісі ретінде орын
алады. Түрлі елдердің мемлекеттік аппаратының қызметіне қатысты заңдылық
және конституционалдық мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың
тиісті қызметтерін ағымдағы конституцияға, қарапайым заңдарға және
өкілеттіктердің бекітілген заңдылық тәртібіне байланысты заңнамалық
актілерге сәйкес жүзеге асыруы. Заңдылық және конституционалдық қағидасы,
сонымен бірге, оған бағынышты органдардың, ұйымдардың және мекемелердің
күшіндегі нормативтік құқықтық актілердің, жемқорлықпен күрес, оған қоса
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын түрлі бұзушылықтардың, қоғамдық
ұйымдардың, еңбек ұжымының қатаң және бұлтартпас істелуін қамтамасыз етуін
білдіреді.
Ескертіп өту керек, заңдылық және конститутционалдық құбылыс және
түсінік ретінде қоғам мен мемлекетпен байланыссыз болуы мүмкін емес. Бұл
абстракция. Заңдылық және конституционалдық әрқашанда мемлекет және
құқықтық белгілі бір нысандарына, қоғамның белгіленген мәні мен даму
деңгейімен ара қатынасы белгіленеді.
Осыдан шығатыны, ғылыми әдебиетте заңдылық және конституциялықты
жалпылай қарастырмайды, тек мемлекеттің және құқықтың құл иеленушілік,
феодалдық, капиталистік және социалистік нысандарында қолданылады.
Кез келген заңдылық және конституционалдылықтың негізін түрлі
мемлекеттердің конституциялары, сонымен бірге олардың даму барысында
қабылданған заңдар құрайды. Нақты, жақсы дамыған, практикалық өмірдің
үздіксіз өзгеріп отыратын және жоғарылайтын талаптарға жауап беретін
заңнаманың болуы жекелеген мемлекеттік органдардың және бүкіл мемлекеттік
механизмнің бүтіндей қызметіндегі заңдылығын және Конституциялығын
біртіндеп бекіту үшін маңызды және қажетті шарты болып табылады.
Заңдылықты және конституционалдықты қатаң және бұлтартпай орындау тек
мемлекеттік емес, сонымен бірге мемлекеттік емес органдардың, мекемелердің
және ұйымдардың қызметінің маңызды
қағидасы болып табылады. Мемлекеттердің конституциялары ережені бекітеді,
оған сәйкес бүкіл мемлекеттік органдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар,
лауазымды тұлғалар конституцияны және соның негізінде және дамуында
шығарылған заңдарын бұзбауға міндетті. Бүкіл теориялық органдар және
ұйымдар, сол сияқты бүкіл саяси және қоғамдық бірлестіктер конституция және
басқа да заңдар аясында қызмет етуі тиіс.
М.И.Байтин мемлекеттік механизм қағидаларының жүйесін құрылуына
қаншалықты өзгеше тәсіл айтады. Ол бүкіл мемлекеттік механизм және оны
құратын бүкіл мемлекеттік органдардың жалпы қағидаларын және мемлекет
механизмінің тек кейбір бөлімшелеріне, жеке органдар мен органдар тобына
қатысты жеке қағидаларды ажыратуды ұсынады.
Жалпы қағидалар өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісіне конституцияда
бекітілген қағидалар жатса, екіншісіне заңдарда, соның ішінде, мемлекеттік
қызмет туралы, конституциялық бақылау органы туралы, прокуратура туралы
және т.б. көрсетілетін қағидалар жатады.
Бірінші топ мемлекеттік механизм ұйымдастырылуымен қызметінің
конституциялық бекітілген қағидаларды: халық билігін, гуманизмді,
мемлекеттің құрылу формасына байланысты федерализмді немесе унитаризмді,
билік бөлінісін, заңдылықты қамтиды.
Халық билігі қағидасы егемендік иесі және билік көзі – көп ұлтты халық
болып табылатын мемлекеттің демократиялық ұйымдастырылуында, республикалық
билік нысанында көрінеді. Халық өз билігін көптеген каналдар арқылы жүзеге
асырады, соның ішінде тікелей өздері, мысалы, президенті және мемлекеттік
биліктің өкілді органдарын сайлауы немесе жергілікті өзін-өзі басқару
органдары бойынша. Осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-
бабына сәйкес Мемлекеттік биліктің бірден бастауы болып халық
саналады.Халық өз билігін республикалық рефферендум арқылы және тәуелсіз
сайлау арқылы тікелей жүргізеді және мемлекеттік органдарға өз билігін
жүзеге асыруға өкілдік етеді. Дегенмен, мемлекеттегі халық билігін жүзеге
асыратын әдістердің қатарында мемлекетпен біріктірілетін органдар
тұлғасындағы мемлекеттік механизм басты орынды алады.
Мемлекет механизмінің ұйымдастырылуы мен қызметіндегі гуманизм
қағидасы – тұлғаның рухани және материалдық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, адам және қоғамның құндылығын қамтамасыз етуге
бағытталған саясаты бар әлеуметтік мемлекет екендігін түсінуге негізделеді.
Осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сәйкес
Қазақстан Республикасы ең жоғарғы құндылығы бұл адам, оның өмірі, құқығы
және бостандығы. Ресей Федерациясының Конституциясы конституциялық қатар
негізінде 2-бабында Адам , оның құқықтары мен бостандығы ең жоғарғы
құндылық деп жариялады. Адам және азамат құқығы мен бостандығын тану,
сақтау және қорғау бұл мемлекет қызметі. Бұл Конституциялық талап еш
шектеусіз бүкіл мемлекеттік органдарға және әр мемлекеттік қызметшіге
арналған.
Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін жаратылған. Совет
мемлекеттік саясатында және тәжірибесінде бірінші орында мемлекет
мүдделері, екіншісінде - қоғам мүшелері және үшіншісінде тұлғаның мүдделері
тұрды. Енді бірінші орында тұлға мүддесі, екіншісінде қоғам және тек үшінші
орында мемлекет мүддесі тұруы керек.
Гуманизм адамсүгіштікті білдіреді. Билік органдары азаматқа қатысты
қандай да бір сұрақты шеше отырып әрқашанда осы түсініктен бастамашылық
етуі тиіс. Осылайша, жаза атқару органдары Ресей Федерациясының Қылмыстық
Кодексінің 7 бабында айтылған, тұлғаға қатысты қолданатын таза және өзге де
қылмыстық-құқықтық мәнге ие шаралар адамды азаттауға оған зорлық-зомбылық
жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай
жәбір көрсетіп жазалауға жол берілмейді. Ресей Федерациясының
Конституциясының 18 бабы адам және азамат құқықтары мен бостандықтары
заңдардың қолданылуын, заңшығарушы және атқарушы билігінің, жергілікті
өзін өзі басқару қызметін айқындайды және сот төрелігімен қамтамасыз
етілетіндігін жариялайды. Бұл конституциялық ереже мемлекеттік механизмнің
бүкіл тармақтарының қызметі адам және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.[2]
Мемлекеттік билік заңшығарушы, атқарушы және сот болып бөлінудің
негізінде жүзеге асатынын көрсететін билік бөлінісі қағидасы түрлі билік
тармақтарына жататын органдардың өз беттілігін, қандай да бір билік
тармағының басқаларынан тым жоғарылауын болдырмау мақсатында тепе-теңдік
және тежемелік жүйесін қамтамасыз ету қабілеттілігін, кімде кіммен билікті
немесе биліктік өкілеттікті иемденуді, диктатура орнауын болдырмауын
қарастырады. Бұл қағида, айтылғандай, қазіргі мемлекеттің механизмінің жүйе
жасаушы фактор ретінде көрінеді.
Мемлекет механизмінің ұйымдастырылуы мен қызметінің федерализм
қағидасы көптеген тең құқылы мемлекеттер тең құқылы субьектілерден
тұратындығын көрсетеді. Федерализм қағидасы федералды мемлекеттер үшін
қажет. Осы қағидаға сәйкес, мемлекет механизмі аумақтық құрылымның күрделі
(федеративтік) нысанын ескере отырып ұйымдастырылуы және қызмет істеуі
тиіс. Көптеген федеративтік мемлекеттер өз мемлекеттік егемендігін,
мемлекеттік бірлігін, мемлекеттік биліктің бірлігін сақтайды. РФ
Конституциялық - құқықтық жүйе бірлігіне, федерация субьектілерінің ең
құқылығына, мемлекеттік биліктің федеральды органдары мен РФ
субьектілерінің мемлекеттік билік органдары арасындағы өкілеттіктерді
конституциялық бөлуге, халық теңдігі мен өз айқындылығына негізделеді,
бірақ РФ бірлігін қамтамасыз ету мақсатында федерациядан шығуға құқығы жоқ.
РФ субьектілерінің мемлекеттік билігі мен федералды органдардың билік
бөлінісі сұрағы РФ ерекше өкілеттігін белгілеу жолымен (РФ Конституциясының
71 бабы) РФ субьектілерінің ерекше өкілеттігімен (РФ Конституциясының 73
бабы) және РФ және РФ субьектілерінің ортақ өкілеттіктерімен (РФ
Конституциясының 72 бабы) шешіледі. Сонымен бірге, ортақ өкімшілік
саласында феделарды заңның (РФ Конституциясының 76 бабының 5 бөлігі) және
РФ субьектілерінің өкілеттігіне тиісті салада субьектілерінің заңының
жоғарылығы қағидасы бекітіледі. РФ Конституциясының 11 бабына сәйкес
мемлекеттік билік органдары арасындағы өкілеттіктерді вертикальді бөлу,
келесі ирархиялық кезекпен жүзеге асуы тиіс. РФ Конституциясы, оның
негізінде қабылданған федеральді заңдар мен РФ субьектілерінің заңдары (РФ
Конституциясының 76 бабы) және федерация билік органдары және федерация
субьектілері билік органдары арасындағы РФ Конституциясының және федералды
заңдардың негізінде жасалған шарттар (келісімдер).
Мемлекет механизмінің маңызды ерекшелігі, оның барлық буындарының
ішкі бірлігінің болмауы. Бір организмнің (мемлекеттің ) бір бөлігі болып
отырып, олар бір-біріне қарсы келмеулері керек. Керісінше, олар күш
біріктіріп, адамдардың түрлі саладағы тіршілік -тынысын қамтып, қоғамда бір
тұтас басқаруды қамтамассыз етулері керек. Олардың тарапынан алауыздық,
мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ..
Сөйтсе де, мұндай бірлік туралы ережені талдап, түсіндіре келіп,
биліктің салыстырмалы түрде үш дербес әрі тәуелсіз тармақтарының (заң
шығарушы, атқару, сот) бар екендігін ескере кеткен артық болмайды. Олар бір
бірінен оқшауланған, әр түрлі нақтылы міндеттерге акцент жасайды, және
түрлі істермен айналыса отырып, тек өздеріне ғана тән қызмет нысанын
пайдаланады. Бұл факт билікті бөлу теориясында (Д.Локк, Ш.Л.Монтескье,
Т.Джефферсон және т.б.) негізделген, бұл теория қазір күннен күнге кеңінен
қолданыс табуда. Бүгінде оның ережелері мен қағидаларын әлемнің көптеген
елдері конституциямен бекітіп берді. Барлық биліктің бір органға немесе
бір лауазымды тұлғада шоғырлануына қарсы екендігін айтып, оны мемлекет
механизмінің үш тармағының арасында бөлудің пайдасына аргументтерін
келтіре отырып, билікті бөлу теориясы: 1) олардың тежемелік әрі тепе-теңдік
жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауының қажеттілігін ; 2) бір
биліктің басқа билікті функциясын орындау жолымен алмастыруына жол
бермейді; 3) билік құрылымдарының өзіндік балансын белгілеуді бекітеді.
Мемлекет механизмінің ұйымдастыру мен қызметінде белгілі бір
қағидалар бар, солардың арқасында ол нақтылы өзгешелікке, тұтастыққа,
дербес рәсімделуге және тәмәмдалуына ие болады. Олардың қатарына мына
төмендегілерді жатқызуға болады:
• Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың конституцияны,
заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді мүлтіксіз орындауы
басты талабы болып табылатын заңдылық қағидасы;
• Мемлекет тәртіп пен төменгі тұрған органдар бастама көрсеткенде және
оны қолдаған кезде тәртіпті сақтауға мүмкіндік беретін барлық
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың иерархиялық қағидасы
және олардың өзара қарым-қатынасы;
• Мәнісі мемлекеттік мәселелерді дер кезінде көтеріп және оны шеше
білуге келіп тірелетін, толғағы жеткен қоғамдық дамудың
қажеттіліктерін анықтау және оларды мемлекеттік-құқық нысандарда
тұлғалап білдіретін жедел басшылықтын, меңгерудің және бақылау
қағидасы;
• Мемлекет қайраткерінің берілген өкілеттіктер шеңберінде нақтылы
жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс шешім қабылдай білуінен
тұратын кәсіпқойлық пен құзыреттілік қағидасы;
• Жариялылық қағидасын жүзеге асырудың нәтижесінде мемлекет механизмі
демократиялық сипат алып, жұртшылыққа ашық та түсінікті бола
алатындығы; мемлекеттің өзінің негізгі әлеуметтік міндеті болып
табылатын халыққа қызмет ету шараларында халықтың мүддесін ескеру
қағидасы.
Жоғарыда аталған қағидаларды санамалап шығу – бүгінгі таңда мемлекет
механизмінің қызметі ұйымдастырылып, толық жүзеге асырылды деген сөз емес.
Сөйтсе де олардың маңызын кемітуге болмайды, өйткені олар мемлекет
механизмінің кіретін органдар мен лауазымды тұлғалар қол жеткізуге
тырысатын жетістіктерге эталон ретінде қызмет етеді.
Мемлекет механизмі дамыған қоғам дамуында бірдей емес функция мен
құрылымды иеленеді. Мемлекет механизмі – бұл органдар мен мекемелердің
арнайы жүйесі, сол арқылы қоғамды және басты мәселелерді қорғап, мемлекетті
жүзеге асырады.
Храпанюк мемлекет механизмінің басты көрінісі деп төмендегі
белгілерді көрсетті:
Біріншіден, мемлекет механизмі басқару ісімен айналысатын адамдардан
тұрады.( заңды орындаушы және заң бұзушының алдын алушы)
Екіншіден, мемлекет механизмі күрделі органдар жүйесін қалыптастырып, өз
билік функциясын жүзеге асырады.
Үшіншіден, мемлекет аппаратының әр бөлігі ұйымдық және қаржы көздерімен
қамтамасыз етіледі, ал керек жағдайда мәжбүрлеу арқылы.
Төртіншіден, мемлекет механизмі мемлекет азаматтарының құқықтарын
қамтамасыз ету үшін, заңды мүддесін қорғауға шақырылған. Адам қоғам
дамуының әр түрлі сатысында мемлекет механизмі әртүрлі ерекшеліктері мен
өзіндік құрылымымен белгілі. Бұл экономикалық, әлеуметтік себептермен,
мемлекетте түрлі ұлт өкілдерінің қоныстануымен, территориялық мөлшері мен,
географиялық жағдайы сондай-ақ т.б жағдайы түсіндіріледі.
Ежелгі Шығыс және антикалық Европалық елдерде мемлекет механизмі
айтарлықтай жүйелі болды. Ол мемлекет басшысынан, орталық органдардан,
лауазымды тұлғалардан, жергілікті органдардан, шенеунік, армия, сот,
полиция т.б мемлекеттік органдардан тұрды.
Феодалдық ортағасырлық мемлекет механизмі негізгі даму жолынан ерте
феодалдық, сословельді-өкілдік және абсолюттік монархия өзге де айтарлықтай
өзгерістерге ұшырады.
Ерте феодалдық кезеңде мемлекет аппараты күрделі емес жүйе иеленген
болатын. Ол мемлекет басшысынан, әскери дружинадан т.б тұрды. Кейіннен
Сословельді - өкілдік, атқарушы және т.б мемлекеттік билік органдарынан
тұрды.
Ортағасырлық мемлекетте мемлекет механизмі айтарлықтай күрделенеді.
Осыдан келіп тармақталған басқару аппараты пайда болады: түрлі
министрліктер, орталық ведомства, арнайы сот органдары, полицейлік
аппараттар және т.б органдар. Әскери дружиналар феодалдардан бөлек
орталықтанған армияға айналды. Одан бөлек мемлекет алдында тұрған
мәселелерді шешуде көбіне көп діни ұйымдар маңызды роль атқарды.
XVII- XVIII ғ буржуазиялық революция кезеңінде Европада, мемлекет
аппараты қызметіне жаңа өзгерістер еңгізеді. АҚШ-та мемлекет механизмі
билік бөлінісінің классикалық схемасымен құрылады. Мемлекет және үкімет
басшысы болып президент болып саналады. Ол конститутцияға қайшы келетін
заңды қайта қарауға құқылы. [3]
Ал, Францияда мемлекет механизмі жаңа элементтері пайда бола бастады.
Онда: Ұлттық Конвент, Директория, Напалеон жанындағы Консульство, Париж
камунасы т.б. Ресейде мемлекеттік совет жоғарғы заң шығарушы орган ретінде
бірнеше департаменттерден тұрады. Заң департаменті, діни және азаматтық
департаменттер, өндіріс, ғылым және сауда, әскери департаменттер. Кейін
министрлер кабинеті, мемлекеттік дума қалыптасты. Ол заң шығарушы ұсынысын
енгізуге құқылы.
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер нәтижесінде, мемлекеттік аппарат
құрамында жаңа құрылым қалыптасты. Бірақ, мемлекеттік аппарат тарихи
кезеңде қоғамдық саяси жүйенің қалыптасуына бастау болды.
Мемлекеттік механизм құрылымы белгілі бір обьективтік мінез-құлыққа
сай сүйеніп жүзеге асады. Қазіргі таңға дейін ұйымның және мемлекет
аппаратының ісіне заң ғылымы мемлекет басқару, демократиялық
орталықтандыру, партиялық жетекшілік ісінде барлық мемлекет аппараты
салалары кең құрылымды қатысу қағидаларымен саналды. Экономика, саясат және
басқа да мемлекеттік қоғамдық өмірдегі өзгерістер барлық мемлекеттік
органдар жүйесіне олардың мазмұнына және құрылымына өзгерістер енгізді.
Мемлекет механизмі құрылымына мыналар кіреді:
1. өздерінің тікелей билік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз
байланыстағы және өзара бағыныштылықтағы мемлекеттік органдар.
2. биліктің өкілеттіктерге емес, алайда экономика, білім беру, мәдениет,
денсаулық қорғау, ғылым, т.б. салада жалпы әлеуметтік функцияларды
атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар.
3. Басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер
4. мемлекеттік аппарат қызметін қамтамасыз ету үшін қажет
ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары және т.б.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттің басқарушылық, қамтамасыз етушілік және
қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыруға
бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың оның
барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті
ұйымдастыруымен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған
басқарушылық ұйымдық қызмет құрайды. Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда
басқарудағы заңдармен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына
байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметі келесі нысандарға
бөлінеді:
Тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжрибе
алмасумен байланысты. Яғни, бұл құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрі.
Құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрі.
Олар барлық субьектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік
міндет салдарды туындатады.
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет
органдарының біртұтас жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын
және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат
мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі
ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктермен
қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен
құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
туралы заңның екінші бабында мемлекеттік қызмет-азаматтардың мемлекеттік
органдар мен олардың аппаратында конститутциялық негізде жүзеге асырылатын
және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері
мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет.
Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы
қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси
қарым-қатынастар, сана – сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің
орны, бір-бірімен қарым – қатынастары, қызметінің негізгі принциптері
көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын
қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл
аппаратты бір орталыққа бағындыратын-патшаның билігі орнаған Парламенттік
республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік
аппарат дамуының обьктивтік бағыттары байқалады: бюрократизация,
дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне
мемлекеттік аппараттың ерекше нысандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет –
конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар
мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік
міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Мемлекет аппараты АҚШ штаттарында да құрылды. Онда заң шығарушы жиын,
үкімет, жергілікті орган, полиция, сот органдары, сондай-ақ қылмыстық,
азаматтық және іс-жүргізушілік заңдар бар.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен
реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі,
тиімді болуы.
Ол үшін оның қызметі демократицлық, Конституциялық , заңдылық
қағидаларына сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары,
қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет.
Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға
міндетті. Халықтың мемлекетті аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың
қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік
аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33 бабында
Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік,
атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін
жүзеге асыру мүмкіндігі: Ал қатысудың түрлерін былай деп белгілейді:
мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және
ұжымдық өтініштер жолдау: мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару
органдарын сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік
қызметке кіру.
Мемлекеттік қызметтің қағидалары: заңдылық; мемлекеттік биліктің заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік
қызмет жүйесінің біртұтастығы; азаматтардың құқықтарының , бостандықтары
мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы; мемлекет
қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі
мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі;
мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары білігі.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті.
Мемлекеттік органдар қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және
хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің
қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы қатаң тәртіпті, субординацияны,
олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас
күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығару, атқару және сот
жүйелері; құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мекемелердің
алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті, қолданатын әдістері
мен қағидалары. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай
қалыптасады.
Сонымен мемлекеттік аппарат – алдында тұрған ерекше мақсаты бар және
соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны.
Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі
Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетілген. Әрбір мемлекеттік
аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен
қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады,
әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа
мемлекеттік органдармен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті
белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі.
Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан
барлық субьектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе
құқықтық нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға
құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге
асыратын толып жатқан қызметтер атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің
өкілеттіктері мемлекеттік органдар алдында тұрған мақсаттарға және
міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесі,
МВД, КГБ құқықты қорғау қызметін атқарады. Бұл органдар бір-бірімен
байланысты. Бәрі бірге жалпы құқық қорғау жүйесіне жатады.
Түрлі елдердің мемлекеттік аппаратының ұйымдастырылу және
қызметтерінің маңызды қағидаларының қатарында олардың құрылуының
үйлесімділігі, іс әрекеттерінің нәтижелігі, саяси адалдық, заңдылық және
конституциялық арасында түрлі шендегі мемлекеттік шенеуніктердің жоғары
кәсібилігі, сондай-ақ олардың сәйкесінше этикалық нормаларды сақтауға
қатысты ірі маңызды орынды қағида-талаптар алады.
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет
құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұрды. Олар әрқашанда біршама
талас тудыратын мәселелер болды және әлі күнге дейін сол орынды иеленіп
келе жатыр. Олардың төңірегінде әрқашан бітпес біршама қызу даулар болып
тұрды.
Мұның септігінің бірі, шенеуніктердің, әсіресе жоғары шендегі
шенеуніктердің кәсібилігі мен этикалық деңгейіне мемлекеттік аппараттың
қызметінің мәні, стилі мен нәтижелік деңгейі, мемлекеттегі және қоғамдағы
істердің хал жағдайы тәуелді. Осыған байланысты шенеуніктер іс әрекетіне
әрдайым халықтың түрлі деңгейлері сын айтатыны түсінікті.
Осыған ұқсас даулардың келесі себебі, бұл әлі күнге дейін дүниежүзінде
ешбір жерде және ешқашан шенеуніктер өз еркімен және сана –сезімімен
өздерінің кәсіби немесе өзге де кемшіліктерін, кәсіби немесе этикалық
залалдылығын таныған жоқ. Әрине, өзінің қамқорлық көрсететін халық
алдында өзіне жағымды имидж жасағысы келетіні жәйт, көптеген елдердің
зерттеушілерінің байқауы бойынша көбіне бұл әрекетті олар ойдағыдай жүзеге
асырған.
Осыған байланысты Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін атақты ағылшын
памфлетисті, психологияның және бюрократияның әйгілі білгіші Сирил
Паркинсон былай деп жазды: Жасөспірімдерге, мұғалімдерге және мемлекеттік
мекемелердің және саясаттың тарихы кітаптарының авторларына дүние
салыстырмалы саналы көрінеді. Олар адамдар ерекше сенімін білдіретін
өкілдерін тәуелсіз таңдайды деп ойлайды. Олар сол өкілдердің ішіндегі ең
ақылдылары және іскерлері министр болады деп есептейді. Олар акционерлер
мен сайланған өндіріс басшылары өзін қарапайым жұмыста көрсеткендерді
іскерлік жауапкершілікпен бөлейді деп елестетеді. Мұның бәрі көптеген
кітаптарда сергек бекітіледі және жорамалданады.
Бірақ автор: кімде кім іскерлік өмірді білетін болса, бұл болжамдар
тіпті күлкілі, дейді. Ойшылдардың жоғарғы кеңестері тек мұғалім миында ғана
өмір сүреді, сондықтан кейде шындықты еске салу пайдасыз емес.
Мемлекеттік аппараттың қызметкерлерінің негізгі міндеттері ҚР
Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, заңдарда
белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде
қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқықтар шегінде және заңды
міндеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек
тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін,
шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; өз өкілеттігінің шегінде
мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген
тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен
материалдарды алуға құқықтары бар.
Мемлекет қоғамның саяси ұйымының бір түрі ретінде мемлекеттік биліктің
арнайы органы көмегімен қоғамды басқаруға құрылған. Мемлекет органдарымен
мемлекеттің жүйесі арқылы мемлекет құрылымы мен мақсаттарын жүзеге асыратын
бірден-бір орган мемлекет аппараты болып табылады. Осы міндетті жүзеге
асыру үшін мемлекеттің билік органдары мемлекеттік билік өкілдеріне
бөлінген.
Мемлекеттік аппарат құрылымына және оның қалыптасуына түрлі тарихи,
мәдени, экономикалық, саяси және басқа да факторлар әсер етеді. Қоғам
дамуының әр сатысында мемлекеттік аппарат алға қойған нақты мақсат пен
құрылымына қарай мемлекеттік аппарат пен органдары өзгеріп отырады.
Демократиялық құқықтық қоғамда мемлекет оның органдары мемлекетті құқықпен
камтамасыз етіп адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын , жалпы
қоғам қауіпсіздігін камтамасыз етеді.
Мемлектеттік аппараттың маңызды құрылымының бірі – Мемлекеттік орган.
Әр орган жеке бір маңызды қатаң тәртіппен жұмыс істеп, заңмен қадағаланады.

Мемлекеттік органдар басқа мемлекеттік емес, қоғамдық-саяси
ұйымдардан айырмашылығы төмендегідей бірнеше белгілермен көрсетіледі:
Біріншіден, мемлекеттік орган қызметі мен конститутциясында және
заңдарында көрсетілген бірегей қағидаға негізделген.
Екіншіден, әр мемлекеттік билік өздеріне белгіленген мемлекеттік
билік өкілдігіне бөлінген.
Үшіншіден, мемлекеттік билік органдары мен мемлекеттік құрылым
арасында өте тығыз байланыс орнаған.
Төртіншіден, мемлекеттік билік органдары өздеріне белгіленген
функциялармен қамтамасыз ету үшін белгілі материал көздерімен қамтамасыз
етіп отырады. Мемлекеттік аппарат мемлекеттік билік органдарының жүйесін
құра отырып, мемлекетте қоғамды басқару ісін жүзеге асырады.[4]
Мемлекеттік билік органдары мемлекет атынан халықаралаық, мемлекеттің ішкі
қатынастарын орындап отырады. Нақты мақсаттарды шеше отырып, қоғамдық
өмірдің белгілі бір саласында функциясын орындай отырып, мемлекеттің ортақ
мәселелерін шешуге араласады.
Мемлекеттік билік органдары құқықтық қағидалармен өзара бірлескен.
Олар мемлекет міндеті мен функцияларын өз құзыреті шегінде орындайды.
Мемлекеттік органдар бірегей құқықтық базаға ие, ал оның қызметі мен
ұйымдастырылуы мемлекеттік конститутциямен және басқа да нормативтік
құқықтық актімен анықталады.
Мемлекеттік аппаратты айтқанда билікті жүзеге асырушы лауазымды
тұлғалар мен органдарды аппаратты қамтамасыз етуші тұлғалармен органдарды
бөліп көрсетуге болады.

1.2 Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету
қағидалары.
Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны.
Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің алғашқы клеткаларының бірі болып
табылады. Мұндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын
құрайды. Мемлекеттік органның өзіне тән сипаты мен белгісі анықталған
жағдайда ең алдымен оның мемлекеттің құрылымдық компаненті екендігін
негізге алу қажет. Сондықтан мемлекеттің жалпы сипаты (егемендігі,
өктемдігі, мемлекеттік аумақ шегіндегі қызметінің жалпы сипаты, адамдардың
мемлекетке азаматтық тиістілігі негізінде жалпы халықты қамту) мемлекеттік
органдардың сипаты өзінің белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында өзгеше
ұйғарылады. Тұтас нәрсенің бір бөлігі ретінде (мемлекет және оның
механизмі) мемлекеттік органда қандай жағдайда да тұтастық сипаты болады.
Оның қандай құқықытары болса да, құзыреті басқа құрылымдардың құзыретінен
қалай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан, билікті жүзеге асыру құралдарының
бірі ретінде қызмет ететіндігі маңызды.
Алайда, бірқатар мағынасы бар жоғарыда аталған нұсқаулармен шектеліп
қалу жеткіліксіз, әйтсе де олар мемлекет органдарының ерекшелігін ашып
көрсете алмайды. Соны анықтау мақсатында бірқатар ғалымдар мемлекеттік
органдардың ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекеттік-билік өкілеттіктері
туралы ережені ұсынады. Өздерінің басқару және ұйымдастыру қызметінде олар
азаматтардың барлығына немесе белгілі бір категорияларына , лауазымды
тұлғалар мен ұйымдарға міндетті болатын билік сипатындағы жалпы немесе
нақты ұйғарымдар беруге құқылы. Бұл ұйғарымдар аталған органның моральдық-
қоғамдық беделіне ғана емес, мемлекеттік-мәжбүрлеумен қамтамасыз етуге де
сүйенеді.
Унитаризм қағидасы сәйкесінше унитарлық мемлекеттерге тән, мемлекеттік
билік органдарының бір жүйелілігін (жоғарғы және жергілікті органдар),
төмен тұрған органдардың жоғарғы органдарға бағынуы, бір дейгейдегі
органдардың қызметтерін үйлестіруді көздейді.
Осылайша, ҚР ҚР Үкіметі туралы Конституциялық заңының 1 бабына
сәйкес Үкімет ҚР-ның атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар
жүйесін басқарады және олардың қызметтеріне басшылық жасайды.
Заңдылық қағидасы заңдарды жалпы сақтау мен орындаудан тұрады. ҚР
Конституциясының 34 бабына сәйкес Әркім ҚР Конституциясын және заңнамасын
сақтауға, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, ар намысын
сақтауға, міндетті, РФ Конституциясының 15 бабы Мемлекеттік билік
органдары және лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін өзі басқару органдар
сияқты, азаматтар және олардың бірлестіктері РФ Конституциясын және
заңдарын сақтауға міндетті.
М.Ш.Байтин ескергендей, мемлекеттік механизмнің ұйымдастырылуы мен
қызметіне қатысты бұл қағида мына талаптардан тұрады:
- заң жоғарылығы және Конституциялық бекітілген адам мен азаматтардың
құқықтары мен бостандықтары іс жүзіне алуы;
- мемлекеттік билік қызметін тек заңдар және заңнамалық нормативтік
актілер негізінде жүзеге асуы;
- мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметкерлердің заңдылықтың,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етілуіне, олардың
негізделмей жауапкершілікке тартылмауға және құндылықтарынан заңсыз
айырмауға кепіл беруге ерекше міндетті;
- кім жасағанына қарамастан кез келген заң бұзушылықтардың алдын алу,
жасалған қылмыстары үшін жауапкершіліктің болуы[5].
Т.Н.Радько бөліп көрсеткендей заңдылық қағидасы мемлекеттік механизм
қызметіне қатысты конституцияға, заңдарға және заңнамалық актілерге сәйкес
мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға тиесілі қызметтердің
жүзеге асуын білдіреді. Сонымен қатар, бұл қағида бүкіл билік органдарымен,
лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен құқықтық актілердің дәл, қатаң және
бұлтартпас жүзеге асуын қамтамасыз ету.
Заңдылықты негізін мемлекет конституциясы, оның дамуында қабылданған
заңдар құрайды. Өмір талабына қатаң, кемшіліктерсіз заңнаманың болуы бүкіл
мемлекет механизмінің заңдылығын біртіндеп бекітудің маңызды және қажетті
шарты болып табылады.[6]
Заңдылықтың қатаң және бұлтартпас сақталуы мемлекеттік, сонымен бірге
мемлекеттік емес органдардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметіндегі
маңызды қағидасы болып саналады. Жоғарыда айтылғандай РФ Конституциясының
15 бабына сәйкес мемлекеттік билік органдары, лауазымды тұлғалар,
жергілікті өзін өзі басқару органдар, азаматтар және олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық жүйесің орны
Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау
Адам құқығы
Руханият партиясы
Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері
Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына жан-жақты талдау жасау
Құқық. ҚР конституциялық құқығы
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер