Қазақ тіліндегі дыбыстардың жасалу қоры



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3


1 Қазақ тілі дыбыстары жіктелімінің зерттелу жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1.Қазақ тілі дыбыстары жүйесі туралы алғашқы зерттеулер ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнайы зерттелу кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ...18


2 Көне жазба ескерткіштердің фонетикалық ерекшіліктері ... ... ... ... ... ... ..22

2.1.Көне түркі және қазақ тілі жазба ешкерткіштерінің дыбыстық ерекшіліктері
2.2.Көне жазба ескерткіштердің фонетикалық ерекштердегі дыбыстардың сандық және сапалық жақтары ... ..23
3 Қазақ тілі дыбыстары жіктелімінің зерттелуіндегі А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов кезеңі ... ... ... ...27

3.1.Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов пікірлері арасындағы сабақтастық ... ... ... ... 27
3.2.Байтұрсынов пен Қ. Жұбановтан кейін қазақ тілі дыбыстары жіктелімінің зерттелуі .


4 Қазақ тіліндегі үндесім құбылысы ... ... ... 50
4.1.Үндесім дауыстылардың фонологиялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
4.2. Дауыссыз дыбыстардың үндесім түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... .88


Пайдаланған әдебиеттер ... ...91
Қазақ тілі білімінің қазіргі жағдайында, оның дыбыстық жүйесінің жіктелімі сандық және сапалық жақтан бір ізге түспей келеді. Бір оқулықтарда дыбыстар жіктелімінің негіздері. Сана және сапасы бір түрлі сипатталса, екінші бір әдебиеттерде басқаша негіздерге сүйеліп? Басқа сапада, сандық мөлшерде жіктеледі. Мектеп және жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтарда да дыбыстар жіктелімінде алақұлалықтар кездеседі. Қазақ тілі дыбыстарының жіктелімінің зерттеу нысаны етіп таңдауымыздың себебі осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі туралы алғашқы пікір айтып, зерттеу жүргізген орыс ғалымдары –миссионерлер болды. Алайда бұл орыс ғалымдары қазақ тілінің белгілі бір фонетикалық мәселелері жөнінде арнайы зерттеу жүргізбеген, тек түркі тілдері қатарында жөп-жөнекей айтып кеткен. Ол кезде фонетика грамматикасының құрылымында қарастырылғандықтан, қазақ тілінің дыбыс құрылысы өзіндік жүйеге салынбай, олардың табиғаты да жан жақты талданбаған еді. Дыбыстар санын және сапасын әркім әр түрлі көрсетіп келген-ді. Сол кезеңде ана тілімізді алғаш зерттеу жүргізіп, айырықша еңбек еткен қайраткер А. Байтұрсынов болды. Оның ісін ғылыми негізде жалғастырған Қ. Жұбанов болды. Жұмысымызда, біз, зерттеуіміздің өзектілігі мен тақырыбымыздың саналылығын көрсету мақсатында аталған ғалымдардың қазақ тілі дыбыстарын жіктеу принциптерін қазіргі кезең ғалымдарының дыбыстық жұйеміз туралы пікірлері мен жіктеу жүйелерімен салыстырдық, мұның бұрын көмескі келе жатқан кейбір мәселелерді тежеуге көмегі болары сөзсіз.
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушылар А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов мұралары қазақ тілі дыбыстары жүйесін фонологиялық тұрғыда зерттеудің бастауы болды.
1 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1966. -362 б.
2 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. -448 б.
3 Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы. –Алматы: Ғылым, 1998. -216 б.
4 Сыздықова Р. Құдайберген Жұбанов (өмірі мен қызметі) // Профессор Құдайберген Жұбановтың 90 жылдығына арналған ғылыми конференция (19 желтоқсан, 1989) материалдары / Жинақ, - Алматы, 1990. 11-21 б.
5 Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы // Аламан. –Алматы: Ана тілі, 1991. 81-99 б.
6 Жүгісбеков Ә. Қазақ фонетикасының ғылыми курсын жасаушы // Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. /Ғылымның 90 жылдығына арналған жинақ. –Алматы: Ғылым, 1990. 191-193 б.
7 Базарбаева З.М. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. –Алматы: Ғылым,1996. -225 б
8 Уәлиев Н. Қазақ орфолграфиясының негізгі принциптері хақында // Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі./ Ғалымның 90 жылдығына арналған жинақ. –Алматы: Ғылым, 1990.
9 Трубецкой Н.С. Основы фонологии. –Москва: Иност. Литературы. 1960. -372 с.
10 Щерба Л.В. Фонетика фрнаціузкого языка. Изд. 7-е. Москва: Высшая школа, 1963. 309 с.
11 Джунисбеков А. Проблемы тюркской словесной просодии и сингармонизм казахского слова: Автореф. док. дис. Алма-Ата, 1988. -58 с.
12 Зиндер Л.Р. Общая фонетика. Ленинград: ЛГУ, 1960. -336 с.
13 Шонанұлы Т. Қазақ тілі грамматика мен емле. – Қызылорда: Қазақстан, 1934. -95 б
14 Хусаинов К.Ш. В.В. Радлов и казахский язык. –Алма-Ата: наука, 1981. 172 с.
15 Абуов Ж. Сингармонические основы восприятия речи (теоретическое и экспериментально-фонетическое исследование) Автореф.док. дис. Алматы, 1998. 50 с.
16 Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарлың редукциясы. Алматы: Ғылым, 1984. 116 б.
17 Омарбеков С. Диалектілік құбылыстар төркінін тереңнен барлаушы. // Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. /Ғалымның 90 жылдығына арнлағна жинақ. –Алматы: Ғылым, 1990. 180-191 б.
18 Кеңесбаев І., Мұсаьаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. –Алматы: Мектеп, 1975. -304 б.
19 Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. –Алматы: Ғылым, 1988. -144 б.
20 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –Алматы: Санат, 1993. 496 б.

21 Аманжолов С. Жаңа алфавиттің принциптері “Социалистік Қазақстан”, 1941, №35 және сонікі: Жаңға алфавитті үйренушілерге көмек. Сонда, №55
22 Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. А, 1988
23 Әдулханов Ғ. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. 2-басылуы. 1982
24 Байтұрсынұлы А. Тіл –құрал. Қызылорда 1925
25 Балақаев М. Қазақ тілі мен мәдениетінің мәселелері. Алматы. 1995
26 Бейсенбаев К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1973
27 Дүйсенбаев М. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі А. 1981
28 Исабаев А Қазақ тілі дыбыс жүйесінің методикасының негіздері. А 1973
29 Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А 1-басылуы. 163, 2-басылуы. 1978. 3- басылуы 1988
30 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10 томдық 10-том. А..1986
31 Қазіргі қазақ тілі. Алматы 1954
32 Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы. А 1987
33 Қожақметов Х. Мәнерлеп оқу Алматы 1982
34 Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасыуы, даму жолдары. А 1987
35 Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы Алматы 1997
36 Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы Алматы 1999
37 Неталиев Қ. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. Алматы 1977
38 Омарбеков С. Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жұүйесі А 1985
39 Омарбеков С. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Дыбыстардың қолданылу ерекшелігі. А 1978
40 Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары Алматы. 1982
41 Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш 2-басылым. Алматы 1974
42 Сыздықова Р. Сөз сазы (сөзді дұрыс сөйлеу нормалары). Алматы, 1995
43 Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. Алматы 1996
44 Тайлақбаев Б. Қазақ тіліндегі салдыр шұғыл дауыссыздар. А. 1981.
45 Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы. 1988. 2-бөлім.
46 Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы. Алматы. 1981
47 Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы. 1988
48 Баскаков Н..А. Историка-типологическая фонология тюркских языков. М... 1988
49 Джунисбеков А. Гласные казакского языка А... 1979
50 Джунисбеков А. Сингормонизм в казакского языке. Алматы 1987
51 Мырзабек С. Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі. Алматы. 2002
52 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы. 1999
53 Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. Алматы. 1993

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тіліндегі дыбыстардың жасалу қоры

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Қазақ тілі дыбыстары жіктелімінің зерттелу
жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1.Қазақ тілі дыбыстары жүйесі туралы алғашқы
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ..5
1.2.Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнайы зерттелу
кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ..18

2 Көне жазба ескерткіштердің фонетикалық
ерекшіліктері ... ... ... ... ... .. ... 22

2.1.Көне түркі және қазақ тілі жазба ешкерткіштерінің дыбыстық
ерекшіліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2.Көне жазба ескерткіштердің фонетикалық ерекштердегі дыбыстардың сандық
және сапалық жақтары ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

3 Қазақ тілі дыбыстары жіктелімінің зерттелуіндегі А. Байтұрсынов пен Қ.
Жұбанов кезеңі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . ... ... ... ...27

3.1.Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов пікірлері арасындағы сабақтастық
... ... ... ... 27
3.2.Байтұрсынов пен Қ. Жұбановтан кейін қазақ тілі дыбыстары жіктелімінің
зерттелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

4 Қазақ тіліндегі үндесім
құбылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50

4.1.Үндесім дауыстылардың фонологиялық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 50

4.2. Дауыссыз дыбыстардың үндесім
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88

Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 91

К І Р І С П Е

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Қазақ тілі білімінің қазіргі жағдайында,
оның дыбыстық жүйесінің жіктелімі сандық және сапалық жақтан бір ізге
түспей келеді. Бір оқулықтарда дыбыстар жіктелімінің негіздері. Сана және
сапасы бір түрлі сипатталса, екінші бір әдебиеттерде басқаша негіздерге
сүйеліп? Басқа сапада, сандық мөлшерде жіктеледі. Мектеп және жоғарғы оқу
орындарына арналған оқулықтарда да дыбыстар жіктелімінде алақұлалықтар
кездеседі. Қазақ тілі дыбыстарының жіктелімінің зерттеу нысаны етіп
таңдауымыздың себебі осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі туралы алғашқы пікір айтып, зерттеу
жүргізген орыс ғалымдары –миссионерлер болды. Алайда бұл орыс ғалымдары
қазақ тілінің белгілі бір фонетикалық мәселелері жөнінде арнайы зерттеу
жүргізбеген, тек түркі тілдері қатарында жөп-жөнекей айтып кеткен. Ол
кезде фонетика грамматикасының құрылымында қарастырылғандықтан, қазақ
тілінің дыбыс құрылысы өзіндік жүйеге салынбай, олардың табиғаты да жан
жақты талданбаған еді. Дыбыстар санын және сапасын әркім әр түрлі
көрсетіп келген-ді. Сол кезеңде ана тілімізді алғаш зерттеу жүргізіп,
айырықша еңбек еткен қайраткер А. Байтұрсынов болды. Оның ісін ғылыми
негізде жалғастырған Қ. Жұбанов болды. Жұмысымызда, біз, зерттеуіміздің
өзектілігі мен тақырыбымыздың саналылығын көрсету мақсатында аталған
ғалымдардың қазақ тілі дыбыстарын жіктеу принциптерін қазіргі кезең
ғалымдарының дыбыстық жұйеміз туралы пікірлері мен жіктеу жүйелерімен
салыстырдық, мұның бұрын көмескі келе жатқан кейбір мәселелерді тежеуге
көмегі болары сөзсіз.
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушылар А. Байтұрсынов пен Қ.
Жұбанов мұралары қазақ тілі дыбыстары жүйесін фонологиялық тұрғыда
зерттеудің бастауы болды.
Осы ғалымдар еңбек еткен кезеңде қазақ фонетикасы әлі ғылым ретінде
қалыптаспаған еді. А. Байтұрсынов тіл ғылымының соның ішінде қазақ
фонетикасының негізін қаласа, Қ. Жұбанов ғылыми – теориялық негізін алды.
А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбановтың ғылыми пікірлерінің арасыдағы
сабақтастықты анықтау, сарапқа салу әлі де болса жете талданған жоқ. Сол
себепті зерттеу мәселеміздің зәрулігі мен қажеттілігін атауға дәлел бар.

Зерттеудің нысаны қазақ тілі дыбыстарының жіктелімінің негіздерінің әр
түрлілігінің себептерін талдау мәселесі.
Зерттеудің мақсаты қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың айырым
белгілнрінің құрамы мен жүйесін анықтау.Осы орайда мынадай міндеттер
туындайды:
-қазақ тіліндегі дауыссыздардың зерттелу жайына тоқталу;
-дауыссыздардың сан құрамына және олардың сипаттамасына қатысты
қайшылықтардың басын ашу;
-дауыссыздарға тиеселі айырым белгілердің құрамын түгендеп, жүйесін
анықтау;
-дауыссыздарды түгел бір фонетика-фонологиялық екшеуден өткізу;
-әрбір дауыссызды жеке-жеке талдап шығу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Әрбір дауыссыз дыбысқа қатысты үндесім
белгілердің кестелері түзіліп, артикулляциясының модельі жасалды. Қазақ
тіліндегі дыбыстар белгілі бір фонетикалық жүйе ретінде қарастырылды.
Дауысты, дауыссыз дыбыстар арасындағы байланысты жасалым, тыңдалым, айтылым
белгілері тұрғысынан талданды.
Зерттеудің теориялық маңызы еңбектің нәтижелері қазақ тіліндегі айырым
белгілер теориясын толықтыра түседі; дауыссыздардың құрамы мен жүйесіне
қатысты қайшылықтарды жоюға септігін тигізеді, дауысты мен дауыссыз
арасындағы үйлесім құбылысын ашып берудің жолын көрсетіп отыр.
Зерттеудің практикалық маңызы фонетика тарауына тың материалдар
қосылады; қазақ тілін оқыту әдістемесіне пайдалануға болады; орфоэпиялық
айтылым сөздікке қажет.
Зерттеу әдістері фонологиялық және фонетикалық талдаулар алынды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

-дауысты және дауыссыз дыбыстардың арасындағы байланысты жасалым, айтылым
мен естілім белгілері тұрғысынан талдап шығуға болады;

-дауыссыз дыбыстардың белгілерінің құрамы мен жүйесін табуға болады;

-дауысты мен дауыссыз дыбыстардың арасындағы байланысқа қарап төл және
кірме дыбыстардың басын ашуға болады.

Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының бағыт-бағдары,
мазмұны, негізгі тұжырымдары мен басты нәтижелері республикалық және
халықаралық деңгейдегі ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық
конференцияларда Қазақ және орыс тілдерін оқытудың жаңа бағыттары атты
республикалық ғылыми-практикалық конференцияда Алматы (2008); Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығына арналған Тіл және
ментальдық атты XII халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы Алматы,
(2009); Түркі әлемі: Тіл, қоғам, мәдениет. Профессор
Б. Сағындықұлының 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық
конференция. – Алматы (2009); Литература в контексте современности. Первые
Багизбаевские чтения. Материалы международной научной конференций
посвященной 75-летию КазНУ имени аль-Фараби Алматы (2009); ҚазҰУ
Хабаршысы. Филология сериясы, 2008 № 4 (112); 2008 № 8 (116); 2009 № 3
(119) 7 мақала жарық көрді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспе, төрт бөлім және
қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілді.

1 Қазақ тілі дыбыстары жіктелімінің зерттелу жайы

1.1.Қазақ тілі дыбыстары жүйесі туралы алғашқы зерттеулер

Революцияға дейінгі орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза
практикалық максатта ғана сөз болды және сол көздегі дәстүр бойынша
грамматикаға, әсіресе, морфологияға тығыз байланысты қаралды. Орыс тілінде
жазылған грамматикалық оқулықтарда қазақ тілінде қандай дыбыстардың
барлығына, олардың орыс тіліндегі қандай дыбыстарға ұқсайтынына
артикуляциялық ерекшеліктеріне ерекше мән береді. Сондай-ақ, дыбыстардың
процессіндегі құбылыстарына да баса назар аударылды. Әрине, тілді
практикалық білу үшін бұлар өте қажетті. Дыбыстарды акустикалық бірді
-өкілі болса да артикуляциялық белгісіне қарай жіктеу де назардан тыс
қалған жоқ. Бұл салада сипаттауларының дәлдігі, дыбыс жүйесіндегі нәзік
құбылыстарды байқағыштығы жағынан В. В. Радлов пен П.М.Мелиоранский
еңбектерінің мәні ерекше. Олардың көптеген тұжырымдары өз мәндерін күні
бүгінге дейін жойған жоқ. Түркі тілдерінің фонетика мәселелерінің зерттеу
жайында В.В.Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. В.Радлов тұңғыш рет түркі
тілдерінің салыстырмалы фонетикасын жасап, онда қазақ фонетикасының едәуір
мәселесін сөз етті. В.Радловтың Солтүстік түркі тілдердің фонетикасы атты
еңбегі күні бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтқан емес, мұнда қазақ
фонетикасының едәуір мәселелері, атап айтқанда: дыбыс құрамы, сөзде
дыбыстардыд қолдану ерекшелігі, дыбыстардың тіркесу заңы, ол дыбыстардың әр
түрлі өзгеру заңдылықтары сингармонизм құбылысы, екпін категориясы сияқты
өзекті мәселелер түркі тілдерінің материалдарымен салыстырыла отыра әңгіме
болады. Сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса
назар аударған.

Қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, а, е, о, е, у, і, и, и), консонатизм
саласы жиырма дауыссыздан құралатынын атап, дауыссыздарды қатаң (q, k, t,
р, s, s), ұяң (г, д, d, z, в, z), үнді (п, m, n, ч, l, l) және аралық
немесе жарты дауысты деп төрт түрлі акустико-артикуляциялық топқа жіктеген
В.Радлов ұсынған мына екі мәселені мақұлдай алмаймыз: оның бірі - w, j
дыбыстарын аралық дыбыстар деп сонор дыбыстардың тобына енгізбеуі, екіншісі
- бүйір, яғни латераль л сонорының сөзде жуанды-жіңішкелі түрге айтылатын
вариантын дербес фонема, яғни сөз мағынасын ажырата салатын қасиеті бар деп
танылуы. Қазіргі тәжірибе фонетикасының берген мәліметіне қарағанда түркі
тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде w(v), j (й) дыбыстары акустико-
артикуляциялық табиғаты бойынша сонор немесе үнді дыбыстардың тобына енеді.

Түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстар сөздегі дауыстлардың ыңғайына қарай әр
түрлі вариантта айтла береді. Мәселен, ал, ел, ол - сөздерін алайық мұнда л
соноры дауысты дыбысқа байланысты бірде жуан -ал, бірде жіңішке -ел, бірде
ерін мен -ол айтлып тұр, олар атқаратын қызметіне қарай бір ғана фонеманы
құрай алады. Фонема сөзде әлденеше фонетикалық - комбинаторлық вариантта
кездесе береді. Демек, В.Радлов л сонорының фонематикалық қасиетін теріс
түсінrен.В.Радлов Фонетикасын сөз еткенімізде мына үш мәселе етсе болуы
қажет: оның бірі - екпін мәселесі, екінші мәселе дыбыстардың дистрибуциясы,
үшіншісі - түркі тілдерінің үндестік заңы. В.Радлов төрт буынды сөздерде
сөз аяғына түсетін негізгі екпінінің басқа көмекші екпіндердің болатынын,
көмекші екпіннің фонетикалық табиғаты үнді, яғни музыкалық екпін екенін
айтады. Сонымен қатар дыбыстардың, әсіресе, дауыссыз дыбыстардың
дистрибуциялық ережелеріне көңіл аударып, дыбыс тіркестері жайында біраз
мәлімет берген.Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәліметті
Н.И.Ильминскийдің Материалы к изучению киргизского наречия деген
еңбегінен кездестіре аламыз. Н.И.Ильминский қазақ тілі дыбыстарын екі топқа
жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а - а, е, ы, і, о, о, у, у),
дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, б, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с ; р, л, j,
қ, г, қ, г, ң) атап етеді, яғни ол дыбыстарды өзара артикуляциялық
жуықтығына қарай жіктеп, көрсеткен.Н.И.Ильминскийдің кіта6ы батыс
қазақтарының тіл материялдары негізінде жазылса керек. Ең6екте кей6ір
ды6ыстардың артикуляциясы ком6инаторлық жағынан алмасуы: б-м, н-д-т, н-ң, к-
г, т.б. қолдану ерекшелігі және екпін жайынан қысқаша мәлімет берілген.
Одан соңғы М.Терентьев жазған Грамматикада кейбір дыбыстардың айтылуы мен
комбинаторлық түрде алмасуы: ч-ш, ш-с, м-б л-д, к-г сөзінің екінші буынында
келетін ы қысаң дауысты - сының редукциясы жайында азын-аулақ мәлімет
берілген. П.М.Мелиоранский екі бөлімнен: құралатын қазақ тілінің
грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология
мәселесіне арнаған болатын. Фонетика тарауында дыбыстардың артикуляциясы,
яғни жасалуы, ды6ыстардың камбинаторлық түрде алмасуы, сөз шенінде қолдану
жайы, үндестік заңы мен екіпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады.
Дауыстылардың протеза, элезия, редукция құбылыстары жайында да азын-аулақ
мәлімет береді. П.Мелиоранский дыбыстардың құрамына тоқтай келіп, қазақ
вокализмі тоғыз дауыстыдан а-е, о, е, ы, і, у, у, консонантизм саласы
жиырма бір дауыссыз дыбыстың б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, қ, г, ч,
қ, ғ, ң, й, д, ж құралатынын атап µтеді. Дауыстыларды жуан жіңішке, ашық-
кысаң деп жіктеп, графикаға сатысында анықтайды. Қу, ту, би сөздерінде
айтылатын у, и, дыбыстарын естілуіне қарай созылыңқы дыбыстар деп таниды.
П.М.Мелиоранский, В.Радлов айтқан пікірді қуаттай отырып л сонорының жуан-
жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дер6ес фонема деп түсінеді. Тіл ортасы
қғ және тіл арты кғ дыбыстарын көмей дыбыстары деп, олардың артикуляциялық
жасалу орнын теріс көрсеткен.

Қазан революциясына дейін қазақ тілі жайында жазылған еңбектерден -
В.Қатаринскийдің Грамматика киргизского языка (фонетика, этимология,
синтаксис, Оренбург, 1897), И.Лаптевтің Материалы по казах-киргизискому
языку (Москва, 1900) және Н. Созоновтың Записки по граматеке киргизского
языка (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге болар еді. Аталған
еңбектердің фонетика тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ көбіне, бұрынғы
айтылған мәселелерді қайталап отырады, Н.Катанов Опыт исследования
урянхайского языка (Казань,1903) атты еңбегінде қазақ тілі дыбыстарын өзге
түркі тілдерінің материалдарымен салыстыра қазақ тіліне тан кейбір
заңдылықғарды айтады. Октябрь революңясына дейін қазақ тілі жайында
жазылған шағын еңбектерде, атап айтқанда фонетика мәселелері грамматиканың
құрамына еніп, соған байланысты әңгіме болып келді. Ол көзде қазақ тілінің
дыбыс құрыллысы белгілі жүйеге салынып талданбаған болатын. Фонетика
құрылыстары жай ғана артикуляциялық фонетика тұрғысынан қаралды да зерттеу
әдістері анықталмай қалды.

Қазақ тілі фонетикасы қалыптасуының алғашқы қадамы тілімізде қандай
дыбыстар барлығын айқындаудан басталады. ¤йткені жиырмасыншы жылдың аяғына
дейін пайдаланып келген араб графикасы үстіміздегі ғасырдың басына дейін
ешқандай өзгеріссіз, араб тілінде қандай болса, сол қалпында қолданып
келді. XІX ғасырдың аяқ кезі мен ХХ ғасырдың бас кезінен бастап араб
жазуының тіліміздің дыбыстық жүйесіне сай еместіrі, онда қазақ тіліне
кажеті жоқ бірнеше дауыссыз дыбыстар таңбаларының барлығы, оның есесіне
тілімізде бар біраз дауысты дыбыс таңбаларының жоқтығы айкын байқалады.
Неге олай болды? Бірнеше ғасыр бойы қолданылып келген араб жазуының
кемшіліктері бұрын қалай байқалмай келген? Оның себебі мынада: жоғарыда
көрсетілген мезгілге дейін араб жазуы ат тебөліндей азғана топ арасында
ғана қолданылып келді, оның өзінде қолмен жазылған шежіре, бірді-екілі
қисса, дуғай сөлемдер сияқтыларда ғана қолданылды. Ал аталған мезгілден
бастап баспа сөз пайда болып, бірді-екілі болса да мектептер ашылды, онда
ана тілінде оқып, жазу қажеттігі пайда болды. Мұндай істер, яғни араб
жазуының практикалық жұмыстарға жиірек араласуы оның осал жақтарын бірден
бадырайтып көрсетіп берді. Оның айтылған ол қылықтарын толықтырып,
тілімізге сөйкестендіру үшін алдымен дыбыстық жүйеміздің өзіндік
заңдылықтарын айқындау қажет болды. Осы максатпен Айқап журналының 1912
жылғы бірнеше санында пікір алысу ұйымдастырылды. Айтылған пікірлер қазақ
тілінде қүнша дыбыс бар, оларды қандай түрлерге жіктеуге болады деген
сұраулар төңірегінде еді. Біреулер қазақ тілінде 24 дыбыс бар, олардың
бесеуі дауысты, қалғандары дауыссыз десе, екінші біреулер дауысты дыбыс 9
дегенді айтты, үшінші біреулер қазақ тіліндегі дыбыс саны 28, оның барлығы
да жарты дауыстылар деп жазды. Сөйтіп, бұлар орыс түркологтары өткен
ғасырда айтып кеткен дайын пікірлерді де дұрыс пайдалана алмады.

Фонетикаға байланысты 20- жылдар ішінде айтылған пікірлер де қазақ
тіліндегі дыбыстарды сан жағынан анықғау, оларды негізінде, акустикалық
белгілеріне қарай төңірегіне ғана болды. Осы бағытта айтылған пікірлерді
жинақтай келе 1929 жылы заңды түрде бекітіп кабылданған латын графикасына
негізделген әліппеде казақ тілінде 29 дыбыс бар, олардың 9-ы дауысты, 20-сы
дауыссыз деп көрсетілді.

Қазақ тілі дыбыс құрылысынан арнаулы жүйемен жан – жақты зерттеулі -
кеңес дәуірі тұсынан басталады. Кеңес дәуірі кезінде казақ лингвистикасы
жасалды, оның фонетика, грамматика, лексикология, диалектология, стилистика
сияқты бірнеше салалары пайда болды.

Қазақ филологиясында қазақ тілінің негізін жасаушы ірі ғалым -тілші,
түрколог, әдебиет зерттеүші, ақын -аудармашы Ахмет Байтұрсынов әдебиет
танытқышын атты көлемді де салмақты еңбегінен Тіл (луғат) әуезділігі
бөлімінде әуөзділіктің жалпы шарттарын былайша көрсеткен. Сөз дыбыстан
құралған нәрсе болғандықтан, оның дыбыстары жағымды да жағымсыз да болып
құралуы мүмкін. Сөздің дыбыстары құлаққа жағымды - жағымсыз болып құралуы
сияқты сөйлеудің ішіндегі сөздер де құлаққа жағымды - жағымсыз болып
құралады .

Әуезділік деп нені айтамыз? Әуезділік деп сез турасында айтсақ сөздің
ішіндегі дыбыстардың үндері құлақка жағымды болып естілуін айтамыз. Сөйлеу
турасында айтсақ сөйлеу ішіндегі сөйлемдерінің үндері құлақка жағымды болып
естілуін айтамыз. Сөздің үні құлақка жағымды болуы - дыбыстарының тізілу
түрінен, сөйлеудің үні құлаққа жағымды болуы сөйлемдерінің тізілуі түрінен.

Сондықтан сез әуөзділіrі де болады, сөйлеу әуөзділіrі де болады. Бірақ
сөздің де, сөйлеудің де әуөзді болуының негізгі мәнісі бар. Екеуі де дауыс
ағымына қарайды. Дауыс ағымы сөз ішінде дыбыстарының тіркесуіне қарайды да,
сөйлеу ішінде сөйлемдерінің тіркесуіне қарайды. Сөз ішінде дауысты-
дауыссыз, жарты дауысты дыбыстар араласып тіркесе келеді, бір сөзде дауысты
дыбыстар көп келеді. Бір сөзде дауыссыз дыбыстар көп келеді. Дауысты сөздер
көп келген сез үнді болады, дауыссыз дыбыстар көп келген сез үнсіз болып
шығады. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың да кейінің үні аз, мәселен ұ,
ү, і сөз ішінде бұлар көп келгенде де сөздің үні кем болып шығады және
де кей сөздің ішінде қай дыбысты да болса көп келеді де, кей сөздің ішінде
аз келеді. Сез әуөзділігі жағынан мұның да мәні көп болады. әуөзді сөз бен
әуезсіз сөздің парқын мынадан байқауға болады. Шамалы деген сөз бен
шанышқы деген екі сөздің құлақка қайсысы жағымды? Әрине Шамалы жағымды
болып тұрғаны. Ішіндегі дыбыстарының бірі дауыссыз болғанда екіншісі
дауысты болып, реттеліп келіп тұрғанынан; П. Дауысты дыбыстар ішінде көп
болғандықтан сөздің үнді болып шыққанынан Шанышқы деген сөзде:

1. Дыбыстар реттеліп, бірі дауысты болғанда, екіншісі дауыссыз болып келіп
отырған жоқ. 2. Дауысты дыбыстар аз. Сондықтан мұның үні жатық та емес, мол
да емес. Үні кем және жатық болмаған соң құлақка жағымсыз болып естіліп
тұр.

Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар аралатпа болып келмеген жерде,
яғни кілең дауысты дыбыстар яки кілең дауыссыз дыбыстар қатар келген жерде
сез айтуға оңтайлы болмайды. Қазақ тілінде қайсысы да болса қатарынан бір
жерде екі дыбыстар болып келмейді. Дауыссыз дыбыстар қатар келетін сөздер
“жаттықтыру”, “аптықтыру” деген сияқты болады. Бұларда қатар келген
дауыссыз дыбыстар екеуден артық емес және сөздің үнін азайтып, айтуға онша
оңтайсыздық келтіріп тұрған жоқ. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың
қатарынан бір сөздің ішінде келуі, тіпті болмайды. Қатарынан келетін
көздері қос сөздерге, не екі сөздің бірінің аяғы, бірінің басы дауысты
дыбыс болып келетін жер де болады. Мәселен, сары үй, торыайғыр, қазба үй,
қара өлең, апта егін, қуса игі еді, қарамаса екен, бала емес, баласы еді.
Қырдағы үй, кесе аяқ мосы ағаш деген сияқты сөздер. Дауысты дыбыстардың бұл
сияқты қатарынан келуі айтуға оңтайсыз болып, сөздің әуөзділігін кемітеді.
Бұл кемшілік қазақ тілінде көбінесе екі дыбыстың бірін айтып, бірін
айтпаумен ғана сезілмейді. Айтқанда Сары үй: демей Сарыүй дейді. Торы
айғыр демей, Торайғыр дейді. Басқаларын да солайша бір дыбыспен айтады.
Мәселен, қуса игі едің деген сөздерді қусегеді етіп айтады. Баласы екен
яки бала екен деп дыбыстарын түгелдемей-ақ баласекен , балекен
дейді. Бұл еңбек қазақ тіліндегі алғашқы тәжірибе, түңғыш зерттеу болуымен
күнды. Ол бірнеше жылдар бойы оқу құралы ретінде пайдаланылған.

Өз қолымен 1929 жылы жазған өмірбаянында Ахмет Байтұрсынов былай дейді:
Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық
морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен, екіншіден қазақ
алфавитін, орфографиясын жөнілдету және реттеу үшін реформа жасаумен,
үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шубарлықтан, басқа тілдердің
синтаксистік ықпалынан тазартумен, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы
халықтардың жанды тілінің арнасына кешіру істерімен айналыса бастадым.
Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редақциялаған Қазақ газеті арқылы
іске асты. Қазақ тіліндегі дыбыстар , олардың таңбалары жайлы өзі жазған
оқулықтан да кездестіруге болады: Дыбыс таңбасын қарып деп айтамыз.
Сондықтан жазған сез ішінде пелен қарып бар дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі
екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатастырмасқа тиіс. Дыбыс
естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қарып көрінетін, естілмейтін нәрсе.
Осындай тілдік ұғымдарға берілген анықтамалардың дәлдігі, ғылыми тереңдігі
түрлі категорияларды сұрыптаған, жіктеген көзде, оларға қазақша термин,
атау берген көздерде тіпті айқын көрінеді. Қазіргі қазақ тілі ғылымының түп
қазық ойлары тіпті еріден жатқанын, оларды бірінші болып Ахмет Байтұрсынов
тұжырымдағанын көреміз.

Фонетикаға қатысты жеке мәселелерді мақала түрінде болса да арнайы
зерттеуге бет бұру 30- жылдар ішінен бері қарай аздап көріне бастады. Бұған
бірді -өкілі болса да 20- жылдардың аяқ кезінде ашылған жоғары оқу
орындарында қазақ тілшен мамандар даярлау, оларды қазақ тілінің ғылыми
курсын оқыту міндеттері себепші болды. Осы максатқа сөйкес қазақ тілінің
ғылыми курсын жасау міндетін бірінші болып профессор Қ.Жұбанов өз мойнына
алды.

Профессор Жұбанов ғылым майданында қазақтың кеңестік тіл білімінің өкілі
ретінде 30- жылдың басынан бастап көзге түсті. Ол өзінің 1933 жылы
Политехникалық мектеп деп аталатын журнал беттерінде жарияланған. Қазақ
тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар дейтін еңбегінде Қазақ тілі - осы
уақытқа шейін жүйелі түрде тексеріліп; ғылым төзіне түспеген тіл... Бұл
уақытқа шейінгі қазақ тілін зерттеудің бері де тиіп қашты зерттеулер, терең
қарамаған, үстірт қана көрініп, сорайып тұрған мүйістерін ғана қамтыған
нәрселер. Грамматиканың бері демектеп грамматикалары ғана - деп жазды. Бұл
- қазақ тіл білімініңсол дәуірдегі ғылыми дәрежесіне берілген әділ баға.
Шынына кслгенде, ол уақыттағы мектеп грамматикасы дегендердің өздері де
біздің қазіргі түсінігімізден елде қайда төмен жатқан дүниелері болатын.

Проф. Құдайберген Жұбанов қазақ лингвистикасының ірrе тасын
қалаушыларының бірі болды. Проф. Қ.Жұбанов ол қазақ фонетикасының өзекті
мәселелері, атап айтқанда - тіл дыбыстарыныд фонологиясы мен жіктелуі,
дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік зады, сөздің буын құрылысы және
акцентуация саласы жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олар туралы белгілі
шешімге келеді. Профессор Қ.Жұбанов сөздің дыбыс құрылысына талдау жасаумен
байланысты жалпы фонетиканыд кейбір басты мәселесіне тоқталып, олар жөнінде
соны пікір айтады. Мәселен, фонетика ғылымы адамнан шығатын дыбыстық барлық
түрі зерттеу объектісі болмай, тек қана адамдардың қарым - қатынастық
мұқтажын атқаруға жарайтын арнаулы мағынамен байланысты тіл дыбыстарыныд
сырын зерттейтіні, тілдің дыбыс қабығы атқаратын мағынасынан жеке - оқшау
түрде қаралмайтыны, екеуі тұтас түрде бір бүтін ретінде танылатыны осы
ережелерге сайкес тілдің дыбыс құрылысын баяндау қажет екенін айтады. Проф.
Қ.Жұбанов фонологияның басты мәселесінің бірінен болған фонема теориясы
жөнінде бір қыдыру пікір айтады: Мәселен, 1. Бір сөз екімпі сөзден өзге
болуы үшін біреуінің бір-ақ бетпегінің өзгеше дыбысталуы жеткілікті,
түгелімен өзінше дыбысталуы шарт емес; 2.Бір ғана дыбысы басқа болса да,
бір ғана дыбысы артық я кем болса да, немесе, бір дыбысы да басқа, я артық
- кем болмай ақ дыбыстарының тек тізілу тәртібі басқа болса да, сөздер
бірінен бірі басқа болады; 3. Бір тілде жұмсалатын дыбыстардың жалпы
санының ұшы - қиыры жоқ бірақ оның бәрінің бірдей сапасы әртүрлі бола
бермейді. Сапасы әр түрлі болатын дыбыстар белгілі мелшерде ғана болады да,
көп болмайдық.

Фонема туралы айтылған бұл үш түрлі ереже күні бүгінге дейін фонорлогия
саласында өзінің ғылыми маңызын жоғалтқан емес, қайта олар фонологияның
негізгі ережелеріне айналып отыр.

Проф. Қ.Жұбанов бір сөз екінші бір сөзден өзгеше болуы үшін бір-ақ дыбыс
жеткілікті екенін көрсетіп, фонеманың сырын дұрыс түсіндіреді. Сөздерді
және оның тулғасын өзгерте алатын кішкөне мүшені - дыбысты фонема деп
таниды. Тілде дыбыстардың айтылу түрінің ұшы-қиыры жоқ екенін, бірақ олар
сапасына қарап белгілі дыбыстар сапасына орайласатыны, демеқ фонеманың
варианттары жайында да пікір қозғайды. Сонымен қатар синоним, омоним сөздер
мен фонологияның өзара қатысы жөнінде тиісті пікір айтады. Сөздің
дыбысталуы бірдей болса да, беретін мағынасы ар түрлі болуы мүмкін ат
(жылқы), ат (біреуді атайтын сез), ат (мылтық ат).

Қ.Жұбановтың фонема теориясы жайындағы көзқарасы негізінде академик
Л.В.Щербак негіз еткен Ленинград фонология мектебімен ұштасып жатқаны
айқын. Fылыми курсты Қ.Жұбанов Қазақ тілінің фонетикасынан бастады. Бірақ
ол тек бастамамен, бірінші лекциямен ғана қалды. Бұл лекцияда ғылыми
фонетиканың объктісі, тіл дыбыстары туралы ғылымда орныққан пікірлер,
оларға автордың ез көзқарасы тәрізді мәселелер ғана қамтылады. Лекция
соңында жалғасы бар делінгенмен ол баспа бетін көрген жоқ.

Ғылыми фонетика қатысы бар тағы бір еңбегі История фонетики казахского
языка деген атпен 1935 жылы мақала түрінде жарияланды. Бірақ мұнда да
тарихи фонетикаға кіріспе, бастама пікір ғана айтлған да негізгі объект
басталмай қалған. Бұл аталған екі еңбектің екеуі де автордың алдағы уақытта
істемеқші болған үлкен жұмыстарының бастамалары ғана еді, бірақ оны аяқтай
алмады.

Қ.Жұбанов қазақ тілінің ғылыми курсын жасап үлгермегенімен, оның жеке
салаларына, солардың ішінде фонетикаға да байланысты пікірлерін мектеп
грамматикасы дережесінде болса да айтып кетті. Қазақ тілінен орта мектепке
арналған тұңғыш оқулық Қ.Жұбанов авторлығымен 1936 жлы шығарлды. Қазақ
тілінің грамматикасы деп аталатын осы еңбектің Сөздің дыбыс құрылысы деп
аталатын ІV бөлімі фонетикаға арналған. Мұнда автор әңгімені тіл
дыбыстарының сөз мағынасын ажыратып танытатын функциясынан, қазіргі
терминологиямен айтқанда, дистниктивтік сигнификативтік функциясынан
бастайды. Дыбысқа анықтама беруде де оның осы функциясын негіз етеді. Осы
уақытқа дейінгі еңбектердің қай-қайсысында болса да қазақ тілінде пәлендей
дыбыс бар, олар пәлендей түрлерге жіктеледі дегендері болмаса, олардың
дыбыстық сапасын, яғни фонемалық Mендерін сµз етпеген болатын. Осы мәселе
бойынша бірінші рет сез болып отырған оқулықта кетерілді. Рас, оқулық
авторы оны фонема деген атаумен емес, дыбыс сапасың деген тіркеспен
берген. Автордың пікірінше, қазақ тілінде дыбыс көп, бірақ оның барлығы
сапалы дыбыстар (фонемалар) емес, сапалы дыбыс 26 ғана. Олар: а, б, ш, ж,
д, е, г, ғ, й, қ л, м, н, ң, қ, р, п, о, с, т, у, у, у, з, ы, й. Бұл арада
автормен келісе қоймайтын бір жайтты айта кеткен жөн неге екені белгісіз,
автор дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып айтлуын дауыссыз дыбыстардың
жуан - жіңішке айтлуымен бір дәрежеде қарап, дауыстларды (е-ден басқа)
сапалы дыбыстар қатарына жатқызбайды. Сондай ақ h дыбысы да есепке
алынбаған. Ал жаңа әліппені кабылдаған үкімет декретінде ол дыбыс бар.

Өзіне дейін орыс, казақ тілдерінде жарық көрген еңбектерден мұның тағы
бір өзгешелігі - бұрынғышарда әр түрлі кластарға бөліп, әр түрлі
атағандарымен олардың неге солай аталатынын, неге солай жіктелетінін
ашпайтын. Ал бұл оқулықата олардың себептерін талдап түсіндіреді. Қ.Жұбанов
дыбыстарды мынадай түрлерге жіктейді:

Дыбысталу түріне (иектің артикуляциясына) қарай дауыстылар үш топқа
бөлінеді:

1. толық дауысmылар (ашық): ае, ое, е.

2.Келmе дауыстылар (қысаң): ыі, уу.

З.Қосынды дауысmылар: у.у, уу, ый, ій.

Қазіргі жіктеулерде ое, е дыбыстарын аралық дыбысқа, у, и дыбыстарын қысаң
дауыстыға жатқызады.

Жасалу түріне қарай, қазіргі термин бойынша ерін артикуляциясы,
дауыстылар еріндік ое, уу, езулік а, е, ы, і, е болып екі түрге бөлінген.
Қазіргі тұрғыдан алғанда, еріндіктерге у, езуліктерге и дыбыстарын қосқан
жөн. Автор дауыстыларды жуан жіңішке деп те беледі. Мұның алдыңғысына а, о,
у, ы, уу, ый дыбыстарын, соңғысына е, е, у, і, уу, ій дыбыстарын жатқызады.
Бірақ Бұлай болудың неге байланысты екені айтылмаған. Оқулықта дауыссыз
дыбыстарды үннің қатынасу шамасына қарай үнсіздер (к, қ т, п, ш, с),
үнділер (г, г, д, б, ж, з), сонорлар (у, й, р, л, м, н, ң,) деп үш топқа
белген. Қазіргі терминология бойынша, бұлардың алдыңғы екеуі қатаң, ұяң деп
аталады. Жасалу түріне қарай дауыссыздар жабысыңқы - к п, г, г, б,
жуысыңқы - т, с, д, з, ш, ж деп бөлінген. Қазірде бұлар шұғыш, ызың деп
аталады. Автордың жабысыңқы құрамына енгізген г дыбысы, қазіргі жіктеулерді
ызың тобына, жуысыңқыға (ызың) қоскан т, д дыбыстары, шұғыл дыбыстар
тобында қаралады. Сондай-ақ оқулықтарда дауыссыздарды айтылуындағы
созылыңқылығына қарай үздікті, үздіксіз деп те беледі. Мұның алдыңғысына
шұғылға жататын, соңғысына ызыңға жататын дыбыстар енгізілген. Бұлай болу
қазіргі жіктеулерде жоқ. Ал сонорларға у, й, р, л, н, ң, м дыбыстарын
жатқызады. Бұларды тура жолды (қалған бесеуі), ауыз жолды (у, й, л, р),
мұрын жолды (м, н, ң) деп беледі.

Жасалу орнына қарай дауыссыздар көмей – қ, қ, г, ң, ерін - п, б, у, м,
тіс - т, ш, с, д, ж, з, ң, таңдай - й, р, дыбыстары деп бөлінген. (6-87).

Бұл оқулыққа дейінгі еңбектерде, Әсіресе орыс тілінде жазылғандарында
бірсыпыра дыбыстардың артикуляциялық сипаттары едәуір толық
баяндалғандарымен, олардың ешқайсысында да сөйлеу органдарының
артикуляциясы талданбаған болатын. Бұл мәселеде қазақ тілі біліміне осы
оқулықтан бастап енді. Қазақ сөздерінің буындық жіктерін, буын құрылыстарын
айқындау жөнінде де, осыны айтуға болады. Қ.Жұбанов оқулығында буын, сез
екпіндері де, сингармонизм, үндестік заңдары, буындардың жасылуы мен
кіріrуі де баяндалады. Оқулық деп аталғанымен бұл еңбек қазақ тілі ғылымы
фонетикасының берік негізі бала алды. Қ.Жубанавтың қазақ аліппесі мен
орфографиясын жетілдіре беруге арналған бұдан басқа да бірнеше мақрлалары
бар. әліппемізде кейінгі көзге дейін қолданылып келген қосарлы уу, уу, ый,
ій таңбаларын дара таңбалармен ауыстыру қажеттігін Жұбанов 30-жылдар ішінде
бірнеше рет айтқан болатын.

Қ.Жұбановтың кең кµлемде алып жан - жақты сµз еткен тағы бір мәселесі -
қазақ сөздерінің буындық құрамы. Буынның тек дауысты дыбыстар арқылы ғана
жасалатының түсіндіре келіп, құрамындағы дыбы стар санына қарай бір
дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты деп беледі де, олардың
арқайсысының қандай дыбыстық құрамда болатынына тоқталады. Автор буындарды
оның құрамындағы дауысты дыбыстың тұрған орнына қарай да жіктейді. Буын бір
дауыстыдан, немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталса ашық,
дауыстыдан басталып бір не екі дауыссызға аяқталса, екі дыбыстысын - тұйық
үш дыбыстысын - ауыр тұйық буын деп атайды (ар, арт). Буын құрайтын дауысты
екінші орында кәліп, одан кейін бір не екі дауыссыз келсе (үш дыбыстысы
бітеу, төрт дыбыстысы ауыр бітеу буын делінген (қан, қант). Буынның
жылысуы, тасымал мәселесі де сез болады. қорытып айтқанда, қазақ сөздерінің
буындық құрамына байланысты мәселені Қ.Жұбанов кең келемде бірінші болыл
көтерді және тыңғылықты шешті.

Қ.Жұбанов Сөз мүшелерінің қиындасуы: деген атпен казақ фонетикасының екі
мәселесін сөз етеді, оның6ірі сөз екпіні туралы, екіншісі - үндестік заңы.
Екпін мен үндестік заң сөздігі мүшелерді буындарды тарқатпай матастырып
үстау үшін қажет деп екеуіне; атқаратын қызметін дұрыс көрсетеді. Екпін мен
үндестік заң сөз мүшелерін жинап бір бүтін етіп тұратын фонетикалық амалға
жатады. Екпін мен үндестік заң - бір сөзден екінші 6ір сөзді ажырататын
тесіл екені де орынды айтылған. Мәселен, суалмаған, су алмаған, су ал
мауан. Қазақтілі екпін күшті, көбіне, сөз аяғында болатын, сөз аяғында
келетін кей6ір қосымшаларда екпінде ие болмау жайы сөз болады. Үндестік
заңды дауысты және дауыссыз дыбыстарға байланысты қарайды. Қ.Жұбанов
дауысссыздардың ассимиляция кезеңін үндесудің бір турі деп таниды.
Айтылғандар Қ.Жұбанов - қазақ тілі ғылыми фонетикасының негізін салған
ғалым, дейтін пікірдің орынды баға екендігін делелдесе керек. Фонетика
40- жылдардың аяқ кезіне дейін арнайы зерттелмей, мектеп оқулықтары
келемінде ғана сөз болып келді. Сондай сипаттаулардың ең бір көлемдісі 1944
жылы басылған Қазақ тілі грамматикасы, атты оқулықта. Оқулық педколледжге
арналған, авторлары - Н.Сауранбаев, F.Бегалиев. Бұл оқулық өз кезінде
программаға сай емес, авторлар өз білгендерін тықпалай берген деп сыналған
болатын. Оқулық қойлатын талап тұрғысынан алған сын дұрыс та болар. Өйткені
мұнда тек жеке тілдерге тән мәселелер ғана емес, жалпы тіл білімінің
қарауына жататын проблемалар да сөз болады. Соған қарамастан осы еңбектің
үлкен бір пайдалы жағы болды. Жалпыға мәлім, 40-жылдарға дейін қазақ тілі
білімі буыны бекіп, бұғанасы қатая қоймаған балауса шақта болатын. Басқаны
былай қойғанда, тіліміздің құрылымдық салаларының өздері де тек мектеп
оқулықтары шеңберінде ғана жөніл - желпі сөз болатын. Осындай көзде қазақ
тілінің фонетика, лексика, грамматика, диалектология, әдеби тіл сияқты
салаларын бұрын өрістеп кµрмеген мµлшерде жан - жақты сөз етуі - сол
кездегі қазақ тілі білімі үшін үлкен табыс. Кейбір кемшіліктерінің
барлығына қарамастан, теориялық жағынан алғанда, өзіне дейін және өзі
тұсында жарық көрген еңбектерден мұның шоқғығы биік болатын. Оқулықта бұрын
баспасөз бетін кермеген, немесе тиіп - қашып қана сөз болып келген көптеген
мәселелер тыңнан қойылып, тәп-тәуір шешілген, сөйтіп, қазақ тілі білімі
салаларының әрі қарай тереңдей дамуына түрткі болып, септігін тигізген.
Оқулықта фонетика мәселесі фонемадан басталған. Фонеманы, жалпы дыбыс
дегенді түсіндіруде оқулық авторларының Қ.Жұбановтан онша алыстап
кетпегендерімен қазақ тіліндегі фонемалық дыбыстарды айқындауда біраз
өзгешеліктері бар. Бұл авторлар қазақ тілінде 32 фонема бар дейді де оларға
а, е, б, г, л, е (э), ж, з, и, қ л, м, н, о, п, р, с, т, у, ш, (ч), ы, і,
қ, е, у, у, ң, е, ф, х, в, h дыбыстарын жатқызады. Алдыңғы Қ.Жұбанов
оқулығындай емес, мұнда жіңішке дауыстыларды фонема қатарына қосқан, онысы
дұрыс. Бірақ бұл авторлардың орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген
сөздерде де фонема болғандарымен, қазақ сөздерінде қолданылмайтын ф, в, х
дыбыстарын қазақ фонемалары тобына қосуларына және сонор й дыбысын фонемаға
жатқызбауларына, орыстілінен енген сөздерде ғана кездесетін э дыбысын қазақ
дауыстылары құрамында қарауларына да қосылуға болмайды. Сондай-ақ алдыңғы
автордың у, й дыбыстарын сонорлар құрамында қарауын жөн десек соңғы
авторладың бұл екеуін ешбір топқа енгізбеуін мақұлдауға болмайды. Дауысты,
дауыссыз дыбыстарды классификациялауда да, сөйлеу органдарының артикуляция
сын түсіндірулерінде де бұл екі оқулық авторлары арасында айтарлықгай
өзгелік жоқ.

Аталған оқулығының тузетіліп, тек ез атымен ғана 1953 жылы шыққан
басылымында Н.Сауранбаев жоғарыда көрсетілген ф, х, в, h дыбыстарын қазақ
фонемалары құрамынан шығарып, оқулығының алғашқы басылымында фонема деп
есептелмеген сонор у, й дыбыстарын қосып, фонема санын 29 деп өзгерткен.

Қазақ фонетикасының белді бір даму кезеңі тағы бір жоғарғы ғылыми сатыға
кетерілу кезі - Қазақ ССР Fылым академиясының академигі 1.Кеңесбаевтың
атымен байланысты. 1. Кеңесбаевтың Қазақ фонетикасына сіңірrен еңбегі
айрықша. Ол 1938 жылдан бері қазақ фонетикасы жайында ғылыми -зерттеу
жұмысын жүргізіп келеді.

Қазақ тілі фонетикасына қатысты мәселелерді жан - жақты қамти сипаттаған
соңғы еңбек 1954 жылы баспадан шыққан “Қазіргі Қазақ тілі” атты кітапта
жарияланды. Мұның Фонетика тарауын жазған акад. І. Кеңесбаев. Баспасөз
бетіндегі еңбектеріне қарағанда, І.Кеңесбаев фонетика мәселелерімен 40-
жылдардың аяқ кезінен бастап айналысқан. Акад. Кеңесбаев аталған еңбегінде
қазақ фонетикасының өзекті мәселелері, яғни фонемалар құрамы, дыбыстардың
үндестігі, сөздің буын құрылысы, акцентуация саласы кеңінен сөз болып, олар
жөнінде арнаулы тоқтамға келеді, Қазақ сөзінің фонологиялық құрыллысы да
талданады. Проф. І.Кеңесбаев қазақ тілінің фонемалар жүйесін талдау
мәселесіне келгенде атақты кеңес лингвисі Л.В.Щербаның фонема туралы ілімін
негіз-тірек етіп, сөз мағынасы мен сөз тұшасын ажыратуға себі бар тілдің
кішкөне дыбыстық көрінісін фонема деп түсінеді. Академик Л.В.Шербаның
айтуынша сөз бен оның формаларын дифференциялайтын, яғни қатынас жасау
максатына қызмет ететін типтерін фонема деп санаған. Әрбір фонема әлденеше
вариантта кездесе береді. Тілде нақты кездесетін дыбыстар - бүтіннің, яғни
фонеманың бөлшегі арқылы көрінісі - жалпының, яғни фонеманың тілде нақты
айтылатын осындай түрлері фонеманың варианттары боладың деген тоқтамға
келген. Акад.Л.В.Шерба фонемалар сөзде өзара комбинаторлық түрде алмасып
келе береді деп қорытады. (4-7).

І. Кеңесбаев Қазақ әдеби тілінің вакализм саласы 11 дауысты фонемадан
құралатының оның 9-ы - жалаң монофтонг фонемалар да: а, ә, е, (э), о, е,
у, у, ы, і, қалған екеуі - дифтонг-дифтонгоидтар: и, у, екенін анықтап
көрсетеді. Қазақ тілінде ә дауыстысы шығыс тілдерінен енген сөздермен
байланысты пайда болғаны дұрыс көрсетілген. Дауысты фонемалардың
фонетикалық варианттары, сөзде қолдану ерекшелігі, өзге фонемалармен
комбинаторлық түрде алмасу жайлары баяндалады. Сөздің ең бас шенінде қ, о,
е, дауыстылады дифтонг сапасында айтылатыны: йе, уо, уе, сез шенінде
келуіне қарай дауыстылар буын талғайтындар және буын талғамайтындар болып
екі топқа жіктелуі. Мәселен, буын талғамайтындарға: а, е, ы, і, и
дауыстылары, қалғандары буын талғайтындарға жатады, қосымша марфемалардағы
дауыстылардың фонемақикалық мәні - яғни морфонологияның кейбір мәселесі сөз
болады. Қазақ консонантизмі 25 дауыссыз фонемадан құралатыны, олардың
акустика -артикулярлық ерекшелігі, орыс тілі арқылы ауысқан в, ф, х, ч, ң,
дыбыстарының фонема сапасына өте бастауы және дыбыссыз фонемалардың
дистрибуциялық сыры, комбинаторлық жолмен алмасып отыруы тым тәуір
айқындалған. Дауыссыз фонемалар үш түрлі жолмен жіктеліп көрсетілген:

1. Дауыс пен салдырдың қатысына қарай;

2. Жасалу орнына қарай;

3. Жасалу жолына қарай.

Дауыс пен салдырдың қатысына қарай дауыссыздардың екі түрлі ірі тобы
атанған бірі - үнді дыбыстар, екіншісі - үнсіз дыбыстар. Үнсіз дыбыстардың
қатаң және ұяң түрі бар, олар фонематикалық жолмен қосарланып келеді: п -
б, т - д, с - з, ш - ж, к - г, қ - г.

Жасалу орнына қарай дауыссыздар ерін - билабиль: п, б, м, у, ерін мен тіс -
лабиоденталь: в, ф, тіс - денталь: т, д, с, з, ң, тіл ұшы альвеоляр: н, л,
ч, тіл алды - панаталь: р, ж, ш, й, тіл ортасы: қ г, тіларты - веляр: қ, г,
ң, х, және көмей - фарингаль: h болып, негізінен, сегіз топқа жіктеп
қаралған.

Жасалу орнына қарай дауыссыздардың үш тобың шығып, ызың және африкаттар деп
атайды. Шұғыл фонемаларға п, б, т, д, қ г, қ, ч, ң дыбыстарын, ұзыңдарға в,
ф, с, ш, з, ж, у, х, h дыбыстарын жатқызады. Шұғыл дыбыстарды айтқанда ауа
үзіліп шығдыы. Сондықтан алғашқысын үздікті-үзілмелі дыбыстар, соңғысын
сузілмелі-үздіксіз деп атаймыз. Артикуляциясына қарай шұғлдарды - жабысыңқы
дыбыстар , ызыңдарды - жуысыңқы дыбыстар деп те атайды. Кейбір авторлар
қазақ тілінің ғ, фонемасын шұғыл дыбыстар тобына енгізіп келген болатын.
Проф. Кеңесбаев ызың фрикатив дыбыстардың қатарына жатқызады. Эксперимент -
тәжірибе фонетикасының материалына қарағанда Бұл пікірдің дұрыс екені
анықталып отыр. Қазақ аффрикатғарының артикуляциялық қасиеті мен
фонематикалық мәні жайында да белгілі шешімге келген. Ызың ж фонемасының
варианты ретінде аффрикант дж дыбысы айтылатыны дұрыс көрсетілген. Сөз
ішінде кездесу ыңғайына қарай дауыссыздар үш түрге жіктелген

1) сөздің барлық шенінде келе беретін дауыссыздар: с, ш, т, қ :к м, з, ж,
н, у;

2) сөз соңында, яғни айтлуда кездеспейтін дауыссыздар: б, д, г, у, в;

3) сөз басында кездеспейтін дауыссыздар: ң, й. Байырғы сөздердін бас
позициясында сирек кездесетін фонемаларға: п, л, р жатады. Автор қазіргі
қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар дейді де, оларға б, г, д, ж, з, й, қ л,
м, н, п, р, с, т, (у), ш, :к ң, у, h, в, ф, х, ң, ч дыбыстарын жатқызады.
Бұл арадағы қүмәнді нәрсе қазақ тілі үшін фонема бола алмайтын в, ф, ң, х,
ч дыбыстарын қазақ тілінде бар дыбыстар деуі. Осындағы х дыбысының біраз
сөздерде қолданылатыны болмаса, басқаларының ешқайсысы да қазақ сөздерінде
қолданылмайтыны белгілі. Дауыссыздардың дистрибуциясы жайында да кейбір
мәлімет жоқ емес. Қазақ тілінін фонемалар құрамына жан - жақты талдау
жүргізіп, ғылыми қорытулар жасайды. Проф. І.Кеңесбаев Фонетикасында.,
қазақ тілінің буын құрыллысы, буын жігі, буынныІң түрлері, буындардыІң бір-
біріне ауысуы, жылысуы, буындағы дыбыстардың тіркесімі, буынның жаңа
түрлері тәрізді мәселелер кең түрде баяндалған.

Акад. І.Кеңесбаев фонациялық ауаның қарқыны мен кілт үзіліп шыққан бір
немесе бірнеше дыбыс тобын буын деп, буын жігінің экспирациялық теориясын
жақтайды. Акад. Л.В.Шербаның буын жігі жайындағы теориясын негізге ала
отырып буын ішіндегі дауыссыздарды экспирациялық күшіне, айтылуыІаа қарай
күшті бас дыбыс, күшті соңғы дыбыс деп екі топқа бөле жіктеген. Буын
ішіндегі екі дауыссыздың алғашқы түрінің экспирациясы соңғысынан басым
келсе, күшті бас дыбыс немесе эксплозия дыбыс болатыны: керісінше келсе,
күшті соңғы дыбыс немесе имплозия дыбыс болатыны айтылған. Бұл мәселе -
күні бугінге дейін түркі тілдері фонетикасында, сондайақ қазақ
фонетикасында әңгіме болмаған жай еді.

І. Кеңесбаев сөздердің буын құрамына, буын алмасуына тоқтала келіп,
буыныың түрлерін - модельдерін анықтап көрсетеді, қазіргі қазақ әдеби
тілінің буын жүйесінде байқалатын жаңа құбылыстарды да атап етеді, мәселен:

1. Буынның немесе сөздің екі дауыссыздан басталатын тенденциясы, мысалы:
пленум;

2.Буын не сөз ішінде бір түрлі екі дауыссыз айтыла береді, мысалы: қасса,
коммұна;

3.Буын не сөздердің басында л, р, г, п, дыбыстарының жиі келуі, мысалы :
радио, лекция, газ, пролетариат;

4.Екі және одан да көп дауыссыдар өзара қатар тұрып, сөздің аяғында,
басында да келе беруі, мысалы: метр, литр, справка т.б.

Бұл ғылым қазақ тілінде сөздік екпіннен басқа ритмикалық немесе фразалық
екпіннің барлығын нақтылы мысалдармен далелдейді. Қазақ екпіні, фонемалық
жағынан, негізінде, сөз айқындауыш динамикалық екпін де, орны жағынан
тұрақrы болады, оның өзі көбіне аяқ шеніне түседі. Сонымен қатар күшті
екпіннің үстіне қосылатын, яғни үстемдік сан - квантитативтік екпін де бар.
Көп буынды, әрине, үш буынан артық сөздерде сөз аяғында болатын негізгі
екпіннен басқа белек көмекші екпіннің болатыны, ол көмекші екпіндердің орны
айтылған. Қазақ ақпентуациясының әлі анықталмаған жайлары көп, олар алдағы
көзде тәжірибе фонетикасының әдістері арқылы зерттеліп шешілуі қажет.
Мәселен, қазақ екпінінің фонетикалық табиғаты, орны экспериментгік жолмен
айқындалуы тиіс.

І.Кеңесбаев дауыстыларға байланысты үндесуді буын үндестігі - сингармонизм,
дауыссыздарға байланысты үндесуді дыбыс үндестігі деп үндестік заңды кең
мағынада түсінеді. Қазақ тілінде дауыстыларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі дыбыстарының құрамының зерттелімі
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕНІМ БЕЛГІЛЕРІ
Тіл дыбыстарының түрлері
Дауысты дыбыстар кестесеі
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі
Аффект
Сөйлеудің бұзылысы мен патологиясы
Ұяң дауыссыздардың түрленім жүйесі
Пәндер