Аймақтардың қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибе



КІРІСПЕ
1. АЙМАҚТЫҚ ДАМУДАҒЫ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қаржы саясатының экономикалық мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
1.2 Аймақтық ұдайы өндірістегі қаржы саясатының рөлі

2. АЙМАҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ (ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)

2.1 Аймақтың қаржылық саясатындағы жергілікті бюджеттің экономикалық маңыздылығы
2.2 Аймақтың қаржылық дамуының көрсеткіші ретіндегі жергілікті бюджеттің қазіргі жағдайын талдау (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)

3. АЙМАҚТЫҢ ТИІМДІ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруды жетілдіру және стратегиялық жоспарын жасау әдістерін одан әрі дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қаржы экономикалық ғылымның маңызды категорияларының санына жатады. Оны зерттеуге марксизм классиктерінің еңбектері, қазақстандық және шетелдік экономистердің көптеген еңбектері арналған.
Бұл тақырып өзекті, себебі қазіргі жағдайда қаржылық қатынастар ең жоғары дамуына жетті. Бүгінгі таңда сөз қарызға берілетін ақшалай капитал көлемдерін әрдайым арттыру жөнінде емес, сонымен қатар қаржылық катынастар субъектілерін кеңейту және операциялардың өзінің көп түрлілігінің өсуі жайлы болып тұр.
Нарықтық экономикада ақша әрдайым айналымда болып, үздіксіз айналым жасауы қажет. Уақытша бос ақшалай құралдар қаржы капиталдары нарығына түсіп, қаржылық мекемелерде шоғырланып, содан соң қосымша капитал салымдарының қажеттілігі бар экономика салаларында орналастырылып, іске тиімді қосылуы қажет.
Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақтылығы, аймақтардың түрақгылығымен байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсіздік дағдарысы мен инфляция деңгейі көптеген аймақтардың қызметіне тосқауыл болып отырды. Жұмысты жазу барысында карастырып отырған мәселелер, атап айтқанда: ''Аймақтардың қаржы саясатының'' мәселелері Қазақстанның экономикасының дамуы мен қалыптасуына байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады.
Талдау мен зерттеу жүртізу барысында аймақтардағы қаржы саясатын қалыптастыру мәселелерін ашып көрсету үшін, біз әлемдік тәжірибеге үлкен көңіл аударып отырмыз және соның көмегі арідылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиімді де пайдалы әдістерін қарастырып, аймақгың қаржы саясатын қалыптастырудағы кажетті әдістемелерді саралап отырмыз. Осы кешегі күнге дейін аймақгар үшін басты проблема заң базасын нығайту болып саналып келді. Бүгінде өзінің өзектілігін жоғалтпай, бүл проблема өзінің орынын басқа проблемаға береді — ол ел экономикасына аймақтың қаржы саясатын жүргізудің әсері, оны қалыптастыру әістемелерін одан әрі жетілдіру проблемасы. Сонымен, аймақтардың қызмет аясы кеңейген сайын, аймақтардың қаржысын басқару тәуекелі де ұлғая бермек. Бірақ, аймақтардың әлемдік тәжірибеде белгілі барлық тәуекелдің түрлерімен кездесті деп айта алмаймыз. Алайда олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема аймақгар үшін жаңа болып табылады, сондықган да аймақгардың қаржы саясатын жүргізу әдістері бойынша қандай да бір терендетілген зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда аймақтардың қаржы саясатын қалыптастыру саласындағы зерттеулер Қазақстанның экономикасын реформалау кезіндегі өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Барлық аталған проблемалар және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негізгі міндеттерін қоюға негіз болды.
Жұмыстың мақсаттары. Жұмыстың мақсаты болып аймақтардың қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға бейімделуі болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.06.95 ж.
2. Закон Республики Казахстан, от 24.12.96. Указ Президента
Республики Казахстан, имеющий силу закона, от 30.03.95. "О
Национальном Банке Республики Казахстан".
3. Закон Республики Казахстан, от 18.12.00 «О страховой деятельности".
4. Положение "О Счетном комитете по контролю за исполнением
республиканского бюджета", от 19.04.96.
5. Положение «О комитете Казначейства Министерства Финансов
Республики Казахстан", от 24.05.99.
6. Положение «Об Агентстве финансовой полиции Республики
Казахстан", от 27.02.2001.
7. Налоговый Кодекс Республики Казахстан, от 12.06.2001 N 209-ІІ
8. Горбунов О.Н. Финансовая политика регионов -Москва, 1996.
9. Худяков А.И. Финансовая политика регионов Республики
Казахстан"гАлматы, 2001.
Ю.Худяков А.И. Финансовая политика Республики Казахстан , Алматы, 1997.
11. Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан,
Алматы, 1998.
12. Грачева Е.Ю., Соколова Э.Д. Финансовая политика регионов ,-
Москва, 2000.
13. Цыпкин С.Д. Финансовая политика регионов , Москва, 1982.
14.Химичев Н.И. Финансовая политика гМосква, 1999.
15. Бурцев В.В. "Государственная финансовая политика: методология и организация"тМосква, 2000.
16. Белобжецкий И.А. Финансовая политика и новый
хозяйственный механизм .-Москва, 1989.
17. Данилевский Ю.А. Финансовая политика в СССР и пути его
совершенствования гМосква, 1989.
18. Иткин Ю.М. "Организация финансовой политики в переходный
период к рыночной экономике".-Москва, 1991.
19. Черноморд П.В. Финансовая политика регионов в условиях
перехода экономики к рыночным отношениям гМосква, 1992.
20. Пагосян Н.Д. Счетная палата РФ -Москва, 1998.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. АЙМАҚТЫҚ ДАМУДАҒЫ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қаржы саясатының экономикалық мазмұны, міндеттері, мақсаттары және
қағидаттары
1.2 Аймақтық ұдайы өндірістегі қаржы саясатының рөлі

2. АЙМАҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
(ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)

2.1 Аймақтың қаржылық саясатындағы жергілікті бюджеттің экономикалық
маңыздылығы
2.2 Аймақтың қаржылық дамуының көрсеткіші ретіндегі жергілікті бюджеттің
қазіргі жағдайын талдау (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)

3. АЙМАҚТЫҢ ТИІМДІ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруды жетілдіру және
стратегиялық жоспарын жасау әдістерін одан әрі дамыту жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қаржы экономикалық ғылымның маңызды категорияларының санына
жатады. Оны зерттеуге марксизм классиктерінің еңбектері, қазақстандық және
шетелдік экономистердің көптеген еңбектері арналған.
Бұл тақырып өзекті, себебі қазіргі жағдайда қаржылық қатынастар ең
жоғары дамуына жетті. Бүгінгі таңда сөз қарызға берілетін ақшалай капитал
көлемдерін әрдайым арттыру жөнінде емес, сонымен қатар қаржылық катынастар
субъектілерін кеңейту және операциялардың өзінің көп түрлілігінің өсуі
жайлы болып тұр.
Нарықтық экономикада ақша әрдайым айналымда болып, үздіксіз айналым
жасауы қажет. Уақытша бос ақшалай құралдар қаржы капиталдары нарығына
түсіп, қаржылық мекемелерде шоғырланып, содан соң қосымша капитал
салымдарының қажеттілігі бар экономика салаларында орналастырылып, іске
тиімді қосылуы қажет.
Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақтылығы, аймақтардың
түрақгылығымен байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өткен себептерге
қоса, төлемсіздік дағдарысы мен инфляция деңгейі көптеген аймақтардың
қызметіне тосқауыл болып отырды. Жұмысты жазу барысында карастырып отырған
мәселелер, атап айтқанда: ''Аймақтардың қаржы саясатының'' мәселелері
Қазақстанның экономикасының дамуы мен қалыптасуына байланысты сұрақтарды
зерттеудің жаңа бағыты болып табылады.
Талдау мен зерттеу жүртізу барысында аймақтардағы қаржы саясатын
қалыптастыру мәселелерін ашып көрсету үшін, біз әлемдік тәжірибеге үлкен
көңіл аударып отырмыз және соның көмегі арідылы Қазақстан Республикасында
қолдануға тиімді де пайдалы әдістерін қарастырып, аймақгың қаржы саясатын
қалыптастырудағы кажетті әдістемелерді саралап отырмыз. Осы кешегі күнге
дейін аймақгар үшін басты проблема заң базасын нығайту болып саналып келді.
Бүгінде өзінің өзектілігін жоғалтпай, бүл проблема өзінің орынын басқа
проблемаға береді — ол ел экономикасына аймақтың қаржы саясатын жүргізудің
әсері, оны қалыптастыру әістемелерін одан әрі жетілдіру проблемасы.
Сонымен, аймақтардың қызмет аясы кеңейген сайын, аймақтардың қаржысын
басқару тәуекелі де ұлғая бермек. Бірақ, аймақтардың әлемдік тәжірибеде
белгілі барлық тәуекелдің түрлерімен кездесті деп айта алмаймыз. Алайда
олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема аймақгар үшін жаңа болып
табылады, сондықган да аймақгардың қаржы саясатын жүргізу әдістері бойынша
қандай да бір терендетілген зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда
аймақтардың қаржы саясатын қалыптастыру саласындағы зерттеулер Қазақстанның
экономикасын реформалау кезіндегі өзекті
проблемалардың бірі болып отыр. Барлық аталған проблемалар және себептер
осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негізгі
міндеттерін қоюға негіз болды.
Жұмыстың мақсаттары. Жұмыстың мақсаты болып аймақтардың қаржы саясаты
саласындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға
бейімделуі болып табылады.
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
Аймақгардың қаржы саясатын қалыптастырудың теориялық
сұрақгарды оқып білу, олардың құрылымын анықтау, "Аймақтардың
қаржы саясаты" түсінігінің мазмұнын нақтылау және анықтама беру;
Ел экономикасында аймақтардың қаржы саясатын
қалыптастыру барысына талдау жасап, оның себептері мен салдарын
анықгау;
Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру
және отандық экономика үшін аймақтардың қаржы саясатын
жүргізудегі практикалық үсыныстарды өндеп шығару.
Жұмыстың пәні және объектісі. Жүмыстың пәні ретінде аймақгардың қаржы
саясатын қалыптастыру құралдары және әдістерімен байланысты теориялық және
практикалық сұрақгар саналады. Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының
аймақгардың қаржы саясатын қалыптастырудағы қызметі болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және
қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар
келтірілген.

1. АЙМАҚТЫҚ ДАМУДАҒЫ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары

Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемелекеттің
сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы
саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ
перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын
жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған
жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық зандардың іс-әрекетін
ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы
ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы
саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның
материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен кажеттіліктерін және мәдени
өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере
отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықгай күрделі, өйткені ол
шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды,
олар:
■ экономикалық заңдарың әрекеті, экономиканың жай күйі,
қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары
негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын
әзірлеу;
■ экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттері негіздей
отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларының
тұжырымдау;
■ белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі (экономикалық қайта
құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып)
арқылы іс жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатынның мазмұнын анықтайды.
Демек экономикалық завдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамға
дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану
мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады. Қазіргі кезенде қаржы
саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды
жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы
ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын
қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық
шаруашылықгың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды
белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті
қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты
мен қаржы жүйесінің кызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын
жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға,
әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламаларында қаралған
шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ресурстарын
мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл
мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының,
қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен
қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды1.
Таяудағы мақсат ретінде — мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және
экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын
сауықтыру проблемасын шешу.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке (өзгеше)
қағвдаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор
маңызы бар:
қолда бар нақаы қаржы ресурстарын негіздей отырып,
бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық
өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және
кәсіби топтардың мұдделерін сақгау;
қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың
теңгерімділігі;
қаржы резертерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің
шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі);
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектіледің арасында
қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу;
Қаржы саясатының тиімділігін қамтасыз ететін жалпы
қағидаттарға мыналар жатады:
объективті экономикалық заңдарының іс-әрекетінін есепке алу;
нақгы тарихи жағдайлары есепке алу;
өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік
тәжірибені есепке алу;
жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы
қатыныстардың жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы
механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету; қаржы жүйесінің барлық
салаларымен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе-тендігі;
бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы
резервтерін жасау;
салық жуйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және
әлеуметтік дамуының манызды бағыттарына қаржы ресурстары
шоғырландыру;
негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру
оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында тиімді бөлу;
қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-тендігі.
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті
қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлі, нысандары мен әдістері арқылы
көрінеді. Тап осы ұғымдар - қатынастарды іске асырудың түрлері,
нысандарымен әдістері - экономикалық өмірде тиісті поцестерді басқарудің
тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория
ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған
өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықган осы процесте қоданылатын
механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары
мен әдістері.
"Механизм" термині экономикалық ұғымда бір нәрсені іс-қимылға
келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын кұралды білдіреді. Бұл
мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәні экономикалық, соның
ішінде қаржы саясатының да міндеттермен анықгалатын басқарушы субъектінің
басқарылытын объектіге ықпалының мазмұнымен байланысты.
Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау,
болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқгы құрамды
бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар
жүйесінің серпінін (динамикасының) аныктаушы негұрлым жалпы ұғым ретіндегі
әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс-әрекет етеді.
Қаржы механизмі- экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы
жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қалыптастырып, пайдалану
әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін,
нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
Қоғамдық шаруашылықгың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және
қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы
механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ
мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл сфералардың
әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының
механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып
бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті
органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады2.
Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі
құрымы бар және ол айтарлықгай күрделі. Оған қаржы қатынастарының әр
алуандығына сәйкес келетін түрлі элементтер кіреді. Қаржы механизмі
экономикалық жүйе шеңберінде қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының
жиынтығын, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын,
қаржыны және қаржы жүйесін басқарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды.
Аймақтағы инвестициялық процестердің материалды-қаржылық баланстылығын
қамтамасыз ету. Бұл міндетті шешуі, өндірістік емес саланың және аймақгың
экономикалық құрылымына тәуелді.
Аймақтық әлеуметтік экономиканың дамуының маңызды факторы оның қаржылық
жағдайын нығайту болып табылады. Коммерциялық банктердің және аймақ
әкімшілігінің бірлестікке деген ықыласы: аймақтың экономикалық тұрақты
дамуы, коммерциялық банктердің дамуының негізгі шарты, қаржы ресурстары —
инвестициялық фактор болып табылады.
Аймақтық жоспарлаудың келесі маңызды қағидасының мәнісі мақсаттық
бағытталумен анықталынады. Оның ғылыми негізделінуі әлеуметтік сипаттағы
мақсаттардың басым болуынан туындайды, өйткені әлуметтік сектор дамудың
әртүрлі мәселелерін шешу көбінесе көлденең көзқарасты талап етеді. Сондай
ақ осы сеқторда нарықгық қатынастары элементтерінің пайда болуын ескерту
қажет. Бұл аталған мәселені шешу жөніндегі жұмыстардың ұйымдастарылу
әдістемелік мазмұнын тұтастай өзгертеді.
Қаржылық өзара байланыстардың тап осындай көптігі оларды
(элементттерді) ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін
қолдануды ала анықтайды.
Қаржы механизмі кұрамын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықгалатын
жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі (бөлігі), блогы, элементі
сияқгы ұғымдарын пайдаланған орынды. Нақты өмірде, шаруашылық және
қаржы механизмдерінде абстрактты экономикалық (құндық) категориялар
нақгыланады және нақтылы нысандар түрінде болады (сурет 1). Қаржы
механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды
қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау,
қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және
қаржы жүйесінің құқықгық режимі, қаржыны ұйымдастыру. Қаржы
механизмінің блогы (буыны)- бұл жалпы мақсатты бағыттылық
белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің
жиынтығы. Қаржы механизмнінің элементі - бұл қарапайым шаруашылық
нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде
білінеді. Қоғамдық өмірде қаржының және әрекет жасау әдістерінің өзара іс-
қимылы арқылы көрінеді. Нақгылы нысандар деп жоспарлана алатын, түрін
өзгерте алатын, адамдар есепке алатын категориялар ұғынылады. Нақгылы
нысандар - бұл экономикалық категориялардың іске асу нысандары. Жалпы
қаржылар арқылы емес, бірақ оның нақгылы нысандары (қаржылық қосалқы
категориялар) - бюджет, кірістер, шығыстар арқылы экономикалық заңдарды
адамдар өз мақсаттарына пайдаланады. Бұл мағынада жоғарыда аталған нақгылы
нысандар ұдайы өндіріс процестерін басқарудың құндық категориялары болып
табылады.

Қаржы механизмінің жүйесі

Қаржы механизмі
Қосалқы жүйелер
Қаржылық жоспардау (болжау) Қаржы Ұйымдық
тұтқалары мен Құрылым және
ынталандырмалары құқықтық және
құқықтық режім
Блоктар
Қаржы ҚарҚаржы Қаржы ресурстарын Ұдайы ҚаржынҚаржыныңҚарж
болжамдажы нормалағымбөлудің өндірістіы қатынастылық
ры, көрды (ағымдынормативтері және басқарарын бақы
жоспарласетқаржыланды(макроэкон омикалықынталандыуды реттейтілау
ры және кішруда нормативтер: руды ұйымдан
баланстатерқолданылатсалықтарды ң қаржымен стыру заңнамал
ры і ындарыары мөлшерлемелері, қамсыздан ық және
мен қорларға дыру норматив
нормативтеаударылған қорлары тік
рі) аударымлардың актілер
нормалары)






Сурет 1

Әдіс - бұл басқару функцияларын орындау жөніндегі іс-әрекетінің тәсілі,
әрі бұл жағдайдағы анағұрлым ұтымды тәсіл. Ықаал ету әдістері белгілі бір
категориялардың ішкі мағынасындағы (бағадағы, қаржыдағы, табыстағы,
пайдадағы, салықгардағы, кірістердегі және басқалардағы) экономикалық
зандардың көрінісінің әр түрлі нысандарына колданылады.
Экономикалық реформалар мен нарықгық қатынастар тұтқалардың іс-
әрекетінің жүйесі болып табылатын қаржы механизмінің құрылымы мен
элементтеріне әсер етпей қойған жоқ.
Нарықтық реформалардың терендей түсуі жағдайында сапалық жағынан жаңа
қаржы механизмі қолданылады. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
халықтың бюджет жүйесімен, сақтық конпанияларымен өзара қарым-қатынастарына
қатысты.
Қаржы механизмі коғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарын
қамтиды. Сондықган пәрменді жақсы жолға қойылған қаржы
механизмінің көмегімен өндіріске белсенді ықпал жасау, оның тиімдігінің
арттыру және экономиканы өсіру үшін оны қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етуге болады.
Қаржы механизмін оның қоғамдық ұдайы өндіріске ықпал жасауы тұрғысынан
қарағанда оның фунқаионалдық буындары: ресурстарды жұмылдыру, қаржыландыру
және т.т. бөлініп шығады.
Қаржы механизмінің әрбір сферасы мен буыны бірыңғай бүтіннің кұрамды
бөлігі болып табылады. Ол өзара байланысты және өзара тәуелді. Сонымен
бірге салалар мен буындар біршама дербес іс-әрекет етеді. Бұл жағдай каржы
механизмі құрамдастарының үнемі қиысуын қажет етеді. Қаржы механизмнің
құрамды (құрыльшдық және функционалдық) буындарыньщ іштей үйлесуі оның
ұтымдылығының (әрекеттілігің) манызды шарты болып табылады.
Қаржы механизмінің сфералары мен буындары жеке элементтердің
күрделілігімен және тарамдашылық дәрежесімен ерекшеленеді. Мысалы, бюджет
механизмі салықгардың көп түрінен тұратын жүйе, оған қаржыны пайдаланудың
сан алуан бағыттары мен қаржыландыру әдістерінің болуы тән. Шаруашылық
жүргізуші субъектілерде қорланымдардың жеке нысандары арасындағы қарым-
қатынас анықгалады, табыс (пайда) бөлініске түседі, қорлар құрылып,
пайдаланылады. Сақтық ұйымдарға резервтік қор жүйесі кең дамыған.
Қаржы механизмі элементтерінің - қаржы қатынастарын ұйымдастырудың
нысандарының, түрлерінің, әдістерінің, үйлесуі "қаржы механизмінің
конституциясын" құрайды, ол механшмнің әрбір элементінің сандық
параметрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын
көлемін, шығындардың деңгейін жоне басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа
келтіріледі. Сандық параметрлер мен оларды анықгаудың сан алуан әдістері
қаржы механизмінің ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі
ұшырайды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің
өзгерісін сергек сезіп отырады. Мысалы, табысты (пайданы) бөлудің әдістері
және кәсіпорын мен мемлекет арасында оның бөлінуінің ара қатысты әлденеше
рет өзгерді, салықгардың мөлшерлемелері түзетілді және т.т.
Қаржы механизмін калыптастығына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз
етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге
асырудың кепілі болып табылады. Сонымен бірге қаржы механизмі мен оның
элементтерін жеке және ұжымдық мүдделермен неғұрлым толық үйлестіруге деген
үнемі ұмтылушылық сақгалынады, бұл - қаржы механизмі тиімділігін кепілі.
Қаржы қатынастары көрінісінің нысандары экономиканы басқарудың секторы,
экономикалық аймақ, сала, ішкі сала, шаруашылық жүргізуші субъект,
әкімшілік - аймактық құрылым) неғұрлым толық нақаылануы мүмкін. Сондыктан
анагұрлым толық нақтылы нысандар - экономикаға (әрі қарай тәптіштеледі),
әлеуметтік -мәдени мақсаттарға, (білім беру, денсаулық сақгау, әлеуметтік
сақтандыру және қамсыздандыру және басқалары, ғылымға, басқаруға)
жұмсалатын шығындар бөліп көрсетіледі. Бастапқы буын деңгейінде -
фирмаларда, компанияларда, ұйымдарда, мекемелерде сан алуан қаржы
қатынастарын реттеу үшін басқарудың нақтылы нысандары мен әдістерінің сан
алуан түрлері қолданылады.
Шаруашылық және қаржы механизмдерінде қаржы-экономикалық
нормативтер мен лимиттер пайдаланылады. Нормативтер
шығындардың немесе ресурстарды бөлудің есептік түрде негізделген
мөлшерлері, лимиттер - ресурстарды пайдаланудың шекті мөлшерлері
(көлемдері) қаржылык жоспарлауда пайдаланылады. Олардың
көмегінен жалпымемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделердің
бөлгіштік қатынастарындағы оңтайлы ұштасуы, экономикалық және
әлеуметтік дамудың перспективалық және ағымдағы жоспарларының
тапсырмаларын іске асыру үшін мемлекеттің, аймақгың, басқарудың
салалық және ведомстволық органдарының, шаруашылық
құрылымдардың ресурстарға деген қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.
Қаржы саясатының түбегейлі өзгерумен байланысты қаржы механизмі қайта
құрудың мақсаты - нарықгық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық
өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың
тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржы механизмін қайта құрудың
негізіне ұлттық шаруашылықга қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға
деген қағидалы жаңа көзқарас койылған, ол жұмыстың тұпкілікті үшін
кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақгардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын
барынша дамытуды қамтамсыз етеді.
Нарықгық экономикада өндірістік құрал жабдықтарды жақсы пайдалануда
кәсіпорындардың ынталылығын арттыру үшін ерекше қаржыәдістерін қолданудың,
олардың қаржы қызметін қатаң реттемелеудің қажеттігі болмай қалады.
Нарыктық бәсеке кәсіпорынды өндіріс тиімділігі, қаржыны жоспарлаудың
сапасын артыру, қаржы ресурстарын пайдалануға ішкішаруашылық қаржылық
бақылауды тереңдету туралы үнемі қамқорлық жасап отыруға итермелейді.
Сонымен бірге мемлекет тарапынан нарықтық қатынастарды қаржылық реттеудің
маңызы артады. Ол кәсіпорындар табысына (пайдасына) салық салу
(мөлшерлемелерді, салық жеңілдіктерін өзгерту, салық салу
объектілерін саралау арқылы), қосымша салықтар еңгізу (мысалы,
экспортталатын және импортталатын тауарлар үшін кеден бажы, басқа
табыстарға салынатын салық), азаматтардың табысына салық салу, мақсатты
бағдарламаларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан өтеді.
Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен
өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және
экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.

1.2 Аймақтық ұдайы өндірістегі қаржы саясатының ролі

Нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі түбегейлі өзгерістерді
талап етеді. Өздерінің қаржылық ресурстарын қолданудың бағытын өздері
тандау құқын ескергендегі экономикалық жеке субъекттер мен меншік
формаларының әртүрлі болуымен байланысты болып келетін бірінші кезекте оның
құрылымына өзгерістер ендіру қажет (Сурет 2 ) 4.
Жаңаша жағдайларда қаржы жүйесінің құрылымы ғана өзгермейді, оның
ынталандырылу және қызмет ету принциптері де өзгереді.
Мұның барлығы және қаржылық стратегияны жасауды және қаржылық реттеуші
стратегияны жүзеге асырушы жүйелерді жасауды талап етеді. Мұндай
реттеушілер, салыктар, амортизация нормалары, ренталық төлемдер, сақгандыру
төлемдері, сонымен қатар, әлеуметтік және экономикалық даму стратегиясымен
үйлесімді келетін қаржылык стратегияны қамтамасыз ететін реттеуіштер қажет.
Бұл өндіріс құрылымын қайта кұру үшін кәсіпкерлер табысын пайдалануды
ынталандыруға итермелейтін, әртүрлі жеңілдіктер. Бюджеттік қаржыландыру
және жоспарлау әдістемесі да өзгеруде. Бұл мемлекеттің әкімшілік шаруашылық
қызметтерінен бас тартып, территориялық жүйенің әрбір звеносының қызметін
кеңейтімен, қаржылық реттеушілердің қаржы-ақша айналымына әсерін арттырумен
байланысты.
Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарының толық жұмылдыру. Осыған
байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы
жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын
алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік
дамуының басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Қаржы қатынастары көрінісінің нысандары экономиканы басқарудың секторы,
экономикалық аймақ, сала, ішкі сала, шаруашылық жүргізуші субъект,
әкімшілік - Аймақтық құрылым неғұрлым толық нақтылануы мүмкін. Сондықган
анағұрлым толық нақгылы нысандар - экономикаға (әрі қарай тәптіштеледі),
әлеуметтік - мәдени мақсаттарға (білім беру, денсаулық сақгау, әлеуметтік
сақгандыру және қамсыздандыру және басқалары, ғылымға, басқаруға)
жұмсалатын шығывдар бөліп көрсетіледі. Бастапқы буын деңгейінде -
фирмаларда, компанияларда, ұйымдарда, мекемелерде сан алуан қаржы
қатынастарын реттеу үшін басқарудың нақгылы нысандары мен әдістерінің сан
алуан түрлері қолданылады.
Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты каржы механизмі қайта
құрудың мақсаты - нарықгық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық
өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың
тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету.

Қаржы-несие жүйесі және оның өзара байланысы


Мемлекеттік қаржы Кәсіпкерлердің қаржысы


Республикалық ресурстар Аймақтық және жергілікті
қаржы ресурстары


Бюджет Бюджет


Бюджеттен Бюджеттен
тыс қаржылар тыс
қаржылар

Аймақтың дамуындағы әлеуметтік және
экономикалық бағдарламалар

Қаржы-несие
жүйесі


Ұлттық банк Коммерциялық Банктік емес
банктер мекемелер

Сурет 2

Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықга қаржылық
өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол
жұмыстың түпкілікті үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақгардың
шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз етеді.

Қаржы нарығы — тұтас нарықгық экономиканың негізгі буыны. Бұл нарықгағы
тауар — бұл жалпылама эквивалент қызметін атқаратын ақша. Қаржылық
ресурстар нарығын құрумен ақшаның маңызды қызметі, яғни бірінші кезекте
төмен қызметі қалпына келтіріледі.
Қаржы ресурстары нарығының құрылу болашағын бағалап, және қазіргі
жағдайын сипаттауда қаржы кезеңдер маңызды болып табылады:

Нарық-ауқымды ұғым, оған әртүрлі нарық түрлері жатады.
Қаржы нарығының дамуы салыстырмалы төмен. Тұтыну тауарлары,
өндіріс құралдары, өздерінің классикалық "тауар" түсінігіне жауап
береді.
Қаржы ресурсы нарығындағы процестер күрделі болып келеді.
Олар барлық әртүрлі нарық түрлерінің өзара әсерін көрсетіп, оларға
өз реттеушілерінің жағдайын өзгерту арқылы әсер етеді.
Қаржы ресурстары нарығы нарық экономикасының ажырамас
бөлігі. Ол көптеген жүзжылдықгар бойына қызмет етіп, жалпы
экономиканың зандарға бағынады. Осы себептерден, социалистік
қаржы нарығын құру деген пікір өте жалған болды, өйткені, бұл
нарық социалистік нарық зандарына бағынуы тиіс болар еді.
Нарық экономикасының ерекше белгісі - тауарлардың қозғалыс
жылдамдығы. Бұл бірінші кезекте қаржы ресурстары нарығына
байланысты жағдай, олардың қозғалысына ешқандай қосымша
көліктік құралдар қажет емес. Олардың қозғалысы үшін ақпараттык
жүйелер қажет. Қаржы ресурстары нарығының қызметі белсенді
болуы үшін алғашқы кезекте қажетті:
- нарық субъектілер, яғни қаржы ресурстарын қолданудан табыс
алатын коммерциялық ұйымдар;
- инфрақұрылым - ғимарат, құралдар және қазіргі кездегі
жетілдірілген ақпараттықжүйелер;
тауарлар, әртүрлі формаларда берілген каржылар және әртүрлі
бағалы қағаздар;
нарықтың барлық түрлерінің субъектілерінің өзара қатынасын
қамтамасыз етуді және мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз ететін
реттеушілер (салықгар, баға, қаржы ставкалары);
қаржы нарығы субъектілерінің арасындағы өзара қатынасты
реттеуші заңды-кұқықгық құжаттар және нормативтер.
Қаржы ресурстары нарығының құлауы мен оның дамуы аймақтық кәсіпкерлік
мен тұрғындарының бос қаржы ресурстарын жинақгау кабілеті мен
мүмкіндіктеріне тәуелді. Мұнда факторлардың үш тобын бөліп айтуға болады .
1. Аймақтық қаржы ресурстарын тарту мүмкіндіктерін анықтаушы факторлар:
- аймақтық саяси және әлеуметтік жағдайы және нарықтық
қатынастардың дамуын үдету ықгималдылығы;
аймақтың экономикалық жағдайы, оның қайта құруларға бейім-
ділігі, өндірістік құрылым және Аймақтық ғылыми-техникалық күші
Мұның барлығы аймаққа қаржы ағымдарын тарту бағыттарын құру;
тартымдылықгы анықтайды;
аймақтық билік органдарының позициясы және олардың бос қаржы ресурстарын
жинақгауға қаблетті ортаны құруы. Мұндай
ортаны құрушылар жеңілдетілген салық саясаты,
өндірісті:
1. инфроқұрылымды құрудағы белсенді көмек, яғни территорияны
инженерлік даярлау, ғимарат болу және оның қызметіне қолайлы жағдайларды
жасау.
2. Нарық субъектілерінің салымшылар (сатушылар) және қарыз
алушылар (сатып алушылар) ерекшеліктерімен байланысты
факторлар:
- мемлекеттің салық саясатына, экономиканың тиімді дамуына,
тұрғындар табыс деңгейіне тәуелді, бос қаржы ресурстарының болуы;
- экономиканың жан-жақгы болу дәрежесі және ұжымдық,
жекеменшік иелігіндегі үлкен үлес салмактағы
меншік
формаларының болуы;
- қаржы нарығының субъекті ретінде азаматтардың психологиялық
дайын болуы.
3. Нарық жүйесінің тұтастығын құру процесімен байланысты
факторлар. Мұндай тұрғыдан нарықгық және нарықгық
қатынастарын монополиялавдырмау. Өйткені, әртүрлі меншік
иеліқтері болған жағдайда ғана нарықгы құруға болады. Сондықган
да, жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу, экономиканы
өзгертудің алғы шарттарының бірі болып табылады. Тұтыну нарығын
кұру тұрғын үй нарығын құру, өндіріс құралдары нарығын құру,
инвестициялық нарықгы құру, қаржы нарығын құруды
ынталандырушы және оны құру көздері болып табылады. Барлық
нарықгарды құру топтастық түрінде болуы қажет 6.
Негізгі бағыттаушысы нарық экономикасының белгілері болып, тауар
өндіріс заңымен, салықгар, пайыздық ставкалар және де тұтынушылар мен
жеткізушілерді тандау ерікті болған жағдайда, Аймақтық экономиканың қосымша
жүйелерінің арасындағы өзара қатынас және оларды басқару сипатындағы
мәселелер туындайды.
Қаржыны басқару және ақшалай пропорцияны басқару келісімдегі
міндеттерді шешуге бағытталған:
1. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуының материалды-
қаржылық балансқа жету. Аймақтық экономиканы басқарудағы
экономикалық жекелік аймақгың таза өнімін бөлу және қайта бөлу
көзқарастарын өзгертуді талап етеді. Бұған дейін оның үлкен бөлігі
мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінсе, ал
нарықгық
қатынастарға көшу ұлттық өнімінің бөлінуін орталықгандырмауды
талап етеді.
Әртүрлі бюджеттерге таза өнімнің аударылу нормалары:
басқарудың әрбір басқару деңгейінің қызмет жиынтығын, осы
қызметтердің орындалуымен байланысты шығындар;
экономиканың әрбір құрылымының қызметін экономикалық
ынталандыруды қамтамасыз ету.
2. Аймақтың қаржылық балансын жасау. Аймақгың жиынтық қаржылық
балансын жасаудың мақсаты қаржы ресурстарының жалпы ауқымын анықгау.
Қаржылық баланстың табыс бөлігі 5 негізгі топтан құралады:
жергілікті бюджет құратын табыс;
табиғи ресурстарды қолданғаны үшін ренталық төлемдер;
жоғарғы бюджеттерден түсімдер;
тұрғындар мен кәсіпкерлердің табысын екінші рет бөлудің нәти-
жесі ретіндегі бюджеттен тыс қаражат;
қарыз қаражаттар.
Аймақтық бюджетті жасау. Аймақгың экономикалық жекелігін
тәжірибеде жүзеге асыру үшін әлеуметтік экономикалық дамудың
аймақтық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз етуде Аймақтық
бюджеттің ролі үлкен. Біріншіден, территорияның инфрақұрылымы
және әлеуметтік саланың дамуын қаржыландырудың негізгі
қаржылық көзі болып табылады. Екіншіден, Аймақтық бюджеттің
табыс бөлігі шаруашылық қызметінің тиімділігіне тәуелді.
Аймақтық дамуының негізгі бағыттарына бос ақша қаражаттарын
шоғырландыру. Тәжірибеден көріп отырғанымыздай, аймақгар
дамудың қосымша қаражаттарды тарту есебінен қаржылық базаның
кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін ертерек бағалағандары нарық
экономикасының тығырықгарынан тез шығуда.
Тұтыну нарығының мүмкінідктері және тұрғындардың ақшалай
табыстары арасында пропорцияны бақылау.
Нарық экономикасында бақылау өзге мәнге ие, тауар және қызмет-тердің
өндірісін қарқындылау мақсатында аймақ органдарының тұгқалары көмегімен тез
арада бейімделу дегенді білдіреді.
Қазіргі өзекті проблемалардың бірі, тұрғындардың табыс деңгейін
республикалық және Аймақтық деңгейде арттыру.
6. Ақша айналымын жақсарту шарттарын жасау. Бұл міндет касса-
лық жоспарды жасау жолымен шешіледі.
Кассалық жоспардың орындалынуы экономиканың сандық және сапалық
бағалану мумкіндігін береді.
Аймақтағы инвестициялық процестердің материалды-қаржылық
баланстылығын қамтамасыз ету. Бұл міндетті шешуі, өндірістік емес
саланың және аймақгыц экономикалық құрылымына тәуелді.
Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықга қаржылық
өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол
жұмыстың түпкілікті үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақгардың
шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз етеді.

2 АЙМАҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ (ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)

2.1 Аймақтың қаржылық саясатындағы жергілікті бюджеттің
экономикалық маңыздылығы

2002 жылы жергілікті бюжет шығындарының жалпы табыс көлеміндегі үлесі
39.9% құраған Мұнда жергілікті бюджет табысының 68.0 пайызы жалпы
мемлекеттік салықгық төлемдерден құралып, жергілікті бюджетке бекітілген
салықгар мен алымдардың үлесі 30,0 пайызды құрайды. 2002 жылы республика
бойынша облыстық бюжетке субвенциялардың үлесі жоғарылауда, 24,2 пайызды
құраған. Сонымен республикада қазіргі уақытта табыстарды республикалық
бюджеттке орталықгандырудың дәрежесі артуда. Ал бұл өз кезегінде Оңтүстік
Қазақстан облысының бюджетіне әсерін тигізді.
Бюджет аралық трансферттердің біңрнеше түрлері бар:
Мемлекеттік салықгар үлесі;
Субвенция және дотация.
Субвенция мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты болып табылатын,
шығындар баптарын қаржыландырута арналған.
Реттеуші салықгар мен дотациялар негізгі екі бағытқа арналған: көлденең
және тігінен теңестіру.
Тігінен теңестіру жергілікті бюджеттердің шығын міндеттемелері және өз
көздерінен түскен шығын көлемі арасында: үкімет салықгық табыстары орта
шамадан жоғары жергілікті бюджеттерге трансферттерді қысқартады.
Материалдық инфрақұрлымды қолдау шығындарына катысты теңестіру
жүргізілмейді.
Жергілікті бюджеттердің жоғарғы табыстылығы қосымша шығындардың болу
мүмкіндігін тудыратын, осы территория шеңберінде жоғарғы
белсенділікті білдіреді.
Теңестіру механизімі жергілікті бюджеттің табыс потенциалы және шығын
қажеттіліктеріне әсер ететін, объективтік факторларға негізделуі тиіс.
Теңестіруші трансфертті есептеу процедурасы аймақгың билік шаралары және
шешімдеріне тәуелді болмауы тиіс. Мысалы, табыс потенциалын есептеуде
барлық жергілікти билік органдарының бірдей салық ставкаларын
белгілейтіндігін ескеріп және бұл есептеулер өзгермеуі тиіс. Өйкені кейбір
жергілікті билік органдары бағаны төмендетіп немесе жоғарылатып жіберуі
мүмкін.
Көптеген Европа елдерінің әлсіз жерлері бюджет аралық трансферттердің
жылдық мемлекеттік бюджеттің өз бетінше шешімдеріне тәуелділігі.
Трансферттерді қысқарту шешімі немесе
мемлекеттің бюджеттік және саяси ықыластырна қызмет ету үлесіне қайта бөлу
ешқандай да алдын ала ақылдасусыз қабылданады.
Жергілікті басқару органдары мұндай шешімдерден, егер трансферттерінің
көлемі және оларды бөлу әдістемесі арнайы заңмен белгіленген жағдайда ғана
жақсы қорғалған болар еді.
Мұндай көзқарас, шешімдер тек алдына ала жергілікті билік органдарының
қатысуымен болған жиналыстарда ғана қабылданады дегенді білдіреді. Бұған
голландия және француздардың зандарын мысалға келтіруге болады.
Аймақтардың дамуының негізгі бір бағыты болып экономикалық болжау болып
табылады. Экономикалық болжау объектісі - қоғамдық ұдайы өндіріс процесі,
ал зерттеу заты- экономикалық объектілердің даму заңдылықтары, болашақ жай-
күйі және экономикалық болжамдар жасау, әзірлеу әдістері. Экономикалық
болжау дегеніміз экономикалық прогностиканың барлық әдіс-тәсілдерін,
құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми
әдістемелеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау процесі.
Экономикалық болжаулар төмендегі классификацияға сәйкес төрт топқа
жіктеледі:
Болжау кеңістігіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалық (халық
шаруашылығының); кұрылымдық (салааралық және аймақаралық); экономикалық
кешендер (отын-энергетикалық, агроөнеркәсіптік, инвестициялық т.б.) және
салалық пен Аймақтық болжамдар.
Болжау мерзіміне байланысты: оперативті(1 айға дейін); қысқа мерзімдік
(Іайдан 1 жылға дейін): орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ұзақ
мерзімдік (5-15-20 жылға дейін); алыс мерзімдік (20 жылдан арғы мерзімге)
болжамдар.
Зерттеу объектісіне байланысты: өндірістік қатынастардың даму
болжамы; халық шаруашылығы дамуының динамикасы; еңбек
ресурстарының даму болжамы; табиғи ресурстарды пайдалану
болжамы; табиғи ресурстарды пайдалану болжамы т.б. Функционалдық белгісі
бойынша: барлау болжамдары; нормативті болжамдар. Барлау болжамдары зерттеу
объектісінде бұрын және қазіргі кезде қалыптасқан тенденциялар
келешекте де өзгермейтіндігіне негізделген. Нормативтік болжам
алдын ала айқындалған мақсаттар негізінде жасалынады. Зерттеу
объектісінің ықгимал хал-күйіне қанша мерзімде, қавдай жолдармен
жететіндігін анықгауға арналған. Болжамдар жіктелуі мен болжау әдістері
және керекті мәлімет алу туралы мәселеге тығыз байланысты.
Болжам жасау ісінде жалпығылымдық әдістермен бірге болжау мен
жоспарлауға тән, специкалық өзіндік әдіс-амалдар қолданылады.
Жалпығылымдық әдістер тарихи көзқарасты, жүйелік көзқарасты,
кешенді көзқарасты, құрылымдық көзқарасты талап етеді.
Қазіргі кезде, ғалымдардың бағасы бойынша экономикалық болжам жасаудың
150-ге жуық әдісі бар. Іс жүзінде соның 15-20 шақгысы ең негізгі әдістер
ретінде көп қолданылады.
Сыртқы белгісіне сәйкес болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады:
интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) және метематикалық әдістер.
Интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) екі топқа бөлінеді:
дербес эксперттік баға беру және коллективтік эксперттік баға беру
әдістері. Бірінші топқа: интервью (сұхбат) жүргізу; лошкалық анализ жасау;
сценарий құру эдістері жатады. Екінші топқа комиссия кұру; коллективтік
идеяны жинақтау ("дөңгелек стол") және "Дельфи" әдісі кіреді.
Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер
және модельдер құру әдістері. Бірінші топқа ең кіші квадраттар;
экспоненциалдық түзеу; тұрақсыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші
топқа құрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.
Экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық жақгары, жоспар мен
болжамның мақсаты мен талаптары, қоғамдық өндірістің салалары мен
құрылымдарының дамуындағы сандық және сапалық өзгерістер бірімен-бірі тығыз
байланысқан көрсеткіштер арқылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай
талаптарға сай болуы керек:
Экономикалық және әлеуметтік даму процесінің завдылыктары
мен мұқгаждығын ескеруі керек.
Болжам мен жоспардың мақсаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде
көрсетуі шарт.
Адрестік негізде, яғни жоспарлардағы көрсеткішті, орындаушыны
анық, нақгы көрсетуі керек.
Кешенді негізде, яши ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың
барлық жақгарын қамтуы шарт.
Аймақгар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.
Қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол
жеткізуді ынталандыруы шарт.
Ақпар мен жоспарды, салалар мен аймақгардың дамуын салыстыра
зерттеу үшін, көрсеткіштер бірыңғай, яғни әр көрсеткіш бір ғана
мағынада қолданылуы шарт.
Жоспар көрсеткіші дегеніміз — басқару шешімінің нақгы бір тапсырмасын
санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сыртқы белгісіне және
атқарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар: сандық және
сапалық; натуралдық және құндық; абсалюттік және салыстырмалық; нормативтік
және есептік көрсеткіштер.
Сандық көрсеткіштер жоспардағы тапсырманың сандық белгісін көрсетеді.
Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер,
мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақгық (сандық)
көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. саньш көрсетеді.
Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен
процестердің сапалық белгілерін көрсетеді. (еңбек өнімділігі, өзіндік
құнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы т.б.)
Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процесінің физикалык өлшем
бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі
(салмағы, ұзындығы бойынша). Кейбір экономикалық құбылыстар шартты-
натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін (жемдік бірлік).
Құндық көрсеткіштер экономикалық кұбылыстардың натуралдық-заттық
кұрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардың арқасында әр түрлі
салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік
туады. Құндық көрсеткіштердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар
мен пропорциялар анықталады.
Абсолюттік көрсеткіштер өнім, еңбекақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал
салыстырмалық көрсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес
алмағы т.б.).
Директивалық көрсеткіштер, жоспардағы негізгі тапсырманы, жоғарғы
органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді.
Олардың бір түрі болып нормативтік саналады, олар басқарудың барлық
деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер. Болжаудың негізгі
мақсаты экономикалық дамудын балама бағыттарын және олардың әлеуметтік-
экономикалық салдарын анықгау болғандықган ол экономиканы жоспарлаудың
алғашқы сатысы болып табылады.
Жалпы мемлекеттік жоспарлаудың экономиканы баскарудағы орны, маңызы
туралы осы жұмыстың алғашқы бөлімдерінде көп айтылды, енді оның ғылыми-
методикалық негіздеріне тоқталайық.
Жоспарлау экономиканың объективті зандары мен
зандылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану аркылы
әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен
олардың орындалуын ұйымдастыру процесі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты —
экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз
ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыкқа қол жеткізу.
Жоспарлаудың бағдарламалық - мақсаттық әдісі экономикағы кұбылыстарға,
ірі мәселелерді шешуге жүйелік, кешенді көзқарас керектігіне негізделген.
Себебі, кез келген саланың дамуы басқа да салалардың - шикізат беретін,
отын-энергия, қосалқы бөлшектер шығаратын және сол саланың өнімдерін
пайдаланатын, сол салаға Әр түрлі қызмет көрсететін салалардың даму
көрсеткіштерімен тығыз байланысты болады. Соңдыкхан алға қойған мақсатқа
жету жолдарыи көрсететін жоспар жасалған кезде осы байланыстардың бірі
ескерілу: керек.
Бағдарламалық-мақсаттық әдіс мемлекеттік, салааралық және Аймақтық
бағдарламалар жасағанда қолданылады. Бағдарламаларде алға қойылған мақсат
анықгалады және сол мақсатқа жету жолдары мен құралдары көрсетіледі. Кез
келген ірі бағдарлама бірнеше кіш: бағдарламалардан тұрады. Бұл
бағдарламалардың өзіндік маңызы болады, өзіндік экономикалық тиімді жолдары
көрсетіледі.
Бағдарламалық-мақсаттық әдіс: біріншіден, экономика дамуындағы күрделі
мәселелер ішінен ең негізі, ең көкейкесті ғылыми техникалық, экономикалық,
әлеуметтік мәселені айқындауғг мүмкіндік береді; екіншіден — сол мәселені
шешу үшін керекті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді
пайдалану жолдарын көрсетеді; үшіншіден, кешенді мәселелерді шешу мақсаты;
мен мерзімін экономика мүмкіндіктері мен ресурстарын үйлестіреді соның
арқасында жоспардың баланстық үйлестіру деңгейін көтереді, төртіншіден —
кешенді бағдарлама көрсеткіштерін салалық жәга аумақгық жоспарлардың
көрсеткіштерімен байланыстырады.
Әлемдік тәжірибенің көрсетуінше, қазіргі кезде жалпы мемлекеттіі
макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық индикативті,
директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стартегиялық және
индикативті жоспарлардың маңызы зор болып отыр.
Индикативті жоспарлау — жоспарлы кезендегі мемлекеттің экономикалық
саясаттың негізгі мақсаттары мен бағыттарына сай міндеттерді, басыңқыларды,
әлеуметті - экономикалық дамудың индикаторларын қалыптастыру процесі және
көзделген нәтижелері қол жеткізу үшін әлеуметтік - экономикалық жағдайларға
әсер ететін мемлекеттік шараларды анықтау болып табылады.
Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты ұлттық экономиканың бір
қалыпты дамуын, оның құрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын
алу және олардың ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси
тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан индикативті жоспарлау төмендегі
талаптарға сай болуы шарт:
а) республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын
құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
ә) нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу
деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші
субъектілердің өзіңдік экономикалық белсенділігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласының Қазақстан Республикасының аймақтық қаржы орталығы: жағдайы мен даму болашағын анықтау
Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері
Оған сәйкес, еркін экономикалық аймақ
Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәселелері
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі
Еркін сауда аймақтары
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат
Аймақтық өсу теориялары
Шет мемлекеттерде муниципалды қызметті жүргізу ерекшеліктері
Аймақтық экономикалық құралдар
Пәндер