Қазақтың музыкалық фольклорын ұйымдастыру



Тарихи-мәдени және тарихи-педагогикалық фольклорының ән және күй деген негізгі екі түрі анықталған. Оларды өмірдегі әр түрлі жағдайларда орындау жанрлық көп образдықты құрастырады.
Музыкалық фольклордың көріністік-жанрлық өкілдігі ендірілмеген тікелей бақылау – ең алдымен олардың аумақтық сипат бойынша таралуын көрсетеді. Арқалық пен Жезқазғанның кейбір жерлерін есептемегенде Солтүстік, Шығыс, Орталық облыстарда әнші-фольклористердің үлгісі басым. Оңтүстік облыстардың (Оңтүстік Қазақстан, Қызыорда, Жамбыл, Алматы) фольклористері негізінен «Терме», «Жыр» және біршама «Шертпе күй» жанрларының өкілдері. Қазақстан бойынша Қызылорда облысының Қармақшы ауданының фольклористері өңештік орындау жанрының бірден-бір өкілдері екен. Батыс Қазақстан (Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан аумағының мәдени-тарихи даму процесімен анықталады.
Фольклордың осылайша таралуын түсіндіре отырып, профессор С. Асфандияров былай деп жазған: «Бұл жағдайдың себептерін біз тарихи оқиғалар барысының әртүрлілігінен көп болғандығының нәтижесінде сол оқиғаларды көрсету, Отан қорғаушы сарбаздарға, басқыншы жауларға деген көзқарастар халықтық эпостарда орын алған. Эпикалық оқиғалар, әлеуметтік тақырыптар Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Ситек сияқты «Төкпе күй» (орындаудың жылдам техникасы) мектебі өкілдерінің көбею тенденциясы байқалады.
Көркем табиғаты, экологиялық мүмкіндіктері бай Солтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелері өлеңді жанрдың дамуы үшін жағдай жасаған.
Біржан сал, Ақан сері, Мұса және тағы басқа есімдері аңызға айналған халықтық сазгерлер республиканың кез келген жерінде танымал. Олардың өлеңдері музыкалық фольклорды орындушылардың алтын қорын құрайды.
Оңтүстік Қазақстан фольклористері көбірек «Шертпе» (философиялық мазмұнды күй) күйлері мен «Термеге» (насихаттық өлең) көңіл бөледі. Кең өлшемділігі және тыныштығымен ерекшеленіп, болмысты түсінуге бағытталған фольклор өмір жағдайларын сипаттайды. Оңтүстік Қазақстан алғаш болып отырықшылық өмірге өткен, басқаларға қарағанда қантөгіс соғыстарды кемірек бастан кешкен аумақ болғандығы, онда фольклордың ерекше жанры «Терменің тууы мен орнығуына өз септігін тигізген.
Сауал-жауап материалдары бойынша 186 респондент баланың өмірлік кезеңдері мен той мерекелеріне байланысты рәсімдік өлеңдерге куә болғанын айтқан. Мысалы, «Шілдехана», «Бесікке салу», Сүндет той» және «Ұл той» (баланың атқа мінуіне арналады) рәсімдік өлең айтуларымен өтеді. Бұл мерекелер отбасылық ортада өткізіліп, орындаушылар жастар мен орта жастағылар болып шыққан.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың музыкалық фольклорын ұйымдастыру

Бекішев К.Қ.

Тарихи-мәдени және тарихи-педагогикалық фольклорының ән және күй
деген негізгі екі түрі анықталған. Оларды өмірдегі әр түрлі жағдайларда
орындау жанрлық көп образдықты құрастырады.
Музыкалық фольклордың көріністік-жанрлық өкілдігі ендірілмеген тікелей
бақылау – ең алдымен олардың аумақтық сипат бойынша таралуын көрсетеді.
Арқалық пен Жезқазғанның кейбір жерлерін есептемегенде Солтүстік, Шығыс,
Орталық облыстарда әнші-фольклористердің үлгісі басым. Оңтүстік облыстардың
(Оңтүстік Қазақстан, Қызыорда, Жамбыл, Алматы) фольклористері негізінен
Терме, Жыр және біршама Шертпе күй жанрларының өкілдері. Қазақстан
бойынша Қызылорда облысының Қармақшы ауданының фольклористері өңештік
орындау жанрының бірден-бір өкілдері екен. Батыс Қазақстан (Атырау, Ақтөбе,
Маңғыстау, Батыс Қазақстан аумағының мәдени-тарихи даму процесімен
анықталады.
Фольклордың осылайша таралуын түсіндіре отырып, профессор С.
Асфандияров былай деп жазған: Бұл жағдайдың себептерін біз тарихи оқиғалар
барысының әртүрлілігінен көп болғандығының нәтижесінде сол оқиғаларды
көрсету, Отан қорғаушы сарбаздарға, басқыншы жауларға деген көзқарастар
халықтық эпостарда орын алған. Эпикалық оқиғалар, әлеуметтік тақырыптар
Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Ситек сияқты Төкпе күй (орындаудың жылдам
техникасы) мектебі өкілдерінің көбею тенденциясы байқалады.
Көркем табиғаты, экологиялық мүмкіндіктері бай Солтүстік, Шығыс,
Орталық Қазақстан өлкелері өлеңді жанрдың дамуы үшін жағдай жасаған.
Біржан сал, Ақан сері, Мұса және тағы басқа есімдері аңызға айналған
халықтық сазгерлер республиканың кез келген жерінде танымал. Олардың
өлеңдері музыкалық фольклорды орындушылардың алтын қорын құрайды.
Оңтүстік Қазақстан фольклористері көбірек Шертпе (философиялық
мазмұнды күй) күйлері мен Термеге (насихаттық өлең) көңіл бөледі. Кең
өлшемділігі және тыныштығымен ерекшеленіп, болмысты түсінуге бағытталған
фольклор өмір жағдайларын сипаттайды. Оңтүстік Қазақстан алғаш болып
отырықшылық өмірге өткен, басқаларға қарағанда қантөгіс соғыстарды кемірек
бастан кешкен аумақ болғандығы, онда фольклордың ерекше жанры Терменің
тууы мен орнығуына өз септігін тигізген.
Сауал-жауап материалдары бойынша 186 респондент баланың өмірлік
кезеңдері мен той мерекелеріне байланысты рәсімдік өлеңдерге куә болғанын
айтқан. Мысалы, Шілдехана, Бесікке салу, Сүндет той және Ұл той
(баланың атқа мінуіне арналады) рәсімдік өлең айтуларымен өтеді. Бұл
мерекелер отбасылық ортада өткізіліп, орындаушылар жастар мен орта
жастағылар болып шыққан.
Респонденттердің бақылаулары бойынша мерекелік-рәсімдік өлеңдер
Оңтүстік аумақтар мен Семей өңірінде кеңінен тарлған екен. Шымкент
қаласындағы жоғары оқу орындарының оқу-тәжірибеден өтуші студенттер
тарапынан Той бастар, құдаларды күту, ұн жағу, қызын ұзату өлеңдері
орындалған. Той мерекелерінде орындау үлгісі бойынша дәстүрлі варианттан
алыстап кеткен және вокалдық-аспаптық ансамбльдер орындайтын Жар-жар
өлеңі айтылады. Той бастар тек Атырау аумағында ғана күй жанрларында
орындалуда. Басқа той мерекесіне тиісті өлеңдер алдын ала той
ұйымдастырушылармен келісіп, суырып-салмалық жасау қабілеттері бар
әйелдерге тапсырылады.
Бірақ Танысу - құда түскен қыздың той алдындағы дәстүрлік өлеңі
қазіргі уақытта өзінің маңызын жоғалтып алған. Жастардың мәдени-дамалыстық
қызметі, музыкалық фольклорды дамытудың үлкен мүмкіндігіне ие. 186
респондентттердің бақылаулары музыкалық фольклордың ресми емес,
үзілістермен болып тұратын жастардың тынығу кештерінде орындалатындығын
көрсетеді, 16% Бастаңғы орындалуына, 32,4% үйдегі кештерге куә болып,
қалған 48,6% мұндай шараларға қатыспаған мерекелерде, 93,2% лирикалық-
ғашықтық өлеңдер, 46,7% айтыстар, 69,9% Қара өлеңдер орындалған.
Сенім-наным нәтижесінде пайда болып, кейіннен жастардың ойын-сауықтық
өлең айтуларына өткен Бәдік өлеңдері қазіргі уақытта кең таралмаған.
Ресспонденттердің бірде-біреуі де оған куә болмаған немесе қатыспаған.
Керісінше, Жарапазан мерекелік өлеңі өзінің өрлеу кезеңінде тұрғанын
көрсетеді.
Жастар мен балалардың Жарапазан орындауға ену дәрежесі бойынша
қарайтын болсақ, фольклордың мәдени-ағартушылық мүмкіндіктерінің іске асуы
туралы айту мүмкін. Ең алдымен, бұл - тату көршілік қатынастарын
(әсіресе, адамдық қатынастың, егде адамдардан жастарға рухани, мәдени
мирастық өту әлсіз болған қалада) жетілдіру. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ балалар фольклоры арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру моделін жасау
Театр және музыка өнері
Қазақ халқының музыкалық этнографиясының зерттелуі
Балалар фольклорын дәстүрлі оқыту
Қазақ халқының музыкалық фольклорын зерттеу тарихы
Қобыланды батыр жыры
Салттан тыс фольклор туындылары
Орал өңіріндегі қазақ фольклоры
Музыкалық өнер туралы
Қазақ музыка театрының би өнері
Пәндер