Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту


Тақырыптың өзектілігі. Аталмыш тақырыптың өзінде “Большевиктер тәртіп және қазақ зиялылары (1217-1920) ” деп аталуында үлкен мән жатыр. Мұнда Алаш партиясының саяси және экономикалық бастау көздері туралы, Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы мен олардың Совет Өкіметімен арақатынасы жай Алаш қозғалысының ішкі қайшылықтары; Ұлттық әскер құру іс-әрекеттері; Бітіру жұмысының негізгі-өзекті мәселесі болып табылады.
ХХ ғасырдың ас кезi қазақ қоғамы үшiн түрлi ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңi болды.
ХIХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың бас кезiнен өрiстей бастағана қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәнi бар жалпы ұлттық мақсат-мiндеттердi, ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениет көтеру, оқу-ағарту iсiн жетiлдiру, әйел теңдiгiн қамтамасыз ету, көшпендiлердi отырықшыландыру сияқты мiндеттер қойды. Бiр сөзбен айтқанда бұл iстiң бас қасында болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбелiндей аз ғана тұңғыш интеллегенттерi жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ интеллигенттерiнiң басым көпшiлiгi тек қана бiр кәсiби мамандықтың тiзгiнiн ұстағанмен шектелмей әмбебап мамандар ретiнде қызмет еттi. Олар оқу-ағарту iсiмен де, алғашқы қазақ тiлiнде басылымдар шығару жан-жақты шығармашылық жұмыспен де қатар айналысты. Осылардың барлығына ортақ қасиет, ортақ ерекшелiк олардың қазақ қауымының қоғамдық-саяси өмiрiне белсене араласуы болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, олар ХХ ғасыр басындағы қазақ қауымының рухани және саяси сұраныстарына мүмкiндiгiнше толық жауап беруге ат салысады.
Қазақ зиялылары 1917 жылғы Ақпан және Қазақ революцияларын қазақ халқының қалай қарсы алғанына өз бағасын бередi. “Қазақтарға ақпан революциясы қаншалықты түсiнiктi болса”, - деп жазды А. Байтұрсынов - Қазан социалистiк революциясы соншалықты түсiнiксiз болды. Бiрiншi революцияны қаншылықты қуанышпен қарсы алса, екiншi революцияны соншалықты үреймен қарсы алуға тура келдi. Мұның себебеiн былай негiздейдi: екiншiсiнiң (Қазақ революциясы) түсiнiксiз болуын оп-оңай ұғындыруға болады: қазақтарда капитализм де таптық жiктелу де жоқ, тiптi жеке меншiктiң өзiн басқа халықтардағыдай айдар тағып ажырату қиын: көптеген пайдалану бұйымдары олардың қауымдық дәулетi болып саналады. Сондықтан, Алаш партиясы мен Алашорда үкiметiнiң құрылуын Қазақ төңкерсiсi мен большевиктiк билiк әкелген анархияға тосқауыл деп түсiндiрген А. Байтұрсынов, большевиктiк тәртiпiң, үстемдiктiң Қазақстандағы алғашқы қадамдарына мынадай баға бередi: “Россияның орталық аудандарында большевиктiк қозғалыстың қалай өткендiгi қазақтарға белгiсiз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық өкiмет билiгiмен қатар жүргiзiлдi. Нақтырақ айтар болсақ, ол қозғалыс шет аймақтарда революция емес, барып тұрған анархия болды. Егер бұрын патша чиновниктерi аталған адамдар тобы қазақтарды ешбiр шектеусiз етiп - жаншыған болса, ендi мұндай әрекеттердi большевиктер-коммунистердiң атын жамылған адамдар тобы жүргiзiп отыр.
Мәселеленiң зерттеу деңгейi.
1-кезең. 1913-1920 жж. ХХ ғасырдың 20-шы және 30-шы жылдарының алғашқы жартысындағы Қазақстандағы саяси-экономикалық және әлеуметтiк өмiрi туралы, сондай-ақ осы тарихи кезеңнiң халық тарихында алатын орны жөнiнде жарық көрген еңбектер аз емес.
ХХ ғасырдың басында ұлттық интеллигенцияның қоғамдық-саяси қызметiн зерттеу, белгiлi дәрежеде, тарихи қоғамдық құбылыс ретiнде оның табиғи болмысын, тыныс-тiршiлiгiн, әлеуметтiк күш есевбiнде биiк қасиеттерi мен кемшiлiктерiн де танып бiлу екендiгi түсiнiктi.
Революцияға дейiнгi қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметiнiң тарихын зерттеудi олардың өздерi бастап берген болатын. Бұл ретте Ә. Бөкейханов, М. Дулатовтың, М. Тынышбаевтың және Е. Омаров өз замандастарының өмiрi мен қызметiне байланысты түрлi басылымдар жарияланған еңбектерiн айтқан.
Деректер мен зерттеулердiң орыс тiлiнде жарияланған сын көзбен қарау тұүрғысымен жазылды. (3) Қолжазбада 1913 жылдан бастап жалпыұлттық бейресми газет ретiнде, ал 1917 жылы шiлде айынан Алаш партияның органы болған “Қазақ” газетiндегi деректер, сол сияқты “Сарыарқа”, “Жас азамат”, “Бiрлiк туы”, “Ұлы Түркiстан” газеттерi мен “Абай” журналындағы тақырыпқа байланысты мағлұматтар бiрiмен-бiрi салытырыла зерттелдi. Сонымен қатар бұл еңбекке Алаш қозғалысының жетекш қайраткерi Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Мiржақып Дулатовтың, Мұстафа Шоқайұлының, Мұқаметжан Тынышбаевтың, Халел Досмұхамедовтың, Әлiхан Ермековтың, т. б. шығармалары, олардың өмiрi мен қызметiне байланысты құжаттар, Қазақстан Республикасы Ұтлтық Қауiпсiздiк Комитетiнiң архивiнен алынған. (4)
Жекелеген адамдарға Алашорданың контрреволюцияшыл ұлтшылдық мәнiн әшкерлейтiн еңбектер жазуға арнайы тапсырмалар берiлдi. Солардың айғағы ретiнде жазғандар А. К. Богачев, С. Баринин мен Ш. Шафиро очерки по истории Алашорды, А - М. - 1935 ж. (5) жылдары жарық көрген. А. Богачев кезiнде Алашты - ұсақ ұлттық буржуазияның париясы десе, С. Бранин мен Ш. Шапиро - бүкiл байлардың партиясы деп анықтама бередi.
2-кезең. ХХ ғасырдың 80-жылдардың 2-шi жартысында “жариялық” және “демократия” ықпалымен қоғамымызды жаңа саяси серпiлiс басталған кезде тарихымыздың әлi беймәлiм “ақтаңдақтарын” салды. (6) А. Ғ. Сармурзин Алашты Қазақстанды капиталистiк қатынастарға ыңғайластыруға ұмтылған “ұсақ буржуазиялық партия” деп атауды ұсынды. М. Қ. Қозыбаев Алаш парииясы және Бүкiлқазақстанды екiншi съездiң құжаттарын талдай келiп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негiзсiз енкендiгiн айтты. Сонымен қатар 1917 жылғы революцияға дейiнгi қазақ интеллигенциясы мен тарихы мен Алаш партиясының тарихын шатастыруға болмайтындығын баса көрсеттi. (6)
Бүгiнгi таңдағы тақырыптың деректiк негiзi. 1913-1918 жылдардағы қазақ ұлттық баспасөзiн танытатын “Қазақ” (Орынбор), “Сарыарқа” (Семей), “Бiрлiк туы” (Ташкент), “Жас азамат” (Қызылжар) газеттерi мен “Абай” журналы (Семей) беттерiндегi деректемелiк материалдарсыз Алаш қозғалысының пайда болуы мен нақтылы қызметiн, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрiнде алатын орнын тарихи шындыққа сай көрсету мүмкiн емес. Бұл басылымдарда Алаштың қоғамдық қозғалыс болып қалыптасуы, оның саяси партия дәрежесiне көтерiлуi, ұлттық саяси партия құрылған 1917 жылы шiлдеде өткен Бiрiншi бүкiлқазақстық схезд, Алаш автономиясын жариялап, Алашорда үкiметiн құрған 1917 жылы желтоқсанда өткен Екiншi бүкiлқазақтық съезд туралы түпнұсқалық маңызы бар деректер көптеп кездеседi. Олардың қатарында Алаш партиясы программасының жобасы, жоғарыда аталған екi қазақ съезi мәжiлiстерiнiң хаттамалары (протоколдары), Алаш қозғалысы көсемдерi Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқайұлы, Мiржақып Дулатов сияқты қайраткерлердiң саяси, әлеуметтiк мәселелерге арналған концептуалдық мақалалары жарияланып, олардың көзқарас эволюциялары жөнiнде мәлiметтер басылған.
Сонымен қатар осы басылымдардағы деректердiң бiразы Алаш пен большевиктердiң, Алашорда мен Совет өкiметi органдарының кұрделi арақатынасы туралы шындықты ашуға қызмет етедi.
Бүгiнгi Қазақстан жағдайында Республикамыз өз тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiн 1991 жылдан кейiнгi кезеңде жасырын да құпия болып келген Алаш және большевизм мәселесi тақырыбы жөнiнде тарихи шындықты қалпына келтiруге бағытталған талпыныстар жасалды. әрине, осы зерттеу объектiсi жағынан зерттеп жүрген мына тарихшы ғалымдар М. Қ. ҚОзыбаев, Б. А. Төлепбаев, А. Ғ. Сармурсин, К. Н. Нурпейiсов, Ә. Тәкелов, Ж. Қ. Қойгелдиев, М. Бурбаев, Т. Омарбеков, Қ. Қарашонов, Ж. Абсеметова, Н. Жағыппаров, В. К. Григорьев, С. Даулетова, т. б. сияқты қоғамдық ғылымдардың өкiлдерi Алаш автономиясы ұлттық зиялылар тарихына байланысты құпияны ашуға өз ойларын ортаға салуда. Алашорда қозғалысының бастау көздерiн 1917 жылға дейiнгi қазақ қоғамының қоғамдық саяси өмiрiнен iздеу, ал осы қозғалыстың саяси ағымы және ресми партия ретiнде 1917 жылдың басталатынығын баса көрсету, оның 1917-1920 жылдардағы дамуы мен нақтылы қызмет тарихын ешбiр әсерлеусiз өмiр шындығына сай болмауы, Алаш зиялыларымен Алашорда қозғалысының аражiгерiн ашу, қозғалыс жетекшiлерi мен оның белсендi мүшелерiмен козқарасы эволюцияның көңiл аудару қажеттiлiгi мен ой-пiкiрiнiң негiзi болып табылады. (7)
Дегенмен, бұл тақырыпты зерттеу бiзге ХХ-ғасырдың басында қазақ қоғамы үшiн балама даму жолы болды ма жоқ, әлде большевиктiк ұстанған бағыт жалғыз дұрыс жол ма едi, мiне осы сияқты күрделi мәселенi терең ұғыну үшiн қажет бұл тақырыптарды соңғы кездерi көптеген кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалуда.
Жұмыстың мақсат міндеті. Зерттедің негізгі мақсаты Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту және нақтылау, сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени жағдайларды жан-жақты қарастыру, оның қоғамдық тарихи өмір, туындыларының ішкі мәндеріне үңілу. Осы мақсатқа орай туындаған басты міндеттер деп мына төмендегілерді айтуға болады.
Алаш зиялыларының өмір сүрген, қызмет еткен тарихи кезеңнің ерекшеліктерін айқындау және қоғамдық саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық ой-сананың және тарихи саяси-әлеуметтік мәдени деңгейін бағдарлау;
-Қазақстандағы 1917-20 жылдарындағы большевиктік тәртіптің нығаюына және қалыптасуына, әрі қарай дамуына тікелей әсер еткен тарихи жағдай мен негізгі идеялық арқау болған саяси-әлеуметтік процестер мен этникалық, теориялық алғы шарттарды анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеліп отырған тақырыптың өзінде тікелей байланысты.
Қазіргі таңда “Большевиктік тәртіп” мәселесі жүйелі түрде толық зерттелмеген деп айтуға толық мүмкіндік бар. Бұл мәселелер жайлы 70 жыл бойы айтылмай, сыры шешілмей келген тың тақырыптың бірі болып келді.
Бұл жұмыста алғашқы салыстырмалы зерттеліп отырған осы бір белесті көрінісіне орай жасалған ғылыми жаңалықтар:
- “ Большевиктік тәртіп және қазақ зиялылары” атты жұмыс алғаш рет тарихи тұрғыдан зерттеліп отыр.
- Қазан төңкерісі кеңес үкіметінің орнауы кезеңіндегі қазақ зиялыларының қызметі, және олардың идеялары қазіргі кезеңнен өзінде өз актуальдылығын жоймағандығы көрсетілді.
- Алаш автономиясы мен Кеңес үкіметінің қарым-қатынасы мәселелері тарихи тұрғыда зерттеліп қарастырылды.
Тоталитарлық жүйенің ерекшелігі елдің құрылысына қатысты ресми биліктің пікірінен басқа көзқарастың болмау. Большевиктер мемлекеттік аппарат қызметінің тұрғылықты халықпен жақындасуының ең алғашқы қадамдары жасалды. Қашан да болмасын, қоғамның дамуын ұғыну үшін, оның өткеніне үңілуді талап етеді. Ол өйткені саяси процестерді тамырын ұстап білуге көмектеседі. Сондықтан біз бүгінгі саяси тарихи қоғамның жетекшіліктерін білуге тырысқанда өзіміздің өткенімізге көп көңіл бөлуіміз қажет.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Алаш пен Алашорда тарихына байланысты сөз болған мәселелрдің кейбіреулері жөнінде /Алаш партиясының әлеуметтік құрамын және оның қаншалықты дәрежеде дәстүрлі партиялық мәне бар құжаттарын бағалау жөнінде, Алашорда қозғалысының ішкі қайшылықтары туралы, т. с. с. ) дискуссияға қатысушыларының пікірлері көп жағдайда әркелкі болғандығына қарамастан, осы бас қосу жаңа тарихи кезеңде айтылмыш тақырыптың бірінші кезекте ғылыми зерттеулер қажеті мәселелерін басып ашуға зор үлес қосты.
Жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау жөніндегі осы мәселені ғылыми тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп есептейді.
Демек, Алаш партиясының саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға ауысу (айналу) “Кезеңін” бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған жөн болар. Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден сол жылдың соңына, яғни Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі құрылғанға дейін айтарлықтай қарқынмен жүргізілді. Оның жергілікті комитеттері жекелеген облыстарда 1917 жылғы қазан-қараша айларында құрылғандығы жөнінде құжаттар да сақталған. Дей тұрсақ та, Совет өкіметінің орнауына байланысты, 1918 жылдың көктемінің соңы жазының басында азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды. Ал замат соғысы жылдарыныа Алаштың, М. Дулатов дәл айтқандай, “Алашорданың көлеңкесінде қалғаны тарихи шындық.
I. Қазан төңкерiсi және Кеңес үкiметiнiң орнауы кезiндегi қазақ зиялыларының қызметi (1917-1918жж. ) қазан-сәуiр айлары. 1. 1. Алаш автономиясының құрылуыКеңестік тарихнама Алаш партиясы сияқты Алашорда үкіметінің пайда болу себептерін тек қазақ буржуазиялық - ұлттық интеллигенциясының кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы қызметіне қарсы бағытталған әрекетімен байланыстырып мемлекеттік бірліктің белгілі бір топтың белсенді саяси қызметі нәтижесінде ғана емес, сонымен бірге орталық езгіге қарсы күрес барысында, қоғамдық сұраныс нәтижесінде өміге келіп, белгілі бір кезеңге дейiн ұлттық тұтастық пен жалпы ұлттық мүддеге қызмет етуі мүмкін екендігін есепке алмайды. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлт өмiріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналды, оның арты бүкіл империя қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді. Казақ облыстарында асқынған жер мәселелерiн шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты қазақ әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізілген озбырлығының арши түсуі соның айғағы болатын. [5]
Бұл жөнінде сол кездегi тарихи оқиғаларың куәгері А. Кенжин "Контрреволюциялық пиғылдағы орыс қазақ қоршауында қалған Қазақстан өзін қалай да бейтарап ұстай алмайтын еді. Ондай бейтараптықта болу үшін Қазақстанның басқаларды өзімен есептесуге мәжбүр етерлік айтарлықтай салмағы (қарулы әскері) болуы керек", деп жазды. [6]
Міне осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекет туралы мәселенің қойылуы толық негізде болатын. Тура осы ойды білдіріп "Қазақ" газеті "Ел қорғау" деген бас мақаласында "ел қорғау екі түрлі: халықтың құқын қорғау бар, мал-мүлкін, жер-суын қорғау бар. Қазақ орысқа қарамай тұрғанда ел басына күн туғанда, ел басына дау келсе, халық құқығын қорғайтын билері болған, елге келер жау болса, халықтың мал-мүлкін, жер суын қорғайтын батырларына ерген азаматтары болған Ресей қол астына кіріп, қолтығына тығылып, паналағаннан кейін біздiң құқық, мал-мүлік, жер-суымызға Ресейдің өзі болмаса басқалар батып тие алған жоқ. Қазір бізге басыңды, жер-суыңды, мал-мүлкіңді қорғама деп тиятын да Ресей жоқ, пана болып қорғарлықта Ресей жоқ. Қазаққа өз жабығыңды өзің ойлап, өлмес қамыңды істе деп отырғанымыздың мәні осы. Ресейге паналамаған кезде қазақ едің", өлер ме едің өлместің қолыңда істер ме едің? Өлмес қамын істер болсақ, істейтін шақ міне туды" деп жазды. [7]
Бүкіл империя көлемін жайлаған саяси тұрақсыздық жағдайына сол тұстағы Орынборда шоғырланған қазақ зиялылары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін ІІ-ші жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдап, оны ұйымдастыру ісін бес кісіден тұратын комиссия өз мойнына алды. Олар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сағындық Досжанов, Елдос Омаров болатын. [8]
Міне осы мақсатта ұлт зиялыларының басшылығымен алғаш рет облыстар мен уездер жиналған, қазақ халқын өкілдерінің съездері шақырылып, Орынборда 5-17 желтоқсанда 1917 жылдың онда жалпы ұлттық деңгейдегі мәселелерді талқылауға дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. [9]
Съезд күн тәртібі Алаш партиясы жобасының талаптарынан және орталықта социалистік революцияның жеңіске жетуіне байланысты орын алған қоғамдық-саяси өзгерістерден туындайды. Съезд талқылап шешім қабылдаған 10 мәселеленің ішіндегі ең маңыздылары бүкіл қазақ жерлерін біріктіретін алаш автономиясын (қазақ мемлекеттігін) құру, ұлт Кеңесін құру туралы тарау ұсынылады. Сонымен қатар, "халықтық милиция" Алаш автономиясының қарулы күштерін жасақтау жөнінде қабылданған шешімдер болды. Съезге барлық қазақ облыстарынан, сондай-ақ одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқанд облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан - барлығы 82 өкіл қатысты.
Съездің күн тәртібінде мынадай мәселелер қойылды:
- Сібір-Түркістан автономиясы һәм юго-восточный союз туралы
- Қазақ-қырғыз автономиясы
- Милиция
- Ұлттық кеңесі
- Оқу мәселесі
- Ұлт қазынасы
- Дін мәселесі
- Халықтық сот
- Ауылдық басқару
- Азық-түлік мәселесі. [10]
Съезде күн тәртібінде тұрған ең басты негізгі мәселе, әрине ұлттық автономия мәселесі еді. Бірақ съезд делегаттары қазақ автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдағанымен, бірақ оны жария ету мерзіміне келгенде бөлініп кетті. Делегаттардың біразы қазақ автономиясының құрылғандығын бірден жария етелік деді. Ал екінші бөлiгі автономиясының құрылғанын ресми жария етуді Алашордаға тапсыралық, өзі қажет деп тапқан уақытта жарияласын деді. Бұл айтыс тартыс бірнеше күнге созылды. Ең соңында бұл мәселені шешу үшін өкілдердің аттары аталып дауысқа салынды. Бірінші бағытты ұстанған өкілдер 33, екінші бағытты ұстанғандарды жақтап 43 өкіл дауыс берді. Азшылықта қалған өкілдер көпшілік қолдаған пікірге тоқтамастан, егер автономия съезде ресми түрде жария етілмесе, онда өздері өкілдік етіп отырған облыстардың Түркістан автономиясы құрамына қосылатындығын мәлімдеді. Бұл арада қазақ автономиясын жариялауды кейінге қалдыруды жақтағандар Ә. Бөкейханов бастаған топ. Ә. Бөкейханов пен оны қолдаушы топ, ең алдымен ешқандайда дайындықсыз автономия жарияламай қалған жағдайда ішкі қарулы қарашекпенділер мен төңіректі қоршаған казак атты әскерінің наразылығына қалып, қарусыз қазақты қырып алудан қауіптенді. Сондықтан бұл топ автономиясы жария етерден бұрын Түркістан қазақтарының келісімін алумен бірге, ұлттық әскер құрып, сонымен бір мезгілде іштегі өзге халықтармен келісім жүргізіп, оларды жаңа жағдайға даярлауды мақұл көрді. Қазақстан жағдайында автономия алудың қиындықтарына тоқталып Ә. Бөкейханов былай деп көрсетті: «Қазақ болып автономия боламыз десек, алдымызда шешуге қиын бір жұмбақ бар. Орал, Торғай, Ақмола, Семейде көп мұжық бізбен қоныстас, бұл облыстарда мұжық пен қазақ қым-қиғаш аралас. Мұжықпен аралас қазақты тастап, ылғи қазақ болып шығамыз десек, қазақ орыста қалады; қазақты бұл жерден көшіріп аламыз десек, бұл қазақ ата қонысынан көшпес, ақылсыздық болады, қазақ жерінің ең жақсысы осы мұжықпен аралас отырған жер. Түбінде қазақ ұлты бір автономия бола қалса, іштегі орысты да ала кетеміз деген үміт. Біздің қазақ ұлтының автономиясы енді тұрмыс халде туысқан автономиясы болар емес: жерге байлаулы автономия болмақ. Ішіміздегі орыс мұны мақұлдайтын көрінеді. » [11]
Съезд жаңа құрылған өкіметтің ұлтаралық саясаттағы негізгі бағыттары жайлы қаулысында былай көрсетіледі. «Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтардың құқықтары теңеріледі. Алаш автономиясына кірген елдердің бәрі бүкіл мекемелері соңына қарай орын алады. Алаш автономиясының қол астында жерсіз халықтар болса, оларға ұлт және мәдени автономия беріледі. Оны мынадай фактіден білуге болады. Съезде құрылған Ұлт Кеңесі - Алашорда үкіметіндегі 25-орынның 10 орны қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. [12]
Сондай-ақ съезде қаралған үлкен мәселелердің бірі - халық милициясын, яғни ұлттың әскер құру еді. Съезд қарарында осы милиция құру мәселесі бойынша елде болып жатқан талан тараж, қарбалас болып жатқанын ескере отырып қазақ-қырғызды мұндай бүлікшіліктен қорғау үшін тұрақты милициясын түзуге кірісу қажеттігін айтып, нақты шаралар белгілеп берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz