Ғаламдық климаттың өзгеруі


1.Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

а)Ғаламдық жылыну.Оның қоршаған ортаға әсері қандай?

ә) Заманақырға жарты сағат қалғанда...

б) Қазақстан климатының өзгеруі неден?

3. Қорытынды.
Климат (грекше climatos- еңкіштік, Күн сәулелерінің жер бетіне түсу еңкіштігі) – Жер бетіндегі белгілі бір аймаққа тән ауа райының көп жылдық режимі. Климат сол өңірдің негізгі географиялық сипаттамаларының бірі болып саналады. Көп жылдық режим осы өңірдің ауа райының ондаған жыл бойындағы барлық жағдайлары, олардың ішінде: осы жағдайлардың типтік жылдық алмасуы, кей жылдары байқалған ауа райының аномальдік ауытқулары (құрғақшылық, жауын-шашынды, суық кезеңдер, т.б) жатады.
Климатттың типтері және олардың Жер шарындағы таралу заңдылықтары су режиміне, топыраққа, өсімдіктерге және жануарлар дүниесіне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының таралуына елеулі ықпалын тигізеді. Климат белгілі бір мөлшерде өнеркәсіптің орналастырылуына, халықтың тұрмысы мен денсаулығына әсер етеді. Климат жағдайларын тұтас және халық шаруашылығының белгілі бір қажеттіліктері тұрғысынан зерттеумен, климат жөніндегі деректерді жинақтау және тарату ісімен Қазақстанда «ҚазГидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Жердің климаты тарихи кезеңдерде елеулі өзгерістерге ұшырап отырған. Соңғы бірнеше жылдар аясында Климтты сипаттайтын деректер зерттеулердің (палеогеографиялық, дендрохронология, палинологиялық) көмегімен Еуропаның және оған таяу аймақтарда (бүкіл жер шарында деп айтуға болады) климаты біршама өзгерді деуге болады.
1.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 4-том 45-50 беттер.

2.// Түркістан. 2002 жыл 30 қазан

3.// Егемен Қазақстан. 2007 жыл 3-сәуір.

4. // Алматы Ақшамы 2008 жыл 12 ақпан

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 14 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Климат (грекше climatos- еңкіштік, Күн сәулелерінің жер бетіне түсу
еңкіштігі) – Жер бетіндегі белгілі бір аймаққа тән ауа райының көп жылдық
режимі. Климат сол өңірдің негізгі географиялық сипаттамаларының бірі болып
саналады. Көп жылдық режим осы өңірдің ауа райының ондаған жыл бойындағы
барлық жағдайлары, олардың ішінде: осы жағдайлардың типтік жылдық алмасуы,
кей жылдары байқалған ауа райының аномальдік ауытқулары (құрғақшылық, жауын-
шашынды, суық кезеңдер, т.б) жатады.
Климатттың типтері және олардың Жер шарындағы таралу заңдылықтары су
режиміне, топыраққа, өсімдіктерге және жануарлар дүниесіне, сондай-ақ ауыл
шаруашылығы дақылдарының таралуына елеулі ықпалын тигізеді. Климат белгілі
бір мөлшерде өнеркәсіптің орналастырылуына, халықтың тұрмысы мен
денсаулығына әсер етеді. Климат жағдайларын тұтас және халық шаруашылығының
белгілі бір қажеттіліктері тұрғысынан зерттеумен, климат жөніндегі
деректерді жинақтау және тарату ісімен Қазақстанда ҚазГидромет
Республикалық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Жердің климаты тарихи
кезеңдерде елеулі өзгерістерге ұшырап отырған. Соңғы бірнеше жылдар аясында
Климтты сипаттайтын деректер зерттеулердің (палеогеографиялық,
дендрохронология, палинологиялық) көмегімен Еуропаның және оған таяу
аймақтарда (бүкіл жер шарында деп айтуға болады) климаты біршама өзгерді
деуге болады.
Климаттың арнайы көрсеткіштері климатологияның қолданбалы салаларында
пайдаланылады. Мысалы: агроклиматологияда – вегетация кезеңіндегі
температуралар қосындысы, биоклиматология мен техникалық климатологияда –
эффективті температуралар, жылыту жүйесіндегі есептеулерде – күндік
градустар, т.б. 20 ғасырда микроклимат, жер беті ауасының климаты,
жергілікті климат т.б туралы ұғымдар қалыптасты. Сондай –ақ макроклимат –
жер бетінің тұтас бір аумақтарының климат туралы топырақ климаты және
өсімдіктер ортасын сипаттайтын өсімдіктер климаты туралы түсініктер де
бар. Қалалық климат термині кең таралды, себебі қазіргі заманғы үлкен
қала жергілікті климатқа айтарлықтай әсер етеді. Жер бетіндегі климаттық
жағдайлар жаһандық ауқымдағы өзара байланысты геофизикалық процестер
циклдерінің нәтижесінде қалыптасады (жылу, ылғал және атмосфераның жалпы
айналымы). Жер бетіне түскен Күн радиациясының сәулелік энергиясы
атмосферада және жер бетінде жұтылуы нәтижесінде жылуға айналады. Жылу
айналымы атмосфера мен жер беті арасындағы жылу алмасуынан, жер бетіндегі
жылудың мұхиттың және ауаның ағыстарымен тасымалдануы нәтижесінде қайта
үлестірілуінен, Күн радиациясының шағылысуынан, Жер және атмосфераның
ғарыштық кеңістікке өзіндік сәуле шығаруынан туады.
Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда,
қазір әлемде адам өмірінің 6 пайызы ғаламдық климаттың күрт жылынуына
тікелей байланысты екен. Өйткені, мәңгі мұздықтардың еруінен табиғат
апаттары (сел, топан су, тасқын) жиі орын ала бастаған. Атмосфералық
қысымның жиі құбылуынан жүрек – қан тамырлары (инфарк, инсульт), қан
қысымның көтерілуі және бастың сақинасы ұстауы секілді ауру түрлері
көбейді.
Сондай–ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары қоршаған
ортаның өнеркәсіптік зиянды қалдықтарымен ластануынан таяу жылдары жер
бетінде 8 миллионға жуық адам ажал құшатынын болжап отыр. Өйткені ғалымдар:
Егер адамзат атмосфераға таралып жатқан көмірқышқыл газын шектеуді қолға
алмаса, 21 ғасырдың аяғына қарай ғаламшардағы орташа ауа температурасы 8
градусқа ысиды да, экватор сызығына жақын орналасқан аймақтарда адам
баласының өмір сүруіне қолайсыз жағдай туады деген пікір таратқан.
Демек, қазір адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдік бұзылған. Яғни
парниктік газ қалдықтары атмосфераға жайылып, ол жақта түрлі өзгеріс болып
жатыр. Осының бәрі айналып келіп, климаттың өзгеруіне ықпал етті.
Әрине, Қазақстан да бұл өзгерістерден шет қалмайды. Мысалы:
Республикада бүгінгі күні қордаланып қалған 25 млрд тонна қатты қалдықтар
еліміз тұрғындарының әрбіріне 1,5 мың тоннадан келеді екен. Сонда ертеңгі
күні қалдықтан қақалып қалмаймыз ба? Шет ел тәжірибесінде кеніштерді
игергеннен кейін оларды қоршаған орта мен экологияға зиян келмейтіндей етіп
топырақпен, түрлі қоспамен толтырып, үстін көгалдандырады. Демек талдар,
ағаштар егіп рекультивация жасайды. Мұндай тәжірибе Америка Құрама
Штатында, Еуропа елдерінің ішінде Германияда дамыған. Ал бізде қалай?
Кеніштен бар байлықты аламыз, сосын ашық-шашық қалдырып жүре береміз.
Сондықтан да соңғы жылдары еліміз күл-қоқысқа айналып бара жатыр. Мысалы,
осыған орай Қызылорда облысында қайтқан теңіз табанынан ұшатын тұз бен шаң
осы төңіректегі топырақ бетін жауып , одан өсіп шығатын тамыры тайыз
өсімдіктердің түрлерін өсірмей отыр. Бұған қоса өңірдегі жер бетіне жақын
жатқан жерасты суы көп төмендеп кетіп, шөптің өсуіне кері әсер етіп отыр.
Осының кесірінен кейбір аймақтар шөп шықпай, тақырланып барады. Кейінгі 10-
15 жылда біз әлемдік климаттың жылынуы туралы жиі ести бастадық.
Ғалымдардың айтуынша, бүгінде дүниежүзінде ауа райы 1-105 градусқа
жылыныпты. Яғни, қазіргі ауа құрамының өзгеруіне планетамыздың ғасырлар
бойғы эволюциялық дамуы ғана ықпал жасап отырған жоқ, сонымен қатар
техникалық прогрестің әсері орасан зор болып отыр.
Демек, адамдар санының көбеюіне байланысты энергетика, өндіріс
салалары, көлік түрлері шапшаң қарқынмен өсті. Және жедел қарқынмен дамыған
өндіріс салалары мен көлік түрлерінің тынымсыз жұмысына оттегі мол
жұмсалады. Мысалы: бір автокөліктің мың шақырым жол жүріп жатқан оттегі
мөлшерімен бір адам жыл бойына демалған болар еді. Сол сияқты кейбір
мәліметтерге қарағанда, адам баласы жылма-жыл электр қуатының шамамен 41,76
пайызының мұнайды пайдалану арқылы өндірсе, 21,16 пайызын газ арқылы, 24,72
пайызын көмір арқылы алады екен. Атом – электр стансаларында 6,25 пайыз, су
– электр стансаларында 6,11 пайыз элект қуаты өндіріледі. Ал, күн мен жел
сияқты өзге де қуат көздері арқылы небәрі 1 пайыз ғана қуат игеріледі. Осы
ретте көмір мен мұнайды жаппай пайдалану атмосфераны ластап, адамдардың
жоғары тыныс алу жолдарының сырқаттарын ұлғайтып, демікпеге, ракка
шалдықтырады, аллергиялық ауруға ұшыратады. Америка өкпе аурулары
қауымдастығының есебіне қарағанда сөз етіп отырған қуат көздері
стансаларында жұмыс істейтіндердің 30 мыңы жылда о дүниелік болып жатады
екен. Демек, бұл негізсіз емес. Өйткені қазір атмосферадағы көмірқышқыл
газының мөлшері 2650 млрд тоннаға жуық екен. Және жыл сайын түрлі отын
жағудан атмосферадағы көміртегі 5 млрд тоннаға артып отырады. Сол сияқты
ғалымдардың топшалауынша, өндіріс және ауыл шаруашылық өнімдері қазіргі
даму қарқынмен есептегенде 30-35 жылдың ішінде 2 есе өсетін болса, жалпы
энергия қуатының дамуы одан да шапшаң – небәрі 15 жылда 2 еселенеді. Демек
энергетиканың, өндіріс салаларының, ауыл шаруашылығының қай елде болмасын
үлкен қарқынмен дамуы, әрине, атмосфера құрамының өзгеруіне, болмаса
ластануына ықпал жасамай қоймайды.
Қазақстанның климаты кең байтақ жерінде оның географиялық орнына
(яғни атмосфералық ылғалдылықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай
орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік
климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика
климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер
етеді.
Радиация. Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа
қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солтүстік, батыс және
оңтүстік) төменгі қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының
көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы
ашық күндер ұзақтығы жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 сағаттан
3000 сағатқа дейін артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңтүстікте 260
күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін
(Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация
мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200 ден 5500 МДЖ2- ге дейін
біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетін) сәуле қайтару
қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері оңтүстікке қарай
бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы
қалыптасқанда ең жоғары мәніне 70-80 процентқа жетіп, жазда көпшілік жерде
20-30 процнетқа дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні
солтүстікте 1500 ден оңтүстікте 2100 МДЖ2 ге дейін өзгереді. Қазақстанның
оңтүстік аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңірдің қыс айларында жиі-жиі
қайталанатын жылымық құбылысы кезінде ауа температурасының ең жоғары
деңгейі 15- 20 градусқа дейін көтеріледі. Соған қарамастан мұнда кейбір
күндері -30 -35 С-қа тіпті 40 С-тан да төмен аяздар байқалады. Алматыда
абсолюттік минимум – 40 С-қа жеткен. Осыған байланысты Климат ауытқуы пайда
болады. Жер шарындағы немесе белгілі бір аймақтағы климат жағдайының
өзгеруі. Бұл құбылыс, ондаған жүздеген жылдарға кейде геологиялық, дәуір
бойына созылады. Климат ауытқуының астрономиялық атмосфераның және
геологиялық геоморфологиялық себептері болады. Астрономиялық себептер жер
бетінде түсетін күн энергиясы түсетін мөлшерінің ауытқуына, Жердің айналуы
мен полюстері орындарының өзгеруіне байланысты. Атмосфералық себептер
жанартау атқылау, аймақта өсімдік жамылғысын дамуы мен адамдардың тіршілік
әрекеті әсерінен атмосфераның құрамының өзгеруіне яғни ауада көмірқышқыл
газының, су буының және шаң – тозаңның көбеюіне негізделген.
Алматыда қоршаған орта мен климатманиторингі қазақ ғылыми-зерттеу
институтының ғалымдары ғаламдық жылынудың ел аумағындағы проблемасына соңғы
жылдары айрықша көңіл бөліп, айтарлықтай ғылыми тұжырымдар жасап ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Климаттың өзгеруі
Дүние жүзіндегі климаттың өзгеруі
Атмосфералық ауаның ластануы. Климаттың ғаламдық өзгерістері
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясы
Ғаламдық жылыну
Ғаламдық проблемалар
Ғаламдық мәселелер
Ғаламдық экологиялық проблемалар
Шөлдену – ғаламдық экологиялық мәселе
Ғаламдық экологиялық проблемалар түрлері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь